Соғыс қарсаңындағы әлемдік халықаралық дағдарыстың салдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Соғысаралық кезеңіндегі халықаралық қатынастар жүйесі (1919-1939 жж. ) : эволюция мен дағдарыс.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
:
КІРІСПЕ:
4:
: 1
КІРІСПЕ: БIРIНШI ДҮНИЕЖҮЗIЛIК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ӘЛЕМДІ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ
4: 8
: 1. 1
КІРІСПЕ: Әлемді қалпына келтірудегі Версаль-Вашингтон жүйесі
4: 8
: 1. 2
КІРІСПЕ: Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
4: 14
:
КІРІСПЕ:
4:
: 2
КІРІСПЕ: СОҒЫСАРАЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР МЕН БЕЙБІТ ӘЛЕМ ҚҰРУДАҒЫ ПРИНЦИПТЕР
4: 23
: 2. 1
КІРІСПЕ: Батыс Еуропа және КСРО елдерiндегі халықаралық қатынастардың дамуы және саяси жүйедегі эволюция
4: 23
: 2. 2
КІРІСПЕ: Орталық және Оңтүстiк Шығыс Еуропа елдерiндегі саяси-экономикалық дағдарыс
4: 38
:
КІРІСПЕ:
4:
: 3
КІРІСПЕ: ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗIЛIК СОҒЫС ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ЖАҒДАЙ
4: 45
: 3. 1
КІРІСПЕ: Еуропа елдерінің 30-40 жж. саяси өмірі мен оған АҚШ-тың ықпалы
4: 45
: 3. 2
КІРІСПЕ: Соғыс қарсаңындағы әлемдік халықаралық дағдарыстың салдары
4: 50
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 66
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 70

КІРІСПЕ

Қазақстанның қазіргі тәуелсіздік тұрпатындағы көпвекторлы сыртқы саясаты халықаралық қатынас тарихындағы әлемдік жетекші елдер ұстанымының басым болған бағыттарын жете саралай білуді қажет етеді. Осындай әлемдік саясатта белсенді елдері Еуропа және Америка елдерiнiң 1918-1945 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастардағы саяси ұстанымын, жалпы осы кездегі мемлекеттердің сыртқы саяси бағыттарының даму ұстанымдарын зерттеу мәселенің өзектілігі болып отыр.

Қазақстандық ғылым саласының қай бағытын алсақ та көш ілгерілеу байқалуда. Бұның барлығы еліміздің сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздік тұғырына қол жеткізудің арқасында демекпіз. Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесіне айналып, жылдан жылға халықаралық аренада беделі артуда. Ол ең алдымен еліміздің демократиялық үрдісі дамыған әлем мемлекеттерімен тығыз мемлекетаралық қатынасты орнатуымен байланысты. Бұл біздің ұлттық стратегиялық мақсаттарымызды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етуге жол ашады. Халықаралық ынтымақтастық және өзара байланыс үрдісінде Қазақстан әлемнің барлық мемлекетермен қоян-қолтық дипломатиялық қарым-қатынастар жасауда.

Соғысаралық кезеңіндегі халықаралық қатынастар жүйесінің қазiргi заман кезеңiндегi iргелi өзгерiстердiң мазмұнына, оның iшiнде экономикалық-әлеуметтiк және саяси дамуға тигізген салдарын зерттеу және олардың бүгінгі даму тәжірибесін білу және орынды пайдалану еліміз үшін өте ауадай қажет деп санаймыз. Осы қырынан да дипломдық жұмыстың арқау етіп отырған мәселесіне көңіл бөлетін болсақ, оның өте маңызды екендігін тағы да бір аңғарамыз.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын Еуропа халықтары тыныштық өмірге оралу жөніндегі үмітпен қарсы алғаны белгілі. Бірақ соғыстан кейін бейбіт өмірге өту жеңімпаздар үшін де, жеңілген елдер үшін де қиын да ұзақ процесс болып шықты. Соғыс көптеген елдерді жұтатты. Еуропадағы соғыстан бұрынғы экономикалык, саяси жүйелерді күйретті. Алда халықаралық деңгейде күштердің жаңа арақатынастарын реттеу, халықаралық қатынастар жүйесін құру, жеңген және жеңілген елдер арасындағы қалыптасқан қатынастарды бекіту міндеттері тұрды. Бұл маңызды мәселелер соғыстан кейінгі бейбіт реттеулер барысында шешімін тапты.

Соғыс және экономикалық қирау саяси дағдарыстар мен революциялық процестерге әкеліп соқтырды. Еуропа революцияларының басы Ресейдегі 1917 ж. Ақпан және Қазан революциялары болды

Жеңімпаз елдер - Ұлыбритания, Франция, Италия, АҚШ, Жапонияда революция болған жоқ, бұл елдер үшін революция уақыты өтіп кеткен еді.

Революция Ресейде және жеңіліс тапқан елдер - Австро-Венгрияда, Түркияда болды. Бұл елдерде шешімін таппаған мәселелер жеткілікті болатын. Соғыстың басты салдарларының бірі - ол күйреген Австро-Венгрия, Ресей және Осман империяларының негіздерінде жаңа мемлекеттердің құрылуы болды.

«Бұқара және бұқаралық қозғалыстар ғасыры» - басталған жаңа дәуірдің маңызды ерекшеліктерінің бірін осылай атауға болады. Жалпыға бірдей сайлау құқы мен демократиялық бостандықтар жүйелерінің дамуы орасан көп халық бұқарасының бұрын болып көрмеген кең көлемде саяси өмір мен саяси күреске араласуына мүмкіндік туғызды. Қоғамдық процестерге сол кездің өзінде «бұқара ғасыры», «тобырлар ғасыры» деген айдар тағылған болатын. Қалың халық бұқарасының ұйымдасқан немесе стихиялық түрдегі саяси-әлеуметтік қозғалыстарға қатысуы, әрине, прогрессивтік құбылыс болды. Бірақ бұл құбылыстың екінші, жағымсыз жақтары бар еді. Саяси және экономикалық сілкіністер жағдайында идея фанатиктері мен алаяқ-саясаткерлердің «тобыр билігін» пайдаланып кету, халықтың эмоциялық еліктегіш бөлігін кертартпа қозғалыстарға тарту қаупі гөнді.

Мұндай бағыттар үшін Еуропа қоғамында негіздер жеткілікті еді. Соғыс кезіндегі қиыншылықтар мен ауыртпалықтар ондаған миллион адамдарды, ең алдымен қала тұрғындарын - жұмысшыларды, қызметкерлерді, саудагерлерді, қолөнершілерді, халықтың басқа да әлеуметтік топтардың жұтатып, қайыршылық пен аштыққа соқтырды. Соғыста аман қалып, майданнан оралған солдаттардың жағдайлары да оңай болмады. Еуропа елдерінде халықтың арасында едәуір мөлшерде тапсызданған және қайыршылық күйге түскен адамдар көп болды. Олар теңестіру туралы әлеуметтік демагогияларды, утопиялық идеяларды, ұлттық ерекшелік, ұлтшылдық пен шовинизмнің басқа да шектен тыс ұрандарын қабылдауға аса сезімтал болды. Халықтың бұл маргиналдық топтарын бұзақылық әрекеттерге үгіттеу өте оңай еді. Сондықтан да олар көбінесе солшыл радикалдық немесе оңшыл радикалдық қозғалыстар мен партиялардың әлеуметтік негізіне айналып отырды.

1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта мемлекеттерiнiң талабымен Германия жеңiлгендiгiн мойындап, бiтiмге қол қоюға келiстi. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды.

1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығарылып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары арасында келiсiмге келу үшiн Париж қаласында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден делегаттар қатысты. Францияның премьер-министрi Жорж Клемансо, ағылшын премьер-министрi Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ президентi Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады [1, 65 б. ] .

Париж конференциясының алдында соғыстан кейiнгi халықаралық қатынастағы, әлемдегi өзгерiстердi ескере отырып, дүниенi қайта құру мәселесі тұрды:

- халықаралық қатынастағы өзгерiстердi ескере отырып, жаңа принциптердi қалыптастыру;

- iрi капиталистiк елдер арасындағы дүниежүзiлiк ықпалды реттеу;

- Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу.

Дипломдық жұмыста сондай-ақ Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi халықаралық қатынастардың, Германиядағы қараша революциясы мен Ресейдегi 1917 жылғы қазан төңкерiсiнiң дүниежүзiлiк әлемге тигiзген әсерi және жаңа қоғамдық-саяси дамулары қарастырылады. 1918 жылғы капитализмнiң тұрақтануы, экономикалық дағдарыс жылдарындағы iрi капиталистiк елдердегi экономикалық-әлеуметтiк өзгерiстер анықталады. Қазiргi заман кезеңiндегi басты оқиғалар - капитализмнiң мемлекеттiк реттеу механизмi, АҚШ-тағы «жаңа бағыт» саясаты, Италиядағы корпоративтiк-мемлекеттiк жүйе дәрiс барысында кең қамтылады. Франция мен Испания тарихындағы халық майдан кезеңi, Орталық және Оңтүстiк Шығыс Еуропа елдерiндегi жаңа тәуелсiз мемлекеттердiң құрылуы, буржуазиялық саяси партиялардың саясаты көрсетiледi.

Тақырыптың зерттелу деңгейін ескере отырып және ондағы құжаттарды жүйелей келе, диплом жұмысын жазуда төмендегідей мақсат алға қойылды: соғысаралық кезеңіндегі халықаралық қатынастар жүйесін зерделеу, оның ішінде эволюция мен дағдарыс кезеңдеріне тереңірек тоқталу. Осы орайда диплом жұмысының мақсатын жүзеге асыру үшін туындайтын бірқатар міндеттер белгіленді:

- ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында болған тарихи процестердегi экономикалық-әлеуметтiк және саяси өзгерiстерге шолу жасау;

- 1918-1945 жылдар аралығындағы революциялық өрлеу кезеңiне тоқталу;

- 1918 жылғы Германиядағы қараша революциясы, оның сипаты, екi соғыс аралығындағы халықаралық қатынастарға сипаттама беру;

- КСРО-ның сыртқы саясатының принциптерi, халықаралық қатынастардың жаңа стратегиясы мен тактикасындағы өзгерiстерге назар аудару;

- ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы капиталистiк қоғамдағы дағдарыс, оның шығу себептерi, буржуазиялық реформа, мемлекеттiк реттеу, жаңа даму моделiн белгілеу;

- мемлекеттiк-монополиялық капитализмнiң жаңа даму үлгiсi фашистiк Италия мен Германиядағы корпоративтiк-монополияның дамуын зерделеу;

- АҚШ-тағы Ф. Рузвельттiң «жаңа бағыт» саясатын қарастыру;

Аталған тарихи оқиғаларға қатысты соғысаралық кезеңдегі мемлекеттердің саяси ұстанымын талдап, анықтау қазіргі заман және халықаралық қатынастар тарихы үшін маңызды болып табылады. Осы кезеңдегі мемлекеттердің сыртқы саясатын зерттеу арқылы қарама-қайшылыққа толы әлемнің және халықаралық қатынастар дамуының негізгі ұстанымдарын да бағамдауға болады. Сонымен қатар, әлемдік саясаттағы онды-солды тануда демократиялық даму мен нарықтық экономиканың іргесін қалаудың жолына түскен Қазақстан үшін, саяси және демократиялық дамудың тәжірибесі мен дәстүрлеріне бай, қазіргі заманға сай қуатты экономикалық негіздегі мемлекеттердің дипломатия тарихына да назар салудың маңызы зор.

Жұмыстың методологиялық негізі. ХХ ғасырдағы Еуропа, Америка, КСРО тарихнамасында үрдіс болған тарихты салалы қарастырудың методологиялық ұстанымын басшылыққа ала отырып, мәселені халықаралық қатынас саласына қатысты нысаналар негізінде өркениетті талаптар деңгейінде бағамдаудың теориялық-танымдық үрдісі бітіру жұмысы барысында қадағаланып, тұрақты зерттеу бағдарына алынды.

Дипломдық жұмысының деректік негізіне алынған құжаттар қорын үш топқа бөліп қарастыруға болады. Олар - құжаттық деректер, саяси қайраткерлердің мемуарлық шығармалары және мерзімді баспасөз материалдары болып табылады.

Құжаттық деректер негізін соғысаралық кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихын бейнелейтін А. А. Громыко және Л. Ф. Ильичевтің басшылығымен жинақталып, басылған құжаттар мен материалдардың жинағын атауға болады. Онда халықаралық келісімдердің мәтіні мен дипломатиялық мәлімдемелер берілген.

Тақырыптың зерттелуі уақыт сынынан өткен қазіргі заман тарихының мәселелері ауқымында қаралатын мемлекеттердің сыртқы саясатындағы ұстанымдар талдауларға негіз жасаған тарихшы, саясаттанушы, дипломаттардың назарынан тыс қалған емес.

1918-1945 жылдар аралығындағы мемлекеттердің дипломатиялық қызметі мен сыртқы саясатын зерттеуге бағытталған ғылыми еңбектерге - А. Космачтың, В. С. Кошелевтің, М. А. Краснованың, Н. П. Комолованың, Н. В. Сивачевтің, Е. Д. Языковтың еңбектерін атауға болады.

Сондай-ақ отандық Н. Мұқаметханұлы, Ғ. Жұматай, Ж. Медетханов, Т. Дәуірбаева, Г. К. Көкебаева, С. М. Мәшімбаев, К. Ізтілеуов, О. С. Сорока-Цюпа, В. П. Смирнов, А. И. Строганов, Г. Д. Сүгірбаева, А. Р. Әліпбаев, А. М. Сманова сынды тарихшы-ғалымдар ХХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы болған тарихи процесстердегi экономикалық-әлеуметтiк және саяси өзгерiстерге тоқталады. Жеке капиталистiк елдердiң тарихына талдау жасалып, капитализмнiң дамуындағы өзгерiстерге толық сараптама жасайды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми сараптамалық деңгейін мазмұндандыруда қолданыстық үлесі ауқымды болған зерттеу еңбектерінің қарастырылуы бүгінгі тарихты жазудың барысындағы өлшемдерге бағынды.

Аталған деректік материалдар соғысаралық кезеңіндегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі басым бағыттар тарихын зерттеуге негіз болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

1 БIРIНШI ДҮНИЕЖҮЗIЛIК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ӘЛЕМДІ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ

1. 1 Әлемді қалпына келтірудегі Версаль-Вашингтон жүйесі

Ірi державалық елдер Париж конференциясында өз мүдделерiне ыңғайлы шешім қабылдау үшiн күрес жүргiздi. АҚШ-тың конференциядағы негiзгi мақсаты дүниежүзiлiк әлемде өзiнiң үстемдiгiн қалыптастыру болды. Бiрақ бұған Париж конференциясында Франция мен Англия басшылары қарсылық жасады. АҚШ-тың мұндай саясат жүргiзуiне оның бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi экономикалық дамуы негiз болды. Соғыстан кейiн Франция мен Англияның экономикасы күйзелiске ұшырап, экономикалық даму жағынан АҚШ-тан артта қалды. Соғыстың ауыртпалығын Франция мен Англия көтердi. АҚШ соғысқа тек 1918 жылы ғана кiрiстi. Соғыста АҚШ-тың 50 мың адамы өлiп, 230 мың адам жараланған. Соғыс жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсiбi 335 млрд. доллар таза пайда келтiрдi.

Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн АҚШ дүниежүзiнде қаржы саласында толық үстемдiк алды. Шетелдердегі инвестициясы өсіп, Канада мен Латын Америка елдерiнде 7 млрд. доллар, Еуропа елдерiнде 18 млрд. долларға жеттi. АҚШ президентi В. Вильсон: «Дүниежүзiне кiм көп ақша берсе, сол ел әлемде билiк жүргiзуi қажет» - деген болатын [2, 121 б. ] . Сөйтiп, АҚШ дүниежүзiлiк үстемдiк жасау үшiн күрес жүргiздi. Бұл саясатты iс жүзiне асыру үшiн АҚШ президентi Париж конференциясына «14 пункттен» тұратын бағдарламасын әкелдi. Бағдарламаның мазмұны төмендегiдей болды:

- Антанта елдерiнiң арасындағы жасырын келiсiмдерден бас тарту;

- дүниежүзiлiк мұхиттар мен теңiздерде еркiн жүзу;

- барлық кедендiк кедергiлердi жойып, халықаралық «ашық есiк» және «ашық қол» принципiн сақтау;

- отар елдердiң мәселесiн әдiлеттi шешу;

- қару-жарақты қысқарту;

- Германиямен және оның одақтастарымен әдiлеттi келiсiмдер жүргiзу;

- дүниежүзiлiк дау-жанжал мәселелердi бейбiт жолмен шешу үшiн халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасын құру.

Париж конференциясында АҚШ Президентi В. Вильсонның бейбiтшілік сүйгiш саясатын бiлдiрген «14 пункттен» құрылған бағдарламасына Франция мен Англия басшылары қарсы шықты.

«14 пункттен» тұратын бағдарламаның мазмұнынан АҚШ-тың экспанциялық саясаты анық көрiндi. Бұл бағдарламадағы АҚШ саясатының мәнi дүниежүзiлiк әлемде үстемдiк жүргiзу екенін түсiнiп, Франция мен Англия Париж конференциясында АҚШ саясатын әшкерелеп, Вильсонның бағдарламасын қабылдамады. Бiрақ оның Ұлттар Лигасын құру бағдарламасын Клемансо мен Ллойд-Джордж қолдап, халықаралық қатынастағы дау-жанжал мәселелердi шешуде айтарлықтай рөл атқаратын ұйым құруға келiстi.

Соғыстың қорытындысын баянды ету үшiн жеңген елдер Париж конференциясында Германия және оның одақтастарымен келiссөздер жүргiзуге кiрiстi. Париж қаласындағы Версаль сарайында Германия мен жеңген елдер арасында келiссөздер басталды.

Бұл келiссөздер барысында Германияның жер мәселесi қаралды. 1870-1871 жылғы Франция-Пруссия соғысында Германияға берiлген Эльзас және Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысы 15 жылға Ұлттар Лигасының қарауына берiлдi. Польшаның батыс жерi Померания мен Познань қайтарылды. Данциг (Гданьск) қаласы ерiктi қала ретiнде Ұлттар Лигасына басқаруға берiлдi. Бельгия Эйпен және Мальмеди аудандарын қайтарып алды. Данияға Шлезвиг қайтарылды. Версаль бiтiмi бойынша Германия жерінің 81 бөлiгiнен айырылды.

Екiншiден, Рейн өзенiнiң сол жақ жағалауы түгелдей 15 жылға одақтастар әскерлерiнiң бақылауына өттi. Германия Рейн өзенi бойынан өз әскерлерiн әкетуге келiстi. Германияға 100 мың әскер ұстауға рұқсат берiлдi. Германия өзiнiң соғыс-теңiз флотынан айырылды.

Үшiншiден, Версаль келiсiмінде Германияның соғыс шығындарын өтеу (репарация) мәселесi қаралды. Бұл мәселенi шешу үшiн репарациялық комиссия құрылып, 1921 жылы аталмыш комиссияның шешiмiмен Германия 226 млрд. марка төлеу керек болды. 1921 жылы мамыр айында Германия 132 млрд. марка төлейтiн болып келiстi. Репарациялық төлемнiң 52%-ын Франция, 22%-ын Англия, Италия - 10%, Бельгия - 8%-ын алатын болды.

Төртiншiден, Германияның отарлары туралы мәселе қаралды. Африкадағы Германияның отарлары Танганьика, Тогоның батысы және Камерунның бiр бөлiгi Англияға берiлдi. Намибия - Британияның доминионы Оңтүстiк Африка Одағына өттi. Тогоның шығыс бөлiгi, Камерунның көп бөлiгi және Руанди, Берунди Францияға берiлдi. Германияның Тынық мұхиттағы отарлары Жапония мен Англияға өттi. Мариан, Каролин және Маршалл аралдары Жапонияға берiлдi. Қытайдағы Шаньдун түбегi Жапонияға қайырылды. Австралия мен Жаңа Зеландияға Жаңа Гвинейдiң шығыс бөлiгi, архипелаг Самоа берiлдi.

1919-1920 жылдардағы Германия және оның одақтастарымен болған келiссөздер Еуропа мен Азия картасына көптеген өзгерiстер әкелдi.

Бiрiншiден, Еуропадағы Австро-Венгрия империясы құлады. Париж конференциясында Антанта елдерi тәуелсiздiк алған Чехословакия, Польша, СХС (Серб, Хорват және Словен) корольдiгiн мойындады. Жер өзгерiстерiн бекiттi. Истрия түбегінде Триест қаласы, Оңтүстiк Тироль Италияға берiлдi. Батыс Белоруссия мен Батыс Украина Польшаға, Трансильвания және Буковина Румынияға тиiстi болды.

Екiншiден, 1919 жылы қарашаның 27 күнi Болгария мен жеңген елдер арасында Нейя келiсiмi болды. Батыс Франция Грецияға берiлiп, Эгей теңiзiне Болгария шыға алмайтын болды. 2566 кв. км жер Югославия (СХС) корольдiгiне қайтарылды. Болгария 2 млрд. 250 млн. марка репарация төлейтiн болды. 1919 жылы 10 қыркүйекте Сен-Жерменде Австриямен келiсiмге қол қойылды. 84 мың км 2 жерi 6, 7 млн халқымен Австрия Республикасы құрылды. Келiсiм бойынша Австрияның Германияға және басқа елге бiрiгуіне тыйым салынды. 1919 жылы наурыз айында Венгрия мен Трианон келiсiмi жасалды. Бұл келiсiм бойынша Венгрия Австрияны мойындады. Румынияға Трансильвания мен Баната берiлдi. Хорватия - Югославияға, Словакия және Закарпат Украинасы - Чехословакияға берiлдi. 1920 жылы 10 тамызда Севр қаласында Түрiк мемлекетiмен келiсiмге қол қойылды. Түрiк Республикасының жерi Кiшi Азия бөлiгi мен Стамбул қаласы және Фосфор бұғазымен шектелдi. Измир қаласы Грецияға өттi. Шығыс Араб елдерiндегi Палестина, Трансиордания және Ирак Англияға, Сирия мен Ливан Францияға берiлдi. Батыс Армения жерi түрiктердiң мандаттық билiгiнде қалды. Күрдістан - түрiктерге берiлдi. Фосфор мен Дарданелл ұлы державалардың халықаралық комиссиясының бақылауында қалды.

Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi Версаль және басқа бiтiмдер жүйесi халықаралық қатынастағы жаңа саясат империалистiк елдер арасындағы қатынастардың жаңа бағытта дамуына әкелдi. Жаңа халықаралық жүйенiң ерекшелiктерi:

1. Империалистiк елдер арасындағы қайшылықтарды келiссөздер арқылы шешуге келiстi;

2. Қару-жарақты қысқарту;

3. Халықаралық ұйым Ұлттар Лигасы құрылды;

4. Версаль бiтiмi империалистiк елдердiң агрессиялық саясатын тежедi;

5. Кеңестiк Ресейге қарсы «Санитарлық кардон» саясатын ұстады.

6. Батыс Еуропа елдерi ХХ ғасырдың 20-жылдарында Кеңес Одағын елшiлiк негiзде мойындауға мәжбүр болды;

7. Халықаралық қатынаста жаңа Кеңес Одағының сыртқы саясаты қалыптасып, жаңа халықаралық қатынасқа өзгерiстер әкелдi.

Версаль келiсiмiнiң барысында АҚШ үкiметiнiң саясаты жеңiлiс тапты, бiрақ АҚШ өзiнiң дүниежүзiн билеу саясатынан бас тартпай, Вашингтон конференциясын шақырды.

ХХ ғасырдың 20-жылдарында АҚШ Версаль бiтiмiнiң қайта қаралуын талап ете бастады. АҚШ-тың ойы Париж конференциясында сыртқы саясаттың жеңiлiс табуы, жаңадан Батыс Еуропа елдерiн өзiнiң билеу саясатын жүзеге асыруға көндiру болды.

АҚШ үкiметiнiң тiкелей ұсынысымен 1921 жылы 12 қарашада бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталуының үш жылдығына орай Вашингтон конференциясы ашылды. Конференция жұмысына тоғыз ел - АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Италия, Бельгия, Голландия (Нидерланды), Португалия және Қытай қатысты. Конференцияны ашуда сөз сөйлеген АҚШ президентi Гардинг салтанатты түрде: «Бiз дүниежүзiнде бейбiтшiлiк пен тұрақтылықты орнату үшiн бас қосып отырмыз» - дедi [3, 87 б. ] . Америка Құрама Штаттарының конференциядағы ұсыныстары мен мақсаты қандай болды?

Бiрiншiден, Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсiрету; екiншiден, Англияның әлемдiк мұхиттар мен теңiздердегi үстемдiгiн әлсiрету; үшiншiден, Тынық мұхит аралдарында мандаттық статускво құқықтарының сақталуын бақылау. Вашингтон конференциясы 1922 жылы 6 ақпанда аяқталды. Вашингтон конференциясының барысында АҚШ өзiнiң дүние жүзiндегі қаржылық үстемдiгiн пайдаланып, өзiнiң негiзгi қарсыластарын көндiрді де, дүниежүзiлiк билеу саясатын жүргiзуге жол ашты.

1922 жылдың 6 ақпанында «тоғыз держава келiсiмiне» қол қойылды. Мұнда Қытай елiнiң егемендiгi мен жер тұтастығы екі жүзділікпен жарияланып, «ашық есiк» және «тепе-тең қатынас» принципi ұсынылды.

АҚШ-тың «ашық есiк» саясаты 1899 жылы жарияланған болатын, ол Вашингтон конференциясында 1922 жылы жүзеге асты. Бұл саясаттың негiзгi мақсаты Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсiрету едi. Сөйтiп, «тоғыздық келiсiм» барысында Жапония Қытай экономикасына салып отырған заем және несиеден, сондай-ақ Маньжуриядағы салып жатқан темiр жол құрылысынан бас тартты. Қытайдағы кеңесшiлерiн кейiн шақырып алды. Сонымен қатар, Шаньдун түбегiн де Қытайға қайтарды. Сөйтiп, Жапония Қытайдағы беделiнен айырылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық дағдарыс және сипаттамалары
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
1918-1939 жылдарындаѓы Ұлыбритания
ФРАНКЛИН РУЗВЕЛЬТ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында фашистік жаңа соғыс ошақтарының пайда болуы
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Экономикалық фактор
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz