Еңбек өнімділігін көп факторлы талдау және болжау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы

1. 1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні

1. 2 Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістері мен көрсеткіштері

1. 3 Еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар

2 Еңбек өнімділігін көп факторлы талдау және болжау

2. 1 Еңбек өнімділігін жоғарылату

2. 2 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың жолдары

3 ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Еңбек өнімділігін өлшеуге ұсынылған әдістер

3. 2 Еңбек өнімділігін есептеудің бірізділігі принципіне сүйене отырып жетілдіру

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

3

5

5

8

11

18

18

20

32

32

33

36

38

Кіріспе

Ел президенті студенттер алдында сөйлеген сөзінде «Біз еліміздің экономикалық өсуін негізінен өндіруші сектордың дамуына байланысты екенін түсінеміз. Алайда үміттендіретін үрдістер де бар, өйткені өсудің жоғарғы қарқынын басқа салалар да, соның ішінде қаржы секторы, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс салалары да көрсетіп отыр.

Бірақ та біздің экономика негізінен экстенсивті тұрғыда дамып келе жатқанын мойындау керек, қазақстандық кәсіпорындар үшін энергияны шығындаудың жоғары деңгейі мен еңбек өнімділігінің төмен деңгейі тән.

Егер біз мұндай ахуалды өзгерте алмасақ, 20-25 жылдан кейін Қазақстан әлемдік экономиканың шеткі аймағында қалып қоюы мүмкін.

Сондықтан бүгінгі күні біздің алдымызда өнімдерді сыртқы нарықтарды сұраныс туғызатын жаңа, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту міндеті тұр. Ал бұған жахандық бәсекелес рыноктар жағдайында жұмыс істеуге бағдарланған жаңа технологияларсыз, осы заманғы менеджмент модельдерін енгізбейінше қол жеткізу мүмкін емес».

Елбасының айтқанындай қазіргі нарық жағдайындағы экономикамызда еңбек өнімділігінің деңгейі төмен көрсеткіштерді көрсетеді. Кез - келген кәсіпорын өзінің еңбек өнімділігін арттырып, сол арқылы өз пайдасын арттыруға тырысады.

Еңбек өнімділігі бұл өндіріс процесінде еңбектің тиімділгі. Өнімнің бір мөлшерін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшерімен немесе уақыттың бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді.

Өнімділік дегеніміз қазіргі экономикалық теорияда, сөздің кең мағынасында бір жағынан, өнім және қызмет түріндегі тауарлар көлемі мен екінші жағынан, сол өнімдерді шығаруға кеткен шығындардың ара қатынасын түсүнуге болады. Оған өндірістің барлық факторлары ықпал ететін болғандықтан, кейде оны көп факторлы өнімділік деп атайды

Өндіріс тиімділігі - бұл пайдалы нәтиже мен өндірістік процесс факторларының шығыны ара қатынасы

Экономикалық қайта құру жылдарында еңбек өнімділігін төмендетудің негізгі себебі қызығушылықтың төмендеуі болды, әсіресе ірі тауар өндірушілердің тек өсуге емес, жеткен деңгейді сақтауға да қызығушылығы төмен болды. Кенеттен бағаны бос жіберудің жағдайында кәсіпорынның технологиялық өзара байланысын анықтайтын монополді сипаты еңбек өнімділігін арттыруға, өндіріс көлемін өсіруге деген ынтасын жойып жіберуге мүмкіндік жасады. Бұл бағаның өсуіне әкеледі, ол өз кезегінде инфляцияны тудырады, бұрын қалыптасқан шаруашылық байлықтың, көптеген нарық қатынасушылары үшін қарым-қатынастың бұзылуына және сонымен қатар, еңбек өнімділігінің әрі қарай төмендеуіне әкеледі. Еңбек өнімділігі мен тауар өндірісі тиімділігінің мәні және мағынасы

Экономика - бұл қоғам қажеттілігін жоғары қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды пайдалану жөніндегі ғылым.

Қоғамның материалдық қажеттіліктері шексіз болғандықтан, оларды толық қанағаттандыруды, мүмкіндігінше, барлық қорларды неғұрлым тиімді пайдалану арқылы қамтамасыз етуге болады. Осылайша, экономика - бұл ең алдымен тиімділік жөніндегі ғылым. Экономикалық тиімділік ″шығындар-өндіру″ деген мәселеден тұрады.

Өндіріс тиімділігі - бұл пайдалы нәтиже мен өндірістік процесс факторларының шығыны ара қатынасы.

Өнімділік дегеніміз қазіргі экономикалық теорияда, сөздің кең мағынасында бір жағынан, өнім және қызмет түріндегі тауарлар көлемі мен екінші жағынан, сол өнімдерді шығаруға кеткен шығындардың ара қатынасын түсүнуге болады. Оған өндірістің барлық факторлары ықпал ететін болғандықтан, кейде оны көп факторлы өнімділік деп атайды.

Ұзақ мерзімді кезеңде мұндай ара қатынастың өсуі тек технологиялық, энергетикалық, материалдық және қаржылық ресурстарды ғана жақсы пайдаланғанды емес, соныменн қатар еңбек ресурстарын да жақсы пайдаланғандығын білдіреді, бұл экономиканың жоғары дамып келе жатқанын көрсетеді. Ал біршама қысқаша кезеңде мұндай ара-қатынастың дамуы өмір деңгейі мен сапасының міндетті түрде дамуын көрсетпейді, яғни экономикалық дамудың әлеуметтік құрамының өсуін көрсетпейді.

Бұл ара- қатынастың азаюы, тек экономикалық құлдырауды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік құлдырауды да білдіреді.

Жоғарыда айтылып өткендей, өнімділік кең мағынада, еңбек шығындары мен капитал шығындарын және материалды шығындарды да қамтиды. Ол кез- келген таза табысқа бағытталған ұйымдарға қолданбалы. Бұл көрсеткіштің мәні - өнімділігі жоғары елдер материалдық және энергетикалық ресурстары мол елдерге қарағанда экономикалық көшбасшылар болуында.

Тауарлар өндірісінің тиімділігі еңбек және өндірістік қорларды, материалдық шығындар, сондай-ақ, энергетикалық ресурстардың әртүрлі түрлерін пайдалану жағдайын суреттейтін бірқатар көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін. Мысалы, өндіргіш күштің бір бөлігі болатын негізгі өндірістік қорларды пайдалану жағдайы қор қайтарымы көрсеткішімен бағалануы мүмкін.

Қор қайтарымы - бұл өндіріс нәтижесінің негізгі қорлар құнына қатынасы. Негізгі қорлар дегеніміз өндірісте бір жылдан жоғары қолданылатын натуралды формадағы еңбек құралдары. Бұл көрсеткіш статикада өз деңгейінің абсолютті мәнінің маңыздылығымен ғана емес, көбірек өз динамикасы арқылы маңызды. Негізгі қорларды пайдаланудың басқа қорытынды көрсеткіші, қор сыйымдылығы - негізгі өндірістік қорлардың орташа құнының сатылған өнім көлеміне қатынасы.

1 Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы

1. 1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамсыздандырылғаны мен оларды пайдаланудың тиімділігіне - барлық жұмыстардың көлемі мен өз уақытында орындалуы, құрал-жабдықтар, машиналар, механизмдер, соның салдарынан өнім өндірісінің көлемі, өзіндік құны, табыс пен экономикалық көрсеткіштердің бір қатары тәуелді.

Талдаудың негізгі мәселелері:

  • сандық және сапалық параметрлер бойынша кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелерініңғ персоналмен қамсыздандырылғанын зерттеу;
  • кәсіпорында персонал қолданылуының тиімділігін, интенсивтілігін және экстенсивтілігін бағалау;
  • кәсіпорын персоналын толық, әрі тиімді қолданудың резервтерін анықтау.

Ақпарат қайнар көздері - еңбек бойынша жоспар, «Еңбек бойынша есеп», статистикалық есептілік, табельдік есеппен кадрлар бөлімінің мәліметтері.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамсыздандырылғаны - категориялармен мамандық бойынша жұмыскерлердің нақты санын жоспарлы қажеттілікпен салысытыру арқылы анықталады:

Кесте 1. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамсыздандырыл-ғандығы.

Жұмыскерлердің категориясын
Саны
Қамсыздану пайызы
Жоспар
Нақты
Жұмыскерлердің категориясын: Өндірістік персоналдың орта тізімдік саны
Саны: 570
Қамсыздану пайызы: 568
99, 6
Жұмыскерлердің категориясын: Оның ішінде жұысшылар
Саны: 460
Қамсыздану пайызы: 460
100
Жұмыскерлердің категориясын:

Оның ішінде:

Технологтар

Саны: 80
Қамсыздану пайызы: 75
93, 7
Жұмыскерлердің категориясын: Көмекші жұмысшылар
Саны: 380
Қамсыздану пайызы: 385
101, 3
Жұмыскерлердің категориясын: Инжинерлік - техникалық жұмысшылар
Саны: 110
Қамсыздану пайызы: 108
98, 2

Сонымен бірге персоналдың біліктілік деңгейі бойынша сапалық құрамын талдау қажет:

Кесте 2. Біліктілік деңгейі бойынша жұмысшылыардың құрамы.

Жұмысшылардың разряды
Тарифтік коэффициенттер
Жыл соңындағы жұмысшылардың саны
Өткен жыл
Есепті жыл
Жұмысшылардың разряды: І
Тарифтік коэффициенттер: 1, 00
Жыл соңындағы жұмысшылардың саны: 31
32
Жұмысшылардың разряды: ІІ
Тарифтік коэффициенттер: 1, 07
Жыл соңындағы жұмысшылардың саны: 45
46
Жұмысшылардың разряды: ІІІ
Тарифтік коэффициенттер: 1, 15
Жыл соңындағы жұмысшылардың саны: 62
64
Жұмысшылардың разряды: IV
Тарифтік коэффициенттер: 1, 24
Жыл соңындағы жұмысшылардың саны: 134
138
Жұмысшылардың разряды: V
Тарифтік коэффициенттер: 1, 33
Жыл соңындағы жұмысшылардың саны: 107
115
Жұмысшылардың разряды: VI
Тарифтік коэффициенттер: 1, 43
Жыл соңындағы жұмысшылардың саны: 66
65
Жұмысшылардың разряды: Барлығы
Тарифтік коэффициенттер:
Жыл соңындағы жұмысшылардың саны: 445
460
Жұмысшылардың разряды: Жұмысшылардың орташа тарифтік разряды
Тарифтік коэффициенттер:
Жыл соңындағы жұмысшылардың саны:
Жұмысшылардың разряды: Орташа тарифтік коэффициент
Тарифтік коэффициенттер:
Жыл соңындағы жұмысшылардың саны:

Арифметика арқылы есептелген орташа разрядттық тариф пен орташа тарифтік коэффициенттерді талдай отырып, жұмысшылардың біліктілік деңгейі біршама өскен деп тұжырымдауға болады.

Жұмысшылардың біліктілік деңгейі көп жағдайда олардың жұмыс тәжірибесіне, біліміне және т. б. тәуелді.

Кесте 3. Кәсіпорын еңбек ресурстарының сапалық құрамы.

Жыл соңындағы жұмысшылар
Арасалмақ, %
Өткен жыл
Есепті жыл
Өткен жыл
Есепті жыл
: 1
Жыл соңындағы жұмысшылар: 2
Арасалмақ, %: 3
4
5
:

Жұмысшылар тобы: жас бойынша:

20 дейін

Жыл соңындағы жұмысшылар: 45
Арасалмақ, %: 23
10
5
: 20-30 аралығы
Жыл соңындағы жұмысшылар: 45
Арасалмақ, %: 92
10
20
: 30-40 аралығы
Жыл соңындағы жұмысшылар: 89
Арасалмақ, %: 115
20
25
: 40-50 аралығы
Жыл соңындағы жұмысшылар: 89
Арасалмақ, %: 153
20
30
: 50-60 аралығы
Жыл соңындағы жұмысшылар: 115
Арасалмақ, %: 69
26
15
: 60 жоғары
Жыл соңындағы жұмысшылар: 62
Арасалмақ, %: 19
14
5
: Барлығы
Жыл соңындағы жұмысшылар: 445
Арасалмақ, %: 460
100
100
:

Білімі бойынша:

Бастапқы

Жыл соңындағы жұмысшылар: -
Арасалмақ, %: -
-
-
: Аяқталмаған орта
Жыл соңындағы жұмысшылар: -
Арасалмақ, %: -
-
-
: Орта, орта арнаулы
Жыл соңындағы жұмысшылар: 312
Арасалмақ, %: 322
70
70
: Жоғары
Жыл соңындағы жұмысшылар: 133
Арасалмақ, %: 138
30
30
: Барлығы
Жыл соңындағы жұмысшылар: 445
Арасалмақ, %: 460
100
100
: 1
Жыл соңындағы жұмысшылар: 2
Арасалмақ, %: 3
4
5
:

Еңбектік тәжірибе бойынша, жыл:

5 дейін

Жыл соңындағы жұмысшылар: 45
Арасалмақ, %: 55
10
12
: 5-10 аралығы
Жыл соңындағы жұмысшылар: 67
Арасалмақ, %: 69
15
15
: 10-15 аралығы
Жыл соңындағы жұмысшылар: 89
Арасалмақ, %: 115
20
25
: 15-20 аралығы
Жыл соңындағы жұмысшылар: 133
Арасалмақ, %: 129
30
28
: 20 жоғары
Жыл соңындағы жұмысшылар: 111
Арасалмақ, %: 92
25
20
: Барлығы
Жыл соңындағы жұмысшылар: 445
Арасалмақ, %: 460
100
100

Персоналдың сапалық құрамының өзгерісі оның қозғалысына байланысты болғандықтан, бұл сұраққа талдау барысында көп көңіл бөлінеді.

Кесте 4. Персонал қозғалысы туралы ақпарат.

Көрсеткіш
Өткен жыл
Есепті жыл
Көрсеткіш: Өндірістік өнеркәсіптік персонал саны, жыл басында
Өткен жыл: 613
Есепті жыл: 568
Көрсеткіш: Жұмысқа қабылданды
Өткен жыл: 90
Есепті жыл: 80
Көрсеткіш: Жұмыстан шықты
Өткен жыл: 45
Есепті жыл: 80
Көрсеткіш:

Оның ішінде:

Жеке қала бойынша

Өткен жыл: 20
Есепті жыл: 39
Көрсеткіш: Еңбектік тәртіпті бұзғаны үшін жұмыстан шығарылғандар
Өткен жыл: 5
Есепті жыл: 7
Көрсеткіш: Жыл соңындағы персонал саны
Өткен жыл: 581
Есепті жыл: 575
Көрсеткіш: Персоналдың орта тізімдік саны
Өткен жыл: 568
Есепті жыл: 568
Көрсеткіш: Жұмысшыларды қабылдау бойынша айналым коэффициенті
Өткен жыл: 0, 16
Есепті жыл: 0, 14
Көрсеткіш: Жұмысшыларды шығару бойынша айналу коэффициенті
Өткен жыл: 0, 08
Есепті жыл: 0, 14
Көрсеткіш: Кадрлардың ағымдыылқ коэффициенті
Өткен жыл: 0, 04
Есепті жыл: 0, 08
Көрсеткіш: Тұрақтылық коэффициенті
Өткен жыл: 0, 84
Есепті жыл: 0, 86

Жұмысшы күшінің қозғалысын сипаттау үшін келесі көрсеткіштер есептеліп талданады:

персоналды қабылдау бойынша айналым коэффициенті (Қ қб )

Қ ққб =жұмысқа қабылданған персонал саны/Персоналдың орта тізімдік саны=80/568=0, 14

Шығару бойынша айналу коэффициенті (К шғ )

К шғ =Жұмысқа шыққан персонал саны/персоналдың орта тізімдік саны=80/568=0, 14

Кадрлардың ағымдылық коэффициенті (К ағ )

К ағ =Жеке қалаумен тәртіпті бұзғаны үшін жұмыстан шыққан персонал саны/ персоналдың орта тізімдік саны=46/568=0, 08

Кәсіпорын персонал құрамының тұрақтылық коэффициенті (К тқ )

К тқ =Бүкіл жыл бойы жұмыс істеген персонал саны/кәсіпорын персоналының орта тізімдік саны=488/568=0, 86

Жұмысшылардың жұмыстан шығу себептерін (жеке қалауы бойынша, кадрларды қысқарту, еңбектік тәртіпті бұзу және т. б. ) зерттеу қажет. Кәсіпорынды еңбек ресурстарымен қамсыздандырудың қуаттылығы қолда бар жұмысшы күшінің толық пайдалану, жұмысшыларды еңбек өнімділігін жоғарылату, өндірісті кешенді механизмдермен өндірістік процестерді автоматтандыру, жаңа, өнімділігі жоғары техника ендіру, өндіріс технологиясы мен ұйымдастыру жолдары арқылы біршама түсіруге болады. Талдау процесінде аталған іс-шараларды жүргізу нәтіжесінде еңбек ресурстарына қажеттілікті төмендетудің резервтері анықталуы керек.

Егер кәсіпорын өзінің қызметін кеңейтіп, өзінің өндірістік қуаттарын кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашып жатса, онда категориялар мен мамандық бойынша қосымша қажеттіліктер мен оларды тартудың жолдарын анықтау қажет.

Қосымша жұмыс орындарын құру есебінен өнім шығарылымының резерві олардың өсімін бір жұмысшының нақты орта жылдық өнімділігіне көбейту арқылы табылады:

Р🢁ӨШ = Р🢁ЖС * ЖӨ 1

мұнда Р🢁ӨШ - өнім шығарылымын жоғарылату резерві;

Р🢁ЖС - жұмыс орындарының санын өсіру резервтер

ЖӨ 1 - есепті кезеңде жұмысшының нақты орташа жылдық өнімділігі.

1. 2 Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістері мен көрсеткіштері

Персонал пайдаланудың толықтығы - талданып отырған кезеңде жұмыс атқарған күндер саны мен бір жұмысшымен атқарылған сағаттар саны бойынша, сонымен бірге жұмыстық уақыт қорын (ЖУҚ) пайдалану деңгейі бойынша бағалауға болады. Мұндай талдау жұмысшылардың әр категориясы бойынша, әр өндірістік бөлімшесі бойынша және бүкіл кәсіпорын бойынша жүргізіледі. (Кесте 5. )

ЖУҚ жұмысшылардың санына, бір жұмысшының бір жылда атқарған күндер санына және жұмыс күшінің орташа ұзақтығына тәуелді. Бұл тәуелділікті келесідей үлгіде көрсетуге болады:

ЖУҚ=ЖС * К * Ұ

Кесте 5. Кәсіпорынның еңбек ресурстарын қолдану.

Көрсеткіш
Көрсеткіштің мәні

Өзгеріс

(+, -)

t 0
t 1
Көрсеткіш: Жұмысшылардың орташа жылдық саны (ЖС)
Көрсеткіштің мәні: 568
Өзгеріс(+, -): 568
. 0
Көрсеткіш: Бір жылда бір жұмысшымен жұмыс атқарылған күндер саны (К)
Көрсеткіштің мәні: 255
Өзгеріс(+, -): 239
-16
Көрсеткіш: Бір жылда бір жұмысшымен жұмыс атқарылған сағаттар саны (С)
Көрсеткіштің мәні: 1989
Өзгеріс(+, -): 1792. 5
-196. 5
Көрсеткіш: Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы (Ұ), сағ.
Көрсеткіштің мәні: 7. 8
Өзгеріс(+, -): 7. 5
-0. 3
Көрсеткіш: Жұмыстық уақыттың жалпы қоры, адам-сағ.
Көрсеткіштің мәні: 1129752
Өзгеріс(+, -): 1018140
-111612

«Шымкентмай» АҚ-нда нақты ЖУҚ жоспарға қарағанда 111612 сағ. кем оның ішінде мына себептерге байланысты:

а) жұмысшылардың саны

ΔЖУҚ жс =(ЖС 1 - ЖС 0 ) * К 0 0 =(568 - 568) *255*7, 8=0

б) Бір жұмышымен атқарған күндер саны

ΔЖУҚ к =ЖС 1 *(К 1 - К 0 ) * Ұ 0 =568 * (239-255) * 7, 8= -70886, 4 сағат,

в) жұмыс күнінің ұзақтығы

ΔЖУҚ ұ =ЖС 1 1 *( Ұ 1 - Ұ 0 ) =568 * 239 * (7, 5-7, 8) = -40725, 6

Келтірілген мәліметтерден көрініп тұрғандай кәсіпорын қолда бар еңбек ресурстарын тиімді қолданбауда. Орташа бір жұмысшы 255 күннің орнына 16 күн кем орындап 239 күн жұмыс істеген, сонымен жалпы - 9088 күн немесе 70886, 4 сағат жоспардан кем орындалған.

Жұмыс уақытының ауысым ішілік жоғалулары да елеулі. Олар бір күнде 0, 3 сағат ал барлық жұмысшылармен барлық жұмыс күндерінде 40725, 6 сағат құрады. Жұмыс уақытының бүкіл күндік және ауысымішлік жоғалуларының себебін анықтау үшін жұмыстық баланстың нақты және жоспарлы мәліметтерін салыстырады. (Кесте 6. )

Кесте 6. Жұмыстық уақыт қорын пайдалануды талдау.

Көрсеткіштер
Бір жұмысшыға
Өзгеріс
t 0
t 1
Бір жұмысшыға
Барлық жұмысшыларға
Көрсеткіштер: Күнтізбелік күндер саны
Бір жұмысшыға: 365
Өзгеріс: 365
-
-
Көрсеткіштер:

Оның ішінде

Мерекелік және демалыс күндері

Бір жұмысшыға: 64
Өзгеріс: 64
-
-
Көрсеткіштер: Жұмыстық уақыттың номиналды қоры, күн
Бір жұмысшыға: 301
Өзгеріс: 301
-
-
Көрсеткіштер: Жұмысқа келмеу, күн
Бір жұмысшыға: 10
Өзгеріс: 12
+2
+1136
Көрсеткіштер: Оның ішінде жыл сайынғы демалыс
Бір жұмысшыға: 21
Өзгеріс: 24
+3
+1704
Көрсеткіштер: Оқу бойынша демалыс
Бір жұмысшыға: 1
Өзгеріс: 2
+1
+568
Көрсеткіштер: Жүктілік және туу бойынша демалыс
Бір жұмысшыға: 3
Өзгеріс: 3
0
0
Көрсеткіштер: Әкімшілік рұқсатымен қосымша демалыс
Бір жұмысшыға: 4
Өзгеріс: 7
+3
+1704
Көрсеткіштер: Аурулар
Бір жұмысшыға: 7
Өзгеріс: 9
+2
+1136
Көрсеткіштер: Жұмыстан кетулер
Бір жұмысшыға: -
Өзгеріс: 1, 2
+1, 2
+681, 6
Көрсеткіштер: Тоқтамдар
Бір жұмысшыға: -
Өзгеріс: 4
+4
+2272
Көрсеткіштер: Жұмыстық уақыттың нақты қоры, күн
Бір жұмысшыға: 255
Өзгеріс: 239
-16
-9080
Көрсеткіштер: Жұмыстық ауысымның ұзақтығы, сағат
Бір жұмысшыға: 8
Өзгеріс: 8
0
0
Көрсеткіштер: Жұмыстық уақыттың бюджеті, сағат
Бір жұмысшыға: 2040
Өзгеріс: 1912
-128
-72704
Көрсеткіштер: Мерек алды қысқартылған күндер, сағат
Бір жұмысшыға: 20
Өзгеріс: 20
0
0
Көрсеткіштер: Жасөспірімдер үшін жеңілдіік уақыты, сағат
Бір жұмысшыға: -
Өзгеріс: -
-
-
Көрсеткіштер: Баласын емізетін аналардың жұымысындағы үзіліс, сағат
Бір жұмысшыға: 3
Өзгеріс: 4
+1
+568
Көрсеткіштер: Ауысымішілік тоқтамдар, сағат
Бір жұмысшыға: 20
Өзгеріс: 60
40
22720
Көрсеткіштер: Жұмыстық уақыттың пайдалы қоры, сағат
Бір жұмысшыға: 1997
Өзгеріс: 1828
-169
-95992
Көрсеткіштер: Нормадан тыс атқарылған жұмыстың уақыты, сағат
Бір жұмысшыға: -
Өзгеріс: 8
+8
+4544
Көрсеткіштер: Жұмыстық уақыттың өндірістік емес шығындары, , сағат
Бір жұмысшыға: -
Өзгеріс: 10
+10
+5680

Кестедегі мәліметтерге сай жұмыс уақытының жоғалулары жоспарда қарастырылмаған әртүрлі объективті және субъективті жағдайларға байланысты болуы мүмкін: әкімшілік рұқсатымен қосымша демалыс, жұмысшылардың уақытша жұмыс қабілетінсіз аурулар, жұмыстан кету, құрал жабдықтар, машиналар, электр энергиясы, отын және т. б. жоқтығынан тоқтамды.

«Шымкентмай» АҚ-нда жоғалуларрдың көп бөлігі [(1704+681, 6+2272) *7, 8+22720=59049, 28 сағ. ] Субъективті себептерге байланысты, әкімшілік рұқсатымен қосымша демалыс, жұмыстан кету, тоқтамдар - бұларды жұсмыстық уақыт қоры ұлғайтудың қолданылмаған резерві деп санауға болады. Оларды жібермеу 30 ұжмысшыны босатады (59049, 28:568) .

«Шымкентмай» АҚ-нда өндірістік емес еңбек шығындары да (жарамсыз өнім шығарумен оны жөндеу, сонымен бірге технологиялық процестен ауытқуға байланысты жұмыс уақыттарының шығындары) елеулі - олар 5680 сағатты құрады.

Еңбектік ұжымға тәуелді себептерменшартталған жұмыс уақытының жоғалуын төмендету - қосымша инвестицияларды қажет етпейтін және тез қайтарып беретін, өнім өндірісін ұлғайтудың резерві деп санауға болады. Оны есептеу үшін, кәсіпорын кінәсі бойынша жұмыс уақытының жоғалуын (ЖУЖ) жоспарлы орта сағаттық өнім өнімділігіне көбейтеміз:

ΔӨШ=ЖУЖ * СӨ 0 =(59049, 28+9088) * 3672, 5=454646мың тг.

Персонал қолданудың экстенсивтілігін зерттеген соң, оның еңбегінің интенсивтілігін талдау қажет.

1. 3 Еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар

Персонал қолданудың интенсивтілік деңгейін бағалау үшін еңбек өнімділігінің жеке және еөмекші көрсеткіштер жүйесін қолданады. Көрсеткіштер жүйесі - бір жұмысшының орташа жылдық, орташа күндік және орташа сағаттық өнім өнімділігі, сонымен бірге бір жұмысшының құндық бірліктегі орташа жылдық өнім өнімділігі.

Жеке көрсеткіштер - бұл белгілі - бір өнім бірлігін өндірудегі уақыт шығындары(өнімнің еңбек сыйымдылығы) немесе бір натуралдық бірліктегі бір адам - күн немесе адам - сағатқа белгілі бір өнімнің шығарылымы.

Көмекші көрсеткіштер - жұмыстың белгілі бір бірлігін орындауға шығындар немесе уақыт бірлігіндегі орындалған жұмыстар көлемі.

Еңбек өнімділігінің кең сипат беретін көрсеткіші - бір жұмысшының орташа жылдық еңбек өнімділігі. Оның көлемі тек жұмысшылардың өнімділігіне емес, сонымен бірге соңғының персоналдың жалпы санындағы үлесіне, сонымен бірге олармен жұмыс атқарылған күндер мен жұмыс күнінің ұзақтығына тәуелді. (сурет 1. ) .

Жалпы персонал санындығы жұмысшылардың үлесі (Y л )

Бір жұмысшының орташа жылдық өнімділігі (ЖӨ өөп )

Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы, сағ. (Ұ)

Бір жылда бір жұмысшымен жұмыс атқарылған күндер саны (К)

Бір жұмысшының орташа жылдық өнімділігі (ЖӨ)

Бір жұмысшының орташа күндік өнімділігі (КД)

Жұмысшының отраша сағатының өнімділігі (СӨ)

Жұмысшы-лар бірлесті-гінің деңгейі

Өндірісіті автоматтан-дыру мен механикалан-дыру деңгейі

Жұмысшы-лардың еңбектік тә-жірибесі мен жасы

Еңбек мотивациясы және т. б.

Техника, технология мен өндірісті ұймдастыру

Бір жұмысшының орташа жылдық өнім өнімділік көлесі факторлардың туындысы ретінде ұсынуға болады:

ЖӨ өөп л *К*СӨ

Бұл факторлардың әсерін есептеу детерминдік факторлық талдау тәсілдерінің бірі қолданылады.

Кесте 7. Еңбек өнімділігін факторлық талдау үшін бастапқы мәліметтер.

Көрсеткіш
Көрсеткіш мәні
Өзгеріс
t 0
t 1
Көрсеткіш: 1
Көрсеткіш мәні: 2
Өзгеріс: 3
4
Көрсеткіш: ӨӨП орташа жылдық саны
Көрсеткіш мәні: 570
Өзгеріс: 568
-2
Көрсеткіш: Оның ішінде жұмысшылар
Көрсеткіш мәні: 460
Өзгеріс: 460
-
Көрсеткіш: Персоналдық жалпы санындағы жұмысшылардың үлес салмағы
Көрсеткіш мәні: 0, 81
Өзгеріс: 0, 8
-0, 01
Көрсеткіш: Бір жылда бір жұмысшымен атқарылған күндер (К)
Көрсеткіш мәні: 255
Өзгеріс: 239
-16
Көрсеткіш: Барлық жұмысшылармен атқарылған сағаттар, сағ
Көрсеткіш мәні: 1129752
Өзгеріс: 1018140
-111612
Көрсеткіш: Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы, сағ (Ұ)
Көрсеткіш мәні: 7, 8
Өзгеріс: 7, 5
-0, 3
Көрсеткіш: Базалық кезеңнің бағаларындағы өнім өндірісі мың теңге
Көрсеткіш мәні: 3498147
Өзгеріс: 3535980
-12450
Көрсеткіш: 1
Көрсеткіш мәні: 2
Өзгеріс: 3
4
Көрсеткіш: Бір жұмысшының орташа жылдық өнімділігі, мың теңге
Көрсеткіш мәні: 6137, 1
Өзгеріс: 6225, 3
+88, 2
Көрсеткіш:

Жұмысшының өнімділігі:

Ортахша жылдық, мың теңге (ЖӨ)

Көрсеткіш мәні: 7604, 7
Өзгеріс: 7686, 9
+82, 2
Көрсеткіш: Орташа күндік, теңге (КД)
Көрсеткіш мәні: 28645, 8
Өзгеріс: 32162, 7
+3516, 9
Көрсеткіш: Орташа сағаттық, теңге (СӨ)
Көрсеткіш мәні: 3672, 5
Өзгеріс: 4288, 3
+615, 86

7 Кестенің мәліметтері негізінде абсолютті айырым әдісін қолдана отырып есептеу жүргіземіз

7 Кестеден негізгі өндірісте қызмет атқарып жатқан бір жұмысшының орташа жылдық өнімділігі 88, 2 мың теңге немесе 1, 43% өскен. Ол келесілердің есебінен орын алады:

а) Кәсіпорынның жалпы персонал санынан жұмысшылардың үлесінен

ΔЖӨ үл =ΔҮ л о о * СӨ о =(-0, 01) *255*7, 8*3672, 5=-73046 теңге

б) Бір жылда бір жұмысшымен атқарылған күндер саны

ΔЖӨ к л1 *ΔК о о * СӨ о =0, 8*(-16) *7, 8*3672, 5=-366, 66 мың теңге

в) жұмыс күнінің ұзақтығы

ΔЖӨ ұ л1 1 *ΔҰ о * СӨ о =0, 8*239*(0, 3) *3672, 5=-210, 65 мың теңге

г) жұмысшылардың орташа сағаттық өнімділігі

ΔЖӨ сө л1 1 1 * ΔСӨ =0, 8*239*7, 5*615, 86=883, 14 мың теңге

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар әзірлеу
Кәсіпорында еңбек өнімділігінің өсу резервтері
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және банкроттығын талдау
Стандартты хэштеу алгоритмдері
Кәсіпорынның банкроттылығының теориялық негіздері
Кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау және бейдағдарыстық бағдарламаны әзірлеу
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Факторлық талдаудың әдістемесі
Қаржылық талдаудың негіздері
Қаржылық ағымдардың талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz