Құқықтың негізгі белгілері
Доклад
Құқықтық білімді игеру барысында оқу орнынында құқықтық білім алушы маман мемлекет және құқық мәселелерін жаңаша осы заман талаптары тұрғысынан түсінеді. Жалпы мемлекет туралы ұғым мемлекет және құқық теориясы пәнінде оқытылады. Заң ғылымында мемлекет пен құқық абстрактілі санат, категория ретінде зерттеліп, оқытылады.
Мемлекетті пен құқықты зерттеу барысында мемлекеттегі нақты белгілі бір тарихи кезеңде болған құбылыстар деп қарастырмай керісінше, оларды жалпы сипаттары бойынша тарихи дамудағы өзгеру сатыларын жан-жақты қамтып, қарастыру зерттеу нысаны ретінде алынып отырған тақырыптың өзекітілігі болып табылады.
Тақырыптың мазмұның ашып көрсеу үшін зерттеу жұмысына осы заманғы мемлекеттіліктің дамыған нысандарын зерттеудегі бағыт-бағдарларды ашып көрсетуді, олардың мағынасы мен мәнін теориялық көзқарастар тұрғысынан түсіндіруді мақсат етіп алдым.
Мемлекеттің ұғымы, құқықтың нысандары және оның элементтері туралы алғашқы шығармалар ежелгі грек философтарының пайымдауларынан бастап қалыптаса бастаған. Оған: Сократ, Платон, Аристотель еңбектеріндегі идеялар мен Гегель, Кант еңбектеріндегі мемлекеттіліктің философиялық негізделуі жайлы шығармаларын айтуға болады. Сондай - ақ К.Маркстың, Л.И.Петражцкийдің, Вашингтонның, Де Голльдың мемлекет ұғымына, оның нысанына көп көңіл бөліп еңбектер жазғанын атап өтуге болады.
Дипломдық жұмысының теориялық тұрғыдан мәнділігі мынада жатыр
Осы берілген тақырыпты, әртүрлі тұрғы жағынан қарастырды. Оған түрлі көзқарастар, көптеген ғалымдар мен саясатшылардың көзқарастары мен тәжірибелері де қолданылды.
Дипломдық жұмысымның тақырыбы Құқықтың түсініні, белгілері және мазмұны болып табылады. Бұл тақырыпта негізінен мемлекеттің пайда болуымен оның ұғымынын қалыптасу тарихы мен оның құқықтың пайда болуымен байланысы қарастырылған.
Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп-басқарып отырды. Олар қоғамның, объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл жерде қайталап өтейік, - құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы, қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі. Бұл объективтік даму процесі қоғамның алдына бірнеше талаптар қойды:
- қоғамның әкімшілік-территориясында тұрақты тәртіп қалыптастыру қажет болды;
- қоғам бірнеше тапқа, топқа бөлініп, олардың арасында қайшылықтар басталып, оны реттеп, қоғамды басқару керек болды;
- ру мен тайпалардың, мемлекеттік бірлестіктердің арасындағы қайшылықтар күреске айналып, күрес соғысты өмірге әкелді. Міне, бұл күрес-қайшылықтарды бейбітшілік жолмен шешіп, реттеу қажет болды.
Қоғамның объективтік даму процесінің бұл талаптарын іске асыру үшін құқықтық нормаларды қарқынды, сапалы дамытып, қарым-қатынастарды тағы басқа құбылыстарды реттеу жұмыстары басталып, қоғамның жақсы дамуына жағдай жасалды.
Енді құқықтың түсінігіне және мазмұнына келсек, оның сан қырлы түсінігі, санқырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан, оның мазмұны санқырлы бағытта дамып, байып отырды. Ғалымдар құқықты зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым жасап отырды. Мысалы, Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттік, - деді. Орта ғасырдың ғалымдары - құқық діни норма, Ж.Ж. Руссо - құқық қоғамдық билік - деп түсіндірді. Осы пікірлердің бәрі дұрыс.
Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі - адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызы. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр. Бұл түсініктеме дұрыс бірақ жеткіліксіз.
Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал т.б. Бұл пікірді жалғастыра беруге болады. Құқық-қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, маңызы, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық, мәдени-рухани сипатына байланысты. К. Маркс "Гота программасына сын" деген еңбегінде: "Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуымен жоғары бола алмақ емес"! -деді.
Құқықтың нормалары қоғам дамуының саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ. Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу процесінде әртүрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелері, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар құқықтық нормалардың талаптарын іс жүзіне асыру үшін өзара қарым-қатынастарға түсіп, заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады. Құқықтық қатынастар қоғам өмірінің негізгі салаларын қамтиды, бұлар: әкімшілік, қаржы, мүліктік, отбасы, еңбектік, процессуалдық т.б. Мемлекетке қажетті қоғамдық тәртіп құқықтық қатынастар негізінде ғана орнай алады. Бұл - құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты.
Біз, жоғарыда құқықтың түсінігін және мазмұнын нормативистік тұрғыдан қарастырып келдік. Бұл құқықтың түсінігінің, мазмұнының негізгі бағыты. Өмір тәжірибесінде біраз ғалымдар құқықтың мазмұнын кеңейтілген түрде зерттеп, түсінігін сол көлемде береді. Олардың қосымша зерттеген мәселелері: құқықтық қатынас, құқықтық сана, субъективтік құқық, құқықты қолдану, құқықты бұзушылық және жауапкершілік.
Міне, осы мәселелердің бәрін олар құқықтың мазмұнына жатқызады. Біздіңше бұл дұрыс пікір. Өйткені осы қатынастардың бәрі де құқықтық нормалармен реттеліп, шешімін тауып жатады. Екінші олардың кеңірек зерттеген мәселесі - құқық пен заңның, бостандық пен құқықтың арақатынасы және айырмашылығы. Құқықтық норма мәселені абстрактік түрде қарастырып іс-әрекетті кеңірек қамтиды, ал заң нақты түрде бір немесе бірнеше мәселені қамтиды. Адамдардың бостандығы мен құқықтарын бөліп қарауға болмайды - деп түсіндіреді. Бұл пікір де дұрыс, бірақ ғылыми зерттеуде оларды жеке бөліп қарастырған жөн - анализ, синтез әдісімен зерттелсе, қорытынды тұжырым дұрыс болады.
Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі - қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді. Бұл пікірді - заңды көзқарас деп айтады. Екіншісі - бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп айтады. Нигилизм қоғамда қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.
Заңды көзқарас көне дәуірден қалыптасып құқықтың қоғам даму процесіндегі рөлін, маңызын жан-жақты зерттеп, бірнеше ғылыми қорытынды тұжырымдар жасалды. Құқық қоғаммен бірге эволюциялық прогрестік жолмен дамып, ХІХ-ХХ ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп, қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып, реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.
Қоғамның объективтік тарихи даму процесі құқықтың маңызы мен рөлі туралы заңды көзқарас пікірінің дұрыс екенін дәлелдеп отыр. Заңды нигилизм пікірін қазір ешкім қолдамайды.
Құқық - философиялық категория. Сондықтан, оның мазмұнын, өмірге келуін, дамуын түсінуде әртүрлі пікірлер бар. Бірақ, құқықтық нормаларды пайдалануда сол арқылы қарым-қатынастарды реттеуде, мүдде-мақсаттарды іске асыруда, орындауда адамдардың, бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың іс-әрекетінде, жұмысында ғажап бірлестік бар. Мұның себебі адамдардың, ұйымдардың іс-әрекетінің, жұмыстарының құқық арқылы басталуы, құқық арқылы дамуы, құқық арқылы орындалуы. Құқықтың мазмұнын түсінуде қоғам көлемінде нақты бірліктің болуы. Бұл бірлестіктің анықтылығы қоғамдық тәртіптің дұрыс қалыптасуы, қарым-қатынастардың жақсы реттеліп, орындалуы. Құқықтың күнделігі қоғамдық масштабта барлық кұбылыстардың шешуші негізі болуында. Бұл ғылыми қорытынды пікірді барлық мемлекеттердің және адам қоғамының миллиондаған жылдар тарихы толық дәлелдеп отыр.
Заң ғылымында "құқық" термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, "құқық" - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі, Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда "құқық" түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.
Субъективтік (тұлғалар) құқық - тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заң негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс" (6-бап).
Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының заңды мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, "құқық" дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы Конституция былай дейді: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (4-бап).
Үшіншіден, "құқық" термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық т.б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz