АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ


Мазмұны
КІРІСПЕ
1 АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ
1. 1 Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің түсінігі
1. 2 Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің маңызы
1. 3 Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің міндеттері
2 ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ ӘРЕКЕТТЕРІ
2. 1 Істі әзірлеу бойынша процессуалдық әрекеттер
2. 2 Істі соттың талқысына тағайындау
2. 3 Сот хабарлаулары мен шақырулары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3
6
6
7
11
17
17
21
26
30
33
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бап 2-тармағына сәйкес, әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы [1. 7 б. ] .
Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды орган болып табылады.
Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі тарапты (талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді.
Соттардың тәжірибесінде азаматтық істер көпшілігінде берілген талап арыздар негізінде қозғалады, яғни материалдық (мүліктік немесе мүліктік емес) даулы ұмтылыстардың сотта қаралуының кең таралған әмбебап түрі - талап қою бойынша іс жүргізу (талап қою өндірісі) деуге болады.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жыл тамыз айының 17-ші жұлдызында шығарылған жарлығы бойынша ҚР құқық қорғау органдарын жетілдіру қажеттігі айтылып, соның ішінде сот органдарының алатын орны ерекшелігіне аса көңіл бөлінген.
Азаматтық істі соттың бірінші инстанциясында қарау азаматтық процестің негізгі сатысы ретінде соттардың республика саясатын өмірге келтіруінің негізгі құралы болып табылады.
Азаматтық процесс толығымен әділеттілік міндеттерін атқаруға бағытталған, дегенмен осы міндеттерді сот тікелей сот талқылауы кезінде жүзеге асырылады. Сот талқылауы дәрежесіне, оның толықтылығы мен обьективтілігіне азаматтық істер бойынша қазақ сотының беделі, соттың жұмысының сапасы байланысты болады. Құқық нормалары мен дәл сәйкестікке әртүрлі азаматтық істерді қарап және шеше отырып, сот мемлекеттін өзінің негізгі функцияларын жүзеге асыруына үлкен үлес қосады, осымен, ақыр аяғында, азаматтық процестегі сот талқылауының маңыздылығы анықталады.
Сот талқылауы сатысында сот азаматтық істі мәні бойынша қарайды, обьективтік шындықты анықтайды және мемлекет атынан іс бойынша шешім шығарады.
Сот талқылауының үлкен тәрбиелік мәні бар.
Сот азаматтарға азаматтық іс бойынша дұрыс және сенімді шешім шығарумен ғана емес, сонымен қатар, сот талқылауының процедурасының өзімен де тәрбиелік әсер етеді. Істі қараудың қатаң және нақты процессуалдық тәртібі, процесте соттың заңдылықты дәл, нақты сақтауы, соттың тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін барлық шараларымен қорғау тек шешімнің сенімділігін, заңдылығын және негізділігін ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар, азаматтарға үлкен тәрбиелік әсер етеді.
Сот талқылауы сатысында азаматтық процестін барлық қағидалары - бұл ең алдымен сот талқылауының қағидалары.
Азаматтық процестің сатысы ретінде сот талқылауы процестің осы сатысында сот азаматтық істі мәні бойынша шешетіндігі - іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттейді және іс үшін маңызы бар фактілерді анықтайды, тараптар арасындағы құқықтық қатынасты тараптардың шынайы құқықтар мен міндеттерін анықтайды, тараптар арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды қолдана отырып іс бойынша мемлекет атынан шешім шығаратындығымен сипатталады.
Азаматтық процестегі сот талқылауы азаматтық іс жүргізу құқығымен реттелген азаматтық істі сот отырысында мәні бойынша қарау кезінде қатысатын процестің басқа да қатысушыларының қызметі.
Азаматтық істердін сот талқылауына көптеген монографиялық еңбектер, жария жұмыстар арналған. Бұл сот талқылауының маңыздылығы мен мәнділігіне байланысты болып отыр.
Бұл жұмыста азаматтық істірдің сот талқылауының түсінігі, мәні мен маңызы, сот талқылауының бөлімдері, шешім шығармай сот мәжілісін аяқтау, апелляциялық және қадағалау сатыларында сот талқылауының ерекшеліктері туралы баяндалған.
Азаматтық Кодекстің 9-бабына сәйкес азаматтық құқықты қорғау сот арқылы жүзеге асады. Белгілі бір жағдайларда бұрмаланған азаматтық құқық
басқа да тәсілдермен қорғала алады. Заңда көзделген ретте мұндай қорғау әкімшілік тарапынан жүзеге асуы мүмкін. (АК- тің 9 бабы 2 тармағы) .
Азаматтық кодекске дәстүрлі қорғау шараларына басқа қорғаудың жаңа да, арнайы тәсілдері енгізілген. Арнайы заң құжаттарында көзделген жаздайда нақты және заңды әрекеттер мен тікелей құқығы бұзылған адамның
құқығын қорғауға (өзін-өзі қорғау ) заң жол береді. Өзін-өзі қорғау ұғымы қылмыстық құқықтың аясына жатады, бірақ өзін-өзі қорғау жазалауға жатпаса, онда ол занды әрекет болып табылады. 1
Сот органдарының алдындағы міндеті азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және қорғалатын мүделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңддарында белгіленген ережелер бойынша тек сот жүзеге асырады.
Соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.
Әрбір адамның бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін АІЖК - те белгіленген тәртіппен сотқа жүгінүге болады.
Мемлекет органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар зағда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгілі бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінүге құқылы.
Қазақстан Республикасы АІЖК бекітілген азаматтық істі сот талқылауына дайындау тәртібі мен ерекшеліктері осы жұмыс барысында толық қамтылған.
Сондықтан да, азаматтық іс жүргізу түсінігін дұрыс талқылау қажет.
Курстық жұмыстың объектісі - азаматтық істі сот талқылауына дайындау және олардың конституциялық негіздері.
Курстық жұмыс тақырыбының пәні - азаматтық істі сот талқылауына дайындаудың заңи нормалары, ҚР-ның Конституциясы.
Курстық жұмыстың мақсаты - азаматтық істі сот талқылауына дайындау түсінігін талқылау.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспе, үш негізгі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, жалпы көлемі 30 бетті құрайды.
1 АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ
1. 1 Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің түсінігі
Мемлекеттік тіл мәселесіне заң тұрғысынан қарайтын болсақ, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы елімізде тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттік тілді оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгіледі. Аталған заңға сәйкес Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс, қажет болған жағдайда ғана, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданатындығы көрсетілген. Еліміздің мемлекеттік тілі - қазақ тілі мемлекет аймағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін, іс қағаздарын жүргізу тілі екенін айқындау жолында іс-шаралар жүзеге асуда.
Кез келген азаматтың іс бойынпіа сотта қарауға әзірлеу жүргізілуі қажет, себебі, бұл маңызды рӛл атқаратын азаматтық процестің жеке сатысы.
Сотта іс қарауға әзірлеуді жүргізу туралы заң талаптарын сақтау істі дұрыс және уақтылы шешудің негізгі шарттарының бірі. Сотта іс қарауға әзірлеу сатысы сотпен сәйкесті ұйғарым қабылдаудан басталады. Бұл ұйғарымда жүргізілуге тиіс әрекеттер белгіленеді. Істі сотта қарауға әзірлік жүргізудің мақсаты - істі дер кезінде және дұрыс шешуді қамтамасыз ету.
Осы мақсат ҚР АІЖК-нің 166-бабында кӛрсетілген міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады. Азаматтық істерді әзірдеудің міндеттері:
1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;
2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;
3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;
4) әрбір тарап ӛз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.
Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеудің міндеттері туралы мемлекеттік тілде ой қозғасақ.
Сотқа белгілі бір талап арызбен жүгінген азаматтың не заңды тұлғаның арызын қабылдап, азаматтық істі қозғағаннан кейін, судья істі уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен, әзірлік жұмыстарын жүргізеді. Сотқа жүгінген кез келген азамат не заңды тұлға өкілі өзінің құқы немесе заңды мүддесінің бұзылғанын талап арыз деп атап көрсеткенімен, көбіне әңгіме түрінде жазбаша жақсы жазып бергенімен, дау бойынша анықталатын мән-жайлар, тараптардың қатынасы, оның дәлелдемелері, қандай заңға негізделгенін анық көрсетпейді, сондықтан істі сот отырысында қарағанға дейін әзірлік жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу соттың іс бойынша жасайтын іс-әрекетінің қажетті бөлігі болып табылады және ол тараптар ұсынған дәлелдемелер мен қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына сәйкес тараптардың заңды құқықтары мен міндеттерін, олар ұсынған дәлелдемелерді сот отырысында толық, жанжақты және объективті түрде зерттеп, заңды әрі негізді сот актісін шығару үшін қажетті жағдайлар тудырады. Істі сот қарауына әзірлеудің маңыздылығын ескере келіп, азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу мәселелерін реттейтін іс жүргізу заңнамасының нормаларын сот практикасында біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы отырысында 2001 жылы 13 желтоқсанда «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» арнайы нормативтік қаулы қабылдады.
АІЖК-нің 166-бабына сай, қабылданған әрбір іс бойынша міндетті түрде төмендегі әзірлік жұмыстары жүргізілуі тиіс.
1/ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;
2/ тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;
3/ іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;
4/ әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.
АІЖК-нің 167-бабында азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап, жеті күн мерзімнен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануына келтірілген зиянды өтеу туралы істерден басқа, айрықша күрделі істер бойынша ерекше жағдайда, сондай-ақ, асыраушысынан айрылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін делінген.
1. 2 Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің маңызы
Әр іс бойынша АІЖК-нің 168-бабы бойынша істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарым шығарылып, даудың санатын ескере отырып, істің уақытылы және дұрыс шешілуіне қажетті болып табылатын нақты әрекеттердің орындалуы көрсетілуі керек. Егер іс бойынша шығарылған сот актісі апелляциялық немесе қадағалау алқасында бұзылып, іс бірінші саты сотына қайта қарауға жіберілген жағдайда да, істі сот қарауына әзірлеу туралы ұйғарым шығарылуы тиіс. Алайда, көп жағдайда бірінші саты соттары бұл талапты орындамайды. Сондықтан да болар, апелляциялық не қадағалау алқасы көрсеткен кемшіліктер жойылмай, нұсқаулар орындалмай, яғни, тиісті әзірлеу іс-әрекеттері жүргізілмегендіктен, кейбір азаматтық даулардың шешілуі ұзаққа созылып кетеді.
Көпшілігінде бірінші саты судьялары істі сот қарауына әзірлеудің міндетін істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарымды үстірт жазып, жауапкерге талап арыз көшірмесін /АІЖК-нің 169-бабын бұзып, талап арызға тіркелген дәлелдемелерді жібермейді де/ жіберумен, 47-бапта көрсетілген тараптардың құқықтары мен міндеттерін көрсетумен, заңда көрсетілген 7 күн мерзімнен кешіктірілмей жүргізілгенді есепке алып, тараптар шақырылған деп, көрсетумен шектеліп, іс қарайтын күнді белгілей салады. Әрине, іс құжаттары сот отырысында қарауға толық әзірліктен өтпегендіктен, тараптар даудың мән-жайы бойынша толық хабардар болмағандықтан, себеп-салдарсыз сот отырысы бір емес, бірнеше рет кейінге қалдырылып, соңында заңмен берілген екі ай да аз болып, не істің мән-жайы толық зерттелмеген сот актісі қабылданады, не іс қараудың процессуальдық мерзімі бұзылады.
Химжанова қарызға берген 225 000 теңгені Серкебаевадан өндіріп беру туралы талап арызбен аудандық сотқа жүгінген. Талап арыздың негізі әрі дәлелі ретінде жауапкердің өз қолымен жазған бірнеше қолхатын тіркеген. Істі сотта қарауға әзірлеу мақсатында тараптар 21 шілде күні шақырылып, осы күні жауапкер талап арыз көшірмесін алған. Судья жауапкерден істің мән-жайын, қолхаттардың жазылу себеп-салдарын, талап арызды мойындайтынын, мойындамайтынын сұрап анықтамаған. Осы күні істі сотта қарауға тағайындап, 2 қыркүйекте жауапкердің талап арызды мойындауы негізінде, шешім шығарылды.
Т. азаматы өткен жылдың 2 шілдесінде сот шешімімен некесі бұзылған жолдасынан кәмелетке жетпеген баласына алимент өндіру туралы өтінішпен аудандық сотқа жүгінген. Сот 7 шілдеде азаматтық іс қозғап, істі сотқа әзірлеу туралы ұйғарым шығарып, 14 шілдеде істі сотта 15 шілдеде қарауға тағайындаған. Сол күні Т. талап арызын қараусыз қалдыру жөнінде арыз берген, сондықтан соттың 15 шілдедегі ұйғарымымен АІЖК-нің 249-бабының 9-тармақшасымен талап арыз қараусыз қалдырылған.
АІЖК-нің 170-бабында судьяның істі сотта қарауға әзірлеуде қандай іс-әрекеттер жүргізетіні көрсетілген.
1) талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
2) қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
Менімше, осы тексте жауапкерді қажет болған жағдайда шақырып алады деген сөйлем дұрыс емес. Азамат не заңды тұлға нақты азаматтық іс бойынша жауапкер болып талап арызда көрсетілген соң, ол осы іс аяқталғанға дейін қажет. Қабылданған талап арыз бойынша жауапкердің наразылығы, дәлелдемелері қабылданып, тараптардың тең құқықтылығы принципі бойынша іс құжаттары зерделенеді. Мүмкін істі сотта қарауға әзірлеу барысында жауапкер бітімгершілік келісімге келер немесе қарсы талап арыз беретін болар. Әр істе екі жақ: талапкер мен жауапкер болатындықтан, әр істің уақытылы, жан-жақты зерделенуіне олардың мүдделі болуына байланысты, тараптардың істі әзірлеуде сот жүргізетін іс-әрекеттерге қатысуы міндет деп есептеймін. Осы баптың 4, 7-тармақшаларында тараптардың, яғни, жауапкердің де құқығы мен міндеттері айтылған, яғни, 2-тармақшаның бастапқы сөйлемі қарама-қайшылық тудырады. Егер азаматтық істі сот талқылауына дайындау барысында тараптардың өкілі қатысса, онда АІЖК-нің 61-бабына сай оның әр процессуальдық әрекетті жасауға өкілеттілігін дәлелдейтін сенімхатын судья тексеруге міндетті.
АІЖК-нің 55-бабына сәйкес прокурордың азаматтық іс қарауға қатысуы тек заңмен көзделген немесе судья қажет деп тапқан жағдайларда ғана міндетті болып табылады, сондықтан прокурордың іске қатысуы қажеттілігін айқындап, ұйғарымда көрсетуі - судьяның істі сот қарауына әзірлеудегі міндетінің бірі болып табылады.
3) Іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ, тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді; АІЖК-нің 52-бабына сай даудың мәні бойынша дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлғалар істі соттың қарауына әзірлеу сатысында тараптардың не судьяның бастамасы бойынша іске қатыса алмайды. Мұндай адамдар, егер оны қажет деп тапса, өз бастамасы бойынша талапкерге не жауапкерге талап арыз беру арқылы іске қатысуға құқылы.
4) Тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарын және мұндай әрекеттің салдарларын түсіндіреді.
5) Оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды.
6) Куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді. Осы тармақшаның қолдануы жөнінде айта кеткен дұрыс болар. Әрине, АІЖК-сі бойынша іс дәлелдемелерінің бірі куәлердің айғақтары /79-бап/ болғандықтан, куәлер сот отырысына шақырылуға тиіс. Дегенмен, куәлердің айғақтары шын мәнінде іс бойынша мән-жайды анықтауға септігін тигізе ме? Мысалы, некесі сот шешімімен бұзылған ерлі-зайыптылардың үй мүлкін бөлісу туралы азамттық іс қаралып, талапкер әйелдің құрбысы 25 жыл бұрын болған үйлену тойына дейін, талапкерге кімнің қандай алтын, хрусталь, мүлік сыйлағанын, тіпті оның бағасына дейін нақтылап айтып беруі немесе заңды тұлғаның шарттар бойынша жасаған іс-әрекетін, сонда істейтін қарапайым жұмыскердің көрдім, білдім, қатыстым деуі дәлелдеме деуге келіңкіремейді. Сот тәжірибесінде көрінеу жалған айғақ берген куәгердің АІЖК-нің 80-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы да сирек құбылыс. Сондықтан, судьялар істі сотта қарауға әзірлеу барысында, тараптардың куәлерді шақыру өтінішін анықтап, ол куәгердің айғақтары қаншалықты негізді, дәледеме болатынын мұқият зерделеп, куәгерді сот отырысына шақыру қажет пе, жоқ па соны айқындау керек. Сөйтіп, істі қарау барысында, тіпті сот отырысының соңғы күнінде керекті-керексіз куәгер шақыру жөніндегі тараптар өтініштерін қанағаттандырусыз қалдыру керек деп ойлаймын.
7) Тараптардың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ, іске маманды, аудармашыны қатысуға тарту туралы мәселені шешеді. Заңның осы тармақшасының істі сотта қарауға әзірлеуде маңызы зор бола тұра, судьялар жалпы көңіл бөлмейді. Әйтпесе, жол апатынан, даулы үйді бағалаудан, келтірілген зиянды төлеуден, құрылыс шарттарынан туындайтын шығындарды өндіру туралы азамттық істер бойынша көп жағдайда сараптама тағайындалатындықтан, осы мәселені судья істі әзірлеу барысында шешсе, сотта істі қарау мерзімі ұзаққа созылмас еді.
О. деген азамат 2009 жылы 7 шілдеде пәтерін су басудан келген зиянды көршісі Қ-дан өндіру туралы талап арызбен сотқа шағымданған. Аталған санаттағы істің мән-жайын анықтау әрқашан белгілі бір қиындықтар туғызатындықтан, істі сот отырысына әзірлеу барысында тараптардың пікірін тыңдап, сараптама тағайындаған дұрыс болар еді. Сот үстірт әзірлеу жүргізіп, 2009 жылдың 4 тамызында сырттай шешіммен талапкер пайдасына жауапкерден 184 446 теңге өндірген. Жауапкердің арызы бойынша сырттай шешім бұзылып, іс қайта қаралып, жауапкер өкілі іс бойынша сарапшы шақыру туралы өтініш білдірген. Сот отырысында сарапшы зиян шығынының көлемі туралы нақты түсініктеме бермеген. Алайда, 23 қыркүйекте талапкер талап арызынан бас тартып, сол күнгі сот ұйғарымымен АІЖК-нің 247-бабы негізінде іс өндірісі қысқартылған. Сонымен, істі сотта қарауға әзірліктің жеткілікті болмауы салдарынан, көрші кінәсінен су ағып, үй заттары бүлінгенін дәлелдейтін құжаттары бола тұра, О. өзіне келтірілген зиянын толық болмаса да, жартылай өндіре алмады деп есептеймін.
8) Тараптардың өтінімі бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді.
9) Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдары хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді.
10) Сот тапсырмаларын жібереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz