Заң және сот алдындағы теңдік - заңдылық принципі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ

1 Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі
2 Заң және сот алдындағы теңдік - заңдылық принципі
3 Мемлекет тарапынан танылған құндылықтардың Конституциядағы көрінісі

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

3

4
6

9

16
17

Кіріспе

Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру - қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.
Бұл орайда демократияны дамыту - меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат - жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт - қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткізудің алғышарты - бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған тұрақты демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру болып саналады.
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті.
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.
Реферат жұмысының мақсаты - барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі мәселесін қарастыру.
Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік мемлекеттердің мемлекеті мен құқық теориясына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.
1 Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі

Азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу барысында:
азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс;
заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншік нысанына және басқа да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен иммунитеті бар адамдарға қатысты азаматтық сот ісін жүргізу талаптары Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленеді.
Сот билігін жүзеге асырудың негізгі нысаны сот әділдігі болғандықтан, мемлекеттік қызметтің бұл түрі соттың мәжілістерінде істерді заңмен бекітілген сот өндірісі нысандарында қарап шешуін көзделді. Осыған байланысты, Конституциялық заңның ережесіне сәйкес, ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Мұнымен қоймай, сот ісін қарау тәртібі мен қаралуға тиісті өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды деп шек қояды.
Осыған байланысты Конституциялық заңның талабы бойынша, республикада қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға рұқсат етілмейді.
Тұлғаны қылмысқа байланысты кінәлі немесе кінәлі емес деп тану және осының негізінде оған қатысты айыптау немесе ақтау үкімін шығару; қаралған талап арызға қатысты шешім қабылдау соттың ғана құқығы.
Тек сот қана сот істеріне байланысты жаза тағайындай алады және басқа мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады.
Сот қаулыларын тек қана жоғарғы сатыдағы сот сатылары апелляциялық және қадағалау тәртіптерінде тексеріп, бұза алады немесе тиісті өзгерістер енгізу құқығын пайдаланады.
Сот әділдігін тек қана тәуелсіз судья (сот) жүзеге асыра алады деп ара қатынасы қарастырылып отырған принциптерді тығыз байланыстыруымызға болады.
Мұның өзі сот әділдігін (билігін) тек соттың жүзеге асыру принципі арқылы, сот билігін мемлекеттік механизмде заң шығарушы және атқарушы биліктермен қатар дербес, әсер ете алатын күші бар билік тармағы ретінде орнықтырады.
Соттың құзыреті мемлекет пен қоғамда пайда болатын барлық қатынастарға қатысты. Бұл дегеніміз, құқық нормаларымен реттелетін барлық қоғамдық қатынастар, дау пайда болса, соттың қарауына өте алады.
Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе ҚР АІЖК-де көзделген азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс
Заңдылықты іске асырудың мақсаты конституциялық құрылысты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, меншік түріне тәуелсіз, мекемелер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.
Конституцияның 79-бабы мен Конституциялық заңның 24-бабына сәйкес, республика соттары тұрақты судьялардан тұрады. 1995 жылы алғаш рет, Қазақстан заңында кеңес құқығының дәстүрлі тұрғыда судьяларды белгілі мерзімге сайлау принципінен ауытқу процесі жүргізіліп, судьялардың ауыстырылмайтындығы, яғни олардың өкілеттіктерін ешқандай мерзіммен Шектемеу принципі енгізілген болатын.
Мұнымен қатар, заң соттардың төрағалары мен алқа төрағаларына қызмет мерзімін 5 жылға шектейді. Алайда, осы мерзім аяқталған соң, олар мүлде өкілеттігін тоқтатады деген сөз емес. Егер, олар бұрынғы қызметтеріне немесе басқа соттағы осындай қызметке тиісінше, қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиісті соттың судьясы өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады.
Судьялардың ауыстырылмайтындығы принципіне сәйкес, олар заңмен белгіленген тәртіпте өкілеттіктеріне ие болған соң, сол заң белгілеген негіздер мен тәртіптерсіз судьяны ешкім де қызметтен босата және ауыстыра алмайды. Өкілеттіктерін тоқтата тұру мәселесі заңның шеңберінде (негіздері мен тәртіптерін ескеріп) істелінуі керек.
Мұнымен қатар, заңмен судьяны қызметінен босату және оның өкілеттігін тоқтату мәселелері қарастырылған, мына келесідегі негіздерге байланысты:
1) орнынан түскенде немесе өз тілегі бойынша судья қызметінен босағанда;
2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі болатын денсаулық жағдайы бойынша;
3) судьяны іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде;
4) осы судьяға айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғанда;
6) судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда;
7) судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа ауысқан жаздайда;
8) соттың таратылуын немесе өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, егер судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімен бермесе, тоқтатылады.
Судьяны қызметінен босату және өкілеттігін тоқтатудың басқа да негіздері мен тәртібі Конституциялық заңның 34-бабында қарастырылған.
Бұдан тыс, судья қызметінен, орнынан түсуі арқылы да кете алады.
ҚР АІЖК-нің 13 бабына сәйкес, азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс.
Келтірілген ережелер теңдік принципінің тағы бір жағын білдіреді: шексіз, барлық тұлғаларға тең құқықтар мен міндеттер стандарттарын қолдану қажет. Бұл дегеніміз әрбір азамат өзге азаматтармен бірге мемлекет немесе басқа тұлғалар жағынан қысым көрмей барлық конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қолдануы мүмкін және құқылы [2].
Сонымен бірге барлық азаматтар заң алдында тең. Ол дегеніміз, заңды бұзбау, заңды өз мүддесіне қарай қолдану, және заңды бұзғаны үшін заңи жауапкершілік барлық азаматтарға қатысты. Бұл ережеден тұлғаның әлеуметтік деңгейі, сінірген еңбегі т.с.с. бойынша жеңілдік болуы мүмкін емес.
Заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншік нысанына және басқа да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен иммунитеті бар адамдарға қатысты азаматтық сот ісін жүргізу талаптары ҚР Конституциясында, АІЖК-де, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленеді.

2 Заң және сот алдындағы теңдік - заңдылық принципі

Заң алдындағы теңдік азаматтық іс жүргізу құқық қатынастыры субъектілеріне қатысты бірдей қолданылатын құқықтың біртұтастығын білдіреді.
Сот алдындағы теңдік сот ісін жүргізуде сот алдында тараптар ретінде қатысатын азаматтардың, сот отырысында өздерінің мүдделерін қорғауға мүмкіндік беретін тең іс жүргізу құқықтарының болуын, және оларға әрекеттері үшін бірдей жауапкершілікке тартылу міндетінің болуын қамтамасыз етуі қажет. Сот көрсетілген заң ережелерін бұлжытпай орындауы керек.
Сонымен, бұл принцип тек азаматтардың құқықтары мен міндеттерін ғана емес, соттың да міндеттерін белгілейді. Сот алдындағы теңдік құқықтың заңдылық принципін толықтырады.
Бұл принцип АІЖК-нің 19 бабында белгіленген, оның мазмұны болып мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық,
коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 179-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.
Сотта істі қарау жариялылығы принципі, егер азаматтар іске қатысушы тұлғалар немесе куәгер болып, соған байланысты сот отырысы залынан тыс жерде болмаса, өзге он алты жасқа жетпеген азаматтарға қатысты емес.
Сот істі соттың жабық отырысында қарау туралы дәлелді ұйғарым шығарады.
Жабық сот отырысында істі қарау азаматтық сот ісін жүргізудің барлық ережелері сақтала отырып және іске қатысатын қоғамдық өкілдерінің, ал керек жағдайда куәлардың, сарапшылардың, мамандардың және аудармашылардың қатысуымен өткізіледі. Бала асырап алу туралы шешімнен басқа шешімдер тек жариялы түрде шығарылады.
Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысы ашық сот отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабық сот отырысында жария етіліп, зерттеледі. Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен алынған жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды зерттеген кезде де қолданылады.
Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейнетаспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін.
Жариялылық принципі сотқа тәрбиелік жұмысты атқаруға мүмкіндік береді. Бұл принцип азаматтық сот ісін жүргізудің ең маңызды мәселелерінің бірін - заңдылықты күшейту, құқықбұзушылықтың алдын алу, азаматтарды заңды орындау мен құрметтеу рухында тәрбиелеу шараларын жүзеге асыруға көмектеседі.
Мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты және өзекті мәселелердің бірі - мемлекеттік тілдің тәуелсіздігінде. Яғни, мемлекеттік тілдің мәртебесіне лайық еркін және кең тарапты қолданылуында. Олай болса, сот өндірісіндегі тіл принципіне тоқталсақ, бұны осылайша және ұлттық тіл принципі деп те атайды. Одан мағынасы мен бастысы бұл принциптің мақсаты өзгермейді.
Республиканың көп ұлтты факторы АІЖК-де де ескерілген. Бұл заңның 14-бабына лайық, азаматтық сот өндірісінде мемлекеттік тіл және онымен қатар орыс немесе басқа тілдер де қолданылады.
Іс бойынша сот өндірісінің тілін қылмыстық процесті жүргізуші орган аныктайды және бұл туралы қаулысын шығарады.
Іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін немесе ол тілді жетік білмейтін, сол іске қатысушы адамдарға өзінің ана тілінде немесе өздері білетін тілде арыз айтуға, жауаптар мен түсініктер беруге, тілек қоюға, шағым беруге, іс материалдарымен танысуға және сотта сөйлеуге, сондай-ақ АІЖК-і бекіткен тәртіпке сәйкес тілмаштың қызметін ақысыз пайдалануға құқылы екендіктері түсіндіріліп, қамтамасыз етіледі.
Баста айтылып кеткендей, тілдің тәуелсіздігі мемлекеттің тәуелсіздігі, мемлекеттік тілді қолданушы соттың (нақты судьяның) тәуелсіздігі бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар болуға тиісті. Сондай-ақ, демократиялық, көпұлтты мемлекеттің саясаты, құрамындағы басқа ұлт тілдерінің де жетіліп дамуына мүмкіндік туғызуы, бұл принциптің мазмұнын көркейте түседі.
Сот жүргізілетін тілді біледі деп, сол тілді құр түсінетіндерді емес, еркін сөйлей алатындарды айтады. Сот құрамындағылардың немесе сот процесіне қатысушылардың біреуінің аудармашының міндетін атқаруына болмайды. Аудармашы адам істің шешімдеріне мүдделі емес, сот құрамы мен сот процесіне қатысы жоқ азамат болуға тиіс.
Қаралып отырған принциптің мазмұны мынадай қағидалардан тұрады: а) сот ісін көпшілік болып табылатын ұлттың тілінде жүргізу; ә) халық көпшілігінің тілін білмейтін іске қатысушыларды іс материалдарымен аудармашы арқылы толық таныстыру және сот ісін сол жерде жүргізу; б) мұндай адамдардың барлық сот істеріне аудармашының көмегімен қатысуы; в) олардың сотта ана тілінде сөйлеу мүмкіндігін беру.
Осылайша, бұл принциптің орасан зор саяси және тәжірибелік маңызы бар. Тіл принципі сотталушының барлық қорғану амал-тәсілдерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұнымен қоймай, процеске қатысушыларға және сот залында отырған жұртшылыққа зор тәрбиелік ықпал жасайды.
Азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында бұл принциптің мазмұны, заңдылықты іске асыратын орган ретінде сотқа қойылатын келесі шарт болып табылады: азаматтық-құқықтық және өзге азаматтық дауларды шын болған жайттарға толық сәйкес шешу, субъективтік құқықтар мен міндеттер жайлы дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін, осы жайттарға құқықтық баға беру (жіктеу жасау). Сотпен азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздерін дұрыс түсіну заңдылықтың аса маңызды шарты, сонымен бірге сот ісін жүргізудегі дәләлдеу қызметінің мақсаты болып табылады. Қарастырылатын принципке сәйкес, сот шешімі, іске қатысты жайттардың толық, жан-жақты, дұрыс заңи мәні фактілердің айнасы болуы керек, және талап бойынша іс жүргізуге қатысты тараптардың субъективтік құқықтары мен міндеттері жайлы дұрыс ой түйініне ие болуы қажет. Сонымен сот шешімі іс жайттарына сәйкес, заңды және негізді болуы керек. Бұл принципті бұзу шығарылған сот актісінің негізсіз болатындығынан, сот шешімінің күшін жоюға әкеп соғады [3].

3 Мемлекет тарапынан танылған құндылықтардың Конституциядағы көрінісі

Қолданыстағы Ата Заңымыздың бұған дейінгі конституциялардан басты ерекшелігі сол, Адам мүддесі алғаш рет мемлекет мүддесінен жоғары қойылды. Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары түбегейлі конституциялық құндылықтар ретінде бекітілді. Ата Заңымызға байланысты өзінің сөйлеген сөздерінде Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев: Біз құрастыратын Конституцияның өзегі етіп адам алынуы тиіс... - деп қайта-қайта атап өтті.
Жалпы құқықтық құндылық ретінде Конституцияда, заңдарда бекітілген, сот, өзге де құқық қолдану практикасында қалыптасқан адамның, қоғамның талап-тілегіне сай келетін, олардың мүддесіне қызмет ететін құндылықтарды айтамыз. Халықаралық актілерге, ішкі заңнамаға, құқық ғылымына сүйенсек, конституциялық құндылықтарға, ең алдымен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, әділеттілік, теңдік қағидалары, құқық пен заңдылықтың үстемдігі жатқызылады.
Еліміздің қолданыстағы заңдарында құндылық деген термин жиі кездеседі. Мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңда оның негізгі міндеттерінің бірі ретінде қоғам құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту қарастырылған. Білім туралы Заңға сәйкес білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарының бірі ретінде азаматтық құндылықтар анықталады. Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Заңда ұлттық құндылық деген ұғым қалыптасқан.
Конституцияның кіріспе бөліміне назар аударсақ Қазақстан Республикасының құрылуына берілген тарихи сипаттаманы көреміз. Ата Заңның кіріспесінде бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз деп жазылған. Бұл жолдар Қазақстан Республикасы киелі қазақ жерінде қалыптасып отырған үлкен тарихы бар мемлекет, еліміздің аумағындағы барлық ұлттар мен ұлыстар тарихи тағдырлас бір халық, біздің ұранымыз татулық, еркіндік, теңдік дегенді білдіреді. Қысқа ғана жолдардың ішінде терең табиғи құқықтық және философиялық мәні бар құндылықтар жатқанын ұға білгеніміз жөн.
Конституцияда орын алған адами құндылықтарды жалпылама түрде былайша топтау дұрыс деп ойлаймын:
1) әрбір адамға тумысынан жазылған құндылықтар (өмір сүру құқығы, әркiмнiң жеке бас бостандығы, еркін жүріп-тұру құқығы және т.б.),
2) мемлекет тарапынан танылған құндылықтар, яғни: адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі, кемсітушілікке тыйым салу, меншікке қол сұқпау, көзқарастардың саналуандығы, адамды құқықтары мен бостандықтарынан ешкімнің айыра алмауы, халықтың егемендігі және тағы басқалары.
Құқықтық мемлекеттің бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңдылық принципі
Қылмыстық құқықтың түсінігі. .Қылмыстық құқықтың принциптері(қағидалары)
Сот төрелігі ұғымы және Қазақстан Республикасындағы сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы институты
Қылмыстық процесс принциптерін жіктеу
Қылмыстық құқық. Қылмыстық құқық принциптері
Азаматтық іс жүргізудің қағидалары
Қылмыстық құқықтың санаттары
Мемлекеттің биліктің бірегей жүйесі
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МӘНІ
Қылмыстық процесс принциптері
Пәндер