БАТЫС ЕЛДЕРІНІҢ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРІ


Мазмұны
1 ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ МӘНІ МЕН АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ
1. 1 Орталық банктің мәні мен мақсаты
1. 2 Батыс елдеріндегі Орталық банктердің функциялары
2 БАТЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АҚША-НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ
2. 1 Орталық банктердің ақша-несиелік саясатының әдістері
2. 2 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері
3 БАТЫС ЕЛДЕРІНІҢ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРІ
3. 1 АҚШ-тың банктік жүйесі және Орталық банкі
3. 2 Германияның банк жүйесі және Орталық Банкі Бундесбанк
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
5
5
6
9
9
12
26
26
30
36
38
КІРІСПЕ
Банк жүйесі - банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы. Бір жүйедегі банкілер несие, есеп айырысу операциялары мен өзгедей операцияларды жүзеге асырады, нормативтік актілермен реттеледі. "Қазақстан Республикасындағы банкілер және банк қызметі туралы" ҚР Заңына (1995) сәйкес Қазақстанда Банк жүйесі екі деңгейлі. Ұлттық банк мемлекеттің Орталық банкі болып табылады және Банк жүйесісінің жоғары (бірінші) деңгейіне жатады, айналысқа ақша шыгарады, оның міндеті - ұлттық валютаның - теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, коммерциялық банкілердің қызметін қадағалап, бақылау. Үлггық банкінің міндеттері, қызмет қағидаты, қүкықтық мәртебесі және өкілеттігі "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" ҚР Заңында (1995) белгіленген. Екінші деңгейдегі банкілерге коммерциялық банкілер жатады. Олардың міндеттері - клиенттерге (кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) түрлі қызметтер көрсету (несие беру, есеп айырысу, кассалық, валюталық, депозиттік, т. б. операциялар жасау) . [1]
Банктік жүйе - банктік операциялардың жалпы жиынын шоғырландырушы несие жүйесінің негізгі буыны.
«Ал банк - банк қызметін атқарушы, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. »(№10 1-бап 1-тар)
«Банк мәртебесі жоқ бірде бір заңды тұлға өзін «банк» деп атай алмайды және банк қызметімен айналыса алмайды»( №10 1-бап 3-тар)
Экономика саласындағы ақша және банк ісі проблемалары ең бастылардың бірі болып табылады. Кез-келген мемлекеттің экономикасының мықтылығы банк жүйесінің беріктігінен білінеді. Әсіресе жас мемлекеттер үшін банк жүйесінің жақсылап қалыптасуының зор мағыназы бар.
Шет ел экономисттерінің пікірінше : «Банк - басқа іскерлік ұйымдар сияқты, өз кірісін максималды түрде ұлғайту үшін жұмыс істейді. »(№6)
Мемлекеттің банк жүйесінің дамуына қарап мемлекет экономикасының қарқыны мен әлеуметтік жағдайын бағалай аламыз. Егер банк жүйесі дұрыс әрі тиімді болса, оның халқының да хал - ахуалы жоғарғы деңгейде болады .
«Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтікө экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай - ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің қаржы, ақша- кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банкілік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олрдың қызмет аялары банктік құқық құзыретімен қамтылатыны бүгінге көпшілікке мәлім. »(№8 3-б. )
«Мемлекет банк жүйесін қалыптастырған кезде, басқа дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенері сөзсіз. Дамыған мемлекеттердің банк жүйесі көптеген даму сатыларынан өтіп, өз экономикасына тиімді жолын таңдайды. »(№7) Банк жүйесінің күрделілігін түсіну үшін, АҚШ пен Германия сияқты алып мемлекеттердің банк жүйелерін қарастырайық.
Қазақстан Республикасының жетістігі Ұлттық Банктің қызметінің нәтижесі болып табылады. Ұлттық Банктік қызметі және жүргізіліп отырған саясаты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін әсері соншалықты, Парламент, Үкімент және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мәжілісінде басты мәселе ретінде қарастырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Батыс елдерінің Орталық банктерін талдау және олардың ақша-несие саясатына тоқталу.
1 ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ МӘНІ МЕН АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ
1. 1 Орталық банктің мәні мен мақсаты
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттілік беруі екінші деңгейлі банк жүйсінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эммисиялық құқығы негізінде эканомиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша қолма-қолсыз ақша массасы тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне эканомикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша-несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің опрацияларын басқару арқылы реттейді.
Қазақстан Республикасының орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО Мемкеттік банкінің Республикалық кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқы Қазақстан Мемлекетінің банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталды.
Ол республикадағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысулары Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізіледі, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады . Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелермен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Ол республиканың кез-келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқада бөлімшелерін ашуға құқы бар. Өз жұмысын Үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банкінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, бантік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер “Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы”, ”Вестник Нацианального Банка Казахстана” атты қазақ және орыс тілінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материялдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктік құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар және сєйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
1. 2 Батыс елдеріндегі Орталық банктердің функциялары
«Валюталық реттеу» түсінігіне нормативті актілерді жасап шығару, ақпарат жинау, валюталық заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзған тұлғаларға санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге асырады.
Бұл принцип - ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ықпалынан сенімді қорғау жолы.
Орталық банктің автономиясы егемен елдер заңдарымен бекітілген. Банктер жедел банктік қызметпен байланысты шешімдерді қабылдау кезінде үкімет пен атқарушы билік органдарынан тәуелсіз.
Ұлттық банк тек Қазақстан Республикасы Президентіне ғана есеп бере алды.
Кей жағдайда бұл Республиканың ұзақ мерзімді міндеттерінің қорғаушысы ретінде Ұлттық банк мүдделері үкіметтін қысқа мерзімді мүдделеріне сәйкес келмеуі мүмкін; үкімет болса мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында Ұлттық банктің несиелік ресурстарын осы тапшылықты жабуға пайдалануға тырысады (бұл Кеңес үкіметі кезінде жүйелі түрде жүргізілетін), ал бұл ақша айналымының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өршуіне себепкер болады.
Орталық банк елдегі ақша-несие саясатының жүргізілуіне толық жауап береді. Өз кезегінде ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің негізін құрайды. Сондықтан ақша-несие саясатын автономды түрде жүргізбейінше, республикадағы нарықтық экономиканың тиімділігі туралы сөз қозғауға да болмайды.
Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердің капиталы мемлекет иелігінде, алайда акционерлер ретінде коммерциялық банктер бола алады. Оларда да орталық банктер атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке ғана есеп береді.
Орталық банктердің автономиясы Батыс Германияда, АҚШ-та заң жүзінде бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты ақша айналысын сақтау мақсаттарына қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк туралы Заңға ғана бағынады.
АҚШ-тың несие жүйесінің жоғары органы болып табылатын - Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) мүшелерін - сенаттың мақұлдауымен президент тағайындайды және олардың қызметі жөніндегі келіспеушілік бойынша қызметінен босатылуы мүмкін емес. Басқарушылар кеңесі конгрессо алдында есеп беріп отырады.
Біздің еліміз бен шет елдердегі несие жүйесінің авто-номдылығының елеулі дәрежесі - экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама тәуел-сіздігінің негізгі жағдайы бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің ¥лттық банк қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципалдық мәні бар.
Президенттің «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заң күші бар жарлығында былай деп жазылған: «Жүргізіліп отырған мемлекеттік ақша-несие саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк:
а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заем алушының кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;
ә) осы шоттар бойынша үкімет жәрдемімен ашылған Қазақстанның халықаралық ұйымдарда мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты өзара келісілген шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қосымша несиелер береді».
Осылайша Үкімет, Ұлттық банктің басқа да клиенттері тәрізді әрбір несие бойынша қайтарымдылық, мақсатты-сипатының мерзімділігі және төлемдік шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады.
Үкімет әрбір несие бойынша нарықтық пайыздық мө- шерлемелері бар тапсырылатын бағалы қағаздар шығарады. I Оларды Ұлтгық банктен өтеп алу мерзімі алты айдан аспауы тиіс, бірақ бұл мерзімді Қазақстан Республикасы Парламенті жыл аяғына дейін ұзартыуы мүмкін.
АҚШ, Жапония, Англия, Канада және басқа елдерде іс жүзінде үкіметті тікелей несиелендіру жоқ; Германия, Голландия, Францияда заңмен шектелген, Австрияда үкіметтік несиеден заң алтын және конвертацияланатын валютамен 100% қамтамасыз етілуі талап етіледі.
2 БАТЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АҚША-НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ
2. 1 Орталық банктердің ақша-несиелік саясатының әдістері
Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
- айналыстағы ақша массасының көлемінің реттеу жолмен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
- кепіл берушісі үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
- Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
- Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
- Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасын оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
- ол банктерге несие беруге, банктердің пайда капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
- банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;
- Қазақстан Республикасы ресми мөлшемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
- Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуді әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшемелерін өзгертуге құқықтар береді;
- Қазақстан Республикасы есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлыќ түрін жүргізуге құқылы;
- Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату жєне айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге жєне олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
- Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
- Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырсуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
- Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға жєне оларды басқаруға қатысуға құқылы;
- Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассакциялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервін қорларын құрады;
- Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады жєне тұрақты түрде жариялайды;
- Ішкі жєне сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
- Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқығына ие;
- Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады; Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.
Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің эмиссиялануында шығарылады және банктерге сатьп, қолма- қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі - теңге болып табылады. Ұлттық банк банкоталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаны инкассациялау тәртібін орнатады. Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс. Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді. Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммєрциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығын шек қойылмайды.
Эмиссия - бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия - айналысқа банкноталармен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі - кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырусуларға ауысуы, бұрын әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.
Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялдаудың үлес салмағы банк касасында берілуі қысқарды.
Депозиттік банктердің эмисиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажетті потенциялын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі мүмкін. Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл - сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативі көбеюі орын алады. Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша базасы - бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер - бекітілген нормативтерге сєйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспондеттік шотында сақталынуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі.
Артық резервтер бұл банктердің Ұлттық банкідегі корреспондеттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспондеттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының қеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарынң көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қома-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.
Бұл - айналымдағы қома-қол ақшалардың банктерден тыс орналасқан байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикаға айналу жылдамдығына әсер етеді, мултипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды. Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар.
Ақша айналысының жылдамдығы экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі жоғарылайды.
Монетаризация деңгейі 1989 жылы Францияда - 68, 5%, Германияда - 64, 5%, Ұлыбританияда - 89, 1%, АҚШ - 77, 5%, Жапонияда - 116, 7% болды. Қазақстанда 1995 жылы монетаризация деңгейі 12%-ға жуық болды.
Ақша несие саясатының құралдары: пайыздық саясат, резервтік талаптар, несие операциялары, ашық нарықтағы операциялар, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету саясаты.
2. 2 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz