ӘЛЕМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДАҒЫ АЗЫҚ - ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ


Биотехнология және генетикалық модификацияланған организмдерді дамытуды құқықтық реттеу
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 ГЕНЕТИКАЛЫҚ МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ОРГАНИЗМДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Жасанды жолмен өзгертілген организмдердің пайда болуы
1. 2 ГМО-өнімдерінің жағымсыз жақтары
2 БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ МОДИФИКАЦИЯ-ЛАНҒАН ОРГАНИЗМДЕРДІ ДАМЫТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
2. 1 Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің құқықтық негіздері
2. 2 Генетикалық модификацияланған организмдерді дамытудың Қазақстандық заңнамада көрініс табуы
3 ӘЛЕМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ
3. 1 Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі қиыншылықтар
3. 2 Генетикалық модификацияланған организмдерді дамыту және азық-түлік қауіпсіздін қамтамасыз ету шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3
5
5
7
10
10
15
19
19
20
25
27
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде азық-түлікпен қамтамасыз етудің қауіпсіздігі дүние жүзі бойынша өте күрделі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сауда-саттықтың жаһандануы салдарынан өзімізде өндірілетін және шет мемлекеттерінен әкелінетін азық-түліктің қауіптілігі күшейіп жатқаны бәрімізге мәлім. Мысалы, сиырдың құтырық, аусыл аурулары, шошқаның африкалық оба ауруы, құс тұмауы сияқты індеттер азық-түліктер импортталған елдерден келіп таралуы әбден мүмкін. Мал өнімінен өндірілген азық-түліктер ауру туғызатын, тұтынушыларға түрлі зиян келтіретін патогендердің көзі болып саналады. Ал біздің елде арнайы осы мәселені шешетін заңның жоқтың қасы болып отыр.
Санитарлық қауіпсіздікті бақылау түрлі шаруашылықтардың жағдайы мен қоршаған ортаның тазалығын қарастырудан басталады. Тұтынушыға азық-түлік арқылы жұғатын аурулардан сақтау үшін малдарды өсіру, мал азығын өндіру, малды қасаптау, еттерін сақтау, сату, кулинариялық өңдеу, өнімді бөлшектеп орап тұтынушыға жеткізу сияқты көптеген өндіріс сатыларының бақылауының қатаң болуы өте маңызды мәселе. Сондықтан өндірістің барлық сатыларында жұмыс атқаратын адамдарға ерекше жауапкершілік жүктеледі. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азықтың бактериялық, микологиялық және паразитарлық тазалығын бақылауға, оның құрамындағы диоксиндердің, гормондардың мөлшерін анықтауға арналған зерттеулерді кеңейту мен тереңдету жоспарланған.
Әлемдік нарықта туындаған азық-түлік дағдарысы мен оның салдары қайта өңдеу өнеркәсібінің маңыздылығын бұрынғыдан да арттыра түсті. Ал азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі дүниежүзілік экономикалық саясаттың күнделікті талқысына айналды. Азық-түлік тапшылығын сезіне бастағаннан-ақ әлемнің барлық елдері бұл салаға мемлекет тарапынан жасалатын қолдауды күшейтіп, саяси маңызы зор өзгерістер жасады. Әсіресе, өндіріс көлемін арттыру, ішкі азық-түлік нарығын тұрақтандыру сияқты мәселелерге ерекше мән беріп отыр.
Ал біздің елде арнайы осы мәселені шешетін заңның жоқтың қасы болып отыр. Осыған орай, біз де әлемдік азық-түлік нарығындағы жағдайға байланысты қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы күрделі мәселелерді қайта қарап, заман талабына сай стратегиялық бағыттарына жаңа қырынан келіп, заңдарымызға өзгерістер енгізуіміз қажет.
Бұрын жасалып, қазір жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік аграрлық саясатты жалғастыра отырып, біз оны еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей құқықтық жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз.
1996 жылы 13 қарашада әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Рим декларациясы қабылданды. Бұл декларация әрбір ел халқын қауіпсіз әрі жеткілікті азық-түлікпен қамтамасыз етуге, денсаулықтарын сақтауға, ұлттық азық-түлік жүйесін қалыптастыруға шақырады. «Әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Рим декларациясында кез келген мемлекеттің негізгі міндеті адамның денсаулығына қауіп төндірмейтін азық-түлікпен қамтамсыз етіліп, тапшылықтың алдын алу болып табылады [1] .
Қазіргі кезеңде «азық-түлік қауіпсіздігі» деген ұғым екі мағынада қолданылып жүр. Біріншісі, азық-түліктің жетіспеушілігі туралы да, ал екіншісі, азық-түлік өнімдерінің сапасына қатысты, яғни адам ағзасына тигізетін зиянды әсері жайлы түсінік болып табылады. Басқаша айтқанда, біріншісі, экономикалық қорларды басқару, реттеуге қатысты болса, екіншісі тікелей сапалық басқаруға қатысты ұғымдар. Біз екінші ұғым төңірегінде сөз қозғамақпыз. Азық-түлікті қауіпсіздігі дегеніміз сыртқы және ішкі жағдайларға қарамастан, тамақтанудың физиологиялық нормаларына сәйкес халықтың тамақ өнімдеріне деген қажеттерін қанағаттандыратын тиісті ресурстармен, әлеуетпен және кепілдіктермен қамтамасыз етілген экономиканың, соның ішінде оның агроөнеркәсіптік кешенінің жай-күйі [2] .
ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы заңында, азық-түлік қауіпсіздігі - экономиканың, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің мемлекет халықтың азық-түлік тағамдары мен ауыз суға деген құқығы мен қажеттілігін тұлғаның физикалық және әлеуметтік дамуы, тұрғын халықтың денсаулығы мен ұдайы өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті физиологиялық тұтыну нормаларында көзделген сан мен сапада қамтамасыз етуге қабілетті жай-күйі [3] .
Курстық жұмыстың мақсаты - биотехнология және генетикалық модификацияланған организмдерді дамытуды құқықтық реттеу мәселелерін талқылау. Осыған байланысты мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
- генетикалық модификацияланған организмдер туралы жалпы түсінік беру;
- жасанды жолмен өзгертілген организмдердің пайда болуын зерттеу;
- ГМО-өнімдерінің жағымсыз жақтарын талдау;
- биотехнология және генетикалық модификация-ланған организмдерді дамытуды құқықтық реттеу мәселелерін зерделеу;
- азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің құқықтық негіздеріне сараптама жасау;
- генетикалық модификацияланған организмдерді дамытудың Қазақстандық заңнамада көрініс табуын қарастыру;
- әлем қауымдастығындағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін баяндау;
- азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі қиыншылықтармен танысу;
- генетикалық модификацияланған организмдерді дамыту және азық-түлік қауіпсіздін қамтамасыз ету шараларын анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ГЕНЕТИКАЛЫҚ МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ОРГАНИЗМДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Жасанды жолмен өзгертілген организмдердің пайда болуы
Трансгендер - генетикалық материалы жасанды жолмен өзгертілген организмдер. Ең алғаш рет 1973 жылы американдық ғалымдар ішек таяқшасының гендік- модификацияланған түрін алған. Бүгінде гендік-модификацияланған организмдер тек өсімдіктер мен жануарлар емес, сонымен қатар бактериялар болып табылады. 1978 жылы ең алғаш рет трансгенді адам инсулині алынды, гендік-модификация технологиясы фармацевтикада дәрілік препараттар өндіру үшін кеңінен қолданыла бастады. 1985 жылы ең алғашқы ГМ-өсімдік - темекі алынды. Соңғы жылдары дүние жүзінде гендік модификацияға ұшыратылған организмдер тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, ғылыми зерттеулер үшін және медицинада кеңінен қолданыла бастады.
Соңғы мәліметтерден мемлекеттер мен континенттер бойынша ГМО таралу дәрежесі: Африка континенті түгел қамтылған (кейбір ең кедей мемлекеттері ГМО өнімдерін әкелуге 8 жылдан бері тиым салып отыр) . АҚШ пен Канада: тағам өнімдерінде ГМО қолданғандығы туралы маркировка міндетті емес. Американың дәрілік заттар мен тағам өнімдерін бақылау бойынша федералдық әкімділігі (FDA) трансгендерді қолдануға, соның ішінде медициналық мақсаттар үшін, рұхсат беріп отыр. Еуроодақ: Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша Еуропалық басқарушы ұйымының тұжырымына сүйенсек - генетикалық модификацияланған жануарлардың еті мен сүтін тағамға пайдалану қауіпсіз. Бірақ еуропа елдерінің бір бөлігі генетикалық модификацияланған организмдерден бас тарту жолына түсіп отыр. Мысалы, Австрия ГМО толық бас тартып отырған мемлекет, мұнда трансгенді өсімдіктерді өсіруге де тиым салынған. Осындай заң Греция, Польша және Швейцарияда қабылданған. Испания мен еуропаның басқа көптеген елдерінде өздерін ГМО өнімдерінен бос, еркін екенін жариялап отырған аудандары бар. Австралия және Жаңа Зеландия: ГМО өнімдерінен бос, еркін бірнеше аймақ бар, оларды өсіруге рұхсат етілген және одан өндірілген тағамға маркировка қойылмайды.
Ал Қазақстанда осы мәселе қандай шешімін тапты?
Бұған елімізде трансгендік организмдерді анықтайтын арнайы лабораторияның жоқтығы себеп болып отыр. Егер жоғарыда аталған заң жобасы қабылданса, елімізде құрамында ГМО-сы бар балалар тағамы, өндіріске қажетті қоспаларды дайындауға, импорт пен экспортқа түбгейлі тыйым салынады. Қазақстанға тек мемлекеттік тіркеуден өткен ГМО-сы бар азық-түліктер ғана кіргізіледі. Мемлекеттік тіркеуден өту үшін ғылыми дәйегі бар дәлелдемелер келтіріліп, ГМО қауіптілігі жан-жақты сарапқа салынуы тиіс. Дәлелдемелер мен арнайы сараптамалық құжатты импорттаушы немесе өндіруші ұсынуы тиіс. Елімізде өндірушінің өнімі түбегейлі тексерістен өткізілуі тиіс. Алайда адам ағзасы ГМО құрамының зияндылығы бар-жоғын қадағалайтын лабораторияның жоқтығы бұл істе қолды байлауы мүмкін дейді мамандар. Дегенмен әр мәселенің оң және теріс жақтары болады.
Гендік модификацияланған өсімдіктерді химиялық улар: гербицид, пестицид, инсектицидтерді және химиялық тыңайтқыштарды қолданбай-ақ өсіруге болады. Себебі, бұл организмдер құрғақшылыққа, суыққа шыдамды және зиянкестер олардың өнімділігіне әсер ете алмайды. Егер адамзат бүгінде ГМ- организмдерді өсіруден бас тартса, онда пестицидтер, гербицидтер және басқа улы химикаттарға қайта оралуға тура келеді.
Бұрынғы Кеңес дәуірі кезінде азық-түлік бағдарламаларын жоспардан тыс орындау мақсатында егіс алқаптарына, бау-бақшаларға улы дәрілер: пестицидтер ешғандай бақылаусыз себілген. Оның салдарынан топырақ улы химикаттармен ластанған, топырақта өскен жеміс-жидектерде тыңайтқыштар мен пестицидтердің мөлшері артып, тұтынған халық арасында улану жағдайлары көбейіп кеткен және өзекті мәселеге айналған. ГМО тыңайтқышсыз жоғары өнім бере алады.
Гендік инженерия медицина, ауылшаруашылығы салаларында пайдалануға өте тиімді. Ғалымдардың пайымдауынша, гендік инженерия халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жағдайын жақсарта түседі, өйткені климаттық жағдайы нашар аумақтарда да егіннің мол шығуына құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер түрлерін өсіруге мүмкіндік туғызады. Сол себепті әлемнің түкпір-түкпірінде дәрі-дәрмек, азық-түлікті молынан өндіру үшін генді-модификацияланған организмдерді көптеп өсіріп, оларды тамақ өнімдерін, дәрілік заттар өндіру үшін барған сайын кеңірек қолдана бастады.
Жер бетінде халықтар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Сондықтан адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып отыр. ГМО-өнімдері ғаламшарымызды ашаршылықтан сақтайды. Себебі, гендік модификацияланған өсімдіктер табиғаттың қолайсыз жағдайларына төзімді және климаттың ерекшеліктері де олардың өнімінің жоғары болуына әсер ете алмайды, ал керісінше, гендік модификацияға ұшырамаған өсімдіктер климаттың өзгерісіне сезімтал болғандықтан, қаншама халықтар кейбір ауа райының қолайсыз болған жылдары небір аштықты басынан өткізіп, тіпті қырылып қалып отырғаны тарихтан мәлім.
Алғашында ГМО өнімдерін ғаламшарымызды мекендейтін халықтарды ашаршылық қаупінен сақтау мақсатында өндіре бастаған. Ғалымдардың айтуы бойынша халықтар санының өсу қарқынында тек ГМО өнімдері ғана әлемді аштық пен жұттан сақтап қала алады, себебі гендік-модификация арқылы тағамның шығымы мен сапасын арттыруға болады. Сондықтан, ГМО өнімдері Африканың кейбір ең кедей деген елдеріне жіберілген, соңынан әлемнің барлық дамушы елдеріне таралды.
Тарихи деректер бойынша талай халықтар түрлі себептермен небір ашаршылықтарды басынан өткізген. Мысалы, Германияда 1939 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін химиялық тыңайтқыштарды қолданбай, тек табиғи компост, органикалық тыңайтқыштарды ғана қолданып өсіру туралы үкімге қол қойылған еді, Үшінші Рейхтың эксперименті сәтсіз болып шығып, Германияда ашаршылық басталған болатын. Ал қазіргі кезде генетикалық модификацияланған организмдер бұл химиялық тыңайтқыштарсыз өсе береді.
Сондықтан, әлем халықтарын ашаршылықтан аман алып қалу жолы біреу: гендік модификацияланған өсімдіктерді өсіру.
1. 2 ГМО-өнімдерінің жағымсыз жақтары
ГМО-өнімдері аллергия және ісік ауруларын тудырады. Себебі, генетикалық коды өзгертілген организмдер клеткаларында ақуыз синтезінің механизмі өзгереді, соның салдарынан кейбір аминқышқылдардың мөлшері артып, аллергиялық реакциялар және ісік ауруларын тудырады.
Алғаш рет ГМО-ны АҚШ ойлап тапқан екен. АҚШ-тың Monsanto 100 жылдан бері гендік-модификацияланған организмдерді «дүниеге» әкелді. Тарихқа көз жүгіртсек, 1960 жылы АҚШ пен Вьетнам арасындағы соғыс барысында қолданылған Agent Orange затының құрамында түрлі ісік аурулары мен адам организмінің мутациясын тудыратын диоксин бар. 1961-1971 жылдар аралығында Вьетнам жеріне 72 миллион литр Agent Orange төгілген. Осының салдарынан миллиондаған вьетнамдық мерт болып, АҚШ әскерінің сарбаздары ісік аурулары мен белгісіз мутациялардың салдарынан көз жұмды.
РҒА биологиялық даму институтының мәлімдеуі бойынша ГМ-өнімдермен қоректендірілген жануарларда ісік аурулары дамитынына көздерін жеткізіп отыр. Дәл осындай зерттеу жұмыстары Франция, Австрия, Ресей мемлекеттерінде бір-бірінен тәуелсіз жүргізілді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бірдей болып шықты.
ГМО зиянкестер, саңырауқұлақтар мен бактериялар тудыратын ауруларға қарсы күшті трансгенді ақуыздар қамтамасыз етеді, ал олар улы және аллергиялар тудыратыны дәлелденіп отыр. Мысалы, генетикалық модификацияланған соя алу үшін пайдаланылған бразилия жаңғағынан алынған альбуминді қолдану оны тағамға пайдаланған халықтың басым көпшілігінің аллергиялық аурудан зардап шеккенін айтып өтуге болады. Дәрігер ғалымдар ХХ ғасырдан бастап пайда болған індет - аллергиялық ауруларды тудыратын негізгі факторлардың біреуі - ГМО өнімдерін қолдану деп отыр.
Гендік-модификацияланған организмдер биологиялық түрлілікке кері әсер етеді. Себебі, генетикалық модификацияланған организмдер адамдар мен жануарлар денсаулығына кері әсер етіп, өсімдіктер дүниесінің жойылуына себеп болу арқылы зардабын тигізетін әсері бар генетикалық қарулар қатарына жатады.
Генетикалық қару - адамдар мен жануарлар денсаулығына кері әсер етіп, өсімдіктер дүниесінің жойылуына себеп болу арқылы зардабын тигізетін әсері бар генетикалық модификацияланған организмдер, микроорганизмдер немесе арнайы құрылған нуклеин қышқылының молекулаларын қолдануға негізделген биологиялық қарудың түрі (Справочник по поражающему действию биологического оружия, РАМН РФ, 1995 г. ) . Олай болса, гендік-модификацияланған организмдер, осы анықтамаға сәйкес, биотехнологиялық әдістер қолдану арқылы өзгертілген және организмдердің биологиялық түрлілігіне кері әсер ететін биологиялық қарудың бір түріне жатқызылады.
Жер бетінде тіршілік жүйелеріне төндіретін қауіптілігі дәрежесіне қарай биологиялық қауіпті агенттердің бірнеше жіктелу жүйесі бар. Мысалы, АҚШ Ауруларды бақылау Орталығында (СDC) қауіпті биологиялық агенттер қауіптілігі бойынша 3 категорияға бөлінеді: А, В, С. Ең қауіпті биологиялық агенттер С категориясына енген. Олардың қатарына гендік инженерия арқылы өзгертілген организмдер де жатқызылады.
Категория С - бұл аса басымды агенттер - құрылымы өзгертіліп алынған эмерджентті патогендер (мысалы, хантавирус, энцефалит кенесінің вирусы) . С категориясына өлімге душар ету қаупі өте жоғары, сондықтан адамдардың бірден өте көп санын жойып жіберуге қолданылатын, түрлі манипуляциялар, соның ішінде гендік-инженерлік технология жолымен алынған қоздырғыштар енгізілген.
ГМО жалпы адамзатқа және экологиялық жүйелерге зиянды әсерлері ғалымдарға бұрыннан мәлім, сондықтан мұндай организмдерді өндіру, қолдануға байланысты мәселелер мемлекеттік деңгейде шешіліп отырған. Мысалы, 1975 жылы биологиялық қаруды таратпау туралы «Биологиялық және токсиндік қаруды қолдануға тиым салу туралы Конвенция» (КБТО) күшіне енді. КБТО қатысушы мемлекеттер биологиялық қаруды өндірмеуге, шығармауға, жинамауға, сатып алмауға және бір-біріне бермеуге міндеттілігі туралы келісмге келді. Бүкіл әлемдік қауымдастық қабылдаған екі негізгі құқықтық құжат: КБТО және биологиялық түрлілік туралы Конвенция (1992) жаһандық биологиялық қауіпсіздікке төнген қауіпті төмендететін еді. Биологиялық түрлілік туралы Конвенцияны негізге алған мемлекеттер «Биотехнологиялық әдістер қолдану арқылы өзгертілген және организмдердің биологиялық түрлілігіне, сақталуына жағымсыз әсер ететін кез-келген тірі организмдерді өңдеуді реттеу туралы» Хаттамаға қол қойды. Биотехнологияның ерекшелігі - оның өнімдерінің екіжақты қолданылуы болып отыр, сондықтан, биологиялық қару жасап шығару бойынша атқарылатын жұмысты бейбіт өнімдер өндіру деген лақап ақпаратты пайдаланып, жасырын жүргізуге болатындығы.
Осыған байланысты адамзатқа қауіп тудыратын жәйттердің ішінде ең аз бақылауға алынғандар қатарына генетикалық модификацияланған организмдерді өндіру арқылы жүзеге асырылып отырған биоагрессия, биотерроризм және экологиялық соғыстар еніп отыр. 2007 жылы АҚШ Биологиялық және токсиндік қаруды өндіруге тиым салу туралы Халықаралық конвенцияның хаттамасы проектінен бас тартатыны туралы мәлімдеді. Бұл ғалымдардың ГМО жаңа түрлерін көптеп өндіруге жағдай жасады. Аналитиктердің болжауы бойынша 1990-2010 ж. ж. клеткалардың гендік құрылымын өзгерту бойынша агенттер дайындаудың ең өршіген жылдары деп есептелінеді. ГМО жаңа түрлерін өндіру қарқынының өршуі осы жылдарға келіп тұр және оның даму қарқыны бүгінде бәсеңдемей отыр.
1960 жылы АҚШ пен Вьетнам арасындағы соғыс барысында алып құпия компания Agent Orange атты затты ойлап табады. Бұл организм ауадан бомбамен атқылау барысында ешқандай кедергі болмау үшін Вьетнам жеріндегі өсімдіктерді түгел жоюға бағытталған.
"Гринпис" Генетикалық бағдарламасының мәліметі бойынша трансгенді организмдерді өсіру қоршаған ортаның өсімдіктер әлеміне зиянын тигізеді: биотүрлілілік төмендейді. Генетикалық модификацияланған өсімдіктер қалыпты өсімдіктер түрлерін ығыстырып, кейіннен мүлдем жойылуына әкеліп соғатынын айтып отыр.
Біздің пайымдауымызша, азық-түлік қауіпсіздігі дегеніміз адам денсаулығына қауіп төнбейтін, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, азық тапышылығының алдын алу, халықты тамақ өнімдеріне қол жетімділігін арттыратын аграрлық саясаттың негізгі саласы болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету дегеніміз адам денсаулығына қауіп төнбейтін, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, азық тапшылығының алдын алу, халықты тамақ өнімдеріне қол жетімділігін арттыратын аграрлық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
2 БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ МОДИФИКАЦИЯ-ЛАНҒАН ОРГАНИЗМДЕРДІ ДАМЫТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
2. 1 Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің құқықтық негіздері
Елімізге сырттан келетін тауарлардың 90 пайызы тексеруден өтпейді екен. Бұл бірінші кезекте халық денсаулығына қауіп төндіреді. Әсіресе, Қытайдан тасымалданып жатқан тауарлар сапасына ешкім кепілдік бере алмайды. Көрші елден келген тағам құрамынан допинг сияқты өте қауіпті заттар табылып жатады. Соңғы жылдары Қазақстанға құрамында генетикалық модификацияланған организмдер (ГМО) бар азық-түлік пен азық-түліктік шикізаттар келе бастады.
Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігі елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және қуатты мемлекет қалыптастырудың, оның ұзақ мерзімді табысты дамуы мен экономикалық өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азық-түлік қауіпсіздігінің қажеттілігі заңнамалық деңгейде «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер Қазақстан Республикасы үшін ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатері қатарында айқындалды.
Қазақтан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі отырысында Қазақстан Президенті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің ең маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылатындығын және халық үшін тамақ өнімдеріне нақты және экономикалық қолжетімділікті арттыру үшін шаралар қабылдау қажет екендігі туралы атап өтті.
Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі Еуразиялық экономикалық одағында (бұдан әрі - ЕАЭО) және Дүниежүзілік сауда ұйымында (бұдан - әрі ДСҰ) ынтымақтасу процесі жағдайында, сондай-ақ Ресей Федерациясы және негізгі батыс елдерінің өзара экономикалық санкциялар жағдайында айрықша өзектілікке ие болып отыр.
Мысалы, азық-түлік жөніндегі Дүниежүзілік конференциясының (1996ж. ) материалдарында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары анықталған көлемде және сапалы тамақ өнімдерінде қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жеткілікті қауіпсіздік және калориялы тамақтарға жеткілікті көлемде нақты және экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуге негізделген, осылайша ол белсенді және саламатты өмір сүруге мүмкіндік беретінің белгіленген.
Осы анықтамадан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасында үш аса маңызды аспектілерін атап кету қажет екендігін көрсетеді. Бұл халық үшін елдің немесе әлемнің аумағында тұрғылықты орнына байланысты емес негізгі азық-түлік түрлеріне нақты және экономикалық қолжетімділігі, сондай-ақ азық-түлік тауарларының қауіпсіздігі. Бұл адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті физикалық көлемде тұтынудың соңғы орнына дейін тамақ өнімдері үздіксіз жеткізіліп тұруы қажет екендігін білдіреді. Нақты қолжетімділік елдердің арасында және олардың ішінде бөгетсіз жылжумен байланысты кешенді міндеттерді шешу қажеттігін болжайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz