ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ ШАРАЛАРЫ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1 ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДАР
0.1 Жастарды жұмыспен қамту саясатын іске асыру
0.2 Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау
0.3 Жұмыссыздарды тіркеу мен есепке алу тәртібі
0.4 Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау
2 ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ ШАРАЛАРЫ
2.1 Жұмыссыздықпен күрес
2.2 Жұмысқа орналастыру іс-шаралары
2.3 Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен күресетін кейбір аспектілері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
6
6
11
13
14
18
18
19
21
24
26
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 20 жыл болып қалды. Алайда Қазақстанның бірінші күндерінде алдынан шыққан мәселелер әлі де толық жетілген жоқ. Сондай мәселелердің бірі жұмыссыздық болып табылады. Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік - экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады. Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ - ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады.
Жұмыссыздық - экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды.
Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді.
Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл - ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекеттердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
Жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Осыған орай бұл жұмыссыздық деңгейі және оның экономикалық өсуге әсері туралы, оны қысқартудағы шаралар туралы тақырыпты зерттеу өте қажет болып табылады.
Бұл курстық жұмысымның мақсаты еліміздегі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін, оның көрсеткіштерін және жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайға, экономикалық өсуге әсерін зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жетуде келесідей міндеттер қойылады:
1. Жұмыссыздықтың мәні мен пайда болу себептерін анықтау;
2. Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементі ретінде қарастыру және жан-жақты талдау;
3. Жұмыссыздықтың түрлері мен олардың экономикалық өсуге тигізер әсерін қарастыру;
4. Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесінің жалпы жағдайын, жұмыссыздық деңгейін, олардың өзіндік ерекшеліктерін қарастыру;
5. Еліміз тарапынынан жұмыссыздықпен күресудің негізгі шараларын және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау.
Бұл жұмыстың құрылымы 2 тарау, 8 тақырыпшадан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Бірінші тарауда жұмыссыздық туралы жалпы түсінік, оның пайда болу себептері, түрлері және жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық зардаптары туралы қарастырылады.
Екінші тарауда, жұмыссыздық деңгейі, Қазақстандағы қазіргі таңдағы жұмыссыздық деңгейін талдау және жұмыссыздықтың экономикалық өсуге әсері қарастырылып отыр. Елдегі жұмыссыздардың санын қысқартудағы, жұмыссыздық деңгейін төмендетудегі шаралар, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері және Президентіміз Н.Ә.Назарбевтың осындай шараларды іске асыру үшін қабылдаған Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы туралы қарастырылады.
Қазіргі таңда жұмыссыздықты жою, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында түрлі бағдарламалар қабылданып, соларды жүзеге асыру негізінде елдегі жұмыссыздар саны біршама азайып келеді.
Қазақстанның тәуелсіздік алған тұстан бастап қазіргі кезеңге дейінгі дамуы барысында еліміздің экономикалық және қоғамдық-саяси жүйесінде түбегейлі өзгерістер болып, нәтижесінде экономика саласымен қоса, саяси салада да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Аталмыш салалардағы қайта өзгертулер барлық тұрғын халықтың әлеуметтік қабаттарына, оның ішінде жастарға да ықпалын тигізді.
Қазіргі уақытта, Қазақстан жастары қоғамның келешегін анықтаушы негізгі факторлардың бірі болып табылатын тұрғын халықтың үлкен әлеуметтік тобына айналған. Қоғамның барлық салаларындағы кең көлемді қайта өзгертулерден туындаған ахуалдар жастардың даму ерекшеліктері мен олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы мәнін тағы бір қырынан аша түседі. Осы айтылғандардың барлығы жас ұрпақтың саналы қалыпьасуына, олардың әлеуметтік-экономикалық қайта өзгеру факторларының жастардың қажеттіліктеріне, мүдделеріне, құндылық бағдарларына және әлеуметтік мінез-құлықтарына да айтарлықтай әсер ететіндігін көрсетті.
Жастар біздің қазіргі замандағы Қазақстан жағдайында жас азаматтардың алатын орны аса елеулі. Жастар қоғамның басым бөлігін құраушылар ғана емес, сонымен жас азаматтар қоғам өміріне, қоғамның саяси өмріне айтарлық ықпал ете алатын әлеуметтік-демографиялық топ. Әрбір жас азаматты елінің саяси хал-ахуалы, халықтың түрлі әлеуметтік қабаттарының заңдық қорғалуының құқықтық негіздері, елімізде жүргізіліп жатқан түрлі саяси реформалар мен заңдарға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, еліміздің сыртқы саяси жағдайы мен елдегі саяси жағдайы алаңдатуға міндетті. Сондықтан осы процестердің ішінде пайда болған қарым-қатынас пен өзара әрекеттестік жағдайы жастардың басты назарында болуға тиісті.
Жастардың саясатқа қатысуының ең өнімді үлгісіне жастардың қоғамдық ұйымдарына, саяси партияларға және өзін-өзі басқару органдарында қатысуды жатқызады.
Соңғы жылдары еліміздің саяси саласындағы оқиғалардың тез дамуына қарамастан, жастардың көпшілігі республикадағы саяси ахуалдар сәтті және бірқалыпты (75,5%) деп бағалайды.
Болашақта бүгінгі таңда өз ісін бастауға ниет білдірген жас адамдарды оқыту және оларға несие беру жөніндегі іске асырылып жатқан жобалар, шағын бизнес объектілерін қолдау, бағдарламалар шеңберіндегі өзіндік жұмысбастылық және аймақтық жастар бағдарламаларының жобалары республикада жұмыссыздық деңгейінің қықаруына оң ықпалын тигізеді.
1 ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДАР
1.1 Жастарды жұмыспен қамту саясатын іске асыру
Халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23қаңтарда қабылданған Халықты жұмыспен қамту туралы Заңы реттейді.
Жұмыспен қамтылу дегеніміз - азаматтардың жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін Конституцияға, заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін қызметі.
Азаматтардың қызметі,олардың мамандық, жұмыспен қамтылу, соның ішінде ақы төленетін жұмысты атқарумен байланысты емес жұмыспен қамтылу (бала тәрбиелеу, үй шаруашылығын жүргізу, қоғамдық қызмет) түрі мен сипатын талдап алуы олардың еріктілігіне негізделген.Заңдарда көзделген реттерден басқа кезде азаматтарды еңбек етуге әкімшілік жолмен және өзге де күштеудің кез келген нысандарына жол берілмейді. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы бар.Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі делінген Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 1-тармағында.
Заңда жұмыспен қамтылған азаматтардың санаттары белгіленген. Оларға мыналар жатады:
- жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық, толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы.Кірісі бар азаматтар:
- кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатындар;
- өз бетімен жұмыспен айналысатындар;
- қосалқы кәсіпкерлікпен айналысатындар және өнімді шарттар бойынша өткізетіндер;
- жұмысты азаматтық - құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын азаматтар;
- өндірістік кооперативтердің мүшелері;
- ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекітілгендер;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауіпсіздік органдарында, ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде, Республикалық ұланда,төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бөлімдерінде және өзге де әскери құрылымдарда қызмет атқарып жүрген азаматтар.
Біздің мемлекетіміз азаматтардың жұмыспен нәтижелі әрі еркін таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары мыналарға бағытталған:
1) республика азаматтарында, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдауға бірдей мүмкіндіктерді, әділ де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;
3) білім беру жүйесін еңбек рыногының қажеттеріне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай акдрлар даярлау ісіне бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, олардың өнімді және шығармашылық еңбекке қабілетін дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жұмыс органдарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілерді ынталандыруға;
6) уәкілетті орган және жеке жұмыспен қамту агенттігі арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
7) шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ Қазақстаннан шетелге жұмыс күшін шығаруға байланысты қызметті лицензиялауға;
8) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жолымен ішкі еңбек рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық іс - шараларды жергілікті атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестіруге;
11) еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
12) мемлекеттік органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу мен іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіріп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
13) республика азаматтарының шетелдегі және шетелдіктердің Қазақстан аумағындағы еңбек қызметіне байланысты мәселелерді шешуді қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету;
15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген , қосымша орындарын ашу ісін ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізуге.
Сонымен қатар мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмысқа ие болуда бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға, уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.
Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды да қамтамасыз етеді. Нысаналы топтар деп жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде заңдармен белгіленген адамдар топтарын айтады. Жергілікті атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен жергілікті бюджеттің қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жөніндеде қосымша шаралар белгілейді.
Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыру мақсатында орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзірлеуге,еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға міндетті. Ал жергілікті атқарушы органдар аймақтық бағдарламалар әзірлеп тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды жыл сайын анықтап отырады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мына арнайы іс - шараларды іске асыруға міндетті:
1) өтініш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға - жұмыс табу мүмкіндігі туралы,ал жұмыс берушілерге жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы хабаймақтық бағдарламаларынарлап отыруға;
2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдесуге, жұмысқа орналасу және оқу үшін жолдама беруге;
3) еңбек рыногы бойынша деректер банкін түзуге;
4) азаматтар өтініш жасаған күннен бастап 10 күн кешіктірмей тіркеуге, оларды есепке қоюға;
5) кәсіби бағдарлау ісінде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер көрсетуге;
6) жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберуге;
7) еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес жұмыссыздарды кәсіптік оқуға жіберуге;
8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беруге;
9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігіне сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық, атқарушы органдарға еңбек рыногының жай - күйі туралы хабарлауға;
10) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламалардың және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемді қамтамасыз етуде.
Жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуға қатысты іс - шаралары Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 9-бабында белгіленген.Аталған баптың 2 тармағы жұмыс берушінің міндеттерін анықтайды. Жұмыс беруші:
1) ұйымның таратылуына, адам санының немесе шарттың қысқартылуына байланысты алдағы уақыттағы қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатлатын қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілік және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің сан мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын уәкілетті органға толық көлемде ақпарат беруге;
2) бос жұмыс орындары пайда болған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде олар туралы уәкілетті органға мәлімет жіберуге;
3) уәкілетті орган берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы дер кезінде, яғни уәкілетті орган оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлауға тиіс. Белгіленген міндеттерді бұзғаны үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі заң актілеріне сәйкес туындайды.
Уәкілетті органның, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттігінің жұмысқа орналастыру ісінде халыққа көрсететін жәрдемін еңбек делдалдығы дейді. Еңбек делдалдығымен уәкілетті орган және жеке жұмыспен қамту агенттіктері айналысады.
Жеке жұмыспен қамту агенттігі азаматтарға шарттық негізде мынадый қызметтер көрсетеді:
1) жұмыспен қамту және еңбек туралы заңдар мәселелері бойынша консультациялар беру;
2) бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат беру;
3) жұмыс орындарын іздестіруге көмектесу;
4) азаматтарды кәсіптік даярлық пен қайта даярлықтан өткізіп, соңынан жұмысқа орналастыру.
Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттіктері жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын ашу және жұмыспен қамтудың республикалық және аймақтық бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, жұмыс берушілермен өзара іс - қимыл жасайды. Азаматтардың шетелдерде жұмысқа орналысуы және Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі делдалдық көмекті жеке жұмыспен қамту агенттіктері республика заңдарына сәйкес лицензия негізінде жүзеге асырады.
Ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі республика аумағында еңбек қызметын жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жыл сайын квота белгілейді.
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны белгілеудің Ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы 836 қаулысымен бекітілген.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота дегеніміз - Қазақстан Республикасының Үкіметі еңбек ресурстарының теңгеріміне сәйкес жыл сайын белгілейтін экономикалық белсенді халыққа қарағанда шетелдік жұмыс күшінің пайызға шыққандағы үлесі.Жергілікті атқарушы органдар ағымындағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде жұмыс берушілерді шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттігі туралы алдағы жылға арналған негіздемені орталық атқарушы органға ұсынады.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат - белгіленген квота шегінде Қазақстанға әкелу үшін шетелдік жұмыс күшінің санын анықтайтын орталық атқарушы орган жұмыс берушіге беретін құжат. Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсатты орталық атқарушы органнан алады. Рұқсат құжатты алғаннан кейін жұмыс беруші тиісті санаттағы және біліктіліктегі шетелдік азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіпте жеке еңбек шарттарын жасасады.
Рұқсаттың болуы мынадай шетелдік азаматтар үшін талап етілмейді:
1) шетелдік заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктердің бірінші басшыларынан;
2) мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде жиынтіғы 45 күнтізбелік күннен аспайтын іссапарда жүргендерден.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсат үш санатқа бөлінеді.
1) бірінші санат - ұйымдардың басшысы құрамын тартуға;
2) екінші санат - белгіленген тәртіпте құжаттармен расталған жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандарды және жеке кәсіпкерлерді тартуға;
3) үшінші санат - білікті жұмысшылрды тартуға.
Орталық, атқарушы орган рұқсаттың қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға немесе себебін көрсете отырып, шешімді қайтарып алуға құқылы.
Рұқсат алмастан шетелдік жұмыс күшін тартқаны үщін жұмыс беруі республика заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылады.Жұмыс беруші жолсыздық байқалған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға оларды жойғаны немесе жою жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынуға міндетті.
Қоғамдық жұмыстар деп - орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыс пен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері түсініледі.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық келісімдері қолданылады.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және республикалық, және жергілікті бюджеттердің қаражатынан, жұмыс берушілердің өтініші бойынша солардың қаражатынан қаржыландырылады.
1.2 Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.
Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.
Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек. Менің жұмысымның мақсатына осы жатады.
Анықтама бойынша жұмыссыздық - халықтың активті бөлігінің жасауға қабілетті жұмыс таба алмау.
Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады.
Жүмыссыздық пен өндірістік шығындар арасында 0укен заңдары жүреді. Ол=ВНП*2,5% потенциальный выпуск.
Өтпелі кезең - экономикалық жүйедегі түбегейлі езгерістер есебінен елдің экономикасы сапалы түрде жаңа түрге өтетін уақыт аралығы.
Мұндай кезеңді ТМД елдерінің барлығы өтті. Ел тұрғындырының нақты табысының азаюы экономикалық төмендеудің негізі болып табылады. Тап осы жұмыспен қамту саласында тұрақты экономика мен өтпелі экономика арасындағы айырмашылық айқын сезіледі. Өтпелі кезеңдегі өндірістің төмендеуі адекватты түрде жұмыссыздықтың өсуіне әкелмейді. Ал бұл еңбек өнімділігі нақты жалақыға қарағанда тезірек төмендеуі инвестиция салудан экономика жағдайы жақсармайды. Экономиканы сауықтыру шаралары мен классикалық-теория ұсынатын әдістерін жоққа шығарып жалақы өсіру пайда әкелмейді. Сонымен қатар өтпелі экономикадағы елдердің жағдайын ескере отырып, онда статистика мәліметтері мен нақты жағдайдын арасындағы алшақтықты ескеру қажет.
Бұл жағдайларды зерттеу арқылы біз осындай өтпелі процестерді реттеу механизмдерінің барлығын ескеру қажет. Механизмдер ретінде мынадай әдістерді қолданамыз: жалақыны мемлекет тарапынан реттеу, жұмыс берушімен мемлекеттен тәуелсіз кәсіподақтар ықпалымен жалақының өсуі.
Бірақ та көбіне жалақыны жұмыс берушілердің арасындағы корпоративті байланыстрдың арқасында жұмыс берушілер өз талаптарына сай қояды. Бұл өз кезегінде монополиялық және олигаполдық механизмдердің күш алуына әкеліп соғады. Осы өтпелі кезеңді өту үшін екі типтегі мәселелерді шешу қажет.
1. теңсалмақты экономиканы құру, негізінен макроэкономикалық өзгерістер арқылы шешіледі, яғни нарықты әртүрлі ресурстарға толтыру.
2. жоғарыдағыдан туатын нарықтық экономиканы экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күшіне айналдыру, ол үшін технологиялық прогресс қажет.
Тәуелсіздік алғалы бері елде еңбек рыногына әсер ететін бірқатар факторар пайда болды. Соның бірі көлеңкелі экономика. Бұл салаға бастама берген негізінен жұмысшыға жасырылған ақы төлеп немесе еңбек етуге қолайлы жағдай туғызбағандықтан мемлекетке салық төлемейтін сектор жатады.
Бұған ең алдымен ел экономикасы көтерілгеннен бері елге ағылған босқындар, гасторбайтерлер жатады. Қазір нақты қанша көлемде мұндай жұмыссыздық түрі барлығын ешкім тап басып айта алмайды.
Сонымен бірге Қазақстан үшін жастар арасындағы жұмыссыздық ең бір бас ауыртар мәселе, елде оқымайтын және жұмыс жасамайтын жастар саны жалпы активті бөліктің сегізден бір бөлігін құрайды.
Ал әйелдер ең бір активті топ болып табылады, бірақта онда да жұмыссыздық бар және ол негізінен жасырын жұмыссыздық қатарына жатқызуға болады.
Халықты жұмыспен қамту туралы Заңның 13 - бабы азаматтардың жұмыспен қамту саласындағы құқықтарын белгілейді. Азаматтардың:
- жұмыс берушіге, уәкілетті органға не жеке жұмыспен қамту агенттігіне тікелей өтініш жасау арқылы жұмыс орнын еркін таңдауға;
- өз бетінше жұмыс іздестіруге және шетелде жұмысқа орналасуға;
- уәкілетті органдардан және жұмыспен қамту агенттігінен консультация және ақпарат алуға;
- қоғамдық жұмыстарға қатысуға;
- мемлекеттік органдардың жеке агенттіктердің және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне орталық, атқарушы органға немесе сотқа шағымдануға құқылы. Сондай-ақ, азаматтар жұмысынан айрылу жағдайына ерікті сақтандыру шартын жасауға құқылы.
Заңға сәйкес мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау үшін оның мынандай түрлерін көрсетеді:
- жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
- жұмыссыздар үшін кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
- қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;
- табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесінің 10 тармағына сәйкес қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшіліктері болады:жұмыссыздарға әдейі арналған; жұмыс орындарының саны іс жүзінде шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды.
1.3 Жұмыссыздарды тіркеу мен есепке алу тәртібі
Жұмыс тапқысы келетін жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы өкілетті органға және жеке жұмыспен қамту агенттігіне өтініш жасай алады.
Жұмыс іздестіруге өтініш жасаған жұмыссыз азаматтардан оларды тіркеу үшін мынадай құжаттар талап етіледі: жеке бас куәлігі, әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлік, еңбек қызметін куәландыратын құжаттар, салық төлеуші тіркеу номері. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар аталған құжаттарға қоса шетелдіктің ықтиярхатын, ал азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгі соғылған куәлігін өткізеді.
Заңда көрсетілген құжаттар табыс етілген күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей орган мен жеке жұмыспен қамту агенттігі нысанын орталық атқарушы орган бекітетін дербес есеп карточкасына мәліметтер енгізіп азаматтарды тіркейді.
Тұрғылықты жері бойынша тіркелген жұмыссыз азаматтар күнтізбелік он күн ішінде кемінде бір рет уәкілетті органда, ал селолық елді мекендерде тұратындар айына кемінде бір рет поселке, ауыл, ауылдық округ бөлімінде белгіленуге тиіс.
Уәкілетті орган жұмыссызды мынадай жағдайларда есептен шығарады:
1) лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас тартқанда;
2) уәкілетті орган жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дәлелсіз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасуға немесе оқу орнына келмегенде;
3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшін екі жұмыс күні ішінде дәлелсіз себептермен уәкілетті органға келмегенде;
4) уәкілетті органның жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысуды немесе оқуды дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқанда;
5) заңда көзделген уәкілетті органға келіп тұру мерзімдерін дәлелсіз себептермен бұзғанда;
6) жұмыссыз басқа жерге көшкенде;
7) жұмысқа орналасқан немесе заңға сәйкес ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz