Азаматтық құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

І ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРУ

  1. Азаматтық құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік6
  2. Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықытық мәртебесі11
  3. Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері және азаматтық хал актелірі . . . 14

ІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ ТАНУ

2. 1. Азаматтық құқықтағы заңды тұлғалардың жалпы ұғымы . . . 17

2. 2. Коммерциялық заңды тұлға . . . 25

2. 3. Коммерциялық емес заңды тұлғалар . . . 55

2. 4. Заңды тұлғалардың құрылуы, қайта құрылуы және токтатылуы . . . 59

III-тарау. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БӨЛІНІС - АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ

3. 1. Мемлекеттің және әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық құқық субъектілінің ерекшеліктері . . . …69

3. 2. Мемлекеттің азаматтық айналымға қатысу нысандары . . . …73

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 80

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 83

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Азаматтық құқықтың субъектілері ретінде жеке адамдар мен заңды тұлғалар жөніндегі отандық заңнама дамуының бүгінгі күнге деңгейі теоретик және практиктер жағынан әрекет етуші құқықтық конструкциялардың нысаналы ұғынуымен және құқықтық нормалардың детализация және саралануының жоғары дәріжесімен ерекшеленеді. Осы мағынада соңғы уақытта әрекет етуші заңды түлғалар туралы заңнама жүйесінің сынды талдауына арналған, оның жеке ұйымдық-құқықтық нысандарын қарастыратын жариялымдардың жиі шығуы көрсетімді. Бұл саладағы құқықтық сананың екпінді дамуы құқықтың қолдауына ғана әсер етіп қоймай, заңнаманың әрі қарай жетілдірілуіне, жаңа құқықтық конструкциялардың ізденісі мен бекітілуіне ықпал етеді.

Нарықтық экономикаға көшу мүліктік қатынастардағы азаматтардың құқықтық мәртебелерінің өзгеруіне әкеліп соғып, шаруашылық өмірдің дамуы азаматтық құқық субъектілерінің бірі - жеке тұлғалардың құқықтық реттелуіне ғана әсерін тигізіп қоймай, өзгерістер заңды тұлғалардың қызметіне, жүйесіне, айналымдағы мәртебелері мен ішкі құрылымына да барынша ықпал етті.

Экономиканың құлдырауына жол бермейтін, ғылыми-техникалық прогресстің белсенді дамуына жағдай жасап, мемлекет экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылататын инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға байланысты; халықтың денсаулығын сақтау мен мәдениетінің өркендеуіне ықылас көрсететін ұйымдарды ашуға дүние жүзінде ерекше көңіл бөледі.

Қазіргі кезде азаматтық құқықтың субъектілері болып табылатын акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, тұтыну кооперативі, партия, қор атты сөздер жиі қолданыс табуда. Ал, осы сөздердің мәнің ұғыну менің дипломдық жұмысымның мақсаты болып табылады.

Дипломдық жұмысымның мақсатына жету үшін алдыма мынандай мақсаттарды қойдым: Азаматтық құқықтың субъектілері болып табылатын жеке тұлғалар мен заңды тұлға ұғымын ашу, оның әрекет қабілеттілігін және құқық қабілеттілігінің мәнін ұғыну, заңды тұлғаны құру, тіркеу, қайта тіркеу тәртібін саралау және заңды тұлғалардың құқықтық ұйымдастыру нысандарын анықтау. Заңды тұлғалардың құқықтық ұйымдастыру нысанын ашу үшін мен заңды тұлғаларды коммерциялық және коммерциялық емес деп қарастырамын.

Қазақстан Республикасы егемендігін алып, оның аумағында жаңадан бірте-бірте қоғамның әрқилы салаларында сан алуан заңды тұлғалар құрыла, қайта құрыла бастады. Статистика бойынша Қазақстан Республикасы агенттілігінің деректеріне сәйкес 2002 жылдың өзінде республика аумағында 165 611 заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік - 24 603, жеке - 135 076, (шетелдің қатысуынсыз) мемлекеттің қатысуымен - 1253, 4375 - (шетелдің қатысуымен) бірлескен қәсіпорындар және 5932 шетелдік заңды тұлғалар тіркелген екен.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі : Қазақстан Республикасы Азаматтқ құқықтың субъектісі жеке адам және мемлекет ауқымында құрылып жатқан заңды тұлғалар қызметін құқықтық реттеу мен қоғамның талаптарына сай етуде азаматық құқық саласының маңыздылығы зор.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - азаматтық құқықтаң субъектілеріжеке тұлға мен заңды тұлға түсінігінің мәнін ашып, оны құру, қайта құру және тарату бойынша тереңірек ақпарат беріп, заңды тұлғалар түрлері мен оның жеке-жеке ұйымдық-құқықтық нысандарына сипаттама жасау. Сондай-ақ, бұл жұмыста заңды тұлғаларға қатысты негізгі түсініктер мен терминдер, нормативтік-құқықтық актілер мен негізгі әдебиеттер тізімі ұсынылып отыр.

Кез келген мемлекеттің келешегі өзінің ұлттық тілін сақтап қалудан басталады. Шоқтығы биік қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты оның қолданыс аясы кеңейіп, қазақ тілінде жазылып жатқан еңбектер жылдан-жылға көбеюде.

Дипломдық жұмысты орындаудығы мақсатым:

  • Жеке тұлғалардың түсінігін беру;
  • Жеке тұлғаның құқықтық және әрекет қабілеттілігін ашу;
  • заңды тұлғалардың түсінігін беру;
  • заңды тұлғалардың түрлерін көрсете отырып, олардың құқықтық мәртебесін көрсету;
  • заңды тұлғалардың құрылу және тоқтатылу негіздерін көрсету болып табылады.

І ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРУ

  1. Азаматтық құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік

Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсы бір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлде біреудің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттіңде әлде біреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.

Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін "құқық субъектілері" деп немесе "тұлға" деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымына сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ әртүрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал азаматтық құқық кабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсіну керек.

Тұлғанын екі категориясы бар. Құқық субъектілері - ең алдымен адамдар (жеке тұлға) . Әрбір адам - құқық субъекті. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл - ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіп-орындар, коғамдар және т. б. да құқық пен міндеттердін иелері болып табылады. [3. 87]

Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін зангерлер бұларды жеке тұлғалар және занды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз - Қазақстан Республикасының азаматтары, баска мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Занды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және т. с. с. атайды.

Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Республикасының азаматтарын, баска мемлекет-тердін азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды атаймыз :

Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық занда жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің І995-жылғы 1-маусымда қабылданған "Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы" заң күші бар Жарлығының 2-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және баска мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады. " Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтың құқық кабілеттілігі оған мемлекетінің занымен емес, Қазақстан Республикасының заңымен айкындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралмаған азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды.

Аталған Жарлықтың 2-бабы I І-бөлігіне сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі''. Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады. [41. 3]

1. Құқық субьектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот . алдында жұрттың бәрі тең тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жы нысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көз-қарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі занда бәріне бірдей және бірынғайлы құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық кабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дей тұрғанмен, құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шенберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (Мысалы: тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігініц теңдігі дегенде заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтык құқық қабілеттілігінің тендік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы І-тармағында былай деп жазылған: "Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды. " Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың кылмыс жасау негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларда:

  1. Белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т. б. ) ;
  2. Елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу) .

Ескерте кеткен жөн: біздің заң бойынша құқықты жою кашан да уақытша сипатта болады. Сонымен катар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз кандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады. [34. 1]

Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз нақты, іс жүзіндегі құқықтан айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру (тағы да заңды жауапкершілік негізінде) белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты болмауы мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және т. б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, зандық жауапкершіліктің мұндай шарасы онын жана автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды. [2. 4]

Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы, дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа мекемеге барып тап сондай мамандықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Дей тұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.

Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілігінің мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы болып табылады. Аза­маттык кодекстін 14-бабында бүл мәселе былайша түжырым-далган: "Азаматтын Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, сонын ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; респуб­лика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумаңғына қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі не­месе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнер табыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады". [23. 11]

2. Азаматтың құқық қабілеттілігі онын туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы. түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірак, айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында қай кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.

Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште калған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты иеленеді.

Құқық қабілеттілігі адамның - құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагеріне көшеді. Өлім - бірқатар құқықтық сатдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт. аза­маттын денсаулығы және психикалық жағдайы онын құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.

Азаматтардын әрекет кабілеттілігі дегеніміз, aзаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады. [29. 65]

Азаматтардын әрекет қабілеттілігі азаматтын құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтын құқық қабілеттілігі онын дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі кажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқықпен міндеттілікті алу үшін калыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уакыт арасында болмауы мүмкін.

Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жаска толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтык кодекстін 17-бабы 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда "Неке және отбасы туралы" Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін ("Неке және отбасы туралы" Заң 10-бап) .

Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық ішінара (толық емес) және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі аза­маттың әрекет кабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінін өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады. 18 жаска толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тін. І7-бабы, І-тармағы) . Осы жаска толған соң адам азаматтық құқық айналымының толық құқылы катысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады. [11. 5]

Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша азамат өзінін әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтканда, занда тікелей көрсетілген бірқатары ғана ие.

Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топка бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; ә) жасы кәмелетке толмаған 14 жаска дейінгі жас балалар.

14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет кабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар занда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге болуге болады:

  • өздерінің занды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, корғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер;
  • ата-анасынын (асырап алушының, қамкоршысының) рұксат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.

14 пен 18 жас аралығындағы жасы кэмелетке тол маганлар занды өкілдерінік келісімінсіз мынапарды істеуге:

  1. өзінін. жалакысына, стипендиясы мен баска кірістеріне билік етуге;
  2. интеллекті алдык меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
  3. ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
  4. банкке салым салуға және өзінің салымына онын ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.

14 жастан 18 жаска дейінгі кәмелетке толмағандар баскалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе корғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны зандарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-тің 22-бабы. І-тармағы) .

Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, зан­ды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәме­летке толмағандардың өздері көтереді.

Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жаска дейінгі) келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды етеуге оның жеткілікті мүлкі не­месе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады. [31. 2]

14 жаска дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мамілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен корғаншылары жасай береді (АК-тің 23-бабы) . Сонымен катар Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді жас өспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. АК-тің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатыпалуды жаткызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Олардын әрекетіне ата-анасы, асырап алушылары мен корғаншылары жауап береді.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарга салыну салдарынан өзінін отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнет ақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады (АК-тің 27-бабы) .

Ал, азамат, айталық жүйке ауруынан жазылып. арақты койып, нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып, сот аркылы онын әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудін күшін жояды. Сот шешімінін негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтижесінде сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды.

  1. Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықытық мәртебесі

1. Жоғарыда айтылғандай, әрекет жасау кабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарын қалайша жүзеге асырады, азаматтық айналымға қалайша қатысады? - деген сұрақ туады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азамат азаматтық құқық субъектісі
АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАЗМҰНЫ
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Азаматтық құқық субъектілерінің азаматтық құқықпен өзара байланысы
Құқықтық қатынастар құрамы және олардың сипаттамасы
Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері
Азаматтық әрекет қабілеттілік ұғымының құқық қабілеттіліктен айырмашылығы
Азаматтардың құқықтары
Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың халықаралық жеке құқық саласындағы құқықтық жағдайы
Салық саласында азаматтардың құқықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz