Азаматтық құқықтағы мерзімдер түсінігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

І ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ МЕРЗІМДЕР ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ

1. 1. Азаматтық құқықтағы мерзімдер түсінігі . . . ……. 8

1. 2. Сотта іс жүргізу мерзімдері. . 16

1. 3. Соттағы өкілдік ету тәртібі және сот шығындары. . …… . . . 18

ІІ ТАРАУ. ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

2. 1. Азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде . . . …. … . . . 29

2. 2. Қазақстан Республикасыдағы Азаматтық құқықтық қатынас…. ……. ……42

ІІІ ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

3. 1. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының ұғымы және элементтері . . . ……51

3. 2. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастарының объектісі мен мазмұны. …52

3. 3. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының субъектілері және оларды топтастыру . . . … . . . 52

3. 4. Азаматтық іс жүргізуге (процеске) прокурордың қатысуы. … . . . 55

ҚОРЫТЫНДЫ . …. …59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……. . 63

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Азаматтық іс жүргізу құқығында мерзімдерінің тәртіптері көрсетілген. Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу регламентациясы, салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты, зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот және құқық қорғау жүйесінің принциптерін, АІЖК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.

ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.

Құқықтық жүйенің құрылымының принциптері ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығына да үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады. [1]

Азаматтық іс жүргізуде мерзімдердің тәртібі және олардың конституциялық негіздерін қазіргі заманға сай зерттеу. Азаматтық іс жүргізуді сотта мерзімдер тәртібі - осы саланың мәнін, негізгі жақтарын көрсетуі. Сотта мерзімдер түсінігі, халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Сотта мерзімдер тәртібінің мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.

Сондықтан да, азаматтық іс жүргізудің сотта мерзімдердің тәртібінің түсінігін дұрыс талқылау қажет.

Зерттеу объекті - азаматтық іс жүргізудің сотта мерзімдер түрлері және олардың конституциялық негіздері.

Зерттеу пәні - азаматтық іс жүргізудің заң нормалары, Конституция.

Зерттеу мақсаты - азаматтық іс жүргізу сотта мерзімдердің тәртібін талқылау.

Дипломдық жұмысымды қорытындылай келе кіріспе, қорытынды және пайдаланған әдебиеттермен қоса негізгі үш тараудан тұрады:

І тарау. Азаматтық құқықтағы және азаматтық іс жүргізудегі мерзімдер түсінігі, түрлері;

ІІ тарау. Қр азаматтық құқықтың субъектілері және азаматтық құқықтық қатынастар;

ІІІ тарау. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар.

І ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ МЕРЗІМДЕР ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ

1. 1 Азаматтық құқықтағы мерзімдер түсінігі

Азаматтық айналымда және әлеуметтік проблемаларды шешуде уақыт факторы маңызды рөл атқарады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы заңда, мәміледе немесе сотта көзделген әрекеттерді немесе әрекетсіздікті жасау қажет болатын уақыт кезеңіне (аралығымен) немесе уақыт мезетіне байланысты болады.

Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады.

Мерзімнің маңызы - оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық құқықтың әр түрлі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім - бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууын байланыстырады. Құқық теориясы курсынан білетінiміздей, заңдық фактiлер, өз кезегінде оқиғаларға және әрекеттерге бөлінеді. Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық құқықтар субъектілерінің еркіне тәуелсіз сипатта болады. Бірақ заң әдебиеттеріндегі келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады[2] .

Бұл көзқарас мынадай жағдайға негізделген: заңдық мерзімдер уақыттың өтуінің объективтік заңына бағына отырып, шығу тегі жөнінен қалай дегенде де еріктік мерзімдер болып табылады, өйткені оларды заң шығарушылардың не шарттағы тараптардың еркі айқындайды, сондықтан да екіжақты табиғаты болады. Бұл пікірмен келісу қиын, өйткені әлде біреудің еркімен белгіленген мерзім уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті ретінде қалай дегенде де бір кезде басталады, яғни оны жақындатуға да, алыстатуға да, өзгертуге де, жоюға да болмайды.

ҚР Азаматтық кодексінің 6-тарауында мерзімдерді есептеу тәртібін егжей-тегжейлі реттейтін нормалар бар. АК-ның 172-бабындағы 1-тармаққа сәйкес, заңдармен, мәмілемен белгіленетін не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді.

Күнтізбелік күн дегеніміз - бұл белгілі бір айдың және жылдың нақты саны.

Оқиғалар дегеніміз - бұл адамдардың еркінен тәуелсіз пайда болатын заңдық маңызы бар фактілер (адамның табиғи өлімі, мерзімнің өтуі және т. с. с. ) . Мұндағы фактінің болмай қоймайтындығы мынадан көрінеді, заң актісінде не мәміледе немесе соттың шешімінде көрсетілген оқиға міндетті түрде болуға тиіс. Сөзсіз болуға тиісті оқиғаны көрсете отырып, оның мерзімін анықтау ерекшелігі мынада, азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар оның нақты басталатын уақытын алдын ала білмейді. Мәселен, АК-ның 1042-бабындағы 2-тармаққа сәйкес, мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау нақты күнмен байланыстырылатын жағдайдағы мәмілелерде күнтізбелік күнге сілтеме жасау жиі кездеседі. Мысалы, тауарлар 2004 ж. 31 желтоқсанына дейін жеткізіліп берілуі тиіс. Бірақ сілтемелер соттың шешімінде де болуы мүмкін, сондай-ақ заңның өзінде де айқындалуы мүмкін. Мәселен, АК-ның 1042-бабына сәйкес, мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады. Немесе, ҚР Салық кодексінің 359-бабындағы 4-тармақта көрсетілгеніндей, мүлік салығы жөнiндегі декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылады.

Уақыт кезеңі болып табылатын мерзім оның ұзақтығын көрсетумен анықталады және жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептеледі (АК-ның 172-бабының 2-тармағы) . Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталуы мен аяқталуын дәл анықтаудың зор маңызы бар. АК-ның 173-бабына сәйкес, уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе мерзімінің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады. Мәселен, тұрғын үйді жалдау шарты 2003 ж. 15 ақпанда жасалған болса, оның қолданылу мерзімі 2003 ж. 16 ақпаннан басталады. Күнтізбелік күн немесе оқиғаның басталуы есепке алынбайды. Ал мерзімнің аяқталуы ережесіне келетін болсақ, ол пайдаланылатын уақыт бірлігіне қарай өзгеріп отырады[2] .

Жылдармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді (АК-ның 174-бабының 1-тармағы) . Мәселен, үш жылдық талап қою мерзімі 2003 ж. 1 сәуірден басталса, 2006 ж. 1 сәуірде аяқталады.

Айлармен есептелетін мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады. Мұнда, егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы оңдай күн жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Мәселен, мүлікті айлық жалдау мерзімі 2003 ж. 31 қаңтардан басталса, ол 2003 ж. 31 ақпанда аяқталуға тиіс, ал күнтізбеде мұндай күн жоқ болғандықтан, ол 2003 ж. 28 (немесе 29) ақпанында аяқталады.

Жарты жылда және тоқсанда есептелетін мерзімнің соңғы күні туралы мәселе де осылайша шешіледі. Мұнда жарты жылдық мерзім алты айға, ал тоқсан - үш айға тең деп есептеледі, тоқсанды есептеу жылдың басынан бастап жүргізіледі.

Жарты ай деп анықталатын мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде қарастырылады және 15 күнге тең деп есептеледі. Мерзімді апталармен есептеуде ол соңғы аптадағы мерзім басталған күнмен аяқталады. Мәселен, апталық мерзімнің өтуі жұмада басталса, онда ол өзі басталғаннан кейінгі келесі жұмада аяқталады. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келетін жағдайларда одан кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі. Бұл арада, мереке, жалпыға бірдей белгіленген демалыс күні, сондай-ақ осы ұйымның режимінде көзделген күн жұмыс істемейтін күн болып есептеледі. Мысалы, 25 желтоқсан көптеген шетелдік компаниялар үшін жұмыс істемейтін күн болып табылады, өйткені бұл күні Христостың туған күні - «Рождество Христово» мерекесі атап өтіледі. Бұл жағдайда жұмыс істемейтін күннен кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталатын күні болып есептеледі.

Сағаттармен анықталатын мерзімді есептеуде мерзімнің басталуын анықтау қажеттігі тумайды, өйткені мерзімді бұлайша анықтау әдісінде оның басталуы немесе аяқталуы әуел бастан-ақ өте дәлдікпен белгіленеді.

Егер мерзім қандай да бір әрекетті жасау үшін белгіленген болса, ол жалпы ереже бойынша, мерзімнің соңғы күнінің 24-сағатына дейін орындалуға тиіс. Алайда, мұндай әрекет ұйымда істелуге тиіс болса, онда мерзім белгіленген ережелер бойынша бұл ұйымда тиісті операциялар жүргізу тоқтатылатын сағатта аяқталады. Мұндай қатынастарда мерзімнің соңғы күні осы ұйымдардағы жұмыс ресми тоқтатылатын кезде не тиісті операцияларды жүргізу тоқтатылатын шақта аяқталады. Бірақ мұндай реттерде мерзімнің соңғы күнінің 24-сағатына дейін поштаға немесе телеграфқа тапсырылған жазбаша мәлімдемелер мен хабарламалар мерзімінде жөнелтілген деп есептеледі[3] .

Мерзімнің түрлері. Мерзімді әр түрлі негіздерге сүйеніп жіктеуге болады. Мерзімді кімнің белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот мерзімдерін ажыратады. Туғызатын құқықтық салдарына қарай мерзім құқық түзетін, құқықты өзгертетін және құқықты тоқтататын мерзімге бөлінеді.

Өзінің табиғатына қарай мерзім мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі - бұл осы кезенде уәкілетті адам өзінің субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттың бір бөлігі. Оны, әдетте, заң актісі белгілейді, бірақ тараптардың келісімімен де анықталуы мүмкін (меншік құқығы, авторлық құқық және т. б. ) ;
  2. субъективтік құқықтардың қолданылу мерзімі - бұл осы уақыт аралығында қолданылу шегі уақытпен шектеулі туындаған субъективтік құқықтар сақталатын уақыт кезеңі. Мысалы, сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі;
  3. тыйым салатын мерзім - бұл белгілі бір құқықтарды жою мақсатында белгіленетін мерзім. Мәселен, «Нотариат туралы» 1997 ж. 14 шілдедегі ҚР Заңының 8-бабындағы 6-тармаққа сәйкес, нотариус лицензиясын алған, бірақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның нотариаттық қызметпен айналысуына біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рұқсат етіледі деп үзілді-кесілді түрде атап көрсетілген;
  4. кепілдік мерзім - сатушының ұзақ мерзім пайдалануға немесе сақтауға арналған өнімнің әдеттегі қабылдап алу кезінде байқала қоймайтын кемшіліктерін анықтауына арналған мерзім. Кепілдік мерзімді мемлекеттік стандарттар немесе шарт белгілейді. Оның үстіне, шарт, егер тіпті олар мемлекеттік стандарттарда немесе техникалық талаптарда көзделмеген болса да кепілдік мерзім белгілеуі мүмкін, сондай-ақ стандарттарда көзделген мерзімнен едәуір ұзақ кепілдік мерзім белгілей алады. Кепілдік мерзімді белгілеу тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандырады және өндірілетін өнімнің немесе орындалатын жұмыстың сапасын арттыруға ынталандырады;
  5. шағымдану мерзімі - заң бұл мерзімді міндеттерін ерікті түрде орындауды талап ету құқығын бұзуына байланысты субъективтік құқықты бұзған адамға белгілейді. Заң шағымдану мерзімін ғана емес, сондай-ақ оған жауап беру мерзімін де белгілейді. Мысалы, тасымалдаушыға жүкті тасымалдаудан туындайтын талап қоюға дейін оған көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте талаптар қойылуы міндетті (АК-ның 706-бабының 1-тармағы) ;
  6. азаматтық-құқықтық міндеттерді орындау мерзімі - шартта белгіленеді. Мәселен, қарыз беру шарты бойынша борышты қайтару сәті міндетті орындау мерзімі ретінде қарастырылуы мүмкін;
  7. азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі, немесе азаматтық құқықта аталып жүргеніндей, талап қою мерзімі.

Бұл бұзылған құқықты сот арқылы қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім. Осы уақыт ішінде құқығы бұзылған адам өз құқығын мәжбүрлі түрде жүзеге асыруды немесе қорғауды талап ете алатын мерзімді азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі деп түсінеді. Қойылған талапты қанағаттандыру бұзылған азаматтық құқықты қорғаудың негізгі құралы болғандықтан, аталған мерзім талап қою мерзімі деп аталған[4] .

«Мерзім» ұғымы құқықтың бірқатар салаларында кездеседі. Мысалы, қылмыстық құқықта қылмыстық жауапшылықтан босату үшін ескіру мерзімі және айыптау үкімін орындау мерзімінің ескіруі белгiленген. 1991 ж. Негіздерге иелену мерзімі туралы норма енгізілген, ол кейін АК-ға (240-бап) да енгізілді. Бұл мысалдардан белгілі бір уақыт кезеңі ретінде мерзімнің соттың қатысуынсыз-ақ құқықтық салдарға әкеп соқтыратынын көреміз.

Талап қою мерзімі институты өзгеше әрекет етеді. Бұл мерзімнің атауының өзі талап қоюмен байланысты болғандықтан, ол талаптың сотта қаралуы барысында ғана қолданылуы мүмкін. Талап қою мерзімі институты негізгі үш міндетті атқарады:

- азаматтық айналымның тұрақтануына, оның қатысушылары арасындағы екіұштылықты жоюға, азаматтық құқықтарға қатысты олардың арасында туатын дауларды тездетіп шешуге жәрдемдеседі (азаматтық құқықтық қатынастарға айқындық және жүйелілік енгізеді) ;

- соттардың іс бойынша объективтік шындықты анықтауын жеңілдетеді, сөйтіп осы арқылы дұрыс шешімдер шығаруға жәрдемдеседі;

- шарттық тәртіптің нығаюына қызмет етеді, шарттағы тараптардың белсенділігін ынталандырады және міндеттемелердің орындалуына өзара бақылауды күшейтеді.

Талап қою мерзімі институты - азаматтық құқықтың көне институттарының бірі. Ол Қазақ КСР-і Азаматтық кодексінде де бар болатын. Қазақ КСР-і АК-ның 75-бабы талап қою мерзімін «құқығы бұзылған адамның талап қоюы бойынша құқық қорғау мерзімі» ретінде анықтады. Бұл анықтамада талап қою субъектісіне тікелей нұсқау бар. Ол құқығы бұзылған адам ғана бола алады. РФ Азаматтық кодексінің 195-бабында талап қою мерзімі ұғымы «бұзылған құқықты сот арқылы қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім» ретінде түсіндіріледі. АК-ның 177-бабы өзгеше анықтама береді: «Талап қою - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі». Бұл анықтамадан талап ету мерзімінің адамның субъективтік құқығының ғана емес, сонымен бірге қолданыстағы заңдар ұйғарымының бұзылуымен де байланысты екені көрінеді. Талап қою мерзімінің анықтамасында адам құқығының бұзылуынан басқа, заңның қорғауындағы мүдде де көрсетілген. Талап қою мерзімінің өтуі талапты қою емес, қанағаттандыру құқығын жояды.

АК-ның 177-бабындағы «талап қою мерзімі» ұғымында РФ Азаматтық кодексінің 195-бабында берілген ұғымнан өзгеше, бұзылған құқықты қорғау мерзімі ретінде талап қою мерзімінің фунқциясы атап көрсетілмейді. Егер талаптың негізділігі жеткіліксіз болса, онда талап қою мерзімінің аяқталмағанына қарамастан, талапты қанағаттандырудан бас тартуға болады.

Талап қоюға құқығы бұзылған мүдделі адам ғана емес, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес басқа адамдар да құқылы болады. Сондықтан «талап қою мерзімі» ұғымының анықтамасында талап қою субъектісіне нұсқау болмайды. АК-ның 179-бабына сәйкес, сот талап қою мерзімін соттың шешімі шыққанға дейін жасалған талапкердің өтiніші бойынша ғана қолданады.

Талап қою мерзімі және оны есептеу тәртібі занда көзделеді және оны тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды (АК-ның 177-бабының 2-тармағы) . Осыдан келіп, тараптардың келісуімен талап қою мерзімін ұзартуға немесе қысқартуға жол берілмейтіндігі туындайды. Талап қою мерзімі - бұл осы уақыт шегінде қойылған талапты сот қанағаттандыра алатын уақыт кезеңі[4] .

ҚР азаматтық құқығында талап қою мерзімінің екі түрін ажыратады: жалпы мерзім және арнаулы мерзім.

АК-ның 178-бабының негізінде «талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып белгіленеді. Талаптардың жекелеген түрлері үшін заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін». Азаматтық құқықта мұндай мерзімдерді арнаулы мерзімдер деп атайды. Олар заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларда ғана қолданылады. Мәселен, Жекешелендіру туралы жарлықпен сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша 6 айлық талап қою мерзімі белгіленген. Бұл мысалдардан жалпы мерзіммен салыстырғанда арнаулы мерзімдердің ұзартылған немесе қысқартылған болуы мүмкін екені көрінеді.

Арнаулы мерзімдердің барлығы жалпы ережеден өзгеше болатындықтан, олар заң актілерінде көрсетілген қатынастарға ғана қолданылуы тиіс. Бұл мерзімдер туралы нормаларды кеңейте түсіндіруге болмайды. Заң актілері жеке, заңда ерекше бөлініп көрсетілген талаптар үшін арнайы мерзім белгілейді. Сот бұзылған құқықты қорғау туралы талапты талап қою мерзімінің өтуіне қарамастан қабылдайды. Басты талап бойынша талап қою мерзімі өткенде қосымша талап бойынша (тұрақсыздық айыбын өндіру туралы, кепіл болушының жауапкершілігі туралы және т. с. с. ) талап қою мерзімі де аяқталады. АК-ның 180-бабы талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады деп белгілейді. Егер уәкілетті адам өз құқығының бұзылғаны туралы білмейтін болса, онда ол, әрине, қорғану құқығын пайдалана алмайды, сондықтан мұндай құқық адам өз құқықтарының бұзылғаны туралы білген кезден бастап пайда болады. Егер талапкердің салақтығынан өз құқығының бұзылғаны туралы білмегендігі шынында анықталатын болса, талап қою мерзімі талапкер істің мән-жайы бойынша құқық бұзушылық туралы білуге тиіс болған кезден басталады. Кері талап қою міндеттемелері бойынша талап қою мерзімі негізгі міндеттеме орындалатын сәттен басталады. Бұл ережеден өзгешелікті АК немесе өзге заң актілері белгілейді[5] .

Кейбір мысалдар келтірейік:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап қою мерзімінің өтуі
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері
Мерзімдердің түрлері
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ
Мерзімді есептеу тәртібі
Талап мерзімі және мерзімді есептеу
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шарттары
Азаматтық құқықтағы құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері
Азаматтық құқықтағы мерзім түсінігі, түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz