Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғаудың формалары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . 6
І ТАРАУ АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАСТЫ БИЛІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
1. 1. Жеке тұлғаның құқықтық статусы: түсінігі, құрылымы, түрлері……. . 9
1. 2. Адам құқығы туралы идеялардың қалыптасу тарихы. . 13
1. 3. Адам құқықтарының жай-күйі және адам құқықтарын қорғау механизмі. . 18
1. 4 Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғаудың формалары… . . . 20
ІІ ТАРАУ ҚР АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ҚОРҒАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2. 1. Адамның жалпыға танылған халықаралық құқық көздері мемлекеттің ынтымақтасу нысаны ретінде24
2. 2. Адам құқығын қорғауды жүзеге асыру саласындағы халықаралық ұйымдардың жүйесі . . 32
2. 3. БҰҰ-ның, конвенциялардың және басқа да органдардың адам құқықтарын қорғау саласындағы кемшілігі48
ІІІ ТАРАУ МЕМЛЕКЕТТЕР АРАСЫНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙМАҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
3. 1. Адам құқығының жалпы декларациясы-адам құқығын қорғауды жүзеге асыру саласында мемлекеттердің халықаралық құқықтық ынтымақтастығының негізгі құжаты . . . 54
3. 2. Адам құқығын қорғау саласында мемлекетаралық ынтымақтасу тұжырымдамасы. . 62
3. 3. Еуропалық Одақ және Еуропадағы Қауіпсізідік және Ынтымақтастық Ұйымы мемлекеттерінің халықаралық әріптесуі . . . 63
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 72
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласында мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы. Адам құқықтарын қорғау өте өзекті тақырып. Адам дүниеге келгеннен бастап белгілі бір құқықтарға ие болады. Ол ең алдымен өмір сүру құқығы. Өмір сүру құқығы осы саладағы қалыптасатын басқа барлық құқықтар мен бостандықтың бастапқы негізін қалайды. Ол әлемдік өркениеттіңең жоғарғы құндылығы болып табылады, өйткені адам мерт болған жағдайда басқа құқықтың маңызы жойылады. Адамның өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау, еркін жүріп тұру, ар-ождан мен діни сенім бостандығы, бірлесу, бейбіт жиналыстар мен митингтер бостандығы, сөз және наным, денсаулық сақтау мен медициналық көмек алу құқықтарының сақталуы мәселелері егжей-тегжейлі танылады. Сондықтан, адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласында мемлекеттердің халықаралық құқықтық ынтымақтасуының рөлі маңызды.
Адам құқықтары институтының қалыптасуы ұзақ уақытты талап етті. Әділетті түрде қалыптасып, даму шыңына ХХ ғасырда жеткен.
Адам құқықтары негізінен жеке тұлғалар мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастарға байланысты. Олар мемлекеттік биліктің жеке тұлғаларға қатысты бақылануын және реттелуін іске асырады, мемлекетке қатысты жеке тұлғаларға еркіндік береді және мемлекеттен негізгі адами құндылықтарды қанағаттандыруды талап етеді. Адам құқықтарын қорғау БҰҰ-ның бастауымен айқындалады. Біріккен Ұлттар халықтары Жарлықта өздерінің адамның негізігі құқықтарына, адамның жеке тұлғасының қадір-қасиеті мен құндылығына және әйелдер мен ерлердің тең құқығына деген сенімін растады және әлеуметтік ілгерлеуге және өмір жағдайын жақсартуға көмек көрсетуді шешті[1] .
Мүше-мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтасуда, адам құқықтарын және негізігі бостандықтарын жалпы құрметтеуге және қорғауды өздеріне міндеттеді. БҰҰ Жарлығының 55 және 56-тармақтарында БҰҰ-ның барлық мүшелері үшін адам құқықтарын жалпы құрметтеуге және қорғауға қол жеткізу үшін бірлескен немесе дербес іс-әрекеттер қабылдау нормаларын қабылдаудың императивтік нормалары бар.
Осылайша, БҰҰ - ның Жарлығы халықаралық құқықтың жан-жақты көзі болып табылады, оның негізгі принциптерінің бірі - адам құқықтарын құрметтеу және адам құқықтарын қорғаудағы теңдік дәрежеге жету. Теңдік деп жынысына, ұлтына, дініне қарамастан, барлық адамдардың жағымды қортындыларына қол жеткізуде тең мүмкіндіктерге ие болу. Ал егер адам құқығын қорғау толық жүзеге аспаса, онда теңдік жайлы сөз қозғаудың мәні нелікте екендігін түсіну қиын.
Осыған орай, адам құқықтарын сақтай отырып, оны қорғау білу теңдік дәрежеге әкеледі. Адам құқығының қорғалуының тиімді механизмінің қалыптасуындағы халықаралық деңгейдегі мемлекеттер әріптесуінің рөлі маңызды және бұл мақсатта қол жеткізу үшін мемлекеттерге ынтымақтасу қажет.
Адамның құқықтары мен бостандықтарын бекіту және қорғау саласында халықаралық құқықтық ынтымақтасудың дамуы екі бағыт бойынша жүрді. Біріншісі, адам құқықтарын бекіту саласында жалпы және арнайы актілерді әзірлеумен және қабылдаумен сипатталады. Екіншісі - мемлекеттердің адам құқықтарын қорғаудың іс жүзіндегі тетігін құру және оның сақталуына бақылау жасау саласында ынтымақтасу. Сондықтан, таңдап алынған диплом жұмысымның тақырыбы өзекті, өте ауқымды болып отыр[2] .
Адам құқытары саласындағы мемлекеттердің әріптесуі тұтас бір жүйеге қалыптастырылады. Осы жүйе әрбір мемлекет үшін халықаралық дәрежеде ұстанатын негізгі принциптер мен ережелер тізбегін құрайды. Себебі, ең алдымен адамның ортақ құқықтары бөлінбейді, бірдей маңызды болады. Адам құқықтарын құрметтеу демократиялық елдің негізгі принциптерінің бірі.
Диплом жұмысының объектісін екі мағынада қарастыруға болады. Тар мағынада бұл - адам құқықтары. Кең мағынада алғанда адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласында млекеттердің халықаралық құқықтық ынтымықтастығы. Сонымен қатар бұл тақырып өте ауқымды болып келеді.
Диплом жұмысының мақсаты: Адам құқықтары саласындағы қолданыстағы құжаттар мен ұйымдарды мемлекеттер ынтымақтастығының нысаны ретінде талдау және тарихтың осы кезеңіндегі мемлекеттердің құқықтық ынтымақтастық проблемаларын анықтау және оларды шешу жолдары.
Адам құқығының ғылыми әзірлемесі жоғары. Ғылымның көрнекі қайраткерлері В. А. Карташкин, Р. А. Мюллерсон, Т. Бюргенталь өз еңбектерін адам құқықтарына арнаған. Е. А. Лукашева «Адам құқығы ғасыр қорытындылары, үрдістері мен перспективалары» атты кітабында автор жаһандану және адам құқықтары, адам құқықтары мен қазіргі заманның жаһандық проблемалары сияқты мәселелерді ашады.
Д. Вашингтон Университетінің салыстырмалы және халықаралық құқық факультетінің профессоры Томас Бюргенталь «Адамдардың халықаралық құқықтарына қысқаша шолу» деген еңбегінде адам құқықтары жөніндегі бірінші келісімдерден бастап адам құқықтарының дамуына және әр түрлі аумақатарда бақылау тетіктерін қарастыруға жақсы талдау жасаған. Мәселе ғылыми ортаның ішінде ғана емес барлық әлемдік қауымдастықта өзекті болып табылады. Жыл сайын адам құқықтары жөнінде оннан астам халықаралық конференциялар өтеді. Адам құқықтарын қорғау мен сақтау саласындағы халықаралық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес ұйымдар да конференцияны ұйымдастырушылар болып табылады. Адам құқықтары саласында мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту үшін Веналық декларация және 1993 жылғы 25 маусымда Адам құқықтары жөніндегі бүкіләлемдік конференция қабылдаған іс-әрекеттер бағдарламасы ерекше орын алады. Мемлекеттер шеңберінде ынтымақтастық Біріккен Ұлттар Ұйымында жүзеге асырылады[3] .
Дипломдық жұмысым кіріспе, қорытынды және пайдаланған әдебиеттермен қоса негізгі үш тараудан тұрады:
- І тарау. Адам және азаматтар құқығының теориялық негіздері және олардың басты билігін қорғаудың заңдылықтары
- ІІ тарау. ҚР азаматтарының құқықтарын шет мемлекеттерде қорғауды жүзеге асыру саласында мемлекеттердің халықаралық құқықтық ынтымақтастығы
- ІІІ тарау. Мемлекеттер арасында адам құқықтарын қорғау жөніндегі ынтымақтастықтың дамуы және халықаралық аймақтық ынтымақтастық
І ТАРАУ АДАМ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАСТЫ БИЛІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
1. 1. Жеке тұлғаның құқықтық статусы: түсінігі, құрылымы, түрлері
Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы - сонау көне дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан, жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы және мол тәжірибесі бар.
Біз осы тарихқа, осы мол тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік нор-малардың диалектикалық объективтік даму процесімен танысамыз. Адам қоғамының әр формациясында азаматтардың қандай құқығы, қандай бостандығы болғанын білеміз.
Адам құқығы - тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан, әлеуметтік норма әр уақытта даму процесінде болады. Әлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғамдағы жүздеген, мыңдаған қарым-қатынасты реттейтін, басқаратын әлеуметтік норма. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның әділеттік, бостандық, де-мократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.
Жеке адамның құқығы қоғамдағы құқықпен тығыз байланысты. Бірі болса екіншісі де болады. Бірі болмаса екіншісі де болмайды. Бұл екеуін бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды.
Сонымен адамның құқығы, бостандығы олардың мазмұндық дәрежесі қоғамның даму деңгейімен байланысты.
Алғашқы қоғамдағы бостандық:
- құл иелену қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
- феодалдық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
- буржуазиялық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
- қазіргі замандағы бостандық түсінігі мен мазмұны.
Құқық пен жеке тұлғаның өзара байланысын тек құқықтық статус арқылы толық түсінуге, білуге болады. Онда олардың санқырлы байла-нысының түсінігі, мазмұны, құрылымы, мақсаты, талаптары, мемлекет пен қоғамдық ұйымдармен арақатынасы көрсетіледі.
Құқықтык, статус - жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Бұл статустың мазмұны адамның қоғамның әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал статустың нысаны - сол адамның қоғамдағы алатын орын заңды түрде сипаттауы. «Статус» латын тілінен аударғанда «положение - жағдай» - деген ұғымды көрсетеді[4] .
Сонымен, құқықтық статус - "құкықтық жағдай" - бір мағынадағы ұғым. Оның негізгі мазмұны мемлекеттің Конституциясында бекітілген жеке тұлғаның бостандығы, құқықтары мен міндеттері.
Құқықтық статус объективтік тұрғыдан бостандықтың, демократияның жетістіктері мен кемшілігінің көрінісінің айнасы деуге болады. Адам қоғамының көне дәуірден даму кезеңдерінде құқықтық статус әртүрлі болды. Бірақ бұл процесс үнемі прогрестік жолмен дамыды.
Сонымен кұқықтық статус - кешенді, интеграциялық категория. Ол адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке тұлға мен еңбек ұжымының ара байланысының көрініс - айнасы.
Құқықтық статустыц негізгі түрлері:
1) Жалпылама құқықтық статус - бұл азаматтық статус, қоғамның мүшесі, Конституциялықстатус.
2) Арнаулы құқықтық статус - студемттер, зейнеткерлер, шахтерлер т. б. статус.
3) Жеке тұлғаның құкықтық статусы - бір адамның өмірбаянының реквизиттері: білімі, қызметі, отбасы, аты-жөні т. б. Олардың қоғамның қай саласында кызмет атқаруы, соған сәйкес саяси және арнаулы жеңілдіктер болуы.
4) Жеке тұлға және заңды тұлғалар статусы.
5) Шет елдердің азаматтарының статусы.
6) Қазақстан Республикасыиың шетелдердегі азаматтарының статусы.
7) Жүйелік статустар: азаматтық, әкімшілік т. б.
8) Кәсіпқойлық, лауазымды тұлғалар статусы.
9) Статус - қиын жағдайда жұмыс атқаратын адамдар (солтүстікте, қиыр-шығыста, қорғаныс өндірісінде, құпия өндірістет. б. )
Қазіргі заманда жеке тұлғаның кұкықтық статусы заң ғылымының бір саласына айналды және жалпы тсорияның жеке тақырыбы болып отыр.
Адамдар тек құқықтық жүйедегі қоғамда өмір сүре алады. Бұл объективтік тұжырымға адамдар мыңдаған жылдар өмір тәжірибесінен сезініп білді. Біздің заманымыздан бұрынғы V-IV мыңжылдықтан бастап адам қоғамы әлеуметтік нормасыз өмір сүре алмайды. Норма объективтік тұрғыдан қоғамның өмір сүруінің ең қажетті құралы болды. Осы тәжірибеге сүйене отырып гректің ойшыл-ғалымдары Ликофрон,
Антифон ( V- ІV мың жылдықта) адамның табиғи бостандығы, құқықта-ры бар, оны ешкім жоя алмайды - деген. Бұл пікірді кейін Аристотель, Локк, Монтескье, Руссо, Канттар да қостаған. Сөйтіп "Табиғи кұқықтық теория" өмірге келген.
Бұл теория Англияның 1215 ж. бостандық партиясында, 1689 ж. құқық петициясында; АҚШ 1776 ж. декларациясында, 1791 ж. Конституциясында, Францияның 1789 ж. Конституциясында мемлекеттік заңға айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1948 ж - Декларациясында адамның "Табиғи құқық теориясы" қабылданып, эр мемлекеттің кұқығының негізі болсын деп қаулы қабылдады. 1966 ж. БҰҰ Халықаралық пакт атты қаулы қабылдап, онда адамдардың экономикалық, әлеуметтік жэне мәдени құқықтарын әлем көлемінде дамытуды, жақсартуды міндеттеді[5] .
Казіргі заманда адамдардың бостандығы мен құқықтары барлық мемлекеттердің Конституциясына, Декларациясына енгізіліп, ең негізгі ресми саясатқа айналды. Қазақстан Республикасының 1993-1995 жж. Конституциялары адамның бостандығы мен құқықтарына арнаулы бөлім беріліп бұл мәселені жан-жақты дамыту, жақсарту өзінің мемлекеттік міндеті деп жариялады.
Сонымен, адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы сонау көне дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік және құқыктық нормалар арқылы басқа-рылып келеді. Сондықтан, жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы және мол тәжірибесі бар. Оның даму мазмұны, шеңбері қоғамының даму деңгейімен байланысты. Әр формацияда адам бостандығы мен құқығы әр түрлі болады. Бірақ оның дамуы объективтік прогрестік жолмен дамыды. Қоғам дамып, нығайып жақсарған сайын құқықта, бостандық та нығайып жақсарады, оның әділеттік, демократиялық мазмұны да, кеңістігі де күрделенеді, жақсарады. Егерде бұл бостандыққа, құқыққа шектеу қойылса оны іске асыруға кедергілер жасалса, адамдардың табиғи бостандықтарына мән берілмесе ондай қоғамда антидемократиялық (фашизм, тоталитаризм, деспотизм) мемлекет орнап саяси, экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Адам қоғамының тарихында бұған мысал жеткілікті. Осы XX ғасырдың өзінде осындай дағдарыс екі дүниежүзілік соғысты өмірге әкелді.
Сонымен, адам құқығы - жеке тұлғаның табиғи мүмкіншіліктері аркылы қоғамның барлық саласында іс-әрекет жасап өздерінің қадір-қасиетін, ар-намысын, абырой беделін корғап, жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуі.
Заң ғылымында адам құкығы, азамат құқығы, жеке тұлға құқығы деген ұғым бар. Оларға қысқаша түсінік берейік.
Адам кұқығы - табиғи қүқық, табиғи бостандықтар субъектілері оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ. Егерде ол табиғи құқықтарды мемлекет бекітсе онда ол адам сол мемлекеттің адамы болады.
Азамат құқығы - табиғи кұкықтар жинақталып, жүйеге келтіріліп мемлекеттің заңдарында, нормативтік актілерде көрсетіліп, мемлекеттің қорғауында болып адамдар сол қоғамныц азаматы болу[6] .
Жеке тұлғаның құқығы - жеке адамның құзыреті, іс-әрекет жасау мүмкіншілігі. Оның шеңбері жеке тұлғаның саяси-қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық статусының шеңберіне байланысты. Жеке тұлғаға жата-тындар: адам, азамат, шет елдердің азаматы, азаматтығы жоқ адамдар, саяси-экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан қашқындар.
Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігі бұл үш ұғымды бір мағынада қолдана береді. Жеке адамдардың кұкықтарында объективтік және субъективтік деген түсініктср бар. Елді солардың мазмұнына тоқтайық.
Объективтік құқық - заңды пормалардың бір жүйесі, оның мазмұны, нормалардың өмірге келуі жекс адамдармен қатысы жоқ. Субъективтік құкық - субъектілердің бостандығы мен құқықтары объективтік құқықтағы іс-әрекеттерді орындауға байлаиысты.
Азаматтардың, адамдардың негізгі құқықтарымен бостандығы халық-аралық актіде және әр мемлекеттің Конституциясында толық көрсетіледі. Оныңтүрлері: азаматтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, эколо-гиялық, ақпараттык құқықтар. Енді оларға қысқаша түсінік берейік.
Азаматтық құқық - адамиың табиғи бостандығы мен құқықтары. Адам не істесе де ерікті. Тек қоғамға жеке азаматтарға зиян келтірмеуге міндетгі.
Экономикалық құқық-табиғи бостандық пен кұқықтың экономикалық талаптары - жеке меншік кооперацияға мүше болу, акционерлік ұйымдарға қатысу, жұмыс істеу, бизнеске қатысу т. б.
Саяси құкық, - қоғамды, мемлекетті, өндірісті, шаруашылықты басқару, қоғамдық ұйымдар, партия құру, жиналыс, митинг, демонстрация өткізу, сайлауға қатысу, сайлану т. б.
Әлеуметтік құқық - қоғамның экономикалық, материалдық дамуы сол арқылы адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек, үй құқығы, денсаулықты жаксарту т. б.
Мәдени құқыктар - білім алу, рухани сананы жақсарту; әдебиет, өнермен шұғылдану; тіл, дін құкықтары т. б.
Экологиялық кұқық - адамды қоршаған ортаны, табиғатты жақсарту, ол туралы мәліметтер алу, зиянға ұшыраса төлету т. б.
Ақпараттық құқық - ойлау, сөйлеу бостандығы, газет-журнал шығару, мақалалар жазу т. б. қүқықтар.
Халықаралық құқықтар - жоғарыда көрсетілген құқықтардың кепшілігі адамдар басқа елдерге барғанда да пайдаланады. Адамдардың саяхат жасауына, жүріп тұруына шектеу қойылмайды.
Адамдардың негізгі міндеттері - адамдардың құқықтары мен міндеттері тығыз байланыста болады. Мысалы: сөз, ойлау бостандығы мен қате, бұрыс ойламау, сөйлемеу міндеттері. Адамдардың міндеттерін екі топқа бөледі: табиғи және заңды міндеттер.
Табиғи міндеттер табиғи құқықтар мен сәйкес болады. Заңды міндеттер - нормативтік актілер арқылы қалыптасқан міндеттер. Мысалы: азаматтардың табиғатты жақсарту, қоғамдық тәртіпті сақтау т. б.
Азаматтардың негізгі міндеттерінің көпшілігі Конституцияда көрсетіледі. Адамдар құкықты қалай талап етсе, олар сол дәрежеде міндеттерді орындауы қажет. Құқықпен міндет бірге қалыптасады, өмірге бірге келеді, бірге дамиды. Бұл объективтік процесс. Адамдар өз міндеттерін дұрыс, уақытында жақсы орындаса құқықтары да кедергісіз орындалуға тиісті.
Адам құқығы - азаматтың басты игілігі
Қазіргі заманда өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бос-тандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ[7] .
Қазақстан Ата заңының 1-бабында: "Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостан-дықтары", - деп атап көрсетілген. Осы заң сөздері Қазақстанға әлемнің дамыған елдерінің қатарында тұруға моралдік құқық береді.
Адам құқықтары мен бостандықтары туралы заңдарды дамыту жолында Қазақстан басқа өркениетті елдердің тәжірибесін қолдана бастады. Соның бір айғағы ҚР Президентінің жарлығымен Президент жанында елдегі адам құқығы мен бостандығын сақтауға бақылау жасайтын, өкілеттік қызмет жөніндегі комиссияның құрылуы. Қоғамның өтпелі кезеңінде еліміздегі адам құқықтары жөніндегі заңдар қызметін үйлестіріп, олардың осал түхтарын ретке келтіріп, қалпына келтіруде қазақстандықтар комиссияға зор үміт артады. Бұрынғы кеңестік дәуірде азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін жоғары билік орындарына, тіпті Коммунистік партияның Бас хатшысына жүгінетін. Қазіргі уақытта адамдар өздеріңің бұзылған құқықтарын қорғау үшін құқық қорғау орындарына, сотқа, Адам құқығы жөніндегі комиссияға шағымданатын болды. Бұл біздің қоғамның құқықтық мемлекет құруға бет бұрғандығымызды көрсетеді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып, дүниежүзілік қауымдастық қатарына қосылғаннан бері адам құқығына қатысты бірнеше халықаралық конвенцияларға қосылды. Қазақстаи ең алдымен 1949 жылы қабылданған Женева конвенциясына (Комвемцияға қосылу ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31-ші наурызындағы қаулысымен бекітілді), 1989 жылы қабылданған Сәби құқығы туралы конвенцияға (ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8-ші наурызындағы қаулысы) қосылды. Осы конвенцияларға косылып, Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтары басты қазынасы болып саналатын, демократиялық ел болуға деген ұмтылысын бекіте түсті[8] .
Еліміз егемендік алып, Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіз мемлекеттің бүтіндігін қорғап, ішкі жэне сыртқы сая-сатының да пәрмендігін арттыру үшін, оның мызғымас заңы жэне заңцы қорғайтын әділ сотының болуы басты шарт. Сот оділдігін жүзеге асыру мемлекеттік өкімет билігіпіц срскше түрі. Азаматтар құқығы - заңдармен қорғалады, ал заңдар бұзылса әділ сот билігімен қорғалады. Сондықтан сот билігі жүйесіндегі мәселелер терең қамтылып, заңдарымыз уақыт ағымымен сәйкестірілу бағытында. Жоғарыда айтқанымыздай Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасауда. Біздің рсспубликамыз келешекте де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық, экономикалық, және саяси пактілерге қосылуға бет бұрып, үнемі басты назарда ұстауға кепілдік берді.
1. 2. Адам құқығы туралы идеялардың қалыптасу тарихы
Адам дүниеге келген күннен бастап өзінің құқықтарына ие болары белгілі. Қазакстан Республикасы Конституциясында былай делінеді: «Адам құқығы мен бостандығы әркімге тумысынан бастап беріледі, абсолюттігі мен ажырамастығы мойындалады, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды. . Кұкық - адам бойына енгізілген өзіндік құндылық, құкық - бұл адам бостандығының өлшемдері. Бостандық - бұл өз құқықтарыңды жұзеге асыру мүмкіндігі Адам құқығы, деп көрсетеді В. М. Корельский мен В. Д. Перевалов, - бұл жеке адамның өмірін, адами касиеттері мен қоғамдық өмірдің барлық саласындағы іс-өрекет бостандығын камтамасыз ететін табиғи мүмкіндіктер . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz