Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде дамуын теориялық зерделеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Шаруалар көтерілісінің басталу себептері

2. 2 Шаруалар көтерілісінің барысы

2. 3 Е. И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің жеңіліс табуы

2. 4 Көтерілістен кейінгі Қазақстан

III. Қорытынды

Пайдаланған әдебиет тізімі

3

5

11

16

25

27

28

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Ұлт-азаттық қозғалыс - отар елдерге тән тарихи құбылыс. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты - ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс - отар халықтардың отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі. Оның басты мақсаты - ұлтты өзге мемлекеттің экономикалық, саяси және басқа езгісінен азат ету, елдің табиғи ұлттық мүддесін қорғауға қабілетті мемлекеттілігін қалпына келтіру.

XVIII- XIX ғасырларда қазақ халқы сырттан төнген экспансияға қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Қазақ қоғамы XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығымен, оның артын ала Цинь империясымен, Орталық Азия хандықтарымен өз еркіндігі үшін тынымсыз күрес жүргізіп, ең соңында Ресей империясымен бетпе-бет келді. Мешеу көшпелі мал шаруашылығына сүйенген және өз ішіндегі феодалдық алауыздықты жеңе алмаған Жоңғар хандығы жеңіліске ұшырап, жері Цинь патшалығына қарады. Шамамен осындай дәрежедегі қазақ елін Ресей империясы өзіне қосып алды. Сөйтіп, екі-үш ғасыр бойы Орталық Азиядағы елеулі күш ретінде танылған қазақ және жоңғар мемлекеттері көрші қуатты империялардың тегеурінді ілгері жылжуын тоқтата аларлықтай қарсылық көрсете алмады.

Отаршыл жүйені жою және отарсыздандыру шараларын іске асыру арқылы шынайы дербестікке қол жеткізу. Яғни, ұлт-азаттық қозғалыс дегеніміз - отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат-жұрттық езгіге қарсы жалпыұлттық күресі. Қазақ даласының батысындағы, солтүстігіндегі және солтүстік шығысындағы кең-байтақ кеңістікте патша өкіметі бекініс шептерін құрды. Олар әскерни база ғана емес, сонымен қатар патшалық Ресейдің отаршылдық мақсаттарын жүзеге асыруындағы тірегі болды. Қазақ даласы жағына қарай кеңейе отырып, орнығып алған казак әскерлері шептері қазақтардың көшіп жүретін аудандарын шектеді. Сондықтан өздерінің ежелгі жерлерінен ығыстырылып шығаралған қазақтар Жайық пен Ертістің оң жағасына өз беттерімен өтуге мәжбүр болды.

ХVІІІ ғасырдың 30-40-жылдарында Верхнеяицкіден Звериноголов бекінісіне деін созылып жатқан үй бекінісі шебі салынды. Оның жалпы ұзындығы 77 шақырым болатын. Нақ согл жылдары ұзындығы 930 шақырым болатын Ертіс шебі салынды. 1752-55 жылдарда жаңа Есіл шебі салынды, оның ұзындығы-662 шақырымға жетті. Олар қазақтардың көшіп- қонып жүретін қоныстарын шектеп тастады. VIII ғасырдағы қазақ халқының Ресей империясына қарсы азаттық жолындағы күресі - Отан қорғау мақсатын көздеді. Елдің бір бөлігі жау қолында қалған жағдайда оны азат ету ісі жалпыұлттық міндетке айналды. Отан соғысы мен ұлт-азаттық қозғалыстың мақсаты ортақ - елдің мемлекеттік тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сыртқы қауіптен қорғау. Сондықтан бұл ұғымдар бір-біріне жақын, мазмұны жағынан өзара астасып жатыр. Дегенмен ұлт-азаттық қозғалыстың мазмұны тереңірек. Ұлт-азаттық күрес қоғам өмірінің барлық салаларымен байланыста дамиды. Мұндай байланыстылық тек саясат пен экономикадан ғана байқалып қана қоймай, қоғамның мәдени-рухани жағын да қамтиды. Ұлт-азаттық қозғалыс - бұл ұлттық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни, рухани қайшылықтардың түйіні. Демек, ұлт-азаттық қозғалыстар туралы жан-жақты шынайы тарихи контексте оқып-үйренуіміз қажет. Қазақ халқының төл тарихы революцияға дейін де, кеңестік дәуірде де отаршыл саясат, таптық идеология, еуроцентристік қағидалар тұрғысынан зерттелді. Отаршылдық дәуірде ұлт-азаттық күрестерге «бүлік» деген айдар тағылды. Ал оған қатысушылар «бүлікшілдер», «тонаушылар» аталды. Ресейдің империялық пиғылдарына қарсы, жалпы адамзаттың өркениет көшінде өз этносын сақтап қалу жолындағы халықтың азапты күресі жоққа шығарылды. Осылайша ұлт-азаттық қозғалыстардың толыққанды шынайы тарихына қатысты талай шындықтар бұрмаланды.

ХVІІІ ғасырдың 30-шы жылдары Кіші жүзді өзіне тәуелді еткен соң патшалық Ресей біртіндеп қазақ даласындағы отарлау саясатын тереңдете бастады. Оның барысында елдің шаруашылығы күйзеліске ұшырап, саяси жағдайлар шиеленісе түсті. Мұның барлығы Қазақстанның әр өңірінде халықтың наразылығын тудырып, көтеріліске шығуға итермеледі. Қазақстанда патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық наразылығының көрінісі ұлт-азаттық көтерілістердің тууы заңды құбылыс болатын. Ал, Кіші жүз өңірінде қалыптасқан жағдайлар қазақтардың Е. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуына себеп болды. Өзін “ІІІ Петрмін” деп жариялап лақап ат жамылған Е. Пугачев пен оның төңірегіндегілер қазақ даласында болып жатқан мәселелерден біршама хабардар еді және олар қазақтардың көтерілісті қолдайтынын түсінген болатын.

Курстық жұмыстың мақсаты: Е. Пугачев бастаған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері мен оқиға барысын ашып көрсету.

Осыған байланысты мынадай міндеттерді алдыма қойдым:

  • Қазақтардың Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуын зерттеу;
  • Көтерілістің алғы шарттары және оның кіші жүзде 1773 жылы дамуын қарастыру;
  • Қазақтардың Орынборды қоршауға қатысуы. Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде дамуын теориялық зерделеу;
  • Қазақ жүздеріндегі қозғалыстың 1775 жылғы жаңа кезеңіне тоқталу.

Курстық жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

II. Негізгі бөлім

2. 1 Шаруалар көтерілісінің басталу себептері

ХҮІІІ ғасырдың ортасында саяси дағдарыс салдарынан Кіші жүз аумағы екі хандыққа бөлінді. Нұралы ханның иелігіне кірген қазақ рулары Арал өңірі мен Сырдария бойындағындағы батыр хандығына кірген қысқы жайлымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылды. Бұл рулардың қазақтары батысқа қарай Каспий ойпатында орналасқан" қоныстарға ығысы баруға мәжбүр болды. Алайда Жайық бекініс шептері олардың Жайықтың оң жағындағы қолайлы қыстауларға баратын жолына кедергі жасайды.

Жайықтың Едід арасында жатқан жайылымдардың едэуір бөлігіне 1771 жылға дейін қалмақтар орналасып алды. Қысқы жайылымдар үшін даулар негізінде бұл ауданда қазақтар мен қалмақтар арасында екінің бірінде қақтығыстар Жайықтан өткен қазақтадың 40 мыңдай халқын айдап ' алып кетті. 1771 жылғы Нарынқұмы ауданында көшіп жүрген даласы арқылы Шығысқа бет алды. Олардың кетуіне байланысты Жайық пен Еділ арасындағы аумақтың бір бөлігі босап қалды. Қазақ ақсақалдары патша өкіметіне қазақтардың "Ішкі жаққа" өтуіне тиым салынған 1756 жылғы жарлықтың күшін жойып, бұл жерлерді қысқы жайылым үшін пайдалануға рүқсат етуге өтіні жасады. Алайда сыртқы істер алқасы 1771 жылы бұл тиым салуды қайтадан мақұлдады.

Е. И. Пугашев бастаған шаруалар соғысы жылдарында қазақтар 1756 және 1771 жылдардағы жарлықтармен санаспай Еділ мен Жайық арасындағы жайлымдарды іс жүзінде пайдаланады. Шаруалар соғысы басып жаншылғаннан кейін және жағалаудың күшейтілуінен бұлай істеу мейлінше қиындап кетті.

1775 жылы патша өкіметі жергілікті басқару ісіне қайта ұйымдастыру жүргізді. Орынбор губерниясы таратылды. Кіші жүз және Орта жүз аумағының бір бөлігі Симбирск және Уфа генерал-губернаторлықтарының құрамына кірді. Орынбордың обер -комендантына кіші жүзде патшалық

өкімет орындарының іс шараларын тікелей жүргізу тапсырылды, бүл үшін шекаралық істер комиссиясы құрылды, Жайы бойындағы шекаралық ше қалпына келтіріліп, нығайып, бекінгіс горнизондары күшейтіледі.

Патшалық өкімет орындары қазақ сүлтандарының өзінің сенімді тірегіне айналдырып, соладың көмегімен қазақтардың толқуларын болғызбауға ұмтылды. Өз тарапынан Нұралы хан мен сүлтандар патша өкіметіне адалдығын дэлелдеуге бар күшін салып тырысты. Патшалық кімет салықтьар үлестіру, айлық тағайындай, шек беру жолымен, дала аристократиясымен одақты нығайтуға ұмтылды.

1782 жылғы Жарлық бойынша қазақ ауылдарының Жайықтанөтуіне хан шекаралық өкімет орындарынан рүқсат алғаннан кейін ғанажол берілді. Нұралы мен оның ең жақын туыстары қоныстарға билік ету құқығын пайдаланып қиянат жасады. Олар қазақ әскерінің старшиналарымен сөз байласты. Әскери старшиналар өзеннен өткен үшін ақы төлемеген ауылдарды тонады, ал қазақтарды түтқынға алып, айдап әкетті. Сол кезде хан мен оның жақындастары тұтқындарды сатып алу үшін халықтан қаражат жинады. Бұл қаражат Орал әскерінің старшиналарымен бөлісілді. Сөйтіп мүндай әдіс үстем таптың тұрақты табыс көзіне айналды.

Саяси қатынастардың дағдарысты жағдайға дейін жетіп шиеленісуі осындай саясаттың нэтижесі болатын. Е. И. Пугачевтың көтерілісі қазақ қоғамының барлық таптарына өте елеулі ықпал етті, ал "көзге көрінбейтін адам" Көктемір қозғалысы және қазақтардың Е. Пугачев көтерілісіне қатысуы империяның отаршылдық езгісіне қарсы күреске түрткі болды. 1775-1776 жылдары жалпы саны он мың адам болатын қазақ жасақтары үлкен қобданың жоғарғы ағысына, Гурьев және Кулагин бекінісінің арасына және шыңғырлау өзенінің бойына шоғырланды. Олар Красногор бекінісін алуға тырысты, сөйтіп олар Орынборға, Чернореченск және Елек қорғанысы бекіністеріне кетті. Қазақ жасақтары Верхнеуральск, Қызыл, Таналыцк, Орск, Ильинцк бекіністеріне шабуыл жасады. Е. Пугачевтың көтерілісі басып жаншылғанна кейін қазақ жастары таратылып жіберілді. Қазақ халқының бұл күресіне Сырым Датұлы белсене ат салысты. Ол үлкен жасақты басқарды және қазақ жасақтарының басшысының бірі болған. Онымен ХҮІІІ ғасырдың 80-жылдардың басына қарай кіші жүздегі жағдай оңай болмады. Ресей өкімет орындары тарапынан отаршылдық режим күшейтілді. Олар Жайық қазақтарының ішкі аумақтарды басып алуына итермелеп, бұған түрақты әскерлер де көмек көрсетті, ал қазақтар ретінде тақ қызметінде жүрген қалмақтардың, башқұрттардың, татар-мещеряктардың қолымен үлтаралық араздық саясаты жүзеге асырылды. Кіші жүз ішінде Нұралы мен оған бағынышты билеушілер ішкі саяси жағдайды дербес бақылай алмады. Ұзаққа созылған саяси алауыздықтардың нэтижесінде дәстүрлі қазақ менталитетін ұстаған қол басшылар тобы, негізінен билер мен батырлар арасынан бөлініп шығады. Осы қасиетердің барлығы Сырым Датұлына тэн болды. Ол бүкіл кіші жүздегі дерлік саяси жағдайды іс жүзінде бақылап қана қоймай сонымен қатар өз бойында бидің, батырдың және басшының қабілеті мен қасиеттерін ойдағыдай үштастырды. Сырымның нақ жеке қасиеттері мен беделі оның үлт-азаттық қозғалысының басында тұруына мүмкіндік берді. Ол Кіші жүздің байүлы бірлестігіне кірген байбақты руынан шыққан еді.

Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде Сырым атақты би және шешен ретінде белгілі. Ол ішкі өмірдің көптеген маңызды мәселелерін шешкен, ол оның шешендік өнері, ол қайтыс болғаннан кейінгі жолдарда да үлгілі болып қала берді. Жеке басының ер жүректілігі, ерлігі, табандылығы және сирек кездесетін қайрат-күші оған батыр даңқын экелді. Сөйтіп Сырым Датұлы өзі басшы болған қозғалыста өзінің жақсы қасиеттерінің бэрін танытты.

Саяси шектеулер мен көпе-көрнеу тонау жөнінде жүргізіліп отырылған саясатпен қатар, Ресейдің өкімет орындары көшпелілердің дәстүрлі шаруашлық құрылысын жоюға барынша күш салды. Бұл Жайықтың арғы бетіндегі ішкі жаққа көшпелілердің өтуіне тиым салынып, көші-қон өрістерінің күштеп бұзылуынан көрінді. Оның үстіне хан билігіне енді патша өкіметінің іс-шараларына қарсы әрекет ете алмады, сондықтан қатардағы көшпелілер есебінен байып алуға тырысты. Мысалы, хан кез келген мал айдау кезінде малшылардың эрқайсысынан бір жылқы мен бір қой жинап алған. Осы талаптар орындалмаған жағдайда хан көшпелілердің бетімен кеткендігі туралы Ресей әкімшілігіне жеткізіп отырған. Оның балалары да шетінен нақ сол үрдісте әрекет еткен. Көтерілісті сипаттайтын құжаттарда халықтың көпшілігі ханның өзімеен оынң жақындары үнатпағаны өте жиі көрсетіледі. Отарлық қанау мен экономикалық езгіге салу негізіндегі саяси алауыздықтар осылайша кеңейе берді.

Малшыларды ашықтан-ашық тонау, тарихи қалыптасқан көшіп-қону маршруттарының бүзылуы қазақ еңбекшілері шаруашылығының құлдырауына экеп соқты. Малшылар "Ішкі жақта" мал жайғаны үшін салық төлеуден бас тартты. Мүны "шөп пен су құдайдың бергені" деп оларды өздерінің пайдалануға құқығы бар екендігімен дэлелдеді. Жаппай халықтың бой көрсетуі үшін алғы шарттар пісіп жетілді. ХҮІІІ ғасырдың аяғындағы кіші жүз қазақтарының еңбекшілері көтерілісінің негізгі себептері жер мәселесінің шиеленісуі, патша өкіметінің "ішкі жаққа" Жайыцқтың арғы бетіне тыйым салынуы ру ақсақалдарының құқықтарына қысым жасау, хан, сүлтандар, Жайық қазақ әскерімен патша әкімшілігі тарапынан ашықтан-ашық талап тонау мен халыққа зорлық-зомбылық жасалуы болды.

Аса қиын сыртқы саяси жағдайлар Әбілқайыр мен Әбілмәмбетке, Абылай ханға Ресейдің қол астына кіруге мәжбүр етті. Солай бола тұрса да, Ресейдің Кіші жүз бен Орта жүзді өзіне қосып алуы күрделі де қайшылықты жүрді. Мысалы, Кіші жүздің ханы Әбілқайырды Орта жүздің белгілі сұлтандарының бірі Барақтың өлтіруі қазақ қоғамындағы дағдарысты аңғартады. Бұл қазақ жүздерінің басын біріктіру мүмкіндігін әлсіретті. Әбілқайыр ханның орнына келген Нұралы ханның билігі енді Орта жүзге жүрмеді. Тіпті Кіші жүздің өзінде Әбілқайыр мұрагерлерінің жағдайы орнықты болмады. Нұралыны Кіші жүздің рубасылары түгелдей мойындаған жоқ. Ал Абылай ханның қайтыс болуы Орта жүз бен Ұлы жүз аумағында да саяси дағдарыс туғызып, хандық биліктің әлсіреуіне әкелді. Патша үкіметі бұдан былай қазақ хандарының іс-әрекетіне бақылау жасап, хан тағына қабілетті, беделді үміткерлерді жібермеуге күш салды. Керісінше, Ресей бағытын жақтаушы хандарды тағайындап, қазақ қоғамын жікке бөлуді одан әрі жалғастырды. Сондықтан отаршылдықка қарсы күрестің бастапқы кезеңіндегі көтерілістерге Ресей бағытына қарсы рубасылары, билер, батырлар басшылық етті. [2, 34-36 б]

Кіші жүз ханы Әбілқайыр Орта жүз ханы Әбілмәмбет Ресей бодандығын қабылдады. 1740 жылдан бері көп бөлігі басында Жоңғар, кейіннен Қоқан хандығы ықпалында болып келген Ұлы жүз 1883 жылы толық Ресей құрамына еніп болды. 1822 жылы Орта жүзде, 1824 жылы Кіші жүзде хандық билік жойылды. Ендеше Ресейге бағыну процесі 1731 жылы басталып, 1883 жылы аяқталды, яғни, 152 жылға созылды. Ресейдің 1820, 1860, 1890 жылдардағы реформалары қазақты бөлшектеп билеудің ең бір аяусыз жолы болды. қазақтардың тәуелсіздік үшін күресі орыс отаршылдығы өзімен бірге ала келген қоғамдық өзгерістерге қарсы күрес ретінде көрінді. Ал, шын мәнінде, бұл қазақ халқының ұлт-азаттық күресі, сонымен бірге екі өркениеттің, екі этностық жүйенің арасындағы қақтығыс еді. Ұлт-азаттық қозғалыстардың барысында отаршылдық үкімет жойып жіберген хандық билікті қалпына келтіру әрекеті байқалды. Көтерілісшілер өзінің ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілік белгілерін қайта жаңғыртты. Отарлауға қарсы 1773-1775 жылдардағы Е. Пугачев көтерілісіне Кіші жүздің қатысуы, 1783-1797 жылдарда Сырым Датұлы, 1837-1847 жылдардағы Кенесары хан, 1836-1838 жылдардағы Исатай мен Махамбет, 1836-1857 жылдардағы Жанқожа, 1847-1858 жылдардағы Есет Көтібарұлы көтерілістері болып өтті. Соның ішінде Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне тоқталып кететін болсақ, бұл көтеріліс тарихта өшпес ізін қалдырған. Е. Пугачев бастаған көтеріліс қатыгез басыбайлылық тәртіпке қарсы бағытталса да, оған үлкен ынта-жігермен және үмітпен Еділ-Жайық бойындағы башқұрт, татар және қазақтар да қатысты. Қазақтардың соғысқа қатысуының негізі себебі жер мен қазақ даласындағы отаршылдыққа қарсы күрес болды. 1742-1765 жылдардағы заң актілері бойынша казақтардың Еділ мен Жайық арасындағы, Есіл мен Тобылдың жоғары ағысындағы, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы бойындағы жерлерде көшіп-қонуына тыйым салынды. Бұл жағдай казақтардың түпкілікті мүдделеріне қайшы келді. 1771 жылы Еділ мен Жайық арасындағы қалмақтардың біразы Жоңғарияға көшіп кеткеннен кейін де бұл жер қазақ әскерлеріне және мемлекеттік қорға берілді. Осылайша жер тапшылығы қазақ билеушілерінің арасындағы алауыздықты одан әрі ушықтыра түсті. Ертістің оң жағалауындағы жерлерге қоныстану құқынан айырылған Орта жүз қазақтарының жағдайы да Кіші жүз қазақтарының ахуалына ұқсас еді. Сібір қазақ әскері басшылары қазақтардың орыс бекіністеріне әуелде 10 шақырым, кейіннен 50 шақырым жақын келіп мал жаюына тыйым салды. Патша үкіметі қазақтардың жайылым ретінде ертеден пайдаланылып келе жатқан Жайық пен Еділ өзендері аралығы мен Каспий теңізі жағалауындағы жерлерді орыс помещиктерінің жеке меншігіне таратып берді. Мұның өзі қазақтардың наразылығы мен ашуын туғызды. Орта жүз, әсіресе Кіші жүз қазақтары патша үкіметінің жер мәселесіндегі отаршыл саясатына қарсылық танытып, шаруалар көтерілісіне қосылды. Пугачев үндеуінің Кіші жүзде таралуы қазақтарды стихиялы түрде көтеріліске тартты. Ал Пугачев болса езілген халық бұқарасын «жермен қамтамасыз етуге» уәде берген еді. Отаршыл Ресей үкіметінің әр түрлі әкімшілік-саяси шаралары қазақ көшпелі қоғамының дәстүрлі құрылымын бұзды. Мұның өзі оның қоғамдық өмірінде үнемі дағдарыстық құбылыстар туғызып отырды. Бұл фактор өз кезегінде мақсат-мүдделері мен табиғи құқығы аяқ асты болғандардың табанды қарсылығын тудырды. Қоғам дамуындағы тепе-теңдіктің бұзылуы сол қоғамның барлық әлеуметтік элементтерін азаттық күрес аясына тоғыстырды. Халық жасақтары билеуші топтардың қол астына шоғырлана бастады. Өйткені патша үкіметінің Жайық, Ертіс өзендерінің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді орыс-қазақтарға беріп, қазақтардың бекіністер орналасқан өңірге жақындауына тыйым салуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Оған қоса Батыс Қазақстанда тұз иелігін жасап, оның өнімін Жайық казак-орыс әскеріне сатып алуға міндеттеуі - Кіші жүздің батыс аймағындағы малшылардың жағдайын ауырлатты. Ресей үкіметінің заңсыз әрекетіне наразылық білдірген қазақтардың шағымына ешкім құлақ аспады. Осындай жағдай қазақтардың 1773 - 75 жылы Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына себепші болды.

Көтеріліс жайындағы хабар қазақ ауылына тез тарады. Нұралы хан хатшысын Пугачевке астыртын жөнелтті. Нұралы Пугачевпен байланыс жасай отырып, бір жағынан Орынбор губернаторына көтерілісшілер отрядының орналасқан жерін, бет алысын мәлімдеп, әрі Пугачевке қарсы әскери көмек те ұсынып, екі жақты саясат ұстанды. Қазақтарды көтеріліске қатыстыруға Пугачев үлкен мән бергенімен, Нұралыны түпкілікті өз жағына қарата алмады. Сондықтан ол қазақтарға тікелей тіл қатуға ұйғарды. Орынборды қоршап тұрған кезінде оның адамдары шақыру “қағаздарын” алып, Кіші жүздің ауылдарын аралап жар салды. Пугачев оларға жер-су сыйлап, дін бостандығын беруге уәде етіп, Екатерина ІІ-нің үкіметіне қарсы бірігіп күресуге шақырды. Орынбор әкімшісінің мәлімдеуі бойынша тама, табын, жағалбайлы руларының кейбір бөліктері бірінші күннен-ақ Пугачевке қосылып, орыс бекіністеріне шабуыл жасады. 1773 жылы 7 қазанда Орынборға жасалған шабуылға 2 мың қазақ қатысып, үкімет әскеріне көп зиян шектірген. [7, 12-14б. ]

Беріш пен шеркеш руларының жасақтары Орал шебінің бекіністерінің гарнизондарына шабуыл жасаған.

1774 жылы қаңтарда А. Овчинников отрядының көтерілісшілері Гурьевті (қазіргі Атырау қаласы) алғаннан кейін, Кіші жүздің батыс жағының тұрғындарына шаруалар соғысының ықпалы күшейе түсті. Ресей әкімш. мен хандарға қарсы кейбір сұлтандар да көтерілісшілерге қосылды.

Досалы сұлтан 200 адамдық қолмен баласы Сейдалыны Пугачевке аманатқа жіберді. Ол Орынбор түбіндегі соғысқа белсене қатысты. Сонымен қатар Орынбор қоршауына және Елек (Илецк) қорғанысына шабуыл жасауға Орта жүзқазақтары да араласты, Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары Пугачев армиясына материалдық жағынан да жәрдем көрсетті. 1774 жылы 10 сәуірде Сакмара ауданындағы ұрыста Пугачевтің негізгі күші жеңіліс тапты. Көтерілісшілер армиясының қалған топтары таулы башқұрт жеріне ығысты. Олар Оңтүстік Оралға келісімен көтеріліске қайта қуат бітті. Көтеріліс орталығының Оңтүстік Оралға ығысуына байланысты қазақтардың Сібірқорғандарына шабуылы жиілей түсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтардың Орынборды қоршауға қатысуы
Қазақтардың Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773 - 1775 жж)
Абылай хан билігінің ғылыми әдебиеттерде көрініс табуы
Қазақтардың Е.И.Пугачев көтерілісіне үн қосуы
Тарихи деректерді жіктеу
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Қазақтардың Е.И.Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774-1860) бастаған көтеріліс
Қазақтардың е.пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
Е.Пугачев басқарған шаруалар соғысында қазақтардың қатысуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz