Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕПТІЛІК: ҚАЛЫПТАСУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

1. 1 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы

1. 2 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі

1. 3 Консолидацияланған қаржылық есеп беру

2 АҚША ҚАРАЖАТТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚЕХС БОЙЫНША ЕСЕПТІЛІГІ

2. 1 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері

2. 2 Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептіліктің негізгі әдістері

2. 3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары

3 «АЛТЫН ДӘН » ЖШС-ДЕГІ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ-НЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕПТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

3. 1 «Алтын дән » ЖШС-дегі технико-экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама

3. 2 Кәсіпорынның қаржы есептілігіндегі ақша қаражаттарының бухгалтериядағы есебі

3. 3 «Алтын дән» ЖШС-нің ақша қаражаттарының есебін жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША 1

ҚОСЫМША 2

ҚОСЫМША 3

ҚОСЫМША 4

4

7

7

16

19

22

22

28

32

36

36

40

48

54

57

59

60

61

64

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дәрлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз

Ақша бірлігі ретінде теңгені пайдаланатын коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысуларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі танктер орналасқан жерлерде құрылған өзінің есеп айырысу-кассалық орталықтары арқылы ұйымдастырады. Банкаралық есеп айырылусыларды жүргізетін коммерциялық банктермен есеп айырысу орталықтарындағы құжаттар айналымы Ұлттық Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Банктердің қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үйлестіреді және оған бағыт береді.

Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылығы байқалады. Нақты ақшамен субъектілер песоналмен еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен және кредиторлармен қолданылып жүрген заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы өтпейтін төлемдер бойынша есеп айырысады.

Ақша қаражатын сақтау және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері мынадай шоттар ашады:

Есеп айырысу шоттары - шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар, Қазақстан Республикасы Әділет пинистрлігінің органдарында тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;

Ағымдағы шоттар - жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджеттік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;

Бюджеттік шоттар - Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетіндегі мекемелерге;

Корреспонденттік шоттар - корреспонденттік келісімдер негізінде есеп айырысу ережелеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық Банк мекемелерінде және өз арасында.

Ақша қаражатын есепке алу міндеттері ақша қаражатының сақталуын және олардың мақсатына сай лимиттерге, сметаларға сәйкес пайдалануына бақылауды қамтамасыз етуі; ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды толық және уақтылы құжаттау; есеп айырысу және қаржы тәртібін сақтау; талдамалық есепке алуды уақтылы және дұрыс жүргізу; ақша қаражатына толық және нақтылы түгелдеу жүргізу; төлемдері банк арқылы ақша аудару жолымен жасау болып табылады.

Республикада банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын ақша аудару арқылы есеп айырысудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Салыстырмалы түрде ұсақ төлемдері субъектілер кассадан қолма-қол ақшамен, почта аударылымымен немесе байланыс кәсіпорындары арқылы үстеме төлем жасау арқылы төлеуге құқылы. Кәсіпорындардың банктер арқылы жүргізетін есеп айырысуларын тауарлық (сатылатын өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет үшін, алынған шикізат, материалдар, жартылай дайын өнім үшін) және тауарлық емес (бюджетке, әлеуметтік сақтандыру органдарына, зейнетақы қорына және басқалары) деп бөлуге болады.

Ақша қаражаттары қозғалысының есебінде операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет тұрғысынан алғандағы мағлұматтар мазмұндалуға тиіс, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайына оның қызметі түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға ағымдағы активтер мен міндеттемелер, ақша операциялары өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістерге немесе зияндарға қарай түзету енгізіледі.

Ал кәсіпорынның жеделдігін қамтамасыз етудегі ақша қаражаттары арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

  • ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
  • ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
  • кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу;

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорың қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет. Кез-келген шаруашылық субъектілер ақша қаражаты есебін жүргізу ол есептік саясаттың негізгі баптарының бірі болып табылады. Сондықтан берілген тақырып бухгалтерлік есептің көкей кесті проблемаларының бірі болып табылады. Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары-бұл банк мен клиенттер арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және коореспонденттік болып бөлінеді.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға срттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін. Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше өзгертілмесе, субъктінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.

Дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты да - «Алтын дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық есептің халықаралық стандарты бойынша ақшалай қаржылар есебі мен аудитінің теориялық, тәжірибелік және ұсыныс шараларының жүргізілуі қарастырылады.

Сонымен, ақша қаражаттар қозғалысы есебінің негізгі мақсаты - ақша қаражаттарының немесе оның эквиваленттерінің өзгерістері жайлы ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Ақша қаражаттар қозғалысының есептілігі басқадай есептік формаларымен бірге, ақпараттарға қызығушылығын білдірген қолданушыларға компанияның таза активтер динамикасын бағалауға, қаржылық құрылымындағы өзгерістерін, ақша қаражаттар қозғалысын тиімді басқаруын, тез арада өзгеріске түсетін нарықтық талаптарға тез бейімделу мүмкіндігін береді.

Есептілікте көрсетілетін көрсеткіштердің талдауын, бағалауды жүргізу үшін модельдерді құруға және компанияның болашақтағы ақша қаражаттар қозғалысының дисконтталған құнын көрсетуге мүмкіндік береді.

Ақша қаражаттар туралы қорытынды мәліметтер - олардың өткен жылдардағы болжанған бағаларының нақтылығын анықтауға және таза ақша қаражаттар мен табыстылықтың арасындағы байланысты көрсету үшін қажет.

Осы тақырыбыма байланысты, тікелей және жанама әдістермен есептелген мысал есептер келтірілген.

1 АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕПТІЛІК: ҚАЛЫПТАСУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

1. 1 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айыру белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады.

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр.

Ақша қаражаттар қозғалысы - шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ, тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ол капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Қолма-қол ақшалар айналысы - нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар қызмет етеді.

Қолма-қолсыз ақшалар айнасы - қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы. Оған: чектер, пластикалық карточкалар, электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер) .

Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір қозғалыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады.

Мысалы, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т. с. с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.

Барлық шаруашылық жүргізші субъектілер өз ақша қаражаттарын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттармен белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.

Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды, бюджеттің кассалық орындалуын жүзеге асырады және жиынтық валюта жоспарын қалыптастыруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын, ұйымдар мен мекемелерге несиелендіруді, қаржыландыруды және есеп-айырысу қызметін атқарады.

Прогрессивті несие саясатын жүзеге асыру, негізгі қызметті несиелендірудің бүкіл жүйесінің тиімділігінарттыру, күрделі қаржыны қаржыландыру мен несиелендіру, сондай-ақ қажетті есеп айырысуларды жүргізу төмендегі мемлекеттік акционерлік банктерге жүктелген: Тұран Әлем банкі - өндірісте, құрылыста, көлік пен байланыста, материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында, сыртқы экономикалық қызметте; Қазагроөнеркәсіпбанкі - агроөнеркәсіп кешенінде; Казкредсобанк - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта, тұрмыстық қызмет көрсетуде және экономиканың басқа да салаларында; Халықтық банк - елдегі жинақ ісін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; Бюджеттік банк - бюджеттегі мекемелерге қызмет көрсетеді; Қазақстан Эксимбанкі - экспорт-импорт операцияларын несиелеуді, сондай-ақ Үкімет белгілейтін елдің экономикалық даму басымдықтарына сәйкес тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асырады; Медетші банк-қаржы жағдайын оңалтуы мен өндірісті көтеруі (қайта құруы) үшін мемлекет қаржы бөлетін субъектілерді несиелендіреді. Бұған қоса республикада коммерциялық және жекеменшік банктердің жүйесі құрылған, олар елде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерге қызмет көрсетеді.

Ақша бірлігі ретінде теңгені пайдаланатын коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысуларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі танктер орналасқан жерлерде құрылған өзінің есеп айырысу-кассалық орталықтары арқылы ұйымдастырады. Банкаралық есеп айырылусыларды жүргізетін коммерциялық банктермен есеп айырысу орталықтарындағы құжаттар айналымы Ұлттық Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Банктердің қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үйлестіреді және оған бағыт береді.

Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылығы байқалады. Нақты ақшамен субъектілер песоналмен еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен және кредиторлармен қолданылып жүрген заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы өтпейтін төлемдер бойынша есеп айырысады.

Ақша қаражатын сақтау және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері мынадай шоттар ашады:

Есеп айырысу шоттары - шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар, Қазақстан Республикасы Әділет пинистрлігінің органдарында тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;

Ағымдағы шоттар - жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджеттік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;

Бюджеттік шоттар - Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетіндегі мекемелерге;

Корреспонденттік шоттар - корреспонденттік келісімдер негізінде есеп айырысу ережелеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық Банк мекемелерінде және өз арасында.

Өзі орналасқан жерден тысқары жерлерде жеке филиалдары мен өкілдіктері (дүкендері, қоймалары және т. с. с. ) бар заңды тұлғаларға табысты нақты ақша түріндегі несие төлем тапсымалары бойынша есептеу үшін есеп айырысу субшоттары ашылуы мүмкін.

Уақытша есеп айырысу шоты ішінара пайдалануға берілген (іске қосу кешені, кезек, кезең және т. с. с), салынып жатқан кәсіпорынға арнап ашылуы мүмкін. Мұндай шот жоғары тұрған органның өкімі бойынша кәсіпорын пайдалануға толық берілгенге дейінгі мерзімге ашылады.

Субъектіге валюталық шот ашылуы мүмкін, ол шетел валютасындағы қаражаттың нақты бары мен қозғалысын есепке алуға арналған. Ол сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер бойынша шоттарды, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларды жүргізу үшін ашады.

Есеп айырысулар толық және тұрақты болуға тиіс. Олардың негізінде мынадай принциптер қаланған: субъектілер өз ақша қаражаттарын банкте сақтауға міндетті; олардың арасындағы есеп айырысулар, әдете, қолма-қол ақшаны пайдаланбай жүргізіледі; аудару арқылы есеп айырысулар жүргізуге негіз болып табылатын барлық құжаттар банк, байланыс органдары мен Халықтық банк мекемелері арқылы төлемдер жасау үшін пайдаланылады; банктік емес айналымда айналыстың тек жалпымемлекеттік кредит құралдары (чектер, вексельдер, банк билеттері және басқалар) ғана айнала алады. Есеп айырысудың мақсаты - нарықтық қатынастарды нығайтуға, жиынтық қоғамдық өнімнің қозғалсына, есеп айырысу қатынастарына қатысушыларды өзара ынталандыру мен бақылауға, олардың кірістері мен шығыстарын өлшеуге жәрдемдесу.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз активтердің жеделдігін қамтамасыз етудегі ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл мәмәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісімшарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жиынтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Активтердің жеделдігін қамтамасыз етудегі ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттар - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады. Активтердің жеделдігін қамтамасыз етудегі шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашылады.

Субъект шоттарындағы ақша қаражаттары олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы ақша қаражатты есептен шығаруға тек қана соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдардакөзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Субъектінің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.

Қазакстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістер пайдаланылады:

  1. қолма - қол ақшаны аударуды;
  2. төлем тапсырмасын ұсыну;
  3. чектер беруді;
  4. вексель немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;
  5. тапсырма - талап төлемдерін ұсынуды;
  6. инкассалық жарлығын ұсыну.

Кәсіпорындар мен ұйымдар активтердің жеделдігін қамтамасыз етудегі ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

  • ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
  • кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
  • есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығындалуын дұрыс есептеу.

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналады. Бәсеке қабілеттілігі - кәсіпорындар мен ұйымдардың дамуына қажетті құрал - жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен олардың баламаларын (эквивалентін) дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін нақты бағалау үшін қажет.

Ақша баламалары (эквиваленті) - бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Олардың түрлері төмендегідей:

  1. қазыналық вексельдер;
  2. коммерциялық (саудалық) қағаздар;
  3. депозиттік сертификаттар;
  4. ақшалай құнды қағаздар;
  5. корпаративтік құнды қағаздар.

Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да ақша эквивалентін кассадағы ақшалар шотында есептемейді. Ақша эквивалентін кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іс - сапар шығындары үшін аванс ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқа да дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.

Овердрафт дегеніміз - кәсіпорынның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта ғана пайда болады. Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома кәсіпорынның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек көрсетілуі тиіс.

Активтердің жеделдігін қамтамасыз етудегі ақшалай құнды қағаздар - ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Құнды қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай құнды қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.

Саудалық құнды қағаздар - құнды қағаздардың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.

Депозиттік сертификаттар дегеніміз - ірі атаулы құнға ие болатын мерзімдік сертификаттар. Депозиттік сертификаттар құнды қағаздар болғанымен оларды бір адамнан екінші адамға беруге болады. Депозиттік сертификаттар клиентке банк мекемесінің берген борыштық сенімхатының рөлін атқарады. Бұл сертификатта банкке белгілі бір мерзімге салынған салымдарының түрі көрсетіледі. Сертификаттардың өзі атаулы және ұсынбалы болып екі түрге бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі
Төлем жүйесі және банк аралық есеп айырысу
Есеп айырысу түрлері
Қолма-қол ақшасыз есеп айырылысу нышандары
Банктік шот және төлем тапсырыспен есепайырысу есебі
Есеп айырысу операциялары
Есеп айырысу операцияларды және олардың жіктелуі
Төлем талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу
Төлем карточкаларымен есеп айырысу
ҚР қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz