Әлеуметтік қызметкердің кәсіби міндеттері


Жоспар
Кіріспе
- Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби және рухани ізгілік сипаттарыӘлеуметтік қызметкердің кәсіби міндеттеріЕгде адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетулер. Әлеуметтік қызметтердің іс-әрекеті
2 Әлеуметтік қызметкердің клиенттерімен қарым-қатынасындағы негізгі функциялары
- Әлеуметтік қызметкердің рухани - адамгершілік құндылықтары
- Әлеуметтік қызмет бағдарламасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3
4
4
5
21
21
25
26
28
Кіріспе
Әрбір әлеуметтік қызметкер ол кәсіби маман болуы үшін ол көптеген жылдар еңбек ету керек. Яғни практика жинап, әлеуметтік кәсіби маман болуы керек. Ол кәсіби маман болуы үшін оның жан-жақты білім салаларынан білімі, әлеуметтік мәселелерді жақсы білу, әлеуметтік жұмыс теориясын, әдістерін, технологияларын білу, адам психологиялары жақсы білу, адамды түсіну сияқты сапалары болуы керек.
И. А. Зимняя әлеуметтік қызметтердің 13 професионалды ролін функционал арқылы анықтаған:
- әлеуметтік қызметкер. Ол адамдар, топтар, халық ішінен қиындықтары барын анықтайды, кризисті ситуацияда, қиын жолдарға түсуі адамдарды тексереді. Оның негізгі тапсырмасы мәселе, туғызатын, қоғам факторларын анықтау.
Әрбір кәсіби маман бойында:
- адамгершілік;
- силамдық;
- адамды ол қандай, солай қабылдау;
- кішіні құрметтеу, үлкенді қадірлеу;
- Өзінің мамандығына деген қызғушылық;
- өз ісіне жауаптылық т. б қасиеттер . Себебі әлеуметтік қызметкердің қолында адам өмірі тұр . Ол өз ісіне жауапты, тұрақты болуы тиіс.
Әрбір әлеуметтік қызметкер бірден кәсіби маман болып кетпейді. Біз осыны есімізде сақтауымыз керек. Ол оның қызметінің барысында дамып, оның бойына сіңіріледі.
Әлеуметтік жұмыс жеке адамға бағытталған. Тіпті ол топпен жұмыс істесе де ол олардың әр қайсысымен жеке-жеке жұмыс атқарады.
Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік тұлғасы мына жағдайларда ерекше көрінеді:
-Белгілі бір мәселені шешкенде, әлеуметтік қызметкердің методологиялық базасының кеңдігі;
- Қызмет процесіндегі клиент пен әлеуметтік қызметкер арсындағы әлеуметтік қақтығыстарды шешуі;
- Мәселені шешу кезіндегі болжау, шешу, басқару .
Әлеуметтік ықзметкер кәсіби маман ретіндегі міндеті оның қызметін күрделендіреді.
Әлеуметтік қызметкер міндетіне мүгедектердің үйіне немесе станционарлық жағдайда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру кіреді. Әлеуметтік қызметкердің атқаратын жұмысы әртүрлі.
- Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби және рухани ізгілік сипаттарыӘлеуметтік қызметкердің кәсіби міндеттері
Ұйымдастырушылық қызмет әр жерде ( аймақта, тұрғындық жерлерде) әлеуметтік қызмет мекемелерін құрумен және басөқару мен байланысты байланысты әлеуметтік қызметкер адамдар қызығушылығын біле отырып, олардың бос уақытын ұйымдастрыуна әр түрлі ұйымдар қатыстыра отырып өткіщуге себеп болады.
Бұдан басқа тікелей және жанама түрде маргиналдық тұоғындар бөлігіне қолдау көрсетеді.
Көмек сұраушымен жұмыс істегенде әлеуметтік қызметкер психиканың денсаулық факторларын қалыпқа келтіруге тиіс.
1. Адам өз өміріне жауапкершілігін сезінуге міндетті.
2. Өздік рефлексия мен өздік таңдауға қабілеттілігі
3. Өзінің кім екенін тануы.
4. Бүгінгі күнмен өмір сүруі.
5. Жеке әлемін құру, жеке өһмірінің мәнін өз құндылықтар жүйесін құру қажеттілігімен байланысмтыра ойлау.
6. Басқаларды түсінуде адамды тек жай ғана тыңдап естіп қана қоймай қоршағн социумды қапбылдау деп түсіну.
7. Өмірді сол қалпында қабылдау.
Әлеуметтік қызметкер міндеті жеке адамға қиын жағдайда қорғана білуге, түрлі қоқыныштардан, үрейлерден қорғана түсуге үйрету.
Әлеуметтік қызметкерлер барлық мұқтаж адамдардың проблемасын ( яғни мәселесін) шешуге көмектеседі., ең алдымен әлеуметтік жағынан қаралмағандарға :
Қарттарға, мүгедектерге, дұрыс отбасы тәрбиесін алмаған баларға, психикасы бұзылған адамдарға, маскүнемдерге, нашақорларға, СПИД дертіне шалдыққандарға е сепке алынған отбасыларға, және т. б. әлеуметтік қорғауға мұқтаж әлеумсеттік топтарға.
Сондықтан әлеуметтік жұмыс - бұл теория ғана емес, ол адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттік қарым-қатынасының өнері. Ескре кететін жағдай, біздің мемлекетімізде әлі әлеуметік жұмыстың технологиясы мен әдістері жеткіліксіз. Адамның бабын табу, әлеуметтік жұмыстың принципі ретінде адамға назарын аударту сияқты қиын мәселені өте қажет етеіді.
Әлеуметтік жұмыс ол - қайырымдылық іс. Яғни кез- келегн адам, кез-келген маман бойында халыққа деген жан ашушылық, , халыққа деген сүйіспеншілік қасиеттері болмаса, шын ниетпен халыққа адамгершілік, қайырымдылық қызмет көрсетуге тырыспаса ол маман клиент мәселесін шеше алмайды.
Сондықтан әлеуметтің қызметкердің бойында біріншіден адамгершілік қасиеттері қалыптасуы қажет деп ойлаймын.
Әр қазақ жастарының бойында және әр болашақ әлеуметтік қызметкердің бойында адамгершілік, қайырымдылық қасиеті болса, еліміздің халқы бір-біріне жаны ашып, көмек көрсетіп тұрса бұл мемдлекетімізге тіптен де пайдалы.
Осы мақсатта мен әлеуметтік қызметкерді елімізге қажетті және оны көбейтуге шақырғым келеді.
Осыған орай әлеуметтік қызмсеткердің қызмет түрлерін :
- Психологиялық қызмет;
- Кеңес беру қызметі:
- Мәселені шешу;
- Басқа мандармен байланыс;
- Құжаттық қызмет;
- Үйге көрсететін қызмет;
- Әр түрлі әлеуметтік қорғау мекемеріндегі қызмет ;
- Қоғамды реттеу қызметі;
1. 2 Егде адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетулер. Әлеуметтік қызметтердің іс-әрекеті
Вена халықаралық жоспарының 68-тармағына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру қызметтері ұлттық саясат құралы болып табылады. Мақсаты - қарт адамдардың әлеуметтік функцияларды барынша орындауы. Олардың жергілікті базасы болып, қартайған адамдарды белсенді және пайдалы азамат ретінде өз үйінде және қоғамдық ұжымда барынша тәуелсіз өмір сүрүуі үшін алдын алу, емдеу саласында әлеуметтік қызмет көрсетулердің кең ауқымын ұсынуы тиіс.
Егде адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Адам қартайған кезде бұрынғы әлеуметтік ролінен айырылып, жиі туғандары мен жақындарын жоғалтады. Рухани құлдырап, байланыс шеңбері, әлемге көзқарасының нұсқалары тарылады.
2002 жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қамсыздандыруға жыл сайынғы республикалық бюджет шығысы 2006 жылға жоспарланған шығыстарды қосқанда, 160 миллиардтан 362 миллиардқа дейін, яғни екі есеге дейін өсті.
Интернат-үйлері көмекке мұқтаж қарттар мен мүгедектердің барлығын қанағатандыра бермейтінін атап өту қажет. Өзіне-өзі ішінара қызмет көрсете алатын және қолайлы тұрғын үй жағдайында тұра алатын егде адамдар мемлекеттік мекемелерге келісікісі келмей көшеді. Ол жерде олар үйренісіп қалған ортасымен байланысты біртіндеп жоғалтадыы. Бірақ үй жағдайында тұрса да, олар көмекке және әлсін-әлсін қызмет көрсетуге мұқтаж.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-б бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгілік ережелереніде бекітілген егде адамдар күтімінің 2 негізгі моделі қолданылады. Осы Үлгілік ережелерге сәйкес егде адамдарға үйде және әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлері, жүйке-неврологиялық диспансерлер мен аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары әлеуметтік мекемелер болып табылады.
Осы бөлім көрсетілетін әлеуметтік қызмет көрсетулердің зейнеткерлерге аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы (аумақтық орталық) адам құқықтары саласындағы стандартқа сәйкестігі және үйде әлеуметтік қызмет көрсету туралы мәселеге арналған.
1) Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Аумақтық орталық медициналық-әлеуметтік және оңалту қызмет көрсетулерін алу, бос уақытын өткізу және демалу мақсатында жеке оңалту бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамның күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттар мен бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің күндіз болуына арналған. Тұрақты тұрмыстық күтімді талап ететін адамдар күндізге қабылданбайды.
Невроздарды, жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы синдромдарды қоспағанда, мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ауру процесінің белсенді сатысындағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖҚТБ болуы аумақтық орталықта әлеуметтік қызмет көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалар болып табылады.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін аумақтық орталықтың медицналық қызметке лицензиясы, кейбір жағдайларда білім беру қызметіне лицензиясы болуы тиіс.
Аумақтық орталықтың негізгі міндеті қызмет көрсетілетін адамдарға үйдегідей қолайлы тұрмыс жағдайын жасау, мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсыну және оңалту шараларын өткізу болып табылады.
Бюджет қаражы есебінен қызмет көрсету кезінде аумақтық орталықтарға халықты әлеуметтік қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның жолдамасы бойынша азаматтар қабылданады.
Мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар бірінші кезекті тәртіппен қабылданады. Бюджеттен тыс қаражаттың есебінен қызмет көрсету үшін адамдардың қабылдауына рұқсат етіледі.
Егде адамдар мен мүгедектер әлеуметтік қызмет көрсетуге мынадай құжаттардың негізінде қабылданады:
өтініш;
уәкілетті органның жолдамасы (бюджет қаражатының есебінен қызмет көрсету кезінде) ;
жеке куәлік;
тұрғылықты жері туралы анықтама;
денсаулық жағдайы туралы медицицналық карта (белгіленген үлгіде) ;
амбулаторлық картадан үзінді көшірме;
зейнеткерлік куәлік (зейнет жасындағы адамдар үшін) ;
мүгедек, ҰОС қатысушы және соларға теңестірілген адамдар мәртебесін растайтын куәлік (мүгедектер, ҰОС қатысушылар мен соларға теңестірілген адамдар үшін) ;
мүгедектігі туралы анықтамадан үзіндінің көшірмесі;
мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.
Қызмет көрсетілетін адамдардың болу шарттары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, қауіпсіздік талаптарына, соның ішінде өртке қарсы талаптарға сай келуі тиіс. Аумақтық орталықтың ғимараты оған кедергісіз кіруді, қолайлы болуын, үй-жайдың ішінде жүріп-тұруды, оңалту шараларын өткізу, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру мақсатында арнайы құралдармен жабдықталуы тиіс. Аумақтық орталық ғимаратының ішкі жағындағы үй-жайлар мөлшері, орналасуы мен үйлесімі бойынша сапалы әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсыну үшін жағдаймен қамтамасыз етілуі тиіс. Әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсыну кезінде қызмет көрсетілетін адамның жасы мен денсаулық жағдайы, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны, жеке қасиеттері ескеріледі.
Аумақтық орталықта болу тәртібі мекеме немесе уәкілетті орган бекітетін Ішкі тәртіп ережесімен айқындалады. Аумақтық орталықтың әкімшілігі келушілерді есепке алу журналын жүргізеді. Журналда: тегі, аты, әкесінің аты; туған күні; тұратын мекен-жайы, үй телефоны; келгені туралы белгі бар айдың күні; көрсетілген әлеуметтік қызмет көрсетулердің түрлері сияқты бағандары болады.
Әлеуметтік қызмет көрсету бойынша есептен шығару:
қызмет көрсетілетін адамның жеке өтініші бойынша;
басқа жерге көшкен кезде;
әлеуметтік қызмет көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалар болған кезде;
қызмет көрсетілетін адам Ішкі тәртіп ережесін жиі-жиі бұзған кезде (үш реттен көп), соның ішінде есірткі құралдарын пайдаланған, спирт ішімдіктерін ішкен, тауар-материалдық құндылықтар мен өзге де мүлікті бұзған, заңға қарсы әорекет жасаған кезде;
қызмет көрсетілетін адам қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.
2006 жылдың бірінші шілдесінде републикада жеті аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Оның құрамында үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі және жартылай стационарлық күндізгі бөлімше бар. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткерлер мен мүгедектерге 45 орынды Булаев аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істеді. Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қажеттілігіне байланысты олардың санын көбейтіп, осындай орталықтарды республиканың әр облысында құру қажет.
Мекеме қызметкерлері мәдени-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, күндізгі уақытта күшейтілген еңбек қызметін, бір-бірімен қарым-қатынасты ұйымдастырады.
Күндізгі бөлімшеде қызмет көрсетуге есептелген адамдар клуб үй-жайларын, моншаларды, кітапханаларды стационарлық орталықтарды тұратындармен бірдей пайдалана алады. Оларға мекеме көлемінде медициналық көмек көрсетілуі тиіс.
Күндізгі бөлімшелердің мағынасы - егде адамдарға жалғыздықты еңсеруге көмектесу, тұйықтықтан арылу. Мұндай бөлімшелерде қызметкерлер таныстарымен әңгімелесуі, жаңа таныстар табуы үшін үйдегі жағдайға ұқсас тұрмысты, қонақжайлы қонақ үйді жасауға тырысады. Осы жерден дәрігерге дейінгі көмекті, сауықтыру рәсімдерін алуға, тегін немесе жеңілдікпен тамақтануға болады. Мұндай бөлімшелерде түрлі күшейтілген еңбек түрлері ұйымдастырылады. Киім тігу, қол өнер, кәсіппен ақша тауып, сол арқылы өзінің пайда келтіретіндігін сезінеді. Күндізгі бөлімшенің клиенттеріі мерекелерді, туған күндерді бірге атап өте алады.
2) Үйде әлеуметтік көмек бөлімшесі
егде адамдардың басым көпшілігі қалыпты үй жағдайында қалғысы келеді, ал мамандандырылған мекемелерде көмек алу көп шығынды талап етеді. Бұл егде адамдарға қаншалықты мүмкін болса, соншалықты өз үйлерінде қалуға мүмкіндік бере отырып, олардың арасында аурулар мен мүгедектіктің алдын алуға ықпал ететін әлеуметтік және экономикалық жағдай жасау қажеттігіне итермелейді. Егде адамдарға үйде күту сияқты шаралар осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал етеді.
Осыған байланысты үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі әлеуметтік қызмет көрсетудің басымдық нысаны болып қалады.
Бұдан басқа, әлеуметтік қызметкерлердің келіп-тұруы қарттар үйіне келіп түсетін адамдардың санының азаюына мен өлім көрсеткішінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Қолданыстағы 1457-2005 Мемстандартқа сәйкес үйде әлеуметтік қызметтің мынадай түрлері белгіленген:
әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетулер;
әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетулер;
әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетулер;
әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетулер.
Заңнама бойынша асырап-бағуға және қамқорлығына алуға міндетті жақын кәмелетке толған еңбеке қабілетті туған-туысқандары жоқ, сондай-ақ объективті себептермен тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын (жасы келуіне, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психиалық ауру болуына, бас бостандығынан айыру орындарында жатуына, елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты) жақын туған-туықандары бар адамдар үйде қызмет көрсетуге қабылданады.
Мүгедектер, Ұлты Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар бірінші кезекті тәртіппен үйде қызмет көрсетуге қабылданады.
Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді талап ететін невроздарды, соматикалық ауру кезіндегі невроз ұқсас жай-күйлерді, жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы синдромдарды, карантинді инфекцияларды, жұқпалы тері мен шаш ауруларын, венереологиялық ауруларды, ЖҚТБ-ны қоспағанда, ауру процесінің белсенді сатысындағы туберкулездің, психикалық аурулардың болуы үйде қызмет көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалар болып табылады.
Қызмет көрсетілетін адамға қалыпты әлеуметтік ортада болуға қолайлы жағдай жасау, гигиеналық талаптарға сай тұру жағдайларын қолдау, мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсыну және оңалту іс-шараларын өткізу үйде қызмет көрсетудің негізгі міндеттері болып табылады.
Үйде қызмет көрсетуге адамдар қабылдауды уәкілетті орган мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырады:
өтініш;
жеке куәлік;
тұрғылықты жерінен анықтама;
медициналық карта;
материалдық-тұрмыстық жағдайды зерттеу актісі (белгіленген нысанда) ;
зейнеткерлік куәлік (зейнет жасындағы адамдар үшін) ;
мүгедек, ҰОС қатысушы және соларға теңестірілген адамдар мәртебесін растайтын куәлік (мүгедектер, ҰОС қатысушылар мен соларға теңестірілген адамдар үшін) ;
мүгедектерге қосымша:
мүгедектігі туралы анықтамадан үзіндінің көшірмесі;
мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.
Қызмет көрсетілетін әрбір адамға әлеуметтік мекемеде сақталатын жеке іс жүргізіледі.
Шартты бұзу үшін:
қызмет көрсетілетін адамның өтініші;
әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдауға медициналық қарсы айғақтамалардың болуы;
қызмет көрсетілетін адамның басқа жерге көшуі;
қызмет көрсетілетін адамның әлеуметтік қызметкердің адамдық абыройын төмендеетін негізсіз айыптаулар мен қорлаулар негіз болып табылады.
Әлеуметтік қызмет көрсету кезінде жалғызілікті егде адамдарға көмек ұйымдастыру ерекше орын алады. Әлеуметтік қызметкерлер үйде көмек көрсете отырып, адаммен қарым-қатынастың жетіспеушілігін білдіртпейді. Жалғызілікті, қозағалуға шамасы келмейтін егде адамдарға баратын әлеуметтік қызметкерлер мәжбүр еткен жалғыздықтан арылады. Әлеуметтік қызметкерлердің қамқорлығындағы адамдарға қызмет көрсетуі аса маңызды.
1457-2005 ҚР Стандартына сәйкес үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері мынадай әлеуметтік қызмет көрсетеді:
қарт адамдар күтімі бойынша қызмет көрсетулер;
кереуеттен тұруға, киінуге, жуынуға, тамақтануға, дәретхананы пайдалануға, үйде жүріп-тұруға көмек;
хат жазуға және оқуға көмектесу;
стационарлық мекемеге апаруға жәрдемдесу;
тамақ өнімдерін, ыстық түсткі асты, бастапқы қажетті өнеркәсіптік тауарларды, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және үйге жеткізу;
тамақ дайындауға жәрдемдесу;
жеке үйлерде су әкелу, пеш жағу, орталық жылу жоқ үйлерде тұратын адамдар үшін отынмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
заттарды кіру жууға, химиялық тазартуға, жөндеуге тапсыру және оларды кері қарай жеткізу;
киімдерді жууға көмектесу;
тұрғын үй және коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеуге жәрдемдесу;
әдеп-ғұрыптық қызмет көрсетулерді ұйымдастыру;
денсаулық жағдайын ескере отырып, күтімді қамтамасыз ету, санитарлық-гигиеналық қызмет көрсетулер (сылу, жуындыру, гигиеналық ванналар, тырнағын қию, тарау) ;
денсаулық жағдайын бақылау (температурасы мен қысымын өлшеу) ;
дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді (дәрі қабылдау, тамшы тамызу, компресс қою, өңдеу, тазарту клизмаларын орындау) жасау;
психологиялық көмек көрсету, соның ішінде әңгімелесу, тыңдау, сергіту, белсенділікке ықылас қою, өмірлік тнуысын психологиялық қолдау;
шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
техникалық, техникалық көмекші, орнын толтырушы құралдарды алуға жәрдемдесу, жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емделуге жіберу;
госпиталдандыруға жәрдемдесу;
медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
тиесілі кепілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды алуға жәрдемдесу;
әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетулерді ұсыну; әлеуметтік мәселелер бойынша консультация беру,
Тізбеден көрініп отырғандай, әлеуметтік қызметкерлер бастапқы, физиологиялық сипаттағы өмірлік қажеттіліктерді қанағатандыруға қызмет көрсетеді, психоәлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсынуға тырысады.
Әлеуметтік қызметкерлер қамқорлығына алған адамдарға кесте бойынша келеді. Кесте қарттар мен мүгедектердің тілегі ескеріліп жасалады. Оны меңгеуші бекітеді.
Әлеуметтік мекемелердің жұмысында үлкен жастағы халыққа әлеуметтік қызмет көрсету бағдарламасын орындайтын кәсіпқойлардың оқытуы маңызды орын алуы тиіс. Егде адамдармен жұмыс істеуде негізгі қағидаттардың бір жеке адамды құрметтеу болып табылады. Әлеуметтік қызметкерлер егде адамдарда туындайтын көптеген психологиялық, психопатологиялық, моральдық-этикалық пробелмаларды түсіну, күнделікті практикалық жұмыста және қызмет көрсетілетін халық топтарымен қарым-қатынас кезінде олардың күш-жігерін жеңілдететін және көмектесетін әдістер мен технологияларды игеру қажет. Әлеуметтік қызметкерлерден әрбір қарт адам үшін нақты қажеттіліктерді шешуде жеделдік, бастамашылық, зеректік талап етіледі.
Осыған байланысты қарт адамдарға қызмет көрсетуде бірінші кезектегі міндеттерді шешу үшін білікті кадрлардың болуы қажет.
Әлеуметтік қызметкерлердің штат санының нормативтері 1457-2005 ҚР Стандартына сәйкес айқындалған. Соған сәйкес қалаларда 8-10 адамға және селолық елді мекендерде 4-6 адамға 1 әлеуметтік қызметкерден келуі тиіс.
Қазақстан Республикасында барлығын 329 үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі жұмыс істейді және 33 мыңнан астам жалғызілікті қарттарға қызмет көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек бөлімшелерінің ең көп саны Қарағанды облысында жұмыс істейді. Қарағанды облысында - 47 (әлеуметтік қызметкерлер штаты - 509, қызмет көрсетілетін егде адамдар мен мүгедектер - 4971), Шығыс Қазақстан облысында - 42 (штатта - 543 әлеуметтік қызметкер, қызмет көрсетілетін егде адамдар мен мүгедектер - 4610 адам), Алматы қаласында - 27 (штатта - 329 адам, қызмет көрсетілетін егде адамдар мен мүгедектер - 2826), Солтүстік Қазақстан облысында - 27 (штатта - 474 әлеуметтік қызметкер, 2741 адамға қызмет көрсетіледі) . Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 26 әлеуметтік көмек бөлімшелері жұмыс істейді. Павлодар облысында әлеуметтік қызметкерлер штаты 391 адам, қызмет көрсетілетін жалғызілікті зейнеткерлер мен еңбекке қабілетсіз азаматтар 2188 адам. Оңтүстік Қазақстан облысында 2687 адамға қызмет көрсетіледі. Батыс Қазақстан облысында 24 әлеуметтік көмек бөлімшесі (штатта - 396 әлеуметтік қызметші, қызмет көрсетілетін жалғызілікті қарттар мен мүгедектер - 2507), Қостанай облысында 20 әлеуметтік көмек бөлімшесі (штатта 269 мүгедекке, 125 соғысқа қатысушыларға, 29 қайтыс болған жауынгерлер бар отбасыларға, 1879 жалғызілікті егде адамдарға қызмет көрсететін 396 әлеуметтік қызметкер) жұмыс істейді. Алматы облысында 19 бөлімше (штатта 161 қызметкер, 1407 егде адамдарға қызмет көрсетіледі), Ақтөбе облысында - 16 әлеуметтік көмек бөлімшесі (штатта - 313 әлеуметтік қызметкер, қамқорлық көрсетілетін егде адамдар - 1387) жұмыс істейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz