Жазаның негізгі түрлері
М а з м ұ н ы
К і р і с п е ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1-тарау. Жазаның түсінігі, түрлері және мақсаттары
0.1 Жазаның ұғымы және мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 8
0.2 Жазаның негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.3 Жазаның қосымша түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2 - тарау. Жазаны өтеуден босатудың негіздері және түрлері
2.1 Жаза мен қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі ... ... ... .26
2.2 Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру ... ... ... ... 29
2.3 Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.4 Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
3 - тарау. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату негіздері және олардың қылмыстық жауаптылығы
3.1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы және жаза түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
3.2 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
3.3 Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және ескіру мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
Қ о р ы т ы н д ы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
к і р і с п е
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы 1999 жылғы 30 сәуірдегі нормативтік қаулысында: қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған, бірақ қоғамға елеулі қауіп келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай-ақ, олардың түзелетіндігі мен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап, негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚР ҚК-нің 65-69-баптарында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс. Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай-ақ түзеуге болатындығы ту - ралы тұжырымы істің жан-жақты, толық және объективті түрде зерттелген мән-жайларына және сотталушының жеке басы ту - ралы мәліметтерге негізделуі қажет, - деп атап көрсетілген [14.91 б.].
Осыған орай кейбір реттерде қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін [3.24 б.].
Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді. Мұның әрқайсысы тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сонымен бірге ескерілетін жағдай, қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар. Бұл институтты тәжірибеде жиі қолдану қылмыстық құқықтағы жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады. Сондықтан да керсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді болған жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны қолданбай-ақ жүзеге асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет.
Осы тарауда жасы толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату мәселелері қарастырылады.
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін.
Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі өтеуден босатудың бір-бірінен айырмашылығы оларды қолдану негіздеріне байланысты болады. Әдетте, қылмыстық жауаптылықтан босату, яғни қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескіруге байланысты жауаптылықтан босатудан басқасы істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі онша көп болмаған және оны істеген адамның түзелуі, жаза қолданбай-ақ мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Жазадан немесе оны одан әрі өтеуден босату сот үкімі бойынша белгілі бір жазаға тағайындалып, соны өтеу барысында өздерінің түзелгендігін дәлелдеген адамдарға қолданылады. Мұндай жазадан босату тек заңда белгіленген тәртіппен сот арқылы ғана жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылудың кейбір түрлері жұртшылық өкілдерінің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазаны өтеу мекемесінің және бақылау комиссиясының бірлескен ұсынысы болған жағдайда ғана сот арқылы жүзеге асы - рылады. Қылмыстық жауаптылыққа тартудың мерзімі ескіруге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, айыптау үкімін орындаудың мерзімі ескіруге байланысты жазадан босату жұртшылық өкілінің пікірін ескермей-ақ қолданыла береді.
Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады. Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады. Бірақ та қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге асырылмайды. Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмады делік. Мұндай ретте қылмыс - тық құқықтық қатынас, яғни қылмыс істеген адам мен мемлекет арасындағы қатынас жүзеге аспайды. Бұған мысал ретінде латентті қылмыстарды қосуға болады. Қылмыс жасаған кінәлі адам, егер де ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады. Бірақ та қолданылып жүрген қылмыстық жазаға сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті емес. Мысалы: Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-2-бөліктерінде: Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер сот істі қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін [2.46 б.].
Дипломдық жұмысты орындау барысында жазадан босату негіздерін қарастырудан бұрын, 1-тарауда жаза ұғымына, оның мақсаттары мен жазаның түрлеріне тоқталып өтуді қажет деп таптым. Себебі жазаның өзін ұғып алмай, одан босату негіздерін түсіну қиын болады деген шешімге келдім.
Дипломдық жұмыстың объектісі - қылмыс жасаған тұлғаны жазадан босатудың негіздері.
Дипломдық жұмыс тақырыбының пәні - Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық-құқықтық заң нормалары.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасында қолданылатын қылмыстық жазадан босату негіздерін ұғыну және талқылау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы - кіріспе, үш негізгі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, жалпы көлемі 61 бетті құрайды.

1.1 Жазаның ұғымы және мақсаттары
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күресуде, қылмыстық жазаны қолдану ең негізгі басты күрес деп саналмайды.
Бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге, соған сәйкес ауыр қылмыстық - құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады [2.13 б.].
Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық- құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.
Біріншіден, қылмыстық шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде, оның шегінен шықпай жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілдеу жаза тағайындауға құқылы.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 38-бабында жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция органы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан бұлтарушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану - тек қана соттың құзыреті.
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаның жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді [1.14,20 бб.].
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрінде ашықтан-ашық тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен бөлімін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді. Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді және лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды. Заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза - адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық-құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда Адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті, - делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмысқа жаза тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруімен байланысты кінәлінің істеген қылмысының қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға енді қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды қылмысты жауаптылықтан босатуға болады [3.24 б.].
Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін.
Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмыстық іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмыстық іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыру немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тиым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда көрсетілген негізде ерекше жаза - өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындалғанда сотталған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандақтың кінәлі үшін белгілі бір құқылы зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мерзімін, сондай-ақ жазаны өтейтін колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. Сонымен, қылмыстық жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану болып табылады.
Қылмыстық жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан айырмашылығы мынадай:
Біріншіден, қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға жат теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.
Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады. Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазым адамдары немесе судья тағайындайды. Үшіншіден, қылмыстық жазаның ерекшелігі сол, сот үкімі бойынша тағайындалған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ береді. Ал әкімшілік жазаға тартылғандар үшін мұндай құқылық зардап болмайды.
Жазаның мақсаттары: Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 38-бап 2-бөлігінде жазаның мақсаты - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сонымен қатар сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған [3.13 б.].
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазасының арнаулы ескертуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.
Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2 - бабындағы осы заңның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады, қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиісті жазамен өзгеде қылмыстық - құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді [3.3 б.].
Арнаулы сақтандырудың иелері болып, қылмыс істеп сотталғандар танылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын алмауын көздеу болып табылады. Жазаның осы көздеген мақсатына жетуінің құралы - сотталғандарды түзеу арқылы, заң талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаны әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп қылмысты құылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз күн көріске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып табылады.
Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты - басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, биморальдық күйге түсіп жүрген, қылмыс істеуі мүмкін, тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табылады. Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана-сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттікті, адам өмірінің қорғалуының, құқық тәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастардың қалыптасуына жағдайлар туғызады.
Сол сияқты жаза - қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершілік принципі болып табылады. осы жерде жазаның мақсаттары туралы Заңның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ па деген заңды сұрақ туындайды. Жаза сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына шек қою арқылы, сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде қарама-қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және құрамын, мазмұнын дұрыс айыра білген жөн. Сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына заңда көрсетілген шекті қою жазаның мазмұнын ал арнаулы және жалпы сақтандыруды жүзеге асыру жазасының мақсатына жету құралын құрайды. Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері болып табылады.
Жазаның жүйелері мен түрлерінің жалпы сипаттамасы:
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға қолданылатын жазаның түрлері ҚР қылмыстық кодексінің 39-бабында көрсетілген жазалар мәніне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградадан айыру;
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектеу;
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу;
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау.
Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз [3.13 б.].
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынандай негізі жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығын шектеу;
ж) қамау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлім жазасы қолданылуы мүмкін.
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші рөл атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы 1999 жыл 30 сәуірдегі №1 Қаулысының 16-тармағында соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне баса назар аударған жөн, өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына көмектеседі, - делінген [14.91 б.].
Сондықтан да қылмыстық заң баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімінің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуі тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасалмайды. Кінәлі сотталған кезде, ол жауапқа тартылған қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған қосымша жазаны қолданбау мүмкін [3.20 б.].
Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін [3.13 б.].
Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады. Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмысқа тарту. Осы көзделген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға заңда белгіленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін.
Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны немесе мәні әртүрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану - қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады. Келесі бөлімде осы жаза түрлеріне жеке-жеке сипаттама беріп өтіледі.
1.2 Жазаның негізгі түрлері
Айыппұл салу: Қылмыстық кодекстің 40-бабы бойынша: Айыппұл - осы Кодексте көрсетілген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу [3.13 б.].
Қылмыстық кодекстің 39-бап 3-бөлігінде көрсетілгендей айыппұл негізі немесе қосымша жаза ретінде қолданылуы мүмкін. Қылмыстық жаза шарасы ретінде айыппұл төлеуге сотталған адам белгілі бір материалдық қиындыққа тап болады. Айыппұлдың жазалау қасиеті дәл осындай жағдайда көрініс табады. Кінәлі адамнан үкім бойынша ақша өндіру сотталған адам және басқалар үшін тәрбиелік мәні зор және мұның өзі қылмыстан сақтандыруда ерекше рөл атқарады. Айыппұл негізгі және қосымша жаза ретінде тек қана заңда көрсетілген ретте ғана қолданылады.
Егер айыппұл қылмыс сараланған баптың санкциясында көрсетілмеген болса, онда ол негізгі немесе қосымша жаза ретінде қолдануға жатпайды. Тек қана мұндай жағдайда айыппұлды Қылмыстық кодекстің 55-бабы бойынша заңда көрсетілгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға негіз болғанда ғана қолданады [3.20 б.].
Айыппұл Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табыстың мөлшерінде тағайындалады.
Айыппұлдың мөлшерін сот жасалған қылмыстың ауырлығымен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып белгілейді. Айыппұлдың нақты мөлшері істелген қылмыстың ауырлығына, кінәлінің материалдық, отбасылық жағдайларына, істің нақты жағдайларына байланысты сот арқылы жеке-дара анықталады. Заңда айыппұлдың төменгі және жоғарғы шегі көрсетілген. Егер сот айыппұл төлеудің айлық есептік көрсеткіште алса, онда ол жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шекте тағайындалады. Егер сот айыппұлды төлеудің негізіне сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге табыстың мөлшерінде алса, онда екі аптадан бір жылға дейін тағайындалады. Заңда айтылған өзге де табыстар деген ұғымға жалақыдан басқа алатын жеке еңбек қызметі, авторлық қаламақы, мүлікті жалға беруден табатын табыстары жатады. Қылмыстық-атқару құқығы бойынша айыппұлды өндіруді орындау сотқа жүктеледі. Сот үкім күшіне енгеннен кейін бір ай мерзім ішінде сотталған адамға айыппұлды төлеуді міндеттейді. Егер сотталған адамның айыппұлды уақытында төлеуге мұршасы жоқ болса, онда сот сотталғанның өтініші бойынша оны бөліп төлеуді немесе төлеудің заңда белгіленген мерзімін кейінге қалдыруға құқылы. Егер сотталған адам айыппұлды дер кезінде төлемесе, жазаның бұл түрі сот арқылы күшпен орындауға жатады. Заңда айыппұлды төлеуден әдейі жалтарағаны үшін жауаптылық белгіленген. Әдейі жалтару деп сотталған адамның өзінің ақша қаражаттарын және басқа да мүмкіндіктерін төлеуден әдейі жасырып оны төлеуден ашық бас тарту болып табылады.
Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі жалтарған жағдайда ол осы Кодекстің 42, 43 және 46-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшері есебінен бір ай түзеу жұмыстарымен немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе он күнге қамаудың есебінен қоғамдық жұмысқа тарту мен түзеу жұмыстары немесе қамаумен ауыстырылады.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру: Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзгеде қызметпен айналысуға тиым салудан тұрады [3.14 б.].
ҚР қылмыстық кодексінің 41- бабында екі түрлі әр түрлі жаза бекітілген: белгілі бір лауазымды атқарудан және белгілі бір кәсіппен айналысу құқығынан айыру.
Жазаның бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстың мәніне қарай сотталған адамды одан әрі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдану мүмкін болмайтын жағдайда тағайындалады. Мұндай жаза, мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін (296-бап), тұтынушыларды алдаған адамдарға (223-бап), қызмет бабын пайдаланып сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленген немесе ысырап еткен лауазымды адамдарға (176-бап) қолданылуы мүмкін [3.60,80,110 бб.].
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қылмыстық жаза шарасы ретінде істелген қылмыстың мәніне қарай кінәлі адамды белгілі бір лауазым иесін белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қажет болғанда, мұндай адамдарға осы құқықтарды одан әрі жүзеге асыруға сеніп тапсыруға болмайтын реттерде қолданылады.
Мұндай жазаны қолдану негізінен қызмет бабын немесе кәсіптік қызметін пайдаланатын қылмысты қайталап жасауына бөгет қою, мұндай тәсілде қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылданудың өзара айырмашылығы мынада: біріншіден, сотталған адамды мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салады. Мысалы, материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымды қызмет атқармау.
Екіншіден, сотталған адамның белгілі бір қызметпен шұғылдануына тыйым салу. Мысалы, дәрігерлікпен шұғылдануға, адвокаттықпен шұғылдануға тыйым салу, көлік құралдарын жүргізуге байланысты кәсіпті атқаруды тыю және т.б.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру негізгі жаза ретінде қылмыстық заңның санкциясында ол туралы арнайы көрсетілген ретінде немесе Қылмыстық кодекстің 55 - бабының талаптарына сәйкес неғұрлым жеңіл жаза тағайындау кезінде қолданылады.
Жазаның бұл түрі қосымша жаза ретінде істелген іс-әрекет сараланатын қылмыс құрамының санкцияларында арнайы көрсетілген жағдайда немесе заңның санкциясында көрсетілмесе де кінәлінің істеген іс-әрекетінің мәніне қарай сот оны белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қажет деп тапса қолданылады. Мысалы, медицина қызметкерлерінің мамандық міндеттерін тиісті орындамаудың салдарынан адамның еңбек қабілетінің үштен бір бөлігі тұрақты жоғалса немесе ұзақ уақытқа денсаулығы бұзылып айыппұл немесе бас бостандығына шек қоюға жазалаумен бірге, қосымша жаза ретінде дәрігерлік қызметпен белгілі бір уақытқа шұғылдану құқығынан айыру жазасын тағайындауға да болады.
Сонымен, қылмыстық кодекстің 41 - бабының талабына сәйкес сот белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру жаза түрі заңның санкциясында көрсетілмесе де оны қолдану қажеттілігі туралы үкімде көрсетіле отырып қосымша жаза ретінде қолдануға құқылы. Сотталған адамдар сот белгілеген мерзім ішінде бұрынғы істеп жүрген жүйесінде мүлдем жұмыс істемеу туралы тыйым салуы заңда көрсетілмеген. Мысалы, сот үкімі бойынша белгіленген қойма меңгерушісі лауазымын атқаруға тыйым салынған адам, сол жүйеде жүк тиеуші, күзетші және басқа да материалдық игіліктерді басқаруға қақысы жоқ жұмыспен айналысуға құқылы немесе дәрігерлік қызметпен шұғылдану құқығынан белгілі бір мерзімге айрылған адам сол салада басқа жұмысты, атап айтқанда, санитарлық, шаруашылық меңгерушісі, лаборатория қызметкерлері сияқты жұмыстарды атқаруға құқылы. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру жазасын орындаудың тәртібі мен шарттары арнаулы Ережеде көрсетіледі.
Қылмыстық жазаның осы түрін қолдану барысында жазаның орындалу мерзімін есептеудің маңызы аса зор.
Бұл жазаны бостандығын шектеуге, қамауға алуға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретінде тағайындау кезінде сол жазылаудың аталған негізгі түрлерін өтеудің барлық уақытына қолданылады. Бірақ бұл орайда оның мерзімі олардың өтелген сәтінен бастап есептеледі. Жазалаудың басқа негізі түрлеріне қосымша жаза түрі ретінде белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ шартты түрде сотталған кезде оның мерзімі үкім заңды күшіне енген сәттен бастап есептелінеді.
Осы жаза қолданылған сот үкімі күшіне енгеннен кейін ол қасақана орындалмаса оған кедергі жасаған адам Қылмыстық кодекстің 362 - бабы бойынша жауапқа тартылады [3.135 б.].
Қоғамдық жұмыстарға тарту:
Қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті атқару органдары белгілеген жұмыстарды сотталған адамның қоғамның пайдасына тегін істеуі айтылады. Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі баптардың санкцияларында тікелей көрсетілген жағдайларда қолданылады. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығын сот 60 сағаттан 200 сағатқа дейін, күніне 4 сағаттан аспайтын мөлшерде тағайындайды және сотталған адам оны негізгі жұмысынан және оқуынан бос уақытында тегін өтейді. Сотталған адамдардың істейтін қоғамдық жұмыстарының тізбегі жергілікті атқару немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы белгіленеді. Сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған ретте олар қылмыстық кодекстің тиісінше 45 және 46-баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен немесе қамауға алумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адам қоғамдық жұмысты өтеген уақыт сегіз сағат қоғамдық жұмыс үшін бас бостандығынан шектеудің немесе бір күн қамауда болу есебімен есептеледі.
Әскери қызметшілерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалмайды.
Түзеу жұмыстары:
Түзеу жұмысы сотталған адамды мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде көрсетілген мерзімде оның ай сайынғы табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстауды білдіретін қылмыстық жазаның бір түрі болып табылады. Бұл жаза түрі жазаның санкцияларында арнаулы көрсетілген реттерде ғана қолданылады [3.15 б.].
Түзеу жұмысында сотталған адам бас бостандығынан айырылмайды, отбасынан, еңбек ұжымынан бөлінбейді, өзінің жұмысын, қызметін сотталғанға дейін еңбек еткен ұжымында жалғастыра береді. Оның түзелуі осы өзі істеген еңбек ұжымы шеңберінде, қоғамнан оқшауланбай жүзеге асырылады. Мұның өзі сотталған адамға еңбек ұжымы әкімшілігінің, отбасы мүшелерінің, жақындарының бақылау жүргізуіне толық мүмкіндік береді.
Сонымен бірге түзеу жұмысы бас бостандығынан айыру жазасы сияқты сотталған адамға белгілі бір дәрежеде жазалау ықпалы арқылы да әсер етеді.
Түзеу жұмысы тағайындалған сотталған адамның түзелуі міндетті түрде қоғамға пайдалы еңбекке қатыстырыла отырылып бұрынғы немесе басқа ұйымда жүзеге асырылады. Жазаны өтеу мерзімінде сотталған адамның еңбегі мәжбүрлі сипатқа ие болады. Жаза өтеу мерзімі оның жалақысының белгілі бір бөлігі мемлекет пайдасына өндіріледі. Түзеу жұмысы жазасын өтеу мерзімі жеңілдіктер мен жалақыға қосымша алауға негіз болмайды. Бұл жазаға сотталған адамдар өз бетінше жұмыстан кетіп қалуға қақысы жоқ. Мұндай ретте жұмыстан босату үшін жазаның орындалуын іске асыратын - қылмыстық орындау инспекциясының келісімі қажет. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі бойынша түзеу жұмыстары адамның жұмыс орны бойынша ғана өтеледі. Түзеу жұмысын жұмыс орнында өтеу деген сөз сотталған адамды бұрынғы сотталғанға дейінгі лауазымында немесе кәсібімен шұғылдана беруге болады деген мағынаны білдірмейді. Егер қылмыс лауазымды жағдайына немесе қызметіне байланысты жасалған болса, онда сотталған адам басқа жұмысқа немесе басқа жұмыс орнына ауыстырлуы мүмкін. Бірақ үкім сотталған адамның жұмыс орнында өтелуі тиіс түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленеді және сотталған адамның ай сайынғы табысынан 5 проценттен 20 процентке дейінгісі мемлекет кірісіне ұсталады.
Қылмыстық кодекстің 43-бабының 3-бөлігіне сәйкес: түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде бес проценттен жиырма процентке дейінгі шекте мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізіледі.
Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптың санкциясымен айыппұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу жұмысы үшін заңмен белгіленген бір айлық есептің көрсеткішке тең айыппұл сомасының есебінен сот түзеу жұмыстарының орнына айыппұл тағайындалуы мүмкін. Егер аталған мән-жайлар жазаны өтеу кезінде пайда болса, сот түзеу жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.
Қылмыстық кодексте түзеу жұмыстарын сотталған адамның жазасын өтеуден әдейі бұлтарғаны үшін жауаптылық белгіленген мұндай жағдайда сот түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығын шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазалауға ауыстыра алады.
Қылмыстық-атқару заңы бойынша: 1) Сотталған адамға инспекцияның жұмысқа кірісу туралы берген ескертпесінен 15 күн өтіп кетсе; 2) инспекцияға жазбаша ескертпеден кейін себепсіз жағдайлармен келмесе; 3) белгіленген міндеттерді және тыйым салынған әрекеттерді жазбаша ескертуден кейін бұзса; 4) бұрынғы ескертуге қарамастан тағы да жұмысқа мас күйінде келсе немесе мүлдем келмей қалса; 5) сотталған адам түзеу жұмысын өтеуден бас тарту мақсатында бой тасалап қалса әдейі жалтарған деп саналады.
Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау қылмыстық - атқару инспекцияларына жүктелген. Оны орындаудың тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық - атқару кодексімен реттеледі.
Әскери қызмет бойынша шектеу:
Әскери қызмет бойынша шектеу жазаның негізгі түрі болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 44 - бабының 1 - бөлігіне сәйкес: келісім - шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге, сондай-ақ шақыру боынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда әскери қызметке қарсы қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады.
Сонымен, қылмыстық заңда осы бапты қолдану үшін бірнеше шарттар белгіленген. Біріншіден, бұл жаза келісім-шарт бойынша әскери қызмет өтеп жүрген сотталған әскери қызметшілерге; екіншіден, шақыру бойынша әскери қызмет өтеп жүрген офицерлерге; үшіншіден, бұл жаза көрсетілген адамдардың тек әскери қызметке қарсы (Қылмыстық кодекстің 16-тарауы) қылмыс жасағаны немесе Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына қолданылуы мүмкін[3.136 б.].
Қылмыстық кодекстің 44-бабының 2-бөлігінде әскери қызмет бойынша шектеудің екі түрі көрсетілген:
1) Осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның лауазымы көтерілмейді (батальон командирі полк командиріне, дивизия командирі армия командирі лауазымына).
2) Осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның кезекті әскери атағы жоғарыламайды (мысалы, лейтенант аға лейтенантқа, аға лейтенант капитанға жоғарыламайды). Бұл жазаны өтеу мерзімі әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген мерзімге есептелмейді.
Қылмыстық кодекстің 44-бабында көрсетілмеген әскери қызмет бойынша шектеуге жол берілмейді.
Осы жазаны өтеу мерзімі Қылмыстық кодекстің 44 - бабының 1 - бөлігінде үш айдан екі жылға деінгі мерзім деп белгіленген.
Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлес қаражатынан соттың үкімімен белгіленген, бірақ 20 проценттен аспайтын мөлшерде мемлекеттің кірісіне ақша ұсталып қалады (44 - бап, 2 - бөлігі).
Бас бостандығын шектеу:
Бас бостандығын шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнаулы мекемеде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге оны қадағалауды жүзеге асыру жағдайында ұстаудан тұрады. Бас бостандығын шектеуді қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе түзеу жұмыстарымен ауыстырған жағдайда ол бір жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін [3.15 б.].
Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде жеке-дара тағайындалады. Бас бостандығын шектеу негізгі жазаға балама ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің көптеген баптарының санкцияларында арнайы көрсетілген. Мысалы 108 - баптағы денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру, 101 - баптағы абайсызда кісі өлтіру, 102 - баптағы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, т.б. құрамдар. Бас бостандығын шектеуге сотталғандар жазаны арнаулы мекемелерде - қоныс колонияларында Республика көлемінде өтейді. Жергілікті өкімет және басқару органдары осы жазаны өтеуге жіберілгендерді еңбекке орналастыруға міндетті. Бас бостандығын шектеу мерзімі заңда 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзім деп белгіленген. Заң бойынша бас бостандығын шектеу мына адамдарға қолданылмайды:
ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдарға, әскери қызметшілерге, сондай-ақ тұрақты тұратын жері жоқ адамдарға(45 бап, 3 - бөлігі).
Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден әдейі жалтарған жағдайда сот бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыра алады. Бұл орайда бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен бас бостандығынан айыру мерзіміне есептеледі (45 - бап, 2 - бөлігі).
Бас бостандығын шектеу жазасын өтеудің тәртібі және шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі бойынша белгіленеді.
Қамау:
Бұрынғы Қазақ ССР-нің Қылмыстық кодексінде қамау жаза түрі ретінде қарастырылмаған болатын. Жазаның бұл түрі тұңғыш рет Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде негізгі жаза ретінде енгізіліп отыр. Қылмыстық кодекстің 46 - бабы, 1 - бөлігіне сәйкес қамау дегеніміз сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады.
Қамау өзінің мәні жөнінен қысқа мерзімдегі бас бостандығынан айыру болып табылады. Қамау негізгі жаза ретінде сот арқылы заңда тура көрсетілген ретте ғана тағайындалады. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz