Мысал жанрының қалыптасуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 МЫСАЛ ЖАНРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1. 1Мысал жанрының қалыптасуы

1. 2 А. Құнанбаев пен А. Байтұрсыновтың мысалдары

2 А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ МЫСАЛ ЖАНРЫН ОҚЫТУ

2. 1 Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарды жазуда шығарма-шылық стилі

2. 2 А. Байтұрсынов тіліндегі ұлттық бейнелік ерекшеліктер

2. 3 Ахмет Байтұрсынов мысалдарының Абай аудармалары-мен үндестігі

ҚОРЫТЫНДЫ

Қосымша 1

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

3

6

6

12

22

22

24

30

33

35

41

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы өз қалпына енді келтіріліп, Тәуелсіздік кезең тұрғысынан зерттелуде.

Туған халқымыздың әдеби, мәдени, тарихи, рухани, ұлттық құндылықтарын бар болмыс-бітімімен қабылдау үшін оның шығу тегі мен тарихи даму сатыларын мұқият қарастыру қажеттілігін айта келе Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Өткенді тану, тарихты терең пайымдап, оған әділ баға беру - үлкен парасаттылық пен жауапкершілікті талап етеді» [1, 29-б. ], - дейді.

Тәуелсіздік кезеңінде қазақтың ұлттық тілі мен әдебиеттану ғылымының іргетасын қалаған ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, қазақ әліпбиінің реформаторы, түрколог Ахмет Байтұрсынұлының (1872-1938) шығармашылық зертханасы, әдебиеттанулық мұрасы сан алуан бағыттағы зерттеулердің нысанына айналатыны күмән туғызбайды, себебі А. Байтұрсынұлының «Қырық мысал» еңбегін бүгінгі күн талаптарына лайық әлемдік әдебиеттану ғылымының аясында жаңаша көзқарас пен жаңаша ойлау тұрғысынан жан-жақты қарастырудың қажеттілігі мен маңыздылығы өте зор.

Эпостың шағын өткір жанры мысалдың қазақ әдебиетінде жедел дамып, әдеби процессте ықпалды маңызға ие болған кезеңі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басына дәл келеді.

Ол кезеңде Дулат Бабатайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Машһүр-Жүсіп Көпеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді алыптар буыны дүниеге әкелген мысылдар, Мұсабек Байзақов, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Сәбит Дөнентаев, Бекет Өтетілеуов, Спандияр Көбеев т. б. мысалдарында жалғасын тауып, жанрдың тұтас тұлғасы көрінеді.

Дәл осы кезеңде мысал жанрының жедел дамуы кездейсоқтық емес. Бұл кезең қазақ халқының өмірінде ірі-ірі тарихи оқиғалар, қоғамдық қарым-қатынаста әлеуметтік өзгерістер әкелген ерекше уақыт екенібелгілі.

Қазақ даласындағы сол бір қоғамдық тарихи мезгіл қазақ халқының рухани өміріне де әсерін тигізбей қойған жоқ. Міне, осы әлеуметтік өзгерістер мен рухани серпіліс мысал жанрының дамуына ықпал еткен негізгі факторлар еді.

Жалпы, өміріндегі өзекті мәселелерді көтерер көсем сөз сияқты өтімді, өктем жылдам жанарлардың әдеби аренаға толық шықпай, шыққанның өзінде бүкіл халыққа мол дәрежесінде жетпей жатқан кезде халықты елдікке, бірлікке, оқу-білімге шақыруды ғибраттық сарында, табиғатында поэзиямен егіз мысал жанрының халық үшін маңызы ерекше болды.

Мысал жанрының дамуы бүкіл қазақ поэзиясын жаңа деңгейге көтерген қазақ әдебиетінің классигі Абай дәуірімен тұспа-тұс келді. Рухани серпіліс кезінде, Абай дәстүрін жалғастыра мысалды әдебиетімізде жаңа биікке көтерген-Ахмет Байтұрсынұлы. Ахаң мысалдары сол кездің өзінде қазақ әдебиетіндегі өзгеше құбылыс ретінде танылды.

Репрессия құрбандарының бірі болған Ахмет Байтұрсынұлының артына қалдырған мол мұрасы халыққа қайта оралды. Қазіргі кезде, осыған орай Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығының арналы саласы-мысалдарын зерттеу, сол арқылы қазақ мысал жанрының күрт өрлеу кезеңінің табиғатың тану әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті:

Ахмет Байтұрсынұлы аудармаларының тілін, жасалу жолдарының ұғымдық идеясын, қызықты формасын және мысал стильдері мен көркемдік ерекшеліктерін ашу оның Абай аудармаларымен үндестігін көрсету.

Осы мақсатты көздей отырып, мынадай міндеттер қойылды:

-Мысал жанрының дүниеге келуі жайындағы ғылыми деректер;

-Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық даралығын айқындау;

-Ахан мысалдарының көркемдік ерекшелектерін көрсету;

-Абай мен Ахмет аудармаларының үндестігін пайымдау.

Зерттеудің ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздері ретінде қазақ әдебиетінің теориясы мен тарихы саласындағы әл-Фараби, Ә. Бөкейхан, М. Әуезов, С. Сейфуллин, Х. Досмұхамедұлы, М. Жұмабай, С. Мұқанов, Қ. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Қ. Мұхамедханұлы, Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Х. Сүйіншәлиев, З. Қабдолов, М. Дүйсенов, М. Базарбаев, З. Ахметов, Ш. Сәтбаева, Р. Сыздықова, Т. Кәкішұлы, С. Қирабаев, М. Қозыбаев, К. Нұрпейісов, Р. Бердібаев, Ш. Елеукенов, Р. Нұрғали, М. Қойгелдиев, С. Өзбеков, С. Садырбаев, Ж. Ысмағұлов, М. Жармұхамедұлы, М. Мырзахметұлы, Ә. Дербісәлі, С. Қасқабасов, Ө. Айтбаев, Е. Тұрсынов, С. Дәуітұлы, Д. Ысқақұлы, Ж. Дәдебай, Қ. Әбдезұлы, Ж. Тілепов, Б. Абылқасымов, С. Негимов, Б. Майтанов, Б. Мамраев, Б. Шалабаев, Ө. Әбдиманұлы, А. Ісімақова, Б. Әзібаева, Г. Пірәлиева, Ш. Керім, Г. Елеукенова, Ш. Құрманбайұлы, Ә. Хамраев, Ж. Смағұлов, Р. Имахамбетова, Ұ. Еркінбаев т. б. ғалымдардың еңбектері алынды. Әдебиет теориясы, жанр және поэтика, лингвистикалық поэтика, өлең құрылысын зерттеген шет елдік әдебиеттанушылар Ханна әл-Фахури, Аристотель, Н. Буало, Гегель, Лессинг, Б. Кроче, В. К. Тредьяковский, Н. Г. Чернышевский, М. В. Ломоносов, Р. Якобсон, Д. Н. Овсянико-Куликовский, А. А. Потебня, Б. М. Томашевский, В. М. Жирмунский, Б. М. Эйхенбаум, А. Н. Веселовский, Ю. Н. Тынянов, М. М. Бахтин, Л. И. Тимофеев, Л. Я. Гинзбург, В. В. Виноградов, В. Б. Шкловский, Г. О. Винокур, Н. Г. Поспелов т. б. зерттеулері әдістемелік бағытқа негіз болды.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Жұмыс нәтижелерін қазіргі қазақ әдебиетінің тарихын, теориясын жазуда, түрлі бағдарламалар құрастыруға, Жоғары оқу орындарының студенттеріне қазақ әдебиеттану пәнінен жүргізілетін дәрістерде, дәстүрлі «Ахмет Байтұрсынұлы оқуларына» және оның шығармашылығына қатысты арнайы курстар, семинарлар мен факультативтер жүргізгенде қолдануға болады.

Зерттеу әдістері. Жұмыста ретіне қарай ғалым өмір сүрген дәуірдегі шет ел, Ресей теоретик-ғалымдарының еңбектерімен салыстыру, ғылыми жүйелеу және аналитикалық, сипаттамалық, салыстырмалы талдаудың кешенді әдіс-тәсілдері қолданылды.

Стильді эстетикалық категория деп тануымыз, көркем шығарма мен шығармашылықты, жанрды зерттеуде жүйелі-комплексті зерттеу методологиясын басшылыққа ала отырып зерттеудегі басты мақсат Ахмет Байтұрсынұлы мысалдарының ұлттық стилін даралау және әлем халықтары мысалдарымен типологиялық туыстығын пайымдау деп білеміз.

Курстық жұмыстың құрылымы :

Кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан, екінші тарау үш тараушадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЫСАЛ ЖАНРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1. 1Мысал жанрының қалыптасуы

Мысал қоғамдағы немесе жеке адамның бойындағы кейбір жағымсыз жәйіт, кемшілік, дерт, ұнамсыз мінез-қылықты ашық, тура санамай, аллегориялап сынап-мінейді. Аллегория - грекше астарлап айту, басқаша айту деген сөз. Яғни мысал-аллегория әлгідей кемшілік дертті көбінесе адамның емес, басқа бір хайуанаттың, құстың немесе бір заттың басында болған оқиға етіп суреттейді. Өзінің айтар идея, ой-пікірін жасырып, жұмбақтап айтады. Әңгіме бір жәндік, бір зат туралы болғанмен, оның ар жағында адам бейнесі, адам ісі, адам характері тұрады.

Көркем творчествоның көне жанры шағын болса да, өткір тілі мысалдың әлемдік әдебиет пен фольклорында алатын орны ерекше. Әдебиеттану ғылымының басқа жанрларына қарағанда мысалдың тек өзіне ғана тән айқындалған формасы бар. Ол - әлем әдебиетінде жалғасын тапқан ортақ сюжеттілік, персонаждардың көбінесе аң- құстан болуы, осы арқылы астарлап берілетін ойдың, идеяның ар жағында қоғамдық-әлеуметтік мәселенің, адам мінез-құлқының жатуы. Мысал жанрының белгілі бір тұтастығы, әлем халықтарының мысалдарындағы ұлы үндестігі, типологиялық ұқсастығы осыдан көрінеді.

Мысал жазба әдебиет үлгісі болып табылады. Өзінің даму барысында ол екі түрлі жолмен қалыптасты. Бұл әдебиетте XIX ғасырға дейін-ақ анықталған прозалық және поэзиялық мысал үлгілері.

Бір жанрдың екі ішкі жанрлық түрінің басты өзгешеліктерін, ұқсастықтарын сипаттау ғылымда әртүрлі теориялық бағыттарды қалыптастырды. Сондай ғылыми пікір-тұжырымның бір-екеуіне тоқталып өтейік: « Мысал жөнінде ғылымдағы екі бағытты айтуға болады, ол Лесссингтің рационалистік концепциясы мен Гриммнің романтикалық теориясы. [3, 231-232] .

Сонымен бірге, кейінгі зерттеушілерден қолдау таппаған поэзиялық мысалды зерттеу барысында пайда болған дарынды психолог Л. Высотскийдің «психологиялық бағытын» да атап өту керек.

Мысалдың шығу тегі, типологиялық дамуы және оның бойында лирикалық, эпостық, драмалық, тіпті трагикалық элементтердің кездесесетіндігі ғалымдардың әртүрлі байлам жасауына әкелген. Мысалды халық ауыз әдебиетіндегі жануарлар эпосымен тығыз байланысты қарастырған Костюхин Е. А. былай дейді:

«Теорияда мысал тек қана әдебиет жанрының бірі ретінде қарастырылмайды, сонымен қатар бір ойды берудің өзіндік формасы және тіпті жалпы сөз өнерінің іргелі формасы ретінде қаралады». [4, 164] .

Мысалдың философиялық-дидактикалық мазмұнына көңіл қойған Лессинг концепциясын ұстанушылар өмірдегі әртүрлі жағдайлардың себебінен туған ғибраттық мазмұндағы мақал-мәтелдердің негізінде мысал пайда болды дейді. Бұл көзқарасқа философтар да назар аударып, кейіннен В. Перри, А. Потебня, Гаспаров еңбектерінде көрініс тапты. Олардың айтуынша, жанрдың дамып қалыптасуының негізі ғибрат, яғни мысалда айтылар ғибрат адамдардың қарым-қатынасына қызмет етеді. Соңғы түйіннің мақал-мәтелдермен мазмұндас келуінің тәрбиелік сипатына ерекше мән беріп, мысалды өзіне дейін болған басқа формалардан бөлек алып қарастырады.

Сөйтіп, бұлар поэзиялық мысалдың озық үлгісін әкелген француз ақыны Лафонтенді сынға ұшыратты. өйткені, антик дәуірінде Федр мен Бабрийдің кейбір мысалдары өлең тілімен жазылса да, XVIII ғасырға дейін прозалық мысал дамыды. Ал, Лафонтен мысалдары тек философиялық мазмұнға ғана құрылмаған, оның бейнелеу-көркемдеу құралдары да өзгеше болды. Лафонтеннің мысалдарын сынай отырып, Лессинг поэзиялық мысал үлгісінің қалыптасқанын атап көрсетті. Әйтсе де, оның негізгі атқаратын қызметі «ғибрат айту» деген позициясында қалады.

Осы орайда В. Жуковский де : «Мысал дегеніміз әрекет үстінде көрінетін мораль, мұнан адамгершіліктің жалпы ұғымы байқалады», - дейді. [5, 402] .

Мұнан біз мысалда жеке оқиға арқылы жалпы ақиқатты көреміз. ол үшін алдымен ғибраттық мазмұндағы шындық ойластырылып, соған бейім әңгіме құрылады» деген рационалистік бағыттағы ғалымдармен пікірлестікті аңғартады.

Лессинг мысалды «әдемі поэтикалық ойыншыққа» теңеді. Ол мысалдың ғибрат айтар маңызының төмендеуі поэзиялық мысалдағы персонаждардың тартысы бейнелі сөздер арқылы берілуінде деп таныды. Бұл көзқарас мысалдың ішкі жанрлық түрінің басты сапалық ерекшелігін ажырата алмаушылықтан туындаған болса керек.

Басқа сөз өнері жанрларына қарағанда, мысал жанрының көне дәуірден біздің заманымызға дейін әлем ғалымдарының ерекше назарында болғанын тарихи ұзақ уақытта дүниеге келген іргелі теориялық еңбектер мен қалыптасқан ғылыми бағыттар дәлелдейді. Бұның өзі: мысал жанры - сөз өнерінің ең көне, ең бай және ең дәстүрлі де өміршең. шағын да күрделі формасының бірі екенін байқатса керек. Алайда, оны қоңыртөбел, қарапайым кейде тіпті қосалқы аударма жанр ретінде таныған кезеңдер де болды. Сондықтан да, біздің ойымызша әдебиеттану және фольклортану ғылымы саласындағы теориялық еңбектерге сүйене отырып, мысал жанрының табиғатын тану - басты мәселенің бірі.

Мысал жанры туралы ғылымның жүйелі теориялық үш бағытын айтуға болады. Бірі, Аристотель еңбектерінен бастау алған негізінен философтар да аса назар аударған кейіннен Г. Э. Лессинг, В. Перри, А. Потебня, М. Н. Гаспаров т. б. ғалымдар еңбектерінде айқын көрініс тапқан, мысал жанрының басты өзге жанрдан өзгешелендіріп тұратын негізі ғибрат \мораль\

деген оның философиялық-дидактикалық мазмұнына ден қойған рациональды бағыт. Бұл бағыттағы ғалымдар мысал жанры адамзат қоғамының дамыған кезінде, тіршіліктен түрлі жағдай, өзгеше оқиғалар салдарынан туындаған ғибраттық мазмұнды теңеу, мақал мен мәтелдер негізінде қалыптасты деген тұжырым, пайымдауларға барып ғибрат жанрдың негізгі қасиеті деген ой түйеді.

Екінші, мысал жанрының негізі әңгімелеу\ повесттвование\ ал ғибрат, кейіннен алған қасиеті деген, А. Гриммнің «миф - жануарлар туралы ертегі - мысал» \типологиялық тұрғыда\ эволюциялық даму концепциясын ұстанған, кейіннен А. Хауарат, И. Левин, Е. А. Костюхин т. б. негізінен фольклортанушы ғалымдар еңбектерінде қолдау тапқан романтикалық бағыт.

Үшінші, мысал жанрының жаңа серпіліс кезеңінің ерекшелігіне \поэзиялық мысал жанры проблемасы\, оның психологиялық, эстетикалық әсер ету қасиетіне ерекше көзқараспен келген А. Выготскийдің ықпалы өзгеше болған психологиялық-эстетикалық бағыт. Мысал жанрын бұл бағытта зерттеу жалғасын таппағанымен, поэзиялық мысал жанрының табиғатын тануда елеулі ықпалы болды.

Жалпы ғылыми бағыттарды топтастыруымыз белгілі мөлшерде шарттылық характер таныту мүмкін, бірақ қалай болғанда біздің пайымдауымызша теориялық ой-пікір негізінде бас айналып, барар бағытын ауытқымас үшін бағдарлық рөлі болары сөзсіз. Мысал жанрының теориясына арналған еңбектердің бірнеше бағыттарда дамуы, мысал әдебиет жанры бола тұрып фольклормен дәстүрлі байланысының сақталуы және лирикалық, эпостық, драмалық элементтердің жанр тұлғасынан көрініс табуы ішкі жанрлық түрлерінің сырттай ұқсастығы болғанымен, әрбір даму кезеңінде, ұлттық әдебиеттері де жаңаша бір көркемдік шешім тауып, серпінді қозғалыс \динамика\ өзгеше түр-сипат байқатуынан туындап отырды. Бұл жөнінде, Е. А. Костюхиннің: «Теорияда мысал тек қана әдебиет жанрының бірі ретінде қаралмайды, сонымен бір ойды берудің өзіндік бір ерекше формасы және тіпті жалпы сөз өнерінің іргелі формасы ретінде қаралады», - деген пікірі көп нәрсені аңғартады. [4, 165] Мысал жанры табиғатының көп қырлы сипаты, оның әдебиеттану ғылымының ғана емес, фольклортану, философия секілді ғылымдардың да назарын өзіне аударады. Белгілі ғылыми бағыттардың қарама- қайшылықты ой-пікір, тұжырымдардың және болжау- пайымдардың жан-жақты, сан-салалы болуының себеп-салдарының жұмбағы осында болса керек. Бұл бағыттар жөнінде бұрын да айтылған. Біздің, жүйелеу бағдарымызда ғылыми әдебиеттегі кейінгі ғылымның даму процесінде де сай біраз өзгеріс бар. Cол ғылыми бағыттар жөнінде айтылған пікір-тұжырымның бір-екеуіне тоқталып өтейік: «мысал туралы ғылымдағы Лессингтің рационалистік концепциясы және Я. Гриммнің романтикалық теориясы». [3, 230] Дарынды психолог, теоретик Л. Выготский аталған пікірге жақын мынадай тұжырым жасаған: «Негізінде, бізді мысалдың психологиялық жүйесінің қалыптасқан тек қана екеуі бар: Лессинг және Потебня теориялары». [ 6, 81]

Мысал жөніндегі тегеурінді айтыс, пікір-таласты ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі прозалық жанрының стильдік ерекшелігіне өзгеше бір «жаңашыл өзгеріс» желе әдеби майданға шыққан поэзиялық мысал жанрының поэтикалық қуатының көркемдік толқыны әкелді. Поэзиялық мысал жанрының тамаша үлгілерін әкелген француз ақыны Лафонтен кезінде сынға да ұшырады. Өйткені антикалық заманның өзінде Федр мен Бабрий қайсы бір мысалдарын өлең тілімен жазғанымен, XVIII ғасырға шейін прозалық мысал түрі ықпалды бағытта дамыды. Прозалық мысалдың дидактиткалық, тәрбиелік сипаты айқын канондық қалыпта мысал жанрының моральдық-философиялық мазмұнын байытып қана қойған жоқ поэзиялық тілмен жазып бейнелік-көркемдік тұрғыда формалық өзгешелік те әкелді. Алайда, кезінде француз классицизмінің теоретигі Н. Буало да Лафонтен жаңашылдығын жүрек жарды қуанышпен қабылдады.

Тек қана, бір ғасырдан кейін неміс ғалымы Г . Лессинг Лафонтен мысалдарын сынай отырып, мысалдың поэзиялық жанрлық түрінің қалыптасқанын алғаш рет саралап көрсетті. Соның өзінде, мысал ғибраттық мәнді ақиқатты дәлелдейтін жанр. Мысалда жеке оқиғалар арқылы жалпы ақиқат көрсетіледі. Алғашында ғибратты ақиқат ойластырылып, соған бейімделіп әңгіме құрылады. Яғни, ғибрат «мысал философиясы» оның негізгі функциясы деген позицияда болды. Н. Буало сияқты Г. Лессинг те халық фольклорымен, халық ауыз әдебиетімен мысал сюжетінің байланысына және сондай-ақ әрбір творчествалық таралық тұлғаның сол сюжетті дара стильмен ұлттық қолданыста түрлендіріп жіберер ерекшелігіне мән бермеді.

Рациональді бағыттағы ғалымдар көзқарасы өздеріне дейінгі уақытта жиналған тәжірибеге сүйенді. Мысалы Аристотель өзінің «Поэтикасында» қарастырған жоқ «Риторикасында» қарастырды. Тағы басқа да көне замандағы еңбектерде мысал философия объектісі тұрғысында қаралды.

Г. Лессинг мысал жанрының поэзиялық түрінің пайда болғанын атап көрсеткенімен жанрдың ол түріне деген өз көзқарасын айтпай қалмады: «Лафонтену удалось сделать басни приятной поэтической игрушкой» -деп яғни, поэзиялық мысал жанрын «әдемі поэтикалық ойыншыққа» теңеп, Лафонтеннің мысал персонаждарын образды түрде, поэзия тілімен бейнелі сөздер арқылы беруін, жалпы ондағы драмалық сцена, мысал дәстүрін бұзу, ең бастысы ғибрат айтар тәрбиелік маңызын төмендету деген көзқараста болды. Прозалық мысал жанрын Лессинг қызғыштай отырып, оның «кейбіреуі» өзінің негізгі ғибрат айту секілді қызметіне толық жауап бермейтініне өзі де кезінде зейін аударған. Г. Лессинг бұл бағдардағы көз қарасы романтикалық бағыттағы ғалымдар тұжырым - пікірімен үндеседі. Лессинг пікіріне, аталған проблемаға қатысты деген біздің пайымдауымызша маңызды деген Эзоптың екі мысалын келтірейік: «Адам өзінің суық қолын демімен үрлеп жылытады және сондай-ақ ыдыстағы ыстық тамақты суыту үшін де демімен үрлейді. «Сонда қалай - дейді сатир - сен аузыңнан суық та ыстық та демді қатар шығарасың? Кет мен сенімен дос болғым келмейді». Бұл мысал, екіжүзді адаммен достықтан аулақ жүруге үйретеді». [7, 105]

Бұл мысалдағы келтірілген персонаж - Адамды екі жүзді деудің өзі қисынсыз немесе А. Потебняның өз еңбегінде келтірілген Эзоптың мына бір мысалын алайық: «маймылдар балалағанда әдетте дүниеге екеуін әкелетін көрінеді. Оның біреуін өте жақсы көріп, күтетін көрінеді де, ал екіншісін өте жек көріп, оған көңіл бөлмейді екен. Бірақ, құдайдың жазғанына шара бар ма күтіп әлпештеген баласы өліп, қарамаған, күтпеген баласы тірі қалады екен». [8, 62] Мысал «жазмыштан озмыш болмас» дегенді ескертеді. Ал осы мысал жөнінде Потебня: «Маймылдардан басқа біреулерге бағыттайтын, ешқандай ой серпіні, импульс жоқ. Ал, бізге мысалдан дәл осы айтылғанның өзі ғана керек», - деп тұжырымдайды.

Ал дәл осы мысал жайында Л. Выготский: « . . . жеке бір оқиға айтылған сияқты; бұл - мысал, біздің ойымызды өз балаларын жақсы көріп, мөлшердеен тыс еркелететін ата-ананы есіміізге түсіреді. »- деп, принципінде өзі басқа көзқараста болып, ғибраттың астары бар деп түйіндейді. [6, 59] Алайда, аталған мысалдарды әр қырынан саралауға болады, ондағы ғибрат екіұдай ойға жетелей, ішкі психологиялық қарама-қайшылығымен оқиғадағы әрекет әртүрлі бағытта қорытынды шығаруға бейімдейді. Жалпы мысалдарды салыстыру барысында біз мынадай көрініске тап болдық. Г. Э. Лессинг прозалық мысалдар жазғаны белгілі кез-келген мысалдың таза ғибраттық, тәрбиелік мәні бола бермейтін, қалайда ирония, әжуа астасып қатар келетінін байқаған. Сондықтан кейбір мысалдарда персонаждардың образын айқындай түсу үшін атап айтсақ, «Қарға мен түлкі» сюжетіне ерекше өзгеріс енгізді. Мысалдағы бәрімізге белгілі сюжетке өзгеріс енгізе, жанр тарихында кеткен қателікті түземек ниетте болады. Енді сол мысалды келтірейік: «Көршісінің мысығына ыза болып, Бақ күтушінің әдейі қойған уланған етті Қарға тырнағымен іліп әкетті. Тапқан пайдасын шоқыйын деп, кәрі еменнің бұтағына қонғаны сол-ақ еді, аяқ астынан түлкі тап болып, бұған дауыстап:

  • О, Юпитердің құсы, рақымды бол! - дейді.
  • Сен мені кім деп тұрсың - деп сұрайды Қарға.
  • Мен сені кім деп тұр дейсің ба?- деп таңданды Түлкі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мысал жанрының тарихы
МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Жанрлық даму (тарихы, кезеңдері)
Қазақтың спорт журналистикасының көш басында ұстазымыз
Толғау жанры және оның XV-XVII ғасырлардағы даму сипаты
Роман жанры туралы түсінік
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Қазақстанның саксофонда орындаушылық өнері
Сатира жанры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz