Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
1 ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Соғыс алдындағы келіссөздер мен пактілер
1.2 Молотов-Риббентроп келісімі
1.3 Соғыстың 1-кезеңі
1.4 Соғыстың екінші кезеңі ( 1941 жыл 22 маусым - 1942 жыл 18
қараша)
1.5 Соғыстың үшінші кезеңі ( 1942 жыл 19 қараша - 1943 жыл
желтоқсан)
1.6 Соғыстың төртінші кезеңі ( 1944 жыл 1 қаңтар - 1945 жыл мамыр )
1.7 Соғыстың бесінші кезеңі ( 1945 жыл 9 мамыр - 2 қыркүйек )

2 ОДАҚТАР АРАСЫНДАҒЫ СОҒЫСТАР
2.1 Атлант үшін шайқас
2.2 Курск шайқасы
2.3 Арденна шабуылдары мен Висла-Одер операциялары

3 ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС САЛДАРЫ
3.1 Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол антигитлерлік коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңу болды. Бірақ соғыс аяқталысымен әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған әрі күшейтілген ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды.Оның басқаруымен социализм құрылысына бет алған мемлекеттер жүйесі қалыптасты.Бірнеше онжылдықтарда халықаралық қатынас жүйесінде екі полюсті әлем жағдайы билік етті.
80-90ж.ж. халықаралық қатынас жүйесінде жаңа түбегейлі төңкеріс болып өтті.Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінде социализмнің күйреуі соның ішінде Кеңес Одағында да, кейін КСРО-ның ыдырауы, КСРО-ның құқылы ізбасары Ресейдің халықаралық аренадағы орнын әлсіретті.Екі полюсті әлем өмір сүруін тоқтатты. АҚШ енді әлемде жалғыз ұлы держава ретінде өзінің үстемдігін жүргізуге бет алды.Бірақ АҚШ-тың халықаралық қатынаста бір полюсті жүйенің құрылуының қауіпты бағыты, Ресей және де басқа мемлекеттер тарапынан қарсылыққа ұшырап отырды.Олар тең құқылы халықаралық достастық жүйесін құруда қызығушылық білдірді.
Екінші Дүниежүзілік соғыс (қыркүйектің 1, 1939 -- қыркүйектің 2, 1945) -- дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады.
Курстық жұмыстың мақсаты - екінші дүниежүзілік соғыстың түсінігін ашу, мақсаттары мен міндеттерін, себептерін түсіндіру.

1 ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ТҮСІНІГІ

1.1 Соғыс алдындағы келіссөздер мен пактілер

1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония антикоминтерндік пактіге қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 -- 39 ж. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге беру, Германия көршілерінен баска жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес Чехословакияның Судет обл-н, 1939 ж. наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында Италия Албанияны басып алды. Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай-ақ, КСРО-мен үжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) қол қойды.
Әділетсіздік негізінде құрылған Версаль-Вашингтон жүйесі 1929-1933 жылдары дүнижүзілік экономикалық дағдарыс қысымына шыдай алмай ыдырады. Европада ірі копиталисттік мемлекеттер арасындағы қайшылықтар арта түсті. Монополисттік топтардың қолдауымен өкімет басына келген фашисттік күштер әлемді қайта бөлуге бел байлады. 30 жылдар басында соғысты жақтаушы елдердің саны санаулы ғана болды. Соғысты жақтамайтын елдердің орасан көп болуына қарамастан, олардың ой-пікірлері, үміті іске аспай қалды. Әлемдегі тыныштықты бұзып дүниежүзін қайта бөлуді көздеген мемлекеттер қатарына Германия, Италия, Жапония кірді. Дүниежүзін жаңа бөліске салуы көздеген қарулы көтерілісте Жапония І-ші бастады. 1933 жылы 27 наурызда Жапония Ұлттар Лигасынан шығып, жаңа басқыншылық әрекеттерге әзірленді. Қиыр шығыста, соғыс ошағы пайда болды. Германиядағы билік фашистік, ұлтшылдық, социалисттік жұмысшы партиясының ықпалына көшкені, Европа дәл ортасындағы халықаралық қатынастарды күрт шиеленістірді. Партия төрағасы Гитлер өз еңбектерінде сөйлеген сөздерінде Германияның қолын шырмаған Версаль-Вашингтон келісімдерін бұзып, Германияны қайта көтеріп, әлемді қайта бөлісіп, Германия империясын жандандыру пікірін жасырмай, ашық жариялады. Европаны коммунизм қаупінен құтқару деген жалған ұранмен КСРО-ға қарсы соғыс жорығын ұйымдастыруды көздеді. Германияның ең басты міндеті, Версаль шарттарының соғыс баптарын қайта қарап, Германияны қаруландыру дәрежесіне келтіру болды. Басқыншылыққа жол ашып өз әрекеттерін жеңілдету үшін, Германия 1933 жылы 14 қазанда Ұлттар Лигасының мүшелігінен бас тартты. 1936 жылы наурыз айында, Германия әскерлері Реин аймағына басып кірді. 30 жылдар ортаасында Италия, Африка шеңберіндегі отарларды өзгерту талаптары ашық білдіре бастады. Италияның фашисттік дектаторы Муссолини Африка елдерін бағындырып, Жерорта теңізінің, Италияның ішкі теңізіне айналдыруды армандайтын. Әлемді жаңа бөлісудегі мақсаттарды бірдей мемлекет айқындайтын олардың өзара әскери одақ құруды тездетті. Басында фашисттік мемлекет жақындасты. 1936 жылы қазанда Гермария мен Италия арасына Берлин және Рим белдігін құру туралы келісімге қол қойылды. 1936 жылы Германия мен Жапония арасында одақ құрылды. 1937 жылы оларға Италия қосылды. Берлин, Токио, Рим одағы құрылды. 1937 жылы наурызда Германия әскерлері Австрияны басып алды. 1939 жылы сәуір, мамыр айларында Англия, Франция, КСРО мемлекеттері Мәскеуде кездесіп басқыншылық бола қалса өзара келісімге қол қойды. 1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаны басып алды. Осылайша ІІ-ші дүниежүзілік соғыс басталды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
Соғыстың басталуы. Екінші дүниежүзілік соғыс 1939ж 1 қыркүйекте Германияның Польшаға шабуылынан бастады.Польшаның Франциямен және Англиямен өзара көмектесу туралы келісім жасағанын білетін Германия Польшаны жылдам талқандауға тырысты.Қауырт соғысжүргізу мақсатында ол Польшаға қарсы барлықәскерінің үштен екі бөлігін топтастырды.
1939ж 3қыркүйекте Англия мен Франця Польшамен одақтасты міндеттерін орындау мақсатында Германияға соғыс жариялады.1939ж 19қыркүйекте Скандинавия елдері басталған соғыста бейтараптылық саясат ұстайтындарын мәлімдеді.
Польшаға қарсы қауырт соғыс жоспарын іске асыру үшін неміс әскерінің барлық түрлері бір мезгілде екпінді шабуылға шықты.Сонымен қатар неміс ұшақтарын поляк қалаларын үздіксіз бомбылаумен болды.Немістер алғашқы күндері-ақ поляк әскерлерінің қорғаныс шебін бұзып , Варшаваға бағыт алды. 16 қыркүйекте олар Варшаваны қоршап алды Ал 17 қыркүйекте шығыстан Польша жеріне Кеңес Одағының әскерлері енгізілді .Қоршаудағы Варшава 28 қыркүйеккедейін шайқасты ,алайда күш тең емес еді.
1939ж 28 қыркүйекте Достық және шекаралар туралы кеңес- герман келісіміне қол қойылды .Бұл келісім екі мемлекеттің Польшаны ықпал аймағына бөлісуін бекітті және КСРО мен Германияның арасындағы жаңа шекараны белгіледі 2 қазанда қорғаныс шайқастарын жүргізіп жатқан соғыс поляк бөлімдері берілді .Осылайша Польша мемлекеті төртінші түсті .
Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс. 1939жылғы 23 тамызда кеңес-герман келісім бойынша, Финляндия және Прибалтика Кеңес Одағының ықпал аймағы болуға тиісті еді. 1939ж қазанда КСРО Финляндияға Щығанағындағы бірнеше аралды Карел мойнағының және Рыбачий түбегінің бір бөлігін ауыстыру туралы және Ханко аралын жалға беру туралыталап қойды. Ханко аралында кеңес әскери - теңіз базасын салуды жоспарлады. Финляндия негізгі талаптарға келісті , бірақ Ханко аралын беруден бас тартты ,бұл Финлядияның қаіпсіздігіне нұқсан келтіретін еді .Қараша айында Финляндиямен шекараға кеңесә скерлері топтастырыла бастады.1939ж 26 қарашада Кеңес үкіметі Финляндияға әскерлерін шекарадан 25 шақырым алысқа алып кету туралы талап қойды . Фин үкіметі тура осындай қашықтыққа кеңес әскерлері шекарадан шегінсе ,бұл талапты орындаймыз деді .Алайда Кеңес Одағын қанағаттандырмады . 1939ж 30қарашада Кеңес Одағы ресми түрде соғыс жарияламай-ақ , Финляндияға шабуыл жасады. Бұл 1920 жылғы кеңес фин бейбіт келісімшартын , 1932 жылғы бір - біріне шабуыл жасамау туралы кеңес- фин келісімшартын және Гаага конвенциясын бұзу еді . Сонымен қатар бұл 1939ж жарияланған Финляндияға бейтараптылығын бұзу еді . Сондықтан бұл соғысты ірі мемлекеттің ұсақ мемлекетке күш көрсету деп есептеп , Ұлттар Лигасын Кеңес Одағына басқыншы деген айып тағып , оны 14 желтоқсанда Лига қатарынан шығарып тастады . Соғыс 1939жылдың 30 қарашасынан 1940жылдың 12 наурызына дейін созылды .
Кеңес фин соғыс Солтүстік Еуропада халықаралық жағдайды шиеленістірді және оған Батыс Еуропада бір- бірімен соғыс жағдайында тұрған Германиямен және Англия мен Францияның тартылу қаупін төндірді .Егер бұл соғысқа Англия мен Франция қатысса ,олар ,әрине Финляндияға жақтасқан болар еді Күш тең емес еді .1миллион кеңес әскеріне қарсы 420 мыңдық фин әскері соғысты .Батыстың 11елі Финляндияға әскери техника, қару - жарақ берді және 11 мыңнан астам еріктілерді жіберді .
1940ж наурызда Швеция мен Норвегияның делдалдығымен кеңес-фин соғысы тоқтатылып ,келісім жасалды. Келісім бойынша ,КСРО құрамына Карел мойнағы , Выборг шығанағындағы аралдар , Ладога көлінің батыс және солтүстік жағалауы ,Рыбачий және Средний түбектері кіреді. КеңесОдағына Ханкоаралы 30жылға жалаға беріледі. Кеңес Одағының халықаралық беделіне нұқсан келтірді және адам шығыны да көп болды .

Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы
1940 жылдың көктеміне қарай Германия Батыс Еуропаны тікелей жаулап алуды бастады . Әрине , Германияның бұл бағыттағы қарсыласы ағылшын - француз әскерлері болатын .
Германия ағылшын - француз әскерлеріне қарсы соғыс қимылдары табысты болу үшін Солтүстік Атлантикада тиімді стратегиялық база болатын Дания мен Норвегияны басып алу керек деп шешті .1940 ж 9 көкекте Дания мен Норвегияның бейтараптылығы бұзып , оларды жеріне неміс әскерлері басып кірді . Дания жеңілгендігін бірден мойындады . Ал Норвегия барлық қарулы күштерін соғысқа жұмылдырып , қарсылық көрсетті .Алайда күші басым неміс әскерлері елдің көп бөлігін жаулап алып, өкімет билігін жергілікті фашисстерге берді . Норвегия королі мен үкіметі талқандалған әскерінің қалдығын алып, Англияға кетті. Норвегия үшін болған соғыста неміс әскери - теңіз күштеріне ағылшындар ауыр соққылар берді. Екі жақтың да соғыс флоты үлкен шығынға ұшырады. Бірақ ірі теңіз державасы англия олшығынның орнын жылдам толтырды, ал Германия болса, осы кезден бастап теңіздегі соғысты сүңгуір қайықтарды күшімен ғана жүргізуге мәжбір болды.
Бүкіл ІІ-ші дүниежүзілік соғыс жағдайын үш кезеңге бөлуге болады:
1) 1939 жылдың кыркүйегінен бастап 1942 жылдың аралығын қамтиды. Осы кезеңде соғыс жер шарының ең көп аумағын қамтыды. Осы кезеңде басқыншылар елеулі табыстарға жетті. Герман армиясы Мәскеуге дейін келді.
2) 1942 жылдың маусымынан 1944 жылдың қаңтар айлары. Бұл кезеңде одақтас державалардың антифашисттік коалициясы қалыптасты. Халық жүрегінде фашизм мен медитаризмды жеңу, талқандау сенімі ұялады.
3) 1944 жылдың қаңтарынан 1945 жылдың аралығында. Бұл кезең Герман фашизмімен Жапон империализмінің жеңілуімен аяқталды. ІІ-ші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұрыс қимылдарын шартты түрде былай сипаттауға болады: Францияны, Польшаны және бірқатар Европа елдерін жаулап алу (блиц крик немесе қауырт соғыс) қағидасы бойынша жүзеге асырылды. Кеңестер одағына шабуыл кезінде осы қағида нақты жұмыс жасады. Бірақ нәтижесінде Германия ұзаққа созылған соғыстан қалжырап қалды.
1939 жылдың І-ші қыркүйегінде Герман әскерлері Польшаға кірді. Польша елінің соғысқа дайын еместігі бірден байқалды. 1939 жылдың 3 қыркүйегінде Франция мен Англия үкіметтері Германияға қарсы соғыс жариялады. Немістердің 556 дивизиясы Польша жеріне 3 бағыттан басып кірді. Қала халқымен поляк әскерлері Варшаваны ерлікпен қорғады. 28 қыркүйек күні Варшаваны немістер иеленді. Польша үкіметі Румыния арқылы өтіп Лондонда паналанды. 1940 жылы 10 мамырда неміс әскерлері Бельгия мен Голландия арқылы Францияға басып кіруді жоспарлады. Франция орасан зор жеңіліске ұшырады. 14 маусым күні жауға ұрыссыз беріліп қалды. Францияны тез жеңгеннен кейін, Англияның кезегі келді. 1940 жылы 16 шілдеде Гитлер Англияға қарсы теңіз арыстаны жобасын құрды. Англияны әуеден шабуылдай бастады. Англияның әуе күштері жауға күшті қарсылық көрсетті. 1940 жылы жазда Гитлер Англияны келісімшартқа шақырды. Англия үкіметі бұл ұсынысты қабылдамады. Англия АҚШ-тан тегін қару-жарақ, оқ-дәрі, киім-кешек ала бастады. 1940 жылы 27 қыркүйекте Германия, Италия, Жапония құрыштық пактіге қол қойды. Батыс Европадағы үш мемлекет Швеция, Швейцария және Исландия бейтараптық саясатты ұстанды. 1941 жылдың жазына қарай Германия Европаның 12 мемлекетін басып алды. Азия кеңістігінде - Қытайда, Үнді Қытайда, Тайланд Бирмада, Индонезия аралдарында Жапонияның қожалығы орнады.

1.2 Молотов-Риббентроп келісімі
Осы Молотов-Риббентроп келісімі (В.Молотов КСРО-ның, М.Ребентроп Германияның атынан келісімге қол қойған) бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығ. Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алды. Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Бессарабия және Польшаның шығыс бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс жағы) Кеңес Одағына, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды.
Молотов пен Риббентроп пактісі
1939 жылы 23 тамызда Москваға Германияның сыртқы істер министрі Иоахим Риббентроп келді. 24 тамызға қараған түні Риббентроп В.М.Молотовпен және И.В.Сталинмен әңгімелескеннен кейін шабуыл жасамау туралы кеңес-герман шартына (пактісіне) қол қойылды. Бұл құжатта екі жақтың бір-бірі жөнінде агрессиялық әрекеттен және шабуыл жасаудан аулақ болуы, егер шартқа қатысушылардың бірі үшінші держава тарапынан жасалған ұрыс қимылдарының объектісіне айналса, оны қолдамайтын бо­луы көзделген. Сондай-ақ екі жақ бұлардың біріне қарсы бағытталған державалар тобына қатыспауға міндеттенді.
Кеңес-герман шартына қол қойылғаннан кейін, дәстүр бойынша екі мемлекет басшыларының және халқының денсаулығы үшін шарап құйылып, бокалдар көтерілді. Мен герман ұлтының өз көсемін қалай сүйетінін білемін, сондықтан оның денсаулығы үшін ішкім келеді, - дейді Сталин. Одан әрі қарай: Кеңес үкіметі жаңа шартқа өте байсалды қарайды. Сондықтан да Кеңес Одағы ешқашанда өз сыбайласын сатпайды, - деп мәлімдеді ол. Осы күннің ертеңінен бастап кеңес баспасөзі антифашистік науқанды кілт тоқтатып, Ұлыбритания мен Францияны соғыс өртін тұтандырушылар деп атай бас­тады.
1939 жылғы кеңес-герман құпия келісімшарты кеңес халқына арада 50 жыл өткенде, тек 1989 жылы белгілі болды. Бұл шарт нақты жағдайда ақталған және дер кезінде жасалған қадам болғанын, фашистердің бұл келісім демократиялық, бейбітшіл күштерді іріткеніне және осы кезге дейін жағымсыз әсер қалдырып жүргеніне қарамастан, ол КСРО-ның уақыт ұтуына мүмкіндік бергенін қуаттайтын бірсыпыра құжаттық деректер бар. Оның үс­тіне, тыныстау үшін алынған уақыт әсте де жақсы пайдаланылмағы мәлім. Достық және шекара туралы кеңес-герман шартын алып қарасақ, олар нацистермен принципсіз ынтымақтастық жасалғанын дәлелдейді. Ал бұл құжаттар Еуропадағы оқиғалардың дамуына өзінің жазалаусыз қалатынына сенген Гитлерді қолпаштаған ағылшын-француз саясаты ықпал ете қоймағанына қарамастан, олардың халықаралық-құқықтық және этикалық нормаларға өрескел қайшы келетіні, кеңестік сыртқы саясаттың принциптерінен шегінушілік болғаны айқын.
Екінші дүниежүзілік соғысты бірінші болып Германия 1 қыркүйек күні Польшаға басып кіру арқылы бастаса, КСРО 17 қыркүйек күні Шығыс Польшаға шабуыл жасау арқылы қоштады. Молотов соғыс басталғаннан кейін бір апта өткенде Гитлерді табыстарымен құттықтады. 18 қыркүйек күні бірлескен кеңес-герман әскерлері алдын ала келісілген жерлерді өзара басып алуды аяқтады. Осы жеңістің құрметіне 22 қыркүйекте Брест қа­малында біріккен кеңес-герман әскери шеруі өткізілді. Екі елдің мемлекеттік туы, кеңестік орақ пен балға және неміс сватикасы қатар көтерілді. 28 қыркүйек күні екі мем­лекет арасында достық пен шекара туралы кеңес-герман келісімшартына қол қойылып, өзара жаңа шекараларын бекітті. Батыс Украина және Батыс Белоруссия деген атаумен Шығыс Польшаға бөлшектеліп, КСРО құрамына енгізілді.
Кеңес үкіметі Ленинградтың қауіпсіздігін нығайту үшін Кеңес Одағына Фин шығанағындағы төрт аралды 30 жылдық мерзімге жалға беруді, Ханко ауданының бір бөлігін сатуды немесе кеңестік территорияның бөліктерімен алмастыруды өтінді. Алайда Финляндия үкіметі бұған келіспеді. Кеңес Одағының өзара көмек туралы келісімшарт жасау туралы ұсынысы да қабылданбады. 30 қарашада кеңес әскерлері Финляндияға басып кірді. Сол күні Финляндия президенті елді соғыс жағдайында деп жариялады. Сталин Финляндияны түгел басып алып, соғысты 1940 жылдың наурызына дейін жалғастырды, бірақ жеті қабаттан тұратын Маннергейм қорғаныс шебін кеңес әскері бұзып өте алмай дымы құрыған соң, 12 наурызда бітім шартын жасауға мәжбүр болды. Осыдан кейін жазда Марел-Фин КСР-і құрылды.
Барбаросса жоспары
1939 жылдың тамыз айында Польшаға баса-көктеп кірер алдында Гитлер Менің қолға алып жатқан шараларымның бәрі Ресейге бағытталған деп мәлімдеме жасады.
1940 жылдың 22 маусымында Франция тізе бүкті. Енді Гитлер өзінің ұлы міндеті - большевизммен есеп айырысу үшін аяқ-қолым босады деп есептеді. Ол шығыстық сапарды күз маусымында бастап жіберуді ойластырған болатын. Алайда тәжірибелі генералдар өз фюрерін Кеңес Одағына шабуылды қыс маусымының алдында бастаудың өте қауіпті екендігіне иландырды.
1940 жылдың 18 желтоқсанында Гитлер Барбаросса деген кодтық аты бар жоспарды №21 директива түрінде бекітті.
Бұл жоспарда германдық қарулы күштердің алдына кеңестік әскерді Ресейге қысқа мерзім ішінде күл-талқан етудің міндеті қойылды. Үш қуатты соққы арқылы фашистер кеңестік әскерді Прибалтикада, Белоруссияда және Украинаның оңтүстік бөлігінде быт-шытын шығарып, жаудың әскери қабілетті күшін елдің ішіне ендірмеуге ұмтылды. Барбаросса операциясының түпкі мақсаты - Волга-Архангельск жалпы белдеуі бойынша азияттық Ресейге қарсы тосқауыл қою болатын. Осындай шапшаң соғысқа небәрі төрт ай бөлінген.
Фашистер үлкен соғысты дайындай отырып, Кеңес Одағының басып алынған жерлерінде жүзеге асыратын жантүршігерлік зұлымдықтарының бағдарламасын да қамдады. Мәселен, немістің бір солдатының өмірі үшін 100 адамға дейін кеңестік тұрғындарды өлтіруге рұқсат берілді.
Барбаросса жоспарымен Кеңес Одағына 1941 жылғы 15 мамырда соққы берудің нақтылы уақыты белгіленді. Әйтсе де Балқанға жасалған сапардың салдарынан, бұл уақыт кейінге шегерілді. Содан Югославия мен Греция жаулап алынғаннан кейін 30 сәуірде жоғарыдағы операцияны 22 маусымда бастауға шешім қабылдады. КСРО-ға қарсы соғысты 22 маусымда бастаудың түпкілікті бұйрығын Гитлер 1941 жылғы 17 маусымда берді.
1941 жылдың 5 мамырында Кремльде Сталин әскери академияларды бітірушілерді қабылдап, онда Гитлермен қақтығысуымыз сөзсіз, бірақ соғыстың басталуын екі-үш айға шегіндіре алсақ, біздің бақытымыз сол болар еді, - деді. Алайда партия жетекшісінің сөзінен кейін - 14 маусымда орталық баспасөзде ТАСС хабары жарияланып, герман-кеңес соғысы туралы өсек-аяңның негізсіз, немістердің бейбітшілікті қолдайтындығы жә­не олар тарапынан қауіп-қатердің жоқ екендігі мәлімденді.
Маусым айының басында Қорғаныс халық комиссары С.К.Тимошенко Бас штабтың бастығы Г.К.Жуковпен бірге Сталиннің қабылдауына баруға рұқсат алды. Олар соңғы мәліметтерді қолма-қол жеткізді. Ал менің басқа құжаттарым бар, - деді Сталин. - Оны айтасыздар, біздің бір... табылыпты. (бұл арада ол цензураға жатпайтын сөз айтты). Ол Жапонияда зауыттар мен жезөкшелер үйлерін иеленіп үлгеріпті, сөйте тұра германдық шабуылдың 22 маусымда басталатындығын хабарлайды. Сонда маған оған сенуіме бұйрық бересіңдер ме? Бұл хабар көрнекті кеңестік барлаушы Рихард Зоргеден түскен болатын.
Бір жүйеге келтіріліп сарапталмаған, арасында анық-қанығы белгісіз шикі-шала көп ақпар Сталиннің алдында үйіліп жатты. Оның ақ-қарасын қалай айырасыз, сол себепті кейде аса құнды деректің өзіне күмән туындағаны рас. Айталық, мемлекет қауіпсіздігі жөніндегі халық комиссары В.Меркуловтың ертең соғыс басталады деген хабарына сенім көрсетілмеуі соған дәлел. Бұған Сталин: Товарищу Меркулову. Можете послать ваш источник из штаба Германской авиации к е ... матери. Это не источник, а дезин­формация. И.Сталин, - деп бұрыштама соғыпты. (Жұлдыз, 2005, 166 бет).
А.И.Микоянның куәгерлігіне сенсек, Сталин Германия өз кезегінде Англияны тізе бүктірмейінше екі майданда соғыса алмайды деген пікірге әбден сенген. Ол соғыстың басталуын соза тұруға мүмкіндік бар екендігін айтып баққан. Оның бұл пікірінен бөгде әңгіме қозғау өте қауіпті болатын. Мәселен, Берия 21 маусым күні соғыстың басталатын нақтылы уақытын ғана емес, сонымен қатар гитлерлік әскердің басты соққы беретін бағыттарын да дәл көрсеткен. Берлиндегі біздің елшіміз бен әскери атташені тез арада жауапқа тарту үшін Сталиннен рұқсат сұрайды.
Германия бізге шабуыл жасаудың алдында Мәскеуге Берлиннен елшіміз Деканозов келеді. Оны германдық елші Вернер фон Шуленбург өз елшілігіне түскі асқа шақырады. Сол астың үстінде Шуленбург біздің елшімізге былай дейді: Елші мырза, дипломатия тарихында мұндай жайт болмаған шығар. Неге десеңіз, мен сізге нөмірі бірінші мемлекеттік құпияны айтқалы отырмын. Мұнымды Молотов мырзаға жеткізіңіз, ал ол Сталин мырзаны хабардар етеді деп үміттенемін. Гитлер 22 маусым күні КСРО-ға қарсы соғыс бастауға шешім қабылдады. Сіз бұлайша қадам жасауымның себебі не деп сұрарсыз, мен Бисмарк рухында тәрбиеленген адаммын, ал ол Ресейге соғыс ашуға әрқашан қарсы болып келді.... Иә, басқа-басқа, Гитлерге жақын тұрған адамның бұл ғажайып жағдайда айтқан хабары да Сталинге әсер етпеді ғой...
Әскерді дайындыққа көшіруге тыйым салынды

1.3 Соғыстың 1-кезеңі

Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек -- 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді. 17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов -- Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Бат. Украина мен Бат. Белоруссияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек -- казан айларында Эстония, Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, әскер кіргізді. Осыдан кейін Кеңес үкіметі Финляндиядан Ленинград (казіргі Сән-Питербор) қаласының қауіпсіздігі үшін шекараны ел ішіне қарай жылжытуды талап етті. Осы талапты күшпен орындатқызу мақсатымен 1939 жылдың аяғы мен 1940 жылдың бас кезінде кеңес-финн соғысы болып, шекара солтүстік-батысқа қарай жылжытылды. Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының әлсіз екенін көрсетті және КСРО-ның беделіне үлкен нүксан келтірді. 1940 ж. 28 маусымда Румыния Бессарабия мен Солт. Буковинаны Кеңес Одағына беруге мәжбүр болды.
Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс кимылдарын жүргізген жоқ. Осыны пайдаланған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соқкы берді де, Бат. Еуропаны жаулап алуға кірісті. 1940 ж. сәуір -- мамыр айларында Норвегия мен Дания жаулап алынып, 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, әрі қарай Францияға басып кірді. Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым күні берілді. Оңт. Францияда Петеннің қуыршақ үкіметі құрылып, елдің қалған бөлігінде герман билігі орнады. Шарль де Голль бастаған француз патриоттары Ұлыбританияға кетіп, күресті жалғастырды. Маусым айында (1940) Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. Енді гитлершілер ағылшын қалаларын аяусыз бомбалауға кірісті. Бірақ Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғыска мұқият дайындала бастады. Жапониямен, Италиямен достык нығайтылды. Балкан компаниясы (1941) нәтижесінде Грекия жаулап алынып, Югославияда фашистік Сербия, Хорватия мемлекеттері күрылды. Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия фашистік одақка қосылды. Басып алынған жерлерді қырып жою, еріксіз жүмысқа пайдалану саясаты жүргізіліп, нәтижесінде фашистерге қарсы карсыласу козғалысы дүниеге келді. АҚШ үкіметі бейтараптык саясатынан бас тартып, Ұлыбритания мен баска да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады (1941 ж. 11 наурыз).

1.4 Соғыстың екінші кезеңі ( 1941 жыл 22 маусым - 1942 жыл 18 қараша)

1941 жыл 22 маусым күні Германия КСРО- ға басып кірді. Германияға Венгрия, Румыния, Финляндия, Италия мемлекеттері қосылды. Соғыс қиянкескі сипат алып, Германия өзінің Қарулы Күштерінің 77 % - ын осы майданда ұстады (қ. Ұлы Отан соғысы ). Мәскеу шайқасында ( 1942, шілде - қараша ) кеңес армиясы өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші дүниежүзілік соғыс, соғыстың басталуы
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы туралы
Еуропадағы соғыс алдындағы дағдарыс
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және оның тарихы
Екінші дүниежүзілік соғыс жөнінде
Ұлы отан соғысы. Соғыстың алғышарттары
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы
Екінші дүниежүзілік соғыс. Соғыс алдындағы келіссөздер мен фактілер
Үлкен Үштік конференциялардағы АҚШ дипломатиясы
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы КСРО-ның және Германияның геосаяси мақсаттары мен мүдделерi
Пәндер