Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Реcпубликасының білім және ғылым министрлігі

«Тұран - Астана» университеті

«Гуманитарлық - заң» факультеті

«Құқықтану» кафедрасы

Умирсеитова Куралай Габитовна

«Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100 - «Заңтану» мамандығы

Астана - 2011


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Тұран - Астана» университеті

«Қорғауға жіберілді»

«___»2011 ж. №хаттама

«Құқықтану» кафедрасының

меңгерушісі, з. ғ. к., профессор

Р. А. Барсукова

«Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100 - «Заңтану» мамандығы

Орындаған:

З - 407 тобының студенті К. Г. Умирсеитова

Ғылыми жетекші:

«Құқықтану»

кафедрасының оқытушысы Р. Т. Аккулов

Астана - 2011

М а з м ұ н ы

К і р і с п е . . . 6

1-тарау. Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

1. 1 Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері . . . 8

1. 2 Жеке адам өміріне қарсы қылмыстардың түсінігі . . . 13

1. 3 Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар . . . 17

2-тарау. Жеке адамның ар-намысына, адамгершілігіне және денсаулығына қарсы қылмыстар

2. 1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері . . . 22

2. 2 Жала жабу және қорлау қылмыстары . . . 39

2. 3 Жыныстық қылмыстардың түсінігі және түрлері . . . 40

3-тарау. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар

3. 1 Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері . . . 48

Қ о р ы т ы н д ы . . . 60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 62

К і р і с п е

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау болып табылады. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында толық, жан жақты көрініс табуы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында, ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп белгіленген. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдармен және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген Конституцияның 1 және 2-тармағында.

Яғни, «Мемлекет азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады». Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс[1. 6 б. ] .

Конституцияның ІІ - бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзқарасына тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріледі [1. 7 б. ] .

Конституцияда адам және азаматтық туралы арнайы тарау бар. Азаматтық құқық пен бостандыққа, саяси құқықтар мен бостандықтарға, экономикалық және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан Республикасының Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды [3. 3 б. ] .

Азаматтардың саяси, әлеуметтік және басқа да құқықтарына қарсы қылмыстық жауаптылық нормалары қылмыстық кодекстің төртінші тарауында көрсетілген. Бұл қылмыстық заң нормалары азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда аса маңызды рөл атқарады.

Айтылып отырған қылмыстың топтық объектісі болып азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары саналады.

Сонымен қатар, Конституциямыздың 18-бап 1-тармағында «Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар», - делінген [1. 8 б. ] . Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу қылмыс болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі жеке өмірге қол сұғылмаушылықты реттейтін қоғамдық қатынастар, ал қылмыстың жәбірленушісі - бұл жеке өміріне қол сұғылған адам болып табылады.

Қылмыс объективтік жағынан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тегі, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығы себептермен немесе өзге де кез келген жағдайлар бойынша тікелей немесе жанама шектеу арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілген құқықтар мен бостандықтарды тікелей шектеу деп азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын ашық түрде оның белгілі бір ұлтқа, дінге, нәсілге жататындығына немесе басқадай белгілеріне байланысты бұзу, жұмысқа алуға кедергі қою, қоғамдық көлікті ұлтына, тіліне байланысты пайдалануға кедергі жасау, тұрғын үй беруді шектеу, белгілі бір аумақта көрсетілген белгілерге байланысты тұруға тыйым салу т. б. әрекеттер жатады. Көрсетілген белгілер бойынша жанама түрде шектеуге азаматтардың жалақысын кеміту, мамандығы немесе тиісті кәсібі бойынша еңбек етуіне жол бермеу, көрсетілген белгілер бойынша оларды үнемі мінеу, сынау, олардың өз ойларын, пікірлерін айтуына жол бермей немесе басқадай түрдегі әр түрлі кемсітулер жатады.

Азаматтардың хат-хабар жазуы, телефонмен сөйлесуі, телеграф арқылы хабарлауы олардың жеке өмірлік құкықтары болып табылады және мұндай хабарлаудың құпиялылығы сақталады. Байланыс мекемелері азаматтардың осындай құқықтарын мүлтіксіз қорғауға міндетті. Азаматтардың хат-хабар жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф арқылы хабарласу құпиясын бұзған адамдар тәртіпке, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының Конституциясы және қылмыстық - құқықтық заң нормалары.

Зерттеу объектісі: адам мен азаматтың жеке, конституциялық, әлеуметтік және жыныстық құқықтары мен бостандықтары.

Зерттеу мақсаты: адам мен азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы жасалатын қылмыстарды талқылау.

Дипломдық жұмысымның құрылымы кіріспе, үш негізгі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, жалпы көлемі 63 бетті құрайды.

1-тарау. Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

1. 1 Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 1-тармағында «Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар», - делінген [1. 8 б. ] . Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу қылмыс болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі жеке өмірге қол сұғылмаушылықты реттейтін коғамдык қатынастар, кылмыстың жәбірленушісі - жеке өміріне қол сұғылған адамдар.

Қылмыстың заты - жеке адамдар туралы немесе оның отбасы туралы әр түрлі мәліметтері (адамның денсаулығы, өмір сүру салты, дінге көзқарасы, жеке творчестволық жоспары, басқа адамдармен қарым-қатынасы т. с. с. ) .

Қылмыс объективтік жағынан адамның жеке өмірі туралы, оның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау немесе тарату, егер осы әрекеттер жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру арқылы жүзеге асырылатын болса. Адамның жеке өмірі, оның отбасы туралы құпиясын құрайтын мағлұматтарды жинауды заңсыз мәліметтер жинау деп айтамыз. Осы жиналған мәліметтерді үшінші жаққа хабарлауды оны тарату деп бағалаймыз. Мұндай хабарлау басқа жолдармен де жүзеге асырылуы мүмкін. Осы әрекеттермен жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірілуі мүмкін. Келтірілген зиян мөлшері мүліктік немесе моральдық немесе басқа тұрғыда (отбасындағы келеңсіз жағдайлардың пайда болуы, жұмысқа орналаса алмау, т. с. с. ) болуы мүмкін. Зиян мөлшерін нақты жағдайға байланысты тергеуді, сот органдары анықтайды. Қылмыстық заңда көрсетілген зардап - жәбірленушінің құқықтары мен занды мүдделеріне зиян келтірілген сәттен бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан бұл қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет-пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүдделік.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам болуы мүмкін.

Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған нақ сол әрекеттер, сондай-ақ сондай зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бірінші тармағында аталған мәліметтерді көпшілік алдында сөйлеген сөзде, көпшілікке көрсетілген шығармаларда немесе бұқаралық ақпарат құралдарында тарату - осы кылмыстың ауырлататын түріне жатады [3. 49 б. ] .

Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жеке өміріне байланысты құпияларды таратуы немесе пайдакүнемдікпен басқаға өткізуі мүмкін. Аталған мәліметтерді көпшілік алдында (жиылыстарда, жиындарда) сөйлеген сөздер, көпшілікке көрсетілетін шығармаларда (сурет, бейнефильм, жазба шығарма) немесе бұқаралық ақпарат құралдарында (газет, журнал, радио, теледидар т. б. ) арқылы таратылса кінәлі адам ҚР қылмыстық кодексінің 142-бабының 2- тармағы бойынша жауапқа тартылады.

Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзғандық үшін қылмыстық кодекстің 143-бабы қолданылады.

Конституцияның 18-бап 1-тармағына сәйкес азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайды. Азаматтардың хат-хабар жазуы, телефонмен сөйлесуі, телеграф арқылы хабарлауы олардың жеке өмірлік құкықтары болып табылады және мұндай хабарлаудың құпиялылығы сақталады. Байланыс мекемелері азаматтардың осындай құқықтарын мүлтіксіз қорғауға міндетті. Азаматтардың хат-хабар жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф арқылы хабарласу құпиясын бұзған адамдар тәртіпке, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Тек қана бір жағдайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 235-237-баптарында көрсетілген негіздер бойынша ғана хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта-телеграф жөнетілімдерін немесе езге хабарларды тұтқындау, оларды тексеру мен алу, жол жөнекей ұстау, тыңдау мен жазу әрекеттері жүзеге асырылады. Бұл әрекеттерді жүзеге асыру тергеуші мен прокурордың құзыретіне жатады. Басқа негіздермен мұндай әрекеттерді жүзеге асыруға ешкім де құкылы емес, мұндай ретте кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 143-бабы бойынша жауапқа тартылады [2. 103 б. ] .

Қылмыстың тікелей объектісі хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан азаматтардың хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф немесе өзге хабарларының құпиясын заңсыз бұзу арқылы көрініс табады.

Құпиялылықты бұзуға заңсыз телефонмен сөйлесуді тыңдау, почта-телеграф мәліметтерімен жәбірленушінің келісімінсіз танысу, біреудің хат-хабарын ашып оқып, соның мазмұнын жұртқа жария ету әрекеттері жатады. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол осы көрсетілген әрекеттердің біреуі орын алғанда аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзатынын сезеді және осыны істеуді тілейді.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған есі дұрыс, кез келген адам.

Осы баптың екінші тармағында осы қылмыс құрамының екі түрлі ауырлататын түрі көрсетілген, яғни:

Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жоғарыда көрсетіл-
ген әрекеттерді істеуі. Бұл ретте қылмыстың субъектісі арнаулы-
почта, телеграф, басқадай байланыс мекемелерінің лауазымды
адамдары болады. Лауазымдық жағдайы олардың осы қылмысты
істеуін анағұрлым жеңілдетеді.

Ақпаратты жасырын алуға арналған құралдарды пайдала-
нып жасалған нақ сол әрекеттер. Мұндай құралдарға жасырын
хабарлар алуға, ондағы бағдарламаларды ашуға арналған арнау-
лы құралдар, аппараттар жатады.

Қылмыстық кодекстің 143-бабының 2-тармағында ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды өткізу мақсатында заңсыз жасау, өткізу немесе алу үшін жауаптылықты көздейтін жеке қылмыс құрамы үшін жауаптылық белгіленген.

Осы қылмыс құрамын анықтау үшін біріншіден көрсетілген заттарды: 1) өндіру; 2) өткізу; 3) өткізу мақсатында алуды анықтау қажет. Мұндай техникалық құралдарды жасаудың мақсаты - осы құралдар арқылы ақпаратты жасырын алу болып табылады. Бұл әрекеттер заңсыз жүзеге асырылады. ҚК-тің 143-бабының 3-тармағының диспозициясында көрсетілген балама әрекеттердің біреуін жасаудың өзі-ақ кінәліні осы құрам бойынша жауапқа тартуға негіз болады. Қылмыс субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.

ҚР қылмыстық кодексінің 144-бабына сәйкес дәрігерлік құпияны жария ету қылмысын қарастырайық.

Қылмыстың тікелей объектісі - дәрігерлік құпияны қамтамасыз етуді реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың жәбірленушісі - сырқатқа ұшыраған пациент.

Қылмыс объективтік жағынан әрекетсіздік арқылы пациенттің сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелері туралы мәліметті кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз жария ету арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы нормативтік-құқықтық актілер дәрігерлік құпияның жария етілмеуін реттейді. Бірақта оны сақтауға міндетті адам ондай құпияларды ешбір негізсіз жария етеді, яғни әрекетсіздікке жол беріледі. Қылмыс құрамы формальдық, ал дәрігерлік құпия жария етілген сәттен бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет-әр түрлі болуы мүмкін: кек алу, қызғаныш немесе басқадай арам пиғылдар.

Қылмыстың субъектісі - арнаулы медициналық кызметкер (дәрігер, медбике, фельдшер, т. с. с, ) .

Қылмыстық кодекстің 144-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі ретінде адам бойында ВИЧ/ЖҚТБ бар екені туралы мәліметтерді хабарлау үшін жауаптылық белгіленген. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса (жәбірленушінің қорланып өзін-өзі өлтіруі, ауыр дене жарақатын алуы, ерлі-жұбайлылардың отбасылық қатынастарының бұзылуы т. б. ) онда кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 144-бабының 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылады.

Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу туралы қылмысты қарастыратын болсақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабына сәйкес тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 145-бабында тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзғаны үшін жауаптылық көзделген. Қылмыстың тікелей объектісі-тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар [1. 9 б. ] .

Қылмыс объективтік жағынан тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс басып кіру арқылы көрініс табады.

Тұрғын үйге басып кіру біріншіден заңсыз болуы қажет. Екіншіден басып кіру деп ашық немесе жасырын түрде онда тұратын адамның еркінен тыс тұрғын үйге кіруді айтамыз.

Тұрғын үйге - адамдардың түпкілікті немесе уақытша тұратын жеке үйлері, пәтерлері, бөлмелері, қонақүйдегі бөлмесі, саяжайы, бағбаншылық үйшігі, сондай-ақ демалатын, зат қоятын қосымша жайлары жатады.

Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс жағдайда басып кірген сәттен аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам тұрғын үйге заңсыз кірудің қоғамға қауіптітілігін сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстық ниет сан алуан болуы ықтимал.

Қылмыстын объектісі 16-ға толған есі дұрыс кез келген адам.

Кылмыстық кодекстің 145-бабының 2-тармағында осы кылмыстың ауырлататын түрі - күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен, немесе адамдар тобы жасаған, немесе түнгі уакытта, немесе заңсыз тінтуге ұласып жасалған әрекет, сондай-ақ тұрғын үйден заңсыз шығарып тастау үшін жауаптылық белгіленген.

Күш қолдануға ұрып-соғып, сабап, дене жарақатын салу, жәбірленушіні байлап тастау арқылы үйге заңсыз кіру жатады. Күш қолданамын деп корқытуға жоғарыда көрсетілген зорлық әрекеттерді істеймін деп психикалық қысым жасау арқылы жәбірленушінің қарсылығын жоюға бағытталған әрекеттер жатады. Қорқыту нақты және шын жүзеге асатындай болуы керек.

Адамдар тобының түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының 1-тармағында берілген.

Түн ішінде тұрғын үйге заңсыз кіру тұрғын жайға ешкімнің тимеуін өрескел бұзу болып саналады. Түнгі 23 сағаттан таң-сәрідегі 6 сағатқа дейінгі уақыт түнгі уақыт деп саналады.

Заңсыз тінту деп занда көрсетілген негіздерсіз заңсыз тінту жүргізіп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын өрескел бұзғандықты айтамыз.

Біреуді үйінен заңсыз шығарып тастау деп Тұрғын үй заңына қарсы әрекеттер жасап, соттың шешімінсіз немесе прокурордың санкциясынсыз отырған үйінен заңсыз шығаруды айтамыз.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса, онда ол осы қылмыстың өте ауырлататын түрі болып табылады. Ауыр зардаптарға жәбірленушінің ауыр дене жарақатын алуы, есі ауыскан ауруға шалдығуы, оларға ірі материалдық, моральдық зиян келуі, тағы сол сияқтылар жатады. ҚК-тің 145-бабының 3-тармағында көрсетілген қылмыс материалдық құрамға жатады.

Ар-ождан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау қылмысы қылмыстық кодекстің 149-бабымен қаралады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабына сәйкес әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Ар-ождан құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

1992 жылы 15 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни-сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес Республиканың, басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген дінді еркін ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқылы. Дінге деген, құдайға құлшылық жасауға, діни жоралар мен рәсімдерге, дінді оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезінде қандай да бір күштеп мәжбүр етуге жол берілмейді - делінген осы Заңның 3-бабында.

Осы заңға сәйкес діни бірлестіктер мемлекеттен, мемлекет діни бірлестіктерден бөлінген. Діни сенім бостандығын пайдаланып әр түрлі алауыздықтар мен душпандық әрекеттер жүргізуге заң тыйым салады. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 149-бабында ар-ождан және діни-наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасағаны үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі - ар-ождан және діни-наным бостандықтарын реттейтін қоғамдық қатынастар.

Объективтік жағынан кылмыс діни ұйымдардың заңды қызметіне немесе діни салттарды жүзеге асыруға кедергі жасау арқылы жүзеге асырылады. Діни ұйымдардың заңды кызметіне кедергі жасауға - дінге сенушілерге занды ұйым болып табылмайтын бірлестіктерге бірігу құқығына кедергі жасау, заңда белгіленген тәртіппен тіркелген жергілікті діни бірлестіктерге, олардың құрылымдық бөлімдеріне, діни оқу орындары мен ғибадатханаларға заңда белгіленген тәртіппен рәсімдер өткізуге жол бермеу т. с. с. жатады.

Діни ғұрыптарды атқаруға кедергі жасауда діни жоралар мен рәсімдер өткізуге бөлінген ғибадат үйлерінде, қажылық орындарда, діни бірлестік мекемелерінде, зираттар мен крематорийлерде, азаматтардың пәтерлері мен үйлерінде құдайға құлшылық етуге тыйым салу, бөгет жасау немесе азаматтардың діни шаралар мен рәсімдер жасауына - әскери бөлімдерде, ауруханаларда, қартайғандар мен мүгедектер үйлерінде, алдын ала қамау, жазаны өтеу орындарында тыйым салу немесе бөгет келтіру, діни әдебиет пен діни мақсаттағы заттарды пайдалануға кедергі жасау, діни бірлестік жағынан қайырымдылық және мідени ағарту қызметін құруға тыйым салу, кедергі келтіру, тағы басқа әрекеттер. Айта кету керек, заң бойынша ғұрыптарды атқару қоғамдық тәртіпті бұзумен немесе азаматтардың құқықтарына қол сұғатын әрекеттермен ұштасса, ондай діни ғұрыптарды атқаруға кедергі жасау заңды әрекет болып табылады, ол қылмыс болып табылмайды. Аталған қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған кез келген адам саналады.

1. 2 Жеке адам өміріне қарсы қылмыстардың түсінігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
Азаматтық құқық пен бостандыққа
Адам және азаматтың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
Мемлекеттің Конституциялық құқықтарға қарсы қылмыстар
Қазақстан Республикасындағы азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары
Адамның және азаматтардың тең құқықтылығын бұзу
Қазақстан Республикасындағы тұлғаның құқықтық мәртебесі негізінің түсінігі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар
Азаматтардың әлеуметтік, саяси құқықтарына қарсы қылмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz