Инвестицияның қайнар көздерінің жіктелуі
Жоспар:
Кіріспе
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, СЫНЫПТАМАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Экономикалық категория ретінде инвестицияның мәні
1.2 Инвестициялың қызметі мен қатысушылары
1.3 Инвестицияның қайнар көздерінің жіктелуі
2 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Инвестицияның бюджеттік көздеріне талдау
2.2 Кәсіпорындағы инвестицияның қайнар көздеріне талдау
2.3 2011-2013 жж инвестицияның қайнар көздеріне талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАРЫСЫНДА ТАРТЫМДЫ РЕСУРСТАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3
6
6
9
13
19
19
20
22
27
32
33
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дамушы нарықтық жүйелердің экономикалық стратегиясындағы маңызды буын ұлттық экономиканың артықшылықтарын барынша қолдана отырып әлемдік шаруашылыққа біртіндеп кіру болып табылады. Қазақстан экономикасы үшін соңғы жылдар шаруашылықтың тек нәтижелілігін ғана емес, оның бәсекеге қабілеттілігін де арттыратын шаруашылықтың үдемелі халықаралық стандарттарын игеруге түбегейлі өтуімен сипатталады. Бұл үшін, ең алдымен, ұлттық экономикалық жүйені, сонымен бірге оны тиімді пайдаланудың жаңа тәсілдерін құрастыратын, негізгі әлеуетті кешенді бағалау талап етіледі.
Шаруашылықты жүргізудің әлемдік тәжірибесінде көптеген ұлттық, соның ішінде ғаламдық әлем шаруашылықтарының жүйесіне жаңадан ене бастаған даму үстіндегі экономикалардың өздерінің бәсекеге қабілетті салаларын ашуына мүмкіндік беретін бірігудің өзара байланыстарын қалыптастыру, кеңейту және нығайтуға қатысты жеткілікті мөлшерде тәжірибе жинақталған. Әсіресе, барлық субъектілердің бәсекеге қабілеттілігінің артықшылықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бірігу кеңістіктерін жасаудың маңызы зор. Бірігудің өзара байланыстарын қалыптастырудың осындай тәсілдері арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттырудың ұлттық бағдарламаларын дайындауға үлкен мән берілуде. Іс жүзінде Қазақстан экономикасы осындай, өзінің келешекке арналған стратегиясында басты орын алатын және басқа экономикалық жүйелердің қызығушылығын тудырған бағдарламаны бұрынғы кеңес үкіметі елдерінің алғашқысы болып жүзеге асыруға кірісті. Мұндай қызығушылық бәсеке ортасын біршама кеңейтеді және бір уақытта оның құралдарын ынталандырады. Осы бәсеке ортасының жаңа реттегіштерін жасау тұжырымдалық маңызға ие болады. Осындай, бәсекелік ортаға енудің және сол ортада қызмет атқарудың тиімділігін анықтайтын, белгілі-бір негізгі және келешекке арналған әлеуеті бар ая инвестициялық ая болып табылады. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы халыққа жолдаған Жолдауында экономиканың одан әрі жаңғыртылуы мен базалық инфрақұрылымның дамуына байланысты қолданыстағы перспективалық инвестициялық жобаларды қаржылан - дыру және іске асыруды жалғастыру қажет екендігін атап өтті.
Әдістемелік тұрғыда бүкіл инвестициялық кеңістікке тән бәсекеге қабілеттіліктің айрықша индикаторларын, оның негізгі құрастырушылары - инвестицияның қайнар көздерінің және олардың нақты шығу көздерін анықтау қажет. Көптеген экономикалық жүйелерде қолданылатын экономиканың көп салалы инвестициялық аясы анықталған, бірақ нақты бәсекеге қабілетті ортаға кіру үшін оның белгілерін анықтау қажет, ол негізгі әлеуетінің белгілі-бір саласын тиімді іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, қазіргі қолданыстағы экономиканың инвестициялық әлеуетінің тиімділігін бағалаудың әдістемелік құралдарын қайта қарауды талап етеді.
Бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыстың тереңдеуі жағдайында елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтау мақсатында көп салалы инвестицияның қайнар көздерін қолдануда ерекше контроллинг жүйесін жасаудың маңызы зор. Көптеген елдердің бүгінгі күні дайындаған дағдарысқа қарсы бағдарламаларында ерекше маңызды ресурстар ағымын реттейтін жаңа құралдар бар, соған сәйкес осы дағдарысқа қарсы кеністіктегі іске асырылатын шараларды келісу мүмкін болады және объективті тұрғыда қажет. Кез-келген дағдарысқа толқын тәрізді үрдіс тән болғандықтан, осы дағдарыстың тереңдігіне дер кезінде икемделу керек, яғни бұл - инвестициялық ағымдарды реттеу бойынша сәйкес шаралар жүйесін қабылдауды талап етеді. Сонымен бірге жалпы экономикалық жүйенің тұрақтылығына әсер ететін экономиканың ерекше маңызды салаларын мемлекеттік қолдау шаралары да өте маңызды болып табылады. Әртүрлі елдерде жасалынып жатқан жаңа бағдарламаларда ерекше маңызды ресурстық ағымдарды реттейтін жаңа құралдар бар екендігі белгілі, соған байланысты осы дағдарысқа қарсы кеңістіктегі тәжірибелік шараларды алдын ала келісіп іске асырудың қажеттілігі бар. Сонымен қатар, осы кезеңде экономикалық жүйелердің белгілі-бір тұрақтылығына қол жеткізу үрдісі және дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылу реті әртүрлі елдердің келісілген саясаттары негізінде жекелеген салалардың экономикалық тепе-теңдігін сақтап қалуға бағытталған. Бұл, әсіресе, инвестицияның қайнар көздерін нығайтуға және соған сәйкес оның ағымдарының тұрақты түрде нашарлау себептерін көрсету арқылы сәйкесінше жүйелі мониторинг жүргізіп отыруға, сонымен бірге менеджментті жетілдіруге қатысты.
Мәселенің зерттелу дәрежесі. Осы жұмыстың ғылыми аспектілері отандық және шетел ғалымдарының жұмыстарын зерттеу, талдау және қайта ой-елегінен өткізу негізінде қалыптасқан.
Ғылыми әдебиеттерде осы тақырыпқа байланысты көптеген жарияланымдарды кездестіруге болады. Мұнда инвестицияның қайнар көздерін басқару және бағалау әрекеттерінің ең тиімді әдістері көрініс табады. Бұл зерттеулер Д. Норткотт, Г. Бирман, С. Шмидт, И.В. Черевко, И. Тихомирова сияқты шетелдік экономистердің еңбектерінде көрініс тапқан.
Бұл мәселелерді нақты тәжірибеде шешуге байланысты аспектілері және инвестицияның қайнар көздерінің бірқатар сұрақтары Н.К Мамыров, У.Б. Баймұратов, Л.Б. Айманова, О. Сабден, С.Д. Тәжібаев, Н.К. Нұрланова, Г.Б. Нұрлихина, Ж.М. Андреева, Ә.Н. Дауренбекова., Т.М. Рогачева, А. Бейсенбина сияқты отандық ғалым-экономистердің еңбектерінде де қарастырылған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты инвестицияның қайнар көздерінің құрылымы мен ерекшелігін кешенді түрде бағалау негізінде дамушы нарықтық жүйелердегі бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату жағдайында оны тиімді реттеу бойынша тетікті негіздеу. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін курстық жұмыста мынадай міндеттер қойылды:
- бәсекеге қабілеттіліктің ғылыми тұжырымдамаларын зерттеу, оның инвестициялық әлеует менеджментінде қолдану ерекшеліктерін анықтау;
- инвестициялық салалардағы ресурстарды тиімді пайдалану индикаторларының жүйесін айқындау;
- қазақстандық экономикадағы салалық аспектілерді көрсете отырып инвестициялық ресурстардың қозғалысына кешенді баға беру;
- инвестицияның қайнар көздерінің негізгі ресурстық ағымдарының тиімділігін анықтау арқылы оны пайдаланудың негізгі бағыттарын зерттеу;
- қазақстандық экономикадағы инвестицияның қайнар көздерінің дамуының стратегиялық басымдығын негіздеу;
Зерттеу объектісі - ұлттық экономиканың инвестициялық әлеуетін қалыптастыру және реттеу тетігі.
Зерттеу пәні - инвестицияның қайнар көздерінің бәсекеге қабілеттілігімен байланысты теориялық және тәжірибелік ережелердің жиынтығы.
Зерттеудің әдістемелік, теориялық және ақпараттық негіздері. Зерттеу негіздерін ведомстволық, нормативтік, сонымен бірге ҚР статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық материалдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құжаттары, инвестициялық аядағы ұйымдардың құжаттары, отандық және шетелдік монографияларда жарияланған ғылыми материалдар, әлеуметтік зерттеулер, мемлекеттік үкімет органдарының заңнамалық және нормативтік актілері және басқа да анықтамалық және инструктивтік материалдар құрады. Зерттеу барысында жүйелік-құрылымдық, жүйелік функционалдық, факторлық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылады.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ,СЫНЫПТАМАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай - ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі - XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.
"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:
Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.
Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Инвестиция дегеніміз - табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.
Инвестициялық қызмет бұл - инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.
Енді қаржыны кімдер салады? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.
Инвеетицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор - бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.
Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам.
Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.
Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.
Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1)шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады.
2)елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация.
3)жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын
қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4)пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.[17; 448-456 бет]
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт ішінде Қазақстанның халықаралық ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары көлеміне жеткен.

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез - келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:
1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды - реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.
3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
* Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
* Мемлекеттік зейнетақы қорына;
* Аймақтық бюджетке;
* Республикалық бюджетке;
4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.
Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса, онда олардың басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі керек.
1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі
2. "Замазкалау" принципі.
Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция жүргіз. Шешімді қабылдап алғаннан кейін, инвестицияны іске асыру барысында ол еркіндікті енді оған бармау алмастырады, Мәселен, қандай станокты сатып алуға, не жалға алуға немесе өзің өндіргің келеді де, бұл операцияны жүргізу үшін қанша кредит аласың, оны қандай мерзімге және қанша проценттік мөлшерде алуға шешім жасауға еріктісіз. Ал, бұл операциялардың бәрін жасап болғаннан кейін, қайтадан қайту оңайға түспейді, өте қыйын болады. Бұл станокты көп жыл бойына пайдалану керек болады, алған кредит үшін проценттерді төлеу керек болады. Сөйтіп, сылап-бітеу процесінен шыға алмай, байланасың да қаласың, өйткені иңвестициялық жоба күшіне еніп алғаннан кейін еркін қимыл-әрекеттерге баруың шектеулі болып қалады.
Мұнан еркін шешімділікке және басқа әрекеттерге баруың мүлдем тиылды деуге болмайды. Әрине, сатып алған станокті қайтадан сатып жіберуге де болады немесе акциялардан да құтылуға болады да, "дезинвестирование" деп аталатынды жүргізуге болады. Көбінесе осыны жүргізеді. Қатені кейінге қалдырудан гөрі, тезірек түзетуге тырысу керек. Бірақ қатені тузеу үшін уақыт та кетеді, ақша да жұмсалады, басқару қызметінде шәлгездік туады, іскер серіктестермен байланыс үзіледі.
Мысалға, әлгі сатып алынған станокты алсақ, оны 1 жыл бойы пайдаланып келеген. Конъюнктура өзгеріп кетті де, енді оны пайдалануға мүмкіндік болмай қалды, оны 10 жыл бойы пайдаланбақ болған. Осы 10 жылға есептеліп кредит алып, әкеліп беруші және сатып алушылармен келісіп, амортизацияны да есептеп, тиісті ұзақ мерзімді келісім шарттарды жасап қойған. Дезинвестирование жүргізуге шешім қабылдап, қателіктерді жөндеуге бару керек болады, бірақ қателіктерді жөндеуге ештене төлемейтін болды. Кредит үшін (10 жыл) төлеу керек, әкеліп берушіге шартты бұзғаны үшін айып пүл төлеу керек, өйткені ол станоктың жетіспей қалған бөлшектерін әкеліп берген болатын, олар да 10 жыл бойы тиімді келісім бойынша пайда алатынына сенген болатын. Өнімді сатып алушыларға да 10 жыл бойы беріп тұру жөнінде шартқа отырғандықтан, оларға да төлеу керек. Өткізуші ұйымдарға да осы тәртіп бойынша төлеу керек. Мұнан да сорақы жағдай, жабдықтарды қайтадан сатқан кезде туады. Мұны рынокте әлі қалай сата алады? Қандай бағаға? Диллер саудалық-делдалдық үшін қанша алады?
Сөйтіп, қатені түзеу үшін қететін шығындар түгелімен кәсіпорын қалтасынан шығады. Осындай батпаққа батқаннан шығу өте қиын болады. Ал, егер осында "байланып қалу" бір уақытта 3-4 инвестициялық жоба бойынша болғанда не болады? Капиталды сіңіру саласы үлкен болып қалғанда, іскерлік серіктестіктер де мықтылар болады да, қатені түзеу үшін көп шығынға бататының анық болады. Міне, осыдан барып, инвестициялық жобаны іске қоспас бұрын, алдын-ала оның тиімділігін есептеп алған жөн. Тіпті 100 беделді фирмалар ақыл бергенімен, қате жібермеймін деп ойлауға болмайды. Нарықтың аты нарық. Бәрібір тәуекелділіктің аз болғаны дұрыс. Кәсіпорын басшылары тиісті шешім қабылдаудан қорықпауы керек, олар өздерінің жоспарларын жөндеуде өте икемді болулары қажет, конъюнктураның уақытша өзгеруіне және басқадай фактордарды көре біліп, тиімді істерді бастай алулары қажет.
3. Күрделі қаржыны салуда материалдық және тиімділіктерді бағалау үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың үш варианты бар:
1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек қана құндылық, ақшалай таддау.
Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің ақшалай бағалануы жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем батырады. Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен толықтыру керек болады.
2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі. Бұл тәсіл сенімдірек болады. Өйткені инвестициялық жобаға салынған технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.
3) Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы: әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.
4. Үйренушілік шығындар принципі.
Үйренушілік шығындар деген не? Бұл - жаңа инвестицяялық ортаға үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және кадрларды қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп, құрастыру керек болады.
Уақытша жоғалту деген - табысты да жоғалтумен бірдей деп есептелінеді.
Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі шешім мен оны іс жүзінде асыру, орнын толтыру арасында уақытша қалып қоюшылық лаг бола береді. Бірден үйренушілік болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің шығындары болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта даярлауға қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу керек. Мысалы, жаңа заводты қайта салу керек болады, оны жарты жыл ішінде. Бірақ мұндай құрылыстың құны "алтынмен" тең болып кетеді.
Өндірістік инвестицияаудағы үйренушілік шығындары одан да асып кетеді. Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ нарықтық конъюнктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп, оған орай жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады.
Қол жұмыстарын машинамен ауыстырғыңыз келді делік. Бұл да белгілі үйренушілік шығындарды керек етеді (тура және жанамалық). Солардың кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды қайта даярлау, ескі жабдықтарды сатып, жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыттары үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі келісім шарттардың орындалмай қалғандарына айыппұл төлеу.
Мұнан туындайтын қорытынды : үйренушілік шығындарды жаңадан өндірілген өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске қажетті шикізат, материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан жоғары болғанда ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді. Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын, үйренушілік шығынына да іркілмей бара беретін боласыз.
Сұраным бағасы ұсыным бағасынан көп болып, ең бастысы көп уақыт осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ , бұл инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.
5. Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.
Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді. Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар, пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы өзара қатынастық коэфффициенттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде машина жасаудың құны көтерілетіні белгілі болса, машина жасаудың технологиялық байланыстылығы бізге белгілі болғандықтан (басқа салалармен), алдын-ала бұл байланыстылықтың мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз. Мәселен, фирма машина жасауға пластмаса шығарады делік.
Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын білесіз. Мультипликатор арқылы салалар арасында байланыстылықты анық көрсетіп, оны сан жағынан да білдіреді.[2; 67]
Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және әр түрлі уақытта болады. Егер мысалы, ондай тасыңыз ауыл шаруашылық техникасы болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз арқылы толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін, кірісті көтере немесе азайта ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны да есептеу қажет болады.
Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны саласының басқа саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын әлсірей бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да, инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткені рынок үнемі қозғалыста болып түрады.
6.Q - принципі
"Q" - принципі - бұл қор биржасындағы бағалау мен актив құнын нағыз қалпына келтіру арасындағы өзара тәуелділік. Бұл тәуелділіктің көрсеткіш - қатынасы :
Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) бұл активтерді ауыстырудың (сатып алу) күнделікті шығындары.
Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда, артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық болуы.
Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным бағасының өз ара қатынастарына байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы) сатып алуға инвестицияны салуға есептегенде:
Q ═ фирманың барлық биржалық құны оның материалдық бөліктерін орнына келтіру шығындары.
Тұтастай алғанда, бұл принциптің қолданылу деңгейінің аз болуы, мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына қарай туады.[16;138-144]

Инвестициялық аядағы реттеуші ортаның мазмұнын, генезис және сипатын аша отырып қазіргі уақытта оның маңызды бағыттарының бірі инвестициялық ресурстардың қайнар көздерін қалыптастыруды реттейтін институционалдық буынды нығайту болып табылатындығы атап өтілді. Инвестициялық аядағы реттеуші ортаны оңтайландыру салалық және аймақтық деңгейлердегі факторлардың кешенді есебін көрсететіндігі айқындалған. Инвестициялық ресурстардың жұмыс істеуінің оңтайлы режимін қамтамасыз етуге стратегиялық сипаты бар және өзіне экономиканың әртүрлі секторлары мен салаларындағы инвестициялық ағымдарды оңтайлы пайдалану бойынша ерекше басқару көзқарастарынан тұратын мемлекеттік және кәсіби менеджменттің айрықша құралдары маңызды үлес қосады.
Сонымен қатар, әлемдік экономикадағы генезисте әртүрлі экономикалық жүйелердегі бәсекеге қабілеттілік көбінесе, инвестицияның қайнар көздерінің қалыптасу сипатына тәуелді болатындығы аталып өтілген. Инвестициялар қоғамның өмірін қамтамасыз ететін ең терең үдерістерге шаруашылық субъектілеріне және сол сияқты жалпы халыққа әсер етеді. Дамушы нарықтық экономиканың ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерістерін қамтамасыз ететін жоспарлы-орталықтандырылған жүйеден дамыған елдерде мақұлданған және шаруашылықты жүргізудің жаңа типіне сай келетін жүйеге өту жаңа инвестициялық құралдарды қолданудың объективті қажеттілігін талап етті. Әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда, шаруашылықты жүргізудің жоспарлы жүйесінде орын алған күрделі салым түсінігінен қоғамның экономикалық үдерістері мен әлеуметтік өміріне салынатын салымдарды қалыптастырудың типі мен сипаты бойынша әртүрлі инвестициялық ресурстарға дейінгі ғылыми метаморфоз құру өте маңызды болды.
Инвестициялық ресурстар түсінігі өзінің мазмұны бойынша күрделі салым түсінігіне қарағанда кең ұғым болып келеді, себебі оған бұрынғы кеңестік мемлекеттердің экономикасында жаңа қаржылық институттардың құрылуымен байланысты материалды емес активтерге салынған салымдар кіреді және қоғамды өмір сүрудің жаңа жағдайларына икемдеуге шақыратын жалпы қаржылық менеджменттің біршама жаңаруы байқалады. Дамушы нарықтық жүйелерде орын алған әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің көлемділігі ең алдымен инвестициялық кеңістікті белсендіруді және көлемді инвестицияның қайнар көздерін қалыптастыру үшін әртүрлі көздерді іздестіруді талап етті.
Бұрынғы кеңес үкіметі кеңістігінің барлық елдерінде нарықтық реформаларды іске асыру әртүрлі инвестицияларды тарту үшін қажетті қолайлы инвестициялық ахуалды құрудан басталғанын айта кеткен жөн. Бірақ осы жұмыстарды іске асыру барысында инвестициялардың табиғаты мен сипаты, сонымен бірге олардың қайнар көздерін елемеу сияқты көптеген қателіктер жіберілді. Экономикаға салынған салымдардың шығындылығы, қайтарымдылығы және табыстылығы көбінесе оның нақты мазмұнының әртүрлі болып келетін көздеріне тәуелді.
Сыртқы және ішкі инвестициялар болып бөлінетін инвестицияның негізгі типтері ақшалай немесе мүліктей түрдегі көздеріне байланысты әртүрлі нысандарда көрінеді, яғни салымдар ақшалай қаражаттар, жылжымайтын немесе жылжымалы мүліктер, сонымен қатар жер мен табиғи ресурстарды иеленуден тұратын әртүрлі түрдегі мүліктік құқықтар түрінде болатынын атап өткен жөн.
Инвестицияның қайнар көздерінің қайнар көздерін белгілі бір типтерге бөлу өздерінің белгілері бойынша әртүрлі болып келетінін көріп отырмыз және оны оқып үйрену белгілі бір нақты елдің экономикасына бөлінетін негізгі инвестициялық ағымдарды бөліп қарастыруды талап етеді. Ондағы мақсат елдегі инвестициялық климатты және осы әлеуетті құру ерекшеліктерін бағалау болып табылады. Біздің көзқарасымыз бойынша, инвестициялық әлеуеттегі қандай да бір қайнар көздерді қарастыру ел экономикасының дамуының нақты бір кезеңіндегі міндеттеріне сәйкес келетін инвестициялық үлгінің басымдылығына тәуелді. Осы үлгінің негізгі құрамдас бөліктері 1-ші суретте көрсетілген.
Инвестицияның сыртқы қайнар көздері
Инвестицияның ішкі қайнар көздері
Тікелей инвестициялар
Портфельды инвестициялар
Инвестициялық әлеует
Инвестициялық орта
Инвестицияның сыртқы қайнар көздері
Инвестицияның ішкі қайнар көздері
Тікелей инвестициялар
Портфельды инвестициялар
Инвестициялық әлеует
Инвестициялық орта
Ескерту - суретті автор құрастырған
Сурет 1 - Инвестицияның қайнар көздерінің құрылымдық моделі
1-суретке сәйкес біз инвестицияның қайнар көздерінің негізгі типтерін бөліп көрсеттік. Инвестицияның қайнар көздерінің құрылымдағы олардың қатынасынан ел экономикасындағы нақты инвестициялық орта және сәйкесінше инвестициялардың нәтижелілігі тәуелді болады. Яғни, сырттан тартылған шетелдік инвестициялардың үлесі ішкі инвестициялардың үлесінен артық болатын болса инвестициялық ортаның ерекшелінген либерализмін қалыптастырады. Бұл жағдайда, барлық кезде осындай үлгімен таңдалған инвестициялық модель нәтижелі болмайды. Әлемдік тәжірибеде инвестициялардың сыртқы көздері көп болып келетін инвестициялық ортаны қалыптастырудың жағымды және жағымсыз жақтары да кездеседі.
Инвестицияның қайнар көздерінің сыртқы көздерінің көлемі есебінен ұлғаюынан инвестициялық орта кеңейсе, ол міндетті түрде оның институционалдық құрылымынан көрінетінін айта кеткен дұрыс. Яғни, шетелдік капиталдың экспансиясына экономикалық тұрғыдан қарсы тұратын құралдар объективті түрде қажет. Шетелдік инвесторларға инвестициялық жеңілдіктер берумен қатар белгілі бір заңнамалық база шегінде олардың қызметтерін реттейтін ерекше инвестициялық режим қажет. Ол әсіресе келесідей бағдарламалық стратегиялар жүзеге асырылған кезеңдерде өте маңызды:
oo ұлттық экономиканы жекешелендіру;
oo қаржылық нарықты құрылымдық қайта құру;
oo ресурстық әлеуетті қайта ұйымдастыру;
oo қор, сақтандыру нарықтарын құру;
oo әлемдік қаржы нарығына шығу.
Осы аталған барлық стратегиялық бағдарламалар дамушы нарықтық жүйелерге тән сипат және инвестициялық ортадағы қызығушылықтардың балансы сақталмаған кезде ұлттық басымдылықтар үшін жағымсыз салдары көрінуі де мүмкін. Осы жағдай шетелдік инвесторлардың қызметтерін ынталандыратын немесе шектейтін нақты бір құқықтық реттеулері көрсетілген инвестициялық режимді құруға әсер ететін және инвестицияның қайнар көздерінің ішкі және сыртқы көздерінің белгілі бір ара-қатынасын қарастыратын негізделген көзқарасты қажет етеді. Дамушы нарықтық жүйелердің біртіндеп нығаюына байланысты инвестициялық әлеуетте оның ішкі көздеріне басымдылық беріледі. Инвестициялық ағымдар отандық капиталға сүйене отырып көптеп қалыптаса бастауда. Осы тұрғыдан Ресей белгілі бір жетістіктерге қол жеткізгені белгілі. Онда инвестициялық орта шетел капиталының импортын қатаң реттей отырып, сонымен бір мезгілде ТМД елдерінің ішінде неғұрлым дамыған құнды қағаздар нарығын құрғаны бәрімізге мәлім. Осылардың барлығы инвестицияның қайнар көздерінің ішкі көздерін толық пайдалануға мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, болашағы бар инвестициялық жобалардың жоқ болуынан ішкі көздердің белгілі бір резервтері қалыптасатын кезеңдер де кездеседі.
Дамыған елдер әлі де болса бұрынғысынша ірі шетелдік капиталдар үшін тартымды алаң болып отыр. Отандық капиталға деген қызығушылық инвестициялық ахуалдың даму стратегиясына, оның реттеушілеріне, сонымен бірге сол елдегі бизнес-ортаның қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Экономикада дамыған бизнес-ортаның болуы инвестициялық кеңістікті үнемі кеңейтіп отыру үшін күшті ынталандырушы болып табылады. Оның субъектілері қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінің барлық аяларындағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің қатысушысы болады. Бұрынғы кеңестік мемлекеттерде болып жатқан барлық өзгерістер, көбінесе бизнес-ортаны құрумен және отандық капиталды нығайтумен байланысты болып келеді.
Бизнес-орта шаруашылықты жүргізудің әртүрлі секторларында ірі, орта және шағын кәсіпкерлік түрінде көрінеді. Капиталдың әртүрлі нысандарының әсер ету аялары экономикадағы міндеттерді жүзеге асырудың көлемділігімен ғана ерекшеленбейді, сонымен бірге пайдаланылатын ресурстардың, соның ішінде инвестициялық ресурстардың санымен (сапасымен) де ерекшеленеді. Мысалы, егер ірі компаниялар экономиканы жаңдандыру бойынша жасалған инвестициялық жобаларға қатысса, онда олар сол арқылы қаржыландырудың неғұрлым көлемді каналдарын, соның ішінде мемелекеттен де иеленеді. Әдетте, үлкен көлемдегі ресурстар мемлекеттік бюджеттен елдің (аймақтардың) әртүрлі салаларын дамытудың стратегиялық бағдарламалары бойынша шараларды іске асыруды қаржыландыруға бағытталатыны белгілі. Әсіресе, бұл технологиялық негіздерді, яғни елде өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға мүмкіндіктер беретін экономикадағы инновациялық құрамдас бөліктерді жаңартуға жатады. Инвестициялық көз ретіндегі мемлекеттік қаржыландырудың маңызды мақсаттық бағыты - дамушы нарықтық жүйелердегі шаруашылықты жүргізу негіздерін нығайтатын және ондағы бәсекелестік ортаны кеңейтетін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау болып табылатынын айта кеткен жөн. Бұл жерде тікелей қаржылық ағымдар ғана емес, сонымен бірге салықтық, несиелік және амортизациялық жеңілдіктердің дамыған жүйесін құру арқылы жанама қаржыландырулар да қолданылады. Осы жағдайларда шағын және орта кәсіпорындарда инновациялық құрамдас бөліктерді іске асыру үшін база да кеңейтіледі.
Осы айтылғандарды ескере отырып, инвестицияның қайнар көздерінің қайнар көздерін белгілі бір типтерге бөлуді келесідей үлгіде модельдеуге болады (сурет 2).
Инвестициялық әлеует
Инвестициялық әлеуеттің қайнар көздерінің мақсатты бағытталуы
Экономиканың нақты секторы
Инфрақұрылымдық сектор
Өндіретін салалар
Қайтаөңдеу салалары
Өндірістік инфрақұрылым
Өндірістік емес инфрақұрылым
Бизнес-орта (инвестицияның құрамдас бөліктері)
Институционалдық
Инновациялық
Материалды-техникалық
Кадрлық
Салалық (амақтық)
Бәсекелік ортаның дамуы
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату

Ескерту - суретті автор құрастырған.
Сурет 2 - Инвестицияның қайнар көздерінің функционалдық моделі
2-суретке сәйкес инвестицияның қайнар көздерінің функционалдық сипатын анықтайтын мақсаттық инвестициялық ағымдар бөлініп көрсетілген. Яғни, инвестицияның экономиканың - нақты және инфрақұрылымдық деп аталатын негізгі секторларына бағытталуының үлкен мағынасы бар. Бұл жағдайда оларды өндіруші және қайта өндеуші салалар, өндірістік және өндірістік емес инфрақұрылымдар деп бөліп қарастыру да маңызды. Бұдан көбінесе елдің прогрессивті дамуының маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешу тәуелді болып келетіні белгілі. Мысалы, экономиканың қайта өңдеу саласына бөлінген инвестициялардың көп болуы олардың экономиканы әртараптандыру бойынша міндеттерді шешуге бағытталатынын куәландырады. Сонымен қатар, жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңаруы бойынша міндеттерді кешенді түрде шешу де өте маңызды. Бұл көбінесе бизнес-ортаның қалай дамығандығына және оны нығайтатын инвестициялық ағымдардың кеңеюіне тәуелді болып келеді. Функционалдық тұрғыдан біз инвестицияның келесідей құрамдас бөліктерін бөліп көрсеттік: институционалдық, инновациялық, материалды-техникалық, кадрлық, салалық (аймақтық). Өзінің мәні бойынша инвестицияның осы аталған құрамдас бөліктері бизнес-құрылымның сапалық жағынан жаңаруына, оның менеджментінің, кадрлық құрамының, материалды-техникалық негізінің нығаюына, ал нәтижесінде экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін маңызды болып табылатын оның бәсекелестік ортасының кеңеюіне әсерін тигізеді.
Сонымен, инвестицияның қайнар көздері өзінің құрылымы және функционалдық бағытталуы бойынша әртүрлі болып келеді. Әрбір елде өзіндік ерекшеліктері бар және оның көлемі мен құрылымы көбінесе жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму және одан әрі қарай жаңару кезеңдеріндегі шешілетін кешенді міндеттерге де байланысты болып келеді.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz