Дүниежүзілік туристтік ұйымдағы Халықаралық туризм



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ

1 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТУРИСТІК ҰЙЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Дүниежүзілік туристік ұйым туралы түсінік
1.2 Дүниежүзілік Туристік Ұйымның тарихы
1.3 Дүниежүзілік Туристік Ұйым мүшелері, құрылымы мен құрамы

2 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТУРИСТІК ҰЙЫМНЫҢ БАС ЖОБАЛАРЫ
2.1 ДТҰ аймақтары
2.2 Дүниежүзілік туристтік ұйымдағы Халықаралық туризм

Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3

7
7
10

12

14
14
17

22
25

КІРІСПЕ

"Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиьангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз элі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мүның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу - жылына орта есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік (индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынменкірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді.
Жоғарыда аты аталған ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді не жәрмеңкелерді өткізу немесе соған қатысу - мақсат емес, бірақ отандық туристік өнімді халықаралық рыногына өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемелекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.
Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада басты орында және әлемдегі ең пайда көп түсіретін бизнес түріне жатады. Сондықтан да әлемдік шаруашылықтың бұл саласының болашағы жайлы сұрақ ең маңызды болып табылады. Осы заманда адамдардың туристік мақсатта сапар шегуі бүкіл елді қамтыды, осыған байланысты әр елдің адамдары арасындағы қарым-қатынас күнделікті шындыққа айналды. Көптеген кәсіпкерлердің туризмге қызығушылық білдіруі бірнеше факторлармен түсіндіріледі. Ең бірінші, туристік бизнеспен айналысуды бастау үшін, көп инвестицияның қажеті жоқ. Екіншіден, туристік нарықта ірі, орта, кіші фирмалар өзара әрекет етеді. Жоғарыда айтылған мәселелерді талдай келе Қазақстан Республикасында туризмның дамуын, болашағын зерттеу маңызды екендігін және Дүниежүзілік туристік ұйымның қалыптасуы және даму тарихы тақырыбының өзектілігін көруге болады. Осы жазба жұмысының мақсаты туризмның дамуына оң және теріс әсер етуші факторларды зерттеу болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін мына мәселелерді шешу қажет:
- туризм жайлы жалпы түсінік беру (ұғымы, мәні);
- туризмға әсерін тигізетін факторларды анықтау;
- Дүниежүзілік туристік ұйымның қалыптасу мәселелері;
- Елдегі туризмның даму динамикасы;
- Отандық туризмның даму мүмкіндіктері және болжамы;
Жазба жұмыста баспа материалдары, статистика агенттігінің мәліметтері (әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштер), "Туристік қызмет туралы" заң актілерінің жиынтығы қолданылды. Теориялық база ретінде отандық, ресейлік және шет елдік зерттеушілер еңбектері алынды.
Экономика ғылымдарының кандидаты С.В.Чернышевтың 1991 жылы РФ МВЭС Ғылыми-зерттеу жағдаяттық институтының баспасында басылып шыққан "Халықаралық сауданы реттеу механизмі: ГАТТ нормалары мен ережелері" атты еңбегінде ГААТ ережелерінің әрбір бабы талдаудан өткізілген, сондай-ақ батыс мамандарының түсініктемелері келтірілген.
Монографиялармен қатар осы дипломдық еңбекте мерзімдік баспалардың материалдары қолданылған болатын. Атап айтқанда, "Континент", "МЭ и МО", "Международная жизнь", "АльПари", "Саясат" журналдары мен "Известия", "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған мақалалар, сондай-ақ Интернет-сайттардағы мақалалар қолданылған.
Пайдаланылған әдебиеттердің толық тізімі еңбектің соңында келтірілген.

1 Дүниежүзілік туристік ұйымның қалыптасуы
1.1 Дүниежүзілік туристік ұйым туралы түсінік

Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. . Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту -- ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1. Шетел валютасының қүйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және үжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, босуақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтармен олардың әртүрлі мәдениеттерінің арқасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуі, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторларымен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде бел-гіледі.
Осы тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері қалыптастыруды көздейді.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың ) болашағы зор бизнесі деп болжалуда. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлік құрайды.
Бұл шаруашылық саласы көптеген дамыған және дамушы елдердің негізі болып табылады. әлемдік экономикаға ( қызмет көрсетудің жалпы өндірісі ) қосқан үлесі 3,5 трлн долл. (1993 ж) бағаланады.
Көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды салаларына (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б) зор ықпал етеді. Бұдан туризмның өзіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметті-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар. Бүкіләлемдік туристік ұйым (БТҰ) 1999 жылдың қортындысын шығарды, сонда шет елге сапар шегетін туристер саны 657 млн. адам. Мемлекеттердің туризмнан түскен жалпы табысы 455 млрд.долларды құрады, соның ішінде, АҚШ 75 млрд.доллар алды, 2502 доллар-Испания, 31 млрд.доллар-Италия және 24 млрд.доллар-Франция.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай-ақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.
Әлемдегі туризмның дамуына ғылыми-техникалық прогресс, тұрғындардың өмірлік жағдайын жақсарту, бос уақытты, демалыстарды көбейту, экономикалық және саяси тұрақтылық тағы басқа да факторлар әсерін тигізеді.
Бүгінгі күндегі туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту - ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық - тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

1.2 Дүниежүзілік Туристік Ұйымның тарихы

Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) -- халықаралық ұйым. 1970 жылы ресми туристік ұйымдардың үкіметаралық одағы ретінде құрылды. Дүниежүзілік туристік ұйым мүшелері: толық, қауымдасқан және біріккен мүшелерге бөлінеді. Туристік ұйымның мақсаты -- экономика дамуға, халықаралық өзара қарым-қатынасқа, бейбітшілікке, гүлденуге, адам құқыларын жаппай құрметтеп, сақтауға үлес қосу үшін туризмді дамытуға жәрдемдесу. Басқарушы органы - Бас Ассамблея. Секретариатының тұрған жері -- Мадрид қаласы (Испания).[[1]]

██ UNWTO мүше елдер
██ UNWTO associates
██ UNWTO бақылаушы елдер

Дүниежүзілік Туристік Ұйым (World Tourism Organization) - Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемесі болып табылады. Туризм сферасындағы бас халықаралық ұйым болады. ДТҰ Бас Ассамблеясы өздерінің мекемесінің жаңа қысқартылған атауын БҰ ДТҰ - ЮНВТО (UNWTO) бекітті. Ол атауға ООН (UN) Біріккен Ұлттар Ұйымы (United Nations) қосылды. Мекеменің штаб-пәтері Мадрид (Испания) қаласында орналасқан. Дүниежүзілік Туристік Ұйым тұрақты және барлық қауымға колжетімді туризмді дамытумен айналысады. Бас хатшысы - Талеб Рифаи (Иордания).
1925 ж. Гаагада Ресми Туристік Ассоциациялардың Халықаралық конгресі ретінде құрылған болатын. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Ресми Туристік Ұйымдардың Халықаралық кеңесі деген атауға өзгертіледі ( штаб-пәтері - Женева қаласында), оған - 109 ұлттық туристік ұйымдар мен 88 ассоциациялық мүшелер кіреді. 1967 ж. Үкіметаралық ұйымға айналып, ЮНЕСКО, ВОЗ және т.б. көптеген халықаралық деңгейдегі ұйымдармен қызмет істейді. 1969 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Ресми Туристік Ұйымдардың Халықаралық кеңесінің туризмдегі ролінің маңыздылығын атап өтеді. 1974 ж. Халықаралық кеңес Дүниежүзілік Туристік Ұйымға өзгертіледі. Ең бірінші Бас Aссамблея 1975 ж. Мадрид қаласында өтеді. Хатшылығы Мадрид қаласында жергілікті Испанияның үкіметінің шақылуымен осы жерде орналасады. 2003 ж. БҰ ДТҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі мәртебесін алады. 2006 ж. Дүниежүзілік Туристік Ұйымының құрамына 150 мемлекет, 7 аумақ және 300-ге жуық жеке сектор, оқу орындары, туристік ассоциациялар және жергілікті туристік әкімшіліктерді көрсететін ассоциация мүшелері кірген. 2011 ж. Дүниежүзілік Туристік Ұйымының құрамына 154 мемлекет кіреді. Бас Ассамблеяның 19-ші сессиясы - Kореяның Кенджу қаласында өткен. 2010 ж. ДТҰ өте маңызды деген жобаны бастайды. Бұл жобаны қарастыру 2010 ж. қазан айында Ұлы Жібек жолын дамытумен байланысты болады. Қабылданған шаралар 2010-2011 жж. аралығында жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жоба маңыздылығы оның тарихының тереңнен бастау алуында болып келеді. Ол көптеген ғасырлар бойы елдер мен континеттерді байланыстырған магистраль болды[[2]].

1.3 Дүниежүзілік Туристік Ұйым мүшелері, құрылымы мен құрамы

2011 ж. қараша айының мәліметтері бойынша ұйымның мүшелеріне 155 мемлекет кіруде.

ДТҰ штаб-пәтері, Мадрид, Испания
Құрылымы
* Бас Ассамблея;
* Атқарушы кеңес;
* Жергілікті комиссиялар;
* Комитеттер;
* Хатшылығы.
Құрамы
* Даму бағытындағы серіктестік;
* Туризмнің дамуындағы сапа;
* Туризмнің тұрақты дамуы;
* Нарықты зерттеу статистикасы;
* Туризмге арналған кадрларды дамыту;
* Коммуникация мен құжаттар;
* Туризм және технология;
* Іскерлік кеңес;
* Жергілікті үкімет.
Ынтымақтастары
Дүниежүзілік Туристік Ұйым туризм сферасындағы жобаларды қаржыландыру мен оларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Дамып келе жатқан елдерге туризмді дамыту жайлы тәжірибелерімен ауысып, таныстырады. БҰ ДТҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының бас агенттігі болып табылады. 2002 ж. БҰ ДТҰ мен ЮНКТАД -тың "Тұрақты туризм - кедейшілікпен күресу құралы" аты бағдарламасы қабылданған болатын. Ол бағдарлама екі мәселені шешуге бағытталған болатын - туризмді дамыту мен кедейшілікпен күресу.

2 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТУРИСТІК ҰЙЫМНЫҢ БАС ЖОБАЛАРЫ
2.1 ДТҰ аймақтары

Дүниежүзілік Туристік Ұйымның бас жобалары:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда туризмнің инновациялық бағытта дамуы және даму мүмкіншіліктері
Туризмдегі HR менеджмент жүйесін дамыту
Iскерлiк туризм
Жарнаманың әсер ету процессі мен қабылдануы
«Туристік қызметтер менеджментінің ерекшеліктері («ABDI Travel» ЖШС-ның материалдары негізінде)»
Абылай хан қонақ үйінің жалпы сипаттамасы
Халықаралық туризмнің қазіргі даму тенденциясы
Қазақ КСР-да туризмнің даму тарихы
Халықаралық туризмнің тарихы
Туризм мамандығы
Пәндер