Файлдар жүйесі


ФАЙЛДАР ЖҮЙЕСІ

Текстер мен программалардан тұратын мәліметтер тұрақты күйде дискідегі файлдарда сақталады. Файл ( - бума, десте) белгілі бір атпен магаиттік дискіде жазылған біртектес информациялар жиыны.

ОС жұмысы үшін керекті алғашқы деректер және нәтижелік соңғы мәліметтер рөлін де әртүрлі типтегі файлдар атқарады. Файл программадан, не оларға қажетті берілген сандар тобынан, текстен түруы мүмкін. әрбір файлдың файлдар каталогында - мазмүнында тіркелген өзіндік аты болуы керек. Дискіде аттары әртүрлі көптеген файлдар болады. Файлдың толық атауы екі бөліктен құралады: аты, заты (түрі не типі) . Файлдың аты - 8 таңбаға дейінгі өріптен басталатын сандар мен әріптер жиыны, ал оның 3 таңбадан аспайтын екінші бөлігі оның заты, типі не атының кеңейтілуі (тіркеуі) деп те айтылады. Бір каталогта аттары бірдей файлдар болмауы тиіс. Файлдың заты кейде болмауы да мүмкін. Файлдың аты мен заты нүктемен бөлінеді.

Файлдың толық аты латынның бас не кіші әріптерінен (цифрлар да кіреді) тұрады. Файлды дискіге жазғанда не өзгерткенде, оның көлемі, құрылған уақыты, мерзімі де тіркеледі. Файлдың аты, заты, символмен берілген (байт) көлемі, операциялық жүйенің календары мен сағатынан алынып жазылған күні, айы, сағаты файлдың атрибуттары (көрсеткіштері) деп аталады. Олар файл жазылғанда, өзгертілгенде немесе көшірілгенде тіркеліп отырады.

Дискіде сақталатын файлдар өте көп болып, олар бірнеше мындаған сандарға жетуі мүмкін. Мұндай мәліметпен жұмыс істейтін адам қандай информация қай жерде орналасқанын жөне ол файлдар аттарын есте сақтауы тиіс.

Файлдарды дискілерде сақтауды оңайлатып, белгілі бір жүйеге келтіру мақсатында оларды каталогтарға (директорийларға) біріктіріп қояды. Каталог немесе директорий - белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай магниттік дискіде бір-бірімен қатар орналастырылған бір топ файлдар тізіміне қойылған атау. Бүл тізімді ЭЕМ-нің сыртқы жадының бір бөлігі не тарауы деп қарауға болады. Үіпсіот жүйесінде каталогтар атқаратын қызметін толығырақ ашатын бума (папка) термині қолданылып жүр. Әрбір каталогтың өзіндік белгілі бір аты болады. Бірнеше каталогтардың аты басқа тізімге тіркелуі де мүмкін, онда ол басқа каталогқа бағынышты каталог болады. Осы тәрізді тармақталған бүтақ тәріздес файлдар жүйесі қүрыла береді .

Каталог файл тәрізді өз иесі қойған атпен аталады. Әр адам каталогтарды қалай деп атап, қалай құратынын өзі шешеді. Мысалы, ол бір каталогқа текстік файлдарды, екінші бір каталогқа кесте түріндегі файлдарды, ал үшіншісіне - өз программаларын енгізуі мүмкін,

Дискілерді форматтағанда онда автоматты түрде әртүрлі мәлімет жазыла алатын басты немесе түпкі каталог құрылады.

Бір каталогқа аттары бірдей екі файл орналастыруға болмайды, оның соңғысы жазыларда алдыңғысы бірден өшіріліп кетеді, бірақ аттас файлдар әртүрлі каталогтарда орналаса береді.

Бір каталог екінші бір каталогтың ішінде орналаса береді, мұндайда ол бағынышты атанып, сатылы түрде бұл каталогқа да басқа бір каталог бағынышты болып орналасуы мүмкін. Осындай түрде бір-бірінің ішінде орналасқан каталогтар бұтақ тәрізді көп сатылы (иерархиялы) файлдар жүйесін құрады.

Дискіде міндетті түрде түпкі немесе 1-деңгейдегі каталог болуы тиіс. Оған файлдар жазылып, олармен бірге 2-деңгей каталогы бола береді, ал оның ішіне 3-деңгей каталогы, т. с. с. бола беруі мүмкін әртүрлі деңгейдегі атаулар бір-бірінен " таңбасымен бөлініп отырады, мезетте бір каталог жұмыс атқаратын болып, ол екпінді күйде болуы тиіс. ЭЕМ іске қосылғанда мұндай каталог рөлін түпкі каталог атқарады немесе ЭЕМ өшірілердегі екпінді болған каталог атқарады, әр адам өз қалауынша команда көмегімен басқа каталогты екпінді ете алады.

Файлдар бүтақ тәрізді күрделі түрде қүрылса, онда оның тек өз атын ғана емес, сонымен қатар тұрағын, басты каталогын, оның деңгейлерін көрсету қажет. Мұндай файлдың нақты тұрағын (адресін) көрсететін тізбектелген файлдар атауы - маршрут не жол деп те аталады. Соньшен, файл толық түрде былай көрсетіледі:

  1. дискінің аты керсетіледі, ол бірақ кейде көрсетілмей де кетеді;
  2. тізбектелген бірінің ішіне бірі кіретін каталог аттарынан тұратыңмаршрут көрсетіледі (ол да кейде көрсетілмей кетеді) ;
  3. файлдың өз аты тізімді аяқтауы тиіс (файл тізімдегі ең соңғыкаталогта орналасады) .

Әр мезетте бір диск екпінді күйде болып, оның аты мен жұмыс істеп тұрған каталог аты ОС-тың жұмысқа шақыру қатарында көрсетіліп тұрады.

Сонымен файлдың маршрутын немесе адресін толық көрсету үшін дискінің атын, тізбектеле орналасқан каталог аттарын, ең соңында файлдың атын және түрін толық көреету қажет. Жалпы ереже бойынша файлдың толық аты төмендегідей болады.

[дискінің аты] [маршрут] файлдың аты[. түрі]

Тік (квадрат) жақшаның ішіндегі сөздер көрсетілмеуі де мүмкін. ЭЕМ іске қосылып ОС жұмысқа кіріскен соң экранға жұмысқа шақыру (немесе дайындық) белгісі шығарылып отырады. Ол жұмыс істеп отырған екпінді диск аты мен ағымдағы каталог аты тізбегінен тұрады, мысалы,

С:\DВОS\> - С: дискісінің DОS каталогы жұмыс істеп тұр;

С:\> - С: дискісінің түпкі, ең жоғарғы деңгейдегі каталогы іске қосылып, жұмыс істеуге дайын тұр;

- В: дискісінің ВАS каталогындағы бағынышты SТUЕNТ каталогы екпінді күйде жұмысқа дайын тұр;

А:> - А: дискісінің түпкі каталогы жұмысқа дайын т. с. с.

Әрбір іс-әрекет орындалған сайын экранға ЭЕМ-нің келесі команданы орындауға дайын екендігін көрсететін осындай шақыру тізбегі автоматты түрде экранға шығып отырады. Маршрутта екпінді диск аты көрсетілмесе де болады. Егер маршрут С: таңбаларынан басталса, файл орны осы дискінің түпкі каталогынан есептеледі, диск көрсетілмесе, файл орны үстіміздегі (екпінді не ағымдағы) каталогтан бастап есептеледі. Мысалдар: ағымдағы каталогтағы файл іске қосылады;

ағымдағы дискінің 1-деңгейіндегі ЕХЕ каталогындағы файлы жұмысқа кіріседі.

Кейбір үш өріп тіркестерінен түратын аттар стандартты қүрылғылардың аттары болып келеді. Оларды файлдардың аттары немесе заттары (типтері) ретінде пайдалануға болмайды. Мысалы, негізгі баспаға беру құрылғысы, 1-ші принтер;

қосымша 2-ші принтер;

СON - консоль, яғни берілген мәвдерді енгізетін болсақ, пернелік, экранға шығаратын болсақ - дисплей;

АUХ (СОМІ) ~ негізгі (1-ші) коммуникалық канал;

NUL - программаны қалыптастыру, жетілдіру және орындау мақсатында қолданылатын жалған (бос) құрылғы.

Файл атына тіркеліп түратын оның заты немесе типі онда сақталатын информацияныңтегіне, мазмұнына, түріне қарап беріледі. Файлдарды түрлеріне қарап біріктіруге мүмкіндік беретін мына төмендегідей стандартты типтер бар:

. АSМ - ассемблер тілінде жазылған программа;

. ВАК - негізгі (түп нұсқадағы) файлға зақым келген жағдайларда қолданатын резерв файл (көшірме) ;

. ВАS - ВАSІС тілінде жазылған программа түріндегі файл;

. ВАТ - дестелі (пакетті) түрде ендеуге арналған командалық файл;

. СОМ - тәуелсіз орындалатын командалық файл;

. DАТ - берілген мәліметтер файлы;

. DОС - өвдеуге арналған текстік (документтік немесе қүжаттық) файл;

. ЕХЕ ~~ ОС басқаруымен жүмыс істейтін, бірден орындалатын файл;

. РАS - Паскаль тілінде жазылған программалық файл;

. ТХТ - текстік файл; Файлдармен жұмыс істейтін командалар

Бұл топқа СОРҮ, RЕМ, DЕLЕТЕ, ТҮРЕ, DАТЕ, ТІМЕ және т. с. с командалар жатады.

СОРҮ - файлдарды көшіру командасы. Файлдарды көшіргевде
файлдың бұрынғы атын сақтап (егер олар басқа каталогқа көшірілетін болса) немесе атын өзгертіп көшіруге болады. Параметр ретінде қандай файл, қайдан, қайда жөне қавдай атпен көшірілетіні көрсетіледі. Жалпы түрде команда форматын былай көрсетуге болады:
Егер мерзім қате болып ағымдағы мерзімді өзгерткіміз келсе, онда жоғарыда көрсетілген қалып бойынша қажетті сандар енгіземіз.

6. ТІМЕ командасы - ағымдағы уақытты экранға шығару және
қайтадан өзгерту, бұл команда форматы алдыңғыға
командасына ұқсас.

С:\> Ііте - компьютер таймерінің ағымдағы уақытын экранға шығаруды және ол дұрыс болмаса, жаңа уақытты енгізуді талап ету. Жұмыс нәтижесі:

Ағымдағы уақыт 11:22:39. 82 Жаңа уақытты енгізіңіз мұндағы, сағаты (0-23), ММ-минуга (0-59), ss-секунды . Жаңа уақытты енгізу үшін пернелерден сағатқа, минутқа және секундқа сәйкес сандарды тереміз.

7. РАТН (жол) командасы керекті файлдар автоматты түрде
ізделетін каталогтар тізімін алдын ала көрсетуте арналған. МS ВОS
жүйесі қажет болған файлды ағымдағы каталогтан таба алмаса, осы
команда параметрлері ретінде келтірілген каталоггардан іздейді. Бұл
команда көбінесе компьютер іске қосылғанда бірден автоматты түрде
орындалуға тиіс файлында болады. Ол жиі қолданылатын
қызмет жасау файлдары орналасқан каталогтарды көрсетеді, экранды тазартып операциялық жүйенің жұмысқа шақыру қатарын сол жақ жоғарғы
бұрышқа орналастырады. Бұл команда түрінде параметрсіз теріліп,
соңынан пернесі басылады. Қазіргі кезде қолданылатын операциялық жүйелердің бәрі де файлдармен жұмыс істейді. Бұл жұмыстың қомақты бөлігін өзіне алды деуге болады, яғни ол әрбір адамды дискідегі файлдармен қатынас жасау кезінде оларды үнемі қадағалау қажеттігінен босатты. Мысалы, қандай да бір программа шартбелгісіне тышқан курсорын апарып, оны екі рет сырт еткізсек, соған сай келетін программалық файл іске қосылады да, бұл сәттерде файлдың қай жерде орналасқанын әркімге білу міндет емес. Мұның өзі жүйесінің және ондағы барлық қосымша программалащьщ файлдық жүйемен тікелей қатынас құра алатынының белгісі болып табылады.

Әдетте әрбір адам дискіден файл оқу үшін не оған басқа бір файл жазу үшін, соңдай-ақ қосымша программаларды іске қосу үшін файлдық жүйеге жүгінеді.

Программалары дискіден информацияны оқу жөне оны толықтырып, өңдеп қайта дискіге жазу операцияларын орындаудан түрады. Осы операцияларды орындау барысында Парақтау (Пролистать) терезесінің аналогымен жұмыс істеу керек болады, ол - жұмысы Парақтау және Сақтау терезелеріне өте ұқсас Ашу терезесі.

10. 4. Бумалар мен жарлықтарды жасау және өшіру

Windows 95 жүйесінде барлық файлдар, құжаттар және программалар бумаларда (папка) сақталады. Егер бума сыртында сурет бар болса, ондай бума арнайы қызмет атқару бумасы болып саналады және оны өшіруге, басқа орынға жылжытуға болмайды.

Қарапайым жай бумалардағы мәліметтермен кез келген әрекет орындауға болады, мысалы, өшіріп тастау, кешірме алу, орнын алмастыру (жылжыту) және т. с. с.

Өз құжаттарыңызды сақтау үшін жеке бума ашу қажет. Ашқан файлдарыңызды сол файлды жасауға себешпі болған программалармен бірге бір орында сақтаудан аулақ болған жақсы, өйткені программа жұмысынан ақау табылып, оны қайта орнату керек болса, файлдарыңыз жоғалып кетеді.

Бумаларды жұмыс столында немесе терезе ішінде де ашуға болады. Жұмыс столында бума ашу үшін курсорды экрандағы бос аймаққа алып барып, тышқанның оң жақ батырмасын басу қажет. Совда пайда болатын контексті-тәуелді менюдің Жасау=Бума деген опциясын (мүмкіндігін) таңдап, экранға шыққан бума бейнесінің астына бірден оның атын енгізе беруге болады. Егер бума аты енгізілмесе, онда оның орнында нүктелер қатары орналасады.

Ал терезе ішінде бума ашу қажет болғанда, Файл=> Жасау==>Бума комавдаларын орыңдау керек.

Windows 95 жүйесінің жүмыс столы да бума болып есептеледі "Жұмыс столы" бумасы Windows орнатылған каталогта орналасқан. Оны табу үшін "Менің компьютерім" бумасын қарап шығу керек немесе Іздеу командасын пайдалануға болады.

Біз жоғарыда айтқандай, жарлық (ярлык) дегеніміз - бумаларын ішінен іздеу жүргізбей-ақ кез келген дискідегі объектіні пайдалануды қамтамасыз ете алатын командалық файл. Жарлықтар жиі қодданылатын программалар мен құжаттық шаблоңдар (нұсқалар) үшін құрылады да, олар жұмыс столында, арнайы қызмет атқармайтын кез келген бума ішінде жасала береді.

Жарлық былай жасалады:

  • жарлық орналасатын орын тандалып алынады; тышқанның оң жақ батырмасын басамыз даэконтекстік-тәуелді менюпайда болған соң, Жасау=>Жарлық командаларын орындаймыз; "Жарлық жасау" терезесі шыққаннан кейін командалық қатарға солжарлық объекгісіне сәйкес оның маршрутын енгіземіз. Ал егер ол белгісізбоса, дискілерді парақтай отырып (Обзор) түгел көріп, енгізілуге тиісқажетті мәліметтерді анықтаймыз. Одан ары қарай "Дайын" (Готово) батырмасын бассақ, жарлық дайын болып шыға келеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйелер және олардың атқаратын қызметі
NTFS файлдық жүйесі
Файлдык жуйе
Информатика курсын программалық қамтамасыз ету
MS-DOS және Norton Commander туралы ақпарат
MS-DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
MS-DOS операциялық жүйесі жөнінде түсінік
Каталогтың ішіндегі файлдың жазылуы
Ms dos және norton commander
Файлдық жүйе функцияларына шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz