Жаманқұлов Тұңғышбай өмірбаяны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1 Жаманқұлов Тұңғышбай өмірбаяны

2 Сахнадағы негізгі рольдері

3 «Театр демалатын шипажай емес»

1 Жаманқұлов Тұңғышбай өмірбаяны

Жаманқұлов Тұңғышбай Қадырұлы , Әл-Тарази (2. 10. 1948 ж. т., Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай а. ) - актер, режиссер, Қазақстанның халық арт. (1992; 1982 жылдан Қазақстанның еңб. сің. арт. ), проф. (1979) . Алматы өнер ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) актерлік ф-тін бітірген (1973) . Актерлік өнер жолын студенттік кезінен Қазақ драма театрында бастады (1970) . 1993 - 2001 ж. осы театрдың директоры әрі көркемдік кеңестің төрағасы болды. Ж. Қазақ драма театры сахнасында Бейсенбай (Қ. Мұқашевтың “Дала дастанында”), Арыстан (Қ. Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астындасында”), Бақтығұл (Қ. Ысқақовтың “Таңғы жаңғырығында), Мырзахмет (Т. Ахтановтың “Жоғалған досында”), Демесін (Д. Исабековтің “Кішкентай ауылында”), Көтібар, Сырым (М. Әуезовтің “Айман - Шолпан” мен “Қарагөзінде”), Жалмұхан (ұ. Мүсіреповтің “Ақан сері - Ақтоқтысында”), Абылай хан (Ә. Кекілбаевтың “Абылай ханында”, М. Байсеркеновтің “Абылайдың ақырғы күндерінде”), Әбутәліп (Ш. Айтматовтың “ұасырдан да ұзақ күнінде”), т. б. рөлдерді сомдады. Бұл рөлдерде Ж. ұлттық және әлемдік театр мектептерінің дәстүрін терең меңгерген, диапазоны кең актер екенін танытты. Ж. еліміздің кино өнерінің дамуына да елеулі үлес қосып, Чекист (“Отқа оранған Орал”), Тәңірберген (“Қан мен тер”), Әбілқайыр (“Жаушы”), Оразмерген (“Ақырғы аманат”), Болат (“Тарғыл қауын”), Әзімхан (“Қаралы сұлу”), Қайырхан (“Отырардың күйреуі”), Құнанбай (“Жас Абай”) бейнелерін өзіне тән ерекше шеберлікпен сомдап шықты. “Отырардың күйреуі” фильміндегі Қайырхан рөлі үшін Қазақстан Республикасы Мемл. сыйл. лауреаты атанды (1992) . Ж. режиссер ретінде К. Гоццидің “Турандот ханшайым”, М. ұапаровтың “Тұзды шөл”, Қ. Шахимарданның “Томирис” пьесаларын сахнаға шығарып, бүгінгі заманғы отандық театр өнерінің деңгейін көтеруге үлес қосты. Ж. - концерттік ұжым “Тамашаны” алғашқы ұйымдастырушылардың бірі. Ол 1974 жылдан пед. қызметпен шұғылданып, Қазақ драма театры жанындағы студияда, Алматы мемл. ун-тінде дәріс оқыды. 1979 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік шеберлік бойынша сабақ беріп, жеке курс жүргізеді.

Жаманқұлов Тұңғышбай Қадырұлы , Әл-Тарази 1948 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Абай аулында дүниеге келген. Ол актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор. 1973 жылы Алматы өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) актерлік факультетін бітірген. Актерлік өнер жолын студенттік кезінен Қазақ драма театрында бастады. 1993 - 2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік кеңестің төрағасы болды. Жаманқұлов Қазақ драма театры сахнасында бағын сынап, дарынды актер екендігін танытты. Ол - “Тамаша” концерттік ұжымының алғашқы ұйымдастырушылардың бірі. 1979 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік шеберлік бойынша сабақ беріп, жеке курс жүргізеді.

Тұңғышбай аға түскен кинофильмдер:

1974 жылы - «Дала дауысы»

1976 жылы - «Фердинанд Люстің өмірі мен өлімі»

1978 жылы - «Қан мен тер»

1980 жылы - «Жаушы»

1980 жылы - «Мүмкін емес балалар»

1981 жылы - «Ешбір себепсіз»

1981 жылы - «Ақырғы өткел»

1982 жылы - «Қауын»

1982 жылы - «Қаралы сұлу»

1983 жылы - «Оның домбырасының әсем сыңғыры»

1983 жылы - «Күзгі ирелең жол»

1985 жылы - «Қақтығыс»

1985 жылы - «Менің әпкем Люся»

1986 жылы - «Жотадан өтерде»

1986 жылы - «Жәбірленушілерде шағым жоқ»

1987 жылы - «Түкпірден келген күйеу»

1987 жылы - «Сұлу Айсұлу туралы ертегі»

1987 жылы - «Қар жолбарысы»

1989 жылы - «Үлкен соғыстағы кішкентай адам»

1991 жылы - «Отырардың күйреуі»

1991 жылы - «Апиын»

1993 жылы - «Әбілхайыр хан»

1993 жылы - «О, тағдыр, бақытсыз балалар»

1994 жылы - «Намыс»

1995 жылы - «Абай»

1997 жылы - «Сағыныш»

2003 жылы- «Сардар (Қазақстан, Қытай) »

2006 жылы - «Көшпенділер»

2008 жылы - «Александр. Невск соғысы»

2009 жылы - «Адасқандар»

2010 жылы - «Мүмкін емес махаббат»

http://massaget.kz/userdata/uploads/u51386/1097789790.jpg

Тұңғышбай аға жары Дария Жүсіппен

http://www.teatr-auezov.kz/images/stories/001/Zhamankulov.jpg Бүгінде қазақ өнерінің ақсақалы болып жүрген алып тұлғалардың ізін жалғап келе жатқан атақты да, дарынды актер ешқашан да өнерден өзін бөліп-жарған емес. Оның наны да - өнер, жаны да - өнер. Қазақтың киносы мен театрында өзінің білікті актер екенін көрсетіп, сахна саңлағына айналып та үлгерді. "Анда-санда сөнетіндей боп тұрады" деп өнер адамдарының өмірін әнмен шырқап жүрген ағамыз сахнаның киесіне бас ұрады. Қазақ десе, "Міне" деп көрсетуге лайықты дарынды актер Тұңғышбай Жаманқұлов болса, "Қазақ киносы қайда?" дегенге Тұңғышбай түскен киноларды ұсына аламыз. Ол рөл ойнамайды, сол кейіпкермен астасып өмір сүреді. Ол сөз жаттамайды, кейіпкер айтпақ сөзді жүрегімен жаңғыртып айтады. Соны көрермен құлағына ғана емес, көңіліне жеткізеді. Жүректен шыққан рөлдің жүрекке жетпеуі де мүмкін емес. Осындай дарын иесіне айналған өнерлі адам қазақ тарихында қалмаса, сенбес еді мына жұрт.

ЖАМАНҚҰЛОВ Тұңғышбай Қадырұлы(Т. әл-Тарази) - актер, режиссер, педагог, ҚР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты.

Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының Төрағасы.

1948 жж. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Абай (бұрынғы Жаңасаз) ауылында дүниеге келген.

1973 ж. Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Өнер институтының (қазіргі Ұлттық консерватория) актерлік факультетін, проф. Х. Бөкееваның жетекшілігімен бітірді.

1970ж. М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік құрамында.

2 Сахнадағы негізгі рольдері

Ұлттық және заманауи қазақ драматургиясында- Қ. Мұхамеджанов. «Бөлтірік бөрік астында» Арыстан (реж. Ә. Мәмбетов), М. Әуезовтің «Таңғы жаңғырығында» Бақтығұл (сахналық нұсқа. Қ. Ысқақ, реж. Б. Омаров), Т. Ахтановтың «Жоғалған досында» Мырзахмет (реж. Ә. Мәмбетов), Д. Исабековтің «Кішкентай ауылында» Демесін (реж. С. Асылханов), Н. Әбуталиевтің «Өттің, дүниесінде» Махамбет (реж. Ә. Рахимов), М. Әуезовтің «Айман-Шолпан», «Қарагөзінде» Басыбар, Сырым (реж. Ә. Мәмбетов), «Абылайдың ақырғы күндерінде» Абылайхан (автор және реж. М. Байсеркенов), Ә. Кекілбаевтің «Абылай ханында» Абылай, Ш. Құсайыновтің «Үкілі Ыбырайында» Ақан сері (реж. Б. Атабаев), Қ. Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Жәнібек хан, «Томирисінде» Кир патша (реж. Т. әл-Тарази) .

ә лемдік классика мен заманауи драматургияда - Р. Тюриннің «Ескерткішінде» Яков, Ш. . Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күнінде» Әбутәліп (реж. Ә. Мәмбетов), И. Сұлтанов, Ұйғынның «Әлішер Науаиында» Әлішер Науаи (реж. А. Тоқпанов), Гогольдің «Ревизорында» Хлестаков, Л. Дюрконың «Электра - сүйіктім меніңде» Орест, М. Булгаковтың «Жендеттерінде» Людовик ХІV (аударған А. Сүлейменов, реж. В. Мажурин), А. Чеховтың «Сүйікті менің ағатайымда» Астров (ауд. Ә. Кекілбаев реж. Ә. Мәмбетов), Шекспирдің «Юлий Цезарында» Брут (реж. Қ. Жетпісбаев), Софоклдың «Эдип патшасында» Эдип (ауд. Х. Ерғалиев, реж. Ә. Мәмбетов), К. Аширдің «Қабыл - Адам ата перзентінде» Адам (автор және реж. К. Ашир, ауд. М. Ақдәулетұлы) .

Актер жасаған сахналық тұлғалары әлеуметтік мінездемесінің дәлдігі әрі сыртқы кескін-келбетінің айқын шешім табуымен, барлық жанрда әмбебаптығымен ерекшеленеді.

Т. әл-Тарази 1993-2001жж. Аралығында М. Әуезов театрының директоры әрі Көркемдік кеңесінің төрағасы болған кезінен режиссурамен табысты айналыса бастады. М. Әуезов театрында «Турандот ханшайым» (К. Гоцци, 1994), «Тұзды шөл» (М. Ғапаров, 1995), «Томирис» (Шахимарден, 2000), «Қазақтар» (Қ. Ысқақ, Шахимарден 2006), «Аршын-мал алан» (У. Гаджибеков, 2010), ал, Батыс Қазақстан облыстық театрында «Бонапарттың үйленуі» (Д. Исабеков, 2006) спектакльдерін үлкен табыспен қойды.

Көрнекті актер кино саласында да . Атапайтқанда: Чекист («Отқаоранған Орал», реж. М. Бегалин, 1974), Тәңірберген («Қан мен тер», реж. Ә. Мәмбетов, 1979), Әбілқайыр («Жаушы», реж. Ә. Мәмбетов, 1980), Оразмерген («Ақырғы асу», реж. А. Тәжібаев, 1981), Әзімхан(«Қаралысұлу», реж. Е. Шынарбаев, 1983), Әбілқайыр («Хан Әбілқайыр», 1993), Қайырхан («Отырардыңкүйреуі», реж. А. Әмірқұлов, 1991), Құнанбай («Жас Абай», реж. А. Әмірқұлов, 1995), Шонай («Сардар», реж. Б. Қалымбетов, 2002), Әбілқайыр хан («Көшпенділер», реж. И. Пассер, С. Бодров, Т. Теменов, 2004), Темір («Көкбөрі серті», 2006), т. б.

«Тамаша» ойын-сауық отауының негізін қалаушылардың бірі. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында 1979ж. өткен VІ Бүкілодақтық эстрада артистері конкурсының дипломанты. 2006ж. 27 қазанда Республика Сарайында эстрада артисі ретіндегі жеке концерті үлкен табыспен өтті.

Театртану саласына да үлесін қосып жүрген Т. Жаманқұлов «Ұлттық театрды дамытудағы шешендік өнердің орны» тақырыбында диссертация қорғап, өнертану кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды (2007) . Өзі және сахналас әріптестері, жалпы өнер жайында жазылған «Наз» (2001) ғылыми-публицистикалық «Сөз» атты екі томдық (2008) кітаптардың авторы.

Ұстаздық қызметін де табысты атқарып келеді. Шәкірттері республика театрларында жемісті еңбек етіп жүрген Т. Жаманқұлов Қазақ Ұлттық Т. Жүргенов атындағы Өнер Академиясының профессоры.

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты (1980), ҚКСР еңбек сіңірген артисі (1982), ҚР халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992), «Парасат» орденінің иегері (2008) .

Жамбыл облысының (2006), осы обл. Байзақ ауданының (2005) Құрметті азаматы.

3 «Театр демалатын шипажай емес»

Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай әл-ТАРАЗИмен сұхбаттан үзінді

Жас қазақ: Тұңғышбай аға, өзіңіз басқарып отырған Қазақстан Театр қайраткерлері одағынан редакциямызға бір емес, екі рет хат келді. Бұл хатыңыз жалғыз бізге емес, басқа да басылымдарға жеткен болуы керек. Соған қарағанда, қазақ басылымдары аударып қолданып жүрген «артист», «лауреат» деген сөздер қытығыңызға қатты тиген сияқты ғой . . .

Тұңғышбай Жаманқұлов: Иә, жалғыз қытыққа ғана емес, намысқа да. Бұл хатты қазақтың жазба әдебиеті мен өнер мәдениетіне деген немқұрайдылықтан арылу үшін ұлтжандылық пен патриоттық сезіммен жазып отырмын. Интернетте де бұл мәселе үлкен талқыға түсіпті. Сыртымнан айбат шегіп жатқандар да баршылық. «Біз орыс тілінен құтыла алмай жүргенде, Тұңғышбай сенің бұл пиғылыңды қалай түсінсе болады», - деген ойлар бар. Сырттан енген көптеген сөздердің қазақша баламасы жоқ, қазақы нұсқасы дұрыс табылмаған. Қайсыбір санаға сіңіп кеткен сөздерді аударудың еш қажеті жоқ.

Кезінде Есмағанбет Ысмайлов деген ағамыз 500-ге тарта сөздің қазақша аудармасын тауып, сөздікке енгізген екен. Ондай дұрыс аудармалар болып жатса, қарсылығым жоқ. Бүкіл дүниежүзі қолданатын футбол, волейбол, баскетбол, теннис сияқты терминдерді аударудың не қажеті бар. Өнерде, музыкада, теорияда, ғылымда қолданатын кейбір сөздердің де баламасын дұрыс таппасаң, оларды айту ыңғайыңа қарай бұрмалап, қадірін қашырудың қажеті жоқ. Футболды теппе доп, баскетболды дорба доп деп аударып жүргендерді естігенде қарадай күйініп, жерге қарамасқа амалың қалмайды. Қазақтың сөзін өзгелер кекеткен сыңайлы етіп бұрмалап жатса, жақтырмайсың ғой. Сол сияқты кейбір терминдерге тиіспеу керек. Олардың намысына сенің қазақыландырып ошақ басындағы ауыл өсек сияқты мырқымбайлана сөйлегенің тие қоймас, бірақ біздің абыройымызға, шұрайлы тілімізге нұқсан келеді емес пе. «Артист» деген латын сөзінен алынған.

«Арт» - суреткер деген мағынаны білдіреді. Енді оны «әртіс» деп аудару - біріншіден - білімсіздік, екіншіден - грамматикалық қате. Себебі, грамматика заңдылықтарында қазақтың кестелі сөзі естілуі бойынша жазылмайды. Мырқымбайлыққа бой беретін болсақ, бізді ешкім сыйламайтын болады. «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деген мақалды асқан эстет халқымыздың өзі айтқан. Интернетте маған біреу «лауреат» гректің «лавр» деген сөзінен шыққан деп жазыпты. «Тұңғышбай ағаға «иегері» деген сөз ұнамаса, «жапырақ жамылған» деп айтайық», - деп кекетіпті. Мен бұған күлдім де қойдым. Бірақ түптеп келгенде, ол адам әлгі сөздің түбірін тауып айтып отыр. Біледі екен. Бүкіл дүниежүзі «лауреат» деп айтып жүргенде, біз «иегер», «жүлдегер» деп жазамыз. Сен малыңа, көлігіңе иегерсің. «Лауреатты» лауреат, «артисті» артист деп қалдырған жөн. Әлі күнге дейін еліміздің барлық театры, баспасөз құралдарында «әртіс» деп қолданып жүр. Ал, «Алматы ақшамы» газеті маған ерегісіп, тіпті өздерінің жақсы көретін, маңайына шаң жұқтырмайтын ағасының атақ-даңқын да солай «әртіс» деп жазады. Беталбатты жаза бермей, білімді, мәдениетті жазуға, әдепті сөйлеуге тырысайық.

Жас қазақ: Өткен жылы театр қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, үздік шыққандарын «Еңлікгүл» сыйымен марапаттадыңыз. Жиын соңында оны «Оскарға» теңеп жібердіңіз . . .

Тұңғышбай Жаманқұлов: Біз кімнен кембіз? Үздік, биіктен көрінген әріптестерімізге құрмет көрсету керек. Шетелдің өнер саласында жеткен жетістіктерінен асып түсуге талпыну қажет. Таза еңбек, ізденіс үстінде жүретін театр қызметкерлерін жылына бір рет халықаралық деңгейде атап өту керек. Соны есепке ала отырып, бұл күнді еліміздегі театрдың мерекесіне айналдырып отырмыз. Бұны «Оскар» демей «Еңлікгүл» деп атадық. Бұл - қазақтың тауда шығатын гүлі. Еңлік дегеніміз - театрдың шымылдығын ашқан Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымның кейіпкері.

Жас қазақ: Сіз басқаратын Театр қайраткерлер одағы еліміздегі театрлармен тығыз байланыс жасай ма?

Тұңғышбай Жаманқұлов: Мәдениет министрлігіне бар-жоғы тоғыз-ақ театр қарайды. Он төрт облыста 52 театр бар. Оның он алтысы - орыс, біреуі - неміс, біреуі - өзбек, біреуі - кәріс тіліндегі театр. Қалғаны - қазақша. Тоғыз - қуыршақ, екі - опера және балет театры бар. Солардың барлығы жергілікті әкімшіліктің құзырында. Ал әкімшілік мәдени ошақтарға кәсіби түрде басшылық жасай алмайды. Тек қана қаржы бөледі де отырады. Ал оның ішінде қандай қойылымдар қойылып жатыр, актерлердің деңгейі, пьесаның мазмұны қандай, оған мән бермейді. Шенеуніктік көзқараспен шығармашылық адамдарының көзқарасы ұштаспайды. Облыстағы театрлар кәсіби тұрғыға сай келмесе, олардың санын көбейтіп не істейміз. Жауып тастау керек. Ал жаппайтын болсақ, көтерейік.

Жас қазақ: Қазір театрларымызда шетел драматургтерінің шығармалары аударылып беріліп жүр. Бұл сонда өзімізде жақсы драматургтер жоқ деген сөз бе? Әлде өзгені өрге озырып, өзімізді кері тарту ма?

Тұңғышбай Жаманқұлов: Жақсы драматург жоқ деп айтсам, аузымды құрғақ шөппен сүрткен боламын. Бірақ бүгінде дүниежүзінде театр өнерінің өскені сонша, біз әлдеқайда артта келе жатырмыз. Халық телеарна, ғаламтор арқылы неше түрлі шетелдік қойылымдарды тамашалап жүр. Біздің театрлардағы қойылымдарды көргенде, қарны ашады. Ол үшін көрерменді кінәлауға болмайды. Біз өзімізді қамшылауымыз керек. Режиссер мамандығына көп көңіл бөлу қажет. Драматургия - тек әдебиеттің бір жанры ғана емес. Ол - асау тұлпар. Мұның жалынан сылап-сипау оңай емес. Кезінде Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов сынды ағаларымыздың өзі бұл жанрға аса бір дайындықпен келген. Кейбір жазушылардың «30 беттік драматургия жазғаннан, 300 беттік роман жазған он есе оңай» деп мойындағанын өз құлағыммен естідім. Демек, 30-беттің ішіне 300-600 беттік романның оқиғасын кіргізу оңай емес. Драматургияның мақсаты - белгілі бір уақиға құру емес. Бұл жанрдың астары мен үстері ерекше болу керек. Халыққа сахна арқылы ақыл айтуға болмайды. Қазіргі халық сенен он есе ақылды. Халықты ерекше өнердің әдісімен, астарыменен өзіңе баурап алуың керек. Бұны қазіргі драматургтер ұға бермейді. Оларды режиссерлер де көбінде түсіне бермейді. Кейбіреулері жақсы пьесаның астарын ұқпай, жаратпай тастауы мүмкін. Кезінде Чеховты орыстар түсінбеген болатын. Ал қазір қалай бағалап отыр. Себебі, ол іш пыстыратын туындылары арқылы, Ресейдің сол кездегі бар шындығын жеткізген. Ол тікелей бетке айтпаса да, астарлап айтқан. Біз де сол жетістікке жетуіміз керек. Тарихи тақырыптарды аша отырып, қазағымыздың ұлттық менталитетінің өре биіктігін көрсете білуіміз қажет.

Жас қазақ: «Режиссерлер де жазылған драманың астарын түсіне бермейді» деп отырсыз . . . Бәлкім, кемшілік режиссерде шығар?

Тұңғышбай Жаманқұлов: Режиссер дегеніміз - суреткер. Режиссер актерді алдында тұрған сөзді жаттап алып, сахнада орындап береді деп ойламау керек. Бұл - өте қате пікір. Режиссер де, актер де - суреткер. «Бірінші - драматург, екінші - режиссер, үшінші - актер» деп есептемеңіздер. Бір қазанда қайнағандықтан, үшеуі бірігіп жасауы тиіс. Актер драматургтың жазғанын түсініп қана қоймай, мына жерін түзету керек деп айтатын жағдайға жету қажет. Ал режиссер жазылған драманы одан да биікке жеткізуді ойлауы тиіс.

Жас қазақ: Кезінде Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков және тағы да басқа туа біткен талантты тарландар шоғырының өнеріне куә болған сіздің толқынның үлкен мектептен өткені рас. Енді қазіргі жастар сіздердің мектептеріңізден қандай тәлім-тәрбие алуда. Үміттеріңізді ақтап, тұяқтарыңызды басып келе жатқандары бар ма?

Тұңғышбай Жаманқұлов: Бар, әрине. Олардың арасында жорға жүйрігі, аламан бәйге, құнан бәйгеге қосылатындар да бар. Әр бәйгенің өзінің жететін биіктігі бар. Әңгіме басқада. Оның дайындығы мен өресі қандай? Ол енді бір күнде дипломмен келе салмайды. Оған ұзақ уақыт керек. Азамат, тұлға ретінде қалыптасуыңмен келеді. Актерлікті мамандық емес деп отырғаным да - осы. Сахнаға шығып сөз айту үшін құқық керек. Бір ауыз сөз үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Жас қазақ: Қазіргі уақыттағы театрдың ақсақтап тұрған мәселесі не?

Тұңғышбай Жаманқұлов: Шығармашылық, суреткерлік деңгейде дүниежүзі жеткен биіктікке жете алмай жатқанымызда. Өзімізбен өзіміз қазанымызда қайнап жатырмыз. Мұрнымыздың астында тұрғанды ғана көріп отырмыз. Соны бір үлкен тақырып деп ойлаймыз. Халық театрға келгенде демалу керек дейді. Ол дұрыс емес. Театр демалатын шипажай емес. Театр - ерекше әлем, тірі өнер. Халық театрға не үшін келеді? Өмірде көре алмайтын шындығын, өмірде кездеспей жүрген бір әдемілікті, өмірде жете алмай жүрген тазалықты іздеп келеді. Ал сол әдемілікті іздеп келген көрерменге «ақсақ-тоқсақ» жарамсыз қойылымдар қойып жатсаң, әрине, қарындары ашып кетеді. Театрға демалу үшін емес, ерекше бір әлемге кіру үшін келу керек. Оны әдеби тілде «катарсис» деп атайды. Ол тазару деген мағынаны білдіреді.

Жас қазақ: Осыдан бес жыл бұрын қазаққа «қазақы театр керек, әзірге адасу үстінде» депсіз. Қазір жолын тапты деп ойлайсыз ба?

Тұңғышбай Жаманқұлов: Тапқан жоқ. Ол бір күнде жолын таппайды. Бізде бұрын театр өнері болған жоқ. Бесікке бөлеу, текемет басу, сыңсу дегендер болды. Бірақ олар театр деп аталған жоқ. Оның бәрі этномәдениетке кіреді. Бүкіл дүниежүзі мойындаған театр өнеріне біз орыс театрының жолымен келдік. Орыс театрының әдебі, мәдениеті, толымы, тосымы. Барлығын солардан алдық. Орыстың театрын бүкіл дүниежүзі мойындаған. Қазақ орыс театрын негізге ала отырып, өз тамырынан ажырамау керек. Қазақыландыру дегеніміз - өзіміздің таза ұлттық реңкімізді, өмірге деген көзқарасымызды, сөйлеу, араласу-құраласу мәнерімізді театр деген ұғымға тоғыстыру. Бұл ұзақ уақытты талап етеді. Біз таза қазақ тілінде сөйлегенімізбен, әлі күнге дейін сол орыс театрының жолымен келе жатырмыз. Осы жолмен жүре отырып, театр сахнасында қазақы жүректі қақтыру керек. Бізді қазір қазақ тіліндегі орыс театры деп айтуға болады. Театрдың ұлттылығы - сөйлеп тұрғанда тілінде ғана емес, ділінде.

Жас қазақ: Тұңғышбай аға, әншісіз, сатириксіз, актерсіз, бірнеше киноға да түстіңіз. Сізге осылардың қайсысы атақ-даңқ әкелді?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбдіжәміл Нұрпейісов
Көкорайлы көрікті аймақ сақтаған алтын, ертеңі жарқын ырысты елдің тұрағы
Театр сәндік өнері
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов
Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті
КӨНЕ ЗАМАН ӘНДЕРІ– ОЛ ДА МӘДЕНИ МҰРА
Жүсіпбек Аймауытов туралы
Тарихи өлкетану курсының жұмыс бағдарламасы.
ПОЭЗИЯ - СӨЗ ӨНЕРІНІҢ АЛТЫН ТӘЖІ
Тынысалу жүйесін зерттеу әдістері кеуде қуысын қарау және пальпациялау. Ересек адамдардың және түрлі жастағы балалардың салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz