Бетонның құрылыс материалының түрлері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН СЫНАУ ЗЕРТХАНАСЫНДА ӨНІМ САПАСЫН ТАЛДАУ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 ҰлтССО АҚ Алматы филиалы туралы мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... .
1.2 Кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Бетон құрылыс өнімі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Бетон дайындау технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5 Бетонның эксплуатациялық қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
1.5.1 Сығуға беріктігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.5.2 Ыңғайлы төселуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.5.3 Басқа да маңызды көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 ӨНІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Тұтынушы мен дайындаушы үшін сапа ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.2 Сапа көрсекіштерінің номенклатурасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Өнімнің сапа деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Сапалы бетонға қол жеткізу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4.1 Сапалы бетон ұғымын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4.2 Бетон сапасына әсер ететін факторларды талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
2.4.3 Коррозияның бетонға әсерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
2.5 Бетон сапасын анықтау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.5.1 Бетон сапасын зертханалық әдіспен анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.5.2 Бетонға қойылатын жалпы техникалық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5.3 Бетонға және қоспаға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 ӨНІМДІ СЫНАУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Бетон өнімінің беріктігін сынау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Бетонды пішінінің өзгеруіне сынау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Бетон өнімінің қоспаларын сынау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.4 Бетонның су сіңіруіне сынау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4 ӨНІМДІ СЕРТИФИКАТТАУ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.1 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесінің жалпы ережелері ... ... ... ... ...
4.2 Өнімге сертификаттауды жүргізу тәртібі мен ережелері ... ... ... ... ... ... .. .
4.2.1 Өтінішті беру мен қарастыр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.2.2 Өнімнің үлгілерін таңдауды өткізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
4.2.3 Сертификаттау мақсатында сынауларды өткізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .
4.2.4 Сәйкестік сертификатын беру мен сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын ұсыну ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
4.2.5 Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.2.6 Өнімнің сертификатталған сипаттамаларының тұрақтылығына инспекциялық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.2.7 Бетон өнімін сертификаттау туралы ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
5

7
7
9
13
15
24
24
25
27
28
28
29
30
32
32
33
33
36
36
38
39
42
42
45
47
47
54
54
58
58
60
60

61
62

62
63
65
69
КІРІСПЕ

Біздің еліміздің қазіргі жаһандық заманда көптеген ұйымдарда, өндірісте, өкілдіктерде жаңа басқару жүйесіне көшу қажеттілігін тудырды, ол аз шығынмен өндіруді, жоғары сапалы өнімді шығаруға және де Қазақстан нарығында талап етілетін және бәсекеге төтеп беретін деңгейге жетуі қарастырылады. Сол себептен әрбір өнім мен қызмет көрсету сапасы анағұрлым жақсы болуы үшін, өнім сапасына деген сұраныс та күн сайын артуда. Құрылыс материалдары да шектен қалмады. Жас мемлекетіміз құрылыс нысанын көптеп салып жатқандықтан, шет елдің өнімдірін қолданудан гөрі, отандық құрылыс материалдары мен өнімдерін пайдалану тиіді әрі қолайлы, сондықтан құрылыс материалдары мен өнімдері құрылыс нысанына кетпестен бұрын тексеру мен сертификациядан өтуі керек.
Құрылыс нысанын тұрғызбас бұрын, құрылыс материалы мен өніміне деген сұранысты қамтамасыз ете алатын өнеркәсіппен келісім шарт жасасады. Құрылыс кезінде, эксплуатация мен ғимаратты жөндеу және құрылыс бөлшектерінің тұрғызылуы мен конструкциясы көптеген физико-механикалық, физикалық және техникалық әсерлерге тап болады. Сондықтан, ғимарат тұрғызылмас бұрын оның әрбір материалы сапалы болуы тиіс. Сапалы құрылыс материалы беріктігі, сенімділігі және ұзақ қызмет етуімен сипатталады. Осы тұрғыдан, әрбір құрылыс өнімінің сапасын талдайтың әрбір сертификаттау орталығы өнімнің сапасын тексеруге үлкен мән береді. Осы мақсат бойынша, менің дипломдық жұмысымда ҰлтССО АҚ Алматы филиалы жағдайында құрылыс материалдарын сынау зертханасында өнім сапасын талдау, оның ішінде Бетон өнімінің сапасын талдауға үлкен мән берілген.
Құрылыс кезінде бетон материалына көп мән беріліп, құрылыс нысанының басты объектісі болғандықтан, осы дипломдық жұмыста бетон құрылыс материалына көп мән беріліп, оның сапасына деген сұранысы мен талабына тоқталып өттім. Бетон (французша beton, латынша bіtumen - тау шайыры) - жасанды тас құрылыс материалы, ол ғимарат тұрғызылу кезінде ең маңызды рөлді атқаратын құрылыс материалы болғандықтан, оның түбегейлі зерттеп, сапасын талдау үлкен мәнге ие. Бетон өнімінің сапасына шарт оның белгіленуі мен құрылыс ғимараттарындағы жұмыс жағдыйы және ғимараттың конструкциясына байланысты әртүрлі қойылады. Олар мыныдай сипаттаушы көрсеткіштерден тұрады: беріктігі, орташа тығыздығы, әртүрлі әсерлерге тұрақтылығы, пластикалық майысуы, теплофизикалық, қорғаныстық, декоративтік және басқа да бетонның қасиеттері.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - құрылыс нысандарында қолданылатын құрылыс материалдарының сапасын саралап, тексеру, сол арқылы адам өміріне деген қауіпсіздікті жоғарлату.
Осы дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ҰлтССО АҚ Алматы филиалы жағдайында құрылыс материалдарын сынау зертханасында өнім сапасын талдау болып табылады. Құрылыс материалдары адам өміріне зиянсыз әрі табиғи әсерлерге ұзақ шыдай білу үшін, оларды сынақтан өткізіп, сапасы бойынша саралау. Ол үшін сынау зертханасының жағдайы жоғары мүмкіндікті болып, сонымен қатар мекеменің сапа менеджменті жүйесі жұмыс күйінде сақталып, оның нәтижелілігі ИСО 9001-2009 талаптарымен сәйкестікте жоғарылатуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың объектісі - құрылыс материалдары мен өнімдері, оның ішінде бетон құрылыс материалы.
Бұл дипломдық жұмыс негізгі мақсатты орындау үшін және тақырыпты толығымен ашу үшін келесідей бөлімдерден құралған: дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы мәлімет, мекеменің сапа менеджменті жүйесі, ұйым стандарты және сапаны басқару, өнімді сынау және сертификаттау қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

1 ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН СЫНАУ ЗЕРТХАНАСЫНДА ӨНІМ САПАСЫН ТАЛДАУ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІК

1.1 ҰлтССО АҚ Алматы филиалы туралы мәліметтер

Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ стандарттау, метрология және өнімнің сәйкестігін растау саласында қызмет көрсету, қызмет көрсетулер және менеджмент жүйесі бойынша нарықтағы жетекші кәсіпорын болып табылады. ҰлтССО АҚ-ның стандарттау, метрология және сәйкестікті растау саласында біртұтас ғылыми-техникалық саясат жүргізетін республиканың 18 аймағында тармақталған филиалдар желісі бар.
Бірінші бағыты - стандарттау саласында қызмет көрсету.
Шаруашылықпен айналысатын субъектілерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетіледі, нормативтік құжаттардың жобалары әзірленеді.
Әрбір филиалда республикада шығарылатын өнімдер мен қызмет көрсетулердің номенклатурасы бойынша барлық шаруашылықпен айналысатын субъектілер үшін қол жетімді анықтамалық-ақпараттық қор жинақталған және толықтырылып отырады.Мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттардың автоматты деректер банкі кәсіпорындар мен ұйымдар үшін өнім өндіру кезінде және халыққа қызмет көрсетулерді ұсыну барысында маңызды және жедел ақпарат көзі болып табылады.
Екінші бағыты - салыстырып тексеру, калибрлеу, өлшем құралдарын жөндеу арқылы және республиканың ұйымдары мен кәсіпорындарына жоғары дәлдіктегі өлшеулерді орындауда тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету арқылы өлшемдердің бірлігін тәжірибелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Ұйым жұмысының ең маңызды үшінші бағыт - сертификаттау. ҰлтССО АҚ өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау, сапа менджменті жүйесі, экологиялық менеджмент, OHSAS, HACCP саласында жұмыс жүргізу құқығына аккредиттелген.
Сынау зертханалары өнімнің кең номенклатурасының сертификаттық сынауларының бірнеше түрлерін жүргізеді.Ұйымның қызмет көрсетулерінің сапа кепілдігі ұйым мамандарының жоғары біліктілігі және мол практикалық тәжірибесі болып табылады.ҰлтССО АҚ-ның барлық филиалдарында ИСО 9001:2000 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі енгізілген және жұмыс істейді.Ұйым мақсаты - барлық мүдделі тараптардың сұраныстары мен үміттерін қанағаттандыруға бағытталған жұмыстарды және қызмет көрсетулерді орындау кезінде сапаны басқару әдістерін үздіксіз толық жетілдіру.ҰлтССО АҚ-ның анықтамалық-ақпараттық қорында ұсынылатын қызмет көрсетулердің жылдам және жоғары сапалы болуына мүмкіндік туғызатын ауқымды нормативтік базасы бар. Нақты айтқанда, мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық және ұлттық сатндарттар, санитарлық нормалар мен ережелер, құрылыс нормалары және ережелері, ережелер, ұсыныстар, топтастырғыштар, директивалар және басқа да қағаз және сондай-ақ электронды тасушыларда ұсынылған нормативтік құжаттар.
Кәсіпорын тарихы Қазақстандағы метрология пайда болуынан бастау алып тамыры тереңге кетеді, яғни, Республикамыздың территориясында бірінші болып Семейде Омбылық өлшем және салмақты салыстырып тексеру палатасының мекеме-бөлімшесі ашылған өткен ғасырдағы жиырмасыншы жылдар. 1928 жылы ол Өлкелік палата болып қайта құрылды. Оның қызметі екі автономды республикаға - Қазақстан және Қырғызстанға таралды.
Республика астанасын Алматы қаласына көшіруге байланысты 1930 жылы Қазақтың өлшем және салмақты салыстырып тексеру палатасы деген атау алған Өлкелік палата Семейден Алматыға көшірілді.
1930 жылдан 1936 жылға дейінгі кезеңде республика аймақтарында бөлімдері ашылды.1950 жылы тың өлкесі құрылуына байланысты қарамағында Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан зертханалары және Целиноградта орталығы бар Тың өлкелік мемлекеттік өлшеуіш техникасы бойынша зертхана да құрылды.1965 жылы тың өлкесінің таратылуына байланысты, Тың өлкелік мемлекеттік өлшеуіш техникасы бойынша зертхана жабылды, ал оның базасында Стандарттарды және өлшеуіш техникасын мембақылау Целиноград облыстық зертханасы құрылды.1988 жылы стандарттарды және өлшеуіш техникасын мембақылау Целиноград облыстық зертханасы КСРО Мемстандартының 1988 жылғы 6-қыркүйектегі № 370 бұйрығымен Целиноградтық стандарттау және метрология орталығына ауыстырылды.
1992 жылы Целиноград қаласының атауы Ақмола деп өзгертілуіне байланысты орталық Ақмолалық стандарттау және метрология орталығы деп атала бастады. 1994 жылғы қаңтарда сертификаттау бөлімі ұйымдастырылды.
1999 жылы Ақмолалық СМСО Қазақстандық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығына қайта ұйымдастырылды.Жылдар сайын кәсіпорынның атауы өзгеріп отырды, бірақ шешілетін мәселелердің мәні, жалпы алғанда, сол күйінде қалды - стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша қызметтерді ажырамас кешенде ұсыну.Қазіргі таңда Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ - бұл стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызмет көрсету нарығының көшбасшысы.
ҰлтССО АҚ шаруашылықпен айналысатын субъектілерге өнеркәсіптік меншіктегі объектілерге (өнеркәсіптік үлгі, өнертабыс, пайдалы нұсқа және тауарлық белгі) күзет құжаттарын алу үшін тапсырыс әзірлеуде әдістемелік көмек және кеңес береді.

1.2 Кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттары

ҰлтССО АҚ стандарттау және ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы қызметі:
а) аймақтық стандарттау, метрология және сертификаттау жүйесін әзірлеу ісіне қатысу;
б) республика аймақтарында Қазақстан Республикасының Стандарттау туралы, Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы, Сертификаттау туралы заңдарына және халықаралық талаптарға сай стандарттау, метрология және сертификаттау саласында ғылыми-техникалық саясат жүргізу ісіне қатысу;
в) жыл сайынғы мемлекеттік стандарттау жоспарын құру бойынша ұсыныстар енгізу;
г) мемлекеттік нормативтік құжаттарды (НҚ), стандарттау және сертификаттау жүйесін сәйкестендіру, эталондық базаны жетілдіру бойынша халықаралық қызметтестікке қатысу;
д) техникалық жағдайларды (ТҚ) әзірлеу және сараптау;
е) стандарттардың, ережелердің, стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша ережелердің жобаларын әзірлеу және сараптау ісіне қатысу;
ж) өнімдерді өндіріске жеткізу бойынша жұмыстарға қатысу;
з) республика аймақтарында қолданылатын НҚ-ға стандарттау бойынша мемлекеттік жоспарға нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша ұсыныстар жасау мақсатында талдау жасау және бір іздендіру;
и) стандарттау және ақпараттық қамтамасыз ету саласында жекеше нысандағы әр түрлі ұйымдарға қызмет көрсету барысында шарт жасау негізінде кеңес беру және әдістемелік көмек көрстеу;
к) өнімдердің каталогтық қағаздарын (ӨКҚ) сараптау;
л) стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ҰлтССО АҚ-ның қызметін БАҚ-ға жариялау;
м) жекеше нысандағы әр түрлі ұйымдарға арналған іс-шараларға қатысу, ұйымдастыру және өткізу (семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, мәжілістер);
н) республика кәсіпорындарында сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және қолданысқа ендіру ісіне қатысу.
ҰлтССО АҚ-ның стандарттау саласындағы бәсекелестері:
Мемстандарт өкілеттік берген төмендегі бағыттар бойынша монополист болып табылатын Қазақстандық стандарттау институты РМК мемлекеттік кәсіпорны: ҚР жекежәне заңды тұлғаларын өз компетенциясы шегінде стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша ақпараттарды әзірлеу, НҚ, каталогтар мен сілтемелерді басып шығару және қайта басу, НҚ жариялау және олармен қамтамасыз ету, өнімдердің каталогтық қағаздарын және техникалық жағдайларды тіркеу, шет елдік НҚ-ларды есеп жүргізіп тіркеу;
б) иелігінде стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша НҚ-ның анықтамалық-ақпараттық қоры бар, НҚ әзірлеумен айналысатын және стандарттау саласында қызмет көрсететін мемлекеттік және акционерлік кәсіпорындар, мысалы Қазақстан Темір Жолы Ұлттық Компаниясы АҚ, Сауда-өндіріс палатасы, Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана, стандарттау бойынша техникалық комитет және т.б.
ҰлтССО АҚ-ның метрология саласындағы қызметі:
а) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу, метрологиялық аттестаттау;
б) өлшем құралдарын жөндеу, дәлдеу;
в) өлшем құралдарын сынақтан өткізу ісіне қатысу;
г) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау;
д) өлшем құралдарының әдістемесін метрологиялық аттестаттау;
е) метрология саласында нормативтік құжаттарды әзірлеу;
ж) заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне ғылыми-әдістемелік және техникалық көмек көрсету;
з) метрологиялық қызметтерге өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу, өндіру және жөндеу құқықтарын беру үшін аккредиттеу және лицензия беру барысында олардың жай-күйін сараптық бағалауға қатысу;
и) шаруашылықпен айналысушы субъектілердің аналитикалық, өлшем жүргізу және сынақ лабораторияларында өлшемдердің жай-күйін бағалау.
ҰлтССО АҚ-ның метрология саласындаға бәсекелестері:
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және жөндеу құқықтары бойынша аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері;
Сертификаттау және тауарлардың шығу тегін сараптау саласындағы бәсекелестері:
өнімдерді, қызметтерді, өндірісті және сапа жүйесін сертификаттау;
өнімдерді (с.қ. сертификаттық) аккредиттелген жеке сынақ лабораторияларының базасында сынақтан өткізу;
тауарлардың шығу тегін сараптау;
Бәсекелестер:
республика бойынша (17.02.2004 ж. жай-күйі бойынша. Сертификаттау бойынша аккредиттелген органдардың және СЛ реестрі) барлық сертификаттау саласында - сертификаттау бойынша 81 орган және 281 сынақ лабораториясы (сынақ орталықтары);
тауарлардың шығу тегін сараптау бойынша - Сауда-өндіріс палатасы, Сараптама ПВ ЖШС; КазЭкспоАудит ААҚ, ЦСПУ, Kazgrain inspektion ЖШС, Казагроэкс және Барс-5 ЖШС.
Акционерлік қоғамның негізгі қызметінің барлық түрлері бойынша (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу табысына позитивтік және негативтік әсер ететін факторлар.
Стандарттау және ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы бәсекелестер:
Шағын және орта бизнес өкілдерінің көбеюі және отандық және ҚР аумағында қызмет ететін шаруашылықпен айналысушы субъектілер арасында бәсекелестікті арттыру стандарттау саласындағы қызмет көрсетулердің табысына позитивті әсер ететін фактор болып табылады.
Қазақстан Республикасын Индустриалдық-инновациялық дамыту стратегиясын іске асыру да позитивтік фактор болып табылады, себебі осы стратегияға сәйкес шығарылатын өнімнің және көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптар халықаралық талаптарға сай болуы тиіс, осыдан келіп кәсіпкерлер өнімді өндіріске бекіту, НҚ әзірлеу және сараптау, СМЖ қолданысқа ендіру, жаңа технологияны ендіру, қолданыстағы НҚ-ны пайдалануға алу және т.б. іс-әрекеттер бойынша кеңес беру сияқты мәселелер бойынша тілек-талаптар білдіреді.
Қызмет көрсету табыстарының төмендеуі ТЖ және ӨКҚ сараптау және тіркеу бойынша жұмыстардың бір бөлігі Мемстандарттың Мемлекеттік бақылау бойынша аймақтық органдарына және Қазақстандық стандарттау институты РМК-ға берілуіне байланысты, сонымен қатар 2003 жылдан бастап өнімдер мен қызмет көрсетулердің жекелеген түрлеріне мемлекеттік стандарттар әзірлене бастады және қолданысқа енгізіле бастады, яғни өнімдердің қайсысына болмасын ТЖ әзірлеудің қажеті болмай қалды.
Метрология саласындағы бәсекелестер. Позитивтік факторлар:
- филиалдардың метрологиялық қызметтері ұйымдар мен кәсіпорындардың пайдаланатын өлшем құралдарының 50%-на жуығын салыстырып тексеру ісімен қамтамасыз ете отырып республиканың барлық аумақтық және облыс орталықтарында әрекет етеді.
Негативті факторлар:
- салыстырып тексеру құралдарының басым көпшілігі 20 жылдан астам пайдаланылады, бұдан кейін моральдық ескіреді;
- отандық құрал өндіру ісінің республиканың жаңа өлшем құралдарына деген сұраныстарын өтей алмайтыны, осыдан келіп біз қажетті өлшем құралдарын алыс және таяу шет елдерден сатып алуға мәжбүрміз.
- өлшем құралдарының кейбіреулерін салыстырып тексеру үшін өлшем құралдарын уақытша шетке шығару және шеттен әкелуді кедендік ресімдеуге байланысты көп қиыншылықтар туғызатын республикадан тыс аймақтарға шығарудың қажеттілігі, сонымен қатар республикадан өлшем құралдарын салыстырып тексеруге жұмсалатын үлкен ақша қаражатының бөлінуі;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына ҰлтССО ААҚ-дан басқа әр түрлі меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындарға қарасты 150-ге жуық метрологиялық қызметтер аккредиттелген.
Сертификаттау және тауарлардың шығу тегін сараптау саласындағы бәсекелестер:
Позитивті факторлар:
міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту (ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі);
өнім түрлері бойынша сынақ лабораторияларын құру;
қолданыстағы лабораторияларды қазіргі заманғы құралдармен жабдықтау;
филиалдардың аккредиттеу салаларын және олардың сынақ лабораторияларын ұлғайту;
филиалдарды халықаралық деңгейде аккредиттеу;
түрлі бағытта, сонымен қатар халықаралық деңгейде сертификаттау бойынша сарапшы-аудиторларды даярлау.
Негативті факторлар:
міндетті түрде сертификаттау ға жататын өнімдер мен қызметтер номенклатурасының қысқартылуы;
сертификаттау және сынақ лабораториясы бойынша жекеше және басқа органдар санының көбеюі.
ҰлтССО АҚ аккредиттеу саласына Қазақстан Республикасындағы міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен қызмет көрсетулердің барлығы дерлік енеді, ал нақты айтсақ:
- ауыл шаруашылығы өндірісі және тамақ өнеркәсібінің өнімдері;
- парфюмерлік-косметикалық өнімдер;
- жеңіл өнеркәсіп өнімдері;
- құрылыс материалдары;
- буып-түйетін заттар;
- халық тұтынатын тауарлар;
- тұрмыстық химия тауарлары;
- электротехникалық, радиотехникалық, электронды бұйымдар;
- металлургиялық өнеркәсіп өнімдері;
- газ;
- мұнай химиясы өнімдері;
- қызмет көрсетулер (қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, туристік, техникалық қызмет көрсету және автокөлік құралдарын жөндеу, мұнай өнімдері базалары және ЖҚС, химиялық тазарту);
- OHSAS;
- HACCP.
ҰлтССО АҚ тауардың шығу тегін сараптау бойынша қызмет көрсетеді.
ҰлтССО АҚ республикадағы зергерлік бұйымдарды сынамалау және таңбалауды жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады.
ҰлтССО АҚ-ның республиканың барлық аймақтарында сынау зертханалары желісі бар. Өтініш берушілердің қызмет көрсетулеріне азық-түлік, электротехникалық, құрылыс, өнеркәсіптік тауарларды сынау бойынша 28 аккредиттелген зертханалар, сонымен қатар бұзбай бақылау зертханасы және сынама палатасы бар. Республиканың 18 аймағындағы филиалдардың ауқымды желісі, өз құрамында метрологиялық қызметтері, сынау зертханалары, стандарттау және тауардың шығу тегін сараптау қызметтері бар сәйкестікті растау бойынша органдары (СРО) Қазақстандағы өндірістің дамуына мүмкіндік туғызып, техникалық реттеу және метрология саласында біртұтас саясат жүргізіп отыр.

1.3 Бетон құрылыс өнімі және оның түрлері

Сапа обьектілерінің сипаттамасы және қасиеттері адамдар үшін үлкен практикалық мәнге ие. Сондықтан адамдармен қарым - қатынастағы барлық заттардың сапасын бағалау сұрағы ең маңыздылардың бірі болып табылады. Алғашқы өнімнің сапасын бағалау жағдайы б.з.д. ХVI ғасырда болған Крит аралдарының саудагерлері өздерінің бұйымдарын арнайы белгімен белгілеп көрсетеді.
Бұл олардың тауарларының жоғарғы сапасын куәландырады. Бірінші тауартану кафедрасы 1549 жылы Италияда Падуан университетінде ұйымдастырылды. Қазіргі таңда құрылыста кірпіштердің әр түрлі түрлері қолданылады. Олардың түрлі үлгілерін ажыратуға кірпіштерді қасиеттері, қолданылатын материалына, тағайындалуына байланысты классификациялау көмектеседі. Кірпіштің көптеген қасиеттері цементтік тас тығыздығы әсер ететін өлшем тығыздығы, толтырғыш түрі, кірпіш құрылымына байланысты.
Бетон, құйматас - жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.) кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады. Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады.
Бетонды (французша beton, латынша bіtumen - тау шайыры) алғаш рет ертедегі римдіктер күмбез, арка сияқты әсемдік-сәндік құрылыстарда пайдаланған. Рим империясының күйреуімен бетонды пайдалану тоқтап, тек 18 ғасырда Батыс Еуропа елдерінде қайта қолданылды. 20 ғасырдың 40-жылдарынан бастап құрылыстың қарқынды дамуына байланысты Қазақстанда бетон кеңінен пайдаланыла бастады. Қазіргі уақытта Теміртау мен Павлодарда кеуек бетон, Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Атбасар қалаларында керамзит бетон, ал Теміртау қаласында отқа төзімді бетон өндіріледі. Бетон құралымдар мен бұйымдар - үйлердің, ғимараттардың және құрылыстардың бетоннан жасалған арматурасыз не жеңіл арматураланған құралымдық элементтері.
Бетонның созылу беріктігі аз болғандықтан, бетон құралымдар мен бұйымдар, көбінесе, сығушы күштер түсетін жерлерде қолданылады. Бетон құралымдар мен бұйымдардың кең тараған түрлеріне: іргетастар, тастар мен қабырғалық блоктар, гидротехникалық құрылыстар, бағандар, күмбездер, көпірлік тіректер, жол және тротуар төсеніштері, т.б. жатады. Ал құралымға созу күші түсетін жағдайда бетон құралымдар мен бұйымдарға болат арматура қосылады. Бетон мен арматура қосылып жасалған құралымды темір-бетон құралымдар дейді. Зауыттарда дайындалатын бірдей стандарт элементтерден құралған құрама бетон құралымдарды құрылыстарда пайдалану өте тиімді болып есептеледі. Ірі құрылыстар мен ғимараттардың құралымы әдетте тұтас бетоннан жасалады.Бетон құралымдар мен бұйымдарының көпшілігі жоғары механикаландырылған және автоматтандырылған кәсіпорындарда дайындалады да құрылыс алаңына арнайы автокөлік түрлерімен жеткізіледі.
1 суретте бетонның классификациясы берілген. Толығырақ тоқталатын болсақ.

БЕТОН
құрамындағы байластырғыш түріне қарай
орташа тығыздығына байланысты
қолдану түріне қарай
1.органикалық емес;
2.органикалық

1. аса ауыр;
2. ауыр;
3. жеңіл;
4. өте жеңіл.
1.құралымдық;
2.құралымдық-жылу оқшаулағыш;
3.жылу оқшаулағыш;
4.арнайы жасалған;
5.гидротехникалық;
6.жол бетоны.
құрылымы бойынша
1.басты сипатында;
2.қаты;
3.жұмыртқа тәрізді;
4.ірі басты сипатында.

1 сурет. Бетонның құрылыс материалының түрлері

Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай:
Органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар); Органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі.
Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты:
Аса ауыр (2500 кгм3-ден жоғары); Ауыр (1800 - 2500 кгм3); Жеңіл (1800 - 500 кгм3); Өте жеңіл (500 кгм3-ден төмен) болып бөлінеді.
Қолдану түріне қарай:
Құралымдық; құралымдық-жылу оқшаулағыш; жылу оқшаулағыш; арнайы жасалған бетондар (отқа радиациялық қорғану, ыстыққа төзімді т.б.) болып ажыратылады;гидротехникалық - платиналарға, су қоймаларына; жол бетоны - адамдар жүруге арналған жол жиектері, аэродромдық және жол төсеулері.
Құрылымына қарай:
Босты сипатында - құрамындағы дәндердің арасында ауаның молекулалары да кездеседі; Қаты - құрамындағы дәндердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысқан; Жұмыртқа тәрізді - құрамындағы ауа молекулалары белгілі-бір реттілікті түзеп, ұяшық түзе байланысады; Ірі басты сипатында - ауа молекулалары бейберекет сипатта орналасқан бетон түрі. Осы аталған түрден басқа бетон тағы екі ірі топқа жіктеледі: конструкторлы және арнайы. Конструкторлы түр ғимараттың шегаралық конструкторларында пайдаланады. Оларға негізгі талап ретінде механикалық сипаттамасы сұралады. Арнайы бетондарға белгілі бір мақсатқа қажет сипаттамасына ие бетон түрлері кіреді. Мысалы, гидротехникалық, ыстыққа төзімді, радиациялық қауіпсіз, химиялық тұрақты, және т.б.

1.4 Бетон дайындау технологиясы

Бетонның негізгі құрамы 4 компоненттен тұрады. Бұл әдетте цемент және су. Сонымен қатар бұл материалдардың басты құраушылары болып ірі және ұсақ толықтырғыштар да саналынады. Ірі толықтырғыш ретінде әдеттте қиыршық тастар, ал кішілі толықтырғыш ретінде құм алынады. Сенімді және өміршең ғимараттарды салу үшін күллі мәселелеріне дейін қарастырылған, жобаланған бетонды пайдаланған жөн.
Бетон дайындау технологиясы жылдан жылға жетіліп келеді. Бетон компоненттерінің дұрыс қатынасы нәтижесінде ғана сапалы және берік бетон алуымызға болады. Бетон өндірісі кезінде келесі үрдістерді жіті бақылау қажет.
Бетон құрамына әдетте әртүрлі фрапкция толықтырғыштары кіреді. Толықтырғыш фракциясы аз болғанг сайын бето тығызырақ болады, сәйкесінше сапасы дп жоғары болмақ.
Бетон бір уақытта қою әрі пластикалық бола алуы керек, ол оны қалау үрдісін жеңілдетеді. Сонымен қатар бетон тығыздығы аз болған сайын ол арқылы тұрғызылған ғимарат беріктірек болатынын естен шығармау қажет.
Бетон құрамындағы цемент оңтайлы түрде қолданылуы тиіс. Себебі ол жеткіліксіз болса бетон тығыз емес, ал ол артық кетсе қажетсіз шығындар болады.
Су - бетон құраушы элемент ретінде қышқылдар мен тұздардан ажыратылады, керісінше жағдайда бетон сапасы күрт төмендеп кетуі мүмкін.
Бетон сияқты материалдың дайындалу технолгиясында бектілген нормалар қатаң сақталуы тиіс. Дұрыс емес пропорциялар, дайындау уақыттары және өзге де факторлардың дұрыс сақталынбауы бето сапасына айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін.Бетон құрылыста сонау антика дәуірінен бастап қолданылып келе жатыр. Бетонды ойлап табушылар ежелгі ридіктер, сол уақытта салынған бетоо ғимараттары бүгінгі күнге дейін тұр. Жаңа заманғы бето дайындау технологиясы оның сапасына әәсерт ететін әртүрлі факторларды есепке алуды қажет етеді. Біздің уақытымызға дейін бетон дайындау үрдісі ғалымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Негізгі компоненттер байланыстырушы зат (ценмент), толықтырғыштар (қиыршық тас), және су болып табылады.
Қиыршық тас - тау тастарын жасанды үгітуден, гравий - тау тастарының жел және су эрозиясы әсерінен үгітілуінен болады. Цементпен химиялық реакцияға түсетін зиянды заттар үлкен қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл қоспалар толықтырушылар арасынан жуу арқылы алынып тасталынады. Кеуекті құрылымға ие ірі толоықтырушылар қатарына вулкандық шлактар мен пемза да кіреді. Оларды қолдану кезінде ценменттің шоғары шығындалуын есепке алу қажет. Бетонның жоғары сапасына қол жеткізу ірілі ұсақты толықтырғыштардың қатынасын дұрыс таңдауға байланысты. Майда толықтырғыштарға құмның іртүрлі типтері жатады, олар қопсытылған тау үгінділерінен болады. Көп жағдайда құм дәнекетері кварцтелген болады, ал олардың өлшемдері 55 мм-ден аспайды. Құмды да қолданар алдында бетон беріктігін төмендететін әртүрлі қоспалардан (гипс, сульфаты, балшық, шаң). тазарту мақсатында алдын ала жуып алды. Бетон дайындау үрдісінің маңызды компоненті әртүрлі зиянды қоспалардан, гипстен, қышқылдардан тазартылған су. Көп жағдайда қажетті тазалаудан өткен ас суы пайдаланылады. Кейбір шектік жағдайларында техникалық суда қолданылуы мүмкін, бірақ бұл су қосымша химиялық анализден өтуі керек. Және соңындағы маңызды байланыстырушы элемент - табиғи шикізат пен жасанды қоспаның күйдірілуінен алынатын ценментті клинкерді үгіту әдісмен алынған ценмент. Цементтің минималды шығындалуына қол жеткізу және цемент сапасын жоғалтпас үшін өндіріс технологиясының барлық шарттарын сақтау керек. Бетон дайындау үрдісіндегі цемент шығынының нормативі ҚЕжН (СНиП) бекітілген. Бетон дайындаудың соңғы кезеңінде шикізат ретінде қолданылатын барлық элементтерден бірыңғай қоспа дайындап алу қажет. Біркелкі құрамға қол жеткізу үшін бетонды қоспа орнында оны мұқият араластрады. Оны қалыпқа құю орнына жеткізілгенше бетонараластырғышта араластырып отырады. Бетонның арнайы типтерін дайындау үшін арнайы ерекше технологияларды қолданады.
Бетон араласпасы деп - рационалды жасалған және біртекті араластырылған бетон компоненттерінің араласпасын атаймыз. Бұйымды өндіру тәсіліне қарамастан және бетон түріне қарамстан бетон араласпасы төмендегі талапқа жауап беру керек:
Тасымалдау, түсіру, қалыптау кезінде бастапқы беріктігін сақтау.
Бұйымды қалыптау тәсілімен талаптарына сай жайғасымдылығы.
Бетон араласпаларын жаңа дайындалған кездегі қасиеттері бойынша 2-ге бөледі: Жылжымалы - дайындалған кезінде оңай араластырылады, және көбінесе қалыпты ауырлық күші әсерәмен толтырылады. Жылжымалы төмен қатты қалыпты толтыру үшін міндетті түрде механикалық араластырғышты қажет етеді. Бұл екі араласпалар өздерінің құрылымы сыртқы күйі, құрамы бойынша ерекшеленеді. Бетон араласпаларының қасиеттері негізінен араласпа құрамына және бастапқы құрамдас материалдарға байланысты. Толтырғыштардың, түйіршіктердің құрамы, тығыздығы, кеуектілігі т.б. қасиеті бетон беріктігіне әсер етеді. 1. Араласпадағы судың бастапқы көлемі. 2. Цементтің көлемі. 3. Толтырғыштың түйіршіктерінің құрамы.
Бетон араласпаларының құрамын есептеу абсолютті көлемдер тәсілі бойынша жүргізіледі, басқа сөзбен айтқанда бетон араласпаларының барлық компоненттерінің қосындысы 1000 метр деп есептелінеді.
Су цемент қатынасы бетон беріктігінің жалпы байланыстылығынан анықталады.

немесе
А және АI коэффициенттері толтырғыштың қасиеттеріне байланысты белгіленеді. Толтырғышты қалыпты деп белгілеп А=0,6; АI=0,4 деп белгілейміз Rб=400, Rц=500 болғандықтан: ;
Судың шығынын кестеден аламыз (3,18) В=210 мм3. Цемент шығыны келесідей анықталады.

Толтырғыштың шығыны (1 м3 кететін кг) келесі формуламен анықталады: Щ= мұндағы: γщ-толтырғыштардың үйме тығыздығы, кгдм3
Ал α - коэффициентін кестеден аламыз. (2. 12 бет)
Сонымен Щ
Құмды бадамнан аламыз, оның ρn кестеден аламыз. . Құмның шығынын мына формуламен есептейді: 265=639,6 кг.

Конвейрлі технология, конвестрлік байлықтар (мения) сақына тәріздес тұйық жолдармен қозғалатын вагондардан тұратын немесе қалыпты дайындау, арматуралау, бұйымды қалыптау және буменөңдеу операциясы ретінде орындалатын қозғалмалшы шексіз лентадан тұратын конвестер болады-Конвестерді байлығымен өндірілетін бұйым шамасымен жұмысты постарынан белгілі бір ритммен жылжып отырады.
Конвестердің байлығы мен өндірілетін бұйым шамасымен өндірістік циклда толық орындап шығуға есептелген. Салмағы ауыр конструкцияларды өндіру процесінде бу өндіру камерасы конвестерлі байлықтардың астында емес жанында орналасады.
Конвейерлі байлықтарды байлықтардың (ерекшелігі) кемшілігі.
1. Күрделі қаржы өте көп кетеді
2. Технологиялық икемсіздігі.
3. Т.б.
Конвейерлі бойлықтың артықшылығы:
1. Еңбек өнімділігі өте жоғары
2. Өндірістік процестерді толық механикаландыру және автоматтандыру мүмкіндігі жоғары Агрегат-ағымды технология
Темірбетон заводтарында кең қолданылады. Конвейерлі технологияның айырмашылығы мынандай. Қалыптағы бұйым ағыммен қозғала отырып, барлық посттарды емес, тек қана осы бұйымды өндіру үшін қажетті посттарда тоқтайды. Және әр постта тұратын уақыты орындалатын операцияға қажетті уақытқа байланысты әртүрлі болады. Бір цехтың ішінде әртүрлі бұйым өндіруге болады.
Қалыптардың жылжуы мен тоқтауының ритмі болмағандықтан бір постта бірнеше операция жасауға және ол постқа қондырғы құралдарының топтастырып іріктеуге болады. Сонымен қатар қалыптарлы жылжыту саны азаяды, оларды тасымалдау жеңілдейді.
Артықшылықтары:
1. Технологияның икемділігі
2. Белгілі бір ритм болмағандықтан, бір посттағы авариялық тоқтаулар 2-ші постқа әсер етпейді.
Кемшіліктері:
1. Еңбек өнімділігі конвейерлі бойлықтан салыстырғанда өте төмен.
Стендтік технология.
1. Салмағы өте ауыр және габаридті икемсіз инструкцияларды өндіру үшін қолданылады.
Кемшілігі:
1. Еңбек өнімділігі өте төмен.
2. Кассеталық технология
Артықшылығы:
1. Өндірістік алаңды пайдаланудың коэффициенті өте жоғары.
2. Өндірістьік бұйымның бетінің сапасы өте жоғары.
3. Бір мезгілде бірнеше бұйым дайын болады.
Кемшілігі:
1. Панельдың биіктігі бойынша беріктігі бірдей емес.
2. Сегментация құбылысы болуы мүмкін.
Міне осы технологиялық бойлықты қарастырып бізге кран асты арқалықтарын өндіру үшін оны стендтік технологиямен өндіру тиімді болып келетіндігін анықтай аламыз.

Материалдар қоймасы
БАЦ Арм цех
Эстакада

Бетон тасымалдағыш
Майлау үшін қондырғы
Арба
Стендтік күшті термоқалып
1. Форманы тазалау
2. Жұмыс орнын майлау
3. Кернелген арматура
4. Кернелмеген арматура
5. Арматураны кернеу
6. Борттарды жалғастыру
7. Бетонды дайындау
8. Бетонды жалтыру
9. Жылумен өңдеу
10. Борттарды ашу
11. Бетонға кернеуді жіберу
12. Бұйымды алу
Қалыптау орны
Сетрежен
дер
Каркастар
Гидроданкрат
Вибрациялау
Ауыспалы вибрациялар
Сварка аппараты
Қалдықтар бадысы
Бұйымды маркалау
Автосамосвал
өзі жүретін арба
Қоқыс төгетін жер
Дайын өнім қоймасы
Арба

Бадыл
Эстакада

Бетон тасымалдағыш
Майлау үшін қондырғы
Арба
Стендтік күшті термоқалып
1. Форманы тазалау
2. Жұмыс орнын майлау
3. Кернелген арматура
4. Кернелмеген арматура
5. Арматураны кернеу
6. Борттарды жалғастыру
7. Бетонды дайындау
8. Бетонды жалтыру
9. Жылумен өңдеу
10. Борттарды ашу
11. Бетонға кернеуді жіберу
12. Бұйымды алу
Қалыптау орны
Сетрежен
дер
Каркастар
Гидроданкрат
Вибрациялау
Ауыспалы вибрациялар
Сварка аппараты
Қалдықтар бадысы
Бұйымды маркалау
Автосамосвал
өзі жүретін арба
Қоқыс төгетін жер
Дайын өнім қоймасы
Арба

Бадыл

Майлау материалдары. Қалыпты майлайтын майлар қолданар орнына байланысты тағайындалады. Әсіресе кран асты арқалықтарының қалыптарын майлау үшін эмуьсиялық майларды қолданғанымыз жөн. Бұл май бетон қоспсын цехвенда жасалады.
Оның құрамы 20 эмульсия ЭКС және 80 экстастың толықтырылған ерітіндісі.
Бұл ерітіндіні дайындау үшін сөндірілген экстасты арнайы бактарға жібереді, оған сонан соң 55...60 0С суды құяды және оны 6...7 0С ұстап тұрады. Сол температурада осылай дайындалған ерітінді сорғыш арқылы қоспаға жіберіледі, оған алдын - ала 50л эмульсиялды құйып қолды. Оны 30 минут араластырған соң, дайын майлағышты жұмыс істейтін технологиялық ағымды посттарға жібереді.
Бетонға қоспалар, Қоспаларды бұйымдармен конструкцияларды эксплуатациялау кезінде әр түрлі технологиялық және экономикалық жетістіктерге қол жеткізу мақсатымен таңдап алады. Цементті үнемдеу үшін әр түрлі технологиялық және экономикалық жетістіктерге қол жеткізу мақсатымен таңдап алады - цементті үнемдеу үшін әр түрлі қоспаларды қолдану керек. Оған сульфитті- дрожды бражка (СДБ) шайылған ерітін смола (ВИКП-1), СНВ, СПД, ЦИНИС-1 және де т.б.
Бетон араласпалары маркасы сипатталады.
Бетонның маркасы бұйымның төлқұжаттық сипаттамасы бойынша, ал жайғасымдылығы бетон араласпасын тығыздаудың таңдап алынған тәсілі бойынша толтырғыштың ірілігі келесі шарттар бойынша (δ-бұйымның қалыңдығы) және ; (h - арматура элементтерінің арасындағы саңлау) тағайындалады.
Цемент - құм араласпалары және құрамымен сипатталады немесе заводтың құрамды тағайындауға болады. Цемент - құм араласпаларына және басқа да әрлік материалдарға қойылатын арнайы талаптар әрлеу тәсіліне байланысты тағайындалады.
Кернелмейтін арматура қалыптау - құю цехына тор, жалпақ және көлемдік қаңқалар мен салынатын деталдар түрінде келеді. Оларға қойылатын негізгі талаптар ГОСТ 10922-75 көрсетілген.
Арматуралау технологиясын тағайындау оперативтік қор жасау және қалыптау құю бойлықтарында, жинақтау үшін арматураны толығырақ сипаттау керек.Қондырғы - құралдар мен ғимараттардың сипаттамасы.
Қалыптау - құю қондырғы - құралдарының құрамына бетон араласпасын жайғастыру, тығыздау және жаңа жайғастырылған бетонның бетін тегістеу үшін қажетті машиналар мен агрегаттар, барлық қалыптау құю посттарына (жылумен өңдеу) қызмет көрсететін қатынас көлік құралдары (крандар, ральгантар, конйерлер, жайғастырғыштар,бетон тасымалдайтын және басқа да арбалар, өзекті арматураны электрмен қыздыратын қондырғылар, бухта ұстағыштар, сым және ширатпа пакеттерді жинақтауға арналған конвейерлер, арматураны керетін қондырғы құралдар, бұйымдарды аударыстыру, қалып вагонеткалар және басқа жабдықтар. Осының ішінде сым, ширатпа және арқан арматураларды дайындайтын қондырғылардың құрамын ажырату өлшеу, кесу, пакет жинау, операцияларын орындайтын механизмдер).
Уақытша анкерлік құрылғылар немесе инвентарь қыспақтар, арматура элементтерін қалыпқа салып жеткізіп, жайғастыратын құрылғылар болуы тиіс.
Кернелетін өзекті арматураны дайындау және беріктеу арматура цехында жүргізіледі.
Қалыптау - құю, қондырғы-құралдарының құрама темір бетон араласпасын жайғастыру, тығыздау және жаңа жайғастырылған бетонның бетін тегістеу үшін қажетті машиналар мен агрегаттар, барлық қалыптау құю посттарына (жылумен өңдеу, шегенсіздендіру және әрлеуді қоса есептегенде) қызмет көрсететін қатынас көлік құралдары (кран), (рангангтар, конвейерлер, қалып жайғастырғыштар, бетон тасымалдайтын және басқа да арбалар, өзекті арматураны электрмен қыздыратын қондырғылар, бухта ұстағыштар, сым және ширатпа пакеттерді жинақтауға арналған конвейерлер, арматураны керетін қондырғы құралдар, бұйымдарды аударыстыру, қалып вагонеткалар және басқа жабдықтар. Осының ішінде сым, ширатпа және арқан арматураларды дайындайтын қондырғылардың құрамын ажырату өлшеу, кесу, пакет жинау, операцияларын орындайтын механизмдер.
Уақытша анкерлік құрылғылар немесе инвектор қыспақтар, арматура элементтерін қалыпқа салып жеткізу, жайғастыратын құрылғылар болуы тиіс.
Кернелетін өзекті арматураны дайындау және беріктеу арматура цехында жүргізіледі.
Қондырғы құралдардың техникалық сипаттамасы.

Рс
Машина, қондырғының аты
марка
өнім-ділігі
Масса-сы
Қуаты
Габарит өлшемдері
Дайын-даушы завод

Ұзындық
ені
биіктігі

м3
кг
кВт
см
см
см

1
Бетонораздатчик
СМЖ 17А

6,7 г
14,1

2
Гидроданкрат
СМЖ 84

625 кг

3
Мостовой кран
СМЖ 86

240 кг
до 50 т

Виброалаңдар қалыптағы бұйымның өлшемдері мен жүк көтергіштігіне қарай сайланып алынады. Виброалаңның жүк көтергіштігі мына формуламен есептеледі.
Мұндағы: Qф - форманың (қалыптау) массасы.
Qб - бетон қоспасының массасы.
Qш - тасымалдағыштың массасы.
Қалыптардың шегі виброалаңның жиегінен 300 мм-ден артық болмауы тиіс.
Бетонжайғастырғыштар - виброалаңдар мен қалыптардың габарит өлшемдеріне және бункердің көлеміне қарай сайланады. Бункердің сыйымдылығы қалыптайтын бұйым көлемінен 1,154...1,3-есе артық болуы керек.
Бетонтаратқыштың бетонды босатар тесігінен қалыптанатын бұйымға дейінгі ара-қашықтық 500 мм-ден артық болмауы керек. Қалыптардың негізгі түрлерінің техникалық сипаттамасы, бұл гидроданкрат - данкраттың тежеу күшін арматураны керу үшін мына формуламен анықтауымызға болады: , мұндағы R - техникалық тежеу коэффициенті, n - бірдей кернелетін стендтердің саны. Р - жоба бойынша стержендердің кернеуі. η - гидроданкраттың пайдалы коэффциенті әсері. Ол (0,94-0,96) аралығында болады.
Поршеннің жүруі мына формуламен анықталады. S=(0,007-0,01)lа. Мұндағы lа - кернелетін арматура ұзындығы.
Қалып жайғастырғыштар-бұл жерде қолданылмайды. Кернелетін арматураны дайындау.
Алдын-ала кернелген ТББ-ы үшін көп жағдайда кернелетін арматураны дайындау арматура цехында жүргізіледі. Бұл мақсатпен арматура болатын түзулеу, түйістіру, кесу және анкерлер жасау жұмыстары іске асырылады.
Кран асты арқалықтары үшін А-III арматура түрін пайдаланады және де механикалық тәсілмен кернеледі.
Арматураны (өзекті) механикалық керу гидравликалық данкратпен іске асырылады. Арматураны стендтің және қалыптың тіректеріне керу конструкциясының түріне қарай әр арматураны жеке-жеке немесе топ-тобымен жүргізіледі. Стендтердегі арматураны керу 2 кезеңмен жүргізілгені дұрыс. Бірінші кезеңде арматура берілген күштің 40-50% - дей күшпен тартылады. Сонан соң керілетін арматураның орналасуының дұрыстығы тексеріліп, салынар деталдар, арматура торлары мен қаңқалары салынып қалыптың борттары жабылады.
Келесі кезеңде арматураны берілген жобалық күшпен 10 артық күшпен тартып 3...5 мин ұстап тұрады, содан кейін керу күшін жобалық күштің деңгейіне түсіреді.
Арматураның алдын-ала кернеулі келесі шарттарға сәйкес болуы тиісті өзекті арматура үшін δ0+Р=Rа''.
Сым арматура үшін δ0+Р=0,7Rа''.
Мұндағы δ - алдын-ала кернеудің есептік шамасы, МПа. Р - алдын-ала кернеуден келетін ауытқулар. МПа.
Rа'' - болаттың нормативтік кедергісі МПа.

Марка
Диаметрі
Қыздыру t-сы
Қыздыру ұзақтығы, минут

ұсталынатын
шектік

Ат-III в
35Гс; 25Г 2С
350
450
0,5...10

Шектік ауытқуы Р МПа

Кернелетін арматураның ұзындығы, м
Арматураны кәдімгі тарту кезінде
Арматураны автоматты түрде дайындау және керу кезінде
9,5
+- 70
+- 40

Қалыптау құралдарының техникалық сипаттамасы
Қалыптау құралдарының техникалық сипаттамасы
Қалыптың массасын кг-н мына формула бойынша анықтауға болады.
Мұндағы: α - темір қалыптардың орт. көрсеткіш (таб-н)
Sв - қалыптанатын беттің м2
Sпр - парлы рубашканың беттік ауданды қаптауы, м2
Gщд - бұйымның салмағы, т
N - кернелген арматураның қалыпқа беретін күші, м
l, в, h - ұзындығы, ені, биіктігі.
Жылумен өңдеудің келесідей тәсілдері бар.
- Бетон мен жылу жасағыштың тікелей әрекеттесуімен (шұңқырлы, саңлаулы және вертикаль камералар, автоклавтар).
Сонымен қатар бетон араласпасын алдынала бумен қыздырумен жүргізілетін:
- Бетонға жылудың контакт арқылы берілетін (вертикаль касета, термонашт, вибропрокат қосының саңылаулы камералар, жабық қалыптарға қолданылатын шұңқырлы камералар) жылумен өңдеу.
-Электр тогының көмегімен жылумен өңдеу (касета қондырғылары және горизонталь формаларындағы бетон арқылы бетон араласпасына алдын-ала қыздыру бункерлері (ток) арқылы ток жіберу сонымен қатар қалыпталған бұйымдағы бетонды сәуле энергиясымен және жылумен өңдеу ережелерінің сақталуын қамтамасыз ететін құрылғылармен және де жылу шығынын есептейтін, реттейтін, температура мен ылғалдылықты бақылайтын автоматты приборлармен жабдықталуы тиіс.
Ал кран асты арқалықтарда, термоформаларды қолданамыз, сондықтан жылу қондырғыларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бетон өнімінің қоспаларын сынау
Бетон цементтің түрлері
Құрылыс конструкциялары
Бетон және олардың жіктелуі,көбікті бетон өндіру технологиясы
Құрылыс конструкциялары және даму тарихы
Оңтүстік Қазақстан облысы шикізат материалдарыннан алынатын орташа тығыздығы 950 кг/м3 көбікті бетонның құрамын сұрыптау және көбікті бетон бұйымдарын дайындау технологиясы
Қадалы іргетас
Байланыстырғыш заттар
Ғимараттармен имараттардың техникалық жағдайын сынаудың акустикалық бағалануы туралы
“ІРГЕТАСТАР ЖӘНЕ НЕГІЗДЕР”
Пәндер