Еуропалық Одақтың институттары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

І тарау Еуропалық Одақ (ЕО) - халықаралық саяси және экономикалық бірлестік
1.1 Еурпалық Одақтың құрылу тарихы
1.2 Еуропалық Одақтың институттары

ІІ тарау Еуропа одағынын құқықтық жүйеси мен қызметі
2.1 Адам және азаматтарды қолдаудағы жəне қорғаудағы Еуроодақ рөлі
2.2 Үшінші елдермен қарым-қатынаста жəне көп жақты форумдар
аясында құқық қорғаушыларды құрметтеуге ынталандыру
2.3 Қоғамның жекелеген адамдарының, топтарының жəне ұйымдарының құқықтары мен негізгі бостандықтары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Еуропалық одақ (Еуроодақ, ЕО) - Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекетің экономикалық және саяси бірлестігі.
Еуропалық одақ (ЕО) - халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропалық одақ еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропалық одақтың құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым "Ортақ рынок" деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа - Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропалық одақ аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропалық одақ мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. Еуропалық одақтың жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады. Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропалық одақ ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда.
Мазмұны
[жасыр]
* 1 Дамуы
* 2 Еуропалық одақтың әлеуметтік саясаты
* 3 Еуропалық одақ институттары
* 4 Еуропалық одақ құқы
* 5 Еуропалық ықпалдастық
* 6 Пайдаланған әдебиет
* 7 Сілтемелер
[өңдеу] Дамуы
Федералдандыру Еуропалық қауымдастықтың және Одақтың дамуының бүгінгі күнге дейінгі дамуының басты үрдісі болып отыр:
* ЕО-ың ішкі бірыңғай нарығы қалыптасқан жалпы нарықты қүру, яғни, "осы Келісім ережелеріне сәйкес тауар, қызмет және капитал айналымы еркін жүргізілетін ішкі шекарасыз кеңістік" орнату (Еуропалық Қауымдастық қүру жөніндегі Келісімнің 4-бабы);
* Экономикалық және валюталық одақ орнату. Оның негізі ЕО бірыңғай ақша бірлігінің - еуроның (бұл процеске әзірше өз үлттық валюталарын айналымда қолданатын Yenлыбритания, Дания және Швеция, сондай-ақ ЕО-ның 10 жаңа мүше-мемлекеті қосылған жоқ) енгізілуі;
* Шенген кеңістігін құру және осы Шенген келісімінің негізінде шетелдіктерге бірыңғай визаны енгізу;
* Еуропалық Одақ институттарының әртүрлі салаларда ортақ саясат жүргізуі: ЕО-ның ортақ аграрлық сая-сатын, бәсекелестік саясатын, көші-қон, көлік, экологиялық және т.б. саясаттарын жүргізу;
* Еуропалық одақ қүқын - мүше- мемлекеттердің, заңды түлғалардың және қарапайым азаматтардың қатысуымен қоғамдық қатынастардың маңызды салаларын реттейтін өзіндік қүқық жүйесін қалыптастыру;
* Tүрақты, қүқықтық байланысы ре-тінде Одақтың азаматтық институтын қүру;
* Одақ азаматтарының негізгі қүқықтық ережелері бекітілген жаңа кешенді дерек көзі - 2000 жылы қабылданған Еуропалық Одақтың негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.
XXI ғасырдын басында Еуропалық одақ қайта қүрулардың жаңа кезеңіне өтті, оның мақсаты - үйымды тиімді қызмет ету жолын қалыптастыру және демократияландыра түсу. 2002 жылы "Одақтың болашағы жөнінде Конвент" шақырылды. 2004 жылы Конвент Еуропа Одағының Конституциясын жасады.
[өңдеу] Еуропалық одақтың әлеуметтік саясаты
Еуропалық одақтың әлеуметтік саясаты - Еуропалық Одақ елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік саясаттың дамуының ғаламдық үрдістері ең алдымен, аймақтық деңгейде қалыптасуда. Осы орайда едәуір ілгері кеткен, үлгі боларлықтай әлеуметтік жағдайлар туғызып отырған Еуропа аймағы, мүндағы әлеуметтік саясаттың ең басты үйымдастырушы әрі бірыңғайландырушы факторы - үздіксіз ықпалдасушы халықаралық бірлестік - Еуропа Одағы. Еуропа Одағы елдерінде қазіргі кезде бүгінгі әлемдегі ең жетілген әлеу-меттік қамту жүйесі орныққан, оның негізі XX ғасырдың алғашқы жартысында қаланды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастық қүра отырып, мүше-мемлекеттер келісім-шартта "жүмысшылардың еңбек жағдайын, өмірлік стандарттарын жақсартуға жәрдем көрсету" туралы ортақ келісімді бекітті. Әлеуметтік жүйені үйлестіру тек шаруашылық саладағы шаралардың нәтижесі бола қоймайды. Экономикалық іс-шаралармен қатар, әлеуметтік саланы реттеу жүмыстары жасалуы керек. Осылайша, экономикалық іс- қимылдың әртүрлі қырларын жалпы реттеу саясатымен қатар, ЕО қүзырына кіретін элементтердің қүрамдас бөлігі "жүмыспен қамтамасыз ету саясаты" ( ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы), сондай-ақ "денсаулық сақтау саласындағы саясат" (ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы) үстанды. ЕО-ның әлеуметтік саласында үйлестірілген саясат жүргізудің маңыздылығы екі өзара байланысты себептің салдары. Ол ортақ нарықтың әлеуметтік мақсаттары және ЕО қызметінің барлық бағыттарында "өз міндеті ретінде Қауымдастық шеңберінде жүмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғауды, әиелдер мен ерлердщ тең қүқықтылығы, өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруді белгілеуімен" негізделеді (ЕО жөніндегі Келісімнің 2-бабы). ЕО жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың қүқықтық негізі "Қауымдастық саясаты" қүрылтай келісімінің 3-бөлімінің тараулар мен тармақтарының ережелері болып табылады. Әлеуметтік саясат саласында ЕО өкілеттігінің қайнар көздері: ЕО жөніндегі Келісімнің VIII тараудың "Жүмыспен қамту" бөлімі, XI тараудың екі бөлімі - 1 бөлім "Әлеуметтік ережелер" және 2 бөлім "Еуропалық әлеуметтік қор", сондай-ақ XIII бөлім - "Денсаулық сақтау".
ЕО-ның ортақ әлеуметтік саясатын жүргізуде жеке адамның әлеуметтік қүқықтарына арналған бірнеше қүжаттар аса маңызды:
* Еуропалық әлеуметтік хартия, 1961 жылы Еуропа Кеңесінің қамқорлығымен қол қойылып, 1996 жылында қайта қаралған;
* 1989 жылы еңбекшілердің негізгі әлеуметтік қүқықтары туралы Қауымдастық Хартиясы;
* 2000 жылы ЕО-ның негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.
Қауымдастықтың әлеуметтік саясатын қалыптастыруда 1992 жылда әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің тарихи маңызы зор. Маастрихт Келісімінен кейін ықпалдасудың жаңа айналымына өткен ЕО елдері әлеуметтік саладағы институттардың өкілеттігін кеңейту қажеттігі туралы уағдаласты. 1997 жылы Амстердам келісімі әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің барлық негізгі ережелерін ЕО жөніндегі Келісімнің сәйкес баптарының қүрамына біріктірді. Келісім 1992 жыл күшін жойды. ЕО жөніндегі Келісімге сәйкес Еуропалық қауымдастықтың әлеуметтік саясатының мақсаттары: жүмыспен қамту, өмір сүру мен еңбек жағдайын жақсартуға жәрдемдесуді өзара үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлер мен еңбекшілер арасындағы диалог, нақтылы әлеуметтік қорғау, кедейленумен күрес, жүмыспен қамтудың жоғары дәрежелі жағдайына қолайлылық туғызу.
[өңдеу] Еуропалық одақ институттары
Еуропалық одақ институттары - Еуропалық Одақтың негізгі міндеттерін жүзеге асырушы қүзырлы органдар. Еуропалық Одақ Институттары бір мезгілде Еуропалық қауымдастықтың әрқайсысының: Еуропалық қауымдастықтың, Еуропалық көмір және болат бірлестігі, Атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастық институттары ретінде де қызмет етеді. Осылайша, "Еуропалық Одақ институты" және "Еуропалық қауымдастық институты" ұғымдары синонимдер болып табылады. Еуропалық Одақ институттарына: Еуропалық Кеңес, Еуропалық Парламент, Еуропалық комиссия, Еуропалық Сот, Еуропалық санақ палатасы, Экономикалық және әлеуметтік комитет, Аймақтар комитеті, Еуропалық орталық банк, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық одақ омбудсманы, Еуропол жатады.
[өңдеу] Еуропалық одақ құқы
Еуропалық одақ құқы - [EULaw; European Union Law] - Еуропалық қауымдастық пен Еуропалық Одақ шеңберіндегі еуропалық ықпалдасудың дамуы негізінде пайда болған ерекше қүқықтық феномен. Еуропалық одақ қүқы халықаралық қүқық пен мемлекетшілік қүқықтың түйіскен жерінен пайда болған ерекше қүқық тәртібі. Еуропалық одақ қүқының автономдығы Еуропалық қауымдастықтар Сотының бірқатар шешімдерімен бекітілген. "Еуропалық Одақ қүқы" үғымы 1990-шы жылдардың басында Еуро- одақтың пайда болуымен қатар қолданыла бастады.
[өңдеу] Еуропалық ықпалдастық
Еуропалық ықпалдастық - еуропаның бірлесуін мақсат түтатын қүрылымдық және саяси процесс. Оның идеологиялық негізі - Еуропаның (континент немесе нақтылы географиялық аймақ ретінде емес, саяси-мәдени үғым ретінде) саяси біртүтастығы Рим империясынан, ал, діни түтастығы - IV ғасырдын б.д.д. христиандықтың осы империяда қоғамдық-саяси күшке айналуынан бері орныққан деген сенім болып табылады. Ӏс жүзінде V ғысырдын Батыс Рим империясы жойылғанынан кейін аумағы бірте-берте тарылып, 1453 жылы оның астанасы - Константинополь - османдықтардың иелігіне өтіп, жоқ болып кеткенінше,империялық бірліктің "қүдіреттілігі" Византияда (Шығыс Рим империясы) сақталды.[1]

ҚАЗ
ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЫ
I. МАҚСАТЫ
1. Құқық қорғаушыларды қолдау - Еуропа Одағының адам құқығы
саласындағы сыртқы саясатының бұрыннан келе жатқан элементі. Бұл
Нұсқаудың мақсаты - осы мəселеге қатысты Еуроодақтың қызметін
жақсарту жөнінде практикалық ұсыныстар беру. Бұл Нұсқаулықты үшінші
елдермен барлық деңгейдегі жұмыс кезінде, сондай-ақ адам құқығын
қорғау құқығының сақталуын жылжыту жəне нығайту үшін Еуроодақтың
ағымдағы күш салуын қолдау жəне нығайту үшін, адам құқығы жөніндегі
көп жақты форумдар аясында пайдалануға болады. Сондай-ақ Нұсқау,
қауіп төнген жағдайда құқық қорғаушыларды қорғау үшін Еуроодақ
тарапынан араласуды көздейді жəне құқық қорғаушыларды қолдаудың
жəне көмек көрсетудің практикалық тəсілдерін ұсынады. Нұсқаудың
маңызды элементі БҰҰ Құқық қорғаушылар жөніндегі арнайы өкілін жəне
құқық қорғаушыларды қорғаудың тиісті өңірлік тетіктерін қоса, БҰҰ Адам
құқығы жөніндегі комиссиясының арнайы рəсімдерін қолдау болып
табылады. Бұл Нұсқау Еуроодақ миссияларына (Еуроодаққа
мүше-мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтары жəне Еуроодақ
Өкілдіктері) құқық қорғаушыларға олардың тəсілін əзірлеу процесінде
көмектесуге арналған. Бұл Нұсқаудың бірінші міндеті, құқық
қорғаушыларға қатысты алаңдаушылық туғызатын мəселелерді қарау
болып табылады, сондай-ақ бұл Еуроодақтың адам құқықтары жөніндегі
жалпы саясатын нығайтуға өз үлесін қосады.
ҚАЗ
II. АНЫҚТАМА
2. Бұл Нұсқаулықта құқық қорғаушыларды айқындау үшін Қоғамның
жекелеген адамдарының, топтары мен органдарының адамның көпшілік
мойындаған құқықтарын жəне негізгі бостандықтарын ынталандыру жəне
қорғау құқығы мен міндеттемелері туралы декларацияның 1-параграфы
(1-қосымшаны қара) негізге алынған, онда Əр адамның жеке жəне
басқалармен бірге адамның құқығы мен негізгі бостандықтарын ұлттық
жəне халықаралық деңгейде ынталандыруға жəне қорғауға жəне жүзеге
асыруға тырысуға құқығы барын белгілейді.
3. Құқық қорғаушылар - адамның көпшілік мойындаған құқықтарын жəне
негізгі бостандықтарын мақұлдайтын жəне қорғайтын қоғамның
жекелеген адамдары, топтары мен органдары болып табылады. Құқық
қорғаушылар азаматтық жəне саяси құқықтарды мақұлдауға жəне
қорғауға, сондай-ақ экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтарды
мақұлдауға, қорғауға жəне жүзеге асыруға қол жеткізеді. Сонымен қатар
құқық қорғаушылар байырғы тұрғындар қоғамдастығы сияқты топтар
мүшелерінің құқықтарын ынталандырады жəне қорғайды. Бұл анықтамаға
зорлық-зомбылық жасайтын немесе насихаттайтын жекелеген адамдар
мен топтар кірмейді.
III. КІРIСПЕ
4. Еуроодақ Қоғамның жекелеген адамдарының, топтары мен органдарының
адамның көпшілік мойындаған құқықтарын жəне негізгі бостандықтарын
мақұлдау жəне қорғау құқығы мен міндеттемелері туралы декларациядағы
ҚАЗ
қағидаттарды қолдайды. Адам құқығын бірінші кезекте ынталандыру жəне қорғау міндеті мемлекет мойынында болса да Еуроодақ, адам құқығы ісін жылжытуда қоғамның жекелеген адамдары, топтары мен органдары
барлығы бірге маңызды рөл атқаратынын мойындайды. Құқық
қорғаушылардың қызметіне мыналар кіреді:
- бұзушылықтарды құжаттамалау;
- мұндай бұзушылықтар құрбандары үшін құқықтық,
психологиялық, медициналық немесе өзге көмек көрсету
арқылы сотта қорғау құралдарына жүгіну; жəне
- адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жүйелі жəне
қайталанатын бұзушылықтарды жабуға пайдаланылатын жазасыздық
мəдениетімен күрес.
5. Құқық қорғаушылардың жұмысына мемлекет жүзеге асыратын саясат пен
іс-əрекеттерді сынау жиі кіреді. Бірақ, мемлекеттер оны теріс
қабылдамауға тиіс. Мемлекеттің саясаты мен іс-əрекеттеріне қатысты
тəуелсіз ойлау жəне еркін пікіртартыстар үшін орын беру қағидасы - негіз
қалаушы, тексерілген жəне адам құқығын қорғаудың жоғарырақ деңгейін
белгілеудің өзін өзі танытқан тəсілі. Құқық қорғаушылар мемлекеттерге
адам құқықтарын ынталандыру жəне қорғау процесінде көмек көрсете
алады. Консультативтік процеске қатыса отырып, олар адам құқықтары
жөніндегі тиісті заңнаманы əзірлеу жəне ұлттық жоспарлар мен
стратегиялар құруда негізгі рөл ойнауы мүмкін. Сондай-ақ, бұл рөл де
танылу жəне қолдауға ие болу керек.
6. Еуроодақ, құқық қорғаушылар қызметінің уақыт өткен сайын қадірі
өскенін мойындайды. Кез келген бұзушылыққа ұшыраған адамдарды
қорғау дəрежесінің артуын қамтамасыз етуде олардың мəні өсті. Бірақ бұл
прогресске жету қымбатқа түсті: құқық қорғаушылардың өздерінің
шабуыл нысанасы болуы көбейіп келеді жəне олардың құқықтары көптеген
ҚАЗ
елдерде бұзылуда. Еуроодақ құқық қорғаушылардың қауіпсіздігін жəне
олардың құқықтарын қорғау аса маңызды деп есептейді. Бұл тұрғыдан
құқық қорғаушылар мəселесін қарау кезінде гендерлік тұжырымдаманы
қолдану маңызды.
IV. ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
7. Бұл Нұсқаудың практикалық бөлігі Жалпы сыртқы саясат жəне қауіпсіздік
саясаты мəнмəтінінде құқық қорғаушыларды үшінші елдерде ынталандыру
мен қорғауға бағытталған тиімді жұмыс тəсілдері мен құралдарын
анықтауға арналған.
Мониторинг, есептілік жəне бағалау
8. Еуроодақ миссияларының басшыларынан, олар тіркелген елдердегі адам
құқықтары жөніндегі жағдай туралы кезеңдік есеп беру талап етіледі. ЕО
Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі жұмыс тобы (The Council Working
Party on Human Rights, COHOM) осы міндетті орындауға ықпал етуге тиіс
істердің нақты жағдайы туралы баяндама жазбалардың жалпы жоспарын
жуырда мақұлдады. Осы баяндама жазбаларға сəйкес, миссиялар өз
есептерінде құқық қорғаушылардың жағдайын, атап айтқанда құқық
қорғаушыларға қатысты орын алған кез келген қорқыту не шабуылды
көрсетуге тиіс. Бұл түпмəтінде Миссиялар басшылары, институционалды
шеңбер құқық қорғаушының өз жұмысын қауіпсіз жағдайда орындау
қабілетіне айтарлықтай əсер ете алатынын білуге тиіс. Бұл тұрғыдан заң,
сот, əкімшілік жəне кез келген зорлық-зомбылық, жаза қауіпі, де-факто
немесе де-юре жағымсыз кемсітушілік, қысым немесе БҰҰ Құқық
қорғаушылар жөніндегі декларациясында ескерілген кез келген
құқықтарды жүзеге асыру салдары ретінде өзге озбырлық актісіне қарсы
адамдарды қорғау үшін мемлекеттер қолданатын басқа тиісті шаралар
сияқты кез келген сұрақтар маңызды.
ҚАЗ
Қажет болғанда Миссиялар басшылары құқық қорғаушыларды қорқытуды
жəне оларға қарсы шабуылды айыптауды, сондай-ақ құқық қорғаушылар
үшін тікелей немесе айтарлықтай қауіп төнген жағдайда демарштар мен
жария мəлімдемелерді қоса, Еуроодақтың ықтимал іс-əрекеттері бойынша
ЕО Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі жұмыс тобына (COHOM)
ұсынымдар беруге тиіс. Сондай-ақ миссиялар басшылары өз есептерінде
Еуроодақ іс-əрекеттерінің тиімділігі туралы баяндауға тиіс.
9. Миссиялар басшыларының есептері жəне басқа тиісті ақпарат, мысалы
БҰҰ Құқық қорғаушылар жөніндегі Бас хатшының Арнайы өкілінің,
Арнайы баяндамашысының жəне Халықаралық шарттар органдарының
есептері мен ұсынымдары ЕО Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі
жұмыс тобына (COHOM) жəне басқа да тиісті жұмыс топтарына Еуроодақ
тарапынан іс-əрекет жасауды талап ететін жағдайларды айқындауға жəне
қабылдауға қажет іс-əрекеттерді айқындауға немесе, егер ол орынды болса
мұндай іс-əрекеттер бойынша ұсынымдарды Кеңестің Саясат жəне
қауіпсіздік комитетіне (PSC) ұсынуға мүмкіндік береді.
Құқық қорғаушыларды қолдаудағы жəне қорғаудағы Еуроодақ рөлі
10. Көптеген үшінші елдерде Еуроодақ миссиялары (Еуроодаққа
мүше-мемлекеттер елшіліктері жəне Еуроодақ өкілдіктері) Еуроодақ пен
оның Мүше-мемлекеттерінің құқық қорғаушылармен түйісуінің бастапқы
орыны болып табылады. Осыған орай, олар құқық қорғаушыларға
қатысты Еуроодақ саясатын практикалық іске асыруда маңызды роль
ойнайды. Сондықтан Еуроодақ миссиялары құқық қорғаушыларға
қатысты белсенді саясат қабылдауға тырысуы тиіс. Сонымен қатар, олар
Еуроодақ қабылдаған іс-əрекеттер белгілі жағдайларда құқық
қорғаушыларға қарсы қорқытуға жəне шабуылға апарып соғатынын білуі
тиіс. Сондықтан, орынды болған жағдайда олар қарауға болатын
ҚАЗ
іс-əрекеттерге қатысты құқық қорғаушылармен кеңесуі тиіс. Еуроодақ
миссиялары қабылдай алатын шараларға мыналар кіреді:
- қауіп-қатер төнгендерін қоса, құқық қорғаушылар туралы
ақпаратты тығыз үйлестіру жəне алмасу;
- миссияларда оларды қабылдауды жəне олардың жұмыс орнына
баруды қоса, құқық қорғаушылармен тиісті байланыс ұстау;
олармен байланыс ұстауға жауапты арнайы адамдарды тағайындау
мүмкіндігін - қажет болса - осы мақсаттарда жүктемені бөлу
қағидаты негізінде қарау;
- тиісті жағдайларда құқық қорғаушыларды тиісті жариялылық, ресми
түрде бару жəне шақыру арқылы тиісінше таныстыру;
- құқық қорғаушыларға қатысты сотта істі қараған тиісті
жағдайларда бару жəне қадағалау.
Үшінші елдермен қарым-қатынаста жəне көп жақты форумдар
аясында құқық қорғаушыларды құрметтеуге ынталандыру
11. Еуроодақ міндеті құқық қорғаушылар құқықтарына қатысты жəне оларды
мемлекеттік емес қатысушылар тарапынан шабуылдан жəне қорқытудан
қорғау үшін өз міндеттемелерін орындау үшін үшінші елдерге ықпал ету
болып табылады. Еуроодақ үшінші елдермен өз байланыстарында, қажет
болған жағдайларда барлық елдерге қажеттілік білдіреді жəне тиісті
халықаралық нормаларды, атап айтқанда БҰҰ Декларациясын ұстанады
жəне сақтайды. Жалпы міндет - құқық қорғаушылар еркін жұмыс істей
алатындай орта құру. Еуроодақ адам құқықтары саласындағы оның
саясатының ажырамас бөлігі болып табылатын өз міндеттері туралы
жариялайды жəне құқық қорғаушыларды қорғауға беретін мəнін атап
көрсетеді.
Осы міндеттерді қолдайтын іс-əрекеттерге мыналар кіреді:
ҚАЗ
- Еуроодақ Президенттігінің өкілдері, Жалпы сыртқы саясат жəне
қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкіл немесе Еуроодақтың
арнайы өкілдері мен елшілері немесе Еуроодақ өкілдері елдерге ресми
бару кезінде орынды болса, олар құқық қорғаушылардың жеке
жағдайларын үшінші елдерге олардың ресми баруының ажырамас
бөлігі ретінде көтеретін болады.
- Еуроодақ пен үшінші елдер жəне өңірлік ұйымдар арасындағы саяси
пікіртартыстарда құқық қорғаушылар туралы компонентке тиісті
жағдайларда құқық қорғаушыларға қатысты істер жағдайы кіреді.
Еуроодақ қорғаушылардың өздерін жəне олардың жұмысын
қолдайтынын атап көрсетеді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропа одағы
Әлемдік саясаттағы Еуропалық одақ
Еуропалық одақтың әлеуметтік саясаты
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы
Халықаралық валюта жүйесінің мәні, құрылымы
Еуропалық Қауымдастық құқығының заңдық болмысы мен құрылтай және институционалдық сипаттағы негізгі құжаттары
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО)
Еуропалық Одақ
Халықаралық валюта қатынастары туралы
Пәндер