Барлық адамдардың және заңды тұлғалардың заң мен сот алдындағы теңдігі принципі насихаттау жолдары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы - барлығының заң және сот алдындағы теңдігі туралы
2 Барлық адамдардың және заңды тұлғалардың заң мен сот алдындағы теңдігі принципі туралы жалпы түсінік
3 Барлық адамдардың және заңды тұлғалардың заң мен сот алдындағы теңдігі принципі насихаттау жолдары
4 Қазақстан Республикасында адам құқықтарының заңнамалық және институционалдық қамтамасыз етілуі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
5
8
12
13
20
22
Кіріспе
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты кезекті Жолдауын арнап, көпшілік көкейінде жүрген бірқатар мәселелерге қозғау салды.
Мемлекет басшысының Жолдауы - бірнеше бағытқа бөлінген кешенді жоспарлардың жиынтығы. Бұл стратегиялық құжатта егемен еліміздің болашақ бағыт-бағдары айқындалуымен қатар, 2050 жылға дейінгі даму жоспары мен оны жүзеге асыру барысы белгіленді.
Жылдың бас құжатында әдеттегідей экономикаға басым маңыз беріледі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жұмыс барысын елімізге енгізіп, жалпы ішкі өнімнің көрсеткішін жылсайын 4 пайызға арттыру қажет. Экспорттағы шикізат емес өнімдер үлесін 70 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік беретін ғылымға негізделген экономикалық модель енгізіледі.
Жалпы, Елбасының ғылымға негізделген экономикаға қолжеткізуді басты мақсаттардың бірі ретінде көрсетуі өте орынды.
Сондай-ақ, биылғы Жолдаудың өн бойынан шикізат әзірлейтін ғана ел болып қалмай, өндірістер ашып, өз өнімдерімізді тұтынуға шығармай толыққанды бәсекеге қабілетті ел бола алмайтындығымызды айқын аңғарамыз. Сондықтан индустриялық-инновациялық мемлекетке айналу мақсатымызға әрқайсымыз аянбай еңбек еткенде ғана қол жеткізетіндігімізді ұмытпағанымыз абзал.
Азаматтарымыздың орташа өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа дейін ұлғаяды. Мұның барлығы денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігі мен заманауи технологияның күшімен болмақ.
Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдері керек. Заң алдындағы теңдік - құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс.
Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс деп көрстелген.
Аса маңызды міндет - сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру.
Қазақстандық қоғамның маңызды құндылықтарын біріктіретін Мәңгілік Ел патриоттық актісі атты жаңа құжат жасалып, қабылданатын болды. Жасқа да, кәріге де ортақ, адамның тәжірибесі мен жекелеген қасиеттеріне қарамастан жан-жүрегін үнемі тербеп тұратын бір сезім бар, ол - Отанды қалтқысыз сүю. Мұнда үлкенге құрмет, кішіге ізеттің, салт-дәстүрге, тілге, дінге деген құрметтің де орны ерекше.
Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Бұл құндылықтар - уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі деген Президенттің сөздерімен келісемін.
Рефераттық зерттеу жұмысының мақсаты барлық адамдардың заң және сот алдындағы теңдігі туралы зерделеу.
Жұмысымның теориялық тұрғыдан мәнділігі берілген тақырыпты, әртүрлі тұрғы жағынан қарастырдым Оған түрлі көзқарастар, көптеген ғалымдар мен саясатшылардың көзқарастары мен тәжірибелері де қолданылды.

Адам құқықтары - маңызды ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылық, ал оның жүзеге асырылу деңгейі - мемлекеттегі қоғамдық құрылыстың алға басуы мен жариялығының негізгі көрсеткіші. Бүгінгі күні адам құқығы түсінігі күнделікті өмірде де, қоғамдық-саяси үрдістерде де кең пайдаланылуда, ол академиялық зерттеулерде де үлкен орынды иеленуде. Дегенмен, ғылымда, əсіресе саяси ғылымда бұл түсініктің жалпыға ортақ, бірыңғай анықтамасы жоқ.
Түрлі энциклопедиялардағы, сөздіктердегі, анықтамалықтардағы, ғалымдардың монографиялары мен мақалаларындағы осы түсінікке берілген анықтамаларға ғылыми саралау жасау адам құқығының түсінік, қағидалар, нормалар мен əдет-ғұрыптар жүйесі, еркіндік шегі ретінде айқындалатындығы жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді [1]. Осыған байланысты адам құқығын концептуалды түрде түсінуге бүгінгі күні осы мəселе бойынша ғылыми пікірталаста басымдыққа ие болып жүрген пəлсафа мен құқықтану үлкен үлес қосқанын айта кеткен орынды болар. Саяси ғылым өзінің салыстырмалы түрде жастығына байланысты бұл мəселеге кешірек бет бұрды.
Бүгінгі күні көпшілік үшін адам құқықтары əлемдік қауымдастықпен мойындалған ең жоғарғы құндылық болып саналады. Адам құқықтары терминінің өзі кең жəне тар мағынасында қолданылады. Тар мағынасында - бұл берілмейтін, тек мемлекетпен қорғалып кепілдік берілетін, мемлекет шекарасы мен конституциясынан тəуелсіз құқықтар. Оларға адамдардың заң алдында теңдігі, өмірге жəне өзіне ешкімнің тиіспеушілігіне құқығы, адамның қадір-қасиетіне құрмет, жөнсіз, заңсыз тұтқындаудан жəне ұстаудан бостандық, сенім жəне ар-ұждан бостандығы, ата-аналардың балаларына тəрбие беруге құқықтары, өзіне қысым көрсетушілерге қарсылық білдіру құқығы жəне т.б. Кең мағынасында адам құқықтары тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының барынша кең кешені мен əрқилы түрлерін қамтиды.
Адам құқықтары - бұл адамның өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған табиғи мүмкіндіктері, адамға қоғамдық өмірдің барлық салаларында қызмет ету еркіндігі мен қадір-қасиетті жəне əлеуметтік игіліктерді беруге кепілдік беретін саяси қатынастардың жүйесін бекітетін нормалардың жəне қағидалардың жиынтығы. Мемлекет адам құқықтарын заңдармен бекітеді жəне олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Адам құқықтары мəселесінің ең алдымен саяси мəселе екендігін айта кету қажет. Сондықтан адам құқықтары мəселесінде объективті, генетикалық тұрғыда саяси мазмұн болады. Жалпы адам құқықтары дегеннің өзі жоқ нəрсе, тек адам құқықтары туралы əлеуметтік-субъективтік ұғымдар, көзқарастар, теориялар, сонымен қатар, талдау объектісі ретіндегі (ең алдымен құқықтық) қолда бар əлеуметтік мүмкіндіктер, міндеттемелермен бірге оларға негізделген саяси, құқықтық, моральдық, əлеуметтік жəне т.б. нормалар бар.
Ұстанымдар мен нормалар тек өзіндік қажеттіліктері мен мүдделері бар əртүрлі топтар, таптар, ұлттар мен бөліністерге жататын адамдардың үнемі өзгеріске ұшырайтын жəне өсіп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандырудың шынайы мəселелері болып табылады. Адам құқықтары мəселесін əлеуметтік-құндылықтық, əлеуметтік-таптық талдаудың қажеттілігі, оны шешу жолдары мен адам құқықтары түсінігінің идеологияландырылған, саясиландырылған түрінің пайда болуы осыдан келіп шығады.
Біріншіден, аталған көзқарас жеке тұлғаның құқықтық мəртебесіне қатысты перманенттік конфронтацияны білдірмейді, сондай-ақ таптық көзқарасты абсолюттендірмейді. Керісінше, қазіргі кезде саяси талпыныстар мен саяси күштер өзара байланысты, олардың арасындағы саяси тайталастардың шегіне жеткен түрлерінің бүгінгі тұрақтылыққа қауіп төндіретіндігін ескеріп, əлеуметтік-саяси жүйенің сипатына қарамастан əр тұлғаның құқықтық жəне əлеуметтік жағдайына қатысты жалпы əлеуметтік, жалпы адамзаттық, жалпы демократиялық талаптардың жасалуы қажет етіледі. Екіншіден, мəселені бұлайша қарастыру адам құқықтарын толықтай жəне тұтасымен саясатқа телуді білдірмейді. Мораль, пəлсафа, идеология, дінмен кіріге отырып адам құқықтары мəселесі əртүрлі сипатта көрініс табады.
Əйтсе де, аталмыш мəселенің саяси мазмұны оның мазмұнындағы мəні зор жəне кең сипаттағы элемент болып табылады.
Саясат пен адам құқықтары мəселесінің ара қатынасын саралай отырып адам құқықтары мəселесінің адам құқықтарына қатысты шешілмеген түйіннің болуымен, ең бірінші адамдар арасында əлеуметтік мүмкіндіктердің болмауы жəне дұрыс бөліске түспеуімен байланысты қолданбалы-тəжірибелік сипатта орын алатындығын мойындау қажеттігін айтуға болады. Қалай десек те мəселенің бар екендігі анық жəне ол нақты тарихи нысандарға ие болады. Тарихи тəжірибе көрсеткендей, адам құқықтары мəселесін əртүрлі жолмен шешуге болады. Алайда тəжірибелік тұрғыда адам құқықтарына қатысты қандай да бір мəселені шешер болсақ олардың мүддесін қорғаушы ұйымдар мен адамдар топтарының мүдделерін де қозғай кету қажет болады.
Адам құқықтарына қатысты кез-келген тəжірибелік жəне теориялық мəселе терең саяси мазмұнға ие баршаға ортақ мəселелерді шешуге тікелей жəне жанама түрде тəуелді болады.
Мысалы, адамның мемлекеттік органдардың лауазымды ұлғаларының заңсыз əрекеттеріне сотқа шағым беруге жеке (саяси емес) құқығын жүзеге асыру сипаты қоғамдағы соттың беделі мен рөліне, сол мемлекеттің саяси өмірі мен мемлекеттік-құқықтық тəжірибесінде сот билік тармағының атқарушы биліктен қаншалықты деңгейде тəуелсіз екендігіне тікелей байланысты болады. Бұған адамның еңбек етуге құқығын да жатқызуға болады, себебі, бұл құқықтың орындалуы қоғам мен мемлекеттің осы əлеуметтік-экономикалық құқықты жүзеге асыруына, қоғам мен мемлекеттің əлеуметтік-саяси жауапкершілігі қағидасының жүзеге асырылуына тікелей байланысты. Осы қағиданың саяси тəжірибеде қызмет істеуі қоғамдағы саяси күштердің сəйкес ретке келтірілген кезінде ғана мүмкін болады, яғни еңбекшілердің өз құқықтары үшін күрделі саяси күресінің нəтижесі болып табылады.
Адам құқықтары нормативтік жəне институционалды (нақты) мазмұнда болады. Алғашқы мазмұнында олар халықаралық жəне ішкі саяси қатынастардың бағалау шарты ретінде кез-келген саяси жүйенің ұйымдастырылуына қатысты əмбебап талаптар сипатында көрініс табады. Осы көзқарас бойынша, адам құқықтары нақты мемлекеттің басқару режимі мен конституциялық жүйесінің сипатынан тəуелсіз əрекет ететін əмбебап саяси стандарттар мен нормалар түрінде əрекет етеді [2]. Бұл əрбір билік жүйесі бейімделуге тиісті талаптардың шоғыры. Əсіресе осы нормативтік жүйенің халықаралық қатынастардағы əрекеті көзге ұрады. Мысалы, ЕЫҚҰ құжаттарында адам құқықтарының сақталуы мəселесі жекелеген мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидасынан жоғары деңгейде қарастырылады. Бұл өз кезегінде Евроодаққа мүшелікке мүдделі барлық мемлекеттерді өз конституциялары мен саяси тəртіптерін, халықаралық аренадағы қызмет сипатын сəйкесінше өзгертуге мəжбүр етеді. Осындай қағидаларды қорғау мақсатында Европалық қауымдастық адам құқықтары жаппай бұзылып жатқан мемлекеттерге қарсы ұжымдық (оның ішінде қарулы) шаралар қолданады. Атап айтсақ, осындай саяси-құқықтық нормаға сай НАТО мемлекеттерінің Милошевич режимінің этникалық тазалау актісін тоқтату мақсатында Югославияның Косово провинциясына басып кіруі барысында гуманитарлық агрессия стратегиясы жасалған болатын.
Батыстың демократиялық мемлекеттерінің адам құқықтарының əмбебап сипатын бекітуге ұмтылысына қарамастан Қытай, Сингапур, Иран, Бангладеш, Сирия жəне Малайзия сияқты мемлекеттер жекелеген мемлекеттердің заңнамалары шегінде бекітілген құқықтардан өзге жеке тұлғаның абсолюттік құқықтары мен бостандықтарын мойындамайды. Көбінесе осындай ережені мойындату мақсатында саясаткерлер ұжымдық құндылықтар басым немесе өткір саяси жанжалдар орын алған, əлеуметтік аурулар таралған мемлекеттерде дараланған адам құқығы қолданылмайтындығын алға тартады.
Бірақ, мұндай пікірлерді таза саяси пікір ретінде қарастыру керек. Себебі, тұлға нақты қоғамның өнімі болады, сондықтан оның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге ұмтылу сол мемлекеттегі демократияның жеткіліксіздігінен хабар береді. Қазіргі кезде адамдардың өздеріне қатысты құқықтары мен бостандықтарын сыйлау қажет толыққанды адам ретінде бағалануға байланысты қатынастары жалпы əлемдік үрдіске айналып отырғандығы жөнінде тұжырым жасауға болады. Бұған жоғарыда аталған мемлекеттердегі адамдардың бостандыққа деген қажеттілігінің, адамның қадір-қасиетін жəне өзіндік дамуын сыйлауды талап етуінің артуы мен күшеюуі, демократиялық көңіл-күйдің жəне қозғалыстардың деңгейінің өсуі куəлік ете алады. Мұның барлығы ұлттық ерекшеліктердің адам құқықтарын жүзеге асыруға бөгет бола алмайтындығын көрсетеді.
Сонымен бірге адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен кепілдендірілуін белгілеп отырады.
Осылайша, нақты саяси институт ретінде адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын, осы мақсаттарды жүзеге асыруға қызмет ететін арнайы мекемелердің, конституциялық жəне заң нормаларының бар екендігіне куəлік етеді. Басқаша айтқанда, саяси институт ретінде адам құқықтары нақты мемлекеттегі əмбебап талаптардың жүзеге асырылу деңгейін айқындап отырады. Жалпы алғанда адам құқықтарының институционалдық мазмұны мемлекеттегі саяси тəртіп деңгейіне, халықтың қалыптасқан əдет-ғұрып, салт-дəстүрлеріне, елдің материалдық қорларына, оның халықаралық жəне əлемдік шаруашылық жəне саяси қатынастар жүйесіне тартылғандығына тəуелді болады.
Мысалы, кейбір батыстың демократиялық мемлекеттерінің өзінде əйелдердің тең құқылығы тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана танылды (Жапония мен Францияда - 1940 жылы, Швецияда - 1974 жылы, Лихтенштейн графтығында - 1981 жылы).
Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау заң шығарушы, атқарушы және сот билігі шеңберінде жүзеге асырылады.
Соңғы жылдарда азаматтардың әділ сот төрелігі жүйесіндегі құқықтарының қорғалуы мен биліктің сот тармағының тәуелсіздігі едәуір күшейтілді. 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда алқа билер мен ювеналды әділет институтының қатысуымен сот ісін жүргізу енгізілді. 2008 жылы қабылданған заңға сәйкес Парламент депутаттарынан, тәжірибелі судьялар мен саясаткерлерден тұратын Жоғары сот кеңесі судьялардың кандидатурасын ұсынады, оны ел Президенті тағайындайды.
Сотта қорғалумен қатар әркімнің Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияға, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетіне жүгінуге құқығы бар. Азаматтардың конституциялық құқықтарының, бостандықтары мен мүдделерінің бұзылуына шағымдарын уақтылы қарау, сондай-ақ оларды қорғау мақсатында Премьер-Министрдің, министрліктер мен ведомстволардың басшыларының дербес ресми интернет-сайттары жұмыс істейді.

Барлық адамдардың және заңды тұлғалардың заң мен сот алдындағы теңдігі принципі - құқық пен бостандықтың нақтылы жүзеге асырылуын, сондай-ақ әрбір адамның және заңды тұлғаның жауапкершілігін қамтамасыз ететін құқықтың түбегейлі принципі.
Бұл принцип ҚР Конституциясының 14-бабында және ҚР АІЖК 13-бабында белгіленген. Осылай, конституциялық бапта: "Барлығы заң мен сот алдында тең. Ешкім де шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс" деп бекітілген.
Тиісінше азаматтық іс жүргізу нормасына сәйкес азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асырылады. Іске тараптар ретінде жеке тұлғалар (ҚР азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар) және заңды тұлғалар (мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар) қатасыды. Сондықтан азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі сепебтермен немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс.
Ал заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншік нысанына және басқа да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс. Бірақтан азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен иммунитеті бар адамдарға қатысты азаматтық сот ісін жүргізу талаптары Қазақстан Республикасының Конституциясында, азаматтық іс жүргізу кодексінде, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленеді (ҚР АІЖК 13-бабының 3-бөлігі).
Осылай, соттық иммунитет шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс жүргізуде болады. Халықаралық ұйымдардың соттық иммунитеті Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарда, сондай-ақ бұл ұйымдардың Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органдармен келісімдерінде белгіленеді.
Шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдері және Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында аталған басқа да адамдар Қазақстан Республикасының заңында, халықаралық құқық нормаларында немесе халықаралық шартында белгіленген шекте Қазақстан Республикасы сотының азаматтық істер жөніндегі юрисдикциясына жатады (ҚР АІЖК 422-бабының 2-3 тармақтары). Барлық адамдардың және заңды тұлғалардың заң мен сот алдындағы теңдігі принципі сотпен істің мән-жайын объективті анықтап, заңды және негізді сот шешімін шығару негізінде олардың субъективтік құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау кепілдігі.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні және 2009 жылы оның Факультативтік хаттамасын ратификациялады, соңғысы ел азаматтарына БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне жеке шағымдармен жүгінуге мүмкіндік береді. 2008 жылы республика Азаптауға қарсы конвенцияның факультативтік хаттамасына қосылды, Қазақстан конвенцияның өзін, бұрынғы есептерде айтылғандай, 1998 жылы ратификациялаған.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар оның заңдарының алдында басымдыққа ие және халықаралық шарттың қолданылуы үшін заң шығару талап етілген жағдайлардан басқа кездерде тікелей қолданылады.
Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Бұл олардың қолданылуының міндетті шарты болып табылады.
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ратификациялана салысымен Казахстанская правда орталық газетінде (№126, 1998 ж.), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы журналында (№ 11-12, 1998 ж.) жарияланды.
БҰҰ СИДО жөніндегі комитетінің ұсынымдарының 8-тармағын орындау үшін екінші кезеңдік есеп жөніндегі алынған қорытынды ескертулер барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Парламентке жіберілді. Ескертулерді жою үшін арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, оны гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия бекітті (2007 жылғы 7 қарашадағы №5 хаттама). Оның іске асырылу барысы туралы жыл сайын мониторинг жүргізіліп, нәтижелері Ведомствоаралық комиссияның отырыстарында қаралды.
Сонымен қатар, Конвенция, оның Факультативтік хаттамасы, Конвенцияның іске асырылу барысы туралы елдің кезеңдік есептері мен БҰҰ СИДО жөніндегі комитетінің қорытынды ескертулері Ұлттық комиссияның сайтына (www.ncgp.kz) орналастырылған.
Конвенцияның, оған қосылу туралы Заңның толық мәтіні және де Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетіне жолданған Үкімет баяндамаларының мәтіні Республикалық құқықтық ақпараттар орталығының Заң дерекқорына енгізілді. Заң дерекқоры Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (азаматтар құжаттандыру, жылжымайтын мүлікті тіркеу және мәмілеге отыру бойынша мемлекеттік қызметтер алу мақсатымен келеді), кітапханаларда және республиканың барлық оқу орындарында, сондай-ақ Әділет министрлігінің сайтында бар. Заң дерекқоры барлық азаматтар үшін тегін және ашық. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында әр азамат қандай да бір заңнамалық немесе нормативтік құқықтық актінің мәтінін шығаруды сұрай алады.
Сонымен бірге, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелерін кеңінен зерделеу мақсатында Жоғарғы Сот бірқатар қосымша шаралар қабылдады. Атап айтқанда, 2007 жылы БҰҰ-ның ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттарының жинағы басылып, жергілікті соттарға таратылды және оның сайтына орналастырылды. Оған БҰҰ СИДО комитетінің 2007 жылғы Қорытынды ескертулері, Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі және т.б. нормативтік құқықтық актілері енгізілді. Барлық жерлерде судьялармен осы Конвенцияның ережелерін зерделеу және қолдану жөніндегі семинар сабақтары өткізілді.
Сот актілерінде Конвенцияның ережелеріне сілтеменің болмауы оның жеткіліксіз кең пайдаланылмауы деп бағаланбауы тиіс. Қазақстан заңнамасының Конвенцияның ережелерімен үйлесім табатынын ескере отырып, соттар әйелдер құқықтарын қорғау кезінде әдетте ұлттық заңнаманың нормаларына сілтеме жасайды.
Белгілі бір дәрежеде бұл сот актілерінің дәлелдемелеріне қалыптасқан дәстүрлі көзқарастармен де байланысты. Соттар арнайы заңдардың нормаларын қолдануды жөн көреді, бұл іс жүргізу талаптарын бұзу болып табылмайды. Мысалға, сот актілерінде Қазақстан Республикасының Конституциясы айтарлықтай сирек қолданылады, ол 4-бабының 2-тармағының күшімен ең жоғары заңды күшке ие және республика аумағында тікелей қолданылады. Бұл оның жеткіліксіз таралуын немесе зерделенуін куәландыратын фактор ретінде бағаланбайды.
Сонымен қатар, БҰҰ СИДО комитетінің ұсынымдарын ескере отырып, Жоғарғы Сот соттардың істерді шешу кезінде халықаралық шарттардың нормаларын тікелей қолдануын ынталандыруға арналған ұйымдастыру сипатындағы шаралар қабылдады.
Атап айтқанда, 2008 жылы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы нормативтік қаулы қабылданды. 2010 жылы сот актілерінің банкі құрылды, оған халықаралық шарттардың, соның ішінде осы Конвенцияның нормаларына сілтемелері бар сот актілері орналастырылады.
Қабылданған шаралар белгілі бір дәрежеде сот актілерінің дәлелдемелеріне дәстүрлі көзқарастардың өзгеруіне ықпал етті, оны соңғы уақыттардағы соттардың шешімдері куәландырады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының мәліметтер базасында тікелей халықаралық шарттар нормаларына сілтемесі бар 14 сот актісі бар.
Мемлекеттік қызметшілердің гендерлік саясат саласындағы кәсіптік құзыретін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы тұрақты негізде БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясының ережелерін түсіндіру, Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі гендерлік теңгерім, Гендерлік саясат және әлеуметтік қатынастардың өзекті проблемалары тақырыптарында курстар мен семинарлар өткізіп тұрады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда адам құқықтарын қамтамасыз етуді жетілдірудің жүйелі және нақты бағдарламалары болып табылатын Қазақстан Республикасының 2010 - 2012 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасындағы 2009 - 2012 жылдарға арналған адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары іске асырылуда.
Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық институционалдық тетіктерінің ішінен Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі комитеттің, Азаптауға қарсы комитеттің, Нәсілдік кемсітуді жою жөніндегі комитеттің және Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің жеке шағымдарды қабылдау жөніндегі құзырын мойындады.
Жоғарыда айтылғандарға орай, Қазақстанда БҰҰ СИДО жөніндегі комитетінің Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелерінің халық арасында жеткіліксіз таралуы, шенеуніктердің, сот органдары қызметкерлері мен жұртшылықтың онда баяндалған шынайы теңдік тұжырымдамасы туралы жеткілікті хабардар болмауы, осы конвенцияға сілтеме жасаған сот практикасының жоқтығы туралы ескертулерін (9 және 10-тармақтар) жою жөніндегі нақты жұмыс жүргізілуде деуге болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысымен 2009 - 2011 жылдарға арналған Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, азаматтарды құқықтық оқыту және тәрбиелеу жөніндегі бағдарлама әзірленіп, іске асырылуда.
Бағдарламада мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқық түсіндіру жұмыстары мәселесін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар дайындау, халықты құқықтық сауаттылыққа оқыту ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz