Технологиялардың импортталуы


Жоспар:
1 Дамыған мемлекеттегі инновациялық қызметті мемлекет тарапынан қолдау
2 Инновациялық қызметті қолдаудың дүниежүзілік тәжірибесі
3 Ұлттық инновациялық жүйелердің әлемдік моделдері
1 Дамыған мемлекеттегі инновациялық қызметті мемлекет тарапынан қолдау
Әлемдік тәжірибеде инновациялық қызметтің салықтық жеңілдіктерінің келесі түрлері қолданылады:
- Зерттеу және инвестициялық салық несиелерін беру, яғни салықтық төлемдерден шеттеу шығын бөлімінен инновациялық мақсаттардағы пайда
- Инновациялық шығынның өсуіне байланысты салықты төмендету
- Инновациялық жобаларды жүзеге асырудан түскен пайдаға бірнеше жыл салықтық демалыс беру
- Инновациялық ұйымдардағы заңды және жеке тұлғаларға акциялары бойынша алынатын дивидентеріне салық салуды жеңілдету
- Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына бағытталған табысқа салынатын салық ставкасын төмендету
- Жобаның орындалуының өсімділігіне байланысты жеңілдіктер беру
- Пайдаға салық салуды жеңілдету нәтижесінде патенттерді қолдану, лицензия, ноу-хау және тағы басқа материалды емес активтер, құрамына интеллектуалды меншіктердің кіруі
- Ғылыми зерттеу институттарына, Жоғарғы оқу орындарына және тағы басқа инновациялық ұйымдарға құрал-жабдық құнының соммасының пайдасына салынатын салықты төмендету
- Инновацияны қаржыландыруға байланысты қызметте қайрымдылық қорлары жарналарын салық төлемдерінен шегеру
- Инновациялық ұйымдардың пайда бөлігін арнайы шотқа қабылдау салық салу жеңілдіктерін тізбектеп инновацияялық мақсаттар жағдайында қолданылады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ғылыми - инновациялық дамудың 3 басты моделі бар:
- Қауіпсіздік секторында инновациялық белсенділіктің маңызды бөлігі
ғылыми-өндірістік айналымның барлық деңгейін қамтуы, ірі масштабтағы жобаларды жүзеге асыруы, ғылымда көсбасшылыққа бағдарланған елдер (АҚШ, Англия, Франция)
- Жаңашылдықты таратуға бағдарланған, жағымды инновациялық ортаны тудырушы, экономиканың барлық құрылымын рационализациялайтын елдер. (Германия, Швеция, Швейцария)
- Инновацияның инфрақұрылымының даму жолымен жаңашылдықты орнықтаушы, әлемде ҒТП жетістіктерін қабылдауды қамтамасыз етуші, ғылым мен техника облысында жан-жақты қозғалыс шеңберіндегі елдер. (Жапония, Оңтүстік Корея)
АҚШ инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу органдары:
- Американдық ғылыми қор, бұларға фундаментальді зерттеулер қарайды
- Американдық ғылыми кеңес, бұларға өнеркәсіп және университеттер қарайды
- НАСА
- Ұлттық стандарттар бюросы
- Ұлттық денсаулық сақтау институты
- Қауіпсіздік министірлігі
- Ұлттық өнеркәсіпті зерттеу орталығы
- Ұлттық ғылыми академия
- Ұлттық техникалық академия
- Американдық ғылымды дамытуға көмек көрсету ассоциациясы
Соңғы 4 құрылым аралас қаржыландырылады, ал қалғаны федералды бюджеттен қаржыландырылады. Қаржыландыру көздері болып жеке фирмалар мен ұйымдар (50 %), федеральді үкімет (46 %), университеттер, үкіметтік емес ұйымдар (4 %) .
Мемлекет венчурлық фирмалар мен зерттеу орталықтарын ашуды ынталандырады. Сонымен қатар тиімді және нәтижелі жұмыс істеп жатқан фирмалар мен орталықтар бастапқы 5 жыл ішінде толығымен және біртіндеп федералды бюджеттен қаржыландырады.
2 Инновациялық қызметті қолдаудың дүниежүзілік тәжірибесі
Қазіргі жағдайда шағын кәсіпкерліктің рөлі артты. Осылай майда және орта фирмалар (500 адамға есептелген) ірі корпорацияларға қарағанда (есеппен 10 мың жұмысшы соңғы 2 онжылдықта 2, 5 есе көп жаңашылдыққа доллар шығынданған.
АҚШ венчурлік және («тәуекелділік» капиталы бар фирмалар) «спин-офф» фирмалары қызмет атқарады (жоғарғы оқу орындарынан, зерттеу орталықтарынан бөлінген, лаборатория жанындағы өнеркәсіп корпорациялары) . Мемлекет спин-офф фирмаларын белсенді түрде субсидиялайды.
Инвестициялық қорлар майда инноватор фирмаларды және жеке өнертапқыштарды қаржыландырады. Шағын фирмаларды инвестициялауда басты рөлді АҚШ Ұлттық ғылыми қор алады. АҚШ Ұлттық ғылыми қор инновациялық фирмаларды несиелейді және оларға гранттар бөледі.
Жапония өнеркәсібінің даму стратегиясын анықтаудың қайнар көзі болып, сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлігінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- құрастыру жұмыстары өнеркәсібін әзірлеу болып табылады. ҒТП - ның нақты бағытта орындалуын бағалауды ғылым және техника Басқармасы жүзеге асырады. Өнеркәсіп технологиясының ассоциациясы экспорттық және иимпорттық лицензиялармен айналысады. Бұл елде ұзақ мерзімді ғылыми- техникалық даму программалары бар олар зерттеу енгізілімдерін ынталандырумен шетелдік лицензиаларды сатып алуды жүзеге асыруда. ҒТП - ны жүзеге асыруда сүйеніш ірі корпорацияларға жасалынады. Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік басқармасының ролі үлкен емес.
Елдің мемлекеттік саясаты Жапонияның импортерлік лицензиясын экспортерлік лицензияға айналдыруға бағытталған. Жапонияның ұзақ мерзімді мақсаты - елді «еліктегіштіктен» және «рационализаторлықтан» технологияларды жасауға айналдыру. Мәмілелік бағытты - ақпараттық жүйелер, биотехнологиялар жаңа материалдар.
Жапония дәстүрлі экономикалық және әкімшілік әдістерін өнірістік экспорттың және экспорттың дамуына қолданады:
- Несиелік жеңілдіктер және экспортты сақтандыру
- Экспортерларды салық төлемдерінен біртіндеп босату
- Тікелей субсидиялау
- Экспортерларға мемлекеттік жиынтық көмек көрсету
- Олардың өткізу қызметіне қатынасуы
Сонымен қатар Жапония мемлекеттік оргындары кеңінен жанама әдістерді қолданады:
- Жеке меншік банктердің берген және олардың мәмілелік салаларда бейімделген қаржылық ресурстарды мақсатпен бөлістіру
- Алдыңғы қатарлы шетелдік технологияларды кәсіпорындардың иемденуіне қатынасуы
- Шетелдермен ғылыми - техникалармен алмасуды бақылау.
ҒТП Жапондық модельді жаңа қалалармен технополистердің құрылысын ұсынды. Мұнда ғылыми -зерттеу және тәжірибелік- құрастыру жұмыстары на және ғылыми сыймдылықы өнеркәсіп өндірістеріне бағытталған.
Жапонияда иновациялық процесстерді мемлекеттік ретту келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
- Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- құрастыру жұмыстарын индикативті жоспарлау
- Имторттық тауарларға жоғарғы кедендік тарифтер
- Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік - құрастыру жұмыстарын қаржыландыруға несиелік және салықтық жеңілдіктер беру
- Жаңа ғылыми сыймдық өнімдерінің қозғалысына қорғау саясатын жүргізу.
Жапония мемлекеттерінің экономикасының даму ерекшеліктері ары қарай өнеркәсіптік өнірістің және фирма капиталының қойытылуы, микро электронды техникалардың негізінде ресурстарды сақтау технологияларына көшу, өңдеу мәмлесі және жинастыру өндірісі, қызмет көрсетуде.
Германия, Англия, Франция, АҚШ және Жапония әлемдегі технологиялық даму ядросына кіреді. Бұл елдер әлемде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына шығын көлемі бойынша 3, 4 және 5 орынды алады. Олар Еуроодақта алдыңғы қатарлы елдер болып саналады.
Еуроодақ елдерінің ерекшеліктері:
- Жұмыс күшінің және табиғи ресурстарының және жерлердің өте қымбыттылығымен ерекшеленеді
- Тұрғылықты халықтың тығыздылығымен ерекшеленеді
- Ақпараттанумен өнірістік технологияның жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді
- Білімге, мәдениетке, салауатты өмір салтына, кәрілікке, тарих дәстүрлерге сыйластықпен қатынасуымен ерекшеленеді
- Маңызды тауарларды сатуға бағаны мемлекеттік реттеумен ерекшеленеді
- Басқаруда өнімдерге халықаралық және еуропалық стандарттар мен сертификаттарды қолданумен ерекшеленеді
- Инновациялық қызметте индикативті жоспарлауымен ерекшеленеді
- Халық шаруашылығында ғылыми сыйымдылық саласын дамытумен ерекшеленеді
- Өндіріс кооперациясы және жоғарғы қойылу дегейімен ерекшеленеді.
Еуроодақта инновациялық саясаттың басты бағыттарына жатады:
- Біріңғай антимонопольді заңнамалар шығару
- Құрал-жабдықтардың жылдам амортизациялық жүйесін қолдану
- Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына салық салуды жеңілдету
- Шағын ғылыми сыйымдылығы бар кәсіпкерлікті қолдау
- Жаңа технология саласында инновацияларды еңгізу мақсатында кәсіпорындарды тікелей қаржыландыру
- Ғылыми сыйымдылықты өнімдерді өндіретін ғылыми университеттің әріптестіктері мен фирмаларды ынталандыру.
Еуроодақтың басты инновациялық саясаты «Халықаралық инфрақұрылымның даму жоспары технологиялардың берілуі» болып табылады. 1988 ж бастап ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына нәтижесі тарату бойынша еуроодақта «ВЭЛЬЮ» бағдарламасы жүреді. Ақпараттық технологиялар жүйесі саласындағы еуропалық ғылыми зерттеу стратегиялық бағдарламасында 1984 жылы 250 компания қатысады және 3 мың зерттеушілер. РАСЕ (еуропадағы алдыңғы қатарлы байланыс тәсілдерін зерттеу) мақсатында 1985 ж қабылдануы болып, интеграциялық байланыс облысында ғылыми зерттеу жұмыстарын бірлесе өткізуі. Еуропалық кәсіпорындар тобының бірлесуі негізінде күшті компаниялардың пайда болуын ынталандыру мақсатында Францияның ынта ықыласы бойынша 1985 жылы ЭВРИКА кешенді бағдарламасы қабылданды.
3 Ұлттық инновациялық жүйелердің әлемдік моделдері
Инновациялық жүйелер «ұлттық» болып табылады, оның себебі спецификалық формалардың қызметтері саясатпен ұлттық өкімет бағдарламаларымен анықталады. «Ұлттық» мінездемесі бұл жүйелердің тарихи жан - жақты түрленуі. Ұлттық инновациялық жүйенің американдық модельдерінде басқа елдерге қарағанда спецификалық белгілері көп. Бұл ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- құрастыру жұмыстары мен инновациялық шеңбердегі ірі әскери келіс сөздерді қаржыландыру көлемінің маңыздылығымен пайда болды. 70 жылдарға дейін АҚШ ұлттық инновациялық жүйесінде бәсекелестері болмады.
Әлемдегі ұлттық инновациялық жүйенің модельдері ішінде АҚШ қатысушылар санының және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстар шығынының көрсеткіштерін ауқымды екенін көрсеті. Бірақта басқада елдер инновациялық дамудың жоғарғы деңгейіне жетті. Мысалы, экономикалық және технологиялық салада әлемдік көш басшылыққа талпынуда. 20 ғасырдың соңғы 10 жылдығында - 21 ғасырдың басында әлемдік экономикада 3 ірі индустриялық аймақтарда - АҚШ, Жапония, Батыс Еуроппада - ұлттық инновациялық жүйеде маңызды өзгерістер болды. Индустриялық дамудың ерекшеліктеріне АҚШ-та ғылыми-зерттеу және тәжірибелік - құрастыру жұмыстарын 19 ғасырдың соңымен 20 ғасырдың басында американдық экономиканың кеңейюіне транспортта, коммуникация жүйесінде, технологияда механиктердің біліктілігі мен сараптауға жүгінді. Жаңа өндіріс технологиялық инновация негізінде жүрді. АҚШ-та бірінші өнеркәсіптік зерттеу сараптау материалдарымен өнімнің сапасын бақылаумен басталды. Кейін кәсіпорындарда ғылыми бөлімдер ашыла бастады. Өнеркәсіптік ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстары өнімдердің диверсификациясына және патенттердің санының ұлғаюына алып келді.
АҚШ-та ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстары трансформация жүйелері екінші дүниежүзілік соғыстың әсер етуімен пайда болды. АҚШ соғыстан кейін технологиялық салада көшбасшы болды. Федералды бюджеттен қаржыландыру ғылыми зеттеулерде жоғарғы нәтижеге алып келді. Индустриалды зерттеулердің көлемінің жоғарылауы ірі корпорациялардың санының ұлғаюына алып келді. Жоғарғы ғылыми деңгейдің және жаңашылдықтың нәтижелері, инновациялық жобаларды және ғылыми жұмыстарды бірлесіп орындауына уневерситеттерді тартты. 60 жылдардың басында федералды бюджеттен қауіпсіздікті зерттеудің қаржыландыру көлемі жиынтық шығындардың 80 % құрады. Ғарыштық бағдарламалардың кеңеюіне байланысты 50 % - ға қысқарды. 80 жылдары өнеркәсіп өнімдерінің экспорты көрсеткіштері және патентердің нарықтық жоғарғы технологиялық секторында АҚШ экономикасы бұрынғыдай жоғары еді. Ең басты басымдылық факторлары АҚШ халықаралық трансферт технологиясы болды. Университеттер мен компаниялардың инновациялық қозғалысына байланысты ішкі және халықаралық консорциумдар мен альянстар дами бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz