Мектеп жасына дейінгі балаларға құрастыру туралы түсінік беру және оның балалар үшін маңызы
Астана қаласының Білім басқармасы
Гуманитарлық колледж
Мектепке дейінгі және шығармашылық пәндер бірлестігі
Мектепке дейінгі баланың жақ-жақты дамуы үшін құрастырудың маңызы
Курстық жұмыс
Кажкенова Ж.Ө.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
мамандығы бойынша
3 курс студенті
Жетекші: Жақсылықова Г.Б.
Мектепке дейінгі педагогика және
жеке әдістемелер оқытушысы
Астана, 2012
Мазмұны
I Кіріспе бөлім
0.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға құрастыру туралы түсінік беру және оның балалар үшін маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
0.2 Құрастыру материалдарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...
II Негізгі бөлім
2.1 Сәбилер топта құрастыруға үйретудің міндеттері және олардың күрделенуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Естияр топта бағдарлама міндеттері, бағдарламаны өту ... ... ...
2.3 Ересек топ балаларымен жұмыста тәрбиеші құрастыруға үйретудің пайдаланылатын әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Мектеп жасына дейінгі даярлық топта балаларды жалпылама құрастыруға үйрету. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
III Тәжірбиелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
3-4
4-6
7
7-10
10-12
12-20
21-26
I Кіріспе бөлім
1.1 Сәбилер топта құрастыруға үйретудің міндеттері және олардың күрделенуі
Құрастыру термині (латынның construere деген сөзінен шыққан) әр түрлі заттарды, бөліктерді, элементтерді белгілі бір жағдайға келтіруді білдіреді.
Балалардың құрастыруы дегеніміз-құрылыс материалдарынан әр түрлі құрылыстар салу, қағаздан, картоннан, ағаштан және басқа материалдардан ойыншықтар мен бұйым жасау. Өзінің сипаты бойынша ол әр уақытта бейнелеу іс-әрекетіне және ойынға ұқсайды, сонымен бірге онан айналадағы болмыс та көрінеді. Балалардың құрылыстары мен бұйымдары практикалық пайдаланылуға қызмет етеді (құрылыстар ойын үшін, бұйымдар - шыршаны безендіру үшін, анасына сыйлық үшін және т. б, ), сондықтан олар өзінің міндетіне сәйкес болуы керек.
Құрастыру іс-әрекеті дегеніміз-бұл өзінің функционалдық қызметіне сәйкес бұрыннан ойластырылған, белгілі бір нақты өнім алуға бағытталған тәжірбиелік іс-әрекет.
Балалар бақшасындағы тәрбиелеу бағдарламасын құрастыруға барлық жас тобындағы балалармен жұмыс істеуде маңызы зор деп есептейді, өйткені оның алғырлыққа, адамгершілікке, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне баулуда мүмкіндігі мол.
Құрастыру сабағында балалардың ойлау қабілеті мен сенсорлығы іске асады. Дұрыс ұйымдастырылғаніс-әрекетте балалар тек қана құрастырудағы-техникалық іскерлікті меңгеріп қоймайды (құрылыс материалдарынан жекелеген заттарды салу-үй, көпір және т. б. немесе қағаздан әр түрлі бұйымдар жасау-шыршаойыншықтары, кішкентай қайықтар және т. б. ), сонымен бірге заттарды белгілі бір мақсатпен қарап, оларды өзара салыстырады және бөліктерге жіктейді, олардан ұқсастық пен айырмашылықты көреді, негізгі құрастыру бөліктерін табады, оның басқа бөліктермен байланыстылығына ой жіберіп, талдау жасауды меңгереді.
Құрастыру іс-әрекеті үрдісінде балалардың ойлауынын тәжірбиелік және шығармашылық сипатының болуының маңызы зор.
Құрастыруды үйренуі кезінде балалардың жоспарлы ойлау іс-әрекеті дамиды, бұл-іскерліктің қалыптасуындағы маңызды фактор болып табылады. Балалар құрылысты немесе бұйымды құрастыра отырып олардың қандай болатынын ойша елестетеді және оларды қандай жүйеде қалай жасалатынын күні бұрын жоспарлайды.
Құрастыру іс-әрекет геометриялық денелерді және кеңістіктік қатынастардың қасиетін тәжірбиеде тануға қабілетті етеді. Осыған байланысты балалардың сөйлеуі басқа әрекеттердің түріне сирек қолданылатын жаңа терминдермен, түсініктермен байиды (төрт қырлы бөрене, куб, пирамида және т. б), түсініктерді дұрыс қолдануға балалар жаттыға түседі (жоғары - төмен;ұзын-қысқа, жалпақ-тар, үлкен-кіші); бағыттарды да дәл айтатын болады. (үсті-асты, оңға-солға, төмен-жоғары, артынан-алдынан, жақын, т. б).
Құрастырудағы іс-әрекет сондай-ақ мектепке дейінгілерді адамгершілікке тәрбиелеуде де негізгі құрал болып табылады. Осы іс-әрекет үрдісінде жеке бастың мынадай маңызды қасиеттері-еңбек сүйгіштік, дербестік, талапкерлік, ұйымдастырушылық, мақсатқа жету үшін табандылық-қалыптасады.
Балалардың бірігіп жасаған құрастыру іс-әрекеті (ұжымдық құрылыстар, бұйымдар) ұжымда жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады-іскерлік алдын-ала келісіледі (міндеттердің бөлінуі керек, құрылыстар немесе бұйымдарды жасауда материалдарды таңдау және т. б. ), бір-біріне қадағаланады.
Балалардың анасына, әжесіне, апасына, өзінен кіші жолдастарына, құрдасына сыйлыққа әр түрлі ойыншықтар мен бұйымдарды дайындауы оларды жақындары мен туысқандарына ұнамды бір нәрсе жасауға, қамқор болуға және ілтипаттылыққа тәрбиелейді. Міне, осы әрекет баланы ерекше ынтамен және ықыласпен еңбек етуге итермелейді, ал бұның өзі оның іс-әрекетінің орнықты болуына және өзінің қанағаттануына жағдай жасайды [1].
Сайып келгенде, құрастыру іс-әрекеттің эстетикалық сезімді тәрбиелеуде де үлкен маңызы бар. Балалардың қазіргі кездегі құрылыстармен және олардың түсінігіне жеңіл сәулет өнерінің ескерткіштермен танысуы (Кремль, Үлкен театр және т. б) көркемдік талғамын, сәулет өнерінің қазынаға қызығуын және оны түсінуін дамытады, кез келген ғимараттың бағалылығы оның тәжірбиелік мәніне сәйкестігіне емес, сонымен бірге оның безендірілуінде, түрлерінің анық және қарапайымдылығында, түс үйлесімінің беріктігінде, безендірілуінің ойлылығында жатқандығын пайымдайды. Табиғи материалдардан бұйымдарды дайындау балаларда тек техникалық іскерлік пен дағдыны қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың айнала қоршаған дүниеге көзқарасын қалыптастырады-балалар гауһар тас мүгінің әдемілігін және шетен ағашының алқызыл, ал ал ағаштардың бұтақтары мен тамырларының таңғажайып әрі келісті, нәзік үйлесімділігін сезіп және көре бастайды.
Алайда мұндай балаларды жан-жақты тәрбиелеудің мәні құрастыру іс-әрекетті оқыту жүйелі түрде іске асқан жағдайда ғана, түрлі әдістер қолданылып, құрастыру іскерлік пен дағдының ғана емес, сонымен бірге баланың жеке басының озық қасиеттері мен ақыл-ой қабілетінің дамуына бағытталғанда ғана өріс алады.
0.2 Құрастыру материалдарының түрлері
Балабақшада балалар құрастыруда іс-әрекетті үйренген кезде құрылыс материалдарын, құрастырғыштар қағазды, (құнсыз) және табиғи материалдарды пайдаланады. Материалдардың түрі құрастырудың түрін анықтайды-құрылыс материалынан құрастыру, қағаздан құрастыру, табиғи материалдан құрастыру және т. б.
Құрылыс материалы әр түрлі геометриялық денелер жиынтығынан тұрады (куб, цилиндр, призма және т. б). Ол ұсақ (үстел үстіне қоюға болатын) және ірі болып бөлінеді.
Сабақта М. А. Агапованың ұсақ құрылыс материалдарынан жасаған түрлі жиынтығы, ғылыми-зерттеу институттары ойластырып жасаған №2, 3, 4, 5, 6, 7 ойыншық жиынтықтары, Коммунар ойыншықтары және т. б. ойыншықтар пайдаланылады. Сабақ кезінде балаларды тек қажетті бөліктерді таңдап алуға үйрету үшін олардың материалдарды өздері соғып жатқан құрылысқа қажетті материалдардан әлдеқайда көп болуы керек.
Балалардың құрастырудағы іс-әрекетін құрылыс материалдарынан ұйымдастыра отырып, тәрбиеші адамдарды, хайуанттарды, өсімдіктерді, көліктерді т. б. бейнелейтін әр түрлі ұсақ ойыншықтарды пайдаланады. Мектепке дейінгі жастағы балалар айналасындағы заттарды жасай отырып нақты (жалпы емес) мақсатпен қоянға үйшік, көліктер мен жаяу адамдарға арнап көпір және т. б. тұрғызады. Құрастыруда ойыншықтарды пайдалану баланы ойлы және ізденімпаз болуға баулиды, балалардың іс-әрекетінің одан әрі дамуына мүмкіндік туғызады.
Құрылыс материалдарын бөліктердің түріне, түріне қарай салынатын қуысы бар арнаулы сөреде сақтау ыңғайлы, өйткені балалар кез келген уақытта оларды тез тауып алатындай болуы керек.
Материалдарды түрі бойынша салу олардың жұмыс істеуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге бұл түрлерінің атын еске сақтауды тездетуге мүмкіндік береді [2].
Құрастырғыштар. Мектеп жасына дейінгі ересек балалар сабақтан тыс уақытта әр түрлі құрастырғыштарды пайдаланады (ағаш, пластмасса, металл қыш). Олар бөліктерді бекіту әдісі едәуір күрделі қозғалмалы құрастырулар жасауға мүмкіндік береді.
Тәрбиешінің басышлығымен балалар жаңа бекіту әдістерін меңгереді, сурет және сызба бойынша әр түрлі қозғалмалы құрастырулар жасауды үйренеді. Мұнда балалардың бөліктерді гайка және гайкалық кілтпен бекіту іскерлігіне ерекше көңіл бөлінеді, өйткені бұл мектепке дейінгі балалардың қолының жетілмеген майда бұлшық еттерінің қатысуын қажет етеді.
Балабақшада әр түрлі тақырыптық құрасытрғыштар болады: Ю. П. Серебряковтың Көпірі, М. П. Борисовтың Автомобильді жина атты құрастырғышы, Жүк көтергіш краны және Жас кеме жасаушысы, сондай-ақ Гараж, Өзің жаса атты құрастырғыштар және т. б.
Осы құрастырғыштарды балаларға берер алдында тәрбиеші оның әрқайсысына салынған жинаудың әдістемелік нұсқауын өзі әбден зерттеп біліп алуы, балаларға нені егжей-тегжейлі түсіндіретінін, ал олардың нені өздері істеу керектігін ойлануы керек [3].
Құрылыс материалы мен құрастырғыштар жиынтығының барлығын бірден бермей, балалардың оларды игеруіне қарай біртіндеп беріп отырған жөн. Содан кейін балалар тәрбиешінің басшылығымен түрлі кқұрастырғыштарды құрастырғаннан кейін оын қол еңбегімен және үстел үстіне ойналатын ойыншықтармен бірге бұрышқа қояды және балалар оны өзінің дербес іс-әрекетіне пайдаланады.
Қағаз, табиғи және құнсыз материалдар. Бұл материалдар балабақшада (жеке, бір-бірімен үйлесімді түрде) әр түрлі ойыншықтар және бұйымдар жасау үшін кең қолданылады, бұл балдырғандарға пайдалы ғана емес, сонымен бірге олар үшін қызықты сабақ болып та табылады.
Балаларға қағаздың тығыз, қалың, жылтыр, жартылай жылтыр, сондай-ақ жұқа қағаз сияқты әр түрлі түрлері беріледі.
Табиғи материалдың әр түрлілігі (емен жаңғағы, бүршік, бұтақ, дән, шөп және т. б) және өңдеудің жеңілдігі мектепке дейінгілермен жұмыс істеуде оны кең пайдалануға көп мүмкіндік береді.
Тәрбиеші балалармен бірге табиғи материалды дер кезінде дайындайды және оның қорын бүкіл жыл бойына толықтыра түседі. Мысалы жазда шалғыға оратылып қалатын ұзындығы бірдей өлең шөпті, тең болып буылған сабанды жинайды, қарағай, шырша, қандыағаш, саз, қарағай, самырсын, бал қарағайларды да жинайды да, соңынан ағаш желімімен өңдейді (олар қыста кеуіп жарылып кетпес үшін). Жаңғақтар мен талшындар ағаштан үзіліп түсісімен дайындалады (кеуіп қурап кеткен жаңғақ пен талшын сынып, майдаланып жұмысты қиындатады). Жемістердің дәнектерін (өрік, алхоры, шабдалы) жақсылап жуып және кептіріп кез келген уақытта, ал шаған мен үйеңкінің тұқымын тек қыста ғана жинайды.
Материалдың әр түрі жеке қорапта немесе пакетте сақталады.
Бұйымдарды жасау кезінде қосымша материалдар: қағаз, картон, ермексаз, сым, сіріңке, казеинді, синтетикалық, декстриндік желімдер және пышақ, қайшы, біз, ине сияқты құралдар пайдаланылады.
II Негізгі бөлім
2.1 Бірінші сәбилер топта құрастыруға үйретудің міндеттері және екінші сәбилер топта олар қалай күрделенеді?
Бірінші кішкентайлар тобындағы балаларды алдымен құрылыс материалдарымен (кірпіш, кубик), олардың үстел үстінде қалай тұрғандығымен (тікесінен бе, әлде ұзынынан ба) және әр түрлі жағдайға байланысты орнықтылығымен таныстыру керек. Кірпіштерді (пойыз, жол) көлдеңенінен орналастыруды үйрету керек, бірінің үстіне бірін қойып, қарапайым құрылысты (қақпа, үй) немесе одан гөрі күрделірек құрылысты (шарбақ) бейнелей отырып, олардың орналасуын түрліше комбинациялау керек. Тәрбиеші балдырғандарға айнала қоршаған өмірдегі таныс құбылыстар мен құрылыстар арасындағы ұқсастықты табуды үйретеді.
Екінші кішкентайлар тобындағы балаларды тек қана негізгі құрылыс бөліктерін айыра білуге (кубик, кірпіш, пластина) ғана емес, сонымен бірге, оларды атауға, сондай-ақ үлкен-кіші, ұзын-қысқа, жоғары-төмен сияқты сөздерді дұрыс түсінуге және қолдануға үйретеді; кірпіштерді шеңбер бойынша, төртбұрыш бойынша кішкентай жазықтыққа бірдей қашықтыққа орналастыруды үйрету қажет [4].
2.2 Естияр топта бағдарлама міндеттері, бағдарламаны өту
Құрылыс материалынан құрастыру
Бағдарлама міндеттері
Бұл топтағы балалар таныс бөліктердің аттарын бекітумен қатар (кубик, шағын кірпіш, пластина) жаңа бөліктерді дұрыс қолдануға және аттауға айыра білуге, олардың негізгі құрастыру қасиеттерін ескере отырып (мөлшері, беріктігі, пішіні) үйренеді.
Балалар құрылысты өздігінен талдауға - оның негізгі бөліктерін бөліп көрсетуге және олардың мөлшері мен пішінін айыруға, осы бөліктердің өзара бір-бірінен түрлі қашықтықта орналасуын (көлік моторын, кабинасын, қорабын және т. б. бөлуге) және олардың атқаратын жұмысын үйренеді.
Егер кішкентайлар тобындағы балалар негізінен тәрбиешінің үлгісімен, көрсетуімен үй тұрғызуды үйренсе, онда естиярлар тобындағы балалар аталған тақырып бойынша (оларға таныс), шарт бойынша және өзінің ойынша жасауды үйренеді. Сонымен бірге құрылыстың жүйелілігін жоспарлауды үйретуге, мазмұнына сәйкес түрі, көлемі және беріктігі бойынша бөліктерін күні бұрын іріктеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл топта балаларды өздері құрастыратын ойыншықтардың қасиеттерін бөліп көрсетуге, осы қасиеттері бойынша заттарды топтауға және салыстыруға үйрете бастайды, әр түрлі заттар туралы сәтті шыққан құрылыстың тәжірбиелік қолданылуы туралы және олармен ойнау мүмкіндігі туралы жинақталған түсініктер қалыптасады.
Балалар қарапайым құрылысты жасай отырып құрастырудың техникалық дағдыларын меңгереді.
Бағдарламаны өту
Жылдың басында екінші кішкентайлар тобының біршама күрделенген бағдарлама тақырыпшасын қайталайтын екі-үш сабақ жүргізіледі, мысалы қақпа (кең, тар, биік), жиһаз, әр түрлі ойыншықтардың түрі мен үлкендігіне арналған гараж құрылысы.
Тәрбиеші мәселен, гаражды қалай тұрғызу керектігін көрсете отырып, оның мөлшері онда қандай машинаны қоятындығына байланысты екендігін атап көрсетеді; егер жүк машинасы болса, онда ол үлкен, ал егер жеңіл машина болса кішірек болады. Сондықтан гаражды жасауды бастамас бұрын оның қандай машинаға арналғандығын білу керек.
Келесі сабақтарда балалар тәрбиешінің көрсетуімен және үлгі бойынша көпір, ұшақ, трамвай, автобус, троллейбус, қарапайым құрастыратын жүк көлігін жасайды. Балалар бұл жерде цилиндрмен танысады. оны дұрыс атауға, қасиетіне сәйкес оны құрылыста қолдануға үйренеді.
Әрбір құрастыруға балалардың меңгеруі үшін бірнеше сабақ арналады, соның біріншісінде балалар үлгі бойынша жасауға, ал одан ары қарай берілген жағдайға сәйкес бұл үлгіні өз бетінше қайта жасауға, яғни бірнеше құрастырулық міндетті шешуге үйренеді.
Мысалы, үлгі бойынша көпірді қалай салу керектігін үйренгеннен кейін (тірек пен көпір жабындыларын қалай жасайтынын, бұл үшін қандай бөліктерді пайдалануға болатынын және т. б. білгеннен кейін), оларға қайта жасау әдістерін көрсетпей-ақ, биік немесе кең көпір жасауды ұсынады. Бұдан ары балалар өздерінің қолдарындағы құрылыс материалдарына сүйене отырып өзінің көпірінің құрастырылуын ойластырады. Немесе үлгі және тәрбиешінің көрсетуі бойынша жүк көлігінің құрастырылуын балалар меңгергеннен кейін, оларға белгілі бір жүкті тасуға арналған көлікті жасауды ұсынуға болады: әрбір балаға қорап беріледі (ересек балалар жасаған) және бала оның мөлшерін басшылыққа ала отырып тиісті көлікті жасайды.
Кез келген тақырып біртіндеп күрделенген бірнеше құрастырылумен ұсынылуы мүмкін. Олардың әрқайсысын бала тәрбиешінің басшылығымен меңгереді, ал оның әр түрлі нұсқаларын өз беттерінше орындайды (биік, ұзын, кең). Бұл балаларда тек әрекеттің жинақталған әдістерін қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге құрастырылатын заты туралы жинақталған түсінік алуына және өздігінен ойлауының дамуына ықпал етеді.
Екінші жарты жылдан бастап балаларға тапсырманы орындаумен қатар ойша құрастыру ұсынылады. Оның негізгі міндеті қалыптасқан дағдыны бекіту, ынта мен дербестігін дамыту, құрылыста өзінің ойын шығармашылық тұрғыдан іске асыру қабілетін қалыптастыру болып табылады [5].
Қағаздан, құнсыз және табиғи материалдардан құрастыру
Бағдарлама міндеттері
II тоқсаннан бастап балаларды жаңа құрастыру материалдары- қағазбен және оның ерекшеліктерімен таныстырады. Бұрыштары мен жақтарын бірдей етіп, бүктеу сызығын түзулеп тегістеп, тікбұрышты бір парақ қағазды екіге бүктеп беттестіруді, негізгі түрге бөліктерді жапсыруды (үйге-терезе, есікті, мұржаны, автобусқа-дөңгелекті) үйретеді.
Бөліктерін бекітуге ермексазды пайдалана отырып, осы жас тобының тәрбиеленушілерін қабық, бұтақ, жапырақ, бүршік, жаңғақ қабығы тәрізді табиғи материалдардан бұйымдар жасауға тарта бастайды. Сонымен бірге тәрбиеші табиғи материалдың мүмкіндіктерін және әр түрлі бұйымдар жасауда оны пайдаланудың мақсаттылығын балалардың алдына жайып салуға тырысады.
Қағаздан және табиғи материалдардан бұйымдар дайындау үрдісінде балаларда жалпы іскерлік пен дағды қалыптасады: заттарды талдау іскерлігі, жүйелі және жоспарлы жұмыс істеу іскерлігі, басталған істі аяғына жеткізу, сондай-ақ көз мөлшерлігі қолдарының қозғалуының нақтылығы дамиды және т. б.
Бағдарламаны өту
Тәрбиеші алғашқы сабақта қағаздан жасалған бірнеше заттарды, ойыншықтарды (үйшік, кішкентай кәрзеңке, альбом және т. б) көрсетеді, қағазды бүктеу және оны желіммен жапсыру жолымен, шыршаны безендіру үшін, ойынға арнап, анасына сыйлық үшін және т. б. қызықты ойыншықтар жасауға болатынын айтады.
Бірінші сабақта-ақ балалар қағазды қақ ортасынан бүктеуді үйренеді. Тәрбиешінің көрсетуімен және түсіндіруі бойынша сурет салу үшін түрлі түсті мұқабалы альбом жасайды. Келесі сабақтарда шырша әшекейі бұйымдарын жасауда, анасына сыйлыққа 8 наурызға арналған жазба кітапшасын жасауда бұл іскерлік беки түседі.
Келесі сабақтарда үйшік, автобус, жүк көлігін дайындау кезінде балалар дайын түрлерден ойыншықтар жасауды, негізгі бөліктеріне жеке бөліктерді үйшікке, есікті, терезені, мұржаны, ал автобусқа терезе мен дөңгелекті және т. б. жапсыруды үйренеді. Осындай тапсырмаларды орындау тек қана техникалық дағдыны (қағазды бүктеу, жапсыру және т. б) қалыптастыруға қабілетті етіп қоймай, сонымен бірге балалардың ақыл-ой, іс-әрекетін, олардың өз бетімен әрекет әдістерін іздеуін арттырады.
Ойыншық жасауды бастамастан бұрын балалар түрлерді бір-бірімен қалай біріктіруді, қай бөлігін желіммен жапсыруды және т. б. ойланады.
Жазғы кезеңде балаларды табиғи материалдардан бұйымдар жасауға қатыстыра бастайды. Бәрінен бұрын тәрбиеші осы материалдармен таныстырады және бұрын дайныдалып қойған қарапайым бұйымдарды (жапырақтан жасалған бөрік, грек жаңғағының қабығынан жасалған кірпі мен қайық бүрлерден жасалған шымшық және т. б. ) қалай пайдаланатындығын демонстрация жасап көрсетеді.
Тәрбиеші балаларды жеке заттардың арасындағы ұқсастықты таба білуге (шырша бүрі-балықтың денесі, грек жаңғағының қабығы-қайықша және т. т) және оны өзінің бұйымдарында қолдана білуге үйретеді. Тәрбиеші бөліктерді бекіту үшін материалдың түсіне сәйкес (қабық, бүршік және т. б. ) ермексаздың түсін таңдауды ұсынады.
Қағаздан және табиғи материалдан құрастыру жөніндегі сабақ әдетте құрылыс материалдарынан құрастыру жөніндегі сабақ пен кезектестіріледі. Кейде білім берудің нақты міндетіне байланысты тәрбиеші бұл кезектестікті сақтамайды.
2.3 Ересек топ балаларымен жұмыста тәрбиеші құрастыруға үйретудің пайдаланылатын әдіс-тәсілдері
Құрылыс материалдарынан құрастыру
Үйретудің әдіс-тәсілдері
Ересектер тобындағы балаларды үйрету кезінде М. П. Агапованың (толықтырылған) құрылыс жиынтығын, Коммунар жиынтығын (кубиктер, кірпіштер, үш қырлы кішкентай призмалардың санын көбейте отырып), сондай-ақ ғылыми-зерттеу институтында талданған №2, 5 және 6 ойыншықтар жиынтықтарын пайдалануға болады.
Бұл жастағы топтың балаларына құрылыс материалынан құрастыруды үйретудің негізгі әдісі ақпараттық - рецептивті, репродуктивті, тергеушілік және эвристикалық болып табылады. Балалар бейнелеу обьектілермен үлгісі, түсіндіру, көрсету, серуенде алдын ала мақсатты байқау жүргізу арқылы, суреттер мен фотографиялары бойынша танысады.
Алайда бұл әдістерді пайдалану бәрінен де бұрын жеке құрастыру міндеттердің шешімін табуда, балалардың жеке дара іскерлігін дамытуды қарастырады. Мысалы, тек құрылыстың өзі ғана емес, сонымен бірге оның суреттегі немесе фотографиядағы (жалпы түрі) бейнесі үлгі болып табылады: түсіндіру көпшілік жағдайда жеке сипатта болады, ал көрсетуді тек жаңа тәсілдерді қолданғанда ғана пайдаланады.
Кеме құрылысы тақырыбына сабақты осылай ұйымдастыра отырып, бөліктерді пайдалануды түрлендіру іскерлігін үйрету мақсатымен тәрбиеші сабақтың тақырыбын хабарлайды және кеменің жасалу үрдісін көрсетпей отырып кеме құрылысының дайын үлгісін ұсынады. Кемені зерттеп болғаннан кейін балалар өзеріндегі бар материалдардан сондай етіп жасайды. Сабақтың соңында тәрбиеші жүйелі түрде балалардың кемені қандай бөліктерден жасағандығын атап өтеді, құрылысты өзара салыстыруды және ұқсастықтарын табуды ұсынады.
Осындай түрдегі сабақты жүргізу тәрбиешіден үлкен және мұқият дайындықты қажет етеді.
Ол күні бұрын бөліктердің үйлесімді бірнеше түрлерін (4-5) таңдап алады, сонымен бірге әр түрлі құрылыс жиынтықтарын пайдалана отырып, бір столдың басында отырғандарға әр түрлі үйлесімді нұсқалары болатындай етіп балаларға таратып береді.
Егерде балалар алдыңғыдан елеулі түрде ерекшеленетін құрылыстың жаңа әдісін игеретін болса (мәселен, алаңды әр түрлі конфигурациямен қоршайтын қаша құрылысын өткен сабақтағы сияқты), онша тәрбиеші бұл әдісті көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге құрылыстың барлық үрдісін тәпіштеп түсіндіреді [6].
Тәрбиеші балаларды үлгіні және обьектіні оларға жанама сұрақтар беріп жеке өз бетімен талдауға үйретеді. Сонымен, сырғанақтың үлгісін зерттеуде оның бөліктерін (тірек, ылдиқұлама, жол, баспалдақ( бөліп көрсетеді, ал сырғанақ биік (төмен) болуы үшін не істеу керек? деп қою арқылы балаларға негзігі құрастырушылық бөлік тірек болып табылатындығын түсіндіреді. Өзге бөліктерінің орналасуы нақ осы тірекке байланысты, құрастырушылық бөлігіне басқа бөліктерінің көмекші бөлік екеніне байланысты оның тірек болып табылатынын балалардың түсінуіне көмектеседі.
Балаларға бір бөлікті екіншісімен ауыстыру іскерлігін үйрете отырып, тәрбиеші кейде құрылыс үрдісінде Ойлан, кесілген көп қырлы бөренені немен ауыстыруға болады деген сияқты міндеттерді жеке шешуге бағыттайды. Үлкендердің мұндай сұрақтары балаларды тек белсендіріп қоймайды, сонымен бірге олардың ақыл-ойының дамуына ықпал жасайды [7].
Балалар өзінің жеке құрастырушылық ойын іске асыру үшін тәрбиеші оларға өздерінің болашақ құрылыстары туралы, ол қандай бөліктерден және оның қалай жасалатыны туралы айта білуді үйретеді. Осы құрылыстарды талдау кезінде құрылыс материалы мен жекелеген элементтерін біріктіру тәсілдеріне байланысты заттың құрастырылуы әр түрлі болатындығын көрсету маңызды.

Қағаздан және басқа материалдардан құрастыру балаларды үйрету кезінде тәрбиеші негізінен бұйымдардың жасалуын кезең бойынша көрсету, олардың орындалу жүйелігін түсіндіру, дайын үлгіліерді зерттеу, олардағы бар тәжірбиені іске асыру мақсатымен балаларға сұрақ қоюды қолданады.
Сабақта әдістерді таңдау және оларды әр түрлі үйлесімде қолдану- оқудың міндеті мен балалардың жеке тәжірбиесіне байланысты.
Егер сабақта бұйымдарды жасау кезінде әрекеттің жаңа әдісі пайдаланылса, онда тәрбиеші біріншіден балаларға жасауға құрастыруға қарапайым бұймыды береді, ал екіншіден әдістің өзін де, оның орындалу жүйелілігін де мұқият, егжей-тегжейлі көрсетеді және түсіндіреді. Осы әдісті балалардың меңгеруіне қарай тәрбиеші тәптіштеп түсіндіріп және көрсетіп жатпай, дайын үлгіні көп пайдаланады, оның балаларға қойған сұрақтары олардағы бар білімді дамытуға арналады [8].
Мәселен, цилиндрлерден бұйымдар дайындау кезінде тәрбиеші балаларға цилиндрдің өзінен жасалған бұйым деп түсіндіріп жатпайды, өйткені оларға бұл түрді дайындау тәсілі баяғыдан таныс, сондықтан да: Қандай түрлерден бұл ойыншықтар жасалған еді?, Жолақты цилиндрге қалай орау керек? -деп осы түрімен жұмыс істеу жүйелілігін балалардың есіне түсіретіндей ету керек. Сонымен бірге бөліктердің біріктіру жүйелілігін түсіндіреді және пішінінің, кейпінің берілу әдісі көрсетіледі (мысалы, ит шоқиып отыру үшін, оның алдыңғы аяқтарын сәл қиғаштау жапсырылады).
Немесе парашют жасау сабақтарын дайын үлгіні зерттегеннен кейін балаларға тәрбиеші: Шаршы бір парақ қағазды қақ ортасынан қалай бүктейтінін естеріңе түсіріңдер (жақтары мен бұрыштарын қиюластыру керек), ал шеңберді қақ ортасынан қалай бүктеу керек? (шеңбердің бір жартысы екіншісімен сәйкес келетіндей ету керек) деп сұрақ қояды. Сонан кейін парашют шығу үшін не жасау керектігін балалардың өзінен сұрайды. Егерде балалар жауап беруде қиналатын болса немесе дұрыс жауап бермесе, тәрбиеші балалардың ойына салады немесе оларды түзетіп жібереді.
Бұйымның жаңа түріне балалардың зейінін аудару мақсатымен тәрбиеші сабаққа дейін бірнеше күн бұрын қол еңбегі бұрышында алдағы жұмыс үлгілерінің шағын көрмесін ұйымдастырады. Мысалы, қағаз цилиндрлерден екі мүсіндері бойынша біріктірілген шағын компазиция көрсетіледі-түлкі мен қоян, екі қонжық, адам итті жетектеп жүр және т. т, ал поролоннан бұйым дайындауды үйрену алдында осы материалдардан жасалған әр түрлі ойыншықтарды көрсетеді: жатпайтын қуыршақ, қонжық, ақ қала, балапан, қоян және т, б.
Көрмеге қойылған ойыншықтарды тәрбиеші қарап отырып балалардың көңілін тек қана олардың ұқсастығы емес, сондай-ақ олар қандай бөліктерден тұратындығына және ол бөліктер бір-бірімен қалай бекітілгеніне, кейіптің берілу әдісіне аударады және т.с.c. [9].
Кейде тәрбиеші өзінің жұмысында қандайда бір жаңа тәсілдер, әрекет әдістерінің жеке көрсетулерін қолдана алады. Мәселен, балалар поролоннан шариктердің қалай жасалатынын үйренгеннен кейін (поролон кубиктерінің бұрыштарын біртіндеп кесе отырып) тәрбиеші барлық балаларға бұл шариктердің бір-бірімен сым арқылы қалай біріктірілетінін көрсетеді. Ал балаллар өздерінің шариктерін өздері қосып біріктіре бастаған кезде, сабақта кімде-кім қиындыққа кездесіп отырса, соған тікелей мұның қалай жасалатындығын көрсетеді.
Тәрбиеші сабақтарда бәрінен бұрын олар бұл бұйымдарды және ойыншықтарды қандай мақсатпен және не үшін жасайтындарын балаларға айтады, олардың мәніне қарай қолданылуын міндетті түрде ұйымдастырады (ойында, сәбилерге, жақындарына сыйлық ретінде, шыршаны безендіру кезінде және т. т. ).
Құрастыру бойынша сабақты жоспарлай отырып тәрбиеші оны барлық тоқсанда әр түрлі құрастырудағы материалдарды өзара кезектестіре отырып жүргізудің тиімді екенін білуі керек [10].
2.4 Мектеп жасына дейінгі даярлық топта балаларды құрастыруға үйрету
Құрылыс материалдарынан үйрету
Бағдарлама міндеттері
Бұл топтың балаларын заттарды қараған кезде жалпы белгілерімен бірге олардың жеке белгілерін де білуге үйретеді, заттардың негізгі бөліктерін ажырата білу керек және олардың пішінін таныс геометриялық үлкен затпен ұқсастығы бойынша анықтау керек ( кинотеатрдағы фойе цилиндр немесе жарты шар түріндей үйдің төбесі - призма түріндей болады және т. б. ) .
Балалар құрылыс бөліктерінде пропорция мен симметрияның өте дәлдікпен сақталуын, оларды көзбен анықтауға және сәйкес материалдарды таңдай білуге уйренеді; құрылысты тиімді безендіруге үйренеді.
Осы жас тобындағы тәрбиеленушілер өздерінің құррылыстары қалай болатынын елестете білуі керек, оны жасау үшін қандай матеиалдарды пайдалану жақсы және олар қандай жүйелікте қолданылатындығын, осының барлығы туралы айта білуі керек.
Жас балдырғандар тек кешенді құрылысты ұжымдық түрде ғана емес, соған байланысты әркім өзінің бір нысанын жасайды, сондай-ақ бүкіл топ болып жалпы жұмысты орындайды. Сонымен бірге құрылыстың тақырыбы туралы, қажетті материал жөнінде ақылдасу іскерлігін, бір-бірімен кеңесіп, өзінің ұсынысын дәлелдей отырып ынтымақты жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру маңызды.
Мектепке даярлық тобының балалары фотографиясы, берілген шарт және ойында қалғаны бойынша мол материалдардан сәулет өнерінің нақтылықпен, екі және одан да көп жабындылармен әр түрлі әрі күрделі құрылыстарды салады [11].
Осы құрылыстарды салуүрдісінде зат түрі мен оның қолданылуы арасындағы байланыстылықты анықтай білу іскерлігін, жекелеген бөліктерінің салыстырмалы шамасы мен құрастырылуын өз бетінше анықтай білу қабілетін нығайту ісін жалғастыра беру қажет.
Бағдарламаларды өту
Бұл топтағы балалардың көліктердің әр түрлі түрімен, үйлермен және басқа мақсатты да ғимараттармен таныстығына үлкен мән беріледі. Сонымен бірге олардың тек жалпы құрылымына ғана емес, сондай-ақ бір құрылыстың әр түрлі нұсқаларына да көңіл аударады, олардың көркемдік қасиеті және тәжірбиелік атқаратын қызметіне сәйкестігі атап көрсетіледі. Балалар осындай таныстықтың нәтижесінде алынған түсінігін сонан кейін өзінің құрылысында іске асырады.
Зат түрі мен оның қолданылуы арасындағы байланыстылықты анықтай білу іскерлігін балаларға үйрету мақсатымен сабақ өткізуге болады. Онда балалар кемені жасайды.
Бұл тақырыпты ұсынбастан бұрын балаларды көліктің осы түрімен таныстыру керек. Балалар кеменің әр түрлі (үлкен және кіші, жүк, адам таситын және әскери) болатынын біледі. Кемелердің әр түрін салыстыру негізінде тәрбиеші кемелердің атқаратын қызметіне қарай әр түрлі негізінің болатынын түсіндіреді, тез жүретін кеменің негізі енсіз ұзын, олардың тұмсығы үшкір болады, жүк таситын кемелердің (баржалар) негізі кең және тұмысығы доғал болады; адам таситын кемелердің негізі баржаға қарағанда енсіздеу, ал әскери кемеге қарағанда кеңдеу. Бірінші сабақта балалар әскери кеме, ал екіншіде баржаны, үшіншіде баржадан тезірек, ал әскери кемеден баяуырақ жүзетін-адам таситын теплоход жасайды.
Осындай мақсатпен Қалалық көлік тақырыбына сабақтар жүргізуге болады. Балаларда бақылаудың нәтижесінде қалалық көліктердің түрлерінің сан алуандығы туралы және оның атқаратын қызметі туралы түсінік нығаяды. Сонымен бірге тәрбиеші әр көлік түрінің құрастырылуын оның атқаратын қызметіне байланыстылығын атап көрсетеді. Бірінші сабақта балалар жүк көлігін, келесі сабақта адам тасуға арналған қалалық көлікті жасайды.
Балалардың әр түрлі ауыл шаруашылық көлік түрлерін құрастырып жасайтын сабақтарын осылай ұйымдастыруға болады: сүт машиналары, жинағыш машиналары және т. б.
Одан әрі заттың құрастырылуы мен оның атқаратын қызметіне байланысты бөліп көрсету іскерлігін нығайту керек. Әсіресе құрастырғышты және заттың жеке бөліктерінің салыстырмалы шамасын өз бетімен анықтау іскерлігіне тәрбиелеуге көңілді аудару керек. Осы бағдарламалық міндетті жұмыс барысында, мысалы, көпір салуда шешуге болады. Балаларды алдымен көпірлердің бірнеше құрастылылуымен таныстырады және әрбір бөліктің өлшемі оның атқаратын қызметіне қарай анықталатынын көрсетеді: кеме жүретін кең әрі терең өзендегі көпір биік тіреулерде ұзын арқалықпен және биік қанатпен жасалу керек; ал енді көлік пен жаяуларға арналған көпір кең арқалықпен, жүргіншілерге арналған жолымен және берік тірекпен жасалу керек және т. б. Сабақта тәрбиеші әрбір балаға өзінің көпірінің құрастылылуын ойлауды және ол неліктен дәл осындай болатынын айтуды ұсынады.
Мектепке даярлық тобында балалардың әр түрлі үйлер жасау тәжірбиесі байиды: көп қабатты тұрғын үйлер, басқа әсем үйлер, ертегі үйшігі, театр, вокзал. Сонымен бірге балаларды кеңістікті бағдарлай білуге тәрбиелеу мен осының негізінде құрастыру шығармашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Осындай мақсатпен қаланың алаңдарын, көшелерін жасау бойынша сабақ ұйымдастыруға болады. Сабақтың алдында балармен қалаға экскурсия жүргізіледі. Сабақтарда балалар шағын топтарға бөлінеді және әрқайсысы бүкіл үйлерді орталыққа фасад жасай отырып бір алаң (көше) тұрғызады. Осындай сабақтарда тәрбиешілер сонымен бірге эстетикалық және адамгершілікке тәрбиелеуміндеттерін шешеді.
Балаларды заттың негізгі бөліктерін бөліп көрсету іскерлігіне үйретуді және таныс көлемді геометриялық денелерімен ұқсастығы бойынша олардың пішінін анықтауды әр түрлі құрылыстарды, олардың ішінде үйлерді (кинотеатр, клуб) жасау кезінде іске асыруға болады [12].
Экскурсиядан кейін кинотеатрда (клуб) балалар көрермен залы мен фойенің әр түрлі пішінде куб, призма, жарты шар жне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz