Лизинг түрлерінің жіктелуі және лизингтік операциялар


Мазмұны
Кіріспе
1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Лизинг түсінігі, ұғымы
1. 2 Лизинг түрлерінің жіктелуі және лизингтік операциялар
1. 3 Лизинг операцияның субъектілері мен объектілері
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНА ТАЛДАУ («БТА ORIX Лизинг» АҚ мысалында)
2. 1 Екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
2. 2 «БТА ORIX Лизинг»-тің лизингтік операцияны жүргізудегі ерекшеліктері
2. 3 Банктік лизингтік бизнестегі тәуекелдерді басқару
3 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВА-ЛАРЫ
3. 1 ҚР екінші деңгейлі банктердегі лизингтік операциялардың қазіргі жағдайы мен перспективасы
3. 2 Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
4
9
9
19
34
45
45
52
57
62
62
64
71
73
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның әлемнің 50 бәсекелестік елдерінің қатарына кіруі Стратегиясы туралы ҚР Президентінің жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі - Қазақстан экономикасын әрі қарай жаңарту және диверсификациялаудың тұрақты экономикалық өсудің негізгі ірге тасы ретінде көзделуі де жай емес. Бұл стратегия Қазақстан экономикасының тек шикізат бағытында дамуының жеткіліксіздігін, яғни шикізат емес сектордың дамуына көңіл бөлу қажеттігін айқындады.
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп, ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолында республикамыздың 2006-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында еліміздің өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін белгілеген болатын.
Кеңес одағының тұсында қызмет етіп отырған кейбір құрал-жабдықтардың отандық өндіріс орындарында қолданылып келуі, бүгінгі қазақстандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттыруға кері ықпал етіп отырғаны жасырын емес. Нақтырақ айтсақ бүгінгі отандық өндірістегі негізгі құралдардың 60-70 % ескі немесе тозған негізгі құралдар.
Өндірістік сектордағы құрал-жабдықтарды жаңартудың негізгі қаржыландыру түрі лизинг екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ұлттық экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде сонымен қатар көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады деген болатын [1, 225-227] .
Осы жерде кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың қазіргідей тиімді формасы лизинг бола алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг алушылардың активтерін ұлғайтудың ең тиімді құралы болып саналады.
Әлемдік тәжірибеде бұл құрал шағын және орта бизнестің қолжетімді қаржыландыру көзіне айналған. Бастапқы кезде лизингтің дамуы үшін мемлекеттің қолдауы қажет екендігі белгілі. Мемлекет лизингтің дамуы үшін жасайтын қадамдарына салықтық жеңілдіктер және кеден бажынан босату сияқты шаралары бәсекеге қабілетті өндірісті дамытуға ықпал етері сөзсіз.
Лизингтің дамуы үшін қолайлы макроэкономикалық және нормативтік ахуалдың болуы қажет. Экономикалық қатынастар тұрғысынан алғанда лизинг бұл өндіріске капитал инвестициялауға байланысты банктің қаржылық қызметтерінің біріне жатады.
Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығы 2003 жылдан бастап қана белсенді дами бастады. Бұл жерде лизингтік мәмілелердің басым бөлігі Қазақстандағы ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған агроазық-түлік бағдарламасы төңірегінде үкіметтің бастамасымен 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылған лизингтік компанияларға тиесілі. Қазіргі кезде Қазақстанда қаржылық лизинг сияқты қаржы нарығының бір секторы қалыптасып дамып отыр десе болады.
Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні лизингтің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең бастысы лизингтік қатынастардың дамуына қажетті заңдылықтар базасы жетілдіріліп, салық салуға байланысты жеңілдіктер жасалды.
Екінші деңгейлі банктерде бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық екінші деңгейлі банктердің еншілес компаниялары болып саналады.
Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы бар инвестициялық саясаттың құралы болып табылады. Лизингті дамытудың өзектілігі қазіргі кезде отандық кәсіпорындарды қаржыландырудың балама көзіне айналуымен сипатталады. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің экономикалық табиғаты жағынан ұлттық экономикамыздың сауығуына және әрі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан халықаралық деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет түріне жатады.
Лизинг - шетелден елімізге жоғарғы технологияларға ие құрал-жабдықтардың келуіне жол ашатын және кәсіпорынға қаржылық өтімділігін сақтай отырып, негізгі капиталға инвестиция жұмсаудың балама көзі.
Біздің ойымызша, отандық банктердің лизингтік компаниялары арқылы лизингті қаржыландырумен қатар банктер өздерінің де лизингтік операцияларын дамытуға көңіл аудару қажет [1, 225-227] .
Мұндай мәселелерді шешуде қазақстандық екінші деңгейлі банктердің лизингтік қызметін дамыту және жетілдірудің маңыздылығы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан арта түседі.
Ендеше, екінші деңгейлі банктердің лизингтік қызметін дамыту барысындағы жоғарыда аталған мәселелердің бүгінгі күнге дейін оң шешімін таппай отырғаны және олардың отандық ғылыми жұмыстарда терең де жете зерттелмей келуі, осы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларын дамыту мәселелерін теориялық тұрғыдан оқып-білу, оның Қазақстандағы лизингтік қызмет көрсету нарығын дамытуға байланысты талаптарына қаншалықты жауап беретіндігі туралы өзекті мәселелер, өз кезегінде дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты болып және оның басты міндеттерін анықтап отыр.
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты және басты міндеттері:
Дипломдық жұмыстың мақсаты - лизингтік қызмет көрсету нарығында нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларын дамытудың қажеттігі мен маңыздылығын теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздей отырып, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік қызмет көрсету нарығындағы тәжірибелеріне талдау жасау, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларын дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.
Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
- «банктердің лизингтік операциялары» ұғымын нақтылау;
- екінші деңгейлі банктердің лизингтік қызмет көрсетулердің ерекшеліктерін көрсету;
- шетел тәжірибесіндегі екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларын зерделеу;
- ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығындағы екінші деңгейлі банктер қызметтерінің жағдайына талдау жасау және проблемаларды айқындау;
- екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларын дамытуы арқылы экономиканың шағын және орта бизнестің дамуын қаржыландыру әдістерін жетілдіру жолдарын қарастыру;
- екінші деңгейлі банктер қызметіндегі лизингтік тәуекелді басқару әдістерін қарастыру.
Зерттеу пәні екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларының аясында қалыптасатын экономикалық қатынастар.
Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік қызмет көрсету нарығындағы қызметі жатады.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларын дамытудағы орын алатын мәселелері туралы және оның тиімді қызмет етуінің экономиканы модернизациялау мен диверсификациялаудағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің және ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларының дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.
Екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларының дамуының теориясы мен тәжірибесіне қатысты мәселелер осы күнге дейін шетелдік ғалымдардың еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақ, Т. Кларк, В. Хойер, М. Гордон, В. Д. Газман, В. М. Джуха, Е. Кабатов, Е. Н. Чекмарев, В. А Перов, П. А. Анреев, О. И. Лаврушин, К. Р. Тагирбеков, Г. Г. Коробовой, В. И. Колесников, О. М. Марков, В. М. Усоскин, Е. Ф. Жуков, Е. Б. Ширинская және өзгелер.
Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы банктердің лизингтік операцияларының дамуының теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: К. Ә. Сағадиев, Қ. О. Оқаев, Ғ. С. Сейітқасымов, У. М. Искаков, Н. Н. Хамитов, Ж. О. Ихданов, А. С. Смағұлов, Т. Ә. Есіркепов, С. Б. Мақыш және т. б. еңбектерінде кездеседі.
Құқықтық негізіне ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары, ҚР Ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.
Екінші деңгейлі банктердің лизингтік қызметін зерттеу белгілі экономистердің еңбектерінде әр жақты құбылысты байқатып отыр. Сондықтан да, банктердің лизингтік қызметінің түсініксіз мазмұны және оның қаржылық-несиелік аспектілері, сондай-ақ оның қызмет етуі барысындағы орын алатын өзекті мәселелері және оларды ғылыми тұрғыдан оқып білу, бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын анықтауға негіз болды.
Ғылыми жаңалығы:
- «лизинг» және «қаржылық лизинг» терминдерінің ұғымы авторлық көзқарас тұрғысынан нақтыланды және лизингтің жаңа функциялары мен белгілері ұсынылды;
- кешенді талдау арқылы қаржы лизингінің несиелік аспектілері жүйелендірілді;
- Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік компанияларының қызметінің дамуына әсер етуші факторлар айқындалды;
- лизингтік мәмілелердегі тәуекелді басқару әдістерін жетілдірудің жолдары ұсынылды;
- Қазақстандағы лизингтік операциялардың болашақтағы даму бағыттары айқындалды.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
- «лизинг» және «қаржылық лизинг» терминдерінің ұғымы авторлық көзқарас және оның экономикадағы атқаратын функциялары мен белгілері;
- қаржылық лизингтің несиелік аспектілері мен олардың өзара байланысы;
- екінші деңгейдегі банктердің лизингтік компанияларының қызметінің қазіргі жағдайы мен даму үрдісі;
- Қазақстандағы лизингтік операциялардың дамуына әсер етуші факторлар;
- банктік лизингтік бизнестегі тәуекелдерді басқарудың қазіргі блок-сұлбасы.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмыста жасалған қорытындылар мен ұсыныстар екінші деңгейдегі банктердің лизингтік компанияларының несиелік қызметтерінде болашақта пайдалануы мүмкін.
Жұмыстың жалпы бағыттары мен зерттеу логикасы дипломдық зерттеудің ішкі біртұтастығы мен құрылымын анықтайды.
Зерттеу жұмысының ғылыми негізделген тұжырымдары мен ұсыныстары «БТА ORIX Лизинг» АҚ және «Темірлизинг» АҚ лизингтік компанияларының қызметтеріне енгізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Лизинг түсінігі, ұғымы
Әлемдік тәжірибеде "лизинг” термині ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды жалға беру негізінде, әртүрлі мәмілелерді белгілеу үшін қолданылады.
Аренда келісім-шарты жасалу мерзіміне байланысты арендалық операциялардың үш түрі бар:
- Қысқа мерзімді аренда (рентинг) - бір күннен бір жылға дейін;
- Орта мерзімді аренда (хайринг) - бір жылдан үш жылға дейін;
- Ұзақ мерзімді аренда (лизинг) - үш жылдан жиырма жылға дейін.
Әрбір күрделі экономикалық ұғымдар секілді лизингте де бірнеше анықтамалар бар. Ең біріншіден, лизинг - бұл ағылшын сөзі to lease - уақытша жалға беру немесе жалға алу деген мағынаны білдіреді.
1. Лизинг - бұл жалға берушінің уақытша бос немесе тартылған қаржы қаражаттарын инвестициялау. Бұл кезде жалға беруші белгілі бір сатушыдан өз меншігіне келісім-шартта көрсетілген мүлікті сатып алуға міндетті болады және осы мүлікті жалданушыға уақытша пайдалануға, ақылы негізде, беруге міндетті болады және оны кейін сатып алу құқығының бар болуын көрсетеді.
2. Лизинг дегеніміз аренда келісім-шарты. Ол жалға беруші өз иелігіндегі жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, оргтехниканы, транспорттық құраларды, өндірістік, сауда және қойма мәні бар құрылғыларды жалданушыға белгілі бір мерзімге, өзіне проценттік ставканы қосатын, жалданушының ақша нарығындағы тартылған қаражаттардың құнын жабатын, банктің пайдасын есепке алатын және мүліктің амортизациясын ескеретін, анықталған арендалық төлем негізінде беруді білдіреді.
Сонымен қатар, лизингті үшінші тұлға үшін мүлікті сатып алатын және оған ұзақ мерзім периодына беретін, мамандырылған (лизингтік) компанияның делдалдық қызметі арқылы негізгі қорларға салымдарды қаржыландырудың арнайы нысаны ретінде де қарастыруға болады. Яғни, лизингтік компания нақты түрде жалданушыны несиелендіреді. Сондықтан лизингті кейде "несие - аренда” деп атайды.
Сатып алу-сату келісім-шартында тауарға иелік ету құқығы сатушыдан сатып алушыға өтеді, ал лизингте аренда келісім шартын жасасқан кезінде, мүлікке ие болу құқығы жалға берушіде қалады. Лизингтік келісім шартының мерзімі аяқтаған соң, жалданушы лизингтік жабдықты келісілген бағада сатып алу, келісім шарт мерзімін ұзарту немесе жалға берушіге жабдықты қайтару мүмкіндігі болады [2, 235-237] .
Лизингтік қаржыландырудың несиеден айырмашылығы:
Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларды реттеу 2003 жылдың шілде айында қабылданған "Қаржы заңынан” кейін ғана қолға алынған болатын. Бүгінде бұндай қаржылық қызмет көрсету түрі өзге елдердегідей қарқынды даму үстінде. Еліміз дамушы мемлекет болғандықтан, көптеген өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы техникалық жағынан жаңартуды, жаңа технологиялармен жабдықталуды қажет етеді. Алайда, барлық өндіріс көздерінің мұндай игі шараларға қорларындағы қаржылары жете бермейді және де барлығының да банктерге кепілдік қойып, несие алуға мүмкіндіктері жоқ. Осындай сәттерді ескере отырып, лизингтік компаниялар ашылып, жұмысы да сол бағыт бойынша жүргізіледі.
Қаржылық лизингте лизинг алушыдан ешқандай мүлікті кепілдікке қою талап етілмейді, тек қана алынған соманың жарты ақшасын құйса болды. Яғни, аздаған соманы кұю арқылы алушы өзінің қажеттіліктерін игере алады және лизингтік қаржы операциялары кезінде екінші рет қосымша қаржы алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, лизинг алушыларға мемлекет тарапынан да бірқатар жеңілдіктер жасалған. Мәселен, лизинг алушылар кейбір салық төлемдерінен босатылған. Лизингтік операцияларда несиеге қарағанда пайыздық көрсеткіштері жоғары. Оны лизингтік компаниялардың керекті қаржыны банктерден қарызға алатындығымен түсіндіруге болады.
Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы:лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б. э. 2003 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизин корп. » атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан Францискода (АҚШ) құрылған. Европада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді.
Лизингтің идеясы жас емес. Берілген деректер бойынша адамзатқа лизингтің ертеден болуы белгілі. Көптеген тарихшылар мен экономистердің пікірінше, лизинтік келісім-шарттар б. э. д. Шумер мемлекетінде де жасалды. Аристотельдің (б. э. д. 384 / 383 - 322 ж. ж. ) "Богатство состоит в пользовании, а не в праве собственности” атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Басқа сөзбен айтқанда, пайда алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек, соның нәтижесінде пайда алу мүмкін болады дейді. Лизинг ертеде тек белгілі бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық техниканың түрлері және шеберлік құрылғылар, сонымен қатар әскери техника да жалға алынды.
Венецияда 11 ғасырда лизингтік операцияларға ұқсас мәмілелер жасалынды: венециандықтар сол уақытта өте қымбат болған якорьларды саудагерлер мен сауда қайықтарын жалға берді. Жүзі аяқталғаннан соң якорьлар өз иелеріне қайтарылған және қайтадан жалға берілді. Ұлыбританияда лизингтік қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін алғашқы нормативтік акт болған 1284 жылы Уэльс заңы болды (Statute of Wales) .
1572 жылы Ұлыбританияда тек қана нақты лизингті қолдануға рұқсат беретін заң актісі шығарылды. Осы заңның мәні: осы уақытта келісім-шарт жасасқан жақтардың мүліктің нақты иесі кім екені жасырылды, ол несие берушілерді адастыру мақсатында жүргізілді, сондықтан оны реттеу үшін қолданылды [2, 235-237] .
1930 жылдары Генри Форд өз автокөліктерін өткізу мақсатында жалға беруді кеңінен қолданды. Бірақ автокөліктік лизингтік бизнестің бастамашысы ретінде Золли Фрэнкті есептейді. Ол 1940 жылдары алғаш рет автокөліктерді ұзақ мерзімді жалға беруді ұсынушы сауда агенті болды.
Жалға беру қатынастарында болатын құбылысты Америкада 1950 жылы революция деп атауға болады. Осы уақытта өндірістің көптеген құралдары жалға берілді: технологиялық құрылғылар, машиналар мен механизмдер, кемелер, ұшақтар, т. б. . АҚШ Үкіметі осы құбылысты бағалап, оны ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаны жедел түрде әзірледі және жүзеге асырды. Экономикалық лексикалық терминологияға жаңа "лизинг” терминінің енгізілуін (ағыл. lease - жалға беру) "Белл” телефон компаниясының операцияларымен байланыстырады. Осы компанияның басқармасы 1877 жылы өз телефон аппараттарын сатпайтыны туралы, оны жалға беру туралы шешім қабылдады.
Сан-Францискода белгілі болған "United States Leasing Corporation” американ компаниясы 1952 жылы лизингтік операциялар іскерліктің негізгі болған алғашқы акционерлік қоғам болып саналады. Сонымен, АҚШ жаңа бизнестің отаны болды. 60 жылдардың ортасында лизингтік операциялар 1 млрд. $, ал 80 жылдары олар110 млрд. $-дан асып түсті. Осындай жоғары қарқынды темптің болу себебі лизингтік мәміле бойынша серіктестктер ала алатын артықшылықтарға байланысты болды. Лизингтік операциялар өте тез АҚШ шекарасынан өтіп, халықаралық лизингке айналды.
АҚШ-та лизинг экономикалық бизнестің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Өз қызметтерінің кең спектрін ұсынған жаңа лизингтік компания- лар санының өсуі, және лизингтік келісім-шарттарының үлкен модифи- кациясы экономиканың әртүрлі сфераларында кәсіпкерлердің инвестициялық қаражаттарын алудың әртүрлі нұсқаларын анықтады. Кейіннен лизингтік компаниялар "қаржы-лизингтік қоғамдар” деген атқа ие болды.
Батыс Еуропада алғашқы алғашқы қаржы-лизингтік қоғамдар 50-60 ж. ж. пайда болды. Бірақ та лизингтік операциялардың дамуына көптеген факторлар әсер етті, т. қ. салықтық заңнамада лизингтік келісім-шарттардың заңды түрде қабылдауы көптеген қиыншылықтардан шығуға мүмкіндік берді.
Мысалы, алғашқы француз лизингтік компания "Локафранс” 1982 жылы құрылды. Ал төрт жылдан кейін лизингтік компаниялардың жалпы саны 30 тең болды. 1987 жылы елде жылжыйтын мүлікпен айналысатын 56 лизингтік компания жұмыс істеді, олардың жылдық келісім-шарттар саны 57 тең болды. Ал жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар саны 94-ке тең болды. Франция мемлекетінің ірі компаниялары "Локафранс”, "Слибай”, "Локабай”, "Софимобай”, "Слиминико”, т. б. .
Италияда алғашқы лизингтік компания 1963 жылы құрылды, бірақ та лизингтік бизнестің кең өріс кезеңі 70-80 ж. ж. болды. Олардың ішінен 50 ең ірі компаниялар "Ассима” ұлттық ассоциациясының мүшелері болып табылады. осы уақытта он ірі лизингтік операциялар санының жалпы үлесі 80%-ға тең болды.
60 жылдары лизингтік бизнес Азия континентінде дами бастады.
Қазіргі уақытта лизингтік қызметтерің негізгі бөлігі "АҚШ - Батыс Еуропа - Жапония” мемлекеттерінде шоғырланды. Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар бола алады. Осы лизингтік компанияларды 75-80%-ға жуық банктер немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды. Жапония үшін сипатты белгі ретінде лизингтік операциялардың қаржыландырудан "қызметтер пакетіне” дейін ұлғайтты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz