Материалдық шығындар


Жоспар
Кіріспе
1 КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. 1 Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері
1. 2 Өндірілетін өнімнің өзіндік құны
2 КӘСІПОРЫН ӨНДІРІСІНІҢ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ЖІКТЕЛУІ
2. 1 Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары
2. 2 Орташа және шекті шығындар. Шекті, орташа айнымалы және орташа жалпы шығындар арасындағы қатынас
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокқа сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.
Шығындар - бұл кәсіпорын көзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметін анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай үш түрге бөлінеді.
Өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдын ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар.
Өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары.
Өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
1. Экономикалық элементер.
2. Өзіндік құнның статиялары.
3. Технологиялық процестерге қатыстылығы.
4. Құрамы.
5. Өнімнің өзіндік құнына қатысудын тәсілі.
6. Өндірістік процестегі рөлі.
7. Мақсатқа сәйкес жұмсау.
8. Жоспарға қатысу мүмкіншілігі.
9. Өнімнің көлеміне қатысы.
10. Шығу мерзімділігі.
11. Дайын өнімге қатысы.
Шығындардың экономикалық элементері.
Өзіндік құнның калькуляция статиялары.
Негізгі қосымша.
Бір элементтік, кешендік.
Тікелей, жанама.
Өндірістік, өндірістен тыс.
Өндірістік, өндірістік емес.
Жоспарлы, жоспарсыз.
Тұрақты ауыспалы.
Күнделікті бір жолғы.
Аяқталмаған өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің шығындары.
Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезендегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті зайымдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т. б.
Ауыспалы шығындар - бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы: еңбекақы шығындары, шикі заттар, отын, энергия көлік қызметі және т. б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтң елеулі манызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқару мүмкін.
Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар деп кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалай) және ішкі (күңгірттік немесе өзінен-өзі түсінікті) . Сыртқы шығындар - бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері: шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу және т. б. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары күңгірт, өзінен-өзі түсінікті сипаттамада болады. Олар кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т. б. үшін кәсіпорын ресми төлемейді.
Курстық жұмыста кәсіпорын шығындар классификациясы қарастырылған. Сондай-ақ кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері, өндірілетін өнімнің өзіндік құны, өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары сияқты мәселелерге тоқталдым. Тәжірибелік бөлімі ретінде «Қайсар» кәсіпорынның запастары мен шығындарының есебі қарастырылды.
1 КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. 1 Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері
Шығындар дегеніміз - шаруашылық іс - әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдар мен керек жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге арналған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, «шығындар» ұғымы «өндіріске шыққан шығындар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында тқтынылған ресурстар бөлігі.
Кәсіпорынның қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметі) өндірумен өткізуге жұмсалған қоғамдық еңбек шығындары.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан фирманың барлық шығындарын: Айқын және айқын емес деп екі топқа бөлуге болады.
1. Айқын шығындар ол өндіріс факторларын және аралық бұйымдарды жеткізушілерге (сырттан келетін жартылай дайын өнімдер) ақшалай төлемнің формасын қабылдайтын баламалы шығындар.
2. Айқын емес шығындар (имплиценттік шығындар) - ол ресурстарды пайдаланудағы фирманың өзіне қарасты баламалы шығындар яғни ешкімге ештеңе төлемейтін шығындары.
Өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда ала алатын немесе «Айырылып қалған мүмкіндіктерінің» (алынбай қалған пайдасының ақшалай төлемі) .
Барлық экономикалық шығындар екі үлкен топқа бөліне алады: тұрақты және айнымалы.
Тұрақты шығындар - ол мөлшері өндіріс көлеміне байланысты емес мынандай шығындар: рента, жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтар, негізгі капитал амортизациясы, үй-жайды жалға беру, әкімшілік шығындар, пайымдар бойынша пайыздар.
Фирманың айнымалы шығындары өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Оған: шикізаттардың, материалдардың, арзан бағалы және тез тозатын заттардың шығындары, өндіріс жұмысшыларының еңбек ақылары, өндіріс жұмысшыларын әлеуметтік сақтандыруға арналған ақша шығындары кіреді.
Курстық жұмыстың мақсатының бірі кәсіпорындағы шығындардың көлемін азайтып, көп мөлшерде пайда табу.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарған кызметін қай мерзімде жазылғанын және оған қандай молшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады. жылды зиянды аяқтаған болса 5400-«Бөлінбеген кіріс»-шот кредиттелініп, 5410-«Есептік жылдың пайдасы»-деп аталатын шот дебеттелінеді атылған тауарлардың (қызметтердің, жумыстардың) өзіндік құнының есебі.
Тұрақты шығындар ол мөлшері өндіріс көлеміне байланысты емес мынадай шығындар: рента, жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтар, негізгі капитал амортизациясы, үй жайды жалға беру, әкімшілік шығындар, зайымдар бойынша пайыздар.
1. 2 Өндірілетін өнімнің өзіндік құны
Кәсіпорының іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілеті шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны - жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның себебіне өндірілетін барлық элеиентердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құның манызды элементері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы - бұл шығындардың басты статиялары.
Сонымен қатар кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау-бұл шығындар кәсіпорының қосымша шығындарын құрайды.
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай манызды көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының деңгейі мен серпінің анықтайды. Өзіндік құнының манызы оның орындалу функциаларымен анықталады.
- Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
- Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.
- Өзіндік құнының негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.
Кәсіпорынның өзіндік құны, жалпы табысы және пайдасы.
Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген қөзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда терреториялық қашықтығы, шикізатқа баға деңгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия және көлік тарифтері және т. б.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады.
-шығындардың бастапқы элементерімен;
-пайда болу және міндет жүктеу сипатымен;
Экономикалық элементердің шығындарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәні-әрбір шығының элементі өнімнің өзіндік құнының жиынтығына қосылады. Сонымен, мына төменгі шығын элементері бөлінеді.
-материалдық шығындар (қайтарылма қалдықтар құрамына шегеру) ;
-еңбекақыға жұмсалған шығындар;
-әлеуметті сақтандыруға аударым;
-зейнетақы қорына аударым;
-жұмыспен қамтылу қорына аударым;
-амортизация;
-басқа да шығындар;
Шығындарды жүйелі түрде төмендету- кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
-ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
-өндіріс және еңбекті ұйымдастыру жетілдіру;
-экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру-бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерінің сыныптамасы.
-Нақты еңбекті ұтымды пайдалану
-Өнімнің материалды қажетсінуін төмендету
-Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту
-Өндірістің техникалық деңгейін жақсарту
-Өндірісті ұйымдастыру және еңбекті жақсарту
-Өндірілген өнімнің құрылымы мен көлемінің өзгеруі
-тағы басқа факторлар
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету -шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да манызы зор. Мәселенің былайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен териалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизідерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құның төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалану жақсартудың, екіншіден айналым өндіріс қордарды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден қазіргі еңбек шығындарының нәтижиелігін жақсартудың есебінен артыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәрбие жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектін шығының үнемдеу. Қазіргі кезде нақты еңбекті үнемдеудін экономикалық дамуы қоғамды еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтежие береді. Қазіргі танда өндірісті ұйымдастырудың жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: американдық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оламды экономикалық жағынан ынталандыру және т. б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогрес жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.
Өнімнің өзіндік құнын арзандату- еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектін үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
-Өндірістің техникалық деңгейін көтеру;
-Өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сыйымдылықтарын төмендету;
-Басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
-технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту т. б.
Құжаттаумен алғашқы есепке алу мүліктің нақты қозғалысы мен оның қорлану көздерінің (міндеттемелерінің) есепте толық көрсетілуін қамтамасыз ете алмайды. Бухгалтерлік есеппен есеп берудің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарда мүліктерге және қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізіліп отырады.
-нақты қолда бар мүліктерді анықтау;
- нақты қолда бар мүлікті бухгалтерлік есеп мәләметтерімен салыстыру;
-есепте міндеттемелердің толық көрсетілуін анықтау;
Жалпы кәсіпорындарға мүлікті және қаржылық міндеттемелерді түгендеу бойынша әдістемелік құралдарға сәйкес кәсіпорындағы түгендеуге жататын мүліктер дегеніміз- бұл негізгі құралдар, материалдық емес активтер, қаржы салымдары, өндірістік қорлар, дайын өнімдер, тауарлар, ақшалар мен басқа да қаржы активтері болып табылады. Ал қаржылық міндеттемелерге - банк несиелері, зайымдар және тағы басқа кредитолрлық борыштар жатады.
Түгендеуге кәсңпорынның қай жерде тұрғандығына қарамастан барлық мүлік пен қаржылық міндеттемелері жатады. Сонымен қатар түгендеуге ұйымның меншігіне жатпайтын, бірақ оның бухгалтерлік есебінде есепте тұрған басқа да мүліктердің мен өндірістік қорлар (жауапты сақтауда тұрған, жалға алынған, қайта өңдеуге алынған және басқадай мүліктер), сондай-ақ қандай бір себептермен есепке алынбай қалған мүліктер жатады.
Түгендеу барысында құжатталмаған фактілер анықталуы мүмкін. Мысалы: тауарлардың табиғи кемуі, тауарлардың шығынға ұшырау және ұрлану нәтежиесінде кемуі, өлшеу мен операциаларды ресімдеу кезіндегі жіберілген қателіктер және тағы басқалар.
Мүліктер мен міндеттемелерге дұрыс және уақытылы түгендеу жүргізуге кәсіпорынның басшысы жауапты болады. Ол қысқа мерзім ішінде нақты қолда бар құндылықтардың толық және дәлме-дәл тексерілуін қамтамасыз ететіндей етіп жағдайлар жасауға міндетті (жүктерді өлшеу мен тасу үшін жұмыс күшімен қамтамасыз ету, техникалық жағынан жұмыс істейтін таразы жабдықтарымен қамтамасыз ету) .
Түгендеу жүргізу тәртібі (бір есеп беру жылында жүргізілетін түгендеу санын, оларды жүргізу уақыты, олардың әрқайсысында тексерілетін мүлік пен қаржылық міндеттемелер тізімі), түгендеудін міндетті түрде жүргізу қажет болған жағдайда басқа ретте ұйым басшысымен анықталады.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңға сәйкес мына жағдайларда кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу міндеті болып табылады.
-ұйымның мүлкін жалға бергенде, сатып алғанда, сатқанда, осындай-ақ мемлекеттік немесе муниципалды (унитарлы) кәсіпорындарын қайта құрғанда;
-жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп жасауы алдында (есепті жылдың қазан айының 1-жұлдызынан кейін жүргізілетін түгендеуден басқасы) ;
-тауарлы-материалдық қорларға жауапты тұлғалар ауысқанда (қабылдау-өткізу жүргізілген күні) ;
-мүлікті ұрлау, зиян келтіру немесе бүлдіру фактілері анықталады;
-кенеттен болған апатқа, өртке, аварияға ұшырағанда немесе басқа да төтенше жағдайлар болғанда;
-ұйым қайта құрылғанда немесе таратылған кезде бөлу (тарту) балансын құру алдында жүргізіледі;
-нормативтік актілермен қарастырылған өзге де жағдайлар;
Белгілеу мен сипатына байланысты түгендеу жоспарлы және ағымдағы түгендеу болып бөлінеді.
Жоспарлы түгендеуді (оларды сонымен бірге кезеңдік деп те айтады) жоспарға (кестеге) сәйкес алдын-ала белгіленген мерзімде жүргізеді.
Жоспардан тыс түгендеу тауарлық-материалдық қорларға ақшаға жауапты тұлғалардың қызметтен ауысқанда және ұйым басшысының немесе жоғары тұрған органның, тергеу жүргізетін немесе басқа да бақылау жүргізетін органдардың өкімі бойынша ерекше қажет болған жағдайда жүргізіледі.
Қамту көлеміне қарай түгендеу толық, ішінара, іріктеп түгендеу және тұтас түгендеу болып төрт түрге бөлінеді.
Толық түгендеу - нұсқауда қарастырылған мерзімде жүргізіледі. Мұнда тек тауарлы-материалды қорлар мен ақшаларды ғана тексеріп қоймай, сонымен бірге басқа заңды немесе жеке тұлғалармен есеп айырысудың дұрыстығын тексереді. Толық түгендеу кезінде тексерілуге тиісті материалдардың, тауарлардың барлық түрлері тексеріледі.
Ішінара түгендеу - деп түгендеу үшін (тексеру үшін) кәсіпорынның құндылықтарының белгілі бір бөлігін бөліп қарастыруды айтады. Мысалы: тауарларды қайта бағалаған кезде түгендеу бағасы өзгерген тауарларға ғана жүргізіледі.
Іріктеп түгендеу - ішінара түгендеудін бір түрі болып табылады. Мұндай түгендеу тауарлы-материалдық қорларға жеке-жеке аттары бойынша натуралдық есеп жүргізілетін қоймаларда, өндірістік цехтарда және басқа да ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде жүргізіледі. Мұндай түгендеу егер барлық материалдық қорларды толығымен түгендеу қажет болмаған жағдайда, құжаттарды тексеру кезінде жүргізіледі.
Тұтас түгендеу бір жүйеге жататын бірқатар кәсіпорындарда бір уақытта жүргізіледі. Дұрыс ұйымдастырған және уақытылы жүргізілген түгендеу, материалдық жауапты тұлғалардың жұмыстарын бақылау құралы ретінде қарастырылады, сондай-ақ тауарлық-материалдық қорлардың жетіспеуін анықтап қана қоймай, олардың ұрлану, жоғалу мүмкіндігінен сақтандырады.
Түгендеу және басқа да тексерулер барысында анықталған нақты қолда бар мүлік пен бухгалтерлік есеп мәліметтері арасындағы айырмашылықтар келесідей тәртіпте реттеледі:
Артық шыққан мүлік (негізгі құралдар, тауарлық-материалдық қорлар, ақшалар және басқа түгендеу жүргізілген күнгі нарықтық құн бойынша табыс есебінде кіріске алынады. Түгендеу барыснда артық шыққан мүліктің пайда болу себебі мен ол үшін кінәлі адамдар анықталады.
Табиғи шығын нормасы (заңда белгіленген тәртіпте) шегіндегі жетіспейтін және бұзылған мүлік ұйым басшысының өкімі бойынша немесе өндіріс және айналым шығындарына жатқызылады, ал нормадан тыс кемшіліктер жауапты тұлғалардың есебіне орын толтырады.
Түгендеу кезінде тауарлар мен материалдардың аттарын дұрыс жазбағандықтан бірімен-бірінің ауысып кетуінен пайда болған жетіспеушілік саны, осы себептен артық шыққан сондай тауарлар мен материалдардың артық шыққан саны бойынша жабылады.
Артық шыққан құндылықтармен кем шыққан құндылықтардың өзара жабу бір кезенде анықталған, тексеріп отырған тек бір ғана жауапты адамда, аттары тауарлы-материалдық қорларға ғана рұқсат етіледі.
Шығын мөлшері нақты жетіспеушілік анықталғанда және сол жетіспеушілік шегінде ғана қолданады.
2 КӘСІПОРЫН ӨНДІРІСІНІҢ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ЖІКТЕЛУІ
2. 1 Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары
Қысқа мерзім кезеңі деп - белгілі бір уақыт кезеңін айтамыз. Ол уақыт ағымында өндірістің кеібір факторлары өзгермей қалады. Сондықтан, қысқа мерзім кезеңіндегі өндірістің жалпы шығындарын (ТС) анықтағанда, оның тұрақты (FС) және айнымалы (VC) ажыратады, яғни:
ТС = FС + VC
Тұрақты шығындар (FС) деп - қысқа мерзім кезеңіндегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады:амортизациялық өтемдер, жал төлемі, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т. б.
Айнымалы шығындар (VC) деп - шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға : шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т. б. жатқызамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz