Активтердің негізгі түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ

1 АКТИВТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Активтердің құрамы мен құрылымы және оның экономикалық маңызы
1.2 Активтердің негізгі түрлері

2 АКТИВТЕРДІҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫ
2.1 Активтердің құнсыздануы туралы жалпы түсінік және өтелетін соманы бағалау
2.2 Пайдалы қызмет мерзімі белгісіз материалдық емес активтің өтелетін сомасын бағалау
2.3 Құнсызданудан болған залалды тану және бағалау
2.4 Құнсыздану мәніне тексерiс жасау мерзімі
2.5 Құнсызданудан болған залалды қайта топтастыру

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3

5
5

9

18

18

21
22
25
26

28
30

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңға, қаржылық есеп беру халықаралық стандарттқа сәйкес активтерді қысқа және ұзақ мерзімді активтер деп жіктеледі [1]. Қысқа мерзімді активтерге: ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, қысқа мерзімді дебиторлық берешектер,қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектер, қорлар,ағымдағы салықтық активтер, сатуға арналған ұзық мерзімді активтер, өзгу қысқа мерзімді активтерден құралады. Ал ұзақ мерзімді активтеріне: ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер , өзге ұзақ мерзімді активтер.
Жалпы ақша қаражаттары Қысқа мерзімді активтер деген алғашқы бөлімнің бірінші тобына кіреді. Бұл бөлімнің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған. Актив, егер:
* Оны іске асыру болжамдалса, немесе ұйымның қалыпты операциялық циклінің барысында ол сату немесе пайдалану үшін ұсталынады;
* Ол негізінен сауда мақсатында немесе қысқа мерзімге және оны іске асыру баланстың күнінен кейін он екі айдың ішінде күтілсе;
* Пайдалану шеек қойылмайтын ақша немесе оның баламасында болса, қысқа мерзімді актив ретінде жіктеледі.
Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
Ақша қозғалысы жөнінде есепті дайындау кезінде пайданың көбую кездерін және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан кәсіпорынның таза табысы- тапқан табысы-егер есепті кезеңде ақша нысанында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар. Егер олар есепті кезеңде ақша нысанында жүргізілсе, онда ақшаның азаюына байланысты болады [1].
Дебиторлық берешектер- бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың щаруашылыққа берещек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқы заңды тұлғалармен және жекен азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.
Ұйым әрбір есепті күні активтің мүмкін болатын құнсыздану белгілерінің болуын анықтауға міндетті. Кез келген осындай белгі анықталған жағдайда ұйым активтің өтелетін сомасын бағалауы тиіс.
Бұған қоса, қандай да болсын құнсыздану белгісінің бар-жоғына қарамастан, ұйым:
- пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активті немесе пайдалану үшін әлі қол жетпейтін материалдық емес активті оның баланстық құнын оның өтелетін сомасымен салыстыру арқылы құнсыздану мәніне жыл сайын сынақтауға міндетті. Құнсыздануға ондай сынағы жылдық кезең ішінде кез келген уақытта, ол жыл сайын тап сондай уақытта қайталанып отырған жағдайда, орындалуы мүмкін. Әр түрлі материалдық емес активтер әртүрлі уақытта құнсыздануға сынақталуы мүмкін. Алайда, егер мұндай материалдық емес актив бастапқыда ағымдағы жылдық кезеңнің ішінде танылған болса, ол осы ағымдағы жылдық кезеңнің соңына дейін құнсыздануға сынақталуы тиіс.
- ұйымдар біріккен кезде сатып алынған гудвиллді құнсыздануға сынақтауға міндетті.
Материалдық емес активтің өз баланстық құнын өтеу үшін жеткілікті болашақ экономикалық пайдалар іздестіру қабілеті, әдетте, актив пайдалануға қол жеткізілгеннен кейінге қарағанда, ол пайдалануға қол жеткізілгенге дейін неғұрлым жоғары шектеусіздік дәрежесімен сипатталады. Сондықтан осы Стандарт ұйымнан, ең болмағанда, пайдалану үшін әлі қол жеткізілмеген материалдық активтің баланстық құнын құнсыздануға жыл сайын сынақтауды талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - активтердің құнсыздануын зерттеу. Осыған байланысты мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
- активтердің теориялық және методологиялық негіздерін талдау;
- активтердің құрамы мен құрылымы және оның экономикалық маңызына тоқталу;
- активтердің құнсыздануы туралы жалпы түсінік және өтелетін соманы бағалау;
- пайдалы қызмет мерзімі белгісіз материалдық емес активтің өтелетін сомасын бағалау;
- құнсызданудан болған залалды тану және бағалау
- құнсыздану мәніне тексерiс жасау мерзімінің тәртіптеріне сипаттама беру;
- құнсызданудан болған залалды қайта топтастыру жолдарын қарастыру;
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АКТИВТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Активтердің құрамы мен құрылымы және оның экономикалық маңызы

Ұзақ мерзімді активтер деп - кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бір жылдан артық мерзімде пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге жатпайтын құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта сатып-өткізуге арналған болса, оларды тауарлы-материалдық қорларға, яғни айналым құралдарына жатқызу қажет. Ұзақ мерзімді активтерге; ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, өзге ұзақ мерзімді активтер жатады [3].
Ұзақ мерзімді активтерді мынандай категорияларға жіктеуге болады;
* Материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар)
* Материалдық емес активтер.
Материалдық активтердің табиғи натуралдық нысаны бар. Мысалы, оларға жерді жатқызуға болады. Жердің пайдалану меозімі шексіз болғандықтан, оған амортизация (тозу) есептелмейді. Ғимараттар, құрал-жаблықтар, құрылғылар амортизациялауға жатады, яғни пайдалану мерзімі ішінде олардың құнын бөліп тарату үшін тозу есептеледі. Тозудың есебі бағалау процессі емес, бөліп тарату процессі болып табылатындығын есте сақтау қажет.
Бухгалтерлік есептің 28 Материалдық емес активтердің есебі стандарттарына сәйкес материалдық емес актив осы анықтамаға және төмендегі талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде танылады (есепке алынады):
* Егер субъектінің келешекте тікелей осы объектіге байланысты экономикалық пайда табуының ықтималдығы жоғары болса;
* Егер активтің құны дұрыс анықталса.
Егер де материалдық емес активтің келешек экономикалық табыстың көбеюіндегі рөлі-анықталған болса, активтің бұл түрін субъектінің пайдалану қабілеті және ниеті бар болса, сондай-ақ субъектіге келешек экономикалық табыс алуға мүмкіндік беретін техникалық, қаржы және басқа да ресурстары бар болса, ондай жағдайларда бұл материалдық емес активпен тікелей байланысты келешек экономикалық табыстар алынады.
Материалдық емес активтерге ғылыми, әдеби, көркем шығармаларға және шектес объектілеріне, электрондықесептеулерге машиналарының бағдарламаланһрына және тағы басқаларға авторлық басқа келісім-шарттардан туындайтын құқықтар, патенттер, өндірістік үлгілер, белгілер (таңбалары), лицензиялық келісімдер, ноу-хау, ұйымдастыру шығындары, гудвилл (фирма бағасы), жекелеген табиғи объектілерді (жер учаскелерін, табиғат ресурстарын, су, қазба байлықтар және т.б.) пайдалану құқықтары жатады.
Төменде материалдық емес активтерге:
* Авторлық куәлік (құқық) - ғылыми туындыны, әдеби, музыкалық шығарманы, көркем туындыны басуға, шығаруға, орындауға және басқадай пайдалануға құқық береді.
* Патент - оны иеленушіге заңмен белгіленген мерзім ішінде өнімдерді немесе процесстерді пайдалануға, өндіруге және сатып-өткізуге құқық береді. Патент авторларға не болмаса автордың көрсетуімен жеке немесе заңды тұлғаға беріледі. Өндіріс, сауда немесе кәсіп ету құқықтарына патент берілген кезде патенттік алым есептеледі.
* Өндірістік үлгілерге берілетін құқық өнімнің сыртқы түрін айқындайтын көркемдік және конструкторлық шешімдерді (дизайынды) қолдануға ерекше құқық беріледі.
* Тауар белгілері (таңбалары) - белгілі бір субъектінің өндірістік өнімдерін немесе көрсететін қызметтерін басқа субъектілердегі біртекті тауарлар мен қызметтерден айыру үшін қолданылатын белгілер. Тауар белгісі оны иемденуші кәсіпорынға өндіретін өнімдері мен көрсететін қызметтін сол таңбамен белгілеу үшін ерекше құқық беріледі. Әдетте, тауар белгісі өндірістік немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаның атына тіркеледі.
* Лицензиялық келісімдер - патент иесінің өзінің контрагентіне патенрттік құқықтарының белгілі бір пайдалануға, қандай да бір өнімдерді сатып-өткізуге ерекше құқығы үшін лицензия беруіне байланысты жасалынатын келісім-шарт. Яғни, лицензиялық келісімдерге лицензиялық келісім-шартпен өндірістік меншік объектісінің өзі емес тек оны пайдалану құқығы беріледі [4, 36].
Өндірістік меншік объектісін пайдалану құқығын лицензиясы белгілі бір мөлшерде төлем жасау арқылы сатып алады. Лицензиялық төлем - заңды немесе жеке тұлғаның меншік иесіне немесе бір нәрсені жасаушыға осы меншікті коммерциялық мақсаттарға пайдалану құқығы үшін жасайтын төлемі.
Бағдарламалық жабдықтауға электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламаларға авторлық құқықтар жатады. Бағдарламаға авторлық құқықпен жеке тұлға болып табылатын авторлық шығармашылық қызметінің нәтижесі бекітіледі. Материалдық емес активтердің бұл тобына мүліктік құқығы авторлық келісім - шартпен рәсімделген бағдарламалық өнімдерді жатқызу керек. Бағдарламалардың сауда орындарынан немесе таратушылардан сатылып алынған шығындар және оларды орнатуға байланысты шығындар материалдық емес активтер құрамына есепке алынбайды, ондай шығындар кезеңдік шығындарға жатады.
Мүліктік авторлық құқық авторлық келісім - шарт жасау арқылы тапсырылады, сондықтан материалдық емес активтердің бұл түрін есепке алу келісім - шартпен расталуға тиісті.
Ноу-хау - субъектінің практикалық (тиәжірибелік) қызметінде пайдаланылатын, бірақ әлі жалпы игілікке айналмаған ғылыми, техникалық, өндірістік, коммерциялық немесе басқадай сипаттағы әртүрлі білімдердің жиынтығы. Көп жағдайда ноу-хауды субъектінің құрылтайшылары мен қатысушылары оның жарғылық капиталына қосқан үлес ретінде береді.
Гудвилл (фирма бағасы) - фирманың іскерлік репутациясы. Фирма бағасы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындв тұтасымен немесе оның құрылымдық бөлімшесін сатып алғанда пайда болады. Әдетте мұндай кәсіпорындар активтерінің баланстық құнымен емес нарықтық құнымен сатылып алынады. Нарықтық құн дйңгейі кәсіпорынның табыстылығымен,өндіретін өнімнің базардағы мәртебесімен, салық төлеудегі жеңілдіктермен, басқару персоналының және қатардығы мамандардың квалификациялық деңгейімен және басқа да факторлармен байланысты болады. Кәсіпорынның сатып алу бағасының оның барлық активтерімен баланстық құнымен асып түскен айырмасы фирма бағасы болып табылады [5, 66].
Ұйымдастыру щығындары - субъектінің құрылуымен байланысты (мемлекеттік тіркеуден өту сәтіне дейінгі) шығындар. Ұйымдастыру щығындарына тіркеуден өту үшін қажетті құжаттарды дайындау шығындары, құжаттарды дайындау және тіркеуден өткізу процессіндегі кеңесші қызметінің төлемі бойынша шығындар; мемлекеттік тіркеуден өту үшін төленетін төлемдер; субъектінің шаруашылық қызметінің қандай болмасын түрлеріне әртүрлі рұқсаттар алу үшін төленетін алымдар; акциялар шығару бойынша шығындар; міндетті ұйымдастыру төлемдері (құжаттарды нотариалды растау, мөрлерді, штамптарды дайындау, банкте шот ашу, құрылтай құжаттарын көбейтіп алу және тағы басқалар ); басқадай шығындар жатады. Бухгалтерлік есептің 16 Негізгі құралдар деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз - кәсіпорында өнім өндіру, таурларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен (бір жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, уйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өдщеу және реттеу аспаптар мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құүралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға (есепке алынуға) тиісі:
* егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығына аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
* егер кәсіпорын үшін активтің ззіндік (бастапқы) құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканың барлық салаларында біріңғай болғаны жөн.
Осымен ұзақ мерзімді активтерді иммобильдік қор болып табылады. Және де қоғамның негізгі капиталы болғандықтан ұйымның қажетті көздерінің бірі деуге болады. Негізгі құралдары уақытында жөндеуден өткізіп немесе жаңа құралдарға ауыстырып ортырса құралдары сапалы өнім шығара алады. Және де қаражаттары уақытында айналысқа түскен жағдайда ақша қаражаттары мен өз міндеттемелерін уақытында қайтара алуы көп жетістік.

1.2 Активтердің негізгі түрлері

Активтер - өндірістік және бейөндірістік мақсаттағы жылжымайтын және жылжитын мүлік түріндегі меншік, сондай-ақ шаруашылық мақсатта пайдаланылып жүрген жер, орман-тоғай, пайдалы қазбалар қоры, ақшалай құны бар, заңи және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын нәрселердің бәрі; елдің шетелден алынған (мысалы, тауар әкетілімінің нәтижесінде алынған) ақшалай табысының оның шетелдегі шығысынан асып түсуі.
Қысқа мерзімді активтер -- қолма-қол ақша түріндегі және қолма-қол ақшаға айналдырылмақшы, сондай-ақ сатуға болатын немесе бір жыл бойына немесе ұзақтығы бір жылдан асатын болса, оперативтік өндірістік өткізу циклі бойына пайдалануға болатын активтер;ұзақ мерзімді активтер -- қолма-қол ақшаға айналдыру, сату немесе бір жыл немесе оперативтік цикл бойына пайдалану көзделмейтін активтер; оперативтік активтер -- жер, үймерет, жабдық және басқа негізгі қорлар сияқты өндіріс барысында пайдаланылатын ұзақ мерзімді активтер; өтімді активтер -- пайыз түрінде табыс әкелмейтін және иелеріне өздерінің міндеттемелері бойынша төлем төлеуге мүмкіндік беретін, оңай өткізілетін қаражат (қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, ірі компаниялардың акциялары мен облигациялары, ағымдағы шоттар, қолма-кол ақша) [6, 93].
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде, мысалы, Ұлыбритания мен басқа да елдерде мынадай сыныптамалар қолданылады: негізгі активтер -- құны бар және компания жай қайта сату үшін емес, тауар өндіру немесе қызметтер көрсету мақсатымен сатып алатын мүлік (бір жылдан астам кезең бойына өндірістік үдеріске пайдаланылатын нәрселердің бәрі); ағымдағы активтер (айналым құралдары) -- құны бар, келесі 12 ай бойына ақшалай қаражатқа айналуы мүмкін мүлік (босалқы қорлар, дебиторлық берешек, ақшалай қаражат).
Ұлттық шоттар жүйесінде активтерге тек экономикалық қызметте пайдаланылатын немесе меншік құқығы объектісі болып табылатын активтер ғана жатады, ал экологиялық активтер (теңіз, ауа), сондай-ақ тұтыну тауарларының едәуір бөлігі, "адами капитал" дейтін (тәжірибе, білім, қабілет), экономикалық қызметте пайдаланылмайтын табиғи ресурстар, т. б. есептелмейді. Ұлттық активтер материалдық активтер мен бейматериалдық активтерге бөлінеді.
1. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жеке (жеке адамдар) немесе заңды тұлғаның мүлкі. Активтердің мынадай түрлері болады: күрделі (негізгі қорлар), қаржылық (құнды қағаздар, кредиттер) және материалды емес активтер.
2. Бухгалтерлік есепте -- қарыздар мен қарыздық міндеттемелерге қатысы жоқ барлық нәрселер енеді.
Ұйымдар активтерді өздері өндіріп шығару (жасап шығару), сатып алу немесе басқалардан уақытша жалға алу арқылы иеленеді. Активтер өздерінің пайдалану мерзіміне қарай мынадай екі топқа белінеді:
-- қысқа мерзімді активтер (бір жыл уақыт аралығында пайдаланатын).
-- ұзақ мерзімді активтер (бір жылдан артық уақыт пайдаланатын);
Қысқа мерзімді активтер - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Қысқа мерзімді активтерінің мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Қысқа мерзімді активтерінің өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезенде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құның тікелей дайын өнімге апарады.Қысқа мерзімді активтерінің құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын атайды.
Кәсіпорындарындағы қысқа мерзімді активтерінің құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетіне сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы. Қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді [7, 89].
Кәсіпорындарда қысқа мерзімді активтерінің құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында қысқа мерзімді активтерінің шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.
Қысқа мерзімді активтер құрамына бухгалтерлік есепте:
Ақша қаражаттары және оның эквиваленттері;
Қаржылық инвестициялар
Дебиторлық берешек;
Қорлар;
Өзге де қысқа мерзімді активтер жатады.
Қысқа мерзімді активтер үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысаның өзгертіп) тұратын ауыспалы айналым жасайды.
Бірінші сатыдан кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын (айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым капиталы айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі - дайын өнімге (тауар нысананы) айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды, қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай -әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.
Нарықтық экономикада ұйымдар арасында еңбек құралдарын сатып алу, өнімдерді сату, жалдамалы жұмыс күшінің еңбек ақысын төлеу балансында төлем құралы ретінде ақша қаражаттары пайдаланылады. Есептесу екі нысанда жүргізіледі:
-- Банк жүйесі арқылы қолма - қол ақшасыз аудару жолымен;
-- Қолма - қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаны басқару қаржылық нарықтық күрделілігіне байланысты күннен - күнге үлкен маңызға айнала бастады. Бәсекеге қабілеттілік ұйымның одан әрі дамуы үшін қажетті ақшаны жеткілікті деңгейде табуды талап етеді. Ақша есебін дұрыс ашып көрсету және ұйымның өтімділігін бағалау үшін өте қажет.
Ақша қаражаттары есебінің, тараптар арасында есеп айырысу кезіндегі орнының ерекше екенін айта отырып, ақша ұғымының экономикалық мәніне тоқтала кеткеніміз жөн [8, 27].
Ақша нарықтық экономикада ақша - несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылады.
Көбінесе ұйымдардың арасында есеп айырысу банк жүйесінің жәрдемімен қолма-қол ақшасыз арқылы жүргізіледі. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорын банкіге төмендегі құжаттарды өткізеді: шот ашу жөніндегі өтініш, кәсіпорын ұйымдастырылуының заңдылығы туралы құжат (нотариуспен бекітілген құрылтайшылардың шешімі) жарғы көшірмесінің бір данасы, мөрдің таңбасымен қоса кәсіпорынның қаржыларын басқарушылардың қол таңбалары қойылған нотариуспен бекітілген екі карточка, кәсіпорынның тіркелуі туралы статистикалық органдарынан анықтама және есепке қою туралы салық инспекциясының анықтамасы.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес әрбір кәсіпорын, мекеме, ұйым өзінің негізгі қызметі бойынша операцияларды жүргізу үшін банк немесе басқа несие мекемесінде бір ағымдағы (есеп айырысу) және бюджеттік шот ашуына құқылы.
Салық төлеушілер тоқсан сайын салық органдарына өздерінің Қазақстан Республикасы көлемінде, сондай-ақ шет елдерде ашылған барлық шоттары (валюталық, депозитті және тағы басқа) туралы мәліметтер беріп тұруға міндетті.
Дебиторлық берешектер иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Дебиторлық берешек дегеніміз - иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Негізінен дебиторлық берешектер келесідей бөлімдерді қамтиды:
-- сатып алушылар мен тапсырысшылардың дебиторлық берешегі
-- еншілес ұйымдардың дебиторлық берешегі
-- қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың дебиторлық берешегі
-- филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің дебиторлық берешегі
-- қызметкерлердің дебиторлық берешегі
-- жалдау бойынша дебиторлық берешек
-- алуға арналған сыйақылар
-- өзге дебиторлық берешек
тауарлы - материалдық қорлар - бұл:
Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;
Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
Ұйымдардың қызметінде сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.
Соған сәйкес тауарлы - материалдық қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады:
Шикізаттар мен материалдар -- өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін - шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін - материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді.(қант, сүт, хош иіс)
Сатып алынатын жартылай фабрикаттар -- өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.
Отын -- өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.
Ыдыс және ыдыстық заттар - бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.
Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді [9, 71].
Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.
Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар - бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.
Құрылыс материалдары - құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жэұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді.Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар [9, 72].
Ендігі кезекте ұзақ мерзімді активтер түрлеріне, олардың мазмұны мен сипатына тоқтала кеткен жөн.
Ұзақ мерзімді активтердін қатарына негізгі құралдар мен материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар және ұзақ мерзімді инвестицияларды жатқызуға болады. Осы ұзақ мерзімді активтерге қысқаша тоқталып келетін болсақ: өндірістік салаларда еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге (бір жылдан жоғары) қасиетін, қалпын жоймай сақтап пайдаланылатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеу аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың програмалық құралдар, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандар, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады. Негізгі құралдар ұйымының материалды- техникалық жарақтану базасын құрудың негізін қалыптастырып, қызметіндегі жетекші бағыттарды іске асыруда маңызды рөл атқарады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші -- қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар -- тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз -- субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінін балансында есептейді, жалға алушы 001-ші Жалға алынған негізгі құралдар баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аякталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады [10, 120].
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар -- бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уакытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді.
Мүліктік көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады.
Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимаратгардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және аткаратын кызметтеріне қарай мынандай түрлерге (топтарға) бөлінеді:
-- жер;үйлер;ғимаратгар; өткізгіш тетіктер;
-- машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматгы машиналар және кұрал-жабдық);
-- күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы;
-- басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар;
-- шаруашылык мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимаратгарсыз) шыққан күрделі шығын; баска да негізгі кұралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер: жер -- субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады; үйлер -халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
-ғимараттар -- еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
-- өткізгіш тетіктер (қондырғылар) -- электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, кұбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық ыдыстар;
-машиналар мен жабдықтар -- күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдық риялык жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті коса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;
-- күш беретін машиналар және жабдықтар -- жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары;түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер).
-- жұмыс машиналары мен жабдықтар -- еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар);
-өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар -- өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар);
-есептеу техникасы -- процестерді жыддамдату және автоматгандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, баскарушы және басқа есептеу машиналары);
-- басқадай машиналар мен жабдықтар -- машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар);
-- көлік құралдары -- адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің козғалмалы кұрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
-- құрал-сайман -- қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған кұралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің кұрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
-- өндірістік мүлік және соған жататын заттар -- өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті корғауға көмектесетін жабдықтар; сұйык, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
-- шаруашылық мүлік -- кеңсежәне шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект- мүліктік объекті бола алады;
-- жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал -- ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал -- мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен кошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;
-- көп жылдық өсімдіктер -- қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
-- жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) -- ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту);
-- басқа да негізгі құралдар -- кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар [11, 64].
Экономиканың даму мүмкіндігіне қарай шаруашылық жүргізуші ұйым мүлкіндегі материалдық емес активтердің маңызы мен үлесі арта түседі, ол техника мен технологиялардың дамуымен, ақпараттардың кеңінен таралуымен, экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты.
Материалды емес активтер деп- табиғи болмысы жоқ өндіріске немесе тауарларды (жұмысты, қызметті) сатып -өткізу операцияларына, әкімшілік мақсаттарға ұзақ уақыт (бір жылдан артық) пайдалануға басқа ұйымға жалға беруге арналған, айқындауға болатын, ұйым бақылау жүргізе алатын, сондай-ақ пайдаланудан ұйым келешекте экономикалық табыс күтетін ақшалай емес активтерді айтады.
Кәсіпорындағы материалдық емес активтердің қатарына лицензиялық келісімдер, бағдарламалық жабдықтар, патенттер, ұйымдастыру шығындары, гудвилл, сауда маркалары, авторлық құқықты жатқызуға болады.
Материалды емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады.
-- Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
-- Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
-- Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.
Ноу-Хау деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы субьектіге табыс беретін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады.
Лицензиялық келісімдер. Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицензиялық келісімдерді берушіге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдық емес активтердің есептен шығарылуы
Материалдық емес активтердің түрлері
Материалдық емес активтер аудиті туралы
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы
Материалдық емес активтердің түрлері туралы
Банк активтік операцияларын сақтандыру
Материалдық емес активтердің есебі мен аудиті
Операциялық активтерді басқару
Материалдық емес активтерді бағалау
Материалдық емес активтердің қозғалысының есебі
Пәндер