Азаматтық істерді сотқа әзірлеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

І ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ

  1. Азаматтық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы . . . 8
  2. Азаматтық іс жүргізудегі қарым-қатынастар . . . 13
  3. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі . . . 17
  4. Азаматтық іс жүргізудегі қағидалардың (принциптер) жіктелуі . . . 24

ІI ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ

2. 1 Азаматтық істерді қозғау тәртіптері . . . 39

2. 2 Азаматтық істерді сотқа әзірлеу . . . 48

2. 3. Азаматтық істерді түп нұсқасында қарау . . . 51

2. 4. Бірінші сатыдғы сот актілері мен шешімдері . . . 68

ІIІ ТАРАУ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН АППЕЛЯЦИЯЛЫҚ САТЫДА ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ

3. 1. Заң күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық шағым беру, наразылық келтіру тәртібі мен мерзімі . . . 75

3. 2. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау . . . 76

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 79

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 81

КІРІСПЕ

Диломдық жұмыстың өзектілігі мен маңыздылығын айтатын болсақ онда азаматтық іс жүргізу тәртіптері тек қана азаматтық құқықтағы мәмлілер міндеттемелерден шығатын дауларды қарап қоймай, еңбек, неке отбасы, жер, тұрғын үй құқықтарынан туындайтын дауларды да шешеді. Азаматтық іс жүргізудің ең басты мақсаты бұл сотқа қатысатын тараптарын заң мен сот алдыңда теңдік негізінде жүргізілетіндігінде. Азаматтық істер бойынша мән жайларды толық жан жақты және объективті түрде шешіп, ақиқатқа жету болып есептелінеді.

Бұл дипломдық жұмысты тиімді игеру үшін төменгіде көрсетілген мәселелерді талқылау керек.

Мемлекет және құқық теориясы: негізгі құқықтық ұғымдар, категориялар және институттар (құқық, құқықтық нормалар, құқықтық қатынастар, субъектілер, құқық бұзушылықтар, заңды жауаптылық, заң процесінің сатылары, құқық функциялары, заң фактілер және т. б. ) ;

Шет мемлекеттердің мемлекет және құқық тарихи: ежелгі әлемнің, орта ғасырлық, және жаңа уақыттың мемлекеттердің сотта іс жүргізу түрлері және нысандары;

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихи: Қазақстан көшпелі халықтардың сотта іс жүргізу түрлері және нысандары (қазақтардың адат құқығы, шариат, би соты) ;

Конституциялық құқық: сот төрелігінің конституциялық принциптер, прокурорлық қадағалау, сот жүйесінің рөлі мен мәні, айыптау функцияларын бөлу, қорғау және сот төрелігі;

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары: сот жүйесінің, прокуроратураның, адвокатураның орны, рөлі және құрылымы, судьялардың, прокурорлардың және адвокаттардың мәртебесі және өкілеттігі;

Прокурорлық қадағалау: прокурорлық қадағалау мақсаттары және міндеттері, қадағалау салалары және актілері, азаматтық процесте прокурордың процессуалдық өкілеттіктері;

Қазақстан Республикасының адвокатурасы: азаматтық процесте адвокаттың мәртебесі және өкілеттігі, оның процесуалдық құқықтары мен міндеттері;

Соттық тіл ұстарту: азаматтық процесте прокурордың және адвокаттың тіл ұстартудың мәні және ерекшеліктері;

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы: процесте тараптардың сайысушылық және құқықтық тендік, барлық сотта іс жүргізу нысандардың айырмашылығы және жалпы сипаттары, қылмыстық процесте азаматтық талап қоюшы және азаматтық жауапкер, материалдық зиянды өтеу және азаматтардың ақталу сұрақтар;

азаматтық құқық (отбасы, тұрғын үй құқығы және т. б. азаматтық-құқықтық циклдің пәндері) : ескіріп қалған талап ұғымы және мәні, азаматтық құқықтар қорғау тәсілдер, азаматтық құқықта заң фактілер, құқық субъектілік, мәміле, заттық, міндеттік, мұрагерлік құқық, заңды тұлғалар және т. б. ;

Дәлелдеу теориясы: азаматтық процесте дәлелдеу пәні және ережесі, дәлелдеу аксиомалар (жалпыға мәлім фактілер, даусыз фактілер, преюдиция, презумция), дәлелдеу сатылары, дәлелдемелер түрлері және қайнар көздері;

Соттық экспертология: азаматтық сотта іс қарау сараптама тағайындау және жүргізу сұрақтары.

Дипломдық жұмыстың қызметі:

Бұл дипломдық жұмыс келешекте заңгер ретінде ҚР және шетел мемлекетінің азаматтық іс жүргізу бойынша бұзылған не даулы құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауда өкілдік ету, прокурорлық және сот қызметтерін атқару, сот құжаттары мен сотқа тапсырылатын арыздарды толтыру жөнінде құқықтық білімді қолдануды қалыптастырады.

Дипломдық жұмыс бойынша азаматтық іс жүргізудің ғылыми теориялық және тәжірибелік мәселелері қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Субъектілердің бостандығы мен заңды мүдделерін, азаматтық құқықтарды қорғаудың соттық нысаның мүмкіндектерін, азаматтық сотта іс қарау ерекшеліктерін көрсету, заңды тұлғалар мен азаматтардың құқықтарын кепіл ету, заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында студенттерге құқықтық нормаларды дұрыс түсінуге және қолдануға қызықтыру және үйрету.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • бірінші дипломдық жұмыста студенттермен алған құқықтың білімнің негізін бекіту;
  • азаматтық сотта іс қарау саласында жаңа білім қалыптастыру;
  • құқықтық білімді жетелдіру, тұлғаның рухани даму аумағында жеке дара жұмыстарын жасауды үйрету;
  • кәсиби тәжірибелік дағдыны дамыту.

ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық істерін қарау сот тәжірибесі мен статистиканың, ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарын реттейтін, заңнама жақсы білім оқыту барысында алу қажет. Ол үшін студентке азаматтық іс жүргізу кодексін, халықаралық нормалар және өзге нормативтік актілер жақсы білу қажет, заңдарға енгізілетін өзгерістер мен толықтыулрарды бақылап отыру керек, Қазақстан Республикасының Жоғары Соттың жалпы отырысының шығарған нормативті қаулыларын, ҚР-ның және салыстыру үшін шет мемлекеттің нормативтік актілерін оқу керек.

Дипломдық жұмысты қорытындылай келе кіріспе, қорытындыдан басқа негізгі үш тараудан тұрады:

І тарау азаматтық іс жүргізу құқығы түсінігі, пәні жүйесі және қағидалары

ІІ тарау азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелер және дәлелдеу процесі

ІІІ тарау азаматтық істі қозғау және сотта азаматтық істерді қарау тәртіптері

І ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ

  1. Азаматтық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы

ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен реттелген ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу құқық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты - бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау. ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т. б. ) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.

ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілер:

а) сот істерін қарау және шешу тәртібі алдын ала ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен белгіленген;

б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалар сот мәжілісіне іс қарауына қатысу құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға;

в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және заңға сәйкес болу керек.

ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі:

бұйрық бойынша іс жүргізу істері;

талап қоюмен іс жүргізу істері;

ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері;

ерекше іс жүргізу істері.

Азаматтық процестің сатылары бұл келесі мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттер жиынтығы: талап арызды (арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т. б.

ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу сатыларын былай бөліп қарастыруға болады:

Сот ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды:

өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткен адамның арызы бойынша;

заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жеке азаматтардың арызы бойынша.

Азаматтық іс талап арыз, арыз не шағым беру арқылы судья сотта азаматтық іс қозғайды және ол бойынша сәйкесті ұйғарым шығарады.

Азаматтық істерді қарағанда арызды қабылдағаннан кейін судья істі сотқа қарауға әзірлік жүргізеді, оның мақсаты - істі уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы судьяның жеке өзі мынандай әрекеттерді жасайды:

талап қоюшыдан талаптардың мән-жайы жөнінде сұрастырады. Онда жауапкер жағынан болуы мүмкін қарсылықтарды анықтайды, қажет болса, қосымша дәлелдемелер тапсыруды ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

қажет болған реттерде, жауапкерді шақырып, одан істің мән-жайы жөнінде сұрастырады, оның талапқа қандай қарсылықтары бар екенін және бұл қарсылықтарын қандай дәлелдермен қуаттай алатындығын анықтайды, ерекше күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсініктер беруді ұсынады, оған оның іске қатысу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

үшінші тұлғаларды және өзге қатысушыларды іске қатыстыру туралы мәселені шешеді;

іске прокурордың қатысуы туралы мәселені шешеді. Белгіленген тәртіп бойынша хабар-ошарсыз кеткен, ақылының ауысуы немесе есінің кемдігі салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдардың, неке бұзу туралы істері бойынша жауапкердің мүліктік құқықтарын қорғау үшін, сондай-ақ балаларының мүдделерін қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы органдарын процеске қатыстыру мәселесін шешеді.

Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға және үшінші тұлғаларға қажетті дәлелдемелер жинауға жәрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша қажет болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куәларды және т. б. қатыстыру мәселесін шешеді. Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.

Бұл сатыда сот (жеке дара) сот отырысында іс материалдарын қарайды, істі мәні бойынша шешеді немесе іс бойынша өндірісті қысқартады. Жалпы ереже бойынша шешім қабылдаумен аяқталады.

Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы (апелляциялық өндіріс) .

Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғарымымен тараптар, үшінші тұлғалар келіспесе олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ олар келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дәлелдемелерін ұсынуға құқықтары бар. Осы саты бойынша істі қараған сот (алқа, 3 судьядан кем болмау керек) соттық қаулы шығарады.

Бұл сатыда соттың заң күшіне енген актісі (шешімі, ұйғарымы, қаулысы) борышкердің өз еркімен немесе сот орындаушының мәжбүрлеу шарасын қолданылуымен орындалады (жалпы мезімі 2 ай) .

Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау сатысы (қадағалау өндірісі) .

Сот шешімінің дәлелсіздігі немесе материалдық немесе іс жүргізудің құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы сол шешімді бақылау ретінде бұзуға негіз болады. Сот істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде кеңесу бөлмесінде мынандай шешімдердің бірін қабылдайды:

бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастайды;

бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және істі бірініші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді;

бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және талап-аразын қарамай тастайды не іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;

іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;

бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді не оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады.

Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша шағым, наразылық дәлелді шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Сот құрамы үш судьядан кем болмауы тиіс. Істі қарағаннан кейін сот қаулы шығарады.

Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау сатысы.

Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл ерекше саты деп аталады.

Шешімдерді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға мыналар негіз болады:

іс үшін елеулі маңызы бар, арыз берушіге белгілі болуы мүмкін емес мән-жайлар;

заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, заңсыз немесе дәлелсіз шешім шығаруға негіз болған куәнің біле тұра берген жалған жауабы, сарапшылардың біле тұра жасаған жалған қорытындысы, аудармашының біле тұра теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтық заттардың жалғандығы;

заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың немесе олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері не болмаса судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қылмыстық әрекеттері;

сот шешімін шығаруға негіз болған басқа органның қаулысының бұзылуы.

Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығарған сотқа арыз береді. Олар: іске қатысқан адамдар немесе прокурор. Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Бұл саты бойынша қайта қарау негіздері ҚР АІЖК-нің 404-бабында көрсетілген.

ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді. Азаматтық істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан (еңбектік және т. б. ) туып отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді.

Сот төрелегін жүзеге асыруда қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық іс жүргізу болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пәндерін бір-бірінен ажырата білу керек. Олардың ұғымдарын айта кету керек. Азаматтық іс жүргізу құқық жүйесі екі (Жалпы және Ерекше) бөлімнен тұратынын ескерген жөн. Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін және т. б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс және т. б. жатқызуға болады.

Азаматтық сотта іс қарау саласында құқықтық реттеу әдістері: императивтік және диспозитивтік.

Процессуалдық құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдық нормалардың жүйеленуі (класс-я) : реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше, императивтік, диспозитивтік, құқық беруші, міндеттеуші, рұқсат етпеу нормалар. Азаматтық іс жүргізу құқық нормалар құрлымы: гипотезалар (бір жақты, екі жақты, белгіленген, белгіленбеген және т. б. ), диспозициялар (жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялар түрлері.

Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз - азаматтық іс жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер, нормативтік-құқықтық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары - азаматтық, отбасылық, еңбектік құқықтық қатынастардан туатын даулар жөніндегі істерді, әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді және ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құрамына ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. Ең алдымен заң күші жоғары ҚР Конституциясы туралы айту керек және оның оннан аса баптары азаматтық іс жүргізу әрекеттерге жататынын ескеру қажет. Мәселен, ҚР Конституциясының 14 бабының 1 бөлігінде былай жазылған: "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең ". Содан кейін азаматтық іс жүргізу құқығына келесі нормативтік актілердің қандай байланысы бар екенін айту қажет: ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын (ҚР прокуратурасы туралы, ҚР ҚІЖК, ҚР еңбек туралы, ҚР Атқарушылық іс жүргізу туралы және т. б. ) оқып танысу керек. Оған қоса соттық прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да жатқызамыз.

Азаматтық іс жүргізу заңның мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы. Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену мерзімі көрсетілмесе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚР АІЖК-сі 1999 жылы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылы 1 шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды (ҚР АІЖК 4-бабы 2-бөлігі) .

Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады. Жалпы ереже бойынша жаңадан шығарылған заңның кері күші болмайды, егер ол туралы арнайы заңда көзделмесе. Сот қажетті түрде процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.

ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеу үшін мемлекет және құқық теориясы мен тарихының мәні, негізгі қолданатын ұғымдар мен категорияларын еске алу керек. Азаматтық іс жүргізу құқық өзге салалық құқықтық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Құқықтық институттар мен нормалар ара байланысы, ұқсас құқықтық реттеу салалары бар. Қосымша пәндермен ара байланысы.

Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымы - азаматтық іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдер жинақтығы.

Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні:

тәжірибеде оның қолданылуымен тығыз байланыстағы азаматтық іс жүргізу құқығының өзі;

азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары;

азаматтық іс жүргізу құқығының тарихы;

шетел мемлекетіндегі азаматтық іс жүргізу құқығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу міндеттері
АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ
Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу – азаматтың іс жүргізудің сатысы
Азаматтық iс бойынша талап қою өндiрiсi туралы
АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ
Азаматтық процестік құқықтың міндеттері
Сот отырысын ашу
СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ӨНДІРІСІ
Істі сотта қарау
Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты азаматтық істер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz