Экономиканың негізгі бөліктері


АҚШ экономикасы әлемнің ең ірі экономикасы. Әрбір экономикалық жүйеде кәсіпкерлер мен менеджерлер қызмет пен тауарды өндіріп, тарату үшін табиғи ресурстар, жұмыс күші мен технологияны біріктіреді. Осы элементтерді ұйымдастыру мен қолдану тәсілдері ұлттық мәдениет пен саяси мұраттарды көрсетеді. Құрама Штаттары көбіне «капиталистік шаруашылық» деген терминмен сипатталады. Бұл терминді 19-шы ғасырда неміс экономисі әрі әлеуметтік теоретигі Карл Маркс қолында капиталы бар адамдардың шағын тобының аса маңызды экономикалық шешімдерді қабылдау жүйесін сипаттау үшін енгізген. Маркс капиталистік экономикаға саяси жүйеде билігі көп социалистік экономиканы қарама-қарсы қойды. Маркс пен оның шәкірттері капиталистік жүйеде өз байлығын арттыруды мақсат еткен қуатты бизнесмендердің қолында билік шоғырланған дей отырып, социалистік шаруашылықта үкіметтің негізгі мақсаты - қоғамдық ресурстардың бірдей таралуы болып табылады дегенге сенді. Бұл категориялар тым қарапайымдылығына қарамастан олар үшін шындық элементтерін сақтап отыр, ал бүгінгі таңда олардың маңыздылығы тым әлсіз. Маркс сипаттаған таза капитализм болса да, ол жоғалғаннан кейін АҚШ және басқа мемлекеттердің үкіметі биліктің шоғырлануына шектеу қойып, әрі заңсыз коммерциялық әрекеттерге байланысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін экономикаға араласа бастады. Мүмкін осыдан кейін Америка экономикасын үкімет пен жеке кәсіпкерліктің маңыздылығы қатар тұратын «аралас» экономика деп атау жөн болар. Американдықтар еркін кәсіпкерлікке деген сенімдері мен үкіметтік басқару арасында шекараны өткізу жөнінде пікірлері бір келкі болмаса да, олар ойлап тапқан аралас экономикасы өте табысты болып шықты.
Экономиканың негізгі бөліктері
Елдің экономикалық жүйесінің басты құрастырушың - табиғат ресурстары болып табылады. Құрама Штаттары құнарлы ауыл шаруашылық жерлерге және минералды ресустарға бай, әрі климаты қолайлы. Сонымен қатар ол Атлант және Тынық мұхиттарымен шектеседі. Ал құрылықтық ортасынан ағатын өзендер мен Канада және АҚШ арасындағы шекараны бойлай жатқан Ұлы Көлдер кемелердің келуін қамтамасыз етеді. Осы кең ауқымды су жолдары ұзақ жылдар бойына ел экономикасының есімін қамтамасыз етіп, Американың 50 штатын тұтас экономикалық қауымдастыққа біріктірді.
Табиғат ресурстарын тауарға айналдыратын жұмыс күші экономиканың екінші құраушы бөлігі. Қолда бар жұмысшылар саны, ең бастысы олардың өркендеуі, экономика сергектігін анықтауға мүмкіндік береді. Құрама Штаттар тарихында жұмыс күшінің тоқтаусыз өсуі экономиканың тұрақты күшеюін қамтамасыз етті. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін жұмысшылардың басым копшілігін Еуропадан көшіп келушілер, олардың тікелей үрпақтары, немесе ата-бабалары, Америкаға құл ретінде көшірілген африкандық американдақтар құрады. 20-шы ғасырдың алғашқы жылдарында АҚШ-қа азиалықтар көп мөлшерде келді, ал Латын Америкасынан қоныс аударушылар кейінірек көшіп келді.
Сондай-ақ Құрама Штаттары жұмыссыздық шарықтап, енді бірде жұмыс күші жетіспеген кезеңдерді де өткерді. Қоныс аударушылар жұмыс күшіне сұраныс мол жерлерге жетуге тырысты, жергілікті жұмысшыларға қарағанда аз жалақыға жұмыс істесе де, олар Отандарына қарағанда көбірек ақша тауып, табысқа жетті. Нәтижесінде, ел экономикасы жылдам дамыды.
Жұмыс күшінің сапасы - адамдардың қаншалықты еңбек еткісі келетіні мен олардың кәсіпкерлігі - экономиканың табысты болуы үшін маңызды. Шекаралық өмір көп жұмыс істеуді талап етті, әрі протестантизмнің жұмыс істеу этикасы мұны қолдады. Өзгертуге және тәжірибе алуға деген ықылас пен техникалық және кәсіптік білім беруге көңіл бөлу - Америка экономикасының табыстылығына қосылған үлес болды. Жұмыс күшінің елгезектілігі де Америка экономикасының өзгермелі жағдайға бейімделуіне үлесін қосты. Қоныс аударушылар Шығыс жағалауын асыра толтырған кезеңде, жұмысшылар аралдан өңдеуді күтіп тұрған фермаларға кешті. 20-шы ғасырдың бірінші жартысында солтүстіктің индустриалды қалаларының экономикалық мүмкіндіктері оңтүстік фермалардағы қара-түсті американдықтарды қызықтырды.
Жұмыс күшінің сапасы әлі де маңызды мәселе болып қалуда. Бүгінде американдықтар «адам капита63336лын» көптеген жаңа жоғары-технологиялық өнеркәсіп салалары табысының кілті ретінде қарастырады. Нәтижесінде үкімет басшылары мен бизнесмендер компьютер мен телекоммуникаңия сияқты өнеркәсіптің жаңа салаларында бейімделе алатын, жылдам ойлайтын адамдарды дайындауда кәсіптік білім берудің маңыздылығын атап көрсетуде. Бірақ, табиғи ресурстар мен жұмыс күші экономикалық жүйенің бөлігін ғана құрайды. Бұл ресурстарды тиімді ұйымдастыра білу керек. Америка экономикасында бұл міндетті менеджерлер орындайды. Америкада басқарудың дәстүрлі құрылымы иерархияға негізделген: билік атқарушы директор- дан бастап директорлар кеңесіне, одан кәсіпорынның түрлі бөлімдерінің үйлесімділігін қамтамасыз ететін басқару деңгейлері арқылы цехта жұмыс атқаратын шеберге дейін барады. Көптеген мәселелерді шешу түрлі бөлімшелер мен жұмысшыларға жүктелген. 20-шы ғасырдың басында Америкадағы бөлініс жайында жүйелі анализге негізделген «ғылыми басқару» деген түсінік қалыптасқан еді.
Көптеген кәсіпорындар осы дәстүрлі құрылым бойынша жұмыс істеуде, бірақ кейбір басқа кәсіпорындар менеджментке кешті. Ғаламдық бәсекелестіктің артуына байланысты Америка бизнесі жоғары білімді маман жұмысшыларды қабылдайтын, аз уақытта өнімді өңдеп, өзгерте алатын ұйымдық құрылымдарды, әсіресе жоғары технологиялық өзгерістерді табуға тырысады. Иерархия мен еңбек бөлінісіне тым әуестену шығармашылыққа тұсау салады деген пікір көбейе түсуде. Нәтижесінде, көптеген компаниялар өздерінің ұйымдық қүрылымдарын ықшамдал, менеджерлер санын азайтыл, билікті қызметкерлер тобына берді. Менеджерлер мен қызметкерлер тобы қандай да өнім өндіре алуы үшін, олар бизнес кәсіпорындарына ұйымдастырылуы тиіс еді. АҚШ-та жаңа бизнес құруда немесе бар бизнесті кеңейтуде, қор жинақтауда ең тиімдісі - корпорация болу екендігі дәлелденген. Корпорация - коммерциялық кәсіпорындардың, меншік иелерінің, акция ұстаушыларының өз ережелері мен дәстүрлері бар ерікті ассоциациясы.
Корпорацияның тауар өндіріп, қызмет көрсетуі үшін қаржы қоры болуы керек. Олар банктерге, жеке адамдарға, зейнетақы қорларына және тағы да басқа инвесторларға акция (иелік үлес, активтер) немесе облигация (ұзақ мерзімді ақшалай қарыз) сату арқылы керекті капиталын арттырады. Көптеген қаржы институттары, әсіресе банктер, корпорациялар мен коммерциялық кәсіпорындардан тікелей қарыз алады. Федералдық үкімет пен штаттар үкіметі осы қаржы жүйесінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін, әрі инвесторлардың қажетті мәлімет алуға қол жетерлік жағдай жасайтын арнайы ережелер мен тәртіптер дайындайды.
Ішкі жалпы өнім аталған жыл мерзімінде өндірілген өнім мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін анықтайды. Құрама Штаттардың ішкі жалпы өнімі 1983 жылдағы 3. 4 триллионнан 1998 жылда 8. 5 триллионға дейін өсті. Бірақ, бұл сандар экономика саулығының өлшемі болса да, ол ұлттық тұрмыстың бар жағын қамтымайды. Ішкі жалпы өнім товар мен қызметтің нарықтық бағасын көрсеткенімен, мемлекеттегі өмір сапасын көрсетпейді. Сөйтіп, кейбір ауыспалылар - жеке бастық бақыты мен қауіпсіздігі, қоршаған орта тазалығы, жақсы денсаулық - осының шетінен шығып кетеді.
Тарихы
Қазіргі Американың экономикасы өзінің бастауын 16-шы, 17-ші, 18-ші ғасырларда Еуропадан келіп, қоныстанушылардың экономикалық жетістіктерге ұмтылу жолдарынан алады. Осы уақыт аралығында Жаңа Әлем маргиналды-табысты отарлық экономикасынан кішкентай тәуелсіз фермерлік экономикаға өтіп, соңында жоғары деңгейдегі күрделі индустриялық экономикаға көтерілді. Эволюциялық даму барысында Құрама Штаттары экономиканың дамуына себебін тигізетін күрделі институттарды өмірге келтірді. Сөйтіп, үкіметтің экономикаға араласуы тұрақты болғандықтан, осы қатысудың көлемі, жалпы алғанда, ұлғайды. Солтүстік Американың бірінші тұрғындары байырғы американдықтар - жергілікті халықтар болды; олар Америкаға осыдан 20 000 жыл бұрын, қазіргі Берингов бұғазы, Азиядан жер көпірі арқылы келген. (Еуропаның бірінші зерттеушілері Америка аралдарына бірінші рет келгенде Индияға жеттік деп қателесіп, жергілікті халықты «үндістер» деп атаған) . Осы байырғы халықтар тайпаларға, кейде, тайпа конфедерацияларына біріккен болатын. Еуропалық жер аударушылар келгенге дейін, байырғы халықтар өз араларында сауда-саттық жасап, басқа құрлықтағы адамдармен, тіпті Оңтүстік Америкадағы халықтармен байланысқа түскен жоқ. Бұл құрылған экономикалық жүйені олардың жеріне қоныстанушы еуропалықтар бұзып жіберді.
Викингтер Американы «ашқан» бірінші еуропалықтар болды. Алайда, шамамен 1000-шы жылы болған оқиға өте кең өріс алған жоқ: бұл кезде еуроталық қоғам әлі де ауыл шаруашылығы мен жер игеруге негізделген еді. Сауда-саттық Солтүстік Американың келешектегі ашылатын жаңалықтары мен қоныстанушыларға серпін беретін күшті қамтамасыз еткен жоқ.
1492 жылы испан туының астында жүретін итальяндық жүзуші Христофор Колумб, Азияның оңтүстік-батыс жолын іздеуге сапарға шығып, «Жаңа Әлемді» ашты. Содан кейінгі 100 жыл ішінде Ағылшындық, Испандық, Португалдық, Голландық және Француздық зерттеушілер «Жаңа Әлемге» Еуропадан алтын, байлық, даңқ іздеп келді. Алайда, Солтүстік Американың жабайы әлемі, бұл алғашқы зерттеушілерге аз даңқ, одан да аз алтын ұсынды. Сондықтан, бұл жерде адамдардың көпшілігі қалмады. Солтүстік Американы шынымен мекендеген адамдар кейінірек келген. 1607 жылы ағылшын топтары, Құрама Штаттары болуы керек жерде, бірінші тұрақты мекенді құрды. Джеймстаун мекені, қазіргі Вирджиния штатының орнында болған.
Отарлау
Ерте қоныстанушылардың жаңа Отан іздеуге әртүрлі себептері болды. Массачусетс пилигриммдері, діни қуғыннан кеткілері келетін ақ пейілді, өзіндік тәрбиеленген ағылшындар болды. Басқа колониялар, мысалы Вирджиния, бизнес-кәсіпорын ретінде негізделген еді. Бірақ, діншілдік пен пайдакүнемдік жиі бір-бірімен қоян-қолтық араласып кетті.
Болашақ Құрама Штаттарын отарлауында Англияның ілгері басуы - хартиялық компанияларды пайдалануда еді. Хартиялық компаниялар жеке экономикалық пайда мен Англияның ұлттық мақсатын көтергілері келетін акция иелерінің (саудагерлер мен жағдайы бар жер иелерінің) үлесінен құралды. Жеке сектор компанияларды қаржылағанда, король әрбір жобаны келісім мен кепілдікпен қамтамасыз етіп, экономикалық құқық, сол сияқты саяси және заңды билікті беріп тұрды. Тұтас алғанда, колониялар пайданы тез берген жоқ, сондықтан, ағылшын инвесторлары қоныстаушылармен колониялық келісімдерін жиі бұзып отырды. Қоныс аударушыларға өздерінің өмірін, қауымын, экономикасын, жаңа ұлт нышанын құруға мүмкіндік берді.
Бірінші колониялардың гүлденуі - аң аулау мен бағалы жүн-тері сатудың нәтижесі еді. Бұдан басқа, балық аулау - Массачусетстің негізгі кәсібі еді. Алайда, барлық колонияларда адамдар негізінен кішкене фермаларда және тұрмыс жағдайлары жеткілікті жағдайда тұрды. Бірнеше шағын қалалар және Солтүстік Каролина, Оңтүстік Каролина мен Вирджинияның үлкен плантацияларында кейбір алғашқы қажеттілік заттары және байлықтың барлық заттары темекіге, күрішке және индигоға (көгілдір бояу) айырбасқа алынды. Қолдаушы салалар колониялардың өсуіне байланысты күшейді. Қоныс аударушылар балық аулау флотын салу үшін өндірістер ашты, кейіннен сауда кемелерін жасады. Сонымен бірге олар шағын үстаханалар салды. 18-ші ғасырдың басында дамудың аймақтық ерекшеліктері айқын болды: Жаңа Англияның колониялары кеме жасауға және байлық құру үшін кемелерді сатуға сенді; Мэрилендте, Вирджинияда, Каролинадағы плантациялар (көбі құл еңбегін қолданыл) темекі, күріш пен индиго өсірді; Нью-Йорк, Пенсильвания, Нью-Джерси және Делавэрдегі орта колониялар астық пен терілер жеткізіп тұрды. Құлдардың жағдайын есепке алмағанда, өмір стандарттары Англияның өзінен жоғары болды. Ағылшын инвесторлары өздерінің капиталдарын шығарыл алғаннан кейін, қоныс аударушылырдың арасындағы кәсіпкерлер үшін алаң ашылды. Солтүстік Америка колониялары 1770 жылға дейін І-ші Джеймстің (1603-1625) басқаруы кезінде Англия саясатында басымдық көрсеткен өзіндік басқару қозғалысының бөлігіне кіруге экономикалық, саяси жағынан болсын дайын еді. Англияның артық салық салуы және басқа да заттарға байланысты даулар туындады; американдықтар өздерінің өзіндік басқару талаптарын қанағаттандыратын ағылшын салықтары мен ережелерін жасауға үміттенді. Ағылшын үкіметіне қарсы өскен даулар барлық британдықтарға қарсы және коло- ниялардың тәуелсіздігі үшін соғысқа әкеп-соқтырады деп ешкім ойламаған.
17-ші және 18-ші ғасырда Англиядағы саяси абыржу сияқты, американдық төңкерісу, 1775-1783 жылдары дүниеге келген орта таптар, Джон Локктың 1690 жылы жазылған «Азаматтық үкімет туралы екінші трактат» еңбегінен алынған: «өмірге жатсынбайтын құқық, еркіндік және жеке меншік үшін» деген үзінділермен американдықтарға, саяси, экономикалық көмек көрсетті. Соғыс 1775 жылдың сәуір айындағы жағдайдан басталды. Британдық солдаттар Массачусетс штатындағы Конкорд қаласындағы колониялық армиясын басып аламыз деп үміттенді; бірақ олар колониялық сақшылармен соқтығысып, түйықсыздан атылған оқ үшін, 8 жылдық күрес басталып кетті. Англиядан саяси түрғыдан бөліну, мүмкін, көптеген қоныс аударушылардың әуелгі мақсаты болмаған шығар, дегенмен тәуелсіздікке жету және жаңа ел - Құрама Штаттардың кұрылуы - осы үрдістің соңғы нәтижесі еді.
Жаңа ұлттық экономикасы
1787 жылы қабылданған және осы күнге дейін күші бар АҚШ конституңиясы шығармашылық данышпандықтың жұмысы еді. Конституция экономикалық хартия ретінде, сол кездегі Мэннен Джорджияға, Атлант мұхитынан Миссисипи ал- қаптарына дейінгі созылған тұтас ұлтты біріктірілген немесе «біріккен нарық» екендігін бекітті. Штаттар арасындағы сауда- саттық кезінде ешқандай тарифтер немесе салықтар болмауы керек еді. Конституция федералдық үкіметтің шетел мемлекеттері мен штаттар арасындағы сауда-саттықты реттеуге, банкроттықтың жалпы заңдарын, ақша және оның мазмұнын реттеуге, салмақ пен өлшем стандарттарын, пошта мен жол жасау және патенттер мен интеллектуалды меншікті басқару ережелерін бекітулі қамтамасыз етті. «Инттелектуалды меншікті» маңыздылығын мойындау 20-шы ғасырдың соңында сауда-саттық келісімдерде үлкен роль атқарды. Ел негізін қалаушы әкелердің бірі және қазыналықтың бірінші хатшысы Александр Гамильтон федералдық үкіметтің импортты ақтаушы тарифтерін бекітіл, ашық жәрдем ақша беріп, өндірістің жас салаларын өсіретін экономикалық даму стратегиясын жақтады. Ол федералдық үкіметті ұлттық банк ашуға және революциялық соғыс нәтижесінде колониялардан жиналған қоғамдық ақшаларды қабылдауға шақырды. Жаңа үкімет Гамильтонның кейбір ұсыныстарын енжар қарады; алайда ол тарифтерді американың сыртқы саясатының маңызды бөлігіне айналдырды - бұл ұстаным 20-шы ғасырдың ортасына дейін өз қуатын сақтады.
Бірінші америкалық фермерлер ұлттық банк кедейлердің есебінен байларға қызмет етеді деп қорыққанмен де, бірінші Құрама Штаттарының Ұлттық Банкі 1791 жылы өзінің қызметін бастауға рұқсат алды; банк 1811 жылы ісін тоқтатыл ісін мирасқор банк жалғастырды. Құрама Штаттар әртүрлі теңіздік-тасымалдаушы, өндіріс және банктық жүйе арқылы экономикалық дамуға талпынудың қажеттілігіне Гамильтон кәміл сенді. Гамильтонның саяси бәсекелес Томас Джефферсон өзінің философиясын қоғамдық тұлғаны саяси және экономикалық тираниядан қорғауға негіздеді. Ол кіші фермерлерді «ең қымбатты азаматтар» деп мақталы. 1801 жылы Джефферсон президент болып (1801-1809), орталыққа бағынбайтын аграрлық демократияны қолдады.
Оңтүстік пен батысқа қозғалыс
1793 жылы Эли Уитни шикізаттық мақтаны дәнегімен басқа қалдықтардан тазалайтын машинаны ойлап шығарғаннан кейін, алғашында аса белгілі болмаған мақта өндірісі күрт өсіп кетті. Оңтүстіктегі плантация иелері батысқа жылжып жатқан ұсақ фермердің жерлерін сатып алып отырды. Кейіннен құл еңбегімен өңделген үлкен плантациялар кейбір отбасыларға есепсіз байлық әкелді. Бірақ батысқа тек оңтүстіктегілер ғана қозғалған жоқ. Шығыстары тұтас ауылдар кейде орталық батыстық құнарлы жерлеріне көшіп мекендеп жатты. Батысты мекендеушілер өте тәуелсіз және кез-келген мемлекеттік басқаруға наразы болып көрінгенімен, шындығында олар мемлекеттен үлкен көмек алып отырды. Мемлекет көмегімен жасалған ұлттық жолдар мен каналдар, мысалы Камберландтағы ақылы жол (1818) және Эри каналы (1825) жаңа қоныстанушылардың батысқа көшуіне көмектесіп, кейінірек батыс фермаларының өнімдерінің базарға шығуын қамтамасыз етті.
Көптеген бай және кедей американдықтар 1929 жылы президент болып сайланған Эндрю Джексонды өте оңды адам деп санады, өйткені ол шекараға жақын территориядағы ұзын үйшікте өз өмірін бастаған еді. Президент Джексон (1829-1937) Ұлттық Банктің мұрагері Гамильтонды Батыс алдында Шығыстық қалыптасып қалған мүдделерін қорғайды деп, оған қарсы шықты. Гамильтон екінші мерзімге сайланғанда, Джексон банктік келісімді жаңартуға қарсы шықты, оны Конгресс қолдады. Оның әрекеті мемлекеттің қаражат жүйесіне деген сенімді сілкіндіріп, 1834 мен 1837 жылдары бизнесте кикілжіңдер пайда болды. Мезгілдік экономикалық алға басулар 19-шы ғасырда АҚШ-тың экономикалық өсуіне кедергі келтірген жоқ. Жаңа табыстар мен капитал инвестициялары жаңа салаларды құруға және экономикалық өрлеуге алып келді. Жүк тасымалдаудың жақсартылуына байланысты жаңа нарықтар тұрақты ашылып тұрды. Пароход өзендік кеме қатынасын тез және арзанға түсірді, сондай-ақ темір жолдардың дамуы жаңа территориялардың үлкен кеңістігін игеруге зор үлес қосты. Каналдар мен жолдар сияқты, темір жолдар да өздерінің алғашқы құрылыстарын жер кепілдігі түрінде мемлекеттен үлкен көмек, ақша алып отырды. Алайда, басқа көлік формаларына қарағанда, темір жолдар көптеген жергілікті және еуроталық жеке инвестиңияларды қызықтырды.
Сол апақ-сапақ күндерде, тез бай болудың реті мол еді. Қаржылық айла-әрекет бір түнде байлық жасатты; бірақ көптеген адамдар өздерінің қорларын жоғалтып алды. Сонда да, алтын мен Америкалық қоғамның үлкен міндеттері, жеке байлықтың шетел инвестиңияларымен қисындастырылған көрінісі ұлт үшін елдің индустриализациясының негізін құрайтын темір жол жүйелерін дамытуға мүмкіндік жасады.
Аралас экономика: нарықтық рөлі
Құрама Штаттарының «аралас экономикалы ел» деп аталуы ондағы үкімет пен жеке бизнестің экономикадағы маңызы бірдей болғандықтан дейді. Шынына келсек, Америка экономикасының тарихындағы пікірталастың көбі қоғамдық және жекеменшіктің салыстырмалы рөлі жөнінде. Американың еркін кәсіпкерлік жүйесі жекеменшікке көңіл бөледі. Жеке бизнес тауар мен қызметтің көп бөлігін өндіреді. Ол өнімнің үштен екісі түтынушыларға кетсе, үштен бір бөлігін үкімет пен бизнес сатып алады. Тұтынушының маңыздылығы сонша, кейде АҚШ «тұтыну экономикасы» бар мемлекет ретінде сипатталады.
Жекешелендіру
Жеке меншікке деген көзқарас халықтың бостандыққа сенімі артқан сайын дамуда. Американдықтар мемлекет пайда болғаннан бері үкімет билігінің шамадан көп болуын ұнатпай, үкімет билігін, экономикалық саладағы рөлін қоса алғанда, шектеуге тырысты. Сонымен бірге, американдықтар жекеменшікпен сипатталатын экономика мемлекеттік меншігі басым экономикаға қарағанда тиімдірек жұмыс жасайтынына сенеді.
Нарықтың жалпы экономикаға әсері
Американдықтардың пікірінше, нарық күштері еркін болса, сұраныс пен ұсыныс тауар мен қызметтің бағасын анықтайды. Ал бағалар бизнеске не өндіру керектігін айтады: егер тауарға экономика өндірген мөлшерден көп сұраныс болса, оның бағасы артады. Мұны сезген компаниялар табыс табу мақсатымен сұранысы жоғары тауарды өндіре бастайды. Керісінше, тауарға сұраныс азайса, бағасы төмендейді, сонда өндірушілер басқа тауар өндіруге кіріседі. Бұл жүйе нарықтық экономика деп аталады. Социалистік экономика нарықтық экономикадан орталықтан түскен жоспар мен мемлекеттік меншіктің көп болуымен ерекшеленеді. Американдықтардың көбі салықтық түсімдерге иек артқан, нарықтық талаптарды ұстанбайтын социалистік экономиканың тиімсіз болатындығына сенеді.
Шектеулер тек әділетті заңдарға тәуелді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz