Индустрия жылдары
Мазмұны
Кіріспе
Индустрия жылдары
1) тарихи аспектілер
2) әлеуметтік аспектілер
3) құқықтық аспектілер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырда дамуы мен өркендеуі әлеуметтік қоғамда, сонымен қатар, тарихи тағылымдарда жаңаша көкжиектен танылып, ерен халқымыздың тарихын зерделеуге жаңаша серпін берді. Және бұл бағыт барлық жағынан, яғни, тарихи, әлеуметтік және құқықтық тұжырымдарға сүйене отырып зерттелу үстінде. Жетпіс жылдар бойы бодандықта өмір сүруген қазақ халқының тарихы енді ғана жаңаша фактілер мен мағлұматтарға ие болуда.
Мұның өзі зерттеу тақырыбының өзектілігін, өз тарапында оның ғылыми, қоғамдық-әдістемелік сұраныстан туындап отырғанын дәлелдейді.
Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін халықаралық озық тәжірибеге сүйене отырып, индустриялды-инновациялық стратегияны қалыптастырудың маңызы өте зор. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, өркениетті елдердің барлығы белгілі бір тарихи кезең бойында физикалық еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология мен ғылымға негізделген өндіріске дейінгі жолдан өткені белгілі. Біздің елімізге де осындай жолдан өтуге тура келеді. Индустрияландыру ірі өнеркәсіпті, оның ішінде ауыр өнеркәсіпті жолға қою және одан әрі дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс шеңберінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру дегенді білдіреді. Индустрияландыру - тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың бір көрінісі. 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттілігі туды.
Бірінші кезекте, 1925 жылға қарай қалпына келтіру саясаты мәресіне жетті. Басты көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі дәрежеге көтерілді. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, сонымен қатар, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды.
Екінші кезекте, елдің экономикалық әлеуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғы кездегідей аграрлы мемлекет болып қала берді. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленістер пайда бола бастады. Үшіншіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті. Капиталистік дұшпандық қоршауда қалған КСРО-ға тұрақты соғыс қаупі төнді. Аграрлы ел өнеркәсібінің жоғары дамыған ірі мемлекеттермен әскери қақтығыс болған жағдайда оларға қарсы тұру мүмкіндігі болмады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Индустрия жылдары жөнінде түрлі көзқарастар айтылып, оның тарихнамалық мәселеге айналғанына қарамастан арнайы сараптамалық еңбектер дүниеге келмеді. Ресей басылымдары мен жергілікті баспасөздегі материалдар тек ақпараттық бағытта берілді. Қазақстандық индустрия зерттеулерінің қалыптасуының бастауында ХХ ғасырдың басында жарық көрген С.Шарипов еңбектері тұрды, және ол кейінгі іргелі зерттеулердің атқарылуына септігін тигізді.
Кеңестік жүйенің шаралары, әсіресе, Е.И.Сауткиннің және Қ.Е.Темірғалиевтің еңбектерінде ерекше көрініс тапты. Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыруды салыстыра отырып, зерттеген А.Н.Нүсіпбековтің монографиясы Қазақстан тарих ғылымында кадр мәселесін зерттеудегі өзіндік ерекшеліктермен көзге түсті.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. Қазақстандағы индустрия жылдарының тарихын жаңа теориялық-методологиялық концепция негізінде қарастыруды мақсат етіп қоядым. Осыған орай мынадай міндеттер белгіленді:
- индустрияландыруға қатысты еңбектерді саралау және жүйелілік тәсілмен зерттеу;
- индустрияландырудың ерекшеліктерін көрсететін мұрағат құжаттары мен тарихи деректерін сұрыптау;
- тарихи деректерге сүйене отырып, Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асырудың кемшіліктері мен жетістіктерін анықтау;
- алғашқы бесжылдықтар құрылыстарының әр түрлі деңгейде ұйымдастырылуы мен дамуын қарастыру;
- индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктерін саралау.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі. Ғылыми жобаны жазу барысында талдау және жинақтау, индукция мен дедукция, теориялық таным, модельдеу мен типтендіру сияқты жалпы ғылыми, философиялық, құқықтық, әлеуметтанушылық, тарихи зерттеу тәсілдері пайдаланылды.
Зерттеудің шынайылылығын барынша көрсету мақсатында тарихи-типологиялық және әрқырынан қарастыру әдістеріне мән берілді.
1) тарихи аспектілер
ХІХ ғасырдың 20-жылдары халық шаруашылығы салаларын жаңа машиналық техника базасына көшірудің кешенді бағдарламасы анықталды. Индустрияландыруды бастау туралы шешім негізі 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П-ның XIV съезінде қабылданған болатын. Индустрияландыру жөнінде съезде жалпы түрде ғана айтылды. Сталин индустрияландыру саясатын КСРО-ны машина және жабдықтарды импорттаушы елден оларды өз күшімен өндіретін елге айналдыру деп түсіндірді. Мәселе ауыр және жеңіл өнеркәсіптің тиімді байланысы, қала мен ауылдарда қол жұмысын минимизациялау туралы болды. Капиталистік бұғаудың болуы және социализмді жеке алынған бір мемлекетте ғана құру бағдары тәрізді дәлелдер шешуші маңызға иеленді [1].
Аталған себептерге байланысты партия ішіндегі демократияның шеңбері азайып, әскери коммунизм кезіндегі әдеттер мен бұйрықтық амал-тәсілдер қайта пайда бола бастады. Ықпал етудің экономикалық қана емес, әкімшілік жағынан да көптеген артықшылықтар берілді. Тарихымыздағы ең алғашқы жоспарлы индустрияландыру бағдарламасын Жаңа экономикалық саясатқа көшіру жағдайында жүзеге асыру қажеттігі туды. Көпсалалы экономикалық байланыстар, тауар-ақша қатынастары, нарықтық айналымдар күнделікті тұрмысқа енді. Жаңа экономикалық саясат қағидалары өнеркәсіп саласында қажетті дәрежеле орындала қоймады, сөйтіп ұзақ мерзімге жоспарланған бұл саясат та ауыстырылды. Қазақстанның дамуы аймақ экономикасының жетілмей, артта қалуымен байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Қарышты әлеуметтік-экономикалық алға басушылықтардың болғанына қарамастан, көшпелі және жартылай көшпелі ауылдық жерде патриархалдық-феодалдық қатынастар әлі де сақталып қалды.
1926 жылы республикадағы өнеркәсіпті қайтадан қалпына келтіру жұмысы әлі де аяқтала қоймады және бүкілодақтық көрсеткіштерден әлдеқайда төмен болды. Қазақстанның өнеркәсібі өте баяу даму үстінде болды. Осыған байланысты, ауыр және жеңіл өнеркәсіп орындарын құру қажеттілігі пайда болды. Өнеркәсіптік құрылыс жүргізуге керекті пайдалы қазбалардың кен орындары көбінесе далалы аймақта, сонымен қатар, шөлді аудандарда орналасты. Жерасты байлықтарын пайдалану үшін бұл орындарда жан-жақты игеру жұмыстарын жүргізуді, оның ішінде, атап айтсақ, жаңа темір және автожолдар құрылыстары, жұмысшы кенттерін, жаңа жас қалаларды тұрғызу, сумен жабдықтаудың қайнар көздерін іздестіру сияқты жұмыстарды жасауды қажет болды.
Индустрияландыру саясатына қаржы табу мақсатында мемлекет жұмыскерлерді өз астығын нарықтық бағадан да арзан сомаға сатуға мәжбүрледі. Ал, бұл бұйрықты орындаудан бас тартқандар болса, олар қуғын-сүргінге ұшырады. Осылайша, 1928 жылдың қазанынан бастап, 1929 жылдың желтоқсанына дейін 56 498 адам қылмыстық жазаға тартылып, 277 адам ату жазасына кесілді [2].
Қазақстанда индустрияландыру саясатының басталуымен қатар, Жезқазған мыс және Байқоңыр көмір кен орындарында алғашқы тұрақты геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру ісі басталды.
Бұл - бүкіл Жезқазған-Ұлытау ауданындағы пайдалы қазба қорларын жоспарлы түрде анықтап отыруға негіз салған кен орны. Жезқазғандағы геологиялық зерттеулер кен орындарында жүргізілетін кешенді, жеделтетілген геологиялық-барлау жұмыстарының ғылыми өлшемдерін толығымен ақтады.
Геологиялық зерттеу жұмыстары мен Жезқазған-Ұлытау ауданындағы кең байлықтарының өнеркәсіптік меңгерілуімен қатар, республикадағы геологиялық ғылымдардың қалыптасуына негіз салған іздеу-барлау жұмыстары кеңінен ұйымдастырыла бастады. Мәселен, Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар және Спасск кенді аудандарын, Қарағанды көмір алабын, Қаратау полиметалл кен орындарын зерттеудің маңызы өте зор болды. Сонымен қатар, Мыс өнеркәсібін дамыту мәселелерін зерттеумен қатар темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), корғасын (Қорғасын) кен орындарын зерттеу-барлау жұмыстары басталып кетті.
Қазақстанда индустрияландыру саясатын жүргізу барысында республикада ауыр өнеркәсіп саласында көптеген кәсіпорындардың бой көтеруі, сол сияқты Қарағанды маңындағы Теміртауда ең ірі зауыт құрылысының алатын орны зор болды. Қазақстанның атақты ғалымдарының бірі Қаныш Имантайұлы Сәтпаев бұл зауыттың маңыздылығын, және оны салудың орындылығын дәлелдеп берді. Ғалымның жетістігі объективті шарттар жасаумен ғана емес, сонымен қатар, көптеген көрнекті ғалымдардың осы саладағы еңбектерімен тікелей байланысты болды. Геолог Қаныш Сәтбаев республикадағы шашыраңқы геологиялық ұйымдардың жұмысын біріктіріп, өнеркәсіпті стратегиялық бағытта шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бар күшін салды. Қазақстанның Жезқазған, Жезді, Қорғасын және басқа да көптеген кен орындары жұмыс істеп тұрған зауыттарды шикізатпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін игерілді. Қ.Сәтбаевтың бастамасы бойынша Маңғыстау, Мұғалжар және Торғай минерал қорларын зерттеу ісі жүргізілді. Ол үш маңызды нәтижеге қол жеткізді: біріншіден, Жезқазған мыс кең орнын ашуы, екіншіден, Қазақстанның Ғылым академиясының ашылуына үлкен үлес қосып, оған басшылық етті, және үшіншіден, Геологиялық ғылымдар институтын құруы [3].
Индустрияландыруды сәтті дамыту үшін дамыған қатынас жолдарын, атап айтқанда, темір жол желісін салу кажеттігі туды. Алматыдан Семейге дейін созылуға тиіс болган Түркістан-Сібір темір жолы сол кездегі Қазақстандағы ең маңызды құрылыс объектісі болды. Бұл жол пайдалануға берілмейінше республиканың ауқымды шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарындағы халык шаруашылығын қайта құруды сәтті түрде жүзеге асыру мүмкін емес еді. Түрксіб темір жол құрылысы 1931 жылға қарай аяқталды. Бұрын жаңа заманғы қатынас жолдары болмаған аумақтар арқылы 1145 шақырымға созылған Түрксіб темір жолы өндірістік күштерді дамытуда және елдің ауқымды аудандарындағы экономиканы қайта құруда маңызды рөлге ие болды, өнеркәсіпті және темір жолға жақын жатқан аудандардың ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды факторына айналды. Бұл темір жол тармағының құрылысын сәтті жүргізу мақсатында РКФСР ХКК жанынан ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың төрағалығымен Түрксіб құрылысына ынтымақтастық комитеті құрылды. Құрылыс бүкілхалықтық деп жарияланып, республикаға Ресей, Украина, Орталық Азия енеркәсіп орталықтарының жұмысшылары көмекке жіберілді. Темір жолдың жекелеген бөліктерін кезең-кезеңімен іске қосу белгіленген мерзімнен бұрын жүзеге асып отырды.
1930 жылы 25 сәуірде магистраль бойынша бірінші жұмысшы пойызының жүргізілуі айтулы окиға болды, оны Қазақстанның бірінші машинисі - бұрын бақташы болған Көшкінбаев жүргізді. 1927 жылы Петропавл-Көкшетау жолы салынып, 1931 жылы ол Ақмолаға дейін созылды. 1939 жылы Қазақстаннан шикізат тасымалдау үшін Ақмола-Қарағанды, Илецк-Орал, Рубцовск-Риддер, ал 1940 жылы Қарағанды-Жезқазған жолдары салынды. 1928-1940 жылдары республиканың темір жол желісі 50 пайызға өсіп, 1658 км-ге жетті. Сібір мен Орта Азияны байланыстырған Түркістан-Сібір темір жолы іске косылды.
Осылармен бір мезгілде республикада бірінші бесжылдық (1928-1932) жылдарында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қайта құрылып, жаңа кәсіпорындар ашылды. Пайдалы қазбаларға бай кең орындары Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті, әсіресе кең шығару салалары - мұнай, көмір саласы және түсті металлургияны дамытудың негізі болды. Риддер, Қарсақбай полиметалл комбинаттары, Қарағанды көмір кеңдері қайта қалпына келтірілді. Шымкент корғасын зауыты, Балқаш және Жезқазған мыс қорыту, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылыстары басталды. Индустрияландыру өзін-өзі ақтамаған асқақ жоспарлар мен қарқынды арттыру жағдайында жүзеге асырылды. 1929 жылдың өзінде-ақ бесжылдық жоспарды негізгі экономикалық көрсеткіштерді ұлғайтумен алмастыру туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде салынып жатқан құрылыс объектілерін жұмыс күшімен, шикізатпен, жабдықпен қамтамасыз етуде қиындықтар туды. Көптеген құрылыстар тоқтап қалды. Өнім шығарса да, кәсіпорындар толық көлемде жұмыс істей алмады. Жалпы индустрияландыру процесі Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін жалғасты.
2) әлеуметтік аспектілер
Өнеркәсіп құрылысын жүргізудің карқынды түрде өсуі жұмыс күшінің тапшылығына алып келді. Құрылыс нысандарын жұмыс күшімен қамтамасыз ету және жұмысшы қазақтарды үйретуге бөлінетін қаражатты үнемдеу мақсатында биліктегілер елдің жұмыссыздық шарпыған батыс аудандарынан жұмысшылар тартты.
1931 - 1940 жылдары республикаға 559 мың жұмысшы келді. Жұмыс күшін толықтырудың тағы бір қайнар көзі арнайы қоныс аударылғандар: орталык аймақтар мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz