Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқықбұзушылық іске тарту


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2. 1 Кәмелетке толмағандарды саудаға салудың объектісі
2. 2 Кәмелетке толмағандарды саудаға салудың объективтік жағы
2. 3 Кәмелетке толмағандарды саудаға салудың субъектісі
2. 4 Кәмелетке толмағандарды саудаға салудың субъективтік жағы
3 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ САУДАҒЫ САЛУДЫҢ САРАЛАНҒАН БЕЛГІЛЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
5
11
12
15
21
23
26
28
Кіріспе
Курстық жұмысының өзектілігі: Қазір жақсы қалыптасқан адам саудасының жүйесі бар. Оларды тек қана жыныстық қанауға, ауыл шаруашылығына т. б мақсаттарға емес, сонымен қоса, адам мүшелерін ауыстырып салу мақсатында да пайдалану үшін саудаға салады.
Адам саудасы - құлдықтың жаңа нысандарының бірі, оған ''потогондық жұмыстар'', үй құлдығы, мәжбүрлі неке, мәжбүрлі еңбек, адамның физиологиялық параметрлерін трансплатациялау, жыныстық эксплуатациялау т. б түрлері жатады. Бұл күннен-күнге қанат жайған халықаралық сипаттағы қылмыстық құқықбұзушылықтардың бірі. Бұл келеңсіз құбылыстың тоқтаусыз өсуі бірнеше факторлармен түсіндіріледі: сауда-экономикалық байланыстардың ғаламдануы, әйелдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендеуі, осы бизнетің шексіз пайда әкелетіндігі, үкіметтің әрекетсіздігі, тіпті, лауазымды тұлғалардың да қатысы болуы. Адам саудасы халықаралық қауымдастық тарапынан қатты айыпталатын әрекеттің бірі, қоғамға қауіптілігі жағынан есірткі саудасынан да жоғары. Себебі есірткіні бір-ақ рет сатуға болады, әйелдің көрсететін қызметін әлденеше рет сатуға болады.
Адам саудасының ішінде біз кәмелетке толмағандарды саудаға салудың қылмыстық құқықбұзушылық-құқықтық сипаттамасын қарастырамыз.
Адам саудасы туралы заңдардың дүние жүзінде жоқтың қасы, көбіне қылмыстық гөрі, олардың құрбандары жазаланып жатады, тіпті, кейбір елдерде ол қылмыстық құқықбұзушылық емес. Зерттелген 27 мемлекеттің барлығы бірдей адам саудасын қылмыстық құқықбұзушылық деп тани бермейді екен. Тек солардың он екісінде ғана адам саудасы толыққанды қылмыстық құқықбұзушылық болып табылады (Венгрия, Молдава, Испания, Бельгия, Қырғызстан, Румыния, Словения, Хорватия, Франция, Швейцария), оның өзінде де кейбір елдерде ол туралы нормалар ескірген (Румыния) немесе нақты емес (Хорватия) . Ал бес мемлекетте адам саудасы жартылай ғана қылмыстық, яғни өзге бір қылмыстық құқықбұзушылық әрекеттермен байланыста қарастырылады (Германия, Латвия, Литва, Түркия және соның ішінде Қазақстан) . Ал кейбір мемлекеттерде оны әлі қылмыстық құқықбұзушылық деп танымайды. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тікілей адам саудасын жазалайтын арнайы заң жоқ. Дегенмен, мұндай әрекет түрі жартылай болса да Қылмыстық құқықбұзушылық кодексте көрініс табады. Адам саудасы және оған байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтардың ТМД-ң өзге елдеріндей Қазақстанда да белең алуы тежелмей отыр. Осындай мәселеге байланысты заңнаманы қайта қарау қажеттілігі байқалады.
Курстық жұмыстың пәні мен обьектісі: пәні - кәмелетке толмағандарды сатумен халықаралық құқық арқылы күресу (Қазақстан Республикасының тәжірбиесі) . Обьектісі - халықаралық және ұлттық дәрежеде мемлекеттер, халықаралық органдар, халықаралық үкіметтік, үкіметтік емес ұйымдар және арнайы мекемелер арасындағы адам саудасымен күресуде туындайтын қатынастар.
Курстық жұмысының мақсаты және міндеттері: мақсаты - кәмелетке толмағандарды сатудың қылмыстық құқықбұзушылық-құқықтық сипаттамасын анықтау. Осыған орай, мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
- отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтардың жалпы сипаттамасын беру;
- кәмелетке толмағандарды саудаға салудың объектісін қарастыру;
- кәмелетке толмағандарды саудаға салудың объективтік жағына тоқталу;
- кәмелетке толмағандарды саудаға салудың субъектісін зерделеу;
- кәмелетке толмағандарды саудаға салудың субъективтік жағын талдау;
- кәмелетке толмағандарды саудағы салудың сараланған белгілерін анықтау;
Курстық жұмысын орындау барысындағы қолданылған әдістер:
- тарихи әдіс;
- құқықтық салыстыру;
- сараптама мен синтез.
Курстық жұмысының құрлымы мен көлемі: курстық жұмысының құрылымы зерттеу негізгі мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қазақ КСР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық құқықбұзушылық кодексінің нормалары елімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық құқықбұзушылық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.
1959 жылғы Қылмыстық құқықбұзушылық кодекс кеңестік идеология тұрғысында, әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика қағидаттарына негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық құқықбұзушылық заңның болуын кажет етті. Осыған орай Президент Н. Назарбаев мемлекетіміздің өмір талабына сай келетін жаңа Қылмыстық құқықбұзушылық кодексін қабылдаудың және оның адам, қоғам, мемлекет мүддесінің қорғаушысы болуы қажеттілігіне баса назар аударылуын айрықша белгілеп берді.
Қазақстан Республикасының Конститутциясының 27-бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады», - деп көрсетілген. Қоғамымыздың жаңа мүшелерінің денсаулығын және өмірін қорғау жолдары әртүрлі, солардың қатарында құқықтық тұрғыдан қорғау белгілі орын алады. Осындай қорғаудың бір құралы отбасы және кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқықбұзушылық-құқықтық қорғау болып табылады. Мұндайда мемлекет қылмыстық құқықбұзушылық-құқықтық құралдар арқылы кәмелетке толмағандардың және отбасын мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қоғамдық қауіпті әрекеттермен ымырасыз күрес жүргізеді.
Кәмелетке толмаған азаматтың мүддесін қылмыстық құқықбұзушылық-құқықтық құралдармен қорғау және оның дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, интеллектуалдық және адамгершілік қалыптасуына жағдай жасауға тіреледі. Ал бұл өз кезегінде отбасы жағдайының дұрыстығына, өзара құқықтар мен қатынастарды ұстануына тікелей байланысты. Сол себепті де кәмелетке толмағандарды қорғау отбасы қатынастарын қорғаумен тығыз байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады (1) ; Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы (2) ; Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті (3) - делінген. Бұл көрсетілген қағидалар халықаралық құқықтың осы мәселелер жөніндегі негізгі ережелеріне сәйкестендірілген. Адам құқығы жөніндегі 1948 жылғы Жалпыға бірдей Декларацияда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халықаралық актіде отбасы қоғамның табиғи негізгі ұясы және ол мемлекет пен қоғам тарапынан қорғау құқығына ие деп белгіленген. 1989жылы 20 қарашада қабылданған «Бала құқықтары жөніндегі» Конвенцияда да балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарының қорғалуына ерекше мән берілген. Қазақстан Республикасы да отбасы және кәмелетке толмағандар жөніндегі халықаралық құқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық құқықбұзушылық-құқықтық жолмен қорғауға ерекше мән береді.
1997 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық құқықбұзушылық кодекстің Ерекше бөлімінің 2-тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтар үшін жауаптылық белгілеген. Бұл тарауда осы тұрғыдағы қылмыстық құқықбұзушылықтарға арналған нақты қылмыстық құқықбұзушылықтардың мынадай түрлері көрсетілген: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту (132-бап) ; кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту (133-бап) ; кәмелетке толмағандар саудасы (135-бап) ; баланы ауыстыру (136-бап) ; бала асырап алу құпиясын жария ету (138-бап) ; балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару (139-бап) ; кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау (140-бап) ; балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау (141-бап) ; қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану (142-бап) .
Осы топқа жататын қылмыстық құқықбұзушылықтардың объектісі ата-аналар мен балалардың арасындағы отбасылық қатынастар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың дене бітімі, интеллектуалдық, рухани, адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, қалыптасу жағдайлары болып табылады. Енді осы топқа енген қылмыстық құқықбұзушылық құрамдарының әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап өтейік.
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқықбұзушылық іске тарту. Кәмелетке толмаған адамды 18 жасқа толған адамның қылмыстық құқықбұзушылық іске тартуы жеке қылмыстық құқықбұзушылық құрамы ретінде қарастырылады.
Қылмыстық құқықбұзушылықтың тікелей объектісі - кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары болып табылады.
Қылмыстық құқықбұзушылықтың жәбірленушісі - 18-ге толмаған адам, яғни кәмелетке толмағандар.
Қылмыстық құқықбұзушылық объективтік жағынан алғанда әр түрлі әдістер (тәсілдер) қолдана отырып кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқықбұзушылық іске тарту арқылы жүзеге асырылады.
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқықбұзушылық іске тарту деп 18-ге толмағандарды қылмыстық құқықбұзушылықтың тікелей орындаушысы немесе өзге де көмектесушісі болуға жігерлендіруге, ынтасын, шешімін қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерді айтамыз. Қылмыстық құқықбұзушылық іске тартудың әдісі заңда тікелей көрсетілмеген, бірақ ол әртүрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әрекет көбінесе психикалық әдістерді қолдану арқылы (қорқыту, уәде беру, алдау) немесе басқа да тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамдарды үрейлендіру немесе оларды басқа бір қолайсыз жағдайларға қаддыратын әрекеттер жасаймын деген әрекеггер арқылы, олардың психикалық санасына әсер етулер қорқыту деп табылады. Қорқыту ауызша, жазбаша, телефон арқылы, дене қимылын көрсету арқылы жүзеге асырылуы мүмкін және мүндай қорқытулар жәбірленушінің тікелей өзіне немесе оның таныс адамдарына білдірілуі хақ.
Субъектінің болашақта кәмелетке толмағандарға белгілі бір жәрдем көрсетуге (оқуға түсіруге, жүмысқа тұрғызуға немесе оларға басқадай игіліктер жасауға міндеттемелер алуы) уәде беру деп танылады.
Кәмелетке толмағандар үшін мәні бар мәліметтерді немесе мән-жайларды қасақана айтпау немесе олар жөнінде үн қатпау арқылы оларды жаңылыстырып қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеуге тартуды алдау деп түсінген жөн. Мысалы, ересек адам кәмелетке толмаған адамға көрші үйден өзіне тиісті жүкті жол бойына жеткізуді өтінеді, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін ұрлауға көмектескенін бірақ біледі. Кәмелетке толмаған адамды басқа да тәсілдермен қылмыстық құқықбұзушылық жасауға тартуға, оларды иландыру, сатып алу, оларды зұлымдық, қараниетгі іс-әрекеттерді істеуге жігерлендіру, боп салау, материалдық тәуелділік жағдайын пайдаланып қалу т. с. с. әрекеттер жатады.
Жоғарыда көрсетілген тәсілдерді қолданғанымен кәмелетке толмағандар қылмыстық құқықбұзушылық іс-әрекетке баруға қарсылық білдірсе, онда кінәлінің іс-әрекеті кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқықбұзушылық іске тартуға оқталғандық ретінде сараланады.
Қылмыстық құқықбұзушылық формальдық құрамға жатады. Және ол кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқықбұзушылыққа тартқан уақыттан (яғни 18-ге толмаған адамның оған келіскен сәтінен бастап) аяқталған деп табылады. Қылмыстық құқықбұзушылық кодекстің 133-бабының 1-тармағы бойынша онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстық құқықбұзушылықтарды істеуге кәмелетке толмағандарды тартқаны үшін ғана жауаптылық көзделген. Субъективтік жағынан ҚК-тің 133-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып жасы 18-ге толмағаны өзіне анық адамды қылмыстық құқықбұзушылық іске тартқанын сезеді, біледі және соны жүзеге асыруды тілеп әр түрлі әрекет жасайды. Қылмыстық құқықбұзушылық ниет және мақсат әртүрлі (кек алу, қызғаныш, пайдакүнемдік, басқа да зұлымдық ниеттер) болуы мүмкін. Бұлардың іс-әрекетті саралауға әсері болмайды, бірақ жаза тағайындағанда есепке алынады.
Қылмыстық құқықбұзушылықтың субъектісі - заңда тура атап көрсетілгендей кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқықбұзушылық іске тартқан жасы 18-ге толған адам. Кәмелетке толмаған адамның екінші бір кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқықбұзушылық іске тартуы бұл қылмыстық құқықбұзушылық құрамына жатпайды.
Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет-осы қылмыстық құқықбұзушылықтың ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 133-бабының 2-тармағы) . Көрсетілген адамдардың кәмелетке толмаған адамдар жөніндегі құқықтық жағдайын пайдаланып, осы іс-әрекеттерді істеуі қылмыстық құқықбұзушылықтың қоғамға қауіптілігін едәуір ұлғайтады. Ата-аналарды анықтау Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған Заңына сәйкес шешіледі.
Педагог деп тәрбие немесе оқу процесімен айналысатын адамдар танылады. Педагогті қылмыстық құқықбұзушылықтың субъектісі деп тану үшін оның жұмыс істейтін оқу орындарының түрі (жоғары оқу орындары, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес), нысаны (күндізгі, сырттай, кешкі) ешқандай әсер етпейді.
Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне жүктелген өзге де адамдарға қорғаншы, қамқоршы, асырап алған ата-аналар, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері, бұлардан басқа заңмен тәрбиелеу міндеті тікелей жүктелген - жақын-туыстары, ағасы немесе апасы, әжесі немесе атасы жатады.
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер (133-баптың 3-тармағы) - осы қылмыстық құқықбұзушылықтың тағы бір ауырлататын түрі болып табылады. Мұндағы күш көрсетуге жеткіншекті қылмыстық құқықбұзушылық істеуге ықпал ететін тәсілдерді қолдану жолымен, яғни оны сабау, оған жеңіл және орта дәрежелі жарақат келтіру арқылы қылмыстық құқықбұзушылық істеуге көндірулер жатады. Егер мұндай тәсілмен жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе немесе өлімге әкеліп соқса, онда кінәлінің әрекеті қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша саралануға жатады. Күш қолданамын деп қорқыту - өлтіремін, денеңе жарақат келтіремін, жаныңды қинаймын, ертеймін деген шын мәнінде іске асатын нәрсе жәбірленушіге тікелей психикалық әсер ететін сөздерді кінәлінің айтуы жатады.
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші тармақтарында көзделген кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыстық құқықбұзушылық жасауға тартуға байланысты әрекеттер (134-баптың 4-тармағы) көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықтың өте ауырлататын түрі болып табылады. Ауыр немесе аса ауыр қылмыстық құқықбұзушылықтардың түсінігі Қылмыстық құқықбұзушылық кодекстің 10-бабының 4, 5-тармақтарында берілген.
Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту. Криминологиялық зерттеудің нәтижесі көрсеткендей соңғы жылдары елімізде кәмелетке толмағандарды ішімдікке, нашақорлыққа, темекі тартуға және басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту фактілері өріс ала бастаған. Нәтижесінде жеткіншектердің арасында әр түрлі жұқпалы аурулар мендей түскен, бұл, әрине, ертеңгі болашағымыз үшін аса қауіпті құбылыс.
Қылмыстық құқықбұзушылықтың тікелей объектісі кәмелетке толмаған адамдардың дене және адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, тәрбиеленуі болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыстық құқықбұзушылық кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгірететін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту арқылы сипатталады.
Заң бойынша есірткілік немесе есеңгірететін затқа жататын, арнаулы тізім бойынша белгіленген осындай заттарды екі немесе одан көп медициналық емес тұрғыда тұтынуға тарту кәмелетке толмаған адамды көрсетілген әрекеттерге ұдайы тарту деп танылады.
Есірткілік немесе есеңгірететін заттарды анықтау арнаулы сарапшылық қорытынды бойынша анықталады.
Екі немесе одан көп реттерде кәмелетке толмағандарды үнемі спирт ішімдіктерін (арақ-шарап) ішуге тартуды осы қылмыстық құқықбұзушылықтың объективтік жағының бір белгісін жүзеге асырғандық болып табылады. Арақ-шарапқа барлық ішімдіктер, оның ішінде қолдан жасалған осындай заттар да жатады. Кәмелетке толмағандармен бірге бір мәрте бірлесіп спирт ішімдіктерін ішу, оны мас күйге жеткізу қылмыстық құқықбұзушылық болып табылмайды, мұндай әрекет әкімшілік құқықтық жолмен жауаптылыққа тартылады.
Кәмелетке толмаған адамды ақшаға немесе басқадай материалдық сыйақы үшін нәпсіқұмарлық қатынаста болуға жеткізу, оларды жезөкшелікпен айналысуға тарту деп танылады. Жезөкшелікке тартудың тәсілі - қорқыту, тәуелділік жағдайларды пайдалану, көндіру арқылы болуы мүмкін. Егер кінәлі адам өзі жезөкшелікке тартқан адамды зорласа немесе оны аздыратын басқа да әрекеттер жасаса, онда оның әрекеті істеген қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша сараланады.
Кәмелетке толмаған адамды бір мекен-жайдан екінші бір мекен-жайға орын ауыстыруға, тұрғылықты орнының болмауына, кездейсоқ табыстармен, ұсақ ұрлықпен, қайыр тілеумен, басқадай еңбексіз табыстармен күн көруге көндіріп тарту қаңғыбастыққа тарту деп танылады. Бөтен адамдардан ақша, азық-түлік, киім-кешек немесе басқадай материалдық құндылықтарды сұрап алып табыс табуға әр түрлі тәсілдермен кәмелетке толмағандарды көндіру, оны қаңғыбастықпен айналысуға тарту деп танылады.
Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту формальдық қылмыстық құқықбұзушылық құрамына жатады және ол заңда (133-бап) көрсетілген әрекеттердің біреуін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыстық құқықбұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгірететін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирт ішімдіктерін ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға (ұдайы болмаса) тартқанын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді. Қылмыстық құқықбұзушылықтың субъектісі 18-ге толған есі дұрыс адам, Қылмыстық құқықбұзушылық кодекстің 132-бабының 2-тармағында: ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет, ал осы баптың 3-тармағында, осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында қарастырылған бірнеше рет не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер үшін қылмыстық құқықбұзушылық жауаптылық көзделген. Осы бапта көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау бірнеше рет жасалған әрекеттер деп танылады (ҚК-тің 11-бабы) .
2 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2. 1 Кәмелетке толмағандарды саудаға салудың объектісі
XX ғасырдың басынан бастап осы күнге дейін адамды саудаға салу күннен-күнге дамып келе жатқан қылмыстық құқықбұзушылық түрі болып табылады. Қазіргі таңда қылмыстық құқықбұзушылықтың бұл түрін ауқымды трансұлттық проблемалардың қатарына жатқызсақ та қателеспейміз. Криминология көзқарасынан алатын болсақ, бұл қылмыстық құқықбұзушылықтың жасалуынан көптеген мемлекеттерге залал келіп отыр, сол себепті бұны осындай көлемдегі проблема ретінде қарастырамыз.
Адамды саудаға салу - қазіргі қоғамның ең бір залалды құбылыстарының бірі, бұл мәселе әлемдік құқық қорғаушылармен 1903 ж. көтеріле басталған. Бұл мәселенің етек алуы Ұлыбританиядан Еуропа континеталдық мемлекеттеріне жезөкшелік мақсатымен әйелдерді сатудан бастама алады. Осылайша «ақ құлдық» термині пайда болды, алайда, уақыт өте келе, бұл термин жалпылама «адамды саудаға салу» терминімен ұштасып кеткен. Басқа мемлекеттерге «хат жазысу бойынша жұп табу», үй қызметшісі, даяшылар және фотомодельдер, т. с. с. ретінде әйелдерді тасымалдау оларды секс-бизнеке енгізудің ең бір кең таралған нысаны болып қалыптасты.
Сол уақыттан бері адамды саудаға салу әрдайым сараптаманы қажет ететін болды, сонымен қатар көптеген даулар мен дискуссиялардың пәні болып табылады. Бірақ, көптеген ресми құжаттарға, публикацияларға, және бұл мәселе бойынша ғылыми еңбектерді қарастырсақ, жалпы алғанда «адамды саудаға салу» деген терминді қозғағанда ол бірден «әйелді саудаға салу» мағынасымен ассоциацияланады. Және бұл жерде әйелдерді жезөкшелікке, порнобизнеске, сексуалдық саладағы әрекеттерге жұмылдыру үшін саудаға салынатындығын атап өткен орынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz