Метал ақша айналысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1 АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1 Ақша түрлерінің өзгеруі
1.2 Ақшаның жалпы эквивалентжәне экономикалық категория ретіндегі түсінігі
1.3 Ақша қызметінің эволюциясы

2 АҚШАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ
2.1 Ақша айналымы туралы ұғым жөне оның құрылымы
2.2 Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымы
2.3 Метал ақша айналысы
2.4 Қағаз ақшалар. Олардың айналыс заңдылықтары
2.5 Несие ақшалары және олардың түрлері

3 АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЬҚ МӘНІ
3.1 Ақша жүйесі туралы ұғым. Биметаллизм жүйесі
3.2 Монометаллизм жүйесі
3.3 Банкноталар мен қағаз ақшалар айналысы жүйесі және оның
сипаттамасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3

5
5

7
8

10
18
20
21
23
23

26
26
27

28

31

32

Кіріспе

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл -- мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шаралар жүргізуден айқын көрінеді. КСРО-да ақша реформасы екі рет -- жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) алғашқы жылдары (1922-1924) және Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін (1947)жүргізілді. Азамат соғысы, одан кейін Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес үкіметі Отан корғау шараларына байланысты көп шығындарды өтеу мақсатымен ақшаны айналыс қажетінен артық шығара беруге мәжбүр болды. Бұған қоса көпшілік қолды тұтыну тауарларын өндіру мен сату мөлшерінің кемуі салдарьшан нақты ақшаның айналыс қажеттілігі де азайды.Ақша реформасы айналысқа банк билеттері - червонецтерді шығаруды көздеген 1922 жылғы заңнан басталады. Червонец таза алтынның 7, 74234 г., яғни ескі 10 сомдық аліын шақаға (монетаға) теңелді. Кеңес Үкіметінің Министрлер Кеңесі мен БК(б)І I Орталык Комитетінің 1947 жылғы "Ақша реформасын жүргізу және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды жою туралы " қаулысында: "Ақша реформасын жүргізу еңбекшілердің әл-ауқат дәрежесін арттыруға, халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендетуге және кеңес мемлекетінің күш-қуатын одан әрі нығайта беруге көмектеседі " деп көрсетілді. 1947 жылғы ақша реформасы мемлекеттің қазыналық билеттер құрылысына ешбір өзгеріс енгізген жоқ, мұнда айналыстағы басы артық ақша жойылды, жалдаптар жинаған ірі ақшаларынан айырылды және карточка жүйесі жойылғаннан кейін олардың арзандатылған бағамен тауарларды көптеп сатып алуына мүмкіндік қалдырылмады. Ақша реформасы мен карточка жүйесінің жойылуының экономикалык маңызы зор болды, шаруашылықта ақшаның мәні көтерілді, кеңес сомының құны толығынан қалпына келді. 1961 жылы "Баға масштабын өзгерту және ақшаны жаңа ақшаға ауыстыру туралы" қаулы қабылданғаннан бастап, ескі ақша жаңа ақшаға 10 сомына 1 сом есебімен айырбасталды. Төл теңгеміз дүниеге келген күні бәріміздің бөркімізді аспанға ата қуанғанымыз рас. Оған да міне, он тоғыз жылдың жүзі болыпты. Осы орайда ұлттық валютамыздың туу тарихын еске түсіру орынды.
Курстық жұмыстың мақсаты :
ақша теориясының даму жолдарын жүзеге асыруға қол жеткізу;
ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін түсіну
Курстық жұмыстың міндеті:
ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және ақша реформасының теориялық аспектілері мен өткізу қажеттіліктерін қазіргі экономика тұрғысынан ашып қарастыру.
ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін толық қарастыру
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, мазмұннан, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

1.1 Ақша түрлерінің өзгеруі

Тауар өндірісінің тарихи даму барысында ақшаның ролін әр түрлі тауарлар атқарды. Әрбір тауарлы өндіріс тауардың жалпы эквивалентін пайдаланды. Қоғамдық еңбектің бірінші ірі бөлінуі нәтижесінде малшы тайпалары пайда болып, олар айырбас құралы ретінде малды қолданды. Оның нақты түрі жергілікті жердің жаратылысына байланысты әр түрлі болды. Мысалы, далалық жерлерде тауардың жалпы эквиваленті ролін жылқы, өгіз немесе қой атқарса, шөл және шөлейт жерлерде - түйе, қысы ұзақ тундрада - бұғы атқарды. Ақшаның айырбас құралы қызметін мал атқаруы әр халықтардың ауыз әдебиетінде сақталғаны соншалық кемін металдан соғылған ақшаны да мал атауларымен атаған. Мысалы, латын сөзі "пекус" - "мал", ал "пекуня" "ақша"; үнділердің ақша өлшемі "рупия" - "рупа" деген сөзден шыққан.
Қазіргі кезде көп қолданылып жүрген "капитал" деген сөздің шығу тарихы да мал атауымен байланысты көрінеді, өйткені ескі герман тілінде меншігінде көптеген мал басы болса, оның байлығын "капитал" деп атаған.
Кейінірек қолөнер кәсібі дами бастаған кезде әр түрлі халықтардың айырбасқа қолданған алғашқы тауары сирек кездесетін аңдардың терісі болған. Ертедегі скандинавтар мөлшері әр түрлі тауарларды сатып алғанда оларды түлкі, сусар, бұлғын терілеріне айырбастаған. Сібір халықтары айырбаста бұлғынның терісін қолданса, ал құндыздың терісі Солтүстік Америкада жүрген. Сондай-ақ тері ақшаларын Моңғолияда және Тибет пен Памир тауларының етегін мекендеген халықтар кең пайдаланған. Ертедегі Русьте сусар терісі айырбастың басты құралы болған. Оған дәлел мынандай мысал - 1610 жылы қарсыласының жаулап алған орыстың әскери кассасында күміс 5450 рубль және теріден жасалған 7000 рубль болған екен
Ал теңіздердің жылы жағалауын мекендеген тайпалар айырбас құралы ретінде теңізден шығатын қабыршақты (раковина) қолданған. Тарихта қабыршақтан жасалған әшекей бұйымдарының біраз атаулары сақталған. Солардың ішінде ең көп тарағаны ақшыл сары түсті, үлкендігі түймедей - каури деп аталатыны. Әшекей ретінде жіпке тізген каури Үндістанда, Қытайда, сол сияқты Африканың Шығыс жағалауында және Цейлон мен Филиппин аралдарында ең алғашқы ақша ретінде жүрген. Ал Америка үндістері қабыршақ ақшаны теріден тігілген белбеуге өрнек немесе аңдар мен құстардың бейнесін салып қолданған.
Қабыршақ ақша материалының ең бір орнықты формасы болып келді. Себебі XX ғасырдың 70-жылдарының бас кезіне дейін Соломоновтар аралдарындағы ақша айналымында қабыршақ ақшаның үш түрі: ең арзаны - курила (қара), галиа (ақ) және ең қымбаты - ронго (қызыл) жүрген.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланған. Мысалы, бір құл үш сыйырға, алты бұзауға, он екі қойға теңгерілген.
Қолөнер кәсібінің жетілуі ақша эквивалентін де жетілдірді. Оңай бөлінетін, бір-біріне оңай бірігетін, ұзақ сақталатын және біртектес эквивалент тауарлар, яғни өсімдік өнімдері - зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, бұршақ, тұз және с.с. пайда болды. Жалпы эквивалент болып әр түрлі металдар да қолданылды: темір, қалайы, мыс, қорғасын, күміс, алтын. Металл ақшалардың артықшылығы - олардың біртектестігі, мықтылығы, әрі оңай бөлінуі. Көп уақытқа дейін металл ақшалардың формалары әр алуан болды. Мысалы, темірден жасалған кетпен, күрек, таға, шынжыр және т.с.с құралдар; мыс ақшалар - мосы, қалқан, қазан, ыдыс түрінде айналыста жүрді. Ақшаның қазіргі грекше атауы "драхма" - "бір уыс шеге" деген ұғым ретінде сол кезден сақталған Күміс пен алтын ақшалар жүзік, сақина, алқа және с.с. әшекей бұйымдарының формасында болған. Уақыт өте келе жалпы эквивалент ролін күміс пен алтын ақша атқара бастады.
Таяуда жарық көрген Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында теңгенің тарихы былай баяндалады: Алғаш рет Ақ ғұндар б.з. I ғасырда бір беті пехвели, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (б.з. V -- VI ғ.) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізу өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 68 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері VI -- VIII ғасырдың жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларында арнайы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі -- сәл ұмтылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер, екіншісінде садақ және шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын мегзеген рәміз) бейнелеген. Екіншісі -- үшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің таңбасы) теңгелер. Б.з. 704 -- 766 жж. Таразда құйылған теңгелерде Түргеш қағанаты теңгесі немесе Түркінің көк ханының теңгелері деген жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. 1271 жылғы Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 грамм, тазалығы 78 -- 81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. 1321 ж. жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан Кебек хан теңгесін айналымға енгізді. Ақшаның салмағы -- 8 грамм. Күмістен шыңдап жасаған. Кебек хан теңгесі Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді. Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек, Қызыр ханның атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Түркістан, Жетісу, Еділ жағалауларына дейін қолданылыста болған. Бұдан кейін 1428 ж. енгізген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар арасында белгілі болды. 16 ғ. Отырардың мыс теңгелері және Иасының (Түркістанның) күміс теңгелері Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың басында Қазақ хандығының атымен өндірілген мыс ақшалар болған. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды.
Қорыта айтқанда, қазіргі монетаның пайда болуы металдан соғылған ақшаның сыртқы пішінінің қалыптасуындағы соңғы кезең.

1.2 Ақшаның жалпы эквивалентжәне экономикалық категория ретіндегі түсінігі

Ақшаның өмір сүрудегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылды. Тауар және ақша бір - бірінен бөлінбеді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысыда болмайды.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны белгіленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: (Табиғат ақшаны жаратпайды, алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген).
Ақша - өндіру мен бөлу процнстерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
- Жалпыға тікелей айырбасталу,
- Айырбас құнының дербес формасы,
- Еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаның пайдалану кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социолизм жағдатында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлу мен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жерасты сатып алынбады. Казіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүрумен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей қткізумен байланысты емес. Ақшанің бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық бөлшектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылыкөрінеді.

1.3 Ақша қызметінің эволюциясы

Ақшанің әр бір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндіріушілердің өзара байланысының формасы ретінде әлеуметтік- экономикалық маңызының белгңлң бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарды: құн өлшемі, төлем құралы, қор және қазына жинау, дүниежүзілікақша.
Ақша құн өлшемі ретінде
Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауарға, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі-ол жқмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша айналыс құралы
Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы.
- Оның идеялды ақшала емес, нақты қолма -қол ақшалар орындайды.
- Ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар-ақша белгілері орындайды.
Ақша төлем құралы
Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы Міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес.
Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлемақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құрал қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құрал ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес ғ сонымен бірге қаржы-несие қатынастары да қызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтауға болады:
- Тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер.
- Еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер.
- Мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер.
- Банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несие бойынша борыштық міндеттеме.
- Сақтандыру міндеттемелері.
- Әкімшілік сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақша қорлану және қазына жинау құралы ретінде
Ақша төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т айырылуымен байланысты.
Дүниежүзілік ақша ретіндегі шартты есеп бірліктері
Тауар шаруашылығының кеңейуі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүние жүзілік нарықтың пайда болуы, дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болады.
Сөйтіп аөшалар ертеден адамзаттың пайда болуы мен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойына ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи даму процесіне жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, бақалшақ, метал бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттілігінң себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай- ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу-сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтын мен жүргізілсе, бұл күндері қағаз несие ақшалармен жүзеге асуда.

2 АҚШАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі зат, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудырта отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болудағы обьективті алғы шарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтынушы өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақытың рәсуа болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес қоғамға қажеті шамалы. Сондықтанда әр бір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.
Ақша қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады.(1балта- 5құмыра, 1қой 1-қап бидай және т.б. ).
Қазақ ұлысы Жібек Жолымен керуен тартып келген саудагердің әр теңін бір теңгеге балап, ақша шығаруға бел байлады. Теңгенің тарихы 15 ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақстанның аумағында ақша дегеніміз мыңдаған жылдар бұрын пайдаланылған. Қазақстандағы ақша саудасы ғалымдардың айғақталуынша, бұрын да жүргізілген, оған сандаған мәнет шығарылымы куә болады. VII-VIII ғасырларда өз мәнеттерін орталық Сырдария мен Отырар жазирасында түрік әміршілері, ал Жетісуда түргештер мен тухсилер шығарған. IX-X ғасырларда осы аумақ Саманит империясының құрамына кіргендіктен, Қазақстанның оңтүстігіне саманиттік әміршілердің мыс фельстері пайдаланылған. Мәнет сарайлары Отырарда (Фарад) және Испиджабта жұмыс істеді. Ақша айналасында 3 түрлі дирхемдер - мүсейяби, мұхаммеди мен штрифи болды.
X ғасырдың ортасымен XIII ғасырдың бас шені - бұл қараханит мемлекетінің құрылуымен өмір сүру кезеңін қамтиды. Осы мезгілде тарихшылардың топшылауынша, қалалар қанат жайып, тауар өндірісімен сауда көлемі ұлғайған. Экономиканың өркендеуі ақша айналысында аса зор қаражат ағынын қажетсінген. Күмістің жетіспеушілігінен мәнет сарайлары дирхендерді, яғни "күмістелген" деп аталынатын беті күміспен жалатылған мыс мәнеттерін соға бастайды. Ұсақ бөлшек саудада мыс фельстерімен есептесілді.
Мыс мәнеттерін күміспен жалату және ақша айналысының құрылымы осы ғасырдың екінші жартысындада күміс дағдарысын жойған Масұтбек реформасына дейін сақталынып келді.
1271-1272 жылдары моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстан өңіріндегі наменгері Масұтбек дүйім империя бойынша еркін айналымда жүретін күміс мәнетін енгізді. Күміс шығару бойынша бірінші орында Тараз, Отырар, Кендіж қалалары болды.
XIV ғасырдың аяғында Қазақстанда Әмір Темірдің мәнеттері айналысқа қосылды. Сонымен бірге қазақ қалаларына сауда жасау үшін Бұхарадан, Самарқаннан, Тәшкен, Ақсы, Шахрұхи Хисардан әкелінген мәнеттер, негізінен мыс динарлары кеңінен пайдаланылды. Қазақ даласындағы ақшалардың өз атауы терең тамырланған. XV ғасырдың басында Отырар мен оның айналысында 3 дәрежелі "тәнге" атты күміс мәнеттері пайдаланылды. Негізгі атауы - тәңге, оның ширегі - мір, ал он екіден бір бөлігі - тәңгеше деп аталды.
XV ғасырдың соңынан XVII ғасырдың I жартысына дейін мәнет сарайлары Ясыда (Түркістан), Сауранда, Сығанақта, Сайранда үздіксіз жұмыс істеді. XVI ғасырдың орта тұсында Ясыда шейбан Ескендір хан күміс мәнеттерін шекмеледі. Ташкент мен бірге Сырдария жағасындағы қалалар айналыста тек күміс қана бір экономикалық аймақ құрғандығы да тарихтан белгілі.
Тарихшылардың айтуынша XVII ғасырдың ортасынан жоңғар шапқыншылығынан туындаған саяси және экономикалық себептер салдарынан қала тіршілігі мен сауда - саттығының құлдырауы басталады. Сонан кейін XVIII ғасырдың ортасынан қазақ жерінде Қоқанның, Ташкен хандарының ақша белгілері және орыс мәнеттері пайда бола бастайды. Ал XIX ғасырда барлық сауда операциялары тек қана орыс ақша белгілермен жүргізілді.
XVI-XVII ғасырларда Қазақстанда 1655-1663 жылдары Александр патшаның тұсында аса зор мөлшерде шығарылған мыс тиындары пайда болған Нумизматикалық зерттеулер Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыстарын көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы да ежелгі қаржылық дәстүрлердің жаңғыруындай, ал ақша атауын - "теңгені" де біздің ата-бабаларымыз көне Отырардың өзінде пайдаланған.[6, 4 б]
Теңгенің жасырын жағдайда жасалынуы мен Қазақстанның рубль аймағында қалуға мүдделік танытуы туралы әңгіме қозғағанда, оның экономикалық, саяси жіне техникалық себептерін жіктегенді дұрыс деп есептеймін.
Бірінші- экономикалық себебіне тоқталсақ. Бұл тұрғыда кеңестік жүйе бойынша Ресейден басқа одақтас республикалардың түгелге жуығы шикізат шығаруға бағытталып, соңғы өнімді өндіретін негізгі өнеркәсіп орындары мен зауыттардың барлығы ұлы көршіміздің еншісінде болды. Біз сыртқы және ішкі сауда айналымын жүзеге асыруда Ресейсіз түк бітіре алмайтын мүшкіл халде едік. Мұны сол жылдары еліміздегі экспорт пен импорт операциялары тұтастай көлемінің 70 %-дан астамы тек Ресеймен ғана жасалынуымен деп бағамдай беріңіз. Осындай жағдайда біздің рубль аймағынан бірден шығып кетуіміз өнеркәсібімізді өз қолымызбен тұншықтырумен теңеді. Осыған байланысты шамалы да болса уақыт ұтуымыз керек болды. Әрине Ресейдің өз валютасын енгізуге деген талпынысын біз Қазақстанға байланысты рыноктарын оңтайландырып жаққанынан-ақ біліп отырдық. Оның өз қазба байлықтары рыногына қарай икемделуі Қазақстаннан жөнелтілетін тауар көлемін күрт кемітетінінде алдын- ала есептедік. Сондықтан бізге басқа рыноктар тапқанша уақытты соза түсу тиімдірек болды.
Енді теңгені құпия жағдайда жасаудың таза техникалық себептеріне келсек. КСРО тарап, егемендігін алған 15 елдің ішінде 1992 жылы Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана рубль аймағын сақтап қалды. Қалған 11-нің түгелге жуығы өздерінің ұлттық валюталарын енгізіп үлгерген болатын. Осы жерде біз Кеңес Одағының валютасынан бас тартып, өз ақшамызды шығаратынымызды ашықтан-ашық жария еткенімізде, бұрынғы одақтас республикалар аумағында жарамсыз болып қалған миллиардтаған ескі ақшалар елімізге құйылатын еді. Ал оның соңы өмірге жаңа келген теңгеміздің құнын бірден жоғалтып, апатқа әкеп соқтыратыны анық еді.
-1992 жылдың қаңтарында Елбасының тікелей тапсырмасымен ұлттық валютаны дайындауға кіріскенімізде, бірінші кезекте жаңа ақшаның аты қандай болады деген мәселе тұрды. Соған байланысты тарихшылардың, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың көптеген ұсыныс пікірлері жинақталды. Сарапқа салғанда, пікір білдірушілердің басым бөлігі "алтын", "сом" және "теңге" деген атауларға тоқталған екен. Біз осы үш атаудың қайсысы ұлттық нышанымызды дәл айқындап, негізге сай бола алатыны туралы республика Ғылым академиясының ғалымдарымен ақылдастық. Академик ағаларымыз бастаған білгір ғалымдар теңгенің жүздеген жылдар бұрын Орталық Азия аумағында айналымда болғанын және археологиялық қазбалар арқылы дәл біздің еліміздің аумағында айналымда болғанын нақты деректер келтіреді. Қазақтың тарихы тым тереңде жатыр және ұлы адамдарға кенде емес. Ежелгі тарихымызда да айтулы тұлғалар аз еместігі және тәуелсіздіктен кейін есімдері қайта жарыққа шыққан ел перзенттерінің ұлықтауға тұрарлық еді. Сонымен бірге біржақты кетіп қалмай белгілі адамдар бейнелері өмір сүрген ортасына қарай қазақтың барлық өңірінен тең қамтылу қажет болды. Бұл ұлтымыздың ішкі мәселесі десек, сыртқы саясатта елдегі орыс ұлтының құқықтарын ескеру, көрші Ресеймен достық қарым-қатынасты қаперде ұстауымызға тура келді. Осы талаптар негізінде көне тарихымыздың жарық жұлдызы әлем мойындаған ғұламамыз Әл-Фараби, қазақты тұтас ұлт ретінде ұйыстырған Абылай, абыз ақын Абай, дәулескер күйші Құрманғазы, жыр сүлейі Сүйінбай және Ресей елі арасында байланыс орнатқан Әбілхайыр хан, қазақты орыс еліне танытқан Шоқан Уәлиханов сияқты бабаларымыздың портреттері бірауыздан қабылданды.
- Ұлттық валютаны алғаш енгізгенде әлемдік тәжірибе бойынша 1 теңгелікке классикалық номинация түрін жасадық. Ал барлық елдерде одан кейінгі және жүздің сыртындағы валюталар елдің экономикалық деңгейінің көрсеткішінің анықтауышы қызметін атқарады. Сондықтан да елде инфляция болған жағдайда олардың айналымнан шығып қалуы табиғи құбылыс. Сондықтан да кейіннен жарыққа шыққан 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік купюрлерді шығарғанда ақша шығаратын мекеменің жаңа дизайнға шығын шығармауын есептеп классикалық негіз ретінде алынған 1 теңгеліктің нұсқасы қалдырылды. Әрі Әл-Фараби бабамыздың суретінің тұруы ешкімге ешқандай дау туғыза қоймас.
Теңгені шығарар алдында біз алыс- жақын елдердің тәжірибелерін көп зерттедік. Бізге уақытша валюта шығару тиімсіз болды. Осыған орай бірден негізгі валютамызды шығаруға тәуекел еттік. Дизайн жасаумен айналысқан еліміздің 4 азаматы әлемдегі ең мықты деген валюталардың қорғаныштық қабілетін зерттеді. Біз үшін теңгені басу басты шаруа емес еді. Теңге Лондондағы кәсіпорында небәрі 4 айда басылып шығарылды. Мемлекет басшылығымен оны 1 қыркүйекте шығару тапсырылды. Бірақ ол үшін алдын-ала көптеген маңызды міндеттерді бітіріп алуға тиіс едік.
Егер ақша дегеніміз не деген сауалға жауап іздесек, онда оның қоғамда үш түрлі негізгі қызмет атқаратынын айтқан жөн. Біріншіден, теңге айналым құралы болып табылады, яғни тауарлар мен қызметтерді сатып алу мен қайта сатуда пайдаланылады. Бұл базардағы ресурс иелері мен өндірушілердің кез-келген тауар мен қызметті сатып алуға пайдалануына мүмкіндік беретін өте қолайлы әлеуметтік құрал. Теңге айырбас құралы ретінде қоғамды баспа бас айырбастың қолайсыздығынан құтқарады. Тауар айырбасына қолайлы жағдай туғыза отырып, ақша қоғамға географиялық мамандану және адамдар арасындағы еңбек бөлінісі жемістерін пайдалануға мүмкіндік туғызады. Яғни теңгенің арқасында біз әлемнің көптеген елдерінен тауар ала аламыз.
Екіншіден, теңге бағаның өлшемі болып табылады. Қоғам ақшаны түрлі байлық пен ресурстар бағасының салыстырмалы өлшемі ретінде пайдалануды қолайлы көреді. Жолды шақырыммен, салмақты килограммен өлшейтініміз сияқты байлық пен қызмет құнын ақшамен өлшейміз. Мұның артықшылығы айқын. Ақша жүйесінің арқасында біз бір тауардың құнын анықтау үшін оған айырбасқа жүретін басқа тауарды іздестіріп жатпаймыз. Мәселен, малдың бағасын астықпен, мәшинемен, шаймен немесе басқа заттармен өлшеп шығарып жатудың қажеті шамалы. Ақшаны жалпы атау ретінде пайдалану, кез келген өнімнің құнын ақша арқылы бағалау деген сөз. Оны бұлайша пайдалану адамдарға түрлі тауарлар мен ресурстардың салыстырмалы бағасын оңай бағамдауға мүмкіндік туғызады. Мұндай салыстыру дұрыс та тиімді шешім қабылдауды жеңілдетеді. Яғни ақшамен жалпы ұлттық өнім мөлшері және басқа да экономикалық көрсеткіштер, барлық төлемдер мен қарыз, несие міндеттемелері өлшенеді.
Үшіншіден, теңге салым құралы ретінде қызмет етеді. Ақша тауар ретінде пайдалануға әлдеқайда қолайлы, ол арқылы байлықты салым ретінде сақтау ұтымды. Бұл тұрғыдан алғанда ол қозғалмайтын мүліктер (жеке меншік) және бағалы қағаздармен (акция, облигация, т.б.) қатар байлықты молайту құралы болып табылады. Әдетте, ақша деп қолда бар, айналыста жүрген металл және қағаз ақшалар, сонымен қатар чектік салымдар, яғни банктегі, түрлі сақтық мекемелеріндегі чектер түсініледі. Металл және қағаз ақшалар мемлекет міндеттемесі болса, ал ағымдағы есеп шоттар коммерциялық банктер мен сақтық мекемелерінің міндеттемелері болып табылады. Сол сияқты ақшамен қатар түрлі қаржылық міндеттемелер формасы ретінде мемлекеттік бағалы қағаздар, т.б. өмір сүреді. Олар тікелей қарым қатынас құралы қызметін атқармағанымен, жедел қолма қол ақшаға немесе чекке айнала алады. Нарықтық қарым қатынастың келешек дамуына орай мұндай міндеттемелердің саны мен көлемі өсе түсетін болады. Ақшаның бағасы немесе сатып алу пәрмені дегеніміз сол ақшаға сатып алуға болатын тауарлар мен қызмет көлемі.
Тәуелсіз еліміздің экономикасын тұрақтандыруда, экономикалық өсу мен экономикалық - қаржылық тәуелсіздігімізді қамтамасыз етуде ұлттық валюта - теңгенің рөлі айтарлықтай.
Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрады: 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар, 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар, 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған).
Кейіннен айналысқа : 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар; 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген).
2001 жылы: 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайн өзгертілген); 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген); Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген).
2002 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.
2003 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкноттар.
1993 жылға дейін айналыста кеңес рублі болды, сонан соң Ресей жаңа рублін енгізді. 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Ұлттық валютаны енгізу туралы Жоғарғы Кеңес пен Үкіметтің бірлескен қаулысы қабылданды. Президенттің Жарлығы шықты. Осылайша, 1993 жылдың 15 қарашасы төл теңгеміздің туған күні деп саналады.
Егер де бүгінгі таңдағы қаржылық жүйеге, біздің валютаға келетін болсақ, қазіргі кезеңде теңге нығайтылды деп айту әлі ерте. Оның бағамы тек тұрақтанды деуге болады. 1999 жылға шейін теңге бағамын жасанды түрде ұстап тұрдық. Бірақ басты проблема валюталық бағамда емес. 1996-1998 жылдар барлық күш инфляциямен күреске жұмсалды. Үкімет теңгешілдік саясатты жүргізе отырып, ақша тапшылығын тудырды. [6, 4 бет]
-Тәуелсіз мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі - оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез-келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Барлық ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал теңгенің - Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының тарихы - Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы Жарлығынан басталады. Алайда сол күнге дейін теңгенің сыртқы сипатын жасау бойынша ұзақ жылдар мен айлар бойы қатарлы еңбек пен табанды жұмыс жүргізілген болатын. Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары мынадай номиналдардан тұрды 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңге. Бір теңге құны 1, 2, 5, 10, 20 және 50 тиын болатын 100 тиыннан тұрды. Жеті банкнот жасау үшін Т.Сүлейменовтың басшылығымен суретші дизайнерлер командасы құрылды. Оған М.Әлин, А. Дүзелханов кірді. Оларға ерекше әрі өте жауапты жұмыс жүктелді. Банкноттың дизайны көркемдік жағынан алғанда эстетикаға сай әрі алдағы уақытта оларды көптеп шығаруға, яғни полиграфиялық басылым тұрғысынан алғанда барынша ыңғайлы болуы керек. Біріншіден, банкноттар тарихи тұжырымдама тұрғысынан алғанда шын мәнінде қандай болуы керек екенін шешу қажет болды. Екіншіден, оларда бейнеленген тарихи тұлғалардың бет-әлпетін барынша дәл түсіру керек-тін.
Металл ақша - ерекше әрі маңызды тарихи дерек көзі. Олар бүгінгі күнге тарихи тұлғалардың тұтас бір портреттік галереясын, түрлі ескерткіш бейнелерді алып келді, олардағы суреттерде мифологиялық сюжеттер, тұрмыс-салт көріністері бейнеленді.
1994 жылы ұсақ қағаз тиындардың орнына құны 2; 5; 10; 20; және 50 тиындық латунь металл ақшалар шығарылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында "нейзильбер" қоспасынан жасалған 1993 жылдың үлгісіндегі құны 1; 3; 5; 10 және 20 теңгелік, 1997 жылдың үлгісіндегі "нбрасс" қоспасынан жасалған құны 1; 5; 10 теңгелік және "нейзильбер" қоспасынан жасалған 20, 50 теңгелік металл ақшалар айналыста жүрді. 1997 жылғы үлгідегі (жаңа металл ақша қатары) металл ақшаларды айналымға қосу оларды халықтың пайдалануы үшін барынша қолайлы етіп шығаруға, металды аз жұмсауға деген ұмтылысқа, сондай-ақ металл ақшаның 50 теңгелік қосымша құнының енгізілуіне байланысты болды.
Республикада ақша айналымында металл ақшамен қатар мерейтойлық және ескерткіш металл ақшалар да қолданылуда. Мерейтойлық және ескерткіш металл ақшалар белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени-ағарту мақсатында шығарылған. Әдеттегідей олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған. 1995-2000 жылдардағы кезең ішінде "нейзильбер" қоспасынан он бір ескерткіш және мерейтойлық металл ақша, тоғыз күміс және "prool" сапасымен бір алтын ақша шығарылды.
Банкноттармен металл ақшаларды әзірлеу саласындағы жетістіктерге қарап Теңге - тәуелсіз, егемен Қазақстанның рәмізі екендігін, еліміздің кешегі күнінің айғағы, сенімді бүгініміздің дәлелі және жарқын болашағының кепілі болып табылады. [5, 3 бет ]
-1999 жылы біздің өсуімізге жаңа мүмкіндіктердің көкжиегі ашыла бастады. Осыған байланысты теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет етуін қамтамасыз ету қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырай бара жатса Ұлттық банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын белгілеу үшін оны еркін жүзеге жіберу керек болды.. Елдегі инфляция қазір соңғы үш жылда 5-6 пайыздан асқан жоқ.
- Ел экономикасының стратегиялық даму көрсеткіштеріне болжам жасала отырып, 2006-2007 жылдары теңгені еркін айырбасқа жіберу туралы мемлекетте бағдарлама бекітілді. Осыған орай теңге үш жылдан кейін барлық экономикалық кеңістіктерде АҚШ-тың доллары сияқты еркін айырбасталатын валютаға айналмақ.Мұндай жағдайда теңге өзінің өміршеңдігіне негіз қалайтын болады. Дей тұрғанмен болашақта құрылатын біртұтас экономикалық кеңістікте ортақ валютаның болуы қиял емес. Теңге халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы қол жеткізе алмай келе жатқан асқаралы армандарының бірі болатын. [4, 3 бет ]
Қорғау элементтері, пайдаланатын техникалық тәсілдер, орындалу күрделігінің жиынтығы бойынша Қазақстан теңгесі қолданылып жүрген валюталардың жетекші әлемдік үлгілерімен бір қатардан орын алады және оның дизайны одан әрі жетілдірілуде, бұл полиграфиялық және компьютерлік технологиялардың дамуына әрі ақшаны жаңа тұрғыдан қорғау мен оған мәшине ғана оқи алатын элементтерді енгізу бойынша Ұлттық банктің жоспарлы жұмысына байланысты болды. 2006 жылы жаңа дизайндағы банкноттарды енгізді.
Ұлттық валюта- теңгені енгізген алғашқы күннен бастап қайта құру құрылымын тездету, инфляцияны төмендету, тұрақты экономикалық өсуге жету, төлем балансының тепе-теңдігін және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеттері қойылды. Осы мақсатта Үкімет пен Ұлттық банк қатаң макроэкономикалық саясат жүргізуге бағыт алды, оған бюджет тапшылығын едәуір қысқарту және кредит экспансиясын шектеу кіреді.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында валюталық режимді бұдан әрі ырықтандыру үшін қажетті алғышарт жасау бойынша жұмыс жалғасуда. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған валюталық режимді ырықтандыру бағдарламасы іске асырылуда. [14, 6 бет ]
Есеп айырысу баламасына деген сұраныс б.э. дейінгі VIII ғасырда белгілі салмақ пен құрамдағы стандартты құймалардың пайда болуына негіз қалады.
Қазақстанның Конститутциялық Кеңесі Қазақстанның біртілді я екітілді мемлекет екендігін ашып айтып бере алмаған күйі үнсіз. Демек, елдегі солқылдақ ұлттық саясаттың салдарынан біз әлі де мемлекеттік тілдің статусын айқындай алмай жүрміз. Сөйтіп, төл теңгеміз қос тілде жарық көрді. Мемлекеттік тілде қате кетті.
Елдің елдігін, мемлекеттігін паш ететін 5 түрлі символы болады, олардың бастысы әрі бірегейі - тілі мен территориясы, шекарасы мен ақшасы. Ендеше, теңгеге тек төлем құралы ретінде ғана қарауға болмайды екен. Ол төлем құралы бола тұрып, елдің тарихи жадында паш етуі тиіс [12, 1 бет ].
Айырбастау ауыр басталатын ақша сомасына тәуелсіз және қандай да бір комиссиялық алымдар ұ сталмай бірге - бір есебінде жүзеге асырылады. Алдағы уақытта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні
Ақша айналымы мен оның құрлымы
Ақшалардың қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Ақша деген не
Ақшаның адам өмiрiндегi орны қандай?
Ақша.Ақша реформалары
Ақша белгілерінің түрлері мен типтері
АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Аудит даму кезеңі, мәні және мақсаты
Ақша қаражатының аудиті
Пәндер