Жарғылық капитал есебінің шоттар корреспонденциясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

КІРІСПЕ

1 КАПИТАЛ ЖӘНЕ РЕЗЕРВТЕР ЕСЕБІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Капитал есебі

1. 2 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі. Төленбеген капиталдың есебі

2 Жарғылық капитал есебі

2. 1 Жарғылық капитал есебін жүргізу тәртібі

2. 2 Жарғылық капитал есебінің құжатталуы

2. 3 Жарғылық капитал есебінің шоттар корреспонденциясы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3

4

4

16

25

25

26

35

38

40

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін айналым, бөлу және тұтыну және кәсіпорын қаржы жағжайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы - шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті үйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыны, талаптарға сай жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Резервтік капитал - іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін жарғылық капиталдың 15%-нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс.

Курс жұмысының мақсаты мен міндеті. Берілген тақырып - «Жарғылық капитал» болған соң, осы тақырыптың мәнін ашу, капиталды талдай отырып, оның қай шотта қаралатынын, капиталдың түрлерін, резервтер есебін және аудитін қарастыру.

I. КАПИТАЛ ЖӘНЕ РЕЗЕРВТЕР ЕСЕБІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Капитал есебі

Латын тілінен аударғанда "капитал" сөзі "басты" деген мағынаны білдіреді, және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа бөлінген орынға сай келеді. Бұл терйинді алғашқы рет ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған.

Қоғамдық өңдірістегі капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің даму процесі мынандай кезендерден өтті:

Капиталға ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары жатады. Барша капитал бастапқы және әр жылғы аванс болып бөлінеді. Бастапқы аванс деп әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен шығындар, ал әр жылғы аванс деп - өр жыл сайын өтелуге тиісті шығындарды айтады.

"Капитал" ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей- ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті - өз иесіне табыс әкелу.

Капитал әлеуметтік-экономикалық санат ретінде қаралады. К. Маркс бірнеше анықтама келтіреді:

  1. Капитал - жұмысшылардың жалданбалы еңбектеріне негізделген таптық қатынасты жөне қоғамның белгілі бір сипатын керсететін өздігінен өсіп отыратын құн. Капиталдың өсу көзі жұмысшыларға төленбеген еңбек болып саналады.
  2. Капитал дегеніміз тып-тыныш жататын зат емес, ол дегеніңіз қозғалыс.
  3. Капитал - еткен еңбекті қанағанда ғана барып жанданатын қанаушы секілді өлі еңбек.

Капитал өндірістің екінші факторына жатады, ондайда бастапқы факторлар жер мен еңбек болады, және олардың алғы кезеңдегі шығындарымен капитал мөлшері анықталады. Капитал табысы өндірістік циклдің уақытына немесе "тосу кезеңіне" байланысты. Сөйтіп капитал мөлшерін анықтауға уақыт факторы ендірілген.

"Капитал - ақша мен төлемдік міндеттемеден тұратын" сатып алу күшінің қоры", - деп санайды Шумпетер. Ол қорға қоғамның прогрессивті дамуын қамтамасыз ететін өндіріс құралдары алынады. Егер басқаша жағдайда, экономикалық прогресс болмаса, капитал жоқ болса, яғни, онда ол өз функциясын орындамайды, өзін бейтарап ұстайды.

Қазіргі экономикалық теория капиталды өндірістік тұтынуға арналғаң адам еңбегімен жасалынған өңдіріс құралы деп біледі. Ол жер, еңбек және кәсіпкерлік қабілеттермен қатар өндіріс процесі үшін қажетті фактор болып саналады.

Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері жәй артықшылығы бар акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның номиналдық құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда, әділет министрлігі тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандай да болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар. Кәсіпорында жарғылық капиталдың есебі «жарғылық қор» бөлімінің

5010-«жәй акциялар»

5010-«артықшылығы бар акциялар»

5010-«Салымдар мен жарналар»

ДТ- «Төленбеген капитал» 5020 шоты

КТ - «Жай акциялар» 1150 шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін ақшалай түрде салған жағдайда.

ДТ - « ақшалар» 1010 шоты

КТ - «Төленбеген капитал» 5020 шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.

Бұл жағдайда еліміздегі бас шоттар кестесіне сәйкес.

Шетелдегі валютадағы шоттардағы ақшалар.

Есеп айрысу шотындағы ақшалар

Ел ішіндегі валюталық ақшалар

Кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақшалар

Кассадағы шетелдік валюта түріндегі ақшалар

Ал егер үлес қосушылармен акционерлер қоғамға өз үлесін «Материалдық емес актив», 2730 «Негізгі құрал», 2410 тағы да басқа түрде салатын болса.

ДТ - «Материалдық емес активтер» 2730 «Негізгі құралдар» 2410. «Материалдық құндылықтар» және тағы да басқа шоттардың тиістілері.

КТ - «Төленбеген капитал» 5020 деп атайтын шот түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Сондай-ақ серіктестіктердің (акционерлік қоғамнан басқадай) қоғамдық жарғылық қорға қосқан үлестері мен жарналарының сомасына. ДТ- «Материалдық емес активтер» 2730, «Негізгі құралдар» 2410, «Материалдық құндылықтар» 8011, «Ақшалар» 1010 және тағы да басқа шоттардың тиістісі.

КТ - «Салымдар мен жарналар» 5013 шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылуға тиісті.

«Қайтарылып алынған капитал» 5010 деп алынатын шот акционерлік қоғамның акциоеерлерден алған акцияларының есебін жүргізу үшін арналған. Бұл жағдайда кәсіпорын акционерден өз акцияларын сатып алған уақытында бухгалтерлік есепте.

ДТ - «Қайтарылып алынған капитал» 5010 шоты

КТ - «ақшалар» 1010 шоты түрінде екі жақты жазу жазылады.

Егер акционерлік қоғам өз акцияларын айналымнан алып тастаған уақытта, айналымнан алынған акцияның құнына:

ДТ- «Қарапайым акциялар» 5011 немесе «Артықшылығы бар акциялар» 5012 шоттарының тиістісі,

КТ - «Қайтарылып алынған капитал» 5010 шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады. Осы айтылғандармен қатар кәсіпорындар «Қосымша төленген капитал» 5020 деп аталатын шотта қоғамның өз акцияларын атаулы номиналдық бағасынан жоғары бағамен сату барысында пайда болған сомаларымен, ал «Қосымша төленбеген капитал» деп аталатын шотта ақшаның құнсыздануына және тағы да басқа жағдайларға байланысты ұйымның негізгі құралдарын, инвестицияларын сондай - ақ басқа да активтерін қайта бағалау нәтижесінде пайда болған капиталдың өсу сомалары есептелінеді.

Жоғарыда айтылып өткендей қоғам өз акцияларын номиналдық бағасынан жоғары бағамен сатқан уақытында ақшалардың келіп түсуіне қарай:

ДТ- «Ақшалар» 1010 шоты

КТ- «Қосымша төленген капитал» 5020 шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Кәсіпорынның акцияларды олардың атаулы номиналдық бағасынан төмен бағасымен сатып алуына пайда болған айырма сомаға

ДТ- «Қайтарылып алынған капитал» 5010 шоты

КТ- «Қосымша төленген капитал» 5020 шоты түрін қайта бағалағаннан алынатын сомаларына да бухгалтерлік жазу жазылады.

ДТ- «Негізгі құралдар» 2410

«Инвестициялар» 2310

«Материалды құндылықтар» 2710

КТ- «Негізгі құралдардықайта бағалағаннан» 8044

«Инвестицияларды қайта баалағаннан» 2320 алынған қосымша төленбеген капитал.

Басқада қосымша төленбеген капитал шоттарының тиістілері түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

Жарғылық капитал-жарғы деген сөзден алынған - ұғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы белгілі ұйымның атқаратын қызметтерінің тәртібі немесе актив құрылтайшыларының екінші жағынан көрінуі, яғни қаржылық қорға салынған активтердің жалған немесе номиналдық құны. Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады. Мүліктік құқық жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептеуге жатқызуына болмайды. Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестерінің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері елу айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек. Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-дай мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестерінің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс. Ол мерзім серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аупауы керек.

Егер де серіктестіктердің қатысушыларға берілген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар қзінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса жарғылық капиталы үлесіне дейін азайтылады.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды құнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір ғана шығаруы орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс. Жарғылық капиталының минималды ашық акционерлік қоғам үшін - бес-мың минималды есептік көрсеткішін құрайды Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған санының шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар кеңесінің шешімімен белгіленеді. Қоғамның шығарылған жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық құнына тең болады. Шығарылған жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сейкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.

Қоғамның жарияланған капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы минималды қабылданды, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы. Қоғам ақшалары жай және айрықша болып келеді. Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын қанағаттандырады:

- дивиденттер алуын;

  • қоғамды басқаруына қатысуын;
  • қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.

Қоғам тек жазулы акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысының ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта - акционерлік қоғамның акционерлеріеің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.

Кәсiпорынның жарғылық капиталы қызметтi бастауды қамтамасыз ету үшiн жаңадан құрылған кәсiпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да мүлiктердiң немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды.

Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша мүлiктiк құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асып түсуi керек, бiрақ сол бағалауды тәуелсiз эксперт қуаттауы керек.

Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қайта тiркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлiк құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерiмен қуатталып бағалануы мүмкiн.

Осындай бағалау кезеңiнен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылтайшылыры өздерi қосқан сомаларының шегiнен артық бағаланған салымдарына субъектi кредиторларының алдында бiрлесiп жауап бередi.

Егер де салым ретiнде субъектiге мүлiктi пайдалану құқы берiлсе, онда бұл салым үшiн төленетiн төлемнiң мөлшерi, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмi үшiн есептелген сомадан анықталады.

Мүлiктiк құқы жоқ және басқа да материалдық емес игiлiктердi жеке салым ретiнде жасауға рұқсат етiлмейдi, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есаптесуге жатқызуына болмайды.

Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:

  • ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;
  • ол барлық құрылтайшылардың (акционлерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;
  • жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.

Акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталының қалыптасуында ерекшеліктер бар.

Толық серіктестіктің жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек, яғни жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

Коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік-жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген елу еселенген айлық есептік көрсеткіштерден кем болмауы керек. Салымшылардың үлестерінің жалпы мөлшері жарғылық капиталдың 50 пайыз құрауы мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік-жарғылық капиталдың мөлшерін жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың үлестері натуралдық және мүліктік құқық түрінде ақшалай нысанда барлық құрылтайшылардың қатысуымен немесе серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткішке тең сомадан асса, оны бағалауды тәуелсіз эксперт куәландыруы керек.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің тіркелуіне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25 пайызын салулары керек, бірақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен кем емес. Жалпы жиналыстың шешімінің бекітілген уақытында барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарын толық салулары керек. Бұл мерзім серіктестіктің тіркелген уақытынан кейін бір жылдан аспауы керек.

Жарғылық капитал мен оның меншіктік капиталдағы қатынасы тіркелгенде немесе қайта тіркелгенде жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен тексерілмейді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы мына жағдайларда тексеріледі:

  1. кез келген қатысушының талабы бойынша тәуелсіз экспертпен. Экспертиза қызығушылық танытқан қатысушымен төленеді.
  2. сот шешімі бойынша.
  3. әр қаржылық жылдың соңында-қаржылық есеп беру бойынша.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы өзінің үлесін немесе оның бөлігін өз еркі бойынша осы серіктестіктің бірнеше қатысушыларына сатуға құқысы бар.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің өзгеруі серіктестікке жаңа қатысушының келуі мен шығуына байланысты болса да жарғылық капиталға қайта есептеу жүргізіледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының өсуі оның толық төленгеннен кейін жүзеге асырылады және ол мына жолдармен жүргізілуі мүмкін:

  • серіктестіктің барлық қатысушыларымен жүргізілген қосымша, пропорциондалдық салымдар;
  • жарғылық капиталдың мөлшері серіктестіктің меншіктік капиталының есебінен, сонымен қатар оның резервтік капиталының есебінен өсуі;
  • серіктестіктің таза активтерін (меншікті капиталдың) қайта бағалау, нақты құны баланстық құннан асатын. Қайта бағалау тәуелсіз экспертпен ғана жүргізілуі керек.
  • бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдарымен, егер барлық басқа қатысушылар рұқсат етсе.
  • серіктестіктің құрамына жаңа қатысушылар алған кезде.

Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің кемуі серіктестіктің барлық қатысушыларының салымдарының мөлшерін пропорционалды кеміту арқылы жүргізіледі.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның міндеттемелері бойынша жауап береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз мүліктерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады.

Акционерлік қоғам - жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең.

Акцияның номиналдық құны- акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі.

Орналастыру бағасы- алғашқы бағалы қағаздар нарығына акцияны орналастыруда анықталатын акция бағасы.

Акциялар қарапайым және артықшылығы бар болып бөлінеді.

Қарапайым акция акционерге акционерлердің жалпы жиналысына қатысуы кезінде барлық сұрақтарды шешуге, ұйым таза табыс алған кезде дивиденд алуға, сонымен қатар қоғам жабылған кезде заңмен бекітілген негізде қоғамның мүлігінің бір бөлігін алуға құқық береді.

Артықшылығы бар акция акционерлерге қарапайым акцияны иеленетін акционерлерден бұрын қоғамның жарғысында көрсетілген алдын-ала анықталған міндетті түрде алатын дивидендтерді алуға құқық береді.

Акционерлік қоғамның артықшылығы бар акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санынан 25 пайыздан аспауы керек.

Артықшылығы бар акция акционерге қоғамды басқаруға құқық бермейді, келесі дербес жағдайлардан басқа, егер:

  • акционерлік қоғамның жалпы жиналысы артықшылығы бар акцияны иеленуші акционерлердің құқығын шектеуі мүмкін шешімдер бойынша сұрақтарды қарастырады.
  • қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның жабылуы немесе қайта құрылуы бойынша сұрақтарды шешуге қатысады;
  • артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер толық көлемде оның төленуі тиіс мерзімнен үш ай асып кеткенде.

Қоғамның жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана ұлғайтуға рұқсат беріледі. Жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010 «Жарияланған капитал» деген шотта 5000 «Шығарылған капитал» шоттар бөлімшесіне енгізілетін шотта жүргізіледі.

Заңды тұлға өндірістік кооператив формасында ұйымдастырылуы мүмкін. Олардың жеке еңбекпен катысуы және оның мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруіне негізделген бірлескен кәсіпкерлік үшін мүшелік негізінде азаматтардың ерікті түрде бірігуі өндірістік кооператив болып танылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төленбеген капиталдың есебі
«М-1 enternational» ЖШС
Бухгалтерлік есептің типтік шаруашылық операцияларының шот корреспонденциялары
Кассадағы ақша қаражат есебінің синтетикалық есебі
Кәсіпорын кірістері есебінің қазіргі заманғы жағдайы: қалыптасуы, бөліп таратылуы және қолданылуы
Ұйымның табыстарының есебі мен аудиті
Ай Ер Нур Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін бойынша өндірістік іс-тәжірибе есебі
Меншікті капиталының есебі
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫҢ ЕСЕБІ
Кәсіпорынның шаруашылық – қаржылық қызметі. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz