Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарында әрбір қатысушының үлес мөлшері туралы


Жоспар
Кіріспе
1 Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары
1. 1 Шаруашылық серіктестік
1. 1. 1 Толық серіктестік
1. 1. 2 Сенім (коммандиттік) серіктестігі
1. 1. 3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
1. 1. 4 Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
1. 2 Акционерлік қоғам
1. 2. 1 Еншілес ұйым
1. 2. 2 Тәуелді акционерлік қоғам
1. 3 Өндірістік кооператив
1. 3. 1 Қазақстандағы өндірістік кооперативтің құрылымы және оның сипаттамасы
Қорытынды
Пайдаланылған Әдебиеттер
Кіріспе
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз - заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:
Шаруашылық серіктестік;
Акционерлік қоғам;
Өндірістік кооператив;
Шаруа қожалықтары;
Жеке (дара) кәсіпкерлік.
Жоғарыда аталған ұйымдық-құқықтық нысандардың барлығы біздің нарықтық экономикадағы ҚР үшін инновациялық шаруашылық нысандары болып табылады. Өйткені жоспарлы экономикада меншіктің барлығы мемлекет қарамағында болды. Ал нарықтық экономикаға көшу барысында кәсіпорындарды жекешелендіру операцияларының арқасында кәсіпорындардың жаңа ұйымдық-құқықтық нысандары қалыптаса бастады.
Нарықтық экономикадағы ҚР кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарын ҚР-ның Азаматтық Кодексіне (жалпы бөлім) сүйене отырып талдаймыз.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандарын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Шаруашылық серіктестік түсінігіне тоқталу, оның ішінде толық серіктестік, сенім (коммандиттік) серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік.
Акционерлік қоғам туралы мәлімет беру, оның ішінде еншілес ұйым,
тәуелді акционерлік қоғам
Өндірістік кооператив тарихына, негізгі міндеттеріне тоқталу.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі - қазақстандық және шетелдік ғалым-экономистердің құқық саласындағы еңбектері, салалық әдістемелік материалдар, ҚР үкіметінің заңнамалық - құқықтық актілері мен қаулылары, “Қазақстан 2030” даму стратегиясы және басқа да құжаттар болып табылады.
1. 1 Шаруашылық серіктестік
1. 1. 1 Толық серіктестік
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.
Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін. Толық және сенім серіктестігінен басқа, шаруашылық цепіктестікті бір тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.
Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттары болып табылады.
Жарғы бір адам (бір қатысушы) құрған шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты болып табылады. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарын (жарғы және құрылтай шартын) нотариат куәландыруға тиіс. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарында әрбір қатысушының үлес мөлшері туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшері, құрамы, мерзімі және тәртібі туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына салым салу жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуға тиіс. Шаруашылық серіктестік басқа шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы болуы мүмкін.
Шаруашылық серіктестік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімін жүргізу шартын жасасуға құқылы.
Құрылтай шартының қолданылуы шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімі қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімінен үзінді-көшірме қатысушылар тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.
Акционерлік қоғам қатысушылар тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестігі болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.
Қатысушылар тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесіне құқықтар шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімінде осы құқықтардың тіркелген кезінен бастап туындайды.
Шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сақтау тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленеді.
Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық, санаткерлік қызмет нәтижесі құқығын қоса алғанда және өзге де мүлік (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салынатын салым бола алады.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда немесе мүліктік құқықтар түрінде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне барабар сомадан асып кетсе, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растауға тиіс.
Шауашылық серіктестігін қайта тіркеген кезде оған қатысушының салымын ақшалай бағалау серіктестіктің бухгалтерлік құжаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы мүмкін.
Серіктестіктің құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берілген кезден бастап бес жыл бойы серіктестіктің несие берушілері алдында салым бағасы арттырылған сома шегінде бірлесіп жауап береді.
Серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілетін жағдайларда бұл салымның мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетілген барлық мерзімге есептелген осы мүлікті пайдалану төлемімен анықталады.
Салымдарды мүліктік емес жеке құқық және өзге де материалдық емес игілік түрінде, сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талаптарын есептеу жолымен енгізуге жол берілмейді.
Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестері және тиісінше олардың шаруашылық серіктестігі мүлкінің құнындағы үлестері (мүліктегі үлес) жарғылық капиталдағы салымдарына барабар болады.
Шаруашылық серіктестікке қатысушы серіктестік мүлкіндегі өз үлесін, егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, салып қоюға және сатуға құқылы.
Жарғылық капиталға салым салудың тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ жарғылық капиталды құру жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушілеріне хабарланғаннан кейін жол беріледі. Олар бұл жағдайда серіктестіктің мерзімінен бұрын тоқтатылуын немесе тиісті міндеттемелерін орындауын және оның зиянды өтеуін талап етуге құқылы.
Осы тармақта белгіленген тәртіпті бұза отырып жарғылық капиталды азайту мүдделі адамдардың арызы бойынша сот шешімімен серіктестікті таратуға негіз болып табылады.
Шаруашылық серіктестіктің жоғары органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады.
Толық серіктестіктен және сенім серіктестігінен басқа, бір тұлға құрған шаруашылық серіктестіктерде жалпы жиналыстың өкілеттігі оның бірден бір қатысушысына тиесілі болады.
Шаруашылық серіктестікте оның қызметіне күнделікті басшылық жасайтын және оның қатысушыларының жалпы жиналысына есеп беріп отыратын атқарушы орган (алқалық және (немесе) жеке-дара құрылады) . Жеке-дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкін.
Серіктестіктің алқалы органдары ретінде:
басқарма (дирекция) ;
байқаушы кеңес;
заң актілерінде немесе шаруашылық серіктестігі қатысушыларының жалпы жиналысының шешімінде көзделген жағдайларда басқа да органдар құрылуы мүмкін.
Шаруашылық серіктестіктің органдарының құзыреті, оларды сайлау (тағайындау) тәртібі, сондай-ақ олардың шешімдер қабылдау тәртібі Азаматтық Кодекске, заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленеді. Шаруашылық серіктестігі қаржы есептерінің дұрыстығын тексеру және растату үшін серіктестікпен немесе оның қатысушыларымен мүліктік мүдделер жөнінен байланысы жоқ аудиторлық ұйымды тарта алады (сыртқы аудит) . Шаруашылық серіктестігін аудиторлық тексеру серіктестік бір немесе бірнеше қатысушысының талап етуі бойынша солардың есебінен кез келген уақытта жүргізілуге тиіс. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне аудиторлық тексеруді жүргізу тәртібі заңдармен және серіктестіктің құрылтай құжаттарымен белгіленеді.
Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың:
құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен шаруашылық серіктестіктің істерін басқаруға қатысу;
шаруашылық серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен оның құжаттамаларымен танысуға;
таза табысты бөлісуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бір немесе бірнеше қатысушыны пайданы бөлісуге қатысудан шеттетуді көздейтін ережелері жарамсыз болып табылады;
шаруашылық серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқылы.
Шаруашылық серіктестікке қатысушылар:
құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп, мөлшер, әдістер және мерзімдер бойынша салып отыруға;
шаруашылық серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Шаруашылық серіктестіктер заң құжаттарында белгіленген реттер мен тәртіп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен шаруашылық серіктестіктің бір түрінен екінші түрі не акционерлік қоғамдар немесе өндірістік кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкін.
Толық серіктестік немесе сенім серіктестігі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестік болып қайта құрылған жағдайда акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушысы болған әрбір толық серіктес толық серіктестіктен немесе сенім серіктестігінен акционерлік қоғамға, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке көшкен міндеттемелер бойынша екі жыл бойы өзінің барлық мүлкімен субсидиялық жауапты болады. Бұрынғы толық серіктестің өзіне тиесілі акцияларды (үлестерді) иеліктен шығаруы оны мұндай жауапкершіліктен босатпайды.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады. Азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады. Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол заң құжаттарында белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы керек. Толық серіктестіктің ең жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады. Серіктестіктің құрылтай шартында қатысушылардың көпшілік даусымен шешім қабылданатын реттер көзделуі мүмкін. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, толық серіктестіктің әрбір қатысушысының бір даусы болады. Құрылтай шартында қатысушылар алатын дауыс санын олардың жарғылық капиталдағы үлесіне сай белгіленетіндігі көзделуі мүмкін. Толық серіктестікті басқаруды толық серіктестіктің атқару органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлері, құрылу тәртібі және олардың құзыреті құрылтай құжаттарында белгіленеді. Толық серіктестікке қатысушының қалған қатысушылардың келісімінсіз өз атынан және өз мүдделері немесе үшінші жақтардың мүдделері үшін серіктестік қызметі мәнімен біртектес мәмілелер жасасуға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серіктестік өз қалауы бойынша мұндай қатысушылардан не серіктестікке келтірілген залалдың орнын толтыруын, не осындай мәмілелерден тапқан бүкіл пайданы серіктестікке беруін талап етуге құқылы. Серіктестіктің ісін жүргізу тапсырылған толық серіктестіктің органдары барлық қатысушыларға олардың талап етуі бойынша өз қызметі туралы толық ақпарат беріп отыруға міндетті. Өкілеттігі болмаса да ортақ мүдделер үшін әрекет жасаған қатысушы, оның әрекеттерін қалған қатысушылар мақұлдамаған жағдайда, егер өз әрекеттерінің арқасында серіктестік құны жөнінен серіктестік шеккен шығындардан асып түсетін мүлікті сақтап қалғандығын немесе тиісінше сатып алғандығын дәлелдеген жағдайда серіктестіктен өзі жасаған шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқылы. Толық серіктестікке қатысушының өз үлесін (үлесінің бір бөлігін) оның басқа қатысушыларына немесе үшінші жақтарға қалған барлық қатысушылардың келісімімен ғана беруіне болады. Үлес (үлестің бір бөлігі) үшінші жаққа берілген жағдайда сонымен бірге толық серіктестіктен шыққан қатысушыға тиесілі құқықтар мен міндеттердің бүкіл жиынтығы соған ауысады. Толық серіктестіктің қатысушысы қайтыс болған ретте қалған барлық қатысушылардың келісуімен құқықты мирасқор (мұрагер) серіктестікке кіре алады. Құқықты мирасқор (мұрагер) қатысушының толық серіктестік алдындағы борыштары бойынша, сондай-ақ серіктестіктің үшінші жақтар алдындағы бүкіл серіктестік қызметі кезінде пайда болған борыштары бойынша жауапты болады. Құқықты мирасқор (мұрагер) толық серіктестікке кіруден бас тартқан немесе құқықты мирасқорды (мұрагерді) қабылдаудан серіктестік бас тартқан жағдайда оған қатысушы қайтыс болған күні белгіленген серіктестік мүлкіндегі үлестің құқықты мирасқорлық негізінде өзіне тиесілі құны төленеді. Бұл реттерде тиісінше құрылтай құжаттарында (жарғысында) көзделген мерзімде құрылтай шартында (жарғысында) аталған серіктестік мүлкінің мөлшеріне азайтылады, бірақ ол үш айдан кешіктірілмеуге тиіс.
Толық серіктестіктің қатысушысы оның өзге де қатысушыларына заң құжаттарында немесе құрылтай шартында көзделген мерзімнен кешіктірмей ескерте отырып, серіктестіктен кез-келген уақытта шыға алады. Егер қатысушы шығып кеткен уақытта толық серіктестік сақталып қалса, оның шығып кеткен күнінде жасалған балансқа сәйкес шығып кететін қатысушыға серіктестік мүлкіндегі үлесінің салған салымына тең құны төленеді. Қатысушының талабы бойынша және серіктестіктің келісуімен салымды толық немесе ішінара заттай түрде қайтарылуы мүмкін. Шығып кеткен қатысушыға оның осы жылы серіктестікте болған кезеңінде серіктестіктің сол жылы алған таза табысының оған тиесілі бір бөлігі де төленеді. Серіктестікке қатысушының пайдалануға ғана берген мүлкі сыйақы төленбей заттай түрде қайтарылады. Толық серіктестікке қатысушылар қалатын қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша және оған дәлелді себептер болған жағдайда, атап айтқанда, оның (олардың) өз міндеттерін дөрекі бұзуы немесе іс жүргізу қабілетсіздігі байқалған жағдайда қатысушылардың біреуін немесе бірнешеуін серіктестіктен сот тәртібімен шығаруды талап етуге құқылы.
1. 1. 2 Сенім (коммандиттік) серіктестігі
Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім серіктестігі деп танылады. Сенім серіктестігіне қатысатын толық серіктердің құқықтық ережесі және олардың серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің қатысушылары туралы ережемен белгіленеді. Азамат тек бір ғана сенім серіктестігінің толық серіктесі бола алады. Сенім серіктестігінің салымшысы алғашқы салымын және қосымша жарналарын (салымдарын) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде, әдіс пен тәртіп бойынша салуға міндетті.
Сенім серіктестігі салымшысының:
серіктестік таза табысының жарғылық капиталдағы өзіне тиесілі үлесін құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша алуға;
серіктестіктің қаржылық есеппен танысуға, сондай-ақ оның дұрыс жасалуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап етуге;
жарғылық капиталдағы өз үлесін немесе оның бір бөлігін заң құжаттарында және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша басқа салымшыға немесе үшінші жаққа беруге құқығы бар. Салымшының өз үлесін басқа біреуге түгелдей беруі оның серіктестікке қатысуын тоқтатады;
заң актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен серіктестіктен шығуға құқылы.
Сенім серіктестігінің құрылтай құжаттарында салымшының өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.
Сенім серіктестігінің салымшылары үшін осы Кодексте және басқа заң құжаттарында көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, соның ішінде салымшылар мен толық серіктердің келісуі бойынша шектеу жарамсыз болады. Егер салымшы сенім серіктестігінің мүдделерін көздеп тиісті өкілеттіксіз мәміле жасаса, оның әрекеттерін серіктестік мақұлдаған жағдайда мәміле бойынша ол несие берушілердің алдында толық көлемінде жауап береді. Егер ол мақұлданбаса, салымшы үшінші жақтың алдында заңдар бойынша өзінің ақы өндіріп алынатын бүкіл мүлкімен жеке жауап береді.
Сенім серіктестігінің жарғылық капиталы оның қатысушылары салатын салымнан құралады. Шаруашылық үрдісінде жарғылық қор өзгертілуі мүмкін. Салымшылардың салымдарын есептемегенде, жарғылық капитал толық серіктестердің сенім серіктестігі мүлкіндегі үлесін белгілейді. Жарғылық капиталдың мөлшерін сенім серіктестігінің толық серіктестері белгілейді және ол заң құжаттарында белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы керек. Сенім серіктестігінің жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушілеріне хабарланғаннан кейін жол беріледі. Несие берушілер бұл ретте тиісті міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздері шеккен залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы.
Сенім серіктестігінің ісін басқаруды толық серіктестер жүзеге асырады. Сенім серіктестігінің ісін оның толық серіктестерінің басқару және жүргізу тәртібін олар толық серіктестік туралы ережелер бойынша белгілейді. Салымшылардың сенім серіктестігі ісін басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенімхат бойынша болмаса, оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенім серіктестігі салымшыларының серіктестік ісін басқару жөнінде толық серіктестердің әрекеттеріне дау жасауға құқығы жоқ.
1. 1. 3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым салмаған бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың саны шектелмейді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды. Өзінің кез-келген қатысушыларының талабы бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметіне аудиторлық тексеру жүргізілуге тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік оған қатысушылардың қабылдаған шешімі бойынша өз еркімен қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзге де шаруашылық серіктестік акционерлік қоғам немесе өндірістік кооператив болып қайта құрылуға құқылы.
Жарғылық капиталдың мөлшерін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары (қатысушылары) белгілейді және ол заң құжаттарында белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы керек.
Серіктестік органдарының құзыреті, сондай-ақ олардың серіктестік атынан шешімдер қабылдау немесе әрекет ету тәртібі Азаматтық Кодекске, заң актілеріне және серіктестік жарғысына сәйкес белгіленеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады:
серіктестіктің жарғысын өзгерту, соның ішінде оның жарғылық капиталы мөлшерін өзгерту;
атқарушы органның мүшелерін (мүшесін) сайлау (тағайындау) және олардың (оның) өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осындай беру шарттарын айқындау;
серіктестіктің қаржылық есебін бекіту және оның таза табысын бөлу;
серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы шешім шығару;
серіктестіктің байқау кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушісін) сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестік тексеру комиссиясының (тексерушісінің) есептері мен қорытындыларын бекіту;
ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімдерін және серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда бекіту;
серіктестіктің өзге де шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес бірлестіктерге қатысуы туралы шешім шығару;
тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;
жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушысынан үлесті мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім шығару.
Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді ол серіктестіктің атқарушы органының шешуіне бере алмайды.
... жалғасы1. 1. 4 Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz