Іске қатысушы адамдардың сот отырысына келмеуінің салдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 4

І-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ІСТЕРДІ ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ

1. 1. Азаматтық істерді қозғап, бірінші сатыда қарау . . . 6

1. 2. Азаматтық істерді апелляциялық тәртіппен қарап іс жүргізу . . . 28

1. 3. Сот актілерін қадағалау тәртіптерімен қайта қарау . . . 34

ІІ ТАРАУ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ

2. 1 Қылмыстық істреді қозғап, алдын ала тергеу жүргізу тәртіптері . . . 41

2. 2 Қылмыстық істер бойынша бас сот талқылауын жүргізу тәртіптері . . . 48

2. 3 Қылмыстық іс бойынша үкім шығару . . . 54

ІІІ ТАРАУ. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ ТӘРТІПТЕРІ

3. 1 Әкімшілік құқықтың субъктілері . . . 65

3. 2 Әкімшілік іс жүргізу ерекшеліктері . . . 66

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 89

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 92

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі мен маңыздылығы: Азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік процестердің айырмашылығы мен ұқсасатығын ажыратып айтатын болсақ олар әр қайсысы жеке дара процестер болып табылады. Өзгеше айтар болсақ - бұл тараптардың және өзгеде қатысушылардың дәлелдемелерді табыс етуге, жинауға және оларды зерттеуге әрекеті.

Ал азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша - азаматтық іс бойынша тараптардың талаптармен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар-жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін, сотпен қолданылатын тәсілдерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзгеде маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің тұлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу регламентациясы, салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты, зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот және құқық қорғау жүйесінің принциптерін, АІЖК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.

ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.

Құқықтық жүйенің құрылымының принциптері ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығына да ұлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.

Зерттеу объекті - азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік процестердің ерекшеліктерін ашу

Зерттеу пәні - азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік процестердің заң нормалары, Конституция.

Зерттеу мақсаты - азаматтық іс жүргізу қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік процестердің тәртіптерін талқылау.

Зерттеу гипотезасы: АІЖК-де азаматтық құқық принциптерінің толық зерттелмегендігі, оларға анализ жасау және тұзеті енгізу қажеттіілігінде.

Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:

- азаматтық іс жүргізу құқығындағы тәртіптерді талқылау;

- қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік процестері принциптерінің жүйесін қарастыру;

‑ толық анализ жасап, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағын анықтау.

Жаңалық элементі ретінде: диспозитивтік принциптің соңғы дұрыс талқылауы - сот және өзге істерді жүргізудің бастапқы локомотив екендігі анықталғанын айта кеткен жөн.

Дипломдық жұмысты орындаудағы мақсатым:

1. Азаматтық іс жүргізу тәртіптерін түсінігі мен мағынасын, мақсатын ашу;

2. Қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік процестердің тәртіптері мен мағынасын, мақсатын ашу;

3. дәлелдеу пәнің көрсету;

4. Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша істерді қарау тәртіптері дәлелдеменің түсінігін, жіктелуін және оларды зерттеумен бағалау мәселелерін ашып көрсету;

Осы мақсатты көздей отырып, жұмысты үш тарауға бөлдім. Әр бір тарау қажеттіі мәселелерді ашуға арналған.

І-тарау. Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша істерді қарау тәртіптері;

ІІ тарау. Қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша қарау тәртіптері;

ІІІ тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс жүргізу тәртіптері.

І-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ІСТЕРДІ ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ

1. 1. Азаматтық істерді қозғап, бірінші сатыда қарау

Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Азаматтық және шаруашылық істерді сотқа дейін әзірлеу жүргізу сот төрелігін жүзеге асыру болып табылмайды. Сондықтан Республиканың Конституциясында сот төрелігін жүргізетін органдардың арасында алдын ала тергеу жүргізетін органдар және прокуратура аталмайды.

Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады.

Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі тарапты (талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбұрлейді. [1. 23]

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына сәйкес әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы.

Алайда іс жүзінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылық және оларды шектеу әлі де орын алады. Бұл жағдайда жеке, мүліктік, отбасы, еңбек және өзге де құқықтары мен заңды мүдделерді қорғаудың ең тиімді тәсілі - азаматтардың сотқа жұгінуі.

Сотта азаматтық іс:

  • өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін өтініш жасаған адамның арызы бойынша;
  • прокурордың арызы бойынша;
  • заң бойынша басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа жұгіне алатын болған жағдайда мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіподақтың, мекемелердің, ұйымдардың және азаматтардың мәлімдеуі бойынша қозғалады (ҚР АІЖК-нің 8, 56, 57-баптары) .

Азаматтық іс қозғау - процестің бірінші және өте маңызды сатысы. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 152-бабына сәйкес азаматтық іс бойынша арызды қабылдау туралы мәселені судья жеке дара шешеді. Арыз сотқа түскеннен бастап бес кұннің ішінде судья істі қозғау жөнінде үйғарым шығарады. Мүдделі адамның құқығын соттың қорғауы іске асырылатыны немесе бұдан бас тартылатыны соттың бұл мәселені дұрыс шешуіне байланысты болады. [3. 76]

Азаматтық істі қозғаудың алдында мүдделі адам талап арыз, шағым (арыз) береді.

Талап арыздың берілуімен талап қою бойынша іс жүргізу қозғалады. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу және Ерекше іс жүргізу - арыз, шағым берумен қозғалады.

Талап қою бойынша іс жүргізу азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй және басқа да құқықтық қатынастарынан туындайтын субъективтік құқық немесе заңмен қорғалатын мүдде туралы дауларды қарау мен шешу жөніндегі соттың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі.

Сотта азаматтық істердің көпшілігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150-бабында аталған талаптар сақтала отырып, жазбаша түрде талап қойылған, яғни азаматтық іс туралы қажет мәліметтер бар талап арыз беру арқылы қозғалады. Егер талап арызды өкіл берсе, оған заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге құжат қоса табыс етілуі қажет. [3. 92]

Талап арызға талап қоюшы қол қойып, сотқа жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай көшірмелерімен қоса беріледі. Судья істің қиындығы мен сипатына қарай талап қоюшының талап арызға қоса тіркелетін құжаттардың көшірмелерін табыс етуге міндеттеуі мүмкін (ҚР АІЖК 151-бабының 4-тармақшасы) .

Талап арыз бен қос құжаттардың көшірмесі жауапкерге табыс етіледі, мұның өзі оның істі сотта қарауға дайындалуына мүмкіндік береді.

Сотқа берілетін талап арызға баж төленуге тиіс (ҚР АІЖК-нің 101-бабы, “Мемлекеттік баж туралы” заңының нормасына сәйкес) .

Азаматтық істі қозғай отырып, бес кұннің ішінде судья үйғарым шығарады да, сонымен бірге істі өзінің жүргізуіне қабылдайды және сол кезден бастап нақты іс бойынша процесс пайда болады.

Азаматтық іс қозғау сатысында судья үйғарым шығару ретінде келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

  1. талап арызды (арыз, шағым) қабылдау және өз қарауына алу;
  2. талап арызды (арыз, шағым) қабылдаудан бас тарту;
  3. талап арыз (арыз, шағым) қайтару;
  4. талап арызды қозғалыссыз қалдыру.

Азаматтық іс бойынша талап арызды (арыз, шағым) қабылдау және өз қарауына алу мәселесін судья жеке-дара шешеді. Талап арызды қабылдау туралы судья үйғарым шығарады. Сот үйғарымды қабылдағаннан кейін азаматтық іс процестің келесі сатысына өтеді.

Кейде азаматтық іс қозғау сатысында арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайтыны анықталса, сондай-ақ тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот үйғарымы болса судья талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы үйғарым шығарады.

Арызды қабылдаудан бас тарту туралы үйғарым ол сотқа түскен кезден бастап бес кұн мерзімде шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс. Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жұгінуге заң бойынша болмайды.

Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның шығарған үйғарымына іске қатысушылармен жеке шағым берілуі, ал прокурормен - жеке наразылық келтірілуі мүмкін. [6. 33]

Сонымен қатар азаматтық іс қозғау сатысында судья талап арызды қайтаруға құқылы. Талап арызды қайтару туралы судья үйғарым шығарады. Мұндай үйғарым шығарады, егер:

  • талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешу заңдармен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;
  • іс осы соттың соттауына жатпаса;
  • арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
  • арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
  • осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар - арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болса;
  • коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған кұнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жұгінсе;
  • бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе.

Талап арызды қайтару туралы үйғарым ол сотқа түскен кұннен бастап бес кұн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс, сонымен қатар осы сот үйғарымына жеке шағым және жеке наразылық берілуі мүмкін.

Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жұгінуге кедергі болмайды.

Азаматтық іс қозғау сатысында судья талап арыз ҚР АІЖК-нің 150-бабының талаптарына және 151-бабының 1) - 3) тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы үйғарым шығарады. Бұл үйғарымда талап қоюшымен талап арызында келтірілген кемшіліктер көрсетіледі және оларды тұзетуге мерзім береді. Талап қоюшы судьяның нұсқауына сәйкес және ол белгілеген мерзімде үйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз оны сотқа алғашқы тапсырылған кұні берілген болып есептеледі және судья азаматтық іс қозғау туралы үйғарымын шығарып іс келесі сатыда қаралуына мүмкіндік етеді. Егер кемшіліктер белгіленген мерзімде тұзетілмесе арыз берілмеген болып есептеледі және судьяның үйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады, бірақ талап қоюшы арызды қайтару туралы судьяның үйғарымына жеке шағым, наразылық беруі мүмкін. [4. 261]

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 249-бабына сәйкес сот арызды қараусыз қалдыру мүмкін, егер:

  • талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса (мысалы, “Сауда мақсатында теңізде жұзу туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 232-235-баптары. (2002 жылғы 17 қаңтар № 284 - ІІ) ;
  • арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
  • арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса;
  • осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс бар болса;
  • тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне беру туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірілсе;
  • өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптар екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;
  • өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
  • өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса;
  • талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
  • көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы істер жөніндегі өтініш жарияланымнан бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе.

Аталған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша сотқа тағы да арыз беруге құқылы. [4. 225]

Арызды қараусыз қалдыру туралы сот үйғарым шығарады, бірақ іске қатысушы адамдар оған жеке шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.

Талап арыз (арыз, шағым) қабылдау арқылы азаматтық іс қозғағаннан кейін сот азаматтық процестің келесі азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу сатысына өтеді. Нақты азаматтық істі сотта қарау сатысында бұзылған немесе даулы құқықтар, бостандықтар және заңмен қорғалатын мүдделер қорғауы жүзеге асырылады. Егер істі қарау және шешу бойынша сәйкесті әзірлік жүргізілсе бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды қорғап шығуға мүмкіндік бар.

Кез келген азаматтық іс бойынша сотта қарауға әзірлеу жүргізілуі қажет, себебі бұл маңызды роль атқаратын азаматтық процестің жеке сатысы.

Сотта іс қарауға әзірлеуді жүргізу туралы заң талаптарын сақтау істі дұрыс және уақытылы шешудің негізгі шарттарының бірі. Сотта іс қарауға әзірлеу сатысы сотпен сәйкесті үйғарым қабылдаудан басталады. Бұл үйғарымда жүргізілуге тиіс әрекеттер белгіленеді. Істі сотта қарауға әзірлік жүргізудің мақсаты - істі дер кезінде және дұрыс шешуді қамтамасыз ету. [5. 87]

Осы мақсат ҚР АІЖК-нің 166-бабында көрсетілген міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады.

Азаматтық істерді әзірлеудің міндеттері:

  1. істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;
  2. тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;
  3. іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;
  4. әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.

Кейбір ғалымдардың пікірінше сотта іс қарауға әзірлеу сатысында тек сот қана әрекет етеді, бірақ бұл тұбінде осы сатының мәні мен мазмұнына сәйкес емес. Әрине судьяның қызметі негізгі болып есептеледі, сондықтан оның әрекеттері азаматтық іс жүргізу құқығының арнайы нормаларымен реттеледі. Бірақ әзірлік жүргізуге іске қатысушы тұлғалардың тікелей қатысы бар. Мысалы, тараптар іс бойынша сотқа дәлелдемелер ұсынуға міндетті.

Әзірлеу сатысында дәлелдемелер ұсынуға жағдай жасалуына байланысты іс жүргізуге басқа да тұлғалар қатысуы мүмкін. Осылай, мысалы, сотта істі қарауға әзірлік жүргізу кезінде алғашқы, қосымша және қайталама сараптама тағайындауға болады.

Іс жүргізуге қатысушылардың атқаратын рөлдері әртүрлі. Судья заңмен бекітілген іс-әрекеттер жасауға тиіс. Егер іс сот мәжілісінде қарауға тиісті түрде әзірленбесе, онда судья оны сот отырысында қарауға тағайындауға құқығы жоқ. Әзірленбеген іс заңсыз және негізсіз шешім шығаруға, сондай-ақ осы сотпен қабылданған шешімді бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғады. Сотпен белгіленген дәлелдемелерді іске қатысушылармен ұсынбауы олардың мүдделерін қанағаттандырмайтын сот шешімін шығаруға әкеледі. Басқа қатысушылар іске қажет болған жағдайда қатысады.

Азаматтық істерді қарап талап арызды (арызды, шағымды) қабылдағаннан кейін судья істі сотта қарауға әзірлеу жүргізеді және ҚР АІЖК-нің 168-бабына сәйкес үйғарым шығарады.

Келесі жағдайды Ескерген жөн, егер жоғары тұрған сот төменгі сот шешімін бұзып және істі жаңа сот қарауына жіберсе, осы іс бойынша істі жүргізуші судья жаңадан істі сотта қарауға әзірлеу туралы үйғарым қабылдау қажет. [10. 34]

Істі сотта қарауға әзірлеу заңмен белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.

Істі сотта қарауға әзірлік жүргізуді әр түрлі іске қатысушылар жүзеге асырады, бірақ процесте негізгі қызметті судья атқарады. Сондықтан ҚР АІЖК-нің 170-бабының талаптарына сәйкес істің мән-жайларын Ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья жеке-дара мынадай әрекеттерді жүргізеді:

  • талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
  • қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; айрықша кұрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
  • іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;
  • тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жұгіну құқықтарын және мұндай әрекеттің салдарын түсіндіреді;
  • оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды;
  • ды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;
  • тараптардың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатыстыру мәселесін шешеді;
  • тараптардың өтініштері бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді;
  • кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдарды хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді;
  • талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді;
  • талап қоюшының өтініші бойынша оның берген талап арызын (арызын) қайтару туралы үйғарым шығарады;
  • басқа да қажеттіі іс жүргізу әрекеттерін жасайды.

Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы үйғарым шығарады

Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы істі сотта қарауға әзірлеу туралы үйғарым шығарудан басталады және істі сот отырысында қарауға тағайындау туралы үйғарым шығарумен аяқталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап өндірісі. Азаматтық істерді соттың бірінші инстанциясында қарау
Сот дәлелдемелер түсінігі
Азаматтық істерді сот мәжілісіне дайындау. Соттың дайындау әрекеті
Талап қою арқылы іс жүргізудің түінігі және мәні
Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың сот тәжірибесіне шолу
Апелляциялық саты сотының қаулылары мен ұйғарымдарына шағымдар, наразылық білдіру құқығы
Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
Істі сотта қарау
ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІНДЕ СОТ АКТІЛЕРІНІҢ КҮШІН ЖОЮҒА НЕГІЗДЕР
СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ӨНДІРІСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz