Адам өлтірудің объективтік белгілері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 ЖЕКЕ АДАМДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері

1. 2 Адам өлтірудің түсінігі

2 АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2. 1 Адам өлтірудің объективтік белгілері

2. 2 Адам өлтірудің субъективтік белгілері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі

3

5

5

12

22

22

24

33

36

Кіріспе

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемелекетпен қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының1 екінші бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқық та адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің2 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әрқашан артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық обьектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Қылмыстар қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай, ауырлық деңгейіне қарай бірнеше санатқа бөлінеді. Соның ішіндегі адам өлтіру қылмысы ең ауыр санаттағы қылмыстар тобына жатады.

Ал нақты жеңілдетілген жағдайдағы адам өлтіру қылмыстарына келетін болсақ, бұл да өте маңызды әрі күрделі сұрақ. Бұл салада даулы мәселелер өте көп. Сот тәжірибесінде анасының жаңа туған сәбиін өлтіруі, қажетті қорғаныс шегінен асу, аффект жағдайындағы адам өлтіру және қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен асу қылмыстары бойынша қарастырылатын істер бойынша кететін қателіктер өте көп. Соттар әлі күнге дейін қылмысты, әсіресе мұндай күрделі құбылысты саралау кезінде де қателіктер жасайды. Бұл қателіктер адам тағдыры үшін шешуші роль атқарады, кері әсерін тигізеді. Мұның себебі, заңнамада бұл құбылыстарға барынша нақты сипаттама берілгенмен, ол да жеткіліксіз болып табылады. Мысалға, заңнамада жаңа туған сәби ұғымы ашылып көрсетілмеген. Ал заң әдебиеттерінде жаңа туған сәби немесе жалпы жеңілдетілген жағдайда болған адам өлтіруді былай қойғанда, жалпы адам өлтіру құбылысы үлкен дау тудырып отыр.

Жалпы адам өлтірудің өзі әлі күнге дейін өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі заң әдебиеттеріндегі көзқарастар да әртүрлі.

Тақырыпты таңдау себебім, адам өлтіру құбылысын, адам баласын екінші біреуге мұндай қатыгездік жасауға қандай мән-жайлардың, себептердің итермелегенін түсінгім келді. Жалпы адам өлтіру құбылысын өзінің басынан өтпеген адамның түсінуі қиынға соғады, сондықтан ең болмаса жеңілдетілген жағдайда болған адам өлтіру кезіндегі қылмыскердің жан-дүниесін, көңіл-күйін, психикалық және психологиялық жағдайын, ішкі сезімін ашып көруге тырыстым. Білуімше, жеңілдетілген жағдайда болған кісі өлтірудің, жеңілдетілген және ауырлатылған жағдайларсыз, жай кісі өлтіруден қоғамға қауіптілік дәрежесі әлдеқайда төмен болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты - адам өлтірудің түсінігін және құқықтық сипаттамасын толық ашу. Осыған орай мынадай міндеттерді алдыма қойдым:

- жеке адамдарға қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлеріне толық анықтама беру;

- адам өлтірудің объективтік белгілерін ажырату;

- адам өлтірудің субъективтік белгілерін зерделеу.

Курстық жұмысы 2 тарау және 4 тармақшадан тұрады. Бірінші тарауда, жеке адамдарға қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері, ал екінші тарауында адам өлтірудің қылмыстық құқықтық сипаттамасы баяндалады.


1 ЖЕКЕ АДАМДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Казақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, кұкықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай, Қазакстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Кылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың кұқықтары, бостандықтары мен занды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан.

Қылмыстық құқықтан негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу - қылмыстық заңның негізгі міндетгерінін бірі болып табылады. Қылмыс әр уакытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осыңдай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстын әр уақытта да адамнын, нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді [1, 125] .

Адамның кұқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы мумкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның зан, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міңдетін орындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жуйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты катерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым жасалған.

Қылмыс құқылық құбылыс регінде осы құбылыстың мәнді жақтарын бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген кылмыстық занға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.

Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР-дың Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздеріңде (5-бап) ; «Қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар төртібін бұзушылық қылмыс деп танылады» делінген. РСФСР-дын 1922жылғы Қылмыс кодексінде «Қылмыс дегеніміз кез келген қоғамға кауіпті әрекет немесе әрекетсіздік» деген ұғыммен тұжырымдалады.

1924 жылы КСРО және одақтас республикалардын қылмыстық зандарының негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арнаған бап болған жоқ. 1926 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде «қылмыс дегеніміз қоғамға кауіпті іс-әрекет» деп көрсетіледі (1-бап) . Бұл жерде кеңестік кұрылысқа немесе құкық тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік коғамға кауіпті деп жарияланды. КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы қылмыстық зандардың негізінде «Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және экономиалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат жасайтын коғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ социалистік кұкық тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстык, заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады» делінген. Дәл осындай анықтама бұрынғы Одаққа кірген Одақтық республикалардың, оның ішінде 1959 жылы 22 шілдеде қабылданған Қазак КСР Қылмыстық кодексінде де (7-Заң) берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. Осы Кодексте өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес қылмыстың жана ұғымы берілген. Оңда «жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады»делінген (9-бап) . Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік. жазаланушылық қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр [2, 456] .

Қазақстан Республикасынын Кылмыстық кодексі Ерекше бөлімінін тиісті баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс кұрамдары арнаулы көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-әрекет істеуді құқықа қайшылық деп атау қалыптасқан.

1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша яғни қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеліп соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жана Конституциясында, осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстык занды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді делінген.

Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық кұқыққа қайшылық деп атаймыз.

Адамның қылмыстық заң тыйым салмаған, осы занда көрсетілмеген іс-әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы ғана белгілі бір іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін онын мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтын міндетті белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген қылмыстық құқылық санкция белгілеген жазанын белгілі бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Іс-әрекеттін, қылмыстық құқыққа қайшылығын белгілеген тиісті заңның жарияланған уақытынан бастап ондай іс-әрекеттер қылмыс қатарына жатады. Мұндай ретте мемлекет осындай іс-әрекеттермен қылмыстық құқылық норма арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік алады. Керісінше, белгіленген тәртіппен күші жойылған қылмыстық-құкылық норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп саналмайды. Мысалы: елімізде нарықтық қатынастардың дамуына байланысты Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық деген қылмыс құрамы қатарынан алынып тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру, салық төлемегені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа нормалар пайда болды.

Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатының түсіндіреді. Қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын білдіреді. Қоғамға қауіптілік - қылмыстың объективтік белгісі. Ол заң шығарушының санасына және еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді және өзінің ішкі мәні жөнінен қоғамның бір қалыпты өмір сүру шарттарына қайшы болады. Зан, шығарушының міндеті сол кезенде, дәуірде, қоғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-әрекеттің қайсысының қылмыс қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып табылады [3, 147] .

Қылмыстық кодекстің 2-бабында қоғамға қауіптіліктің сипаттамасы қылмыстық занда көзделген адам мен азаматтын кұкықтарына, бостандықтары мен занды мүдделеріне, ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделеріне, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т. б. қиянат жасап қол сұғатын қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақта қоғамға қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана тұжырымдалмайды. Бұл қылмыстың коғамға қауіптілігін сипаттайтын мәнді жақтарының бірі ғана.

Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайына байланысты болуы мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, төтенше экологиялық, аймақтар) не тыйым салынған құстар мен андарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады (288-бап, 1-бөлігі) . Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып табылады (335-бап) . Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиян қоғамға қауіптіліктің көлемін айқындайтын негізгі бір белгі болып табылады. Кейбір іс-әрекеттер әрекет немесе әрекетсіздіктің істелген уақыттан бастап, өзінің қаңдай зиян келтірілгеніне қарамастан, қоғамға қауіпті болады. Басқалары қылмыстық занда көрсетілген зардаптар болған жағдайда ғана қоғамға қауіптілік сипатына ие болады. Іс-әрекеттің қоғамға қауіпті және қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін зардаптың сипаттамасын зан шығарушы әр түрлі етіп бейнелеуі мүмкін. Кейбір реттерде қылмыстың зардабы қылмыстық заңнын өзінде дәлме-дәл көрсетіледі. Мысалы, денеге жарақат салу, материалдық залал келтіру, ауыр зардаптың болуы т. б.

Келтірілген дене жарақатының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап), денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап), денсаулыққа қасақана жеңіл знян келтіру (105-бап) болып бөлінеді. Басқа жағдайларда, зардаптың әр түрлі болып келетіндігін ескеріп, заң шығарушы оның бәрін нақтылап жатпайды, оларды зиян келтіру (142-бап), ірі мөлшер (175-бап), ауыр зардап келтіру (181-бап, 3-бөлігі, «б» тармағы), т. б. деп жалпылама береді. Мұндай жағдайларда зардаптың осы көрсетілген мөлшерін анықтау нақты жағдайларда орындалған фактіге байланысты шешіледі. Қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық ниет және мақсат сияқты оның белгілсріне де байланысты.

Мысалы, қылмыстық іс қозғау мақсатымен қылмыс істеді деп көрінеу өтірік хабарлау. Егер мұндай іс-әрекетті пайдақорлық мақсатпен істесе хабарлау әрекеті күшейтілген қылмыс түрі болып табылады. Кейбір реттерде қоғамға қауіптілік іс-әрекетгі істеген адамның ерекшелігіне де байланысты анықталады. Қайсыбір іс-әрекеітер оны істеген адамның жәбірленушімен ерекше қатынаста болуына байланысты қылмыс деп танылады. Мысалы, айыптының материалдық жөнінен немесе басқа реттен тәуелді адамға қатал қарауы, қудалауы немесе қорлауы салдарынан жәбірленушінің өзін-өзі өлтіру халіне жеткізілуі (102-бап) . Кейде субъектінің ерекше жағдайы қылмыстың қоғамға зияндылығын үдетеді. Мысалы: жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамның пара алуы (311-бап, 3-бөлігі) . Қылмыстық кұқық ғылымы қоғамға қауіптіліктің сапалық және сандық жақтарын бөліп қарайды. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздерін анықтай отырып, сот жазаны тағайындауда істелген қылмыстын сипатын және қоғамға қауіптілік дәрежесін есепке алу қажеттігін көрсетеді. Мұның өзі қылмыстың сипатын қылмыстық сапалық, ал дәрежесін - сандық сипатгамасы деп түсінуді білдіреді. Сипатына қарай коғамға қауіптілік экономикалық және зорлық қылмыстары, қасақана және абайсыздық, жеке адамға, меншікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты қылмыстың объектісі бойынша анықталады [4, 569] .

Объектілердің тізбегі Қылмыстық кодекстін 2-бабында көрсетілген, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі топтық объектілері белгілері бойынша тарауларға бөлінеді. Яғни, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйелері топтық объектілерінін, маңыздылығына қарай рет-ретімен орналасқан. Қоғамға қауіптіліктін сипатының тағы бір көрсеткіші келтірілген зиян болып табылады. Материалдық, моральдық зиян күш қолдану, қорқыту арқылы келтіріледі. Келтірілген залалға байланысты қылмыс қоғамға қауіптілік сипатына қарай мүліктік, ұйымдастырушылық, жалпыға қауіпті және зорлықпен жасалатын қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты одан әрі кінәнің нысаңдары арқылы анықталады.

Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың абайсыздықпен істелетін қылмыстарға қарағанда коғамға қауіптілік сипаты едәуір ауыр. Мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда қасақана өлтіргені үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өлім жазасына, не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады (96-бап, 2-бөлігі), ал абайсызда кісі өлтіру (101-бап, 1 -бөлігі) үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Кінәнің нысандарын анықтау қылмыстың қоғамға қауіптілігінің сипатын осылай белгілеуде маңызды роль атқарады.

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, онын қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардын, болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады [5, 412] .

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе, не бұған немкұрайды қараса, қылмыс жанама «ниетпен жасалған деп танылады (20-бап) .

Менмендікпен немесе немкұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз женілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.

Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық, болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайды жасалған болып табылады.

Қылмыстың зардабы қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, егер оны істеген адамнын, іс-әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса, ол қылмыстық жауапқа да, жазаға да тартылмайды.

Кінәсіз қылмыс та, жаза да жоқ. Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннін, өзі, қылмыстық заң жазамен корқытып тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Мұның өзі қылмыс құрамы туралы сипаттама басқадай құқылық актілерде емес, тек қылмыстық заңда ғана көрсетілетіндігін және осы іс-әрекет үшін қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатері қарастырылатының көрсетеді.

Бұл жерде нақты істелген қылмыс үшін қолданылатын жаза мен қылмыстық құқық нормасының санкциясында көрсетілген жазалау қатері, жазалау мүмкіндігі туралы түсініктерді шатастыруға болмайды. Жазалау қатерімен қорқытып тыйым салу қылмыстың белгісі болып табылады. Нақты қылмыс істеген адамға жаза тағайындамау немесе оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатып, оған қоғамдық ыкпал ету шараларын қолданғанда, оның іс-әрекеті қылмыс қатарынан шығып қалмайды.

Өйткені, жазалаушылық қылмыстың белгісі ретінде істелген әрбір қылмыс үшін жаза тағайындалуы мүмкін екендігін, сол себепті қылмыстық заңға қайшы іс-әрекеттерді істеуге жазалау қатері тыйым салады. Нақты өмірде қылмыс істелгенімен, егер ол ашылмай қалса оған жаза тағайындалмай қалады. Кейде қылмыс ашылғанымен, сот оңдай қылмысқа заңда белгіленген негіздермен жаза тағайындауды қолданбауы да мүмкін. Демек, қылмысты жазалау қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі, ал жаза тағайындау немесе тағайындамау іс-әрекетгің зардабының көрінісі болып табылады [6, 187] .

Сонымен, біз қылмыстың қоғамға қауіпті, кінәлі, құқыққа қайшы және жазалаушылық сияқты қажетті белгілері бар екендігін әсте естен шығармауымыз керек. Осы белгілер арқылы қылмысты іс-әрекетті басқа да құқық бұзушылықтан ажыратамыз.

Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс кұрамы (абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудін соңғы кезеңі - биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінін өміршеқтік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті - биологиялық өлім.

Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің және сонын зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстын болуын айқындау қажет [7, 258] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс жасау сатылары, Баланы қасақана өлтіру
Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіру
Адам өліміне әкеп соғатын жеке тұлғаға қарсы қылмыстың сипаттамасы
Адам өлтірудің объективті белгілері
Адам өлтірудің ұғымы
ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Адам өлтірудің ауырлатылған құрамдарын саралау
Абайсызда адам өлтіру түсінігі
Адам өлтірудің субъективтік белгілері
Жан күйзелісі жағдайда жасалған адам өлтіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz