Лизингтік операцияларының түрлері


Лизинг және оны ауыл шаруашылығында пайдалану тәжірибесі
Мазмұны
Кіріспе
1 Лизингтік операциялардың теориялық және әдістемелік негіздері
- Лизингтің мәні, саралауы және қалыптасу кезеңдері
- Лизингтік операцияларының түрлері
- Лизингті пайдаланудың халықаралық тәжірибесі
2 АҚ «Казкоммерцбанк» мысалында лизингтік операцияларды талдау
- АҚ «Казкоммерцбанк» жалпы мінездемесі мен қызметін талдау
2. 2 АҚ «Казкоммерцбанкте» ауыл шаруашылығында лизингтік істі жүргізудің саясаты
2. 3 Ауыл шаруашылығында лизингті пайдалануды талдау
- Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларды жетілдіру жолдары
3. 1 Лизингті ауыл шаруашылығында пайдалануды дамыту мәселелері
3. 2 Лизингтік қатынастарды ауыл шаруашылық саласында жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ғылыми техникалық прогресстің әсерінен айналыс және өндіріс орталарының түрленуі, шаруашылықтануының экономикалық шарттардың өзгерулері мүлкінің әртүрлі нысандардың негізгі қорлардың субъектілердің модификациясы және материалдық-техникалық базасының жаңарту әдістерінің, біздің еліміздің ауыл шаруашылыққа арналған дәстүрлі емес енгізу және іздеуді тудыруды керек етеді. Сондай әдістердің бірі - лизинг болып табылады. Лизингтік объектімен ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікте лизингтік бизнестің орнын анықтайды, ол машиналар, жабдықтар, көліктік және тағы басқа құралдар - негізгі қорлар бөлімінің активті элементтерінің маңыздылығын көрсетеді.
«Лизинг» терминін «қаржылық жалға беру», «несиелік жалға беру» немесе «жалға беруді қаржыландыру операциялары» түсініктерден кең мағынада қарастыру керек деп саналады. Ағылшын тілінен «to lease» сөзді аударғанда жалға беру деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, «лизинг» термині қаржылық жалға беруді ғана емес, басқа да жалға беру қатынастарды түсіндіреді. Бірақ лизингтің әрбір анықтамасын шектеулі деп санауға болады.
Лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылады. Лизингктік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті, әсіресе ауыл шаруашылығын қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.
Лизингтің қаржы-коммерциялық, құқықтық, техникалық аспектілері бар. Шамамен санағанда, лизингтің жүзден астам анықтамалары бар. Анықтамалар кең және тар мағынада беріледі. Қазақстан үшін лизинг дегеніміз, қаржылық-коммерциялық, құқықтық немесе басқа аспектілерден қарағанда, барлық «жалға беру» операциялары. Лизингтің жалға алудан, жалға беруден айырмашылығы бар. Лизинг алушы жалға алушыға қарағанда объектті тек ұзақ мерзімге пайдалануға ғана алмайды. Оған сатып алушының дәстүрлі міндеттер салынады, олар иелік құқығымен байланысты: мүліктің ақысын төлеу, мүліктің қалпына келтірмеген жағдайда шығындарды өтеу, оны сақтандыру, техникалық қызмет көрсету және де жөндеу. Бірақ та мүліктің иесі ретінде лизинг беруші болып қала береді. Лизинг келісімінің объектісін қалпына келтіре алмаса немесе қолдануға мүмкіндігі жоқ болса, қарызын толықтай төлеуден босатылмайды. Лизинг алушы жалға алушыға қарағанда лизинг берушіге объектті қолдану құқығы үшін ай сайын ақысын төлемейді, оның толықтай соммасын төлейді. Лизинг келісім объектісінің кемістігі болған жағдайда лизинг беруші кепілдік міндеттерден бос болып саналады, және де соған байланысты лизинг алушы жабдықтаушымен өзі сөйлеседі.
Шаруашылық байланыстардың басқа нысандарға қарағанда, лизингтің басты ерекшеліктері мен артықшылығы - келісімді және экономикалық қатынастар және халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінің көптеген түрлілігінде. Мамандандырылған лизингтік компаниялар жабдықтардың нақты түрлерінің лизингісімен немесе клиенттердің нақты ортасына қызмет көрсетумен айналысады. Осындай фирмалар көбінесе оперативті лизингпен айналысады.
Бизнес ортадағы болашағы бар лизингтік бағыттың ісі елдегі экономикалық реформалардың жүргізілуін анықтайды. Елдің шаруашылық кешеннің инвестицияларда керектігі - лизинг ісінің жедел дамуына жол ашты. Қазақстан лизингтің кең масштабты дамуына банктік капиталының орнына бекініс жасауы, экономикалық салалар мен ауылдық секторларға зайымдар мен несиелерді, тікелей отандық және шетел инвестицияларды активті түрде өзіне қаратуы, шағын және орта бизнестің жедел дамуы түрткі береді.
Елдің тұрғылықты және құрылымдық дамуының кезеңдерінде, елдің экономикалық орнықтырудың себеп болатын лизинг деп халықаралық тәжірибе куәландырады.
Қазақстандағы лизинг нарығын дамыту арқылы мемлекет ауыл шаруашылығы және өңдеуші салаларды өркендетуге мүмкіндік бар. Ол үшін осы салаларға арналған бағдарламалар қабылдап, тек осы саладағы лизинг қызметіне байланысты мемлекеттік ынталандыру жүйесінің механизмін жасау қажет. Өйткені бюджеттік емес коммерциялық лизингтік компаниялар бұрынғысынша өндірістік қызметті қаржыландырумен байланысты емес операциялардан кіріс алғанды артық көреді. Мәселен, қазіргі Қазақстандағы жалпы лизингтің көлеміндегі негізгі үлесті ауыл шаруашылығы техникалары иеленгенімен (48-50%), олардың жартысы бюджет есебінен қаржыландырылады да, ал қалған жартысы ғана коммеруиялық лизингтік компаниялардың үлесінде. Коммерциялық лизингтік компаниялардағы негізгі үлесті автокөліктер, өндірістік құрал-жабдықтар және құрылыс техникалары алып отыр. Лизингтік компаниялардың басшыларының пікірінше, мұның себебі ауыл шаруашылығында тұрақтылықтың болмауымен, яғни өндірістік сипаты маусымдық сипатқа тән, сондықтан осы саладағы тәуекелдіктің жоғары болуымен түсіндіреді. Және мұның бірден-бір себебі ретінде көпшілік мамандар маманданған сақтандыру қызметінің жоқтығынан деп есептейді.Қаржыландырудың басқа әдістерімен салыстырғанда, лизингтің артықшылықтары бар, олар: кәсіпкер қаржыларының бір бөлігі бар болғанда өз ісін бастай алады. Кәсіпорындарға ақшалай түрінде қаражат берілмейді, өйткені оларды бақылау қиынға түседі. Өндірістік аспаптарды кеңейтуге және жаңаруына керек болатын өндірістік құралдар ретінде беріледі. Шағын бизнестің өкілдері лизингке қызығушылықты білдіреді. Оларда қаражаттары аз болып және де несие алмай, өндірісте жаңа прогрессивті жабдықтарды және технологияларды қолданады. Сондықтан, лизингтік операциялар қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып тұр.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында лизингтік операциясының даму мәселелері мен оны ауыл шаруашылығы саласында пайдалану, сонымен бірге жетілдіру жолдарын қарастыру. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қарастырылады:
- лизингтің мәнін анықтау, оның ауыл шаруашылығында пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктері;
- лизингтің алуан түрлері мен ауыл шаруашылығында пайдаланудың халықаралық тәжірибесін қарастыру;
- АҚ «Казкоммерцбанк» мысалында лизингтік операцияларды талдау;
- лизингтік қатынастарының даму мәселелері мен ауыл шаруашылық бағытында оны жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың объектісі «Казкоммерцбанк» АҚ болып келеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауында лизингтік операциялардың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылды. Екінші тарауында - «Казкоммерцбанк» АҚ мысалы ретінде ауыл шаруашылығында қаржылық лизинг талдауы бойынша зерттеу жүргізілген. Үшінші тарауында - лизингтік қатынастарды жетілдіру жолдары ұсынылды.
Біздің елімізде лизнгтік мәміле ретінде құқықтық тұрғыдан “Қаржылық лизинг туралы” заңға сәйкес қаржылық лизингке ғана мән беріліп, осы тұрғыда салықтық және кедендік жеңілдіктер жасалған. Сондай-ақ аталмыш заңға сәйкес лизингтің келесідей түрлеріне анықтама берілген:
- қайтару лизингі - жабдықтаушы кәсіпорын мен лизинг алушы кәсіпорын бір кәсіпорын болып табылатын лизингтік мәміле түрі;
- банк лизингі - лизинг беруші банк болып табылатын лизингтік мәміле;
- толық лизинг - жеткізу, орнату және басқа да құрал-жабдыққа қажетті қызметтердің барлығын лизинг беруші жүзеге асыратын лизингтік мәміле;
- таза лизинг - құрал-жабдыққа қажетті қызметтердің барлығын лизинг алушы өзі жүзеге асыратын лизингтік мәміле [3. 3 бап] . Осының барлығы тек заңдарда ғана емес сонымен қатар отандық ғалымдармен терең зерттелген.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып белгілі экономистер К. А. Сағадиев, А. И. Мырзахметов, А. С. Смағулов авторлардың еңбектері, «Казкоммерцбанк» АҚ және ЖШС «Сәтті» лизингті пайдаланудың қаржылық талдауы, жүргізу саясаты мен келісім шарттары, «Қаржылық лизинг туралы» заңдылық актілері, түрлі газеттер мен журналдар және басқа да көптеген авторлардың еңбектері болып табылды.
1 Лизингтік операциялардың теориялық және әдістемелік негіздері
- Лизингтің мәні, саралануы және қалыптасу кезеңдері
Бүгінгі кезде Қазақстанда лизинг пен лизингтік қатынастар кең таралуда. «Лизинг» терминін «қаржылық жалға беру», «несие-жалға беру» немесе «жалға беруді қаржыландыру операциялары» түсініктерден кең мағынада қарастыру керек деп саналады. Ағылшын тілінен «to lease» сөзді аударғанда жалға беру деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, «лизинг» термині қаржылық жалға беруді ғана емес, басқа да жалға беру қатынастарды түсіндіреді. Бірақ лизингтің әрбір анықтамасын шектеулі деп санауға болады. Лизингтің қаржы-коммерциялық, құқықтық, техникалық аспектілері бар. Шамамен санағанда, лизингтің жүзден астам анықтамалары бар. Анықтамалардың талдауы «лизинг» мәнінің тар және кең түсіндірмелерін келесі белгілерден қарауға болады:
- Лизингтік келісім шарттың экономикалық мағынасы мен құқықтық нысаны.
- Лизинг мәміле объекттерінің ортасы.
- Мәміле қатысушылардың саны мен құрамы.
- Мәміле мерзімі.
Лизингтің тар мағынасы бір белгілер басқа кең трактовкаларымен байланыстырылған, және де олардың мүмкін болатын комбинациялары көптеген анықтамалар болудың негізі болып саналады.
Үйлестірілмеген және бұл салада әртүрлі жағдайларда қолданылатын терминология. Түрлі орта мен салалар істердің мамандары (заңгерлер, саудагер-кәсіпкерлер, маркетологтар, банкирлер, сыртқы экономикалық ортадағы жұмысшылар) лизингті сипаттағанда, оны не инвестициялық және банктік қызметтерге, не жалдық қызметтерге, не іс қызметтерге жатқызады. Ол тауар өткізу (өтім) түріне сәйкес, машина - ткхникалық өнімдерді жабдықтау түріне, жал, ұзақ мерзімді жал түріне, капитал салымдарды қаржыландыру түріне, негізгі қорларға несиелендіру түріне, ұзақ мерзім пайдаланатын тауарлардың экспортын несиелендіру түріне, сыртқы экономикалық қатынастар (сыртқы сауда, экспорт- импорттық операциялар) түріне және тағы басқаларға сәйкес.
Қарастырылатын қатынастардың қиындығы мен салыстырмалы жаңа түрі, олардың заң жағынан түрлі мағынасы бар екенін көрсетеді. Құрылық Еуропада лизингтің құқықтық жағынан көп теориялар пайда болды, бірақ Лизюроптің (Еуропадағы лизингтің даму сұрақтарымен айналысатын халықаралық ұйым) бірінші сессиясында, ешкім лизингтің нақты анықтамасын бере алмайтыны туралы белгіледі.
Мысалы, Е. Кабатова лизинг туралы шетел құқықтық теорияларды толықтай талдаған соң, келесі негізгі бес тұжырымдамасын көрсетті:
- Жал келісімі өзгеше сипатымен қарастырылатын лизинг келісім тұжырымдамасы.
- Сатып алу үшін опционы бар бөліп-бөліп сату-сатып алу келісімі сияқты лизинг келісімнің мамандығы.
- Тапсырыс институтының сипатын өзіне қосатын лизинг деп тұжырымдама бекітіледі.
- Үшінші жақ пайдасына құрылатын келісім болып, лизинг осы теорияға сәйкес қарастырылады.
- Лизинг (тоздыру арқылы қиратуды немесе жарамсыздыққа келтіруді болдырмай, бірақ кәдімгі тозуға шегерім жасай отырып, бөгденің мүлігін пайдалану құқығы) жағдайында пайда болатын қатынастардың ұқсастығы кейбір авторлармен белгіленеді.
Бұнда мәселені шешуге екі негізгі жолдарын айыру керек. Біреулер, азаматтық құқықтың дәстүрлі институттар көмегімен лизингті талдайды: жал, сату-сатып алу, несие келісімдері, тапсырыстар мен тағы сондай сияқты. Басқалар, қатынастардың қиындығы мен өзіндігі оларды ерекше өзіндік қатынастар сияқты қарастыруға негізін беруді бекітеді.
Көп жағдайларда отандық әдебиеттерде көлік құралдардың, жабдықтардың, машиналардың ұзақ мерзімді жалға беру немесе жалға алуларды лизинг деп түсінеді. Бірақ бұндай тәсіл «лизинг» түсінігінің тар мағынасына сай.
Лизингтің жалға алудан, жалға беруден айырмашылығы бар. Лизинг алушы жалға алушыға қарағанда объектті тек ұзақ мерзімге пайдалануға ғана алмайды. Оған сатып алушының дәстүрлі міндеттер салынады, олар иелік құқығымен байланысты: мүліктің ақысын төлеу, мүліктің қалпына келтірмеген жағдайда шығындарды өтеу, оны сақтандыру, техникалық қызмет көрсету және де жөндеу. Бірақ та мүліктің иесі ретінде лизинг беруші болып қала береді. Лизинг келісімінің объектісін қалпына келтіре алмаса немесе қолдануға мүмкіндігі жоқ болса, қарызын толықтай төлеуден босатылынбайды. Лизинг алушы жалға алушыға қарағанда лизинг берушіге объектті қолдану құқығы үшін ай сайын ақысын төлемейді, оның толықтай соммасын төлейді. Лизинг келісім объектісінің кемістігі болған жағдайда лизинг беруші кепілдік міндеттерден бос болып саналады, және де соған байланысты лизинг алушы жабдықтауш ымен өзі сөйлеседі.
Лизингте мүлікті қолдану құқығы оның иелік құқығынан бөлінеді. Лизинг беруші беретін мүлікке иелік құқығын өзіне сақтайды, ал оны қолдану құқығы лизинг алушыға өтеді. Осындай құқығы бар болғандықтан, ол лизинг берушімен келістірілген лизингтік төлемдерді жүргізеді. Объекттің лизингтік мерзімі біткен соң лизинг берушінің иелігінде қалады. Кейбір жағдайларда лизингтік келісімнің мерзімі өткен соң, лизинг алушы сол объектті сатып алуға құқығы бар. Объекттің толықтай соммасын төлеген соң, онда иелік құқығы болады.
Лизингтің банк несиесінен айырмашылығы бар. Банк несие аманаты ретінде қарыз алушының мүлігіне иелік құқығын өзіне қалдырады. Төлемдерін төлеген соң, қарыз алушы оның иесі болады. Лизингтік қатынастарда жалға алу мерзімі біткен соң және барлық соммасын төлегеннен кейін, объект лизинг берушіге қайтарылады. Әрине, лизингтік келісімдерде, қалдық соммасы бойынша лизинг объектісін сатып алу мүмкіндігі немесе лизинг алушының иелігіне берілуі қарастырылған.
Мүлікті уақытша пайдалануға берілуімен байланысты болатын, мүлік қатынастар жиынтығы ретіндегі анықтамасы лизингтің экономикалық мағынасын білдіреді. Бұл жиынтық мүліктік жалға алудың өз келісімін ғана емес, сату - сатап алу келісімдерін және қарыз келісімдерін өзіне қосады. Лизингке бұндай келісімдердің күрделі үйлестірулері сәйкес.
Лизинг саралауының (классификация) ұстанымдары мен белгілері.
Лизинг қызметтерінің қазіргі нарығы алуан түрлі қалыптары мен бұл операцияларды реттейтін заңды нормаларды мінездемелейді. Әлемдік тәжірибе лизинг келісімдердің алуан түрлі нұсқаларын шығарды. Олар бір келісім шартта болу мүмкін. Егер белгілі бір лизинг түрінің шарты өзгерсе, онда оның мүлдем жаңа түрін алуға болады. Сондықтан лизинг келісімдер түрлер тізімінің нақты саралауын жасаған жоқ.
Экономикалық әдебиеттерде лизинг феноменін теориялық ұғыну процессінде оның көптеген саралулары пайда болды. Олар көбінесе, түрлі ұстанымдар негізінде құрылған, түрлі дәрежеде лизингтік операциялардың түр-түрлерін, қалыптарын, түрлілігін және саралау белгілерін бөледі. Бұл айырмашылықтар негізінде:
А) «лизинг» ұғымының мәні;
Б) түрлі елдерде лизинг келісімдерінің заңдылық реттеудің ерекшеліктерінің болуы;
В) кейбір кездерде шетел терминдердің дәл аудармағандығы жатады.
Лизинг саралауларының ішінен келесілерді белгілеуге болады:
- сызықтық, «тайпақ» саралауда бөлек белгілер бойынша лизинг түрлерін айырады;
- көлемдік, сатылық саралауда, біріншіден лизинг түрлері, кейін олардың шегінде бұл операциялардың қалыптары мен түрліліктер берілген.
Саралаудың сызықтық ұстанымы ретінде саралау белгілердің мәселелерін айыру, ал сатылық саралауда лизингтің екі негізгі түрлері оперативті және қаржылық және де бұл операциялардың алуан түрлі қалыптары мен түрлері туралы сұрақтарды қарастырады. Сызықтық және сатылы саралау мысалы бойынша жасалынған лизинг саралау ерекшеліктерін салыстыру, сызықтық саралау ұстанышның жақтастығы, мұнда лизингтің көп түрлері айырылады. Лизинг түрлерін ерекшелегенде ол саралаудың белгілерден шығады.
Бұндай белгілерге жататындар:
- Келісімге қатысатындырдың құрамы. Ол тікелей және жанама болады. Жанама үш жақты және көпжақты болып бөлінеді.
- Мүлік типі бойынша жылжымайтын мүлік лизингі және жылжымалы мүлік лизингі болады.
- Оның өтімділік дәрежесі бойынша толықтай өтелетін және толықтай өтелмейтін болып бөлінеді.
- Амортизация шарттары. Толықтай амортизациясы бар және толықтай амортизациясы жоқ.
- Қызмет көрсету көлемі. Таза, қызметтердің толықтай құрамымен және қызметтердің толықтай құрамы жоқ болып бөлінеді.
- Операциялар жүргізілетін нарық секторы бойынша ішкі, сыртқы болады. Ал сыртқы экспорттық және импорттық болады.
- Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы бойынша шын және жалған болады.
- Лизингтік төлемдердің мінезі бойынша ақшалай, өтем және аралас болып бөлінеді.
Лизинг біріншіден қаржылық болады. Ол үшке бөлінеді: қызмет көрсету лизингі, леверидж лизинг, «пакеттегі» лизинг. Екіншіден ол он бір бөлікке бөлінеді: жаңа жабдықтар лизингі, пайдаланған жабдықтардың лизингі, таза лизинг, шектелген қызметтер құрамының лизингі, толық лизинг, ішкі лизинг, халықаралық лизинг (экспортты, импортты, транзитті), тікелей лизинг, қайтарым лизингі, жедел және жаңартылған лизинг.
Белгіленген екі саралау ұстанымдардың ерекшеліктер, артықшылықтар мен кемшіліктерді лизингтік операциялардың саралауды келешек жетілдірген және жүйеленгенде есепке алу керек. Бар болған саралаудардың ішінен осы екі саралау жақсы және аса толық болғанына қарамастан, көптеген маңызды жақтары мен бұл қиын ұйымның теоретикалық ұғыну аспектілері мен қазіргі шаруашылық тәжірибе оларда есептелінген жоқ.
Саралау, мәнін зерттеу және лизингтік операциялардың мағынасына салыстырмалы талдау жасаған нәтижесінде, лизингтің келесі саралау белгілерін көрсетуге болады:
- Келісім қатысушылардың (субъектілердің) саны мен құрамы.
- Келісім объектісі.
- Келісім мерзімі.
- Келісім соммасы мен масштабы.
- Қосымша және қарыздық қаражаттарды қаратудың дәрежесі.
- Мүліктің өтімділік дәрежесі.
- Амортизацияны есептеудің шарттары мен әдістері.
- Қызмет көрсету көлемі.
- Операциялар жүргізетін нарық секторы.
- Салықтық және басқа жеңілдіктерге қатынасы.
- Лизинг төлемдердің мағынасы.
- Лизингтік келісімдегі опционның бар болуы.
- Базистік (негізгі) мерзімде келісім бұзудың шарттары мен мүмкіндігінің болуы.
- Мүліктің бухгалтерлік есептеудің тәсілі.
- Ел келісімінің спецификасы.
Лизингтің қалыптасу кезеңдері.
Лизингпен байланысты экономика - құқықтық қатынастар шаруашылық арақатынастар тарихының жаңа сатысына жатқызады деп санайды. Бірақ ол солай емес. Жалға беру қатынастары бұрыннан бері келе жатқанын іс-қағаздар дәлелдейді.
XX ғасырдың 30 жылдары Генри Форд өз машиналардың өтімін кеңейту үшін жалға беруді тиімді қолданды. Бірақ автомобильді лизингтік бизнесінің «заңды әкесі» ретінде Золли Фрэнк болып саналады. Ол Чикагоның сауда агенті, ол 40 жылдардың басында автомобильдердің ұзақ мерзімді жалға беруін ұсынды.
Кеңес Одағында «лизинг» түсінігімен екінші әлемдік соғыста танысты, 1941-1945 жылдары leand-lease бойынша американдық техниканың жабдықталынуы іске асырылды.
«Бербоут - чартер» Кеңес Одағының Минфлоттың шарттарымен тоннаж - құрғақ жүктерді, кемелерді, танкерлерді алды. Олар пайдалануда алты - он екі жылдар арасында болды.
Лизингтік операциялардың отандық ішкі нарықта дамуы 1989 жылдың ортасынан басталатынын анықтауға болады. Шаруашылықтанудың жалдық қалпына кәсіпорындарды аударумен байланысты болды.
Дәстүрлі түрде қазіргі лизинг американдықтардың шығарғаны болып саналады. Еуропа елдеріне алпысыншы жылдары американдық кәсіпкерлермен әкелінді. Басқалардың айтуы бойынша, лизинг Англияда туды, содан кейін Солтүстік Америкаға жетті және де ХХ ғасырдың ІІ жартысында өзгертулермен Еуропаға қайтадан келді деп санайды. Сондықтан лизинг дами келіп біздің елімізге де жетті. Енді, лизингтік келісімдерді жүргізу үшін лизингтің айрықша түрлерін пайдалана отырып, іске асыру болады.
- Лизингтік операцияларының түрлері
Қазіргі уақыттта лизингтік қатынастардың кеңеюі мен лизингтік операциялардың дамуы лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлерінің пайда болуына алып келді. Лизингті жіктеудің бірнеше белгілері бар. Бұл лизингтік операцияларды қызмет ету түріне қарай топтастыруға мүмкіндік береді. Лизингтің әрбір формасының өзіне тән қасиеттері бар және ол міндетті түрде лизингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде және рәсімдеген кезде ескеріледі. Әлемдік тәжірибеде лизингтік мәмілелер бірнеше белгілеріне байланысты келесідей жіктеледі:
1) Нарық секторына байланысты:
- ішкі лизинг - сатушы, лизинг алушы және лизинг беруші ҚР-ның резиденті болып табылады;
- халықаралық лизинг - мұнда лизинг беруші немесе лизнг алушы ҚР-ның азаматы болып саналмайды. Бұл өз ішінде келесідей жіктеледі:
- Экспорттық лизинг. Демек сатушы мен лизинг беруші ҚР-ның резиденті болып табылады;
- Импорттық лизинг. Бұл жерде сатушы ҚР-ның резиденті емес, лизинг беруші мен алушы ҚР-ның резиденті болып табылады;
- Транзитттік лизинг. Мұнда лизингтік мәмілеге қатысушы үш жақ 3 елдің резиденттері болып табылады.
2) Келісім- шарт мерзіміне байланысты:
- қысқа мерзімді: 1 жылға дейін;
- орта мерзімді: 1-3 жыл аралығында;
- ұзақ мерзімді: 3 -5 жыл аралығында.
3) Қатысушылар санына байланысты:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz