КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТТІ ЖШС БДК ҚҰРЫЛЫС МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Кәсіпорын қызметтің теориясы және ұйымдық нысандары . . . 5

1. 1 Кәсіпорындар қызметтерінің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен кемшілігі . . . 5

  1. Құрылыс саласының дамуының басым бағыттары . . . 11
  2. Қазақстандағы құрылыс кәсіпорындардың қазіргі жағдайына

талдау . . . 17

2 КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТТІ ЖШС «БДК ҚҰРЫЛЫС» МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ . . . 25

2. 1 «БДК Құрылыс» ЖШС-ң жалпы сипаттамасы . . . 25

2. 2 «БДК Құрылыс» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау . . . 31

2. 3 «БДК Құрылыс» ЖШС-де экономикалық даму мәселелері . . . 38

3 Құрылыс саласындағы Кәсіпорының әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру . . . 43

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» 2010 жылдың қаңтар айындағы келесі қағидатты жақтады: «Бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты» [1] .

Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналасатын қызмет шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Кәсіпорындар - бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде Кәсіпорындарті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын кәсіпкерліктің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі - ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.

Дипломдық жұмыста құрылыс саласының әлеуметтік экономикалық даму мәселелерімен кәсіпорындар субъектілерін несиелеудің ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан батыс елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап айтқанда, Д. Кейнс, Р. Кэмпбелл, К. Кондратьев, А. В. Чаянов, Й. Шумпетер, П. С. Роуз, М. А. Гольцберг, Дж. Р. Брик, Э. Дж. Долан. Сонымен қатар, жұмыста Ресей мен Қазақстанның іргелі зерттеушілерінің еңбектері, оның ішінде Е. Ф., Жуков, Л. Н. Красавина, О. И. Лаврушин, О. Б. Баймұратов, Г. Т. Қалиева, Қ. Қ. Ілиясов, Н. Қ. Мамыров, Ғ. С. Сейітқасымов, М. С. Саниев, Н. Н. Хамитов сияқты ғалымдардың және көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.

Дегенмен, аталған еңбектерде несиелеудің әдістері мен тәсілдері бүгінгі күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес. Жалпы несиелеу үдерісінде көптеген мәселелер көтеріліп жатқанымен, нақты кәсіпорындарды несиелеу мәселелері әлі де болса ғылыми тұрғыда терең негіздеуді талап етеді.

Құрылыс кәсіпкерлікті құрудың өзекті мәселесі - мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтық экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды, сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай, нарықтық экономиканың басты қасиеті - «өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі». А. Маршалл бойынша, кәсіпкер - экономикалық процесті жеделдетуші.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - Қазақстандағы құрылыс саласын және кәсіпкерліктің мәселелерін талдау, несиелеу үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.

Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:

  • Құрылыс кәсіпорындардың экономиканың дамуындағы алатын рөлін көрсету және оның мазмұнын ашу;
  • кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекет тарапынан жүргізілетін қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатына жан-жақты тоқталу;
  • кәсіпорын субъектілерінің қызметін несиелеудің тәжірибелік мәселелерін қарастыру және оған баға беру;
  • шет елдік және отандық несиелеу үдерісінің тәжірибелік мәліметтеріне сүйене отырып Кәсіпорындар субъектілерін несиелеуге зерттеулер жүргізу;
  • кәсіпорын субъектілерін несиелеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен тұжырымдар жасау.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы 50 елдің қатарына жетуге бағыт ұстауда. Экономикамыз өтпелі кезеңнен өтіп, халқымыздың әлеуметтік, демографиялық, саяси қорғалған деп санауға болатын уақытта, алдағы тұрған басты мақсаттардың бірі әлемде күшті дамыған мемлекеттерінің қатарына кіру және оған жетудің ең басты шарттарының бірі болып шағын және орта бизнес, яғни құрылысі ары қарай дамыту.

Әлемдік тәжірибе кәсіпорындардың экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде Кәсіпорындар субъектілері маңызды рөл атқарады.

Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Кәсіпорын қызметтің теориясы және ұйымдық нысандары

1. 1 Кәсіпорын қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен кемшілігі

Кәсіпорын - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры - Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу - басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпорын жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». Экономикалық әдебиеттерде кәсіпорын мен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық ғылымда «Кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз - адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес - бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпорын- бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Кәсіпорын бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда Кәсіпорын қызмет термині қолданылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпорын қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:

  • жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;

- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;

  • жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі;
  • коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен) ;
  • қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
  • өндіріс және тұтыну кооперативтері;
  • консорциумдар;
  • акционерлік қоғамдар [2, 3] .

Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі - оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік - толық шаруашылық есеп, қазыналық - толық емес шаруашылық есеп.

Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз.

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:

- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;

  • мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
  • құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.

Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.

Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:

- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;

- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар (1-кесте) .

1-кесте Кәсіпорынның ұйымдық түрлері

Кәсіпкерліктің түрлері: Кәсіпкерліктің түрлері
Артықшылығы: Артықшылығы
Олқылығы: Олқылығы
Кәсіпкерліктің түрлері: Бір тұлғалы жекелеген кәсіпорындар
Артықшылығы: Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы; қызмет жасаудың толық еркіндігі; нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі; қызметінің құпиялығын сақтау мүмкіндігі; барлық табыс табудағы максимальды мүдделігі
Олқылығы: Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары; болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі; барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірулігі қажеттілігі.
Кәсіпкерліктің түрлері: Серіктестіктер
Артықшылығы: Басқару бойынша міндеттерді бөлу; қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер; еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі шектеулілігі.
Олқылығы: Әріптестердің өзара өнімсіздігінің ықтималдылығы; сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік-психологиялық комфортсыздық; Әріптестердің өзара келіспеушілігінің арқасындағы бұл түрдің тұрақсыздығы.
Кәсіпкерліктің түрлері: Акционерлік қоғамдар
Артықшылығы: Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі; корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі; акционерлердің шектеулі жауапкершілігі.
Олқылығы: Басқарудың тым күрделілігі және оның оперативтілігінің төменділігі; акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі; кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі.

Ескерту: кесте дипломдық жұмыстың авторымен құрастырылған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, «Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы» республика заңдарына кәсіпорын кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған.

Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналасатын қызмет шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқық бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.

Сондықтан да барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті. Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:

  • өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты;
  • алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс іс-әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды әлеуметтік дамытуға жұмсалады.

Монополды мемлекет экономика жағдайында кәсіпорын қызмет құқығы тек мемлекетке ғана жатады. Нарықтық экономика Кәсіпорын қызметпен айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорын мен индивидке мүмкіндіктер жасалады. Бұл нарықтық экономиканы тап-тинақтай етіп, Ғылыми техникалық прогресс талаптарына сай болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасатады. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі - кәсіпорын құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде шағын, орта және ірі кәсіпкерліктерге бөлеміз. Кәсіпорынсубъектісі бойынша да бөлінеді: Кәсіпорынсубъектісіне - әртүрлі экономикалық қызметке қатысатындар, жеке индивидтер, жеке тұлғалар және жалпы экономикалық мүдделер мен келісім-шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. Ал ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестік, кооператив, акционерлік қоғам, холдингтер және мемлекеттік кәсіпкрліктерді айта аламыз [10, 11] .

Неміс ғалымы әрі экономисі Йозеф Алоиз Шумпетердің (1883-1950ж) ойынша, Кәсіпорынжаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы жаңа игілікті жасауға бағытталған. Сондай-ақ өндіріске жаңа тәсілді ендіруге, затты өткізетін жаңа нарықты игеруге; жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар көзін табуға өндірісті талапқа сай, басқаша құруға күш салады.

Кәсіпорын өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген шаруашылық тәсілі, экономикалық ойлаудың ерекше типі.

Кәсіпкерлікті құрудың өзекті мәселесі - мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтық экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды, сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай, нарықтық экономиканың басты қасиеті - «өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі». А. Маршалл бойынша, кәсіпкер - экономикалық процесті жеделдетуші.

Нарықтық экономикаға өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық мәселені шеше алмады. Оны шешу үшін мемлекеттің үйлестіру ролі қажет.

Нарық жағдайында кәсіпорын қызмет көп нышанда болады, оларды мына түрде бөлуге болады:

  • масштабы бойынша шағын, орта және кәсіпкерлік;
  • кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.

Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары - жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни, ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар мен осы тәріздес мемлекеттік Кәсіпорынбола алады.

Өтпелі кезеңде кәсіпорын қызметтің даму кешенді және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады.

Еркін кәсіпкерлік - барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет Кәсіпорынқажетке негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпорын кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын - жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.

Атап көрсеткендей, ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның ролі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алды. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған мәселеге толық талдау керек [6] .

Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен капитал тезірек айналатын салдарда, атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ, нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталды, бұл пайыз өсімнің күрт өсуінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын бизнес, яғни құрылыстің қаржы базасының жоюына әкелді, бұл өз кезегінде шағын бизнес, яғни құрылыстің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметіеің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды.

Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда кәсіпорын қызметке ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.

Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі компаиялардың айбынының артуы ғылыми техникалық революцияның болуымен, шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түолерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.

Қазіргі уақытта шағын бизнес, яғни құрылыстің рөлі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.

АҚШ-тың сатып алу федералды басқармасының ақпараты бойынша, 50-ші жылдардың ортасынан 70-ші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар (жұмысшылар саны 1000 адамнан аз) әртүрлі жаңалық енгізулердің жартысынан көбін енгізген. Жаңалық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100 адамдық фирмаларға келеді. Атап айтқанда, шағын компания «Apple» жеке компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін олар негізгі өндірушілердің біріне айналды.

Шағын бизнес, яғни құрылыс капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуде айтарлықтай ролі бар. АҚШ-та соңғы он жылда жаңа жұмыс орындарының 60 %-ы 20 адамнан аз жұмыскерлері бар компанияларға келеді. 80-ші жылдардың басында жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен мемлекет қайраткерлері шағын бизнес, яғни құрылыстен ірі компаниялардағы жұмыс орындары қысқаруының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал деп санады. Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтері тарапынан шағын бизнес, яғни құрылыске әртүрлі көмек көрсетіледі.

Шағын және орта бизнес, яғни құрылыстің болуы және де ірі компаниялардың (монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін мыңдаған әртүрлі детальдар қажет етіледі. Олардың өндірісіне концерндер мен келіісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орта фирмалар маманданады. Электротехника, автомобиль және басқа салалрдың кейбір ірі монополияларында 20 - 30 мыңға дейін шағын компаниялар жұмыс істейді. Атап көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі ірі компаниялармен келісім арақатынастары арқасында жұмыс істейді. Францияда, мысалы, шағын және орташа кәсіпорындардың 40%-ы монополиялармен байланысты. Америка Құрама Штаттарында осындай келісім шарттар жүйесімен 400 мың шамасында немесе 25% шағын кәсіпорындар қамтылған, оларда 4, 5млн адам жұмыспен қамтылған. Жапонияда да осындай жағдай кездеседі.

80-ші жылдардың басында шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз жанұяларындағы адамдарының еңбектерін қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен қамтылғандардың 32%, Италияда - 29%, Францияда - 21% құрады.

Монополистік емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе, ақпарат кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтты. Ғылыми техникалық прогресс негізінде іскер қызметтер (электронды есептеуіш машинасы базасында ақпаратты өңдеу, бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес беру бизнесі және т. б. ) спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай жинақталуын қажет тепейді және де шағын компания шеңберінде де табысты жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету саласында (70% шамасында) жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компаниялардан құралған.

Демек, шағын және орта бизнес, яғни құрылыстің ролі мына көрсетілген алты қызметтерден көрінеді.

Біріншіден, шағын өндіріс нарық конъюнктурасының өзгерісін икемді сезінеді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорындарына мүмкін емес.

Екіншіден, шағын бизнес, яғни құрылыс әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай биқнестің болмауынан осы ресурстар пайдаланылмаған болар еді.

Үшіншіден, шағын бизнес, яғни құрылыс бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады. Бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.

Төртіншіден, шағын бизнес, яғни құрылыс халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен роль атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді.

Бесіншіден, атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық жаңалықтардың тең жартысы келеді. (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, «Палароид» типті фотоаппараттар) .

Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартудағы орнын таптырмас бөлігі бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс тауып және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау
Мемлекеттiк тұрғын үй қорын техникалық пайдалану ережелерi
Кәсіпорынның меншік капиталын оңтайландыруын бағалуы
Kazakhstan Facilitators ЖШС консалтингтік компаниясының ұйымдастырушылық экономикалық сипаттамасы
Жобаны іске асыру
Фирма имиджінің басқарудың тиімділігіне әсері
Кәсіпорынның микроортасына талдау
Әлеүметтік кәсіпорын нарық
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын басқару әдістерін талдау әдістемесі
Фирманың қызметін жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz