Жастардың әлеуметтену механизмі


Жоспар:
Кіріспе
1 ӘЛЕУМЕТТЕНУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Әлеуметтену түсінігі мен маңызы
1. 2 Әлеуметтену факторлары
1. 3 Әлеуметтену механизмі мен құралы
2 Әлеуметтендіру және оның институттары
2. 1 Әлеуметтену теориясының негізгі жағдайы
2. 2 Әлеуметтену фазалары
2. 3 Әлеуметтенудің негізгі кезеңдері
3 ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ
3. 1 Жастардың әлеуметтену механизмі
3. 2 Әлеуметтенудің әлеуметтік-психологиялық мәселелері
3. 3 Әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени мәселері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3
6
6
7
8
11
11
12
14
20
20
23
24
26
28
Кіріспе
Әлеуметтану ғылымдардың ішінде біршама жас ғылым болып саналады. Оның негізгі қызметі - әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.
Әлеуметтану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Оның алуан түрлі категориялары бар. Бұған адам өмір сүретін қоғамға тән барлық қасиеттер кіреді. Атап айтсақ: «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік әрекет», «әлеуметтік мінез-құлық», т. б. Сонымен қатар әлеуметтану ғылымы екі үлкен категорияға аса үлкен назар аударады. Ол - қоғам және тұлға. Себебі әр саналы адамның әлеуметтік іс-қимылы, әрекеті, қызметі өзінше жеке дара бағытталып, өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа адамдарға бағытталады. Тұлғаның әр әлеуметтік іс-әрекеті социологиялық проблемалар мен құбылыстарды дұрыс түсініп, оларды шеше алатын жағдайға жетуге және жалпы әлеуметтік білімін жетілдіруге негіз бола алады және қоғамның дамуына да үлесін қосады.
Әлеуметтану (XIX г-дын, 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды. Алайда, социологияның кеш пайда болуы оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Осы орайда, Ертедегі Шығыс цивилизациясының - Көне Египет, Вавилон, Үнді, Қытай - қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар коғамтанушылар болып есептеледі. Олардың қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе - адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі абыроймен ұстау дәстүрін, олардың шыншыл, өнегелі болатын, жаман кылықтардан бойларын аулақ ұстау дәстүрін көрсетеді. Сондай-ақ Кофуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдық нормалардың азайып бара жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге, атаққұмарлықка ұмтылу пиғылдарының өріс алу тенденциясын, кегін екінші біреуден алу, өз кемшілігін түзету қасиеттерінің жоғалу тенденцияларын көрсетеді. Конфуций этикасы «қайырымдылық», «кішіпейілділік», «адамды сүю» «тура жолмен жүру» сияқты принциптерге сүйенеді. Сайып келгенде, Конфуций адамдар арасымдағы әлеуметтік қатынасты - борыш пен заңды мойындайтын, орынға коятын адам мен өз пайдасын көздейтіп адамды салыстыра отырып, олардың адамдық образдарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы көрсетеді. Бірінші образдағы адам бірлікке, татулыққа ұмтылатындығын, ал екіншісінің оған кері құбылыстарға ұмтылатынын баса айтқан. Ежелгі Үндістанда әлеуметгік ойлар буддизм мен джайнизм мектептерінің социологиялык. мифтерінде біршама карастырылған. Мәселен, джайнизмнік этикалық, эстетикалық жүйесінде адам мінез-құлқындағы кейбір нормалар мси тақуалық (аскетизм) мінездің кей формалары берілген. Тақуалық (аскетизм) дегсн «нәпсіні тый» деген мағынаны береді. Ондай норманың бірі ретінде ахисаны алады, яғни «тірі жанға зиян келтірмеу» принципі. Әлеуметтік теорияның біршама айқын элементтсрі ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Мәселен, әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге болады. Алайда, ежелгі Грек философтарының арасында қоғамға және коғамдық институттарға ерекше көңіл бөлгендер софистер болды. Оларға дейінгілер көбінесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен коғамға басты назар аударады. Өйткені, сол кездегі ежелгі Грециядағы саяси жағдай философтарды адам мен қоғам мәселссіне көңіл аударуға мәжбүр еткен болатын. Платон өзінің социологиялық мифтерінде софистердің мемлекет адамдарынын ортақ келісімінің нәтижесінде пайда болды деген пікірге қарсы болады. Платонның пікірінше, мемлекет адам мүдделерінің әртүрлі болуына негізделіп құралатын болған, содан еңбек бөлінісі пайда болады. Қоғамдық еңбектің бөлінісіне байланысты Платон адамдарды үш топқа (кастаға) бөледі: жоғарғы билеуші топ, қолөнершілер және құлдар. Адамдар арасындағы касталық қатынасты жақтайды. Адамдар, Платонның пікірінше, табиғатынан тең емес. Жаратылысынан адамның бірі аристократ, екіншісі шаруа, үшіншісі құл болып туылады және өмір бойы солай өтеді. Халық соны мойындауы керек. Бірақ олар тату өмір сүруі тиіс, өйткені олардың бәріне ортақ нәрсе - Жер-Ана деп көрсетеді. Социологиялық ой дүниесінде Аристотельдің де алатын орны ерекше. Аристотель ежелгі Грециянын саяси тәжірибесін қортындылай келе, адам - әлеуметтік жаратылыс деген Қорытындыға келеді. Мемлекет адамдардың туа біткен «бірігіп өмір сүруге ұмтылғыштық қасиетінен пайда болады деп көрсетеді. Оның пікірінше, коғам үлкен екі әлеуметтік институтқа бөлінеді: құл иеленуіпілер және кұлдар. Бұл да Платонның идеясын колдайды, яғни адамдар жаратылысынан тең емес деп түсінеді. Аристотель мемлекеттің мақсаты - адамдардың бақытты өмірін қамтамасыз ету деп есептейді. Мемлекет қоғамдағы жалпы мүддеге қызмет етуі керек деп көрсетеді. Бәріне ортақ мақсат - өздері құрған қоғамды, мемлекеттік құрылысты сақтау болып табылады.
Социологияның дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы О. Конттың есімімен байланысты (1798-1857) . Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияиың негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философиянын курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын кояды. Міне осы пікір социологияның ғылым ретінде пайда болып, дамуына негіз болады., Қорыта келгенде, О. Конттың социологиялық концепциясында басты екі идея жатыр. Біріншісі - қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану болса; екіншісі - әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзіндс ғылымды қолдану идеясы. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызметететініне Конт кәміл сенді. ХІХ ғасырдың ағылшын ғалым-философы Г. Спенсер социологияның қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Жас кезінен ғылым жолына түскен (темір жол инженері) Г. Спенсер, Дарвиинің эвюлюциялық теориясының ықпалымен, эволюция үрдісімен айналысады. Ол эиолюция теориясын, дүниенің барлық салаларын түсіндіру үшін қолдануға болады деген қорытындыға келеді. Спенсер қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат коғамының тарихына да қолдануға болады деп мойындайды.
1 ӘЛЕУМЕТТЕНУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Әлеуметтену түсінігі мен маңызы
Адам-әлеуметтік жан. Өзінің бірінші өмір сүру күнінен бастап өзіне ұқсастармен байланысты, әр түрлі әлеуметтік өзара әрекеттесулерге қатысады. Адам әлеуметтік қарым-қатынастың бірінші тәжірибиесін сөйлеуден бұрын иеленеді. Социумның бөлігі бола тұра адам тұлғаның бөлінбес бөлігі болатын белгілі бір субьективтік тәжірибиені игереді. Әлеуметтену-индивидтің әлеуметтік тәжірибиені белсенді өндеуі мен игеруінің қорытындылау үрдісі. Әлеуметтену үрдісі адамдардың біркелкі іс-әрекетімен және қарым-қатынасымен тікелей байланысты.
Әлеуметтенудің маңызы адамды нақты қоғам жағдайына негіздеу мен қабілеттендіруден тұрады. Әлеуметтену мен бейімделу процесі бір-бірімен тікелей байланысты. Бейімделу бұл адамның бағыты мен әлеуметтік жүріс-тұрысына қатысты әлеуметтік ортаның күтімдері мен талаптарының сәйкес келуі; адамның әрекеттенуі мен өзін өзі бағалауының оның мүмкіндіктері мен әлеуметтік ортаның шынайылығымен сәйкес келуі. Сонымен бейімделу-бұл индивидтің әлеуметтік жан болуының қорытындысы мен процесі. Жекелену-адамды қоғамда автономизиялациялау процесі. Бұл процестің қорытындысы-адамның жеке көзқарасы болуына, жеке үйіршілік, өзіне қатысты сұрақтарды жеке өзі шешу, өзін өзі бекітуге, ұйымдастыруға, анықтауға, өзгеруге кедергі жасайтын өмірлік жағдайларға қарсы тұратын қабілеттіліктердің болуына қажеттіліктері. Сонымен, жекелену-адамдық даралықтың құрылу қорытындысы мен процесі.
Жоғарыда айтылғандарға тоқтала келе, әлеуметтену процесінде қоғамдағы адамның бейімделу шамасы мен оның қоғамға ену деңгейі арасында соңына дейін шешілмеген ішкі қақтығыс бар.
Қазіргі әлемдегі адамның әлеуметтенуі сол немесе басқа қоғамда ерекшелігі бола тұра әр бірінің жеке және жалпы сипаттамалары бар.
Әлеуметтену кезеңдері.
Адамның әлеуметтенуінің әрбір қоғамында әр түрлі кезеңдерінде ерекшеліктер бар. Жалпы көрінісінде әлеуметтену кезеңдерін адам өмірінің жасерекшелік кезеңімен сәйкестендіруге болады. Әр түрлі кезеңдер бар және төменде көрсетілген жалпы қабылданған болып табылмайды. Ол шартты, әлеуметтік-педагогикалық көзқарас бойынша тиімді болып табылады.
Адам әлеуметтену процесінде келесі кезеңдерден өтеді: сәбилік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейінгі), алғашқы балалық шақ (1-3 жыл), мектепке дейінгі балалық шақ (3-6 жас), ерте мектеп жасы (6-10 жас), ерте жасөспірімдік шақ (10-12 жас), үлкен жасөспірімдік шақ (12-14 жас), ерте жастық шақ (15-17 жас), орташа дастық шақ (18-23 жас), жастық шақ (23-30 жас), ерте егде жас (30-40 жас), кеш егде жас (40-55 жас), қарттық шақ (55-65 жас), кәрілік (65-70 жас), ұзақ өмір сүру (70 тен жоғары) .
1. 2 Әлеуметтену факторлары
Әлеуметтену балалардың, жасөспірімдердің, жастардың олардың дамуына әсер ететін әр түрлі сандық жағдайлармен қарым-қатынасында жүреді. Адамға әсер ететін бұл жағдайлар факторлар деп аталады. Олардың барлығы анықталмаған, ал белгілілері зерттелмеген. Зерттелген факторлар туралы білім тепе-теңдік күйде емес: кейбіреулері көп белгілі, ал кейбіреулері орташа, ал үшіншілері кішкене белгілі. Аз немесе көп зерттелген жағдайлар немесе әлеуметтену факторларын шартты түрде төрт топқа бөлуге болады.
Біріншісі-мегафакторлар, (мега-өте үлкен, жалпы) -космос, планета, әлем, олар жердің барлық адамдарына басқа факторлар тобы арқылы әсер етеді.
Екіншісі-макрофакторлар (макро-үлкен) -мемлекет, этнос, қоғам, әлем, белгілі бір мемлекетте тұрғандардың әлеуметтенуіне әсер етеді (бұл әсер ету басқа екі факторлар тобына негізделеді) .
Үшіншісі-мезафакторлар (мезо-орташа, аралық) басқа немесе сол субмәдениетке кіруі бойынша; сол немесе басқа бұқаралық коммуникация жүйесінің (радио, теледидар және т. б. ) аудиториясына кіруі бойынша; олар тұратын аймақ (аудан, ауыл, қала және т. б. ) бойынша бөлінетін үлкен адам топтарының әлеуметтену жағдайы. Мезофакторлар адамның әлеуметтенуіне тікелей, сондай-ақ, төртінші топ микрофакторлар арқылы әсер етеді. Оларға олармен әрекеттесетін нақты адамдарға -отбасы мен үйелмен, көрші, құрдастар тобы, тәрбиелік ұйымдар, әр түрлі қоғамдық, мемлекеттік, діни және жекеменшік ұйымдар, микросоциумға әсер ететін факторлар жатады.
Адамның қалай өсуі мен оның тұрақтануындағы маңызды рөлді өмірі қарым-қатынаста өтетін адам атқарады. Олар әлеуметтену агенттері деп аталады. Әр түрлі жасерекшелік кезеңде агенттер спецификалық болып келеді.
Созылмалы және бастауыш әлеуметтенуден басқа алғашқы және екінші әлеуметтену болады, әлеуметтену агенттері мен институттары да алғашқы және екінші болып бөлінеді.
Алғашқы әлеуметтену агенттері-жақын және алыс туыстар, бала қараушылар, отбасы достары, құрдастар, мұғалімдер, дәрігерлер, жаттықтырушылар, жастық топтардың лидерлері. Әлеуметтанудағы «алғашқы» термині адамға қатысты жақын аймақты қамтиды. Екінші әлеуметтену агенттері-сот, партия, мөр, радио, теледидар қызметкерлері, мемлекет, әскер, мекеме, университет, мектеп әкімшілігінің өкілдері. Екінші термині адамға аз әсер ететіндерді анықтайды.
Алғашқы әлеуметтену адам өмірінің бірінші жартысында интенсивті, ол сондай-ақ екінші жартысында сақталады. Керісінше екінші әлеуметтену екінші әлеуметтену институты деп аталатын: өнеркәсіп, мемлекет, бұқаралық ақпараттық құрал, әскер, сот сияқты формальды ұйымдар мен мекемелермен кездесетін адам өмірінің екінші жартысын қамтиды.
Алғашқы әлеуметтену агенттері әрқайсысы бірнеше функцияны (әке, тәрбиеші, әкімшілік, мұғалім, дос) атқарады, екінші агенттер бір немесе екі функцияны атқарады. Алғашқы әлеуметтену агенттерінің ролі мен статусы біркелкі емес: балаға қатысты ата-ананың ролі жоғары болып табылады, ал оның құрдастары баламен бір позицияда болып, ата-аналар кешірмейтін әлеуметтік нормалар мен адамгершілік принциптердің бұзылуын кешіреді. Белгілі бір жағдайда құрдастар мен ата-аналар балаға қарама-қарсы бағытта әсер етеді және алғашқысы екіншісіне жағдай жасайды.
Басқаша айтқанда, бала үлкендерден үлкен болуды, ал құрдастарынан бала болуды: төбелесу, алдау, достасу, шынайы болуды үйренеді. Сондықтан ата-аналар өз баласының құрдастарын балаға әсер ету күресіндегі бәсекелес ретінде санайды. Құрдастардың шағын тобы маңызды әлеуметтік функцияны атқарады-тәуелділік жағдайынан тәуелсіздік жағдайына, балалықтан үлкен кезеңге өтуді жеңілдетеді. Ата-аналар балаға біреуді басқаруға және лидер болуға үйретпеулері мүмкін. Алғашқы әлеуметтену агенттерінің әлеуметтендіруші функциялары өзара байланысқан: баланың құрдастары ата-аналардың әлеуметтендіру функциясын атқарып, оларды ауыстырады және керісінше; ата-аналар мен құрдастардың функциялары өзгермелі, екіншілері ата-ананы ауыстыра алады. Мұндай екінші әлеуметтендіру агенттерінде болмайды, өйткені олар аз спецификада: сот бригадир немесе мұғалімді ауыстыра алмайды.
Сондай-ақ, алғашқы әлеуметтендіру агенттеріне қарағанда екінші әлеуметтендіру агенттері өз ролін атқаруда ақша алады.
1. 3 Әлеуметтену механизмі мен құралы
Адамның әлеуметтенуі сол немесе басқа әлеуметтенушіге, қоғамға мазмұны спецификалық болып келетін әмбебеап құралдардың кең ауқымы арқылы жүзеге асады. Оған баланы тамақтандыру мен күтім жасау; құрылған тұрмыстық және гигиеналық шеберліктер; адамды қоршаған материалдық мәдениет жемісі; рухани мәдениет элементі (ертегілерден бастап ескерткіштерге дейін) ; қарым-қатынас мазмұны мен стилі, сондай-ақ тәрбиелік және басқа әлеуметтендіруші ұйымдарда, құрдастар тобында, отбасындағы жазалау мен мадақтау әдістері; адам өмірлік іс-әрекетінің негізгі аймақтарындағы - отбасылық, кәсіби, қоғамдық және діни аймақтарда, спортта, пәндік-практикалық және рухани-практикалық іс-әрекетте, танымда, ойында, қарым-қатынаста адамды енгізу жатады.
Әрбір қоғам, әрбір ұйым, әрбір әлеуметтік топ (шағын немесе үлкен) өзінің тарихында позитивті және негативті, формальды және формальды емес санкцияларды-ояту мен сендіру амалдарын, ескерту мен қысым жасау шараларын, физикалық зорлық-зомбылық жасауға дейін, мадақтау және ерекшелеу тәсілдерін өңдейді. Бұл амалдар мен шаралардың көмегімен адамдар және адамдар топтарының жүріс-тұрысы осы мәдениеттегі қабылданған құндылықтар мен нормалармен сәйкестендіріледі.
Адамның әлеуметтенуі әр түрлі факторлар мен агенттермен өзара әрекеттесуі шартты түрдегі «механизмдер» көмегімен жүзеге асады. Әлеуметтену «механизмдерін» қарастыруда әр түрлі келістер бар. Француз әлеуметтік психологы Габриэль Тард еліктеуді негізгі деп санады. Американдық ғалым Ури Бронфенбренер әлеуметтену механизміне адам өмір сүретін ортадағы өзгермелі жағдайлар мен белсенді өсіп жатқан адам жаны арасындағы прогрессивті өзара аккомадацияны (икемделу) жатқызады, ал А. В. Петровский тұлғаның даму процесіндегі интеграциялану, даралану мен бейімделу фазаларының заңдық ауысуын жатқызады. Бар мәліметтерді негіздей отырып А. В. Мудрик педагогика тұрғысынан әр түрлі жасерекшелік кезеңдегі адамды тәрбиелеу процесінде жиі қолдану мен ескеруді қажет ететін бірнеше әмбебап әлеуметтену механизмдерін бөліп көрсетеді.
Психологиялық және әлеуметтік-психологиялық механизмдерге төмендегілерді жатқызуға болады.
Импритинг - адам өмірінің маңызды объектілеріне әсер етушілердің ерекшеліктерінің рецепторлық және саналық деңгейдегі адамның тіркеуі. Импритинг алғашқы балалық шақта жүреді. Кейде соңғы деңгейлерде бейнелер мен сезімдер кездеседі.
Экзистенциалдық басым-тілді игеру мен маңызды адамдармен қарым-қатынас процесінде міндетті әлеуметтік жүріс-тұрыс нормаларын санасыз игеру.
Еліктеу - белгілі бір амалмен, бейнемен жүру. Бұл жағдайда адамның әлеуметтік тәжірибені игеруі жүреді.
Идентификация - адамның өзін басқа адаммен, топпен, бейнемен сәйкестендіруі.
Рефлексия - маңызды тұлғаларға, қоғамдық құрдастарға, отбасына, қоғамның әр түрлі институттарына тән құндылықтарды қабылдап, бағалайтын, адамның ішкі диалогі. Рефлексия бірнеше түрлердің ішкі диалогін көрсетеді: ойдан туған тұлғалар мен адам «Мен»-інің ерекшелігі арасындағы қатынас. Рефлексия көмегімен шынайылықтағы өзінің ролі мен өзінің, ол тұратын шынайылықты түсіну қорытындысында адам құрылып, өзгеруі мүмкін.
Әлеуметтенудің дәстүрлі механизмдері адамның отбасы мен жақын айналасындағыларға тән стереотиптер, көзқарастар, жүріс-тұрыс эталондары, нормаларды игеруін көрсетеді. Бұл игерулер ереже бойынша, стеореотиптерді критикалық емес қабылдау көмегімен санасыз деңгейде жүреді. Дәстүрлік механизмнің тиімділігі адам «қашан керектігін» білгенде рельефті түрде көрінеді, бірақ оның бұл мағынасы оның айналасындағы дәстүрлерге қарсы тұрады. Бұл жағдайда француз ойшылы Мишель Монтеннің? ойы дұрыс болып табылады. Ол келесідей жазған: «Біз өзіміздікін әрқашан жақтасамыз да дәстүрлер мен жалпы қабылданған өмірлік ережелер бізді өзімен бірге ілестіріп әкетеді». Сондай-ақ, дәстүрлік механизмнің тиімділігі мысалы балалық шақта игерілген, өзгерген жағдайларға байланысты шектелген, қажет емес, келесі жасерекшелік кезеңдерде және өмірлік жағдайлардың кезекті өзгерісінде адамның жүріс-тұрысында көрінетін сол немесе басқа әлеуметтік элементтерде көрінеді.
Әлеуметтенудің институтционалдық механизмі, аты айтып тұрғандай, өзінің негізгі функцияларымен (өнеркәсіптік, қоғамдық, клубтық және басқа құрылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары) паралельді әлеуметтендіруші функцияларды ұйымдастыратын, оның әлеуметтенуіне арнайы құрылған сияқты әр түрлі ұйымдар және қоғам институттарымен адамның өзара әрекеттесу үрдісінде функцияланады. Адамның әр түрлі институттар мен ұйымдармен қарым-қатынас процесінде әлеуметтік қабылданған жүріс-тұрыс тәжірибиесі мен білімі жинақталады, сондай-ақ әлеуметтік нормаларды қақтығыстық және қақтығыстық емес орындау және әлеуметтік қабылданған жүріс-тұрыс иммитациясының тәжірибиесі жинақталады.
Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік институт ретінде белгілі бір ақпаратты беру көмегімен ғана емес, сондай-ақ, теле бағдарламалар, кинофильмдер, кітап батырларының жүріс-тұрыс бейнесін көрсету арқылы адамның әлеуметтенуіне әсер етеді. Бұл әсер етудің тиімділігі Батыс еуропалық балеттің реформаторы Жан Жорж Новер белгілегендей анықталады: «батырлардан өтетін сезім жай адамдардың сезіміне қарағанда үлкен күштілігімен, нақтылығымен ерекшелінеді, оларға еліктеу оңай». Адамдар жас және дара ерекшеліктеріне сәйкес өздеріне тән жүріс-тұрыс бейнесін, өмір стилін қабылдап, өздерін сол немесе басқа батырлармен сәйкестендіреді.
Әлеуметтенудің стилдік механизмі белгілі бір субмәдениет аймағында жүзеге асады. Субмәдениет дегеніміз сол немесе басқа жасерекшелік, кәсіби немесе әлеуметтік топтың нақты жүріс-тұрыс стилі мен ойын толықтай құрайтын, нақты кәсіби немесе мәдени қабаттағы немесе белгілі бір жастағы адамға тән моральдық-психологиялық сипаттар мен жүріс-тұрыс көріністерінің кешені.
Әлеуметтенудің тұлғааралық механизмі адамға субьективті маңызды адамдармен қарым-қатынас процесінде функцияланады. Ол үшін ата-аналары (әр түрлі жастағы), әрбір сыйлы үлкен адам, өз немесе басқа жыныстағы құрдасы маңызды болып табылуы мүмкін. Бірақ кейбір жағдайларда топтар немесе ұйымдардағы маңызды адамдармен қарым-қатынас адамға тән емес топ немесе ұйым әсер ететін әсерді беруі мүмкін.
Адамның әлеуметтенуі, сондай-ақ, баланың, жасөспірімдердің, жастардың әлеуметтенуі барлық аталған механизмдер көмегімен жүзеге асады. Бірақ әр түрлі жасерекшелік және әлеуметтік-мәдени топтарда, нақты адамдарда әлеуметтенудегі механизм рольдерінің қатынасы әр түрлі.
2 Әлеуметтендіру және оның институттары
2. 1 Әлеуметтену теориясының негізгі жағдайы
Әлеуметтену адам әлеуметтік өмірге қатысуға мүмкіндігі бар және әлеуметтік табиғатты қабылдайтын тәрбиеге, оқуға және мәдениетке енгізу процесін қамтиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz