АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕРЗІМДЕР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

І ТАРАУ. ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ҚАҒИДАЛАРДЫҢ АРА-ҚАТЫНАСЫ

  1. Азаматтық құқықтың заңдары және қағида түсінігі . . . 6
  2. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі . . . 9
  3. Азаматтық құқықтық қатынастар . . . 52

ІІ ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕРЗІМДЕР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

2. 1. Азаматтық құқықтағы мерзім . . . 57

2. 2. Азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде . . . 65

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 78

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 80

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігін айтар болсақ заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық құқық өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу регламентациясы, салыстырмалы жақында ғана қабылданған АК бойынша жүргізілуіне байланысты, зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот және құқық қорғау жүйесінің қағидаларын, АК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.

ҚР қабылдаған АК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.

Азаматтық құқық жүйенің құрылымының қағидалары ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР Азаматтық құқықта да үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық қағидаларды өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.

Жұмыстың актуалдылығы, азаматтық құқық қағидаларының және олардың конституциялық негіздерін қазіргі заманға сай зерттеу. Азаматтық құқық қағидалардың маңыздылығы - осы саланың мәнін, негізгі жақтарын көрсетуі. Азаматтық құқық қағидалар, халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Азаматтық құқық қағидалардың мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.

Сондықтан да, азаматтық құқық принциптері түсінігін дұрыс талқылау қажет.

Зерттеу объекті - азаматтық құқық қағидалары және олардың конституциялық негіздері.

Зерттеу пәні - Азаматтық құқық заң нормалары, Конституция.

Зерттеу мақсаты - Азаматтық құқық қағидаларын талқылау.

Зерттеу гипотезасы: АК-те азаматтық құқық қағиданың толық зерттелмегендігі, оларға анализ жасау және түзеті енгізу қажеттілігінде.

Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:

- Азаматтық құқық қағидаларының тарихын зерттеу;

- Азаматтық құқық қағидаларының жүйесін қарастыру;

‑ толық анализ жасап, азаматтық құқық қағидаларының мәселелері мен болашағын анықтау.

Жаңалық элементі ретінде: диспозитивтік қағиданың соңғы дұрыс талқылауы - сот және өзге істерді жүргізудің бастапқы локомотив екендігі анықталғанын айта кеткен жөн.

Дипломдық жұмсымды қорытындылай келе кіріспе, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерімен қоса негізгі екі тараудан тұрады:

  • І тарау. ҚР азаматтық құқықтағы қағидаларының түсінігі мен азаматтық іс жүргізу құқығындағы қағидалардың ара-қатынасы
  • ІІ тарау. Азаматтық құқықтағы мерзімдер және азаматтық құқықтың субъектілері

І ТАРАУ. ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚАҒМДАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ҚАҒИДАЛАРДЫҢ АРА-ҚАТЫНАСЫ

  1. Азаматтық құқықтың заңдары және қағидалар

АК-ның 3-бабы азаматтық заңдардың құрамына, біріншіден, ҚР Азаматтық кодексі, оған сәйкес республиканың өзге де заңдары, ҚР Президентінің Заң күші бар жарлықтары, Парламенттің және оның палаталарының қаулылары; екіншіден ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары және Үкіметтің қаулылары кіреді деп анықтайды.

Аталған нормативтік актілердің бірінші тобы заң актілері деген ұғымға бірігеді. Екінші тобы, заң актілерімен қатар, заңдар деген едәуір кең ұғымға кіреді. Заң актілерімен, заңдармен және өзге нормативтік құқықтық актілердің арасын межелеудің зор практикалық маңызы бар, өйткені ол белгілі бір құқықтарды немесе міндеттерді нақ қандай нормативтік актілердің белгілеуге құзіретті болатынын тікелей көрсетуге мүмкіндік береді.

Азаматтық заңдардың толып жатқан актілерінің ішінен іргелі және жүйе түзуші заң актісі - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін бөліп көрсету керек.

АК-ның Жалпы бөлімі 1995 ж. 1 наурыздан, ал Ерекше бөлімі - 1999 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізілді. 1124 баптан тұратын, Қазақстан Республикасының көлемі жөнінен ең үлкен заң актісі - Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық реттеу нысанасының құрамына кіретін - жалпы ережелер бөліміңдегі және жеке институттардың ерекшеліктері бөліміндегі - қоғамдық қатынастардың барлық салаларыңдағы маңызды барлық азаматтық-құқықтық нормаларды қамтып, жүйелеп отырады. Нақ осы әрекет азаматтық құқықты біртұтас, іштей үйлестірілген құқық саласы ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Ал бұл, өз кезегінде, Азаматтық кодекстен басқа заң актілерінде қамтылған азаматтық-құқықтық нормалардың оған қайшы келмеуін талап етеді, АК-ның 3-бабының 2-тармағында бұл жөнінде тікелей айтылған.

Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы туралы ережелердің практикалық маңызы мынадай бірнеше принциптік қағидаларға сыяды:

а) егер азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын заң актілері жаңа заң бойынша оның құқықтық қатынастар пайда болғанға дейінгі түрінен өзгеше анықталған болса, онда мұндай құқықтық қатынастардың заңдылығы олар пайда болған кезде қолданылған заңдармен бағаланады;

б) заңдардың өзгеруі өздігінен азаматтық-құқықтық қатынастарды өзгерте бермейді, олар заңды түрде пайда болған күйінде сақталады;

в) егер заң бұған дейін тыйым салынбаған әлде бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын болса, онда мұндай әрекеттер тоқтатылуы тиіс.

Бұл ережелер «заңның кері күші болмайды» деген принциптің мазмұнын құрайды.

Алайда аталған принциптен мынадай кейбір ауытқуларға жол беріледі, оларды заң белгілейді:

- заңға кері күш беру және оны ол қабылданғанға дейінгі қатынастарға тарату. Мысалы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 ж. 27 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) қолдануға енгізу туралы» Қаулысы АК-ның қолдануға енгізгенгедейін пайда болған коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары 1998 ж. 1 қаңтарға дейін АК-да көрсетілген нысандарға өзгертілуі тиіс деп көзделген;

- жаңа заң қабылданғанға дейін пайда болған қатынастарды сақтайтын ережелердің нұсқаулары сақталғанымен, олардың мазмұны өзгереді. Мысалы, пәтер ақы, коммуналдық төлемдер мөлшерінің өзгеруі жене т. с. с.

Қазақстандық азаматтық заңдардың кеңістікте қолданылуына келетін болсақ, онда бұл жерде бір ғана бастапқы ережені қолдануға болады:

- бұл заң халықаралық шарттарға немесе жалпыға бірдей қабылданған халықаралық әдеттерге байланысты мемлекеттің аумағына жататын жер көлемін немесе жер бетін қоса алғанда, (аумақтағы сулар, Қазақстан Республикасының туы астында жүзетін кемелер) Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

ҚР Конституциясы 12-бабының 4-тармағына және АК-ның 3-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан заңдары бұл аумақта Қазақстан азаматтарына, қазақстандық заңды тұлғаларға, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік азаматтар мен шетелдік заңды тұлғаларға бірдей дережеде таралады. Тікелей заң актілерінде белгіленетін жағдайларда ғана бұл ережеден ауытқушылық орын алуы мүмкін.

Азаматтық құқық принциптері деп оның негізгі бастауларын, яғни заңмен тұжырымдалған немесе оның ұйғарымының мағынасынан туындайтын, азаматтық-құқықтық нормалардың мазмұны мен мәтінін дұрыс түсінуге, оларды бара-бар түсіндіруге, арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге септігін тигізетін, заңдардың олқы тұстарын толықтыруға жәрдемдесетін іргелі идеяларды түсінеді. [2. 23]

Қазақстан Республикасындағы азаматтық құқық принциптерінің кеңестік азаматтық құқық принциптерінен түбегейлі айырмашылықтары бар. Сол кезде өмір сүрген қоғамдық қатынастардың сипатын білдіре келе және оларды нығайтуға, қорғауға бағдарлана отырып, кеңестік кезендегі азаматтық құқық мемлекеттік меншіктің мемлекеттік емес меншіктің барлық түрлері мен нысандарынан басымдығы, азаматтық-құқықтық шартты жасауда, түсіндіруде және орындауда жоғарыдан берілетін жоспарлы тапсырмаға бағынудың міндеттілігі, экономикалық қатынастарда бәсекенің болмайтыны және т. с. с. принциптерге сүйеніп құрылған болатын. Бұл принциптердің барлығы экономиканы реттеудің орталықтандырылған, әміршіл-әкiмшіл жүйесін бейнеледі және осы жүйемен қоса келмеске кетті.

Бүгінде азаматтық құқықтың мынадай принциптерін атауға болады:

  • азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық мәртебесінің тендігі;
  • меншікке қол сұғылмайтындығы;
  • азаматтық-құқықтық шарттың еркіндiгi;
  • мемлекеттің және барлық үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы;
  • азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері - кәсіпкерлермен тұтынушыларды қорғау;
  • несие берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • азаматтық құқықтардың қорғалуы.

Барлық азаматтық-құқықтық нормативтік актілер, ең алдымен - ҚР АК аталған принциптерге сай келеді (сай келуі тиіс) . Олардың көпшілігі АК-ның 2-бабында көрсетілген және «Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары» деп аталады. Бұл принциптердің барлығы өзара тығыз байланысты, бiрiн-бiрi толықтырады және бiртұтас заңды жүйе болып табылады.

Азаматтық құқық нормалары көпшілікке түсінікті болуы үшін ерекше жазбаша мәтіндермен бейнеленуі тиiс, құзыретті органдар қабылдайтың нормативтік құқықтық актілер осындай мәтіндер болып табылады. Белгілі шектерде құқық нормалары өзге (тіпті ауызша) нысанда да бейнеленуі мүмкін. Бірақ бұл - айтарлықтай сирек кездесетін жағдай, оны кейінірек қарастыратын боламыз. [4. 240]

Азаматтық-құқықтық нормалардың негізгі бөлігі жазбаша түрде нормативтік құжаттарда жазылады - заңдар, Президенттің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары және т. с. с. шығарылады. Нормаларды олардың аяқталған күйіне дейін жеткізудiң мұндай түрі олар арналған адамдарды, яғни оларды орындаушыларды нормалармен толығырақ таныстыруға мүмкіндіктер туғызады. Бұл нормаларды жүзеге асырудың және олардың міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етудің маңызды құралы болады. Біріншіден, жазбаша мәтiн құқықтық норманың мазмұнын нақ, анық әрі бір мағыналы етіп баяңдауға мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл кез келген мүдделі адамды норманың дәл мазмұнымен таныстыруды оңайлатады. Үшіншіден, бұл оның түрліше түсінілуін және қарама-қайшылықтарын жою мақсатыңда нормаларды асқан дәлдікпен салыстыруға мүмкіндік береді.

Құқық пен заңдардың айырмашылығы мынада: құқық дегеніміз - бұл заңдық нормалардың жиынтығы, ал заң дегенiміз - осы нормаларды білдіретін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы.

Құқық пен заңдардың құрылымында өзара айырмашылықтар бар. Құқық нормаларының тобы бір ғана іргелі заң - Азаматтық кодекске сүйенетіңдіктен және барлық нормалар үшін бірыңғай обьективтік белгі - реттеу нысанасы мен әдісі бойынша құрылатындықтан, құқықтың бір саласы - азаматтық құкық аталған белгілер бойынша біртекті нормаларды ғана қамтиды.

Заңдар болса, заң актiлерін қабылдау мақсаттарын, оларды қолдану міндеттері мен жағдайларын ескере отырып, субъективтік жолмен қалыптастырылады. Сондықтан нақты заң шығару актісі немесе өзгеше нормативтік құқықтық акт азаматтық, әкімшілік, iс жүргізу және құқықтың өзге де салаларының нормаларын қамтуы, яғни кешенді сипатта болуы мүмкін. Мысалы, Кеден кодексі осыған мысал бола алады.

Заң актілерінің оларды неғұрлым тиімді зерттеу және қолдану мақсаттарын көздейтін кешенді тобы да болуы мүмкін. Заңдардың кешенді салалары (сала тармақтары) - құрылыс заңдары, көлік заңдары, кооперативтік заңдар және т. б. субъективті қалыптастырылады. [12. 59]

  1. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі

Азаматтық іс жүргізу құқығының, өзге де құқық салаларының принциптерінің мәселесі: олардың осы салалардың негізгі жақтарын сипаттауында. Сондықтан осы қағидалардың түсінігін, мәнін, әрекет механизмін толық ашу үшін, олар қолданатын сала мен сот ісін жүргізуде қабылданатын нормалар мен институттардың анализін жасау қажет. Азаматтық іс жүргізу жайындағы әдебиеттерде және сот практикасында, принциптердің мәні мен түсінігі жайлы қөзқарас әртүрлі болғандықтан, мәселе қиындай түседі.

Кейбір авторлар, азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларын, азаматтық іс жүргізуге негізделген, жалпы басқарушылық нормалары деп түсінеді. Бұнда, принциптер жалпы мазмұны бар, құқық нормалары секілді қаралады. [11. 93]

Өзгелердің пікірінше азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары - ол оның түп тамыры. Кейбір ғалымдар, құқық принциптерін, іс жүргізуді реттеу құралдарын және нысандарын анықтайтын, теориялық ережелер деп санайды. Енді біреулер, азаматтық іс жүргізу принциптерін, азаматтық істерде заңдылықты қамтамасыз ететін, осы саланың нормаларымен бекітілген, идеялар, ережелер жиынтығы деп түсінеді.

Латын тілінен аударылғанда «принцип» сөзі «негіз», «бастау» дегенді білдіреді. Бұл терминнің анықтауында(түрлі авторлар пікірінше) рационалдылық бар. Бірақ, бұлардың әрқайсысы осы уникалды құқықтық құбылыстың мәнін дәл ашпайды. Құқықтық ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып айтсақ, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәні келесіде.

Сот пен заңдылық туралы идеялар бола тұра, принциптер құқық саласына дейін пайда болған. Кейін, құқықтық реттуді жүйелендіру мақсатымен құқық нормалары біріктірілген соң, өмірдің концентрацияланған айна көрінісі болады; қоғамның құқықтық түсінігінде орын алады, жалпы құқықтай өзгеріске ұшырамайтындықтан, азаматтық іс жүргізудің даму болашағын анықтайды.

Сонымен, азаматтық іс жүргізу принциптері деп, азаматтық іс жүргіудің сипаттамасын, қолдану тәртібі мен даму перспективаларын анықтайтын, азаматтық іс жүргізу құқығында бекітіліп, осыған байланысты оның сапалық ерекшеліктері мен негізгі ережелері болатын, сот және заңдылық жайлы идеялар мен ойларды айтамыз.

Принциптердің мәні ең алдымен, олардың нормативтік шығармашылыққа әсер етуі. Заң шығарушылық органдары заң нормаларына қандай да болсын өзгеріс енгізгенде, сол жаңа өзгерістер осы заманның құқық принциптеріне қайшы болмауы тиіс. Құқық қолдану сферасында принциптердің маңызы зор: олар азаматтық сот ісін жүргізу негізін, азаматтық істер бойынша заңдылықты қамтамасыз етуде, сот пен іске қатысушы тұлғалардың әрекет нысандары мен әдістерін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу принциптерін бұзу, бірінші сатыдағы соттың шешімін жоюға әкеп соғады.

Н. Б. Зейдердің 1962 жылы ұсынған «біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы» туралы идеясы, азаматтық іс жүргізу құқығында осы кезге дейін даулы. Осы идея оппоненттерінің ойларының жалпы мәні келесіде:

құқықтық реттеудін жалпы пәні мен әдісін белгілеу мүмкін емес;

принциптер құқықтық реттеудін жалпы пәні мен әдісіне негізделетіндіктен, азаматтық құқықтарды қорғаудың барлық нысандары үшін приниптер жүйесін құру мүмкін емес;

іс жүргізу нысаны, тек заңдылықты жүзеге асыру әрекетіне ғана тән; өзге қорғану нысандары заңшығарулық іс жүргізу негізінде жүзеге асырылады;

субъективті азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғау нысандарының әрекетін реттейтін(әрбір құқық саласына тән) нормаларды кодификациялау мүмкін емес, азаматтық іс жүргізу нормаларын, өзге азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғау нысандарына қолдану одан да қиын.

Н. Б. Зейдердің идясын қолдамаушылық қазір де бар, өйткені «азаматтық іс жүргізу құқығында барлық құқық қорғау нысандарын «бір шатыр» астына біріктіру теориялық жағынан қате және практикалық жағынын перспективсіз болады». [20. 109]

Азаматтық іс жүргузі құқығы өзінің ерекше болуына қарамастан, «функцияларының дұрыс атқарылуы мен күштеп жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін» мүліктік(жалпы алғанда азаматтық) құқықпен тығыз байланысты.

Азаматтық іс жүргізу құқығын жалпы құзыретті соттармен байланыстыра отыра, «біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығының» қарсыластары, азаматтық құқықты қорғаудың өзге нысандарында пайда болатын қатынастарды, реттейтін нормаларда іс жүргізу сипаты орын алатындығын мойындайды. Бұл дегеніміз, ондай қатынастар жай іс жүргізу емес, азаматтық іс жүргізу қатынастары болып табылады. Өйткені, келе-келе соңында, олар азаматтық құқықтың нормаларының санкциясын қолдануды мақсат етеді.

Сондықтан, азаматтық іс жүргізу пәніне тек жалпы құзыретті соттардың, заңдылықты қамтамасыз ету нәтижесінде пайда болатын қатынастар ғана емес, субъективті құқықтар мен мүдделер бұзылған жағдайда, пайда болатын құқық қорғау қатынастары жатады.

Құқықтық реттеу пәні бұртұтас екенін мойындағасын, әрбір құқық саласы реттеу пәні ғана емес, әдісімен де ерекшеленетіндіктен, реттеу әдісін де айқындауымыз керек.

Мемлекет қоғамдық қатынастарды реттей отырып, қоғамдық қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеттерін дұрыс бағытта ұстау үшін, өзінің күшіне сүйеніп, кейбір әрекеттерді шектейді, кейбір әрекеттерді рұқсат етеді, ал кейбір әрекеттердің тәртібін белгілейді. Іс жүргізу салаларында «шектеу әдісін», «рұқсат ету әдісін» немесе «тәртіп белгілеу әдісінің» үшеуінің біреуін де қолдануға болмайды. [6. 23]

Құқық қорғау нысанына тәуелсіз, азаматтық іс жүргізу нормаларының басым бөлігі «жол беру әдісі» бойынша құрылған. Бұл субъективті құқық немесе заңды мүдде бұзылуына байланысты, қорғанысқа жүгінуді реттейтін нормаларына да, осы құқық пен мүддені қорғау кезінде іс жүргізу құқықтары мен міндеттерді анықтайтын және шыққан актілерді қайта қарау тәртібін белгілейтін нормаларына да, және қабылданған қаулылардың атқарылуына байланысты нормаларына да қатысты. Бірақ қорғанудың қандай да болсын нысанында, азаматтық-құқықтық дауды шешетін құзыретті орган әрекет ететіндіктен, және осы органның әрекеті іс жүргізу қызметі кезінде іске қатысушыларға қатысты императивтік сипатта болғандықтан, азаматтық іс жүргізу нормаларың басым бөлігі «шектеу әдісі» бойынша болмаса да, «тәртібін белгілеу әдісі» бойынша императивтік болып табылады. Бұл жайт, бүкіл азаматтық іс жүргізу нормалары «диспозитивтің-императивтік әдіс» бойынша құрылғандарын білдіреді.

Осыдан шығатыны барлық құқық қорғану нысандарында, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде пәні мен әдісі бір, сондықтан субъективті азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғаумен байланысты, жеке құқық іс жүргізу салаларының болуы мүмкін емес, ал тек қана барлық қорғану нысандарын қамтитын, біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы бар.

Біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығына кіре тұра, қорғану нысандарының әрқайсысы өзінің пәні мен әдісімен ерекшеленеді, олай болмаса осы нысандардың болуы мәнсіз болар еді. Жалпы түрде қорғану пәні дегеніміз - бұзылған немесе даулы азаматтық құқықтар мен мүдделер. Мемлекеттің даму жолындағы деңгейлерде өтетін өзгерістерге тәуелді, азаматтық-құқықтық қатынастар кең спектрлі болғандықтан, қорғану пәні де кең. Азаматтық-құқықтық дауларды шешетін органның ведомстволық бағыныстылығын қорғану пәнінің осы ерекшелігі анықтайды.

Мемлекет өз алдына қоятын саяси, әлеуметтік, рухани немесе өзге мақсаттарына байланысты, заң шығарушы қолданатын төрт қорғану әдісі бар: «заңдылық әдісі», «арбитраж әдісі», «әкімшілік әдіс» және «қоғамдық әсер әдісі». Бұзылған азаматтық құқықты қорғау мемлекет атынан(сот жүйесі барлық құқықтық мемлекеттерде биліктің үшінші тармағын құрайды), азаматтық іс жүргізу қатал регламентациаланған заңға сәйкес азаматтық-құқықтық дауды қарастыру мен шешу тәртібі бойынша, тәуелсіз құзыретті органмен жүзеге асырылатын, субъективті құқық пен мүдделердің қорғалуының жоғарғы кепілін беретін, ең әмбебпа әдіс - «заңдылық әдісі». [3. 84]

«Арбитраж әдісі» бойынша, бұзылған құқық, құзыретті органның бақылауымен, даулы жақтардың заңға негізделген келісімге жету әдісімен іске асырылады. Бұл әдіс үштілік соттар негізінде қолданады.

«Әкімшілік әдіс» бойынша, заңнамалық қызмет, олардың жалпы өкіліттілігінің бөлігін құрайтын, атқарушы органдардың билік уәкілетін қолданумен жүзеге асырылады. Бұл әдіс, қабылданған өтініштер даусыз болған жағдайында, немесе мемлекетпен азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын саналы түрде шектеу жағдайында қолданады.

Соңғы әдіс, «қоғамдық әсер әдісі» мемлекетпен берілген, заң шеңберінде әрекет ететін, қоғамдық белдеуге негізделеді. [9. 72]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері
Талап мерзімі және мерзімді есептеу
Мерзімдердің түрлері
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері
Азаматтық құқықтағы құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім) «Юриспруденция» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы
Азаматтық талап қою мерзімі
Заңдылық пен құқықтардың түсініктері мен қағидалары
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz