Биоиндикатор таңдау шарттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1 Биоиндикация туралы жалпы түсінік
1.1 Су ресурстарының биоиндикациясы
1.2 Биоиндикатор таңдау шарттары

2 Су ресурстары және оның ластану себептері
2.1 Қазақстан Республикасының су ресурстары және оның биоиндикациясы
2.2 Су қорларын қорғау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3

5
5
6

8

8
10

13
14

Кіріспе

Онтогендік жəне филогендік даму барысында ағза кез келген факторға қарамастан генетикалық жəне филогенетикалық процесс нəтижесінде пайда болған бірегей физиологиялық толеранттық диапазонына ие. Процесс нəтижесінде берілген фактор ағзаның өмір сүруі мен дамуына зиянын келтірмейді. Фактордың төмен немесе жоғары интенсивтілік күші нəтижесінде ағза физиологиялық пессимум зонасында болады. Əсер етуші күш максимум деңгейінен жоғары немесе минимум деңгейінен төменгі болса, ағза үшін жойылу процесі басталады.
Организм қоршаған ортаның биотикалық жəне абиотикалық процестердің комбинацияларының (комплекстік, синергетикалық) нəтижесінде дамиды. Ағзаның күйі, оның саны мен популяциясының структурасы қоршаған ортаның қолайлылығын анықтайды. Биоиндикацияның бірнеше түрі бар. Егер екі бірегей реакция антропогендік фактор барысында пайда болса, онда бұл биоиндикация түрі спецификалық емес, ал орын алған өзгерістер тек бір ғана фактормен шектелетін болса онда сөз болып отырған биоиндикация түрі спецификалық деп аталады. Биоиндикация əдісін пайдалану нəтижесінде биологиялық жүйе антропогендік жəне табиғи факторлардың əсерінен өзгеруін байқауға болады. Бұл жүйе қоршаған ортаның толық ықпалы мен ішкі орта факторлары, қоректенуі, жасы, генетикалық төзімділігіне, бейімделушілігіментура байланысты. Əдетте биоиндикация түсінігі нəтижелерді салыстыра отырып, белгілі бір уақытқа тəуелді, антропогендік немесе антропогендік ықпалы бар факторларға, атап айтсақ биологиялық объектілердің жəне жүйелердің санының өзгеруіне тікелей байланысты. Биоиндикацияның ажырамас бөлігі ол - биоиндикатор. Биоиндикатор - организмдердің бір жерде тұрақты мекендеуі, олардың сандары, құрылымы жəне дамуы, табиғи процестер мен тіршілік ортасы жағдайларының көрсеткіші. Қоршаған ортаның жағдайлары мен кейбір процестердің маңызын бағалау мақсатында биоиндикатор қолдану организмдердің белгілі бір факторларға біржақты бейімделушілік қасиетіне негізделген [2].
Мысал келтірсек, балықпен қоректенетін құстардың бір жерге көптеп жиналуы - судың дəл сол бөлігінде балықтардың шоғырлануының, ал су микрофлорасының құрамы - оның тазалығы мен ішуге жарамдылығының, топырақ құрамы - оның құнарлылық дəрежесінің көрсеткіші бола алады. Ғарыштық зерттеулерде ғарыш факторларының организмге тигізетін əсерін анықтау үшін жануарлар, өсімдіктер жəне микроорганизмдер биоиндикатор есебінде пайдаланылады. Биоиндиктор - қандай да бір табиғат процестерінің, құраушыларының, ерекшеліктерінің немесе қоршаған ортаның өзгерістерінің бар - жоғын немесе қарқындылығын көрсететін көрсеткіш болып табылатын өсімдіктердің немесе жануарлардың (немесе тұтас биотикалық бірлестіктің) жеке түрі. Биоиндикатор бірқатар пайдалы қазбалар іздегенде, топырақ пен табиғи суларды жəне тағы да басқаларды бағалауда қолданылады. Яғни, байқап отырғанымыздай биоиндикаторлар табиғатта адам алдында кездесетін бірталай сұрақтарға жауап бере алады. Биоиндикаторлардың шоғырлануын қоршаған ортада бақылау негізінде анықтауға болады. Бұл бақылауларды лезде, жылдам анықтауға мүмкін болатын болса, кей кезде оны анықтау үшін белгілі бір дəрежеде уақыт қажет болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты - су ресурстарының биоиндикациясын анықтау.
Осыған байланысты мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
- биоиндикация туралы жалпы түсінік беру;
- су ресурстарының биоиндикациясын анықтау;
- биоиндикатор таңдау шарттарына тоқталу;
- су ресурстары және оның ластану себептерін түсіндіру;
- Қазақстан Республикасының су ресурстары және оның биоиндикациясына шолу жасау;
- Су қорларын қорғау шараларымен таныстыру.
Зерттеу жұмысы кіріспе, екі негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Биоиндикация туралы жалпы түсінік
1.1 Су ресурстарының биоиндикациясы

Өндірістің жедел дамуы және онымен байланысты өнеркәсіптік, қалалық агломерациялардың үлкеюі, жол-көліктік сала мен туризмнің, халық шаруашылығындағы өндіргіш күштердің үздіксіз дамуы -- табиғи ресурстарды пайдалануды арттырып, қоршаған ортаға тиетін әсерлерді күшейтіп жіберді.
Қазіргі ландшафттарда антропогендік әсерге ұшырамаған биоценоздар жоқ деп айтуға болады. Қоршаған ортадағы антропогендік компоненттер биологиялық жүйелердің ластануына себеп болады. Ал ластанған биологиялық жүйелер жаңа жағдайларға бейімделіп тірі қалады немесе мүлдем құрып кетуі мүмкін. Сондықтан антропогендік стрессоролардың әсерінен туындаған экожүйелердің деградациясын уақытында анықтау қажет.
Қоршаған ортадағы адамның тіршілігі үшін маңызды көрсеткіштердің қайтымсыз өзгеріске ұшырауы үлкен қауіп тудырады. Себебі адам биотикалық ортамен өте тығыз байланыста болады.
Адамзат табиғаттағы биоалуантүрлілікті сақтап, табиғи тепе-теңдікті бұзбай, болашақ ұрпаққа қалдыра алатындай етіп сақтауы қажет. Табиғат - адам -- өндіріс жүйесінде адам басты тұлға болғандықтан экология ғылыми бақылау, тәжірибе жасау, ғылыми зерттеулер арқылы адамның табиғатпен ара-қатынасын дұрыс ұйымдастыру, өндірісті табиғи ортаға зиянсыз етіп жүргізу жөнінде жүйелі ұсыныстар дайындауға тиімді жолдар мен әдістер табуға міндетті.
Соның ішінде қошаған ортаның өзгерістерін алдын-ала болжау мен уақытында анықтау маңызды орын алады.
Соңғы уақытта ғалымдар қоршаған ортаның өзгерістерін биологиялық жүйе және оның реакциясы арқылы анықтауды тиімді әдістердің біріне жатқызуда.
Биологиялық индикацияны, яғни қоршаған ортаның жағдайын тірі организмдердің реакциясы арқылы бағалау әдістерін өнеркісібі жоғары дамыған мемлекеттер қолданысқа енгізуде.
Қошаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторлар әсерін бағалауды биологиялық факторлар әсерін бағалауды биологиялық жүйелер арқылы жүргізу әдісін - биоиндикация деп атайды. Латын тілінен аударғанда "indicare" көрсету деген мағынаны білдіреді.
Сәйкесінше, тіршілік әрекеті қоршаған ортаның белгілі-бір факторларымен тығыз корреляцияда болғандықтан, сол ортаның жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін организмдер немесе организмдер қауымдастықтары биоиндикаторлар деп аталады.
Табиғатты қорғау мәселесі ұлғайған сайын, биоиндикация ғылымына халықаралық деңгейде көп көңіл аударыла бастады. Қоршаған ортаны қорғау және мониторинг жүйесінің биоиндикациялық бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мақсатымен 1982 жылы Оттава қаласында биология ғылымдары халықаралық кеңесінің 21 ассамблеясы өтті. Онда "биоиндикаторлар" бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның басты принциптеріне зерттеу әдістерінің стандарттарын жасау, аймақтық және ұлттық экологиялық мәселелерді шешу, биоиндикация саласында мамандар дайындау жүйесін қалыптастыру, қоршаған ортаның мониторингінде биоиндикациялық зерттеулерді кеңейту жатады.

1.2 Биоиндикатор таңдау шарттары

Өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер - өнеркәсіп орындарынан шығатын ластаушы заттардың, ионды радиацияның жоғарғы деңгейінің, ортаның химиялық құрамының өзгеруінің, шу мен жылумен ластанудың тірі организмге әсердің сезімтал индикаторы болып табылады.
Көптеген организмдер антропогенді әсердің бөлек типтеріне әр түрлі сезімталдық қасиет көрсетіп, адамның тіршілік әрекетінің нәтижесінде болатын әр түрлі өзгерістердің индикаторы болады.
Қазіргі көзқарас бойынша, биоиндикатор - табиғи процесстер жағдайлары немесе тіршілік ортасының антропогенді өзгеруінің көрсеткіші болатын организмдер, олардың ортада кездесуі, саны мен даму ерекшеліктері. Биоиндикация- биоиндикатор организмдерінің даму ерекшеліктері, кездесу немесе мүлде болмау факторына қарап қоршаған орта жағдайларына баға беру әдісі. Биоиндикаторлар көмегімен анықталынатын жағдайлар- биоиндикация объектісі деп аталынады. Мұндай объект ретінде табиғи объктілердің белгілі типтері (топырақ, су, ауа) мен осы объектілердің әр түрлі қасиеттері (механикалық, химиялық құрамы), қоршаған ортада жүріп жатқан белгілі бір процестер (эрозия, дефляция, батпақтану т.б.) мен адам әрекетінің әсер нәтижелері де алынуы мүмкін.
Биоиндикатор таңдауда атақты американ ғалымы Ю.Одум келесі жағдайларды ескеруді ұсынды:
Қауымдастықта сирек таралған стенотипті түрлер (белгілі бір жағдайларда ғана тіршілік етуге бейімделген организмдер) эвритиптерге (кең таралған, экологиялық төзімділік диапазоны кең организмдер) қарағанда көбінесе жақсы индикатор болып саналады.
Майдаларға қарақанда ірілеу түрлерін биоиндикатор ретінде таңдаған жөн, себебі майда организмдерінің биоценоздағы айналым жылдамдығы жоғары болып келеді және де зерттеу кезінде сынауға алынған объектіге түсіп кету қауіптілігі бар (ұзақ периодты бақылаулар жүргізу кезінде).
Индикатор ретінде алынатын түрді (немесе түр тобын) таңдауда эксперименталды немесе далалы жағдайларда алынған түрдің толеранттылығы, түрге әсер етуші факторлар, бұл факторлардың шектеуші (лимиттеуші) мәні, организнің компенсациялау реакциялары сияқты мәліметтер болуы тиіс.
Әр түрлі түрлердің (популяция, қауымдастық) сандық қатынасы- бір түрдің санына қарағанда көрнекті және сенімді индикатор болады (бір бөлігіне қарағанда бүтіні- жағдайдың жалпы көлемін көрсетеді)
Жинақтаушы индикаторлар - ластаушы заттарды өздерінің ұлпаларында, белгілі бір дене мүшелерінде концентрациялайды. Кейін олар химиялық анализ көмегімен қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтауда қолданылады. Қоршаған ортадағы қоспалардың зияндылығын анықтау мен ластануды бақылауда қолданылатын аппараттар қазіргі заманға сай дамыған болса да, күрделі тірі аспаптармен тең бола алмайды. Бірақ, тірі аспаптарда бір маңызды кемшілігі бар. Олар күрделі көп құрамды қоспалардың барлық жиынтық комплексіне жауап беріп, сол қоспадағы белгілі бір затың концентрациясын анықтай алмайды. Сонымен қатар физикалық, химиялық әдістер әсер етүші фактордың сандық, сапалық мінездемесін береді. Ал биологиялық әсер жайында жанама түрде ғана мағлұмат алынады. Биоиндикаторлар көмегімен биологиялық салдары жөніндегі информацияны алып, әсер етуші фактордың өзінің ерекшеліктері туралы тек жанама қорытынды жасауға болады. Биоиндикатор ретінде қолданылатын организм тобының, биоиндикация мәселесін шешуде қолданылатын шекарасын анықтаушы өзіне тән артықшылығы мен кемшіліктері болады.
Қазіргі замандағы ғылымға тән бір қасиет- ғылымның әр түрлі салаларының бірлесуі нәтижесінде жаңа әдістерді шығарып, практикада қолдану. Микробиология, зоология, ботаника сияқты билогия салалары мен аналитикалық химияның жетістіктеріне сүйенетін биологиялық анализ әдістерінің дамуы бұған мысал бола алады.
Биологиялық әдістер тіршілік әрекеті, өсу, даму, көбею мен тірі заттың қызмет етуі үшін белгілі бір химиялық құрамы бар ортаның қажеттігіне негізделген. Бұл химиялық құрамының өзгеруі, мысалы, қоректік ортадан белгілі бір компаненттің алынуы немесе қосымша (анықталынатын) қосындының енгізілуі нәтижесінде организм біраз уақыт өткен сайын, кейде бірден (тура сол уақытта) соған сәйкес келетін жауапты сигнал береді. Организмнің жауап сигналының қарқындылығы мен ортаға енгізілген немесе одан шығарылған компаненттің мөлшері арасындағы байланыс түрін белгілеу- сол компанентті табу мен анықтау үшін қолданылады. Биологиялық әдістерде аналитикалық индикаторлар- әр түрлі организмдер , олардың дене мүшелері мен ұлпалары, физиологиялық фукциялары, биохимиялық реациялары және т.б. болып табылады. Билогиялық әдістер үшін өзіне тән экспериметті жүргізу әдістемесі, құрал-жабдықтары мен индикаторлы организмнің жауап реакциясын тіркеу тәсілдері болады.

2 Су ресурстары және оның ластану себептері

2.1 Қазақстан Республикасының су ресурстары және оның биоиндикациясы

Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
oo биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар.
oo химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер.
oo физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері -- тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; өнеркәсіп орындары; ауыл шаруашылығын химияландыру: халық шаруашылығының басқа да салалары. Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады.
Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар - химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық - түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаның биондикация бойынша антропогенді әсерден ластануы
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. абиотикалық факторлардың сигналдық мәні. организмдердің индикаторлық мәні
Организмдердің индикаторлық мәні
Организмдердің индикаторлық мәні. Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
Алматы қаласының жағдайындағы Drosophila мelanogaster популяциясындағы морфологиялық өзгерістердің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу
Антропогендік стрессордың әсері
Құйрықты амфибиялар өкпесінің гистологиялық құрылысы
Алматы қаласының жағдайындағы Drosophila мelanogaster популяциясындағы особьтарға морфологиялық анализ жасай отырып қоршаған ортадағы ластаушы заттардың әсерін бағалау
Экологиялық мониторинг туралы
Қала ортасындағы өсімдіктерге әсер ететін факторлар
Пәндер