Азаматтық іске қатысушы прокурор


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 4
І ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
1. 1. Соттар азаматтық іс жүргізуді жүргізетін тұлға ретінде6
1. 2. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар (талапкер мен жауапкер), үшінші тұлғалар және басқа да іске қатысушылар46
1. 3. Азаматтық іске қатысушы прокурор. . 56
ІІ ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН АЗМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАТЫНАСТАРЫ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АРА ҚАТЫНАСЫ
2. 1. Азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде. 60
2. 2. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының ұғымы және элементтері72
2. 3. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастарының объектісі мен мазмұны. 73
ІІІ ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ТАЛАП ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ
3. 1. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі75
3. 2. Азаматтық іс жүргізу құқығындағы талап түсінігі81
3. 3. Талап түрлері. . 85
ҚОРЫТЫНДЫ . . 101
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . …. 104
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Азаматтық құқықтың субъектілері ретінде тұлғалардың құқықтық мәртебесі жөніндегі отандық заңнама дамуының бүгінгі күнге деңгейі теоретик және практиктер жағынан әрекет етуші құқықтық конструкциялардың нысаналы ұғынуымен және құқықтық нормалардың детализация және саралануының жоғары дәрежесімен ерекшеленеді. Осы мағынада соңғы уақытта әрекет етуші тұлғалар туралы заңнама жүйесінің сынды талдауына арналған, оның жеке ұйымдық-құқықтық нысандарын қарастыратын жариялымдардың жиі шығуы көрсетімді. Бұл саладағы құқықтық сананың екпінді дамуы құқықтың қолдауына ғана әсер етіп қоймай, заңнаманың әрі қарай жетілдірілуіне, жаңа құқықтық конструкциялардың ізденісі мен бекітілуіне ықпал етеді.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерінің жүзеге асырудың ең басты кепілі ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен және басқа заңдармен берілетін сотпен қорғалу құқығы.
Азаматтық, отбасылық, тұрғын үй, еңбек және өзге құқықтармен заңмен қорғалатын мүдделердің сотпен қорғалуы, бұл мемлекеттің азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделеріне қол сұққандарға қарсы мемлекеттің қолданатын шаралары.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерінің сот арқылы қорғалуының маңызы зор болғандықтан осы мәселенің шарттары мен тәртібін анықтап зерттеу керек.
Сондықтан құқықты қолдаушы тұлғамен мүдделі тұлғаның жоғарыда айтылып кеткен мәселелердің мәні мен маңызын түсіну талап арқылы қорғалудың дамуына жол ашады.
Азаматтық сот өндірісінің негізгі түрі болып, талап өндірісі, ал оны туындатудың әдісі талап екені тәжірибеден мәлім.
Бітіру жұмысын жазу кезінде автор процессуалистердің еңбектерін қолданады. Сонымен қатар автор қазіргі әрекет етуші азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарының нормаларын талқылайды. Азаматтық іс жүргізу құқының өте күрделі және басты орын алатын институты талап болып табылады. Сол себептен талап арқылы құқықты қорғау түрлерінің теориялық мәселелері өте көп. Көптеген ғалымдардың талап түсінігі, оның элементтері, талап құқығы және талаптардың сныпталуына байланысты бір - біріне қарама - қайшы көзқарастары көп. Сондықтан көптеген әдебиеттерде талаптың және оның элементтерінің әр - түрлі түсініктері берілген, ал ол осы мәселені шешуді қиындата түседі.
Бұл жұмыста құқықтың талап арқылы қорғалуына байланысты сұрақтарға жауаптар берілген. Олар: Талап түсінігі, талап құқығы, талаптың құрамдас бөліктері, талап түрлері және тағы басқа.
Бітіру жұмысын жазу кезінде автор процессуалистердің еңбектерін қолданады. Сонымен қатар автор қазіргі әрекет етуші азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарының нормаларын талқылайды.
Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің 6 және 7 тараулары тиісінше Мерзімдерді есептеу және Талап мерзімі деп аталады. Мұнда мерзімнің ұғымы оның азаматтық айналымдағы орны мен түрлері тағы басқа ұығмдары нақтылана көрсетілген. Уақыттың тылсымдығы оны тоқтатуды мүмкін еместігін біз есейе келе ұғынамыз. Ал азаматтық құқық категорияларының санатына жататын мерзім жөніндегі менің тақырыбыма арналған зерттеулер мүлде жоқ. Сірә, біздің отанымыздың азаматтық құқық ғалымдары көбінесе шарттарға, мәмілелерге тағы басқа қазіргі нарық заманында алдыңғы қатарда тұрған нормаларға көп көңіл бөлген де шығар.
Қазіргі кезде азаматтық құқықтың субъектілері болып табылатын акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, тұтыну кооперативі, партия, қор атты сөздер жиі қолданыс табуда. Ал, осы сөздердің мәнің ұғыну менің дипломдық жұмысымның мақсаты болып табылады.
Дипломдық жұмысымның мақсатына жету үшін алдыма мынандай мақсаттарды қойдым: Азаматтық құқықтың субъектілері болып табылатын жеке тұлғалар мен заңды тұлға ұғымын ашу, оның әрекет қабілеттілігін және құқық қабілеттілігінің мәнін ұғыну, заңды тұлғаны құру, тіркеу, қайта тіркеу тәртібін саралау және заңды тұлғалардың құқықтық ұйымдастыру нысандарын анықтау. Заңды тұлғалардың құқықтық ұйымдастыру нысанын ашу үшін мен заңды тұлғаларды коммерциялық және коммерциялық емес деп қарастырамын.
Қазақстан Республикасы егемендігін алып, оның аумағында жаңадан бірте-бірте қоғамның әрқилы салаларында сан алуан заңды тұлғалар құрыла, қайта құрыла бастады. Статистика бойынша Қазақстан Республикасы агенттілігінің деректеріне сәйкес 2002 жылдың өзінде республика аумағында 165 611 заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік - 24 603, жеке - 135 076, (шетелдің қатысуынсыз) мемлекеттің қатысуымен - 1253, 4375 - (шетелдің қатысуымен) бірлескен қәсіпорындар және 5932 шетелдік заңды тұлғалар тіркелген екен.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі : Қазақстан Республикасы Азаматтқ құқықтың субъектісі жеке адам және мемлекет ауқымында құрылып жатқан заңды тұлғалар қызметін құқықтық реттеу мен қоғамның талаптарына сай етуде азаматық құқық саласының маңыздылығы зор.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - азаматтық құқықтаң субъектілеріжеке тұлға мен заңды тұлға түсінігінің мәнін ашып, оны құру, қайта құру және тарату бойынша тереңірек ақпарат беріп, заңды тұлғалар түрлері мен оның жеке-жеке ұйымдық-құқықтық нысандарына сипаттама жасау. Сондай-ақ, бұл жұмыста заңды тұлғаларға қатысты негізгі түсініктер мен терминдер, нормативтік-құқықтық актілер мен негізгі әдебиеттер тізімі ұсынылып отыр.
Кез келген мемлекеттің келешегі өзінің ұлттық тілін сақтап қалудан басталады. Шоқтығы биік қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты оның қолданыс аясы кеңейіп, қазақ тілінде жазылып жатқан еңбектер жылдан-жылға көбеюде.
І ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
1. 1. Соттар азаматтық іс жүргізуді жүргізетін тұлға ретінде
Құқық қорғау қызметтерінің жүйесінің ішінде сот төрелігі ерекше орында тұрады. Сот төрелігі - қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді қарау кезінде мемлекеттік күштеу шараларын қолдану және заңда белгіленген тәртіп пен нысанда сақтау арқылы қарау мен шешуге бағытталған құқық қорғау қызметі болып табылады.
Сот төрелігінің мақсаты - аталған барлық істер бойынша әділ, заңды сот талқылауын қамтамасыз ету.
Сот төрелігінің міндеттері:
- соттардың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді жан жақты, толық және объективті шешуі;
- азаматтардың сот арқылы қорғану құқығын жүзеге асыру;
- заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту;
- құқыққа деген кұрметтілік қатынасын қалыптастыру;
- құқық бұзушылықтарды ескерту.
Сот төрелігі, өз кезегінде сот төрелігі принциптеріне сай қызмет жасайды. Сот төрелігінің принциптері - бұл сот қызметтерінің ұйымдастырылуы мен қызметтерінің мәні мен мазмұнын анықтайтын басшылыққа алатын идеялар, ережелер.
Сот төрелігінің принциптері ҚР-сы Конституциясында және сот жүйесі туралы конституциялық заңда бекітілген принциптерге деп бөлінеді. Сот төрелігінің басты принциптері ҚР-сы Конституциясында бекітілген және олардың жоғары заң күші бар. ҚР-сы Конституциясында бекітілген сот төрелігінің принциптері (Конституциясының 77 бабы) :
- адамның кінәлігі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
- өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
- сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
- жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлатын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң қолданылады;
- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
- ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куә болуға міндетті емес;
- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
- заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
ҚР-сы Конституциясымен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.
Енді, сот жүйесі туралы заңда бекітілген прициптерге тоқталсақ, онда сот төрелігінің принциптері мыналар:
- заңдылық;
- сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асыруы;
- судьяларды сайлау мен тағайындау;
- судьялардың тәуелсіздігі;
- судьяларға ешкімнің тиіспеуі;
- сот істерін кәсіби негізде қарау;
- барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі;
- тараптардың теңдігі мен жарыспалылығы;
- сот ісінің тілі;
- сот ісінің жариялылығы;
- сот арқылы қорғану;
- кінәсіздік презумпциясы.
Сот төрелігінің принциптерінің маңызы мынадан көрінеді:
- сот төрелігінің маңызды ерекшеліктерін анықтап көрсетеді;
- сот төрелігінің принциптері барлық органдар мен тұлғаларға міндетті;
- сот төрелігі туралы нормаларды дұрыс түсіндіруге үлкен маңызы бар.
Заңдылық - сот төрелігінің басты принципі ретінде орнықтырылады. Заңдылық принципі сот төрелігінде мынаны білдіреді:
- сот төрелігін заңда белгіленген тәртіппен құрылған соттар ғана жүзеге асырады;
- сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судьялар тәуелсіз және ҚР-сы Конституциясы мен заңдарға бағынады;
- сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар азаматардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша қызмет атқарады;
- сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар заң талаптарын қатаң сақтап отыруы қажет.
Бұл принциптің үлкен саяси маңызы бар. Себебі, осы принцип арқылы сот төрелігін соттардан басқа ешқандай мемлекеттік органдар мен ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар жүзеге асыра алмайтындығын белгілейді. Сондықтан, сот төрелігін тек соттар ғана жүзеге асырады, сөйтіп сот төрелігі арқылы соттар қылмысқа кінәлі тұлғаны анықтап, қылмыстық жазаға тартады және азаматардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіреді. Және бұл принцип арқылы соттардың қызметтеріне араласуға жол берілмейді.
ҚР-нда судьялар корпусын қалыптастыру екі тәсілмен жүзеге асырылады. Яғни, судьяларды сайлау мен тағайындау арқылы:
ҚР-сы Жоғарғы сот төрағасын, Жоғарғы сот алқаларының төрағаларын және Жоғарғы сот судьяларын ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі негізінде ҚР-сы Президентінің ұсынуымен ҚР-сы Парламенті Сенаты сайлайды;
ҚР-сы облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларын, облыстық және оған теңестірілген соттардың алқа төрағаларын және облыстық және оған теңестірілген сот судьяларын ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесі кепілдімесі негізінде ҚР-сы Президенті тағайындайды;
ҚР-сы аудандық және оған теңестірілген сот төрағаларын және судьяларын ҚР-сы Әділет біліктілік алқасының кепілдемесі негізінде ҚР-сы Әділет Министрі ұсынуымен ҚР-сы Президенті тағайындайды.
Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек ҚР-сы Конституциясы мен заңдарға бағынуы.
Судьялардың тәуелсіздігі принципі мынаны білдіреді:
- судьялардың қызметтеріне араласуына жол берілмейді;
- сот мемлекеттік биліктер органдарының жүйесінде дербес орында тұрады;
- сот тек республикалық бюджет арқылы қаржыландырылады;
- судьяларға ешкімнің тиісуіне жол берілмейді;
- соттар саясаттан тыс;
- нақты қылмыстық, азаматтық істер бойынша судьялар есептер бермейді;
- судьяларды қызметтерінен ауыстыруға болмайды;
- судьяларды кұрметтемегені үшін қылмыстық жауаптылық көзделеді.
Сот төрелігінің алдында барлық азаматтар олардың әлеуметтік, нәсілдік, жыныстық, ұлттық, тегіне, лауызымына, тіліне, дініне, көзқарастарына қарамастан тең болады.
Заң алдындағы теңдік арқылы заңдар барлық азаматтарға бірдей таралады және азаматтар заңдарды мүлтіксіз орындап, сақтап отыруы қажет. Заңды бұзған азамат жауапқа тартылады.
Сот алдындағы теңдік арқылы сотқа келген барлық азаматтардың құқықтары мен іс жүргізушілік мәртебелері тең болады (мысалы, айыпталушыға адвокат беріледі, егер азамат сот ісін жүргізу тілін білмесе, онда оған аудармашы беріледі) . Сотта сот ісін жүргізу заңдары біртұтас талаптар арқылы теңдіктен ерекшеліктері бар. Мысалы, қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс жүргізу өзгеше сипатта болады. Мысалы, ҚР-сы Президенті, Парламент депуттары, Бас прокурор, елшілер мен консулдар.
Сот ісінің жариялылығы
ҚР-нда барлық соттарда істерді қарау ашық түрде жүргізіледі. Бірақ, мынадай жағдайларда істерді қарау жабық түрде өткізіледі:
- егер сот талқылауында мемлекеттік, әскери, қызметтік, коммерциялық құпиялары ашылу қауіпі туындалса;
- егер сот талқылауында адамның жеке өмірінің немесе жеке отбасының құпиясы ашылып қауіпі туындалса;
- егер қылмыстық іске қатысушылардың (мысалы, жәбірленуші, куә) қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болса.
1995 жылғы ҚР-сы Конституциясы сот билігін мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде бөліп алып, заң шығарушылық және атқарушылық биліктен бөлуді жария етті. Сот билігінің мақсаты азаматтардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырудан, ҚР-сы Конституциясының, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, ҚР-сы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуден тұрады. Осы арқалы сот билігіне, біріншіден, құқық туралы барлық жан жалдар мен дауларды шешетін төрешінің, екіншіден, мемлекетте заңдылық режимінің орындалуы мен сақталуын қамтамасыз ететін органдардың рөлі берілген.
Заңда белгіленген тәртіппен судья лауазымына тағайындалған немесе сайланған, тиісті сотта жұмыс істейтін және өз өкілеттіктерін кәсіптік негізде жүзеге асыратын адам судья болып табылады.
Судьялардың құқықтық мәртебесі судьялардың тәуелсіздігі мен ауыстырылмайтындығын, сондай-ақ оған ешкімнің тиіспеушілігін қамтиды. Тәуелсіздік судьяның тәуелсіздігін және тек Конституцияға бағынатындығын көрсетеді. Ешкімнің де сот төрелігін жүзеге асыруға араласуға және судьяға қандай да бір ықпал етуге құқығы жоқ. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәні жөнінде қандай да бір түсінік беруге міндетті емес.
Судьялардың құқықтық мәртебесі соттарды құру тәртібін, оларды ұйымдастыру қағидаттары мен қызметін, сот жүйесін, әрбір сот буының құрамын, құрылымын, құзіретін, сондай-ақ судьялардың құқықтық мәртебесін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жүйесін құрайтын ҚР-сы сот билігі заңнамасымен реттеледі.
Соттардың қызметін және судьялардың мәртебесін реттейтін негізгі құжаттар ҚР-сы Конституциясы мен сот жүйесі туралы конституциялық заң болып табылады.
ҚР-сы Конституциясының 77 бабының 1 тармағына және сот жүйесі туралы конституциялық заңның 25 бабына сәйкес сот төрелігін атқару кезінде судья тәуелсіз және тек Конституция мен заңға бағынады. Судьялар оларға заңмен берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде атқарушылық және заң шығарушылық мемлекеттік билік тармағының қандай да бір органы мен лауазымды адамына бағынбайды және жоғары тұрған сот сатыларына есеп бермейді.
Сот істерін қарау кезінде сот талқылауына қатысушылардың пікіріне байланысты емес, айыптау жағында, қорғау жағында қолдамайды. Судья істі қарау кезінде әділ болуға және қаралған дәлелдемелерге баға беруге негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша шешім қабылдауға және бұл ретте тек Конституцияға мен заңды басшылыққа алуға тиіс.
Судьяның тәуелсіздігі Конституция мен заңда қорғалады және:
- сот төрелігін жүзеге асырудың заңда көзделген рәсімімен;
- оның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да болмасын араласумен жауапкершілігіне қауіп төндіруге тыйым салумен;
- сотты сыйламағандығы үшін жауапкершілік белгілеумен; ъ
- белгіленген тәртіппен судьяны қызметке сайлау, тағайындау, өкілеттігін тоқтату және тоқтата тұру тәртібімен, оның орнынан түсу құқығымен;
- судьяларға мемлекет есебімен олардың мәртебесіне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандыру арқылы қаматамасыз етіледі.
Сот жүйесі туралы заңның 29 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес, аудандық соттың судьясы болып жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағлымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пікірін алған ҚР-ның азаматы тағайындалуы мүмкін.
Көрсетілген талаптармен қатар, жаса, білім, кәсіпқойлық және моральдық шек қойылады. Бұл жеткілікті теориялық білім мен практикалық тәжірибенің болуымен қатар, жылдар бойы жинақталатын адаигершілік тазалықты талап ететін сот қызметінің өзгешілігіне байланысты. Судья ұқыпты әрі тәрбиелі адам, биязы мінезді, барлық жағдайларда өзін өзі ұстай білуге тиіс. Шыдамсыздық, ашуланшақтық, тараптарды және басқа да іс жүргізуге қатысушыларды төзіммен мыңдай білмеу төрелік шешімдердің адал шығарылуына кедергі келтіреді. Сот органдары тәуелсіздігінің негізгі қағидаларына сәйкес сот лауазымына үміткерлердің жоғары моральдық қасиеті мен қабілеті болуға тиіс.
Аудандық соттың судьясы қызметінің бос орнына кандидат іріктеуді сот жүйесі туралы заңның 29 бабының 1 тармағының талаптарына сай келетін адамдар, сондай-ақ судья қызметінің бос орнына орналасуға өтініш берген, қызмет істеп жүрген судьялардың арасынан конкурстық негізде Әділет біліктілік алқасы жүзеге асырады. Аудандық сот төрағасы лауазымының бос орнына кандидатураларды Жоғарғы сот төрағасы тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын ескере отырып, енгізген ұсыныс бойынша Әділет біліктілік алқасы қарайды.
Әділет біліктілік алқасы аудандық сот төрағасы немесе судьясы қызметінің бос орнына кандидатты Әділет Министріне ұсынады, ол заңда белгіленген тәртіппен оны қызметке тағайындау үшін ҚР-сы Президентіне ұсынады (көрсетілген заңның 30 бабының 2 тармағы) .
Аудандық соттың судьясы Әділет министрінің Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша ҚР-ның Президенті тағайындайды.
Аудандық соттардың төрағаларын Әділет министрінің ұсынуы бойынша ҚР-ның Президенті бес жыл мерзімге тағайындайды.
Облыстық сот судьясы қызметіне кандидат іріктеуді бос қызмет орнында жұмыс істеуге өтініш берген және осы конституциялық заңның 29 бабының 2 тармағының талаптарына сай келетін адамдар конкурстық негізде Жоғарғы сот кеңесі жүзеге асырады. Жоғарғы сот кеңесі конкурстық қорытындысы бойынша облыстық соттың судьясы қызметінің бос орнына кандитатты қызметке тағайындау үшін ҚР-ның Президентіне ұсынады.
Облыстық сот төрағасы және оның алқасының төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураны Жоғарғы сот төрағасы Жоғарғы соттың жалпы отырысының қорытындысын ескере отырып енгізген ұсыныс бойынша Жоғарғы сот кеңесі қарайды.
Жоғарғы сот кеңесі облыстық сот төрағасы және оның алқасының төрағасы қызметінің бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшін ҚР-ның Президентіне ұсынады.
Облыстық соттың судьясын Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі бойынша ҚР-ның Президенті тағайындайды. Облыстық соттардың төрағалары мен алқаларының төрағаларын Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі бойынша ҚР-сы Президенті бес жыл мерзімге тағайындайды.
Жоғарғы сот алқасының төрағасы және судьясы қызметінің бос орнына кандидатураны Жоғарғы соттың төрағасы Жоғарғы соттың жалпы отырысының қорытындысын ескере отырып енгізген ұсыныс бойынша Жоғарғы сот кеңесі қарайды. Жоғарғы сот төрағасы қызметіне кандидатураны Жоғарғы сот кеңесі қарайды. Жоғарғы сот кеңесі Жоғарғы сот төрағасы, алқа төрағасы және судья қызметінің бос орнына кандидатураны ҚР-сы Парламентінің Сенатына ұсынуы үшін ҚР-сы Президентіне ұсынады. ҚР-сы Жоғарғы сотының судьяларын ҚР-сы Президентінің Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.
Жоғарғы соттың төрағасы мен осы соттың алқаларының төрағаларын ҚР-сы Президентінің ұсынуы бойынша тиісті қызметтерге бес жыл мерзімге Сенат сайлайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz