Банк салымы шарты бойынша сыйақы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 БАНК САЛЫМЫ ШАРТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Банктік салым шартының ерекшеліктері мен негізгі түрлері
1.2 Банк салымы шарты бойынша сыйақы
1.3 Салымдарды енгiзу шарттары

2 БАНКТІК САЛЫМ ШАРТЫН ТАЛДАУ (ҚАЗКОММЕРЦБАНК АҚ МЫСАЛЫНДА)
2.2 Қазкоммерцбанк АҚ қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіштері және салым шарты саясатына талдау
2.2 Салым шарты саясаттын жетілдіру жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3

6
6
7
11

14

14
20

26
28

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктеріндегі депозиттік операциялар жалпы банктік операциялардың ішінде өздігінше маңызды роль ойнайды. ҚР АК-нің 756-бабына сәйкес, банк салымы шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптан (салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымның осы тұрі ұшін заң актілерінде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша салымды қайтаруға міндеттенеді [1].
Коммерциялық банктер шаруашылық қатынастардың басқа субъектілері тәрізді өзінің коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін белгілі-бір ақша қаражаттарын иеленуі керек. Қазіргі кезде ресурстарды қалыптастыру мәселесі алдыңғы қатарға қойылады. Өйткені, банк қызметінің көлемі ресурстардың көлеміне байланысты. Банктік ресурстар оның иелігіндегі және активтік операцияларды жүзеге асыруда қолданылатын меншікті және тартылған қаражаттардың жиынтығы болып табылады.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа да банктердің қаражаттарын салым (депозит) түрінде тартады. Банктер тартатын қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі болып табылады. Олардың негізгі түрлері - банктердің клиенттермен жұмыс істеу барысындағы тартқан қаражаттары (депозиттер) және банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерін шығару жолымен жинақтаған қаражаттары (салым және жинақ сертификаттары) болып табылады.
Банктің пассивтік операцияларды жүзеге асыру барысындағы ресурстық базасын қалыптастыруы оның активтік операцияларына қатысты маңызды роль ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі банктің депозиттік операцияларын жүргізуінен қалыптасатыны белгілі. Оның қызметінің тұрақтылығы депозиттік операцияларын тиімді жүргізуіне байланысты. Банк салымы шарты, банктік шот шарты сияқты, банк тәжірибесінде үлгілік және дәстүрлі шарт болып табылады. Банк салымы шартының мәнін анықтауда пікір таластыратын негізгі мәселелер оның құқықтық табиғатының мәселелері, банк салымы мен қарыздың аражігін ажырату мәселелері, сондай-ақ меншік құқығын немесе салымдағы ақшаға клиент пен банктің басқадай субъектілік азаматтық құқығын анықтау болып табылады [2, 35 б.].
Осыған байланысты ресурстық потенциалды өсіру және пассивтерді тиімді басқару арқылы оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері өзекті мәселеге айналады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Банктік салым шартын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Аталған мақсаттан шыға отырып, жұмыстың келесі міндеттерін анықтаймыз:
- банк салымы шарты туралы жалпы түсініктерді беру;
- банктік салым шартының ерекшеліктері мен негізгі түрлеріне тоқталу;
- банк салымы шарты бойынша сыйақы мөлшері туралы деректер келтіру;
- салымдарды енгiзу шарттарын қарастыру.
- Қазақстан Республикасының банк салымы ерекшеліктерін анықтау;
- банк салымының банктердегі қолданылуын талдау;
Зерттеу пәні - коммерциялық банктердің банк салымы шартын жүргізу процесінде қалыптасатын қатынастар жүйесі болып табылады.
Жұмыстың зерттеу обьектісі - ҚР коммерциялық банктердегі банк салымы шартының түрлері, қазіргі жағдайы және жүзеге асырылу механизмі болып табылады.
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық Банктің статистикалық деректері, ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің есеп деректері қолданылды.
Сондай-ақ, жұмыста Ғ.С. Сейтқасымов, Н.Н. Хамитов, У.М.Искаков, Б.Ж. Ермекбаева еңбектері пайдаланылды.
Құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім), ҚР Банктер мен банктік қызмет туралы Заңы, ҚР Ұлттық Банктің нормативтік құжаттары мен әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БАНК САЛЫМЫ ШАРТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Банктік салым шартының ерекшеліктері мен негізгі түрлері

Банк салымы шарты бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптан (салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрi үшiн заң актiлерiнде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша салымды қайтаруға мiндеттенедi.
Салымдар түрiнiң әрқайсысы бойынша банктер клиенттiң ақшасын есепке алу мақсатында оған бiрыңғайландырылған дербес код бередi. Бiрыңғайландырылған дербес кодты беру, жою, клиенттiң ақшасына есеп жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленедi.
Банк салымдарының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленуі мүмкін.
Салымдарды қайтару талаптарына қарай олар мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) талап етiлмелi салым;
2) мерзiмдi салым;
3) шартты салым.
Талап етiлмелi салым салымшының бiрiншi талап етуi бойынша толық немесе iшiнара қайтарылуға тиiс.
Мерзiмдi салым белгiлi бiр мерзiмге салынады.
Шартты салым банк салымы шартында белгiленген мән-жайлар болғанға дейiн салынады.
Мерзiмдi салымды салымшы белгiленген мерзiм өткенге дейiн, ал шартты салымды банктiк салым шартында белгiленген мән-жайлар басталғанға дейiн талап еткен жағдайда салым бойынша сыйақы, егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, талап етiлмелi салым бойынша белгiленген мөлшерде төленедi.
Банк салымы шарты жазбаша түрде және заң актiлерiнде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерінде және банктiк тәжiрибеде қолданылып жүрген іскерлік айналым дағдыларында белгіленген талаптарға сай жасалуға тиіс.
Салымшының талап етуi бойынша салымның жасалғанын куәландыратын құжат не оның атына, не белгiлi бiр үшiншi тұлғаның атына ресiмделуi мүмкiн.
Банк салымының жазбаша нысанын сақтамау осы құқықтың жарамсыздығына әкеп соғады.
Банк салымы шарты салым сомасы банкке келiп түскен күннен бастап жасалған болып саналады.
Талап етiлмелi банк салымы шарты мерзiмсiз болып табылады.
Салымшы мерзiмдi салымның сомасын оның мерзiмi өткеннен кейiн, сондай-ақ шартты салымның сомасын банк салымы шартты салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар пайда болғаннан кейiн талап етпесе, егер шартта өзгеше көзделмесе, банк салымы шарты талап етiлмелi салым шарттарымен ұзартылған болып саналады.

1.2 Банк салымы шарты бойынша сыйақы

Банк салымшыға банк салымы шартында белгiленетiн мөлшерде салым сомасына сыйақы төлейдi.
Егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, банктiң салым бойынша сыйақының мөлшерiн бiржақты тәртiппен өзгертуге құқығы жоқ.
Банк салымы шарты бойынша банк сыйақыны банк салымы шартында белгiленген тәртiппен және мөлшерде төлейдi.
Егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, банк салымы бойынша сыйақы салымшыға оның талап етуi бойынша әр тоқсан аяқталғаннан кейiн салым сомасынан бөлек төленедi, ал бұл мерзiмде талап етiлмеген сыйақының сомасы салымның сыйақы төленетiн сомасын арттырады.
Салымды қайтару кезiнде салымшыға сол кездегі оған тиесілі барлық сыйақы төленедi.
Талап етiлмелi салым бойынша салымшы салым бойынша өзiне тиесiлi сыйақыны салым сомасынан бөлек алуға құқылы.
Мерзiмдi салым бойынша да салымшы салым бойынша өзiне тиесiлi сыйақыны оның мерзiмi аяқталғанға дейiн салым сомасынан бөлек алуға құқылы, бiрақ бұл ретте, банк салымы туралы шартта өзгеше көзделмесе, сыйақының мөлшері банк талап етілмелі салым үшiн қолданатын мөлшерге сәйкес қайта есептелiнедi. Салым мерзiмiнiң аяқталуы бойынша салымшы өзiне тиесілі сыйақыны ол салымды талап ете ме немесе етпей ме оған қарамастан, толық мөлшерде алуға құқылы.
Шартты салым бойынша салымшының оған тиесiлi сыйақыны салымның сомасынан бөлек алуы банк салымы шартында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Сыйақы салымды қайтару үшiн көзделмеген мерзiмдерде және нысанда төленедi. Салымды толық қайтару кезiнде салымшыға сол кездегi өзiне тиесiлi барлық сыйақы төленедi.
2006 жылдың 7 шілдесінде жинақ ақшаларын банк шоттарында сақтайтын халықтың құқығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заң қабылданды. Одан бері талай уақыт өтті, ал кепілдік тұрақты болып қалды. Міне, сол себепті біздің банктік жүйеміз соңғы дағдарыстан аса қиналмай өтті: салымшылардың үрейі қашқан жоқ, ең маңыздысы да осы.
Сонымен, әрбір салымшының сенімі келесі қағидаттарға негізделген:
1. Қазақстанда жеке тұлғалардың барлық депозиттері кепілдендірілген. Яғни банктің мәжбүрлі түрде тара­тылған жағдайында, салымшыларға депозиті бойын­ша кепілдік берілген өтем төленетін болады. Соны­мен қатар жеке тұлғаның немесе жеке кәсіп­кер­дің банктегі кез келген депозиті немесе банк шо­ты (карточкалық шотын қоса) кепілдендірілген болып табылады. Депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізуге арналған лицензиялары бар әрбір банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылады.
2. Салымшыларға берілген кепілдік - мемлекет­тік. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қо­ры АҚ (Қор) депозиттерді кепілдендіруді жүзеге асырады. Қордың құрыл­тайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі. Қор - 1999 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым. Осы жылдардың ішінде Қор мәжбүрлі түрде таратылған Көмір банк, Наурыз банк Қазақстан және Валют-Транзит Банк салымшы­ларына кепілдік берілген өтемді төледі.
3. Банктің мәжбүрлі түрде таратылу жағдай­ын­да әрбір салымшыға кепілдік берілген өтем төленеді. Төлем мөлшері сыйақыны есептеме­генде салым (депозиттер) бойынша ақша қал­дығына тең, бірақ бес миллион тең­геден аспайды. Дегенмен, мұнда бір қызықты ерек­ше­лік бар: егер банк салымының шартына сәй­кес салым бойынша есептелген сый­ақы капи­талдандырылатын болса, онда ол да кепіл­­­дік берілген өтем сомасының есебіне қосыла­ды.
4. Жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы (теңге) және шетел валютасындағы (евро, доллар, рубль және т.б.) шоттары кепілден­дірілген. Сонымен қатар келесі жағдайды ескеруіңіз қажет, кепілдік берілген өтем тек қана теңгемен төленеді. Шетел валютасын­дағы депозиттің көлемі банкті мәжбүрлі түрде тара­ту туралы сот шешімі заңды күшіне енген күн­нен бастап валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгеде қайта есептеледі.
5. Кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасы - бес миллион теңге. Егер сіздің депозитіңіздің мөлшері бұл сомадан жоғары болса, онда банктің мәжбүрлі түрде таратылған жағдайында қалған соманы алу үшін сіз банктің тарату комиссиясына өтініш беруіңіз қажет.
6. Кепілдік берілген өтемді есептеген кезде клиенттің берілген банктегі барлық депозиттері бойынша қалдық ақшалары жинақталады. Яғни егер салымшының бір банкте бірнеше шоттары болса, онда төленетін кепілдік берілген өтемнің жинақ­талған мөлшері бес миллион теңгеден аспайды. Сонымен қатар салымшылардың басқа банктерде салым ашуына құқығы бар, бұл олардың тәуекелдерін ықшамдауға себебін тигізеді.
7. Банктің мәжбүрлі түрде таратылуы және кепіл­дік берілген өтемді төлеудің басталуы туралы хабарландыру банкті мәжбүрлі түрде тарату туралы сот шешімі заң күшіне енген күн­нен бастап 14 жұмыс күні ішінде жарияла­нады. Қор сәйкесінше хабарландыруды мем­лекеттік және орыс тілдерінде республикалық БАҚ-та жариялайды. Бұл хабарлан­дыруда төлем кезеңі, сондай-ақ Қор конкурстық негізде іріктейтін және төлемді жүзеге асыратын агент-банктің атауы көрсетіледі.
8. Кепілдік берілген өтемді алу үшін қажетті құжаттар.Қордың хабарландыруда көрсеткен мерзімі ішінде салымшылардың кепілдік берілген өтемді алу үшін төмендегідей құжаттар­мен агент-банкке өтініш жасағандары жөн:
- банк шоты (банк салымы) шарттарының және салым бойынша басқада құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері;
- салымшының жеке куәлігінің түпнұсқалары және көшірмелері;
- кепілдік берілген өтемді алу туралы жазбаша өтініш.
Хабарландыруда көрсетілген мерзім аяқталған­нан кейін, бірақ банкті тарату аяқталған күннен бастап бір жылдан кешіктір­местен салымшы Қорға кепілдік берілген өтем­ді алу туралы тікелей өтініш жасай алады.
9. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қа­ты­сушы банктердің барлығына депозиттер бо­йын­ша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері бекі­тілген. Қор банктерге жеке тұлғалардан тар­­тылған депозиттері бойынша белгілі сыйақы мөлшерлемелерді ұстану­ды ұсынады. Қазіргі таңда ұсынылатын жылдық сыйақы мөл­шерлемелері теңгеде - 9% және шетел валютасын­да - 5,5 %.
10. Депозиттерді тарту бойынша тәуекелді саясат жүргізетін банктер резервті қорға, басқаларға қарағанда, көбірек төлейді. Банктер салым нарығындағы саясатын өз бетінше жүргізуге құқы­лы. Қор тек ұсыныстармен ғана шектеледі, мысалы ең жоғарғы сыйақы мөл­шерлемелері бойынша. Бірақ әр банктің тәуе­кел деңгейі банктердің Қорға төлейтін міндетті жарналарын есептеген кезде ескеріледі. Осылайша, ағымдағы жылдың 1 ма­мыры­нан бастап салым бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі енді банктердің депозитор­ларға ұйымдастырылған әртүрлі акциялар шегінде ұсынатын бонустық сыйақыны және ақшалай-заттық сыйлықтың құнын қосатын болады.

1.3 Салымдарды енгiзу шарттары

Егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, салымшылар салымдарды қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз аудару арқылы да енгiзедi.
Талап етiлмелi салым кезiнде салымшы ақшаны кез келген сомада және кез келген кезеңде жекелеген жарналармен енгiзе алады. Бұл ретте жаңа түскен сомалар бойынша сыйақы есептеу, сыйақының банкке ақша түскен күнi қолданылған мөлшерiне қарай жүргiзiледi.
Мерзiмдi салымдар, сондай-ақ шартты салымдар кезiнде, егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, салымшы ақшаны бiр жолғы жарна түрiнде енгiзедi.
Банкке үшiншi тұлғалардан салымшының атына оның бiрыңғайландырылған дербес коды туралы қажеттi деректер көрсетiле отырып түскен ақша салымға енгiзiледi.
Банкке салым белгiлi бiр үшiншi тұлғаның атына енгiзiлуi мүмкiн.
Пайдасына салым енгiзiлетiн азаматтың атын немесе заңды тұлғаның атауын көрсету тиiстi банк салымы шартының елеулi талабы болып табылады.
Шарт жасасу қарсаңында қайтыс болған азаматтың не сол кезде болмаған заңды тұлғаның пайдасына банк салымы шарты жарамсыз болады.
Үшiншi тұлға салымшының құқығынан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда банк салымы шартын жасаған тұлға салымға өзi енгiзген ақшаға қатысты салымшының құқықтарын пайдалана алады.
Үшiншi тұлғаның пайдасына шартты салым енгiзген жағдайда, ол банк салымы шартында көзделген талаптарды сақтаған кезде ғана оларға билiк етуге құқылы. Бұл талаптар басталғанға дейiн үшiншi тұлға салымға тек салым енгiзген тұлғаның жазбаша рұқсаты бойынша ғана билiк ете алады.
Салым бойынша талап, банк салымы шартында жазбаша түрде жазылуға, заң актiлерiне қайшы келмеуге және салымды берудi қиындататын түсiнiксiздiгi болмауға тиiс.
Шартты салымды алу үшiн үшiншi тұлға банкке белгiленген талаптарды орындағандығын растайтын құжаттар табыс етедi.
Үшiншi тұлғаның пайдасына шартты салым енгiзген тұлғаның: үшiншi тұлға осы талаптың орындалғанын растайтын құжат ұсынбаған жағдайда, өзi белгiлеген талаптарды өзгертуге; үшiншi тұлға салым енгiзу кезiнде көрсетiлген талапты орындамаған не ол банк салымы шартында көзделген талапты орындағанға дейін қайтыс болған жағдайда салымға билік етуге құқығы бар.
Yшiншi тұлғаның пайдасына шарт туралы ережелер, егер ол осы баптың ережелерiне қайшы келмесе, үшiншi тұлғаның пайдасына банк салымы шартына қолданылады.
Банк салымды немесе оның бiр бөлiгiн салымшының алғашқы талап етуi бойынша:
1) талап етiлмелi салымдар бойынша - салымшы талаптарының келiп түсуi бойынша;
2) мерзiмдi салымдар бойынша - банк салымы шартында көзделген мерзiмнiң басталуы бойынша;
3) шартты салымдар бойынша - банк салымы шарты басталуымен салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар болған кезде беруге мiндеттi.
Салымшының мерзiмдi салымды мерзiмiнен бұрын қайтарып алуға құқығы бар.
Бұл ретте банк салымды немесе оның бiр бөлiгiн салымшының талабы келiп түскен кезден бастап бес күннен кешiктiрмей беруге мiндеттi.
Шартты салымдар бойынша салымшының банк салымы шарты салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар басталғанға дейiн салымды қайтарып алуға құқығы бар. Бұл ретте банк салымды немесе оның бiр бөлiгiн осы баптың 2-тармағында көзделген мерзiмде беруге мiндеттi.
Салымшының мерзiмдi салымды мерзiмiнен бұрын алу құқығынан бас тартуы туралы банк салымы шартының, сондай-ақ шартты салымның ережелерi көзделген талаптар басталғанға дейiн жарамсыз болып табылады.
Шетел валютасымен енгiзiлген салым, егер заң актiлерiнде, банк салымы шартында немесе тараптардың қосымша келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, нақ сондай валютамен қайтарылуға тиiс.
Банк салымшының салымды немесе оның бiр бөлiгiн қайтару туралы талабын орындамаған жағдайда сыйақыны төлеу банк салымы шартында көзделген талаптарда жалғастырылады.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен банк салымын беру тоқтатыла тұруы мүмкін.
Банк өзі алған салымдарды қайтаруды қамтамасыз ету үшін пайдалануға мiндеттi амалдар мен әдiстер заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен және банк салымы шартымен белгiленедi.
Салымшы банк салымдары бойынша жасалған операциялар жөнiндегi банк көрсеткен қызметтерге шартта көзделген тәртiппен ақы төлейдi.

2 БАНКТІК САЛЫМ ШАРТЫН ТАЛДАУ (ҚАЗКОММЕРЦБАНК АҚ МЫСАЛЫНДА)
2.2 Қазкоммерцбанк АҚ қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіштері және салым шарты саясатына талдау

Интерфакс Қазақстан мәлімдеп отырғандай Қазақстанның коммерциялық банктерінің ішінен Қазкоммерцбанк мемлекет бөлген қаражаттарды амалға асыруда көш бастап келеді. Самұрық Қазына қорының мәліметіне сәйкес республиканың екінші ірі банкі ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша жалпы соммасы 4,5 млрд.теңгені құрайтын 1160 өтініш қабылдады. 3500 өтініш әлі қаралу барысында жатыр. Қазкоммерцбанк бүгінгі күнде жалпы соммасы 1,04 млрд. теңгені құрайтын 295 келісім шарт бойынша талаптарды қайта қарап шықты. Қайта қаржыландыру бағдарламасы қарқынды даму үстінде, ал оған қатысу үшін қажетті алғашқы жағдайларды қайта қарау арқылы банктер өз несиелерін арзандатқысы келетіндер санын кеңейтуге қол жеткізеді - деп, банктің басқарушы директоры Әділ Батырбеков атап өтті. Қазкоммерцбанк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға мемлекет тарапынан 24 милрд.теңге алды. Самұрық Қазына қоры екінші дәрежелі банктерге осы мақсаттарға 120 млрд. теңге бөлді. Қаржылық қадағалау агенттігінің мәліметі бойынша қазіргі уақытта Қазкоммерцбанктің активтер көлемі 2,8 триллион теңгені құраған.
Қазкоммерцбанктің ең заманауи банктік технологиялар мен тиімді инвестицияларына негізделген күшті басқару командасы және тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де орналасқан кең ауқымды флиалдар желісі банктің және оның клиенттерінің көркейуіне жағдай жасайды. Көптеген жылдар қатарынан мәртебелі халықаралық қаржылық басылымдар мен ұйымдар Қазақстанның ең үздік банкі деп танып келген Қазкоммерцбанк АҚ ның депозиттік бағдарламасы көңіл аударуды талап етеді. Қазкоммерцбанкте мынадай салымдардың түрлері бар:
:: Шұғыл салымдар белгілі бір мерзімге салынған салымдар (Үздік, Еркіндік, Зейнетақылық).
:: Шартты салымдар салымшы иелік ету және салым бойынша төлемдер шарттары анықталған салымдар ( Сенімгерлік, Балалар).
Қазкоммерцбанктің салым түрлеріне жеке жеке сипаттама беретін болсақ, олардың әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.(31) Еркіндік салымының шарттарына сәйкес, қаншалықты жиі және қанша сомада салымды толықтырып тұру керек екенін тек салымшы анықтайды. Сонымен қатар қай уақытта ақшаны есеп шоттан алатынын да салымшы анықтайды. Бұл жағдайда қолма қол ақша үшін ешқандай комиссиялық төлемдер алынбайды. Ал егер салымшы салым бойынша ай сайынғы сыйақыны салымға қосып отырғысы келсе, онда бұл қосымша пайда алып келеді. Бұл жағдайда банк ай сайынғы сыйақымен толықтырылған салым бойынша сыйақы есептеп отырады. Еркіндік салымы бойынша салымның сақталу мерзімі 1-12, 13, 18, 37 ай. Салым бойынша ең минималды сома Алматы қаласы тұрғындары үшін 75 000 теңге, 500 АҚШ доллары, басқа региондар тұрғындарына 15 000 теңге, 100 АҚШ доллары. Салым бойынша кез келген сомада салымшының қалауы бойынша ақша алына береді, тек есеп шотында қалдық көлемі минималды сомадан кем болмауы керек. Минималды қалдық сомасы 75 000 теңге, 500 АҚШ доллары. Салымды мерзімінен бұрын тоқтатып тастаған жағдайда салымның сақталуы 3 айға жетпесе, сыйақы берілмейді. Егер салымның сақталу мерзімі үш айға жетсе, сыйақы келісім шарт бойынша есептелінеді.

Зейнетақылық салымы бұл қосымша салым салу мен қажетті жағдайда белгілі бір ақша сомасын салымнан алу мүмкіндігі бар шұғыл салым түрі. Салымшылар 45 жасқа толған азаматтар. Сақталу мерзімі 3, 6, 12, 18, 24, 36, 37, 60 ай. Бастапқы салымның минималды сомасы 15 000 теңге, 100 АҚШ доллары. Салым салымшының қалауы бойынша кез келген уақытта толықтырылады, минимал қалдық сомасы шотта қалатындай етіп қажетті жағдайда белгілі бір ақша сомасы алына береді.

Зейнетақылық салымы бойынша сыйақы мөлшерлемесі %
мерзімдер(ай): 3 6 12 18 24 36 37 6 0
KZT 6.0 9.5 11.0 12.0 12.5 12.5 1 2.5 12.5
USD 5.0 6.5 8.0 8.0 8.0 8.0 8.0 8 .0
EUR 4.5 6.0 7.5 8.0 8.0 8.0 8.0 8 .0

Үздік салымы бұл қосымша толықтырулар арқылы салымның сомасын өзгертуге мүмкіндігі бар салым түрі. Бұл салымның басты ерекшелігі салым бойынша жоғары сыйақы мөлшерлемесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік салымдар шартына түсінік
Банк салымдарының түрлері
Банк салымы шартының түсінігі
Банк салымы шартының түсінігі мен нысаны
Банк салымы шарты
Банктік қызмет көрсету
Банктік салым шартының элементтері
Банктік шот және салым шарттары
Несиелік-айырысу міндеттемесі
Несие және есеп айырысу қатынастары
Пәндер