Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Жоспар:
Кіріспе ... ...
І тарау
1.1. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі ... ... .
1.2.Ауыл шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері ... ..
1.3. Ауыл шаруашылық ұйымдардың шикізаттардың есебі ... ...
1.4. ХҚЕС бойынша ауыл шаруашылық шығындарының есебі...
2.0.Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі ...
2.1.Өсімдік шаруашылығы бухгалтерлік есебі ... ...
2.2.Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі ... ..
2.3.Ауыл шаруашылықта өндірілген өнімдердің есебі ... ..
2.4.Өсімдік және мал шаруашылық өнімдердің өзіндік құн есебі ... ..
2.5. Ауыл шаруашылық шығындарының синтетикалық және аналитикалық есебі ... .
2.6. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары ... ..
ІІІ тарау
3.0.Қорытынды ... ...
ІV тарау
4.0.Пайдаланылған әдебиеттер ... .
Кіріспе
Ауыл шаруашылық Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.
Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының дамуына әсер етеді.
Қазақстан Республикасы бидай мен ұнның ірі экспортшысы болып табылады (экспортшылардың әлемдік 10-дығына кіреді), елдің ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы экспортында мақта (15 %) мен жүн (25%) де айтарлықтай орын алады.
Республикадағы ауылшаруашылық жерінің жалпы ауданы 222,6 млн. га құрайды, оның ішінде 24 млн.га егістік (10,8%), 5 млн. га шабындық жер (2,2%), жайылымы 189 млн га. (85%) алып жатыр.
Қазақстанның ауылдық жерін мекендейтін халықтың саны 7,3 млн адам немесе елдегі жалпы халық санының 47,2% құрайды.
Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жыл ішінде байсалды қаржы ресурстарымен бекітілген агроөнеркәсіптік кешені мен ауылды дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданған.
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне, ал өндірістің шикізатқа деген талабын толық қанағаттандыру үшін өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің жылдық көлемін арттыру болып табылады. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылдығының басқа салаларынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Осыған орай мұнда бухгалтерлік есептің де ерекшеліктері бар. Олар өндірістің және меншіктің әр түрінің: мемлекеттік, ұжымдық, жеке, акционерлік және басқаларының ерекшеліктерінен туындайды.Бухгалтерлік есеп әр ұйым мен әр кәсіпорында жүргізіледі. Бұл жұмыспен барлық жұмысшы бухгалтерлер айналысады. Бухгалтерлік есептің барлық мәліметтерін кәсіпорынның жоспарын құру үшін басшылар, инвесторлар, несие берушілер, жабдықтаушылар және басқалар да қолданады. Олардың барлығына дұрыс қызмет атқарып және көп пайда табу үшін бухгалтерлік есеп керек. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп жалпы экономикалық принциптер, бухгалтерлік стандарттар және халықаралық қаржылық жоспарлау стандарттары бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп талаптарын қанағаттандырады. Осының арқасында кәсіпорындар мен ұйымдар барлық тұтынушылар үшін еркін қызмет атқара алады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің әр кәсіпорында жүргізілуінің өзінің ерекшеліктері болуы мүмкін. Көптеген ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындардың бухгалтерлері өздері шешім қабылдап жатады, ол қабылдаған шешімдерін бухгалтерлік шотта көрсетіп отырады. Бухгалтерлік есепті тиімді ұйымдастыру қолда бар материалдық, еңбек және ақша ресурстарын бақылап, дұрыс пайдалануды, өнімдерді өндіріп, оның өзіндік құнын төмендету жоспарын орындау мақсатында ішкі резервтерді пайдалануды, белгіленген уақытында есеп беріп және оның мәліметтерінің жедел талдануын қамтамасыз етуі тиіс. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті тиімді жүргізу үшін есеп жұмысын ұйымдастыруды жоспарлаудың үлкен маңызы зор. Бухгалтерлiк есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгiлi бiрлестіктерi мен тәсiлдерi бойынша есептейтiн, өлшейтiн және оны дәлдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсiпорынның жұмысын толығымен бағлап, оны басқару үшiн бағыт-бағдар берiп, алдағы уақытта iстелiнетiн жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажеттi ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлiк есеп бүтiндей халық шаруашылығы есебiнiң ең басты негiзгiсi болып саналады. Бухгалтерлiк есеп көптеген жүзжылдықтар бірінде пайда болып, бүгiнгi күнге дейiн дамып келедi. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы елiмiздегi бухгалтерлiк есептi жүргiзу жүйесiн анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негiзгi принцптерi мен жалпы тіртiбiн, iшкi бақылау және сыртқы аудит жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың бағыттары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн барлық кәсiпорын бухгалтерлiк есептеу мен қаржылық есеп берудi осы заңға сәйкес жүргiзуге мiндеттi.
Кез келген ұйымда бухгалтерлiк есеп жұмысын жүргiзу экономикалық мәселелердiң негiзгi және басты қажеттiлiгi болып табылады. Бухгалтерлiк есеп арқылы өндiрiлген өнiмдi есепке алуға, сатып-өткiзуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиiмдi де ұқыпты етiп бөлiп жұмсауға, яғни кәсiпорындағы шаруашылық әдерiстердiң барлығын басынан соңына дейiн есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық әдерiстердiң, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы.
Кәсiпорындардағы бухгалтерлiк маманының қай-қайсының болмасын негiзгi кәсiби мiндетi бухгалтерлiк ақпаратты пайдаланушыларға уақтылы және дұрыс есептелген мәлiмет беру болып табылады. Бұл ақпараттың мәлiметтi бiрдей дәрежеде пайдаланатын екi тұтынушы болмағандықтан, жалпы сипаттағы қаржылық есептi құру кезiнде негiзгi қағидалар мен шектеулердi, усынылатын ақпарат көлемiн объективтi бағалау қажет. Бухгалтерлiк есептегi бұл жүйе адамдар арқылы жасалатын болғандықтан оны құру барысында туындайтын қайшылықтарды жеңуге болады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жағдайларда ірі ауылшаруашылық кооперативтеріне мемлекет тарапынан қомақты қаржылық экономикалық қолдау көрсетілуде. Ал мемлекет дотациясы ұсақ шаруа қожалықтарына жете бермейді. Осыған байланысты бүгінде шаруа қожалықтары мен фермер шаруашылықтарына ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігу ұсынылып отыр, оның мақсаты келешекте өсімдік және мал шаруашылығында жұмыстарды біріге атқару және өндірілген өнімді өз күштерімен өңдеп жоғары табысқа ие болу.
Сондықтанда шаруа қожалықтарының ірі кооперативтерге бірігуін орынды және тиімді деп санаймыз.
Қабылданған бағдарламаға сәйкес, елдің ауылшаруашылық кооперативтерінің дамуының басым бағыттары:
- елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- сыртқы және ішкі нарықтарда ауылшаруашылық өнімдерін және өңделген өнімдерді сату көлемін арттыру;
- агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру;
- ауылшаруашылық кооперативтерін ауылшаруашылық өндіріс ретінде мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру.
Соңғы жылдары ауылшаруашылығының есебін ұйымдастыруға аса мән берілмей нарықтық экономикадағы деңгейі күрт төмендеді. Бүгінгі таңда ауылшаруашылығын қайта жаңғыртуда, соның ішінде өсімдік және мал шаруашылығының технологиясымен байланысты кооперативтегі бухгалтерлік есепті жетілдіруге және ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Бірақ, ауылшаруашылығында Қаржы Есебінің Ұлттық Стандарттарын (ҚЕҰС) қамтамасыз ететін бухгалтерлік есеп әдістемесінің қиындықтары орын алады. Ауылшаруашылығының бухгалтерлік есебі Қаржылық Есептің Халықаралық Стандарттарының талаптарымен Қаржы Есебінің Ұлттық Стандарттарына сәйкес қатты өзгерді. Қазіргі жағдайлардағы бухгалтерлік есеп жағымсыз құбылыстарды болдырмауға бағытталған. Есептің бұл қағиданы орындауы бухгалтерлік есептің негізі және оның негізгі элементі болып табылатын бастапқы есептің жетілдірілуін қажет етеді.
Ауылшаруашылық кооперативінде бухгалтерлік құжаттардың мамандандырылған түрлері қолданылады, бұл өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, қосымша қызмет көрсетуші, өнімді өңдеу өндірістерінің технологияларының ерекшеліктерімен байланысты. Бұның бәрі аграрлық салада бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастырып, оның сапасы мен шынайлылығын арттырады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазіргі экономикалық нарық жағдайында бухгалтерлік есептің түрлі аспектілеріне жеткілікті түрде көңіл бөлінген. Ауылшаруашылық кооперативтерінде бастапқы есеп пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, өнімнің өзіндік құнын есептеу мен шығыстарды есепке алудың әдістемесін зерттеу үшін, көптеген экономист зерттеушілердің еңбектерін қолдана отырып маңызды ұсыныстарын пайдалануды талап етеді. Себебі, ауылшаруашылық кооперативтерінде өнім өндірісін арттыру және шығындарды пайда болу орындары бойынша анықтауда, есеп және аудит саласында келесі қазақстандық ғалымдардың зерттеу жұмыстары кеңінен мәлім: Ж.Н Айтжанова, А.А К, М.С Ержанов, К.К Кеулимжаев, В.Л Назарова, К.Н Нарибаев, С.С Сатубалдин, А.А Сатмурзаев, Радостовец В.К, Жумабаева М.Д, Тайғашинова К.Т Тулешова Г.К және т.б..
Берілген мәселені шешуде келесі ресейлік және шетелдік ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты: А.Ф Аксененко, А.С Бакаев, П.С Безрукий, С Варде, А.П Варава, Г.И Гринман, М.М Дзыдык, А.А Данилан, Н Джураев, С.А Стуков, Н.Г Чумаченко, В.И Ткач, М.З Пизенгольц, Я.И Рошаль, П Фридман, Ф.Б Риполь-Серагоси және т.б..
Сонымен бірге, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өндірісінде мамандандырылған бухгалтерлік құжаттамаларды техникалық өңдеу қажеттілігі, салалық есеп саясаты мен аграрлық саланың өнімдерін өндіру шығыстарын есепке алудың қолайлы әдістемесін қалыптастырудың қажеттілігін арттыруды талап етіп отыр. Осы мәселелердің болуы және оларды шешу қажеттілігі зерттеудің өзектігін құрайды.
Зерттелім мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты-өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және бастапқы есеп әдістемесін қалыптастыру бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерді , ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін зерттеу барысында мына төмендегі міндеттер алға қойылды:
- ақтық табыс алу және есепті ұйымдастыруға әсер ету мақсатында оларға қосымша өндірістің қызмет көрсету қажеттілігі, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуда өндіріс технологиясын қолдану;
- ауылшаруашылық кооперативтерінде ақпараттық жүйені қалыптастырудың ролін, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өндірісінің, қосымша өндірістің Ауылшаруашылық есебі бастаушылығымен мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттарды зерттеу;
- қазіргі заманғы техникалық жабдықтар кешенінің көмегімен ауылшаруашылық кооперативінде есепті бағдарламалық қамтамасыз етудің аспектілерін қарастыру;
- кооперативтегі шығындар есебін жетілдіру мәселелерін негіздеу, ауылшаруашылық өнім өндіру шығындарын есепке алудың халықаралық жүйесін қолдана отырып салалық есеп саясатын қалыптастыру;
- ауылшаруашылық бірлестігінде өнімдердің өзіндік құнын есептеудің және шығындар есебін жетілдірудің мәселелерін зерделеу.
Зерттеудің пәні Ауылшаруашылық бірлестігінде шығындарды есепке алу, өнімнің өзіндік құнын есептеу және бастапқы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік тәжірибелік аспектілерінің жиынтығы болып табылады.
Зерттеудің объектісі ретінде Алматы облысының аграрлық сала шаруашылықтары алынды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Қаржы есебінің ұлттық стандарттарына сәйкес ауыл шаруашылығында есепті ұйымдастыру мәселелері бойынша ғалымдардың монографиялары, отандық және шетелдік авторлардың мақалалары құрайды. Жұмыста Қазақстан Республикасының нормативті және заң актілері кеңінен қолданылған.
Зерттеудің эмпириялық негізі бухгалтерлік есеп бойынша нормативті-құқықтық актілерден тұрады, соның ішінде: Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы Заңы, 28.02.2007 жылғы бухгалтерлік есеп шоттарының Үлгідегі жоспары, №1 Қаржылық есептің ұлттық стандарттары (ҚЕҰС), ҚР статистика Агенттігі, аграрлық саладағы шаруашылықтың қаржылық қызметінің жылдық мәліметтері, сондай-ақ ғылыми әдебиеттер мен баспасөз басылымдарында жарияланған материалдар құрайды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп әдістемелерін дамыту және ауылшаруашылық өнімдерін өндіру тиімділігін арттыруға, ауылшаруашылық кооперативтерінің дамуына бағытталған тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
-мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттардың мазмұны мен мәні ашылды, ауылшаруашылық есебін құжаттау туралы автордың ұсыныстары негізделді;
-қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуге байланысты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нысандарын жетілдіру тәжірибесі бойынша ұсыныстар берілді;
-өсімдік және мал шаруашылығы өндірісінің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты салалық есеп саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірленді;
-шығындардың пайда болу орындары бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің өзіндік құны, Шығындарды есепке алу журналы жаңа есеп регистрі ұсынылды;
-өсімдік шаруашылығындағы жұмыстар мен қызметтердің және ауылшаруашылық өнімдерінің өзіндік құндарының қолайлы сыныпталуы ұсынылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Диссертация тұжырымдары мен ұсыныстарын Алматы облысының ауылшаруашылық салаларында қолдануға болады.
Зерттеу жұмысы 1-ҚЕҰС-на сәйкес бухгалтерлік есепті қалыптастыру бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық қағидаларды негіздеу болып табылады. Диссертацияның қағидалары аграрлық сала өндірісінің технологиясымен байланысты, ұсынылған бағдарламаларға сүйене отырып, бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіруге байланысты қолдануға болады.
Есеп пен компьютерлендірудегі ғылыми қорытындылар, тәжірибелік ұсыныстар диссертациялық зерттеудің қағидаларының көпшілігіне енгізілген, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-нің Ауылшаруашылығындағы бухгалтерлік есеп курсын зерттеудің оқу үрдісінде пайдаланылады, бұл енгізу туралы актілермен дәлелдененеді.
Еңбектің мақұлдануы. Диссертациялық жұмыстың нәтижелері мен қортындылары республикалық және халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияларда және кезеңдік басылымдарда баяндалып, жарық көрді, соның ішінде: ғылыми тәжірибелік конференциялардың жинақтарында: Казахстан: конкурентоспособность и модернизация.(Алматы, 2006); Қазақстан және Орта Азия экономикасын жан - жақты үдемелі модернизациялау: қазіргі заман және болашағы (Алматы, 2007); Бизнес, ғылым,білім: ынтымақтастық қырлары (Алматы, 2008).
Зерттеу бойынша жарияланған еңбектер. Диссертацияның тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған басылымдарда 3 және жалпы көлемі 5,33 б.т., 9 ғылыми жұмыстар жарияланған.
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды мен қолданылған әдебиет тізімінен тұрады. Диссертация 25 кестемен, 9 сурет пен қосымшалармен сипатталған.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жүргізілген зерттеу кооперативте бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуының негізгі ережелерін, олардың құрылымына ықпалын ашып көрсетеді.
Осыған байланысты өндірістік салалардағы шығындар есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері және ауылшаруашылығын басқару құрылымы ұсынылды.
Кооперативтің дамуы өндірістік технологиялар және салалардың ерекшеліктеріне сүйене отырып жүзеге асырылады.
Шаруа (фермерлік) қожалықтардың ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігуі ондағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіруді талап етті.
Біздің ойымызша қазіргі жағдайда, ең бірінші бастапқы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру қажет. Біріккен ауылшаруашылық кооперативінде есеп нысаны ретінде өндіріс үрдісі болады:
-егілетін дақылдар түрлері бойынша өсімдік шаруашылығы;
-өсірілетін жануарлар түрлері бойынша мал шаруашылығы;
-машина-тракторлы парк, гараж, жөндеу шеберханалары (қосымша өндіріс);
-түрлері бойынша қызмет көрсетуші өндіріс;
- өнеркәсіптік, өңдеу өндірісі және т.б. (1сурет).
Диссертацияда есепті ұйымдастыру және әр саладағы қызметтермен өндіріс өнімдерінің қаржылық есептегі анықтамалары ашылды.
Тракторлар және комбайндар бригадасы № 1.
Жөндеу
бригадасы №2.
ЖЖМ және қосалқы бөліктер қоймасы №3.
және т.б..
Мал сою цехі
Ет өнімдері тоңазытқышы етті өңдеу
Жартылай дайын өнім цехі
Көкөніс консервілеу цехі.
Шырын өндірісі
Сүт өңдеу
және т.б.
Қой өсіру
бригадасы №1.
Сүтті ІҚМ
бригадасы №2.
ІҚМ төлі
бригадасы №3.
Құс шар-ғы бригадасы № 4
Жылқы өсіру бригадасы №5.
және т.б.
Қайта құрылған ауылшаруашылық кооперативтер басшылығы
Кооператив кеңесі
Қаржылық-есептеу орталығы
Өндіріс салалары
Өсімдік шаруашылығы
Мал шаруашылығы
Қосымша өндіріс
Гараж
Қызмет көрсетуші өндіріс
Өнеркәсіптік өңдеу
Астық өндірісі бригадасы №1.
Көкніс өндірісі бригадасы №2.
Малазық өндірісі бригадасы №3.
Қызылша өсіру бригадасы №4.
және т.б.
Жүк автокөлігінің бригадасы №1.
Жеңіл автокөлік бригадасы №2.
Жолаушы көлік бригадасы №3
және т.б.
Сумен қамсыздандыру бригадасы №1.
Электрқамсыздандыру
бригадасы №2.
Жөндеу цехі №3.
Құрылысшылар бригадасы №4
Қорлар қоймасы
Асхана - дәмхана және т.б..
Еңбек ұжымының кеңесі
1 сурет - Ауылшаруашылық кооперативін басқару құрылымы
Ескерту- автормен құрастырылды
Ауылшаруашылық кооперативін өз бетінше басқарудың жүйесі бастапқы есеп функцияларының берілген бөлігін белгілеу (яғни, бастапқы құжаттарды құру), әр өндірістік объекті өз-өзін ақтауды қамтамасыз етуде дағдарыс жағдайынан шығуды жұмыс істейтін ұжымдарға тікелей тапсырудың алғышарты болып табылады. Ауылшаруашылық кооперативінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өндірісінің технологиялық ерекшеліктерімен өзара байланысты.
2007ж. 22 маусымында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің №221 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері ауылшаруашылықта есепті ұйымдастыруды толығымен ашып көрсетпейді. Осыған байланысты, біз берілген ауылшаруашылық кооперативінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктерін атап көрсетуге тырыстық. Сонымен бірге, кооперативте өндіріс-сақтау-өңдеу және өткізу шығындарды үнемдеу және табыс алудың негізі болып табылатын бухгалтерлік есептің ашу сызбасын ұсындық.
Негізгі, қосымша және көмекші өндіріс салалары біріктірілген шаруашылықтардың өндірістік бірліктерінің негізгісі болып табылады. Бұның ішінде әр функция өз бетінше жұмыс атқарады. Өндірістік салалардағы қызметтерді басшылардың қортындыларымен және келісім шарттарына сай жүзеге асырады. Қаржылық-есептік орталық бүкіл ауылшаруашылық кооперативтің өндірістік және қаржылық қызметін жоспарлауын жүзеге асырады, сонымен қатар, кооперативтер арасында қамдандыру-дайындау фирмаларымен есептік-қаржылық операцияларын жүргізеді.
Қаржы есептеу орталығы өнімді өткізу, сатып алушылармен есеп жүргізу операциялары бойынша бірыңғай қарызгер және төлем жасаушы, сонымен қатар, бюджеттік қаражатты алушы, бюджетке салық пен салымдарды төлеуші болып табылады. ҚЕО ( Қаржылық- Есептік Орталығы) жұмысын бас бухгалтер атқарады. ҚЕО кеңестің қарастыруына және бекітуіне табыс табу және оны кооператив ішінде пайдалану бойынша ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді. ҚЕО жеке шот және әр кооперативке оның ақша қаражатының шығындары айқындалатын несие картасын ашады.
Сонымен бірге, ҚЕО өндірісті, шығындарды есепке алу, материалдар, малазық, тұқым шығындарының нормаларын, технологиялық карталар нормаларын, өнімнің есептік бағаларын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлейді.
Жұмыста Өсімдік биологиялық активтерінің ерекшеліктері және оның есепті ұйымдастыруға әсері үлкен мәнге ие. Өйткені, өсімдік шаруашылығының маусымдылығын бухгалтерлік есепте көрсету қажет, сонымен қатар өндірістік кезеңдер бойынша шығындар міндетті түрде бөлінуі тиіс.
Осы тарауда қосымша және қызмет көрсетуші өндірістерді есепке алудың ерекшеліктері көрсетілді: соның ішінде, шығындарды есепке алу және қызметтердің өзіндік құнын есептеу, машина-трактор паркі, автокөлік қызметі, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау қағидалары және т.б.
Ойымызды аяқтай келе, біз, дағдарыс қаупін төмендету мақсатында, сонымен қатар әрбір өндіріс салаларындағы есептің әдістемелік негіздерін кеңінен ашу қажет деп есептейміз. Мұнда әрбір өндіріс салаларының өзіндік өндірістік технологиясының ерекшеліктері бар, ондағы есепті ұйымдастыру осы ерекшеліктермен тығыз байланыстылықта жүргізілуі тиіс. Және ең бастысы, нарықтық экономика жағдайында әр салалар шығындарын өзі өтеуін камтамасыз етіп қана қоймай, дағдарыстық жағдайларының алдын алу мақсатында, экономикалық көрсеткіші ретінде табыс әкелуі үшін нарықтық инфрақұрылым жасауы тиіс.
Бастапқы бухгалтерлік есептің сапасын және сенімділігін арттыру барысында кооператив басшылығының ақпараттарымен өз уақтылы қамтамасыз етілуі өте маңызды. Сол құжаттар және соның негізінде жасалған есептеу қортындылары басқару өндірісін қажетті ақпараттармен қамтамасыз ете алады. Сондықтан да ауылшаруашылығында бастапқы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін және өсімдік шаруашылығын басқарудың ақпараттық жүйесіндегі орнын нақты анықтау қажет. Осы мәселелер бойынша Бухгалтерлік құжат және құжаттаманы анықтауда ауқымды пікір таластар жүргізілді. Тарқатып айтсақ, ...бастапқы бухгалтерлік құжаттар, бухгалтерлік есепті қалыптастыру тетіктері мен негізгі ақпаратты жеткізушілер болып табылатын, бөлек объекті ретіндегі бастапқы есеп жүйесін құрады, оның үстіне, бұл бухгалтерлік есеп әдісінің негізгі элементі бола алады деген тұжырымдамалар айтылды.
Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттарын және ауылшаруашылық есебінің айрықша құрылымының мазмұнын қолдануға байланысты мәселелер кездеседі. Соған байланысты егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының бастапқы құжаттары өндірістік процестердің ерекшелігін көрсетеді: олар Астықты егіндіктен жөнелту Тізілімі, астық қозғалысы Тізімдемесі, Тұқымдар шығыны Тізімдемесі, мал азығы шығынын есепке алу Тізімдемесі, ірі және шырынды азықтарды қабылдау Актісі, көкөністердің түсу Күнделігі т.б. Өндірісте мал шаруашылығы бастапқы құжаттар болып Төлдерді кіріске алу Актісі, малдардың салмағын өлшеу Тізімдемесі (сала бойынша), Сүт саууды есепке алу Журналы, Жұмыртқа түсу Күнделігі, Жүн қырқу Актісі т.б. Осы аталған құжаттар, әрбір өндіріс саласындағы кооперативте есепке алу процесін тиімдірек пайдалануды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, бөлек егін және мал шаруашылығындағы ақпараттық бақылау жүйелерін, қызметтер бойынша табыс көздерін иеленуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығында біріңғай мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттаманың болуының ұйымдастырушылық зор маңызы бар. Әрбір құжат бір операцияның аяқталуымен және басқа операцияның басталуы арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді, мысалы, Төлді кіріске алу Акті сала бойынша мал шаруашылығы өнім шығымын есепке алады және сонымен бірге есепте түсі, салмағы, ұрғашы, еркек атауы, құлақшалық нөмірін көрсетумен төл басы көбейеді, бұл көрсеткіштер қажетті ақпараттар болып табылады және басты талап - бухгалтерлік есепте көрсетілуі қамтамасыз етіледі. Ауылшаруашылық кооперативтерінде компьютерлік өңдеуді қолдану мамандандырылған бухгалтерлік құжаттардың мазмұнын, атқаратын қызметінің құрылымын ашудың басты мақсаты болып табылады. Бұл талаптар шаруа қожалықтарының ірі кооперативтерге біріктірілуі жағдайында өсе түседі, онда ақпараттық есеп жүйесіне компьютерлік өңдеуге негізделген есептің алдыңғы қатарлы әдістемесі қажет етіледі. Осы бухгалтерлік есеп ақпараттарына компьютерлік өңдеуді енгізу ауыл шаруашылық өндірістерін, және қосымша қызметтер мен қызмет көрсетуші өнеркәсіптік өндірісті басқарудың маңызды құрамдас бөлігі болып отыр.
Мамандандырылған бухгалтерлік құжаттарды компьютерлік өңдеуді қажет ететін егін шаруашылығында есепке алу бойынша жүйелеу төрт бағыт бойынша жүргізіледі:
1. Еңбек шығындарын есепке алу бойынша құжаттар;
2. Негізгі құралдарды есепке алу бойынша құжаттар;
3. Өнім шығымын есепке алу бойынша құжаттар.
4. Материалдық шығындарды есепке алу бойынша құжаттар.
Ол, барлық саладағы өсімдік шаруашылығының өндіріс және есеп обьектісі бойынша жүргізілген шаруашылық операцияларын бастапқы құжаттардың мамандандырылған формаларымен ресімдейді, ол, бірінші кезекте өсімдік шаруашылығында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы алалықты (алшақтықты) жоюға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығында мамандандырылған біріңғай бастапқы құжаттамалардың болуы бухгалтерлік есептің және одан кейін қаржылық есептеменің негізгі ұйымдастырушылық көрінісі бола алады.
Кейбір фермерлердің бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізуге, қаржылық есеп беруді жасауға қарсы келуі немесе оларды ескермеуі болып тұрады.
Бірақ та 2007 ж. 28.02. №234-III Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы ҚР Заңындағы 5б. 3 т.: ... Қаржылық есеп беруді жасаудың қажеттілігі туралы жазылған. Салық комитетінің бас салық инспекторы Н.Смурыгина, ҚР аумағында әрекет ететін барлық субьектілер бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме жүргізуге міндетті, деп тұжырымдайды.
Осыған орай бастапқы құжаттарды жасаудың міндеттілігіне еш күмән келтірілмеуі тиіс. Сондықтан егін шаруашылығында, қосымша қызмет көрсетуші өндірістерде мамандандырылған бастапқы құжаттардың бағыты мен мазмұны көрсетілген. Әр салаларда мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттарды ақпараттық жүйелермен қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады. Есептік процесті автоматтандыруға бағдарлау мақсаты, есеп формасын жетілдіру мақсаты қазіргі заманғы жағдайда ерекше өзектілік алады.
Осы бағытта жүргізген әдебиет деректеріне жүргізілген зерттеулер, ақпараттық жүйе, бас бухгалтердің оның мамандарының еңбекті бөлу жағдайында негізгі қызметтік міндеттерінің бірі болуы тиістілігін атап өтуге мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылық кооперативтері дербес бола бастағанда, ақпараттық қамтамасыз етуді дұрыс бағаламау біраз ысырапқа әкеледі. Өйткені нарықтық жағдайда компьютерлік желі үнемі кеңейеді және дамиды және осы мақсаттарға жұмсалған шығындар өзін- өзі ақтайды.
Қазіргі таңда, компьютерлік бағдарлама мүмкіндіктері мен оның болуы және сонымен бірге бар оқу жүйесі, бағдарламаларды енгізу жүйесі жақсы берілген. Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесін басқару аппаратының қызметі бойынша қолданбалы типтік бағдарламаның жобасын көрсетілген арнайы ұйымдарда қолдануға болады. Ақпараттық қамтамасыз етудің мұндай нұсқасы, есеп процестерін автоматтандыруда сала мамандарының басқаруы мен өндірістің ерекшеліктерін, олардың бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға әсерін жақсы игеру пайдалы болып табылады. Жүйені пайдалануға жіберуден кейін әзірлеушілер бағдарламалық өнімдерді қолдануды ілестіруді ұсынады, немесе жүйелі түрде бухгалтерлік есепке қатысты оқыту өткізеді, және бір мезгілде пайдаланушылардың өзіне бағдарламаға сәйкестік толықтырулар мен өзгерістер енгізуге мүмкіндік беріп отырады. Біздің елімізде бухгалтерлік есепті ақпараттық қамтамасыз ету бағдарламасымен көптеген мамандандырылған фирмалар айналысатыны аталған. Олардың көбі, басқа ұйымдардың өнімдерінен бухгалтерлік есеп телімдерін қамту бойынша да, құру принциптері бойынша да айырмашылығы бар. Сондықтанда әр ұйым өздері әзірлеген бағдарламалық өнімдерді ұсынады.
Ауылшаруашылық кооперативтерінде бухгалтерлік есепті, жүйені толығымен компьютерлеуде бағдарламалық жасақтаманы дұрыс таңдай білудің маңызы зор. Нарық ұсынып отырған көптеген бағдарламалық жасақтамаларының арасынан қолдануға ыңғайлы үш негізгі түрін атап кетуге болады: жергілікті бағдарламалық кешендер, шоғырландырылған (біріктірілген) бағдарламалық кешендер және автоматтандырылған жұмыс орны бухгалтерлік кешендері. Жергілікті бағдарламалық кешендер негізінен алғанда бухгалтерлік есептің бүкіл жүйесін компьютерлеуді іске асыра алады. Кооперативтегі компьютерлендіру жағдайындағы бухгалтерлік есеп, басқарудың барлық жүйесінде кері байланысты қамтамасыз ететін және жедел ақпаратты қамтамасыз ететін оның қызметтік жүйелерінің бірі болып табылады. Өндіріс саласындағы кооперативтерде бір бухгалтер есепті қамтамасыз етуге үлгере алады. Басқару жүйесінде есептік ақпараттың маңызы тек ақпараттық қамтамасыз етуге тірелмейді. Бухгалтерлік есеп басқа да маңызды рөлді - шығындарға бақылау жасауды, кооператив ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz