Қазақ хандығы қазақ халқының алғашқы мемлекеттілігінің бір көрінісі
41 тақырып. Маған ой салған шығарма (Қасым Аманжолов)
Кіріспе
Қазақтың қара өлеңінің жыр керуені ХХІ ғасырға аяқ басты. Оның бастау бұлағында халықтың аса бай ауыз әдебиеті, бабаларымыздың тасқа қашап жазып кеткен асыл жәдігерлері, жыраулық поэзияның інжу-маржандары жатқандығы ғылыми дәлелденді. Ал жазба поэзия туралы сөз еткенде, ең алдымен ұлы Абай жырлары жадымызда жаңғырып тұрады. Сол Абайдан соңғы ақындар ішінде алдымен ауызға ілінетіні Мағжан мен Ілияс сияқты біртуарлар екендігі де айтылып та, жазылып та жүр. Олардан кейін қазақ өлеңіне тың леп, жаңа дауыс әкелген Қасым Аманжолов десек, ақиқатқа жүгінгеніміз болар.
Қасым ақын 1911 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келеді. Жастай жетім қалған ол Семейдегі интернатқа түседі. Сонда сауат ашады. 1927 - 1930 жылдары Семей малдәрігерлік техникумында оқиды. Одан соң Орал қаласындағы педагогикалық институтта, біраз уақыт Ленинградтың (Санкт-Петербургтың) орман шаруашылығы институтында да білім алады. Бірақ оны денсаулығына байланысты бітірместен, 1932 жылы Алматыға келіп, Лениншіл жас газетіне қызметке орналасады.
Дәл осы кезден бастап оның өлеңдері баспасөз бетінде жиі көрінеді. Қалың оқырман Қасымды ақын ретінде 1936 - 1938 жылдары ғана тани бастаған. Алғашқы жеке өлеңдер жинағы Өмір сыры деген атпен 1938 жылы жарық көреді. Бұдан басқа өзінің көзі тірісінде Гроза (орыс тіліне аударған Дм. Снегин) - 1946, Дауыл - 1948, Балбөбек - 1949, Стихи (орыс тілінде) - 1949, Нұрлы дүние - 1950, Таңдамалы шығармалары - 1952 жылдары тасқа басылып шығады.
Әр өлең кітабы шыққан сайын Қасым ақын жырлары байтақ қазақ даласына кең құлаш ұрып, жайыла түседі. Әсіресе Дауыл кітабындағы өлеңдері ақынды бұрын ешкім шықпаған биік шыңға шығарады.
а) Қасым Аманжоловтың бай әдеби мұрасы
Қасым Аманжолов өз халқының, өз қоғамының, өз дәуірінің шежіресі ретінде мәңгі өшпес шындықтарды тарихқа қалдырды... Тауға шығып, жаңарған кең далаға қарасақ, қатарымызда Қасым тұрғандай көрінеді. Рауандап атқан таң жеңгені, қанаты қанға малынған ақша бұлтты, кешкі шымқай арайды көргенде Қасым ағамыз есімізге түседі. Алыстағы нажағайдың қара түнгі қанаты жарқылдағанда, аспан сатұр-сұтыр жарылғанда, дауыл ысқырып соққанда арасында Қасым жүргендей сезіледі. Сіркіреп жаңбыр жауғанда ақын жаны ауамызда қалықтап жүзіп жүргендей болады. Қарауылға тұрған ай да, заңғарда жүзген жұлдыз да, Сарыарқа жақтан ескен жібек қанат самал да Қасымды есімізге салады... Қайда жүрсек Қасымның жыры, Қасымның әні жадымыздан шықпайды. Жүрек толқытарлық, жан тебірентерлік осы жолдарды оқығанда, Қасым ақынның құдіреттілігін сезінгендей боласың. Шынында да бүгінгі ұрпақ Қасым жырларына қазір үңілсе де, сондай күй кешетініне риясыз сенесің. Ол үшін әр оқығанда, әр қырынан көрінетін, оқыған сайын жаңа бір тылсымы, тосын бір жұмбағы ашылатын Қасым әлеміне сүңгисің. Ондайда тек ақынның қаламынан туған жырларына жүгіну керек-ақ.
Әр ақын тарих қойнауында жатқан алдыңғы көшке ілеседі. Сол көштің әсем әуезін, асыл меруертін бойына сіңіреді. Алдыңғы лектің асқақ рухына, мәңгі өшпес мақамына еліктеу арқылы, өз жолын, өз соқпағын табады. Қасым ақынның өзіндік бітім болмысы, бүтін тұлғасы дәл солай қалыптасқан.
Өз шығармашылығының алғашқы жылдарында халық ауыз әдебиетінің ақпа-төкпе, желдірме-терме ырғағына бой ұрған кездері де болған.
Күндерде күн болғанда,
Кеудеге зіл толғанда,
Дүние азып-тозғанда,
Айуаншылық қозғанда...
Белес, белес асқанда,
Шалқып көңіл тасқанда,
Жерді жеңіп, жентектеп,
Жібек желді жетектеп,
Шыққанда ұшып аспанға,
Көктің қойнын ашқанда,
Бар әлемге танытқан,
Өмір сырын ағылтқан...
Табиғатты иіткен,
Жер бауырын жібіткен,
Жер сауырын гүл еткен,
Бетін торғын, нұр еткен,
Сай-саласын ну еткен,
Бетпақ шөлін сулы еткен,
Құм мен сорын шөп еткен,
Дөң, адырын көк еткен,
Қойнын ашып, кен еткен,
Мол байлыққа кенелткен, -
деген сияқты жолдар Қасымның жасынан ауыз әдебиетінің уызына жарып өскен талант екендігін айғақтайды. Бұл енді, әсіресе қазақ ақыны үшін айнымас табиғи заңдылық десек те қателеспейміз.
б) Ақын шығармаларындағы ерекше сарын
Поэзия әлемінен шарқ ұрып өзін іздеген ақын талмай талаптанып жүрген кезінде Ұлы Отан соғысы басталады. Алдымен Қасым әскер қатарына Қиыр Шығысқа шақырылады. Сол жақтан әскери эшалонмен ұзақ жол жүріп, туған жердің үстімен, бір сәт те аялдамастан батыстағы майданға аттанады.
Дәл сол сапарда Қасым ақынның екінші бір тынысы ашылғандай. Дала төсін дүбірлете шапқан тұлпардай, дауылға қарсы ұшқан сұңқардай шарықтаған кезі де осы болатын. 32 жасар Қасым жырлары түйдек-түйдегімен төгіледі. Байқал туралы романтикалық балладасы сол толқынның басы еді. Ақын Байқал көлін ерекше шабытпен жырлайды. Жаңа атып келе жатқан ақ таңды - ерте оянған жеңгеге теңейді. Ару көлге ақын жанының өзі де соншалықты іңкәр, соншалықты құштар. Бұлт болып төніп құшқысы да келеді. Толғаныстың ең бір шұрайлы, жүректен төгіліп түскен тұсы екінші бөлігі. Онда ақын былайша көсіледі:
... Ұшты құстар көңілімнен,
Жанымда жыр толғадым.
Шымылдықтай төгілген,
Араладым орманын.
Аспанменен егескен
Бастым зәулім шыңдарын.
Күркіреп көкте кеңескен
Бұлттың сөзін тыңдадым.
Өр толқынмен ойнадым,
Қақтым ұшқан құстарын,
Шолп-шолп еткен шортанын,
Шоқтығынан ұстадым.
Жаттым бір кез құмартып,
Салқын самал сайында,
Би билеттім бұралтып,
Ақ балтырлы қайыңға...
Ақын отырған эшелон қазақ даласының үстімен өткенде, өзі бозбала кезінде болаттай суарылған, күміс, алтын арналы ерке Ертістің лебі ақын жанын балқытады. Бір сәт өзі туып-өскен сайран тау, самал жайлау, сырнайлы өзен, сап-сары алтын нұры жүзген қасиетті Сарыарқа көңіл күйін шалқытады.
Сарыарқа сағындырдың атамекен,
Сардала анам едің, құшағың кең.
Тұсыңнан тоқтай алмай барам өтіп,
Артта - Сен, алда - майдан, қайтсем екен? - деп перзент жүрегін толқытады. Дәл сол майданға аттанған эшелон тура Қасым туған, Қасым өскен, Қасым ер жеткен өмірлік жолымен жүреді.
Сондай-ақ қазақ өлең құрылысына Қ.Аманжолов әкелген соны жаңалықтар туралы да біршама зерттеулер бар. Сөйтіп Қасым поэзиядағы ешкімге ұқсамайтын өз жолын салғандығы дәлел тілемейді. Осы ретте ақын Сырбай Мәуленовтің 1961 жылы жазған мына бір пікірі ойға оралады: Қасым - өзіндік үлкен мектебі бар ақын. Қазіргі Ғафу Қайырбеков, Қабыкен Мұқышев, Сағи Жиенбаев, Мақсұт Байсейітов секілді бірқатар ақындарымыздың өлең екпіндерінде, жырдың музыкалық сазында, еркелік назында, сөз өрнектерінде, әсерлі бейнелерінде Қасым поэзиясының үлкен ықпалы, игі шапағаты барлығы даусыз. Қасым мектебінен нәр алып, сусындап барып, қазақ поэзиясын дамытқан ақындар қатарында Мұқағали Мақатаев, Төлеужан Ысмайылов, Төлеген Айбергенов, Жұмекен Нәжімеденов, Жарасқан Әбдірашев, Кеңшілік Мырзабеков есімдерін атауға әбден болады.
Алатаудың асқақ шыңдарының бірі - Қасым шыңындай көрінеді маған. Қазақ поэзиясына құбылыс болып келген ұлы ақын Қасым Аманжолов сол биіктен:
Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтарсың! - деп бүгінгі бізбен де, тіпті келер ұрпақпен де қастерлі жыр тілінде тілдесіп тұрғандай.
42 Тақырып. Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы (Қазақ хандығының 550 жылдығына орай)
Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық
Н.Ә. Назарбаев
Бодандық бұғауынан босаған, азаттық алған қазақтың өзін-өзі тануға, өткеннен сабақ алуға ұмтылып, тарихты қазбалауы заңды еді. Ел Тәуелсіздігі жарияланысымен-ақ аузы дуалы, зиялы азаматтардың ақыл-кеңесімен тарихта өткен әйгілі бабалардың рухына бағышталып ас берілуі елдің еркін, саналы өмірге аяқ басқанының алғашқы белгісі еді. Одан соң 1998 жылды Президент Нұрсұлтан Назарбаев Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жариялады. Мұндай игі қадамдар қазақ оқымыстыларының ұлттық мәдени мұраларды түгендеуі, тарихтың ашылмаған ақтаңдақ беттеріне ден қоюы, тың тақырыптарда зерттеу жүргізуі секілді қыруар шаруалармен жалғасын тапты.
Тәуелсіздік! Бұл - талай ғасырлар бойы ата-бабамыздың асыл арманы еді. Сол арманға біз жеттік, Тәуелсіз Қазақ елінің көк байрағын желбірете көтергенін біз көрдік, туған елдің жалғанның жалпағына танылғанын, оның аузын айға білеген небір алпауыт елдермен терезесі тең болғанын, әлемдегі айдарынан жел ескен елу елдің бірі болып, енді озық отыз мемлекеттің бірі болуға меже белгілегеніне куә болдық.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы Жолдауында былай деді: Біз Жалпыұлттық идеямыз Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуел-сіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық... Мәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі... Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел. Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Тарихтан белгілі, Мәңгілік Ел идеясының бастауы халықтың асқақ арманымен үндесіп, тамырын тым тереңнен алады. Нақтылы деректерге сүйенсек, осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз Түркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел деп өсиет қалдырған екен. Енді сол Мәңгілік Ел - Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық идеялогиясына, басты темірқазық - бағыт-бағдарына айналып отыр. Осы орайда есік ашқан Жаңа, 2015 жылы, Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесін бар сән-салтанатымен атап өту сол Мәңгілік Ел мұраттарының өміршеңдігі мен жасампаздығын көрсететін ерекше шара болары сөзсіз.
Әрине, Қазақ жерінде бұдан бес жарым ғасыр уақыт бұрын да біздің ата-бабаларымыз тұрған, ұрпақ өсіріп, басты байлық - туған жерімізді өздерінің кейінгі ұрпағына аманат еткен.
Осы орайда тағы да бір Елбасының еңбегіне жүгінейікші: Қазақ халқы - тамырын жеті қабат жер астына жіберген алып бәйтеректей, өзегін ғасырлар тереңінен тартып, осынау қасиетті ұлы даласын табан аудармай дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халық. Қазақ халқының тарихы, кейбіреулер айтып жүргендей, кешегі Қазақ хандығы шаңырақ көтерген ХV ғасырдан басталмайды. Хандықтың құрылуы бір басқа, бүгінгі қазақ халқы - сонау есте жоқ ескі замандардан-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата жұртта сақтаған халық. Кейіннен біздің халқымыздың құрамына кірген тайпалық одақтар - Ұлы Түрік қағанаты, Түргеш, Қарлұқ, Қимақ, Қарахандықтар мемлекеттерінің негізін қалаушылар қатарында болған, Азияның алып даласындағы небір жойқын оқиғалардың, қанқасап күрестің ортасында жүрген, қай дәуірде де азатшыл рухымен, туған жерді алабөтен қадірлейтін отаншылдығымен ерекшеленген. Біз өз халқымыздың әлемдік өркениетке хал-қадірінше үлес қосқанын орынды мақтан етуге құқылымыз.
Иә, бұл өлкенің айдарынан жел есіп, байрағы талай желбіреп, азат мемлекет болғаны да белгілі. Бүгінгі бостандықтың, бүгінгі тәуелсіздіктің өзінен-өзі келіп, басымызға бақ болып қона қалмағанын, азаттық үшін талайлардың қаны төгіліп, жаны қиналғанын, жазықсыз зардап шегіп, жан бергенін де жақсы білеміз.
Енді қазақ хандығының құрылуы қай кезден бастау алады, нақтылы деректер бұл туралы не дейді? Белгілі ғалымдар бұл ретте Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарих-и-Рашиди еңбегіне сүйене отырып, 1465 жылға тоқталады, яғни, Қазақ мемлекеттілігінің дүниеге келуін Керей мен Жәнібек хандармен байланыстырады.
1457 жылы Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарих и Рашиди кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу мен Талас өңірі деп айтылады. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді. XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түстеді. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс орнатты. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын.
Қазақстандық тарихшы-ғалымдардың Мұхамед Хайдар Дулатидің Тарих-и-Рашиди еңбегін негізге ала отырып, жан-жақты зерттеу нәтижесінде Қазақ Хандығының құрылған жылы 1465 жыл деген қорытындысы алынған екен. Көптеген тарихшылардың пікірінше, осы уақыттан бастап Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы Еуразия құрлығындағы мемлекетаралық қатынастардың жеке субъектісіне айналған.
Қазірде Қазақстан әлем халықтарының назарын аударып отырған Орталық Азиядағы бірден-бір дамыған тұрақты елдің бірі. Сол себептібұл елде болып жатқан оқиға әлем елдерінің назарында. Сондай-ақ осы жылы Қазақстан халық ассамблеясының 20 жылдығын атап өту біздің татулығымыздың көрінісін айғақтап берсе, айталық, Ата заңның 20 жылдығы тойлау, ол біздің құқықтық тұрақтылығымыздың кепілін көрсетеді. Ал Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту, ол еліміздегі бірліктің көрінісі. Бұл әрине, қазақ елінің халықаралық деңгейдегі рөлін нығайта түсетіні анық.
2015 жылдың күзінде Керей мен Жәнібектің қазақ халқының дербес мемлекеттік бірлестігін - Қазақ хандығын құрғандығына 550 жыл толады. Осыған орай біздің институт бұл датаны мерейтойлық даталар тізіміне қосу және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралар өткізу туралы бастама көтерген болатын. Біздің байламымыз бойынша, Қазақ хандығының құрылған сәтін атап өту қазақстандық мемлекеттіліктің және отаншылдықтың нығаюына септігін тигізуі тиіс.
Биыл елімізде мемлекет деңгейінде өткізілу жосарында тұрған төрт атаулы мерекенің бірі - Қазақ хандығының 550 жылдығы. Байқасаңыз, дүниежүзіндегі барлық елдер өз мемлекеттілігінің тарихын анықтап алған. Мәселен, Қытай 5000 жылдығын, Иран 4000 жылдығын, көрші Қырғыз халқы да 2000 жылдығын әлдеқашан тойлаған.
Қазақ хандығы қазақ халқының алғашқы мемлекеттілігінің бір көрінісі. Біздің бұған дейінгі түркі әлемі, тіпті, сонау сақтардан бастау алған тарихымыз бар. Алайда қазақ хандығының ерекшелігі ол біздің ұлттық сипаттағы алғашқы мемлекетіміз.
Қазақ хандығы құрылғаннан бастап қазақ сөзі саяси термин ретінде тарихқа алтын әріптермен енді. Бұл көне тарихымыздағы мемлекетілігіміздің Республика көлемінде тұңғыш тойлауымыз. Сондықтан Қазақ хандығының 550 жылдығының тарихи, рухани маңызы орасан.

Қазақстанның тәуелсіздігі деген өте қасиетті ұғым. Бабалардың аңсағаны біздің буынның бақытына келді. Оны сақтау бәріміздің парызымыз. Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады
Н.Ә. Назарбаев
Кіріспе
Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың Тарих-и-Рашиди атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор.
Қазақ хандығы -- шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ -- қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434 -- 1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарих-и-Рашиди атты еңбегінде былай дейді: Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - қазақтар деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465 -- 1466) билей бастады....
а) Қазақ хандығының пайда болуының қысқаша тарихы
Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген тайпалардың ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды.
Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастьң оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды.
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді).
2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің -- Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді.
3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру.
Бұл орайда Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрдайым ұрпақтар сабақтастығына терең мән беріп келеді. Қазақстан Президенті жуықта қасиетті Ұлытауда сан қатпарлы тарихымыздың түптамырын толғаған мағыналы сұхбатында Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттік дәстүрдің үзілмей жалғасып келгендігін, ғұндардан бастау алған осы үдерістің көк түріктер, Алтын орда арқылы сабақтасып, Қазақ хандығына жеткендігін айтты.
б) Қазақ хандығына - 550 жыл
Тарихшылардың саралауына қарағанда, Қазақ хандығы құрылғанға дейін Ертістен Еділге дейін созылған ұланғайыр далада үлкенді-кішілі саяси құрылымдар, ұлылы-кішілі мемлекеттер өмір сүрген. Мұның бәрі - Қазақ хандығына дейінгі ізашар буын-бунақтар, Қазақ елі деген алып бәйтеректің өзегіне нәр берген түптамырлар, қайнар бастаулар. Сол себептен де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тарих толқыны атты кітабында Қазақ хандығы Орталық Азия аумағындағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет болды, - дейді.
Расында, ұлы далада Алтын Орда ыдырағаннан кейін көптеген хандықтар, мемлекеттер пайда болды, бірақ олар өздерінің атауын көбінде билеуші әулеттердің есімімен байланысты атаса, Қазақ хандығы отанымыздың негізін қалап отырған ұлағатты ұлтымыздың атымен аталды. Бұл дерек - Қазақ халқының ежелгі заманнан елдік санасы ерте оянып, бірегей дара кескін-келбеті сомдалып, тарих толқынында ұранды ұлысқа, ордалы жұртқа айналғанын, толысып қалыптасқандығын көрсетеді.
Осы орайда асқақ Астанада сәулетті ескерткіші бой түзеп, асыл әруағына Керей-Жәнібек көшесі беріліп, ұлықталған әзиз хандарымыздың Шу өзені бойындағы Қозыбасыда Қазақ хандығының дербес шаңырағын көтергеніне, ел байрағын жербіреткеніне биыл 550 жыл толып отыр.
Өкінішке қарай, соңғы кезде кейбір көршілеріміз қасақана немесе хабарсыздықтан біздің Мемлекеттілігіміздің бай тарихын жоққа шығарып отыр. Бұл - біздің Ұлттық тәуелсіздігімізге күмән келтіру әрекетіне тең деп санаймыз. Осыған жол бермеу үшін, біз, таласып-дауласпай мемлекетіміздің терең тамырын бүкіл әлемге ашық көрсетуіміз керек.
Қазақ елі мен қазіргі тәуелсіз Қазақстан халқы аспаннан түскен жоқ және ата-тегін білмейтін мәңгүрт емес. Мемлекетіміздің, халқымыздың терең ежелгі тарихы бар. Қазақстан - қазақтың ата-бабаларынан қалған өзіміздің жер, халқымыздың тарихи ата-мекені. Бірақ, бай тарихымызды өзіміз ғана емес, алыс-жақын көршілерімізге де көрсете, сіңдіре білуіміз қажет.
Қазіргі өркениетті елдер өз мемлекеттілігінің ежелгі тарихын жан-жақты көрсетіп, насихаттау ісін дәстүрге айналдырған. Бұл сол ұлттың мемлекеттігінің тұрақтылығы мен легитимділігін (құқы бар екендігін) айғақтайды. Ал біз, қазақ мемлекеттілігінің терең тамырлы және бай дәстүрлі екендігін көрсете алмасақ халықаралық додада ұтыламыз.
Елбасы дәстүрлі Жолдауында өркениетке қадам басқан Еліміздің төл мәдениетін насихаттауды баса айтты. Ал ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетіміз - бай тарихымыздың көрсеткіші.
Сол арқылы біз бүгінгі Н.Ә Назарбаевтың тікелей басшылығымен қалыптасқан заман сұранысына лайық жаңа тұрпаттағы мемлекеттігімізді өз дәрежесінде көрсете аламыз. Яғни, бүгінгі Қазақстан Республикасы аталатын мемлекетіміз - ХV ғасырда өмірге келген Қазақ хандығының тарихи жалғасы. Кешегі Алаш зиялыларының өз өмірін арнаған асыл армандарының орындалғандығының көрінісі. Біздің төл тарихымызда жас ұрпақ санасында мақтаныш сезімін туғызатын өнегелі істер жетіп артылады. Оларды тек қоғам санасына сіңіре білсек болғаны.
43 Тақырып. Сәулетті өмір кепілі (Конституцияның 20 жылдығы)
Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан да біздің ортақ парызымыз - Негізгі Заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Кіріспе
Қазақстан тәуелсіздігінің тарихына жүгінсек, 1995 жылы атқарылған жұмыстар елдің үлкен белестен бір аттағанын, басты асуды асқанын айғақтар еді. Соның ішінде 1995 жылдың 30 тамызындағы Конституцияны қабылдаудың маңызы айтарлықтай ерекше болмақ. Елдегі саяси өзгерістерге орай, сол жылы Президент Н. Назарбаевтың бастамасымен сарапшылар тобы құрылып, олар әлемнің көптеген елдерінің Конституцияларын, әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысында қабылданған Негізгі Құжаттарды мұқият сараптаудан өткізді. Сарапшылар тобының ғалымдары, саясаткерлер ғана емес, бұл іске Елбасы да етене араласты. Тіпті, осы істің тізгіні Мемлекет басшысының қолында болды, Президент те бұған барынша жан-жақты дайындықпен келді десек жаңылмаспыз.
Біз үшін дамудың әртүрлі сатыларында тұрған, сан алуан әлеуметтік-мәдени, ұлттық және басқа да ерекшеліктері, әртүрлі құқықтық жүйесі бар елдердің Конституциясы басты мәселені - тұрақтылықты нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын жақсартудағы және демократияны дамытудағы қол жеткен табыстарын ұғыну маңызды болды. Ізденіс географиясы да ауқымды болатын - ол Еуропаны, Азияны, Солтүстік және Латын Америкасын қамтыды. Мен өз басым тікелей әлемдегі жиырма елдің конституциясын талдап, олардан конспекті жасап алдым. Нәтижесінде, жаңа Конституцияның қажеттігі туралы шешім қабылдамас бұрын бізде бес жылдық жинақталған тәжірибе болды. Біз содан негізгі басымдықтарды, мақсаттарды ажыратып, оларға жетудің құралдарын үйрендік. Конституцияны қабылдау қарсаңында ондаған жылдар бойы азаматтарымыздың ой-санасында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz