Афинының мемлекеттік құрылысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

КІРІСПЕ

1 ЕЖЕЛГІ АФИНАДА ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
1.1 Афина құқығына жалпы сипаттама.
1.2 Ежелгі Афина құқығының қайнар көзі әдет-ғұрып (themic).

2 АФИН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ.
2.1 Афины аристократтық полисінің құрылуы.
2.2 Афина құл иеленушілік демократиясының гүлденуі

3АФИНЫДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА КҮРЕСІ
3.1 Эфиальт және Перикл реформалары. Афинының мемлекеттік құрылысы
3.2 І-ші Афины теңіз одағы, оның Афиналық архэге айналуы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3

5
5
9

12
12
18

20

20
24

26
28

Кіріспе

Курстық жұмыс өзектілігі. Ежелгі Грекияның мемлекеттік құрылысы, мемлекеттік реформалары және Афина мемелекетінің мемлекеттік құрылымы және қоғамдық салыстырмалы мінездемесі қарастырылады.
Грекия Балкан түбегі мен Кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан. Грекияның өзі Фракия мен Македониядан оңтүстікке қарай созылып жатыр. Грекия үшке бөлінеді: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Грекия немесе Пелопонесс. Грекия аймақтары тау тізбектерімен бөлінеді. Афины қаласы теңізден 5 шақырым ғана қашықтықта орналасқан, теңіз карақшыларынан сенімді жасырылып, сыртқы қауіптен қорғануы қамтамасыз етілген болатын.
Афинада ең жоғарғы орган болып халық жиналысы саналды. Бірақ оның атқаратын рөлі төмендей бастады да, бірінші орынға Ареопаг шықты. Ареопагты рулардың ақсүйектері қоялады. Археопагтың қолында сот билігі, әкімшілік билігі, дін әкімшілігі болды.
Б.э.д. 621 жылы ру беделділері мен халықтың арасындағы қүрестің нәтижесінде әдет-ғұрып жазбаларының жинағы Драконт заңы (nomoi) дүниеге келген.
Афин тұрғындарының құқықтық жағдайы. Грек қоғамы үш әлеуметтік топтан құрылды: құлдар, азаматтар, билік иегерлері. Құлдардың қайнар көзі соғыс, пираттық және құл саудасы:
1) әскери тұтқындар мен қолға түскен бейбіт тұрғындар.,
2) Фракия және скиф ақсүйектерінің өз қандастарын сатуы.,
3) құлдардың өзара көбейуі.
Құлдар құқықтың субьектісі емес обьектісі болып табылған. Яғни құлдар жанды құралдар санатына жатқызылған. Іскер құлдарды қожайыны қолдап, жеке кішігірім шеберхана ашып беретін. Бұл жағдайда құл кейбір заңды мәмілелерді жасайтын болғандықтан, белгілі бір құқыққабілеттілікке ие болған [1, 25].
Құлдарды босату, еркіндікке жіберу мүмкіндігі бар. Бірақта олар азаматтыққа ие бола алмайды тек бөтендер деген санатқа қосылады.
Еркіндікке босатылған құлдар бұрынғы қожайынына, яғни патронына толық тәуелді және оның рұхсатымен қана үйленетін немесе өлер өлгенше оған қызмет атқарады. Олар өлгенде ұрпағы, яғни балалары болмаса оның мүлкі қожайынына қалады.
Меншік құқығы. Б.э.д. Ү ғасырда Афин азаматтары арасында жеке меншіктің саны көбейген. Афинда меншік мемлекет тарапынан берген игілік көзі ретінде есептелген. Ірі жер иегерлері мемлекетке пайдалы салық (литургии) төлеп отырған.
Афин құқығында бөтеннің мүлкіне деген құқық болған.
Жер иеленуші өз жерін 20 метрге дейін қазып су көзін таба алмаса, көршісінің үйінен күнінде екі рет белгілі мөлшерде су ала алады.
Афин құқығында шарттардың келесі түрлері болды: сауда-саттық, жалдау, серіктестік, тапсырма, жеке жалдамалық және т.б. Деликтіден туындайтын міндеттемелер болған [1, 27].
Курстық жұмыстың мақсаты. Афинаның мемлекеттік құрылымы және қоғамдық салыстырмалы мінездемесін анықтай отырып, тақырыпты зерттеу.
Міндеттері:
- Афинаның мемлекеттік құрылымы және қоғамдық салыстырмалы мінездемесін қарастыру;

1 ЕЖЕЛГІ АФИНАДА ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
1.1 Афина құқығына жалпы сипаттама.

Афины мемлекетінің пайда болуы -- б.э.д. ҮІ ғ. Аяқталған ұзақ процесс. Оның алғашқы кезеңі ретінде басивелс Тесейдің реформаларын атауға болады, ол синойкизм деп аталатын төрт тайпаның бірлестігін ұйымдастырған жəне Афинының еркін халқын сословиелерге бөлген: эвпатридтер -- ақсүйектер, геоморлар -- жер өңдеушілер, демиургтер -- қолөнершілер жəне феттер -- кедейлер.
Біртіндеп эвпатридтер басилевстің билігін шектей бастайды, оның лауазымын мұрагерлікке алу аяқталады, ал оның функциялары жаңа сайланбалы лауазымды тұлғаларға -- архонттарға ауысады. Архонттра алқасын архонт -- эпиним басқарған, ол мемлекетті басқарып, сот функцияларын атқарған; екінші архонт -- архонт-басилевс, ол абыздың міндеттерді атқарып, діни істер бойынша сотты жүзеге асырған; үшінші -- архонт-полемарх əскери басшылықты жүзеге асырған; архонттар алқасының қалған алты мүшесі -- архонттар-фосмофеттер əділдікті жүзеге асырған.
Екінші жаңа басқару органы Ареопаг ақсақалдар кеңесінің орнына келді. Ареопаг жоғарғы сот органы болды, сонымен қатар архонттарды сайлап, бақылаған. Осы кезде, б.э.д. ҮІІ ғ., мемлекет бірқатар округтар-навкрарийлерге бөлінеді, олар сол кездегі тайпалардың шегінде ұйымдасады -- əр тайпада 12-ден [1, 28].
Афиныдағы мемлекеттің пайда болуының екінші кезеңі Солонның реформаларымен байланысты: олардың біріншісі -- сисахфия -- қарыздық құлдықты жою; екіншісі -- саяси құқықтар мен міндеттерді бөлуде мүліктік цензді орнықтыру, барлық азаматтар мүліктік ценз бойынша 4 топқа бөлінді; бесжүздіктер, атқамінерлер, зевгиттер жəне феттер; үшіншісі -- жаңа сот органы гериэя құрылды; төртіншісі -- жаңа басқару органы төртжүздік кеңесі құрылды, ол əрбір жыл сайын алғашқы үш топтың азаматтары қатарынан əрбір тайпадан 100 адамнан сайланған.
Ежелгі Афиныдың мемлекеті мен құқығы

Афины мемлекетінің құрылуының соңғы, үшінші кезеңі болып Клисфеннің реформалары табылды, олар Афиныдағы рулық құрылымның қалдықтарын толығымен жойды. Клисфен халықты бұрынғыша төрт тайпаға бөлудің саяси мəнін жойды.
Енді Афины 10 аумақтық филге (округтерге) бөлінді, олардың əрқайсысы əртүрлі аумақтарда орналасқан жерлерден -- 3 триттийден құралды: қалалық, теңіз жағасындағы жəне жер өңдеушілік, бұл қаланың селолық жерлерден үстемдігін қамтамасыз етті. Екінші реформаға сəйкес, тайпалық бөлініске негізделген төртжүздік кеңестің орнына Клисфен бесжүздік кеңесін құрды. Ол 10 филдің əрқайсысынан 50 өкілден құралды. Үшінші реформа арқылы тағы да бір басқару органы -- 10 стратег (əскер басшысы) алқасы құрылды, ол 10 филдің əрқайсысынан 1 адамды жинау арқылы құрылатын болған жəне қалыптасқан құрылымға қолсұғушылықты болдырмау мақсатында Клисфен халық жиналысында остракизм деп аталатын үрдісті енгізді (остракон -- сайлаушы құрылымға нұқсан келтірушінің есімін жазатын бас сүйек). Бұл Клисфеннің соңғы реформасы болды [2, 78].
Клисфеннің реформалары Афиныдағы мемлекеттің қалыптасуының ұзақ үрдісін саудагерлердің, қолөнершілердің жəне шаруалардың демостың рулық-тайпалық ақсүйектерді жеңуімен аяқтады. Бұл Афиныда б.э.д. Ү ғ.-да құлиеленушілік демократиялық мемлекеттің қалыптасуына негіз болды. Бұл мемлекеттің негізгі сипаты -- еркін құлиеленушілердің, еркін кедейлердің жəне люмпендердің (өндірістік құралдардан айырылған адамдардың) құлдар мен етектердің (Афиныда орныққан шетелдіктердің) үстінен бірлескен үстемдігі. Афинылық демократияның гүлдену кезеңі -- б.э.д. V -- IV ғ.ғ.
Мемлекеттік құрылым. Афиныдағы мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып халық жиналысы табылды, ал анықталған нақты мерзімде -- жылына 40 рет шақырылатын. Халық жиналысына тек жиырма жасқа толған толық құқылы афиндік азаматтар ғана қатыса алатын. Шешім қабылдау үшін 6 000 адамның болуы міндетті болатын.
Басқарудың жоғарғы органы болып бас жүздік кеңесі табылған, оған əрбір аумақтық он фильден бір жылға жеребе арқылы сайланатын, 30 жасқа толған 50 азамат кіретін. Ағымдағы істерді шешу үшін он комиссияға бөлінген, бұл комиссия əрбір фильден 50 өкілден құралған.
Жоғарғы сот органы болып гелиэя табылды, ол 6 000 адамнан құралады, оны əрбір фильден жеребе арқылы бір жылға 36сайланатын 30 жасқа толған 600 адам құрады.Гэлия 501 мүшеден тұратын 10 алқаға бөлінген (қалған мүшелері қосымша деп саналатын). Заң жобаларын қарастыру үшін гелиэяда номафеттердің -- гелиэяның 1 000 мүшесінің ерекше алқасы құрылатын [2, 79].
Мемлекетті басқаруда лауазымды тұлғалар маңызды роль атқарған. Олардың ішінде:
-- стратегтер алқасы -- 10 адамнан құралған; бұл лауазымды тек үйленген жəне жылжымайтын мүлкі бар азаматтар ғана иелене алатын;
-- архонттар алқасы -- 9 адамнан құралған; олардың əрқайсысының нақты функциялары болған;
-- аполектер -- мемлекеттік қазынаны басқарған;
-- элленоттар -- афиналық теңіз одағының қазынасын басқарған;
-- полеттер -- мемлекеттік мүлікті басқарған;
-- логистер -- лауазымды тұлғалардың ақшалай есептерін қабылдаған;
-- астиномактар -- көшелердегі тəртіпті бақылаған жəне т.б.
Сот жүйесі келесі сипатты иеленген:жоғарғы сот органы гелиэя қасақана адам өлтіру жəне мемлекеттік қылмыстар туралы істерді қарастырған; эфеттер соты абайсыз қылмыстар туралы істерді; онбірлік алқасы -- ұрлық, тонауды; диэтеттер соты -- мүлік туралы азаматтың -- құқықтық дауларды жəне қырықтар алқасы -- ұсақ істерді.
Əскер. Бейбіт кезінде 18 бен 20 жас арлығындағы барлық афиндық азаматтар əскери оқудан өтетін болған. Соғыс жағдайында 18 бен 50 жас аралығындағы азаматтардан əскер жинақталған. Əскер атты əскерден, ауыр жəне жеңіл қарулы жаяу əскерден құралған.
1.2 Ежелгі Афина құқығының қайнар көзі әдет-ғұрып (themic).

Құқықтың негізгі сипаттары. Афиныдағы құқықтың ежелгі қайнар көзі ретінде əдет-ғұрып орын алған. Заңдар б.э.д. 621 жылы пайда болған. Алғашқы заңдар -- драконт заңдары əдет-ғұрып жазбасы түрінде болған жəне ерекше қатаңдықпен ерекшеленген (қылмыстардың басым көпшілігі үшін өлім жазасы кесілген). Кейіннен жүріс-тұрыстың жалпы ережелері болып халық жиналысының қаулылары табылған.
Жеке меншік институты Афиныда аса дамыған болатын. Меншік мемлекетпен берілетін игілік ретінде қарастырылған. Шарттардың мына түрлері афиндық құқыққа тəн болған сату-сатып алу, жалға алу, серіктестік, тапсырма жəне комиссия шарттары [3, 46].
Отбасы жəне неке құқығында əйелдердің толық құқылыққа ие емес екендігі байқалған əйел əкесінің немесе күйеуінің қамқорлығында болған жəне əрекет қабілетсіз деп саналған.
Неке азаматтардың міндеті болып табылған, ал оның басты мақсаты ретінде бала туу саналған. Қылмыстық құқықта құлдар мен еркін адамдарға қолданылатын жазалар ажыратылған. Құлдарға тек дене жазасы қолданылатын, ал еркін адамдарға өлім жазасы, аластау, азаматтық құқықтардан айыру, айыппұлдар мен тəркілеу қолданылатын.
Сот өндірісінде істі қозғаудың екі тəртібі болған: 1-сі -- іс жүргізуді тек жəбірленушінің ынтасы бойынша ғана қозғау; 2 - сі -- кезкелген азаматтың немесе лауазымды тұлғаның ынтасы бойынша қозғау. Іс бойынша шешім құпия дауыс беру арқылы шығарылатын, ал дауыстар тең болған жағдайда сотталушы ақталған деп саналатын.
Неке және отбасылық құқық. Ежелгі Грецияның әйел адамдары бала күнінде әкесінің билігінде, тұрмыс құрған соң күйеуінің билігінде болған және әрекетқабілеттілігі жоқ деп саналған. Неке құру кезінде қыздың келісімі есептелінбеген, яғни ата-анасының қабылдаған шешімі заңзы болып саналған. Қызға төсек орын берілген, егер ажырасқан жағдайда өзімен бірге қайтарылатын.немесе өліп қалса әкесіне қайтарып беретін. Некенің мақсаты ұрпақты жалғастыру. Әйелі бедеу болса және екеуінің бірі біреуінің көзіне шөп салса, ажыраса алады [5, 36].
Қайтыс болған адамның мүлкі оның отбасына және жақын туыстарына қалдырылған. Ереже бойынша әйелін мұрагерлер тізімінен алып тастаған.
Афина қаласы ежелгі өркениет орталықтарының бірі, Грекияның астанасы. Эгей теңізінің жағасында, Аттика түбегіндегі төбелі жазықта орналасқан. Ол өзімен іргелес жатқан ең ірі теңіз порты -- Пиреймен қосылып, үлкен Афинаны құрайды (аумағы 433,28 км²).
Афина -- Жерорта теңізінің жағалауындағы ең ірі қалалардың бірі. Тұрғыны 3,4 млн. адам (1994). Климаты жерортатеңіздік (жазы -- ыстық, қуаң, қысы -- жылы, жаңбырлы), қаңтар айының орташа температурасы 90С, шілде айының орташа температурасы 270С. Ежелгі Грекия тарихында Спартамен қатар жетекші рөл атқарған қала-мемлекет. Қала әйел құдай Афина Палладаның (Зевстің қызы) есімімен аталған. Қала-мемлекеттің қалыптасу тарихын баяндайтын негізгі еңбек -- Аристотельдің "Афина политиясы".
Афиналықтар шежіресі бойынша, қала Афина акрополінің төңірегінде (бұл жерде микен дәуірінің кезінде-ақ бекініс тәрізді елді мекендер мен б.з.б. 16 -- 13 ғасырларда салынған сарайлар болған) таңдаулы рулық қауымдарды біріктірудің нәтижесінде пайда болған. Б.з.б. 5 ғасырдың 2-жартысында бұған дейін бірнеше әлеуметтік-саяси реформаларды басынан өткерген Афина мәдени гүлденудің ("Периклдің алтын ғасыры" деп аталатын) ең биік деңгейіне жетті. Афинада көрнекті ғалымдар, суретшілер мен ақындар: тарихшы Геродот, философ Анаксагор, мүсінші Фидий, ақындар Эсхил, Софокл, Еврипид, комедияшыАристофан өмір сүрді.
Афиналық жазушылардың тілі -- аттика диалектикасы бүкіл эллиннің әдеби тіліне айналды. Әсем үйлер салынды. Гипподам жобасы бойынша салынған тұтас бекіністің Акрополь ансамблін құрайтын негізгі ғимараттары -- әлемдік сәулет өнерінің озық үлгілерінің бірі Парфенон храмы (б.з.б. 438 -- 447 жылдары салынған), Фидийдің мүсіндері, т.б. бейнелеу өнерінің туындылары кейінгі ғасырлар суретшілері үшін шеберлік мектебі іспеттес болды. Алайда, "алтын ғасыр" ұзаққа созылған жоқ. Адамзат өркениеті ошағының бірі болған Афина ішкі жанжалдардың, алауыздықтың салдарынан, 176 жылы Римнің қол астына өтті. Рим үстемдігіне қарсы бас көтерген Афинаны Корнелий Сулланың әскерлері жаулап, қалаларын қиратты. Б.з. 3 ғасырында сыртқы жаулардың шапқыншылығынан Афина біржола дербестігін жоғалтты. Қазіргі Афинада ежелгі грек, рим заманы мен орта ғасырлардың сәулет ескерткіштері жақсы сақталған. Олардың негізгілері -- Акрополь төбесі (биікт. 125 м) мен Агора алаңы (суретті қ.).
Қалада дүние жүзіне әйгілі Ұлттық археология мұражайы (1874), Акрополь (1878), Агор (1956), Византия (1914),Бенаки мұражайлары (1931) Ұлттық көркемсурет галереясы (1900), бар. Қала -- бүгінгі Грекияның ірі өнеркәсіп орталығы. Грекия шығаратын барлық өнеркәсіп өнімдерінің 70%-ын өндіреді. Жеңіл, тамақ, металл өңдеу және металлургия, химия, полиграфия т.б. өнеркәсіп салалары дамыған [7, 69].

2 АФИН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ.
2.1 Афины аристократтық полисінің құрылуы

Б.э.д.621 жылы ру беделділері мен халықтың арасындағы күрестің нәтижесінде әдетғұрып жазбаларының жинағы Драконт заңы (nomoi)дүниеге келген.
Афин тұрғындарының құқықтық жағдайы. Грек қоғамы үш әлеуметтік топтан құрылды: құлдар, азаматтар, билік иегерлері. Құлдардың қайнар көзі - соғыс, пираттық және құл саудасы: 1).әскери тұтқындар мен қолға түскен бейбіт тұрғындар., 2).Фракия және скиф ақсүйектерінің өз қандастарын сатуы., 3).құлдардың өзара көбейуі.
Құлдар құқықтың субьектісі емес обьектісі болып табылған. Яғни құлдар жанды құралдар санатына жатқызылған. Іскер құлдарды қожайыны қолдап, жеке кішігірім шеберхана ашып беретін. Бұл жағдайда құл кейбір заңды мәмілелерді жасайтын болғандықтан, белгілі бір құқыққабілеттілікке ие болған [8, 789].
Құлдарды босату, еркіндікке жіберу мүмкіндігі бар. Бірақта олар азаматтыққа ие бола алмайды тек бөтендер деген санатқа қосылады.
Еркіндікке босатылған құлдар бұрынғы қожайынына, яғни патронына толық тәуелді және оның рұхсатымен қана үйленетін немесе өлер өлгенше оған қызмет атқарады. Олар өлгенде ұрпағы, яғни балалары болмаса оның мүлкі қожайынына қалады.
Меншік құқығы. Б.э.д. Ү ғасырда Афин азаматтары арасында жеке меншіктің саны көбейген. Афинда меншік мемлекет тарапынан берген игілік көзі ретінде есептелген. Ірі жер иегерлері мемлекетке пайдалы салық (литургии) төлеп отырған.
Афин құқығында бөтеннің мүлкіне деген құқық болған.
Жер иеленуші өз жерін 20 метрге дейін қазып су көзін таба алмаса, көршісінің үйінен күнінде екі рет белгілі мөлшерде су ала алады.
Афин құқығында шарттардың келесі түрлері болды: сауда-саттық, жалдау, серіктестік, тапсырма, жеке жалдамалық және т.б. Деликтіден туындайтын міндеттемелер болған.
Неке және отбасылық құқық. Ежелгі Грецияның әйел адамдары бала күнінде әкесінің билігінде, тұрмыс құрған соң күйеунің билігінде болған және әрекетқабілеттілігі жоқ деп саналған. Неке құру кезінде қыздың келісімі есептелінбеген, яғни ата-анасының қабылдаған шешімі заңзы болып саналған. Қызға төсек орын берілген, егер ажырасқан жағдайда өзімен бірге қайтарылатын.немесе өліп қалса әкесіне қайтарып беретін. Некенің мақсаты ұрпақты жалғастыру. Әйелі бедеу болса және екеуінің бірі біреуінің көзіне шөп салса, ажыраса алады.
Қайтыс болған адамның мүлкі оның отбасына және жақын туыстарына қалдырылған. Ереже бойынша әйелін мұрагерлер тізімінен алып тастаған.
XII таблица заңдары Рим құқығының негізгі қайнар көзі болды. Белгілі батыс теоретигі Р. Давид : тек римдік гендер ғана әлемде жоқ прецеденті бар заң жүйесін құрған деп айтқан. Қазіргі батыс өркениеті бұл жүйені құқық жүйесінің түп төркіні ретінде қабылдаған.
Олар 12 таблицаға созылып, қаланың басты алаңы - Форумда қойылған еді, сол себепті оларды XII таблица заңдары деп атайды. Бұл заңдарды әрбір азамат білуге міндетті болды [9, 85].
Қылмыстық құқық. XII таблица. Заңдар таблицасында қылмыстық жазаланатын әрекеттердің шағын ғана тізімі берілген. Ең алдымен қылмыстық әрекет болып мемлекетке және қоғамдық құрылысқа қарсы бағытталған әрекет болып табылады. Жоғарыда айтылғандай көптеген заңбұзушылық әрекеттер қылмыстық деп топтастырылмай, азаматтық-құқықтық деликт ретінде қарастырылған.
Афины аристократтық полисінің құрылуы. Б.э.д. VII ғ бастап Афины мемлекеттік құрылысының даму тарихын Аристотель өзінің атақты Афинская полития деген еңбегінде жазды. Бұл кезең туралы Геродот және Фукидид өздерінің Тарихында жазып қалдырды. Архаикалық кезеңдегі Афина тарихы - бұл демократиялық полистің қалыптасу тарихы болып табылады. Бұл кезеңде саяси билік - эвпатридтер қолында болды және де олар бірте-бірте ерікті азаматтарды өздеріне тәуелді ете бастады.Екінші бір қоғамдағы әлеуметтік топ - геоморлар (жер үлестері бар жер иеленушілер), үшіншісі демиурлар (халық үшін жұмыс істейтін қолөнершілер) болды. Ежелгі кезеңде Афиныда билеуші - басилей болды. Бірте - бірте оның саяси маңызы төмендеп, әскери істі басқаратын - полемархтар пайда болды. Басилейдің әскерді басқару ісінен аластатылуы, оның дәрежесін түсірді.
Б.э.д. IХ - VIII ғ.ғ. аристократтық полистің басында - архонт (бастық немесе үлкен) отырды. Ал, екінші орынға түсіп қалған басилей, тек діни функцияларды атқарды. Алғашқыда өмір бойына, сосын 10 жыл мерзімге, ал б.э.д. VII ғ. алғашқы жартысында бұл уақыт мерзімі-1 жыл ғана болды. Заңдарды жазып отыру үшін 1 жылдық мерзімге 6 фесмофеттен құралған коллегия сайланды. Олардың алтауы да 1 жылға сайланатын судья болып табылды. Бұл коллегияға архонт, басилей және полемарх қосылып, 9 архонт коллегиясы деп атала басталды. Афинадағы халық жиналысы өзге аристократтық полистегі сияқты, өз бетінше жұмыс істемеді. Заң шығарушы және сот жоғарғы органы қызметін атқарғандар жоғарғы дәрежелілердің кеңесі (аристократтық) болды. Олар Ареопаг жотасының басына шығып, кеңескен, сондықтан да кеңесті ареопаг деп атады. Ареопаг халық жиналысына жаңа архонттың кондидатурасын ұсынды. Ал, 1 жыл өткен соң бұл архонт оның жаңа мүшесі болып қабылданды [10, 25].
Демос пен аристократия арасындағы күрестің басталуы. Алғашқы қауымдық қоғамның толығымен ыдырау процесі аяқталар кезінде эвпатридтер құнарлы жердің барлығын басып алып, бұрынғы қауымдастар - геоморларға құнарсыз жер үлестерін қалдырды. Жер көлемінің аз болуы тезарада геомарларды ірі жер иеленушілерге тәуелді етті. Қарызын уақытында өтей алмаған геомарға жартылай және түгелдей жер үлесінен айырылу қаупі төнді. Егер де геомор затын алғанда кредиторға өзінің жеке басын кепілдікке берсе және де ол қарызын өтей алмаған жағдайда, ол эвпатридке борыштық құлдыққа түсті. Б.э.д VII ғ Афинада қолөнер мен сауда дамыды. Эвпатридтер арасында мүліктік жіктеліс орын алды. Олардың бірқатары қолөнер шеберханаларын ұйымдастырып, саудамен айналыса бастады. Мұндай эвпатридтердің мүддесі бірте-бірте негізгі билеуші топтың , яғни жер иеленушінің мүддесінен алшақтай бастады. Қолөнер және саудамен айналысушы эвпатридтер ендігі жерде қалалық демостың байып алған өкілдерімен жақындаса бастады.
Аристократия мен демос арасындағы қайшылықты пайдаланып , Афиныда өткен олимпиялық ойындардың жеңімпазы, эвпатрид Килон Афины тираны болғысы келді. Б.э.д 640 ж. ол Зевске арналған мейрамда өз жақтастарымен Акропольді басып алды. Бірақ, афинылық демос әлі де эвпатридтермен күреске дайын емес еді. Архонт Мегаклдің басшылығымен Акрополь қоршауға алынды. Килон қашып құтылды, ал оның жақтастары тұтқынға түсті және де оларды Мегакл қырып салды. Б.э.д VI ғ басында ел ішінде түпкілікті өзгерістер болды және де олар Солон реформаларымен тығыз байланысты болды. Солон реформаларының ең маңыздысы - "сисахфия" деп аталды. Бұл реформа экономикалық реформа болып табылды және оның нәтижесінде қарызы үшін өз жерінің арендаторына айналған шаруалар, өздерінің жеке меншік иесі деген статусын қайта алды. Онымен бір мезгілде афиндықтарды қарызы үшін құлға айналдыруға тыйым салынды. Сондай - ақ, аристократтарлың саяси билігін әлсіреткен реформалардың маңызы аса зор болды. Ендігі жерде азаматтың саяси құқы, оның шығу тегіне емес, байлығының мөлшеріне байланысты болды. Полистің бүкіл азаматтары дүние мүлікке қарай 4 разрядқа бөлінді. Мүліктік ценза негізіне жер игеруден алынатын натуралдық кіріс есептеледі. І-ші разрядқа пентакосиомедимдер жатқызылды. Олар өз жерінен ең кемінде 500 медимн сұйық және бидай сияқты өнім алуы қажет болды (медимн-көлем бірлігі 41 ден 52,5 метр аралығына тең болған). ІІ разрядқа - аттылар жатқызылды, Өйткені олар жеке өз атымен атты әскерде қызмет етуге тиіс болды. Алатын өнімінің мөлшері 300 медимн болды. ІІІ разрядқа - зевгиттер, яғни соқалы өгіздері бар азаматтар жатады. ("зевгос") өнімнің өлшемі 200 мидимн болды. Олар жаяу әскерде қызмет етуге тиіс болды .сонымен бірге ауыр қару-жарағы болуы керек болды. ІV разрядқа - феттер жатқызылды (батрақтар), әскери армияда олар қосымша көмекші функциялар атқарды және жеңіл қаруланды. Жерінен алатын өнімі 200 мидим болуы керек болды. Пентакосиомедимндердің міндеті - әскери кемелерді жабдықтау, қажетті нәрсемен толық қамтамасыз ету және жақсы дәрежеде ұстау болды. Осындай разрядқа бөлуге байланысты Афинының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Афинының теңіз қуаты
Грек классикалық мәдениеті
Ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы
Ежелгі Грекия
«ЕЖЕЛГІ ГРЕК МӘДЕНИЕТІНІҢ КЛАССИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ»
Грек мәдениеті
Ежелгі дәуір мәдениеті
Алғашқыда Микены мәдениеті
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Греция тарихының ежелгі кезеңі
Пәндер