Тұлға теориясына байланысты тұжырымдамаларға шолу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Тұлға теориясына байланысты тұжырымдамаларға шолу

Тұлға проблемасына орасан көп зерттеулер арналған. Олардың бәрін үш үлкен топқа бөліп, қарастыруға болады:

Тұлға проблемасының әдіснамалық және жалпы теориялық зерттеулері.

Бұл зерттеулер келесі әдіснамалық принциптер мен проблемаларды ашуға арналған: сана және іс-әрекет бірлігі принципі; тұлғалық принципі, тұлғаның себептілік принципі, биологиялық пен әлеуметтіктің өзара қатынасы принципі, тұлға бойындағы даралық және қоғамдық сипаттар, субъект проблемасы, жүйелілік бағытының іске асып баруы, және т. б. Тұлға психологиясындағы жалпы теориялық проблемалар:

тұлға құрылымы проблемасы, тұлға типологиясы, қозғалысы (динамикасы) және дамуы, т. б. проблемалар.

Тұлғаның нақты құрылым бірліктерін және тұлға ерекшеліктерін, яғни тұлғаның сеп-түрткі - қажетсіну аймағын, агрессивтігін,

күйзелісін, мінезін және т. б. эмпирикалық талдауға арналған зерттеулер.

Тұлға жөніндегі біртұтас авторлық теориялар: Фрейд, Юнг,

Рубинштейн және т. б. ғылыми көзқарастары.

Тұлға жөніндегі зерттелеулердің бұл үш тобы өзара байланысты келеді.

Психологиядағы тұлға зерттеулерінің жалпы бағыттарына шолу бере отырып, екі негізгі бағытты - номотетикалық және идеографиялық - ажырата атамай болмайды.

Номотетикалық бағыт - тұлға қызметтерінің жалпы, әмбебап заңдарын талдауды көздейді. Бұл салада қолданылатын басты әдістер - жаратылыстану әдістері: бақылау, эксперимент, деректерді математикалық - статистикалық өңдеу.

Идеографиялық бағыт - тұлға бірегейлігін, оның қайталанбас біртұтастығын дәріптейді де негізгі зерттеу әдістері ретінде рефлексия және «жекеленген жағдайлар» әдістерін қолдана отырып, олардан алынған деректерді теориялық жалпылыққа келтіреді әрі түсіндіре баяндайды.

Тұлға психологиясындағы психоаналитикалық бағдар XIX-XX ғ. ғ. тоғысында пайда болды. Оның негізін қалаушы Зигмунд Фрейд.

Фрейдтің тұлға теориясының басты бөлімдері: бейсана проблемалары, психикалық ақпарат құрылымы, тұлға динамикасы, тұлғаны зерттеу әдістері, даму және невроздар.

Фрейд пікірінше, психикалық өмір ашық сана, астар сана және бейсаналық деңгейде өтіп жатады. Бейсана аймағы мұзтаудың су асты бөлігі сияқты басқа сана түрлеріне қарағанда көлемді де салмақты келіп, өз ішіне адамның барша әрекет-қылығындағы инстинкттер мен табиғи қозғаушы күштерді қамтиды. Психоаналитикалық теорияда адам инстинкттерінің екі негізгі тобы ажыралады: эротикалық (немесе өмірлік) және қиратушы (өлім) инстинктері.

Өмірлік инстинкттер энергиясы «либидо» деп аталады. Бұл инстинкттер өз ішіне аштық, шөліркеу, жыныстық қатынасты (секс) алып, тек өкілінің сақталуы мен тіршілігін қамтамасыз етеді.

Өлім инстинкттері - қиратқыш күштер тек өкілінің ішкі жан дүниесіне (мазохизм не өзіне қол салу), сондай-ақ сырттай болмысына (өшпенділік және агрессия) бағдарланады.

Көп жылғы клиникалық зерттеулері негізінде В. Фрейд өзінің инстинкттер жөніндегі тұжырымдамаларын ұсынды. Осыған байланысты ол адам тұлғасы құрылымының үш деңгейлі бірліктерін анықтады:

«ОЛ»(Ид-ОНО), «МЕН»(ЭГО-Я), » ЖОҒАРЫ МЕН» (СУПЕР ЭГО-сверх Я) . «ОЛ» (Ид-Оно) - Абай өз философиясында бұл түсінікті «Менікі» терминімен береді - психиканың бейсаналық бөлігі, биологиялық тума инстинктті құмарлықтардың (агрессивті және сексуалды) бұрқанысты ошағы. «ОЛ» «либидо» деп аталатын сексуалды энергиямен қаныққан.

Адам - тұйықталған энергетикалық жүйе, әр адам бойындағы күш-қуат - тұрақты шама. Бейсаналылығынан әрі ақыл өлшеміне келмейтіндігінен (иррационал) «ОЛ» қанағат алу (рахаттану) принципіне бағынады, яғни адам өмірінің басты мұраты - рахат және бақыт осы инстинкттен.

«МЕН»(Эго-Я) - инстинкті «Ол» талаптарын үздіксіз шынайылылық (реальность) принципі негізінде орындап баруға ұмтылады. «МЕН» адам бойында бейсана және ашық сана күйінде бірдей орын иелейді.

«МЕН» деңгейі инстинктті «ОЛ» - мен ұдайы тайталаста болып, адамның сексуалды құмарлықтарын басып отырады. «МЕН» үш ықпал әсеріне: «ОЛ», «ЖОҒАРЫ МЕН» және өз талаптарына бағындыруды көздеген қоғамға - тәуелді келеді. «МЕН» аталғандар арасында үйлесімділік орнатуға ат салысады, бірақ рахаттану принципін басты мақсат тұтпай, болмыс шындығымен жүргенді қалайды.

«ЖОҒАРЫ МЕН» (Супер - эго, сверх - я) - ата-аналар және қоғамдық мораль ықпалдарының иесі. Бұл құрылым бала өмірінің барысында қалыптасып, сол бала жынысына тектес ересек туысқан болмысына ұқсап дамиды. Ұқсау не сәйкестену (идентификация) желісінде ер балаларда «Эдип комплексі», ал қыз балаларда «Электра комплексі» қалыптасады. Бұл комплекс түрлері баланың сәйкестену нысанына (әке не ананың біреуіне) болған екі ұшты, бірі-біріне қайшы толғаныс (жақсы көру мен жек көру) сезімдерінен құралады. Тұлға «Мені» сыртқы дүниені анықтайды. «Ол» (эго) және Жоғары МЕН (супер эго) көбіне өзара сиыспайтын талаптар қояды. Мұндай жағдайларда «МЕН» күшті ықпалдарға тап болып, оны «үрей билейді. «Мен» осы үрейге қарсы ерекше тосқауылдар - психологиялық қорғаныс тетіктерін іске қосады.

Әлемдік психологияда тұлға теориясына орай өз маңыздылығымен әйгіленген бағыт - бұл бихевиоризм. Бихевиоризмнің зерттеулері аясы - адам әрекет-қылығы, ал психология сол әрекет-қылықты күні ілгері болжау және қадағалауды міндетіне алған жаратылыстану ғылымының эксперименталды саласы есептелінді.

Бұл бағыт негізін қалаушы Д. Уотсон пікірінше, адам тумадан қарапайым реакциялар мен рефлекстерге ғана бейімделген, бірақ мұндай нәсілдік шарттар саны шектеулі, аз санды. Осыдан тек өкілінің барша әрекет-қылығы оқу-үйретудің нәтижесінде пайда болады.

Уотсонның анықтауынша, тұлға - әдетті дағдылар жүйесінің туындысы. Сондықтан да ғалым тұлға сипатын, оның практикалық қызметін ұзақ уақыт зерттеу барысында анықталған әрекеттерінің жиынтығынан байқауға болатынын алға тартады.

Бихевиоризм ұстанымына сәйкес, әрекет-қылық талдауы қатаң объективті сипатта болып, сырттай байқалатын жауап әрекеттерге (реакция) ғана негізделуі тиіс (объектив таным, қолға түспейтіндердің бәрі бекер, яғни адам ойы, санасы өлшестіруге, санаққа келмейді, осыдан олар зерттеу нысаны бола алмайды) . Адамның ішкі жан дүниесінде болып жатқанның бәрі - тылсым сыр. Шынайы зерттелетін нәрсе - бұл адамның тысқы әсерге болған жауап әрекеті, оның сырттай көрінетін әрекет-қылықтары және осы әрекеттерге мәжбүрлеуші қоршаған орта ықпалдары (стимулы) мен жағдайлары. Психологтың міндеті - жауап әрекетке орай ықтимал ықпалды анықтау, сол ықпалды пайымдау арқылы қандай жауап әрекет боларын болжастыру.

Сонымен, бихевиоризм тұрғысынан тек өкілінің бойында қоршаған ортаға икемдесуге қажет жауап әрекетке байланысты қандай мүмкіндіктер болса, солардың бәрі түгелдей тұлғалық сипатты береді, яғни тұлға - бұл дағдылар, саналы басқарылатын инстинкттер, әлеуметтенген эмоциялар, жаңа дағдылар түзуге қажет бейімдесу қабілеті, қалыптасқан дағдыларды бекіту және сақтап қалу қасиеті;

Осыдан, тұлға - ұйымдасқан және ықтималды тұрақты дағдылар жүйесі. Дағдылар тұрақты әрекет-қылық негізі, сонымен бірге олар тіршіліктің өзгермелі жағдайларына бейімдескен, болмыс өзгерісіне сәйкес жаңа дағдыларды қалыптастырады.

Тұлға психологиясының гуманистік бағыты - психоанализ және бихевиоризм принциптеріне қарсы тұжырымдарымен қалыптасты. Бұл психологиялық теорияның басты ұстанымы: адам - бірегей және қайталанбас, әлеммен ашық байланыстағы, өзін-өзі жетілдіріп баруға қабілетті біртұтас құбылыс. Гуманистік психологияның ірі өкілдерінің бірі А. Маслоу.

Гуманистік психологияны басқа ғылыми ағымдардан ерекшелейтін принциптер төмендегідей:

- адамды біртұтас дүние ретінде қарастыру;

- адамға деген қамқорлық негізі - психотерапиялық жәрдем;

- адам болмысы бастауының субъективтігі;

- тұлға түсініктері мен құндылықтарының басымдылығы;

- тұлға бойындағы ұнамды қасиет - сапаларды ұлағаттау, олардың өзінше іске қосылуы мен қалыптасуын зерттеу;

- тұлғаның өткен өміріне байланысты себептік жағдаяттарға байыппен қатынас жасау;

- сырқат адамдарда болып қалатын жекеленген деректерді емес, қалыпты немесе данагөй тұлғаларды зерттеуге бағытталған әдістер мен тәсілдерді икемділікпен пайдалану.

Тұлғаның рөлдік теориясы адам әрекет-қылығын екі түсінік негізінде сипаттайды: «әлеуметтік мәртебе», «әлеуметтік рөл». Бұл теорияның негізгі тұжырымдарын берген қалымдар Т. Парсонс, Р. Мертон және т. б. Әлеуметтік мәртебе (статус) - бұл тек өкілінің қоғамдық құқықтары мен міндеттері жүйесіндегі басқа да көптеген амаләрекеттерімен байланысқан негізгі де нақты дәрежелік бағыт-бағдары.

Әр адамның әлеуметтік мәртебесі оның ішкі жандүниелік ұстанымдары мен құндылықтарынан, сондай-ақ сырттай кейпінен (киім киісінен, мінез-құлығынан, жүріс-тұрысынан, сөз саптау мәнерінен және т. б. ) көрінеді. Әлеуметтік мәртебе өзінің жоғары деңгейінде болса - ол мақтаныш, ол тұлға қанағатының белгісі, ал егер ол төмен дәрежеде көрінсе, жек көрушілік, тіпті жеркеніш күйзелістерін туындатады.

Қай деңгейде болмасын, адамның әлеуметтік бағдар - бағытының ауысуы тұлғалық қасиет-сапалардың өзгеруіне себепші болады да, оның «Мен» құрылымына ерекшеленген сипат ендіреді, өзіндік санасы мен өзіндік бағамын жаңа арнаға салады. Адам араласқан әлеуметтік қатынастар жүйесі де жаңаланады, сырттай қатынастағы адамдар көзқарасы да ауысып, назарындағы тұлғадан күтетін тілек-ниеттері жүйесі өткендегі қалпынан шығады.

Әлеуметтік рөл - қоршаған орта адамдары қалау-күткеніне сәйкес нақты тұлғаның мәртебесіне орайласқан әрекет-қылық үлгісі (моделі), яғни өзге адамдардың өз әрекеттерін нақты мәртебелі тұлғада бекіген құқықтар мен міндеттерге сәйкестендіріп, немесе оларды бұлжытпай қайталап, орындауы.

Тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі де осы әлеуметтік рөлді атқару барысында өз өрісін тауып, іске асып жатады. Субъект ретіндегі адамның өз әлеуметтік рөлін атқаруы оның қызығулары мен қажеттеріне сай болған білім, дағды және ептіліктерінен көрінеді.

Рөлдік әрекет-қылық - әрдайым әлеуметтік жүйе, сонымен бірге тек өкілінің субъектив құндылықты бағыт-бағдары, қызығулары мен қажеттеріне орай қойылатын шынайы рөлдік талаптар бірлігіне сәйкес іске асып отырады.

Сондықтан, әр адамның түрлі әлеуметтік топтармен, олар арқылы бүкіл қоғаммен байланыстыратын өз әлеуметтік рөлін орындау әрекеті тікелей оның санасы, психикасы, даралығы және бірегей «Мені» тұрғысынан өңдеуден өтеді.

Тұлға көп деңгейлі ұйымдасу құрылымына ие. Тұлғаның психологиялық ұйымдасуының ең жоғары әрі жетекші деңгейі - оның қажетсіну - сеп-түрткілік аймағы, яғни тұлға бағдары, оның қоғамға, жеке адамдарға, өзіне және өзінің еңбектік міндеттеріне қатынасы. Тұлғалықтың мәнді тараптары - оның ұстаным бағыт - бағдары ғана емес, өзі қалаған қарым - қатынастарын іске асыра білу қабілеттілігінде. Бұл адамның іс-әрекеттік мүмкіндіктерінің даму деңгейіне, оның қабілеттеріне, білімдері мен ептіліктеріне, көңіл - күй, еріктік және ақыл - ес, зерделік сапаларына тәуелді.

Адам дайын қабілет не мінезбен дүниеге келмейді. Бұл қасиеттер өмір барысында, белгілі табиғи тіршілік желісінде қалыптасады.

Адамның анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің негізгі сапалары, жүйке үдерістерінің жүрісі оның нәсілдік (генотип) болмысына тәуелді. Әр адамның биологиялық құрылымында, яғни бастау табиғатында оның психикалық даму мүмкіндіктерінің бар­шасына негіз қаланған, Дегенмен, әлеуметтік тіршілік иесі білім мен ғылымда, салт - дәстұрде, заттасқан және рухани мәдениетте бекіген өткен әулеттер тәжірибесін меңгергеннен соң ғана тұлға санатына көтеріледі. Адамның табиғи тарапын оның әлеуметтік мәніне қарсы қоюға болмайды. Адам табиғатының өзі тек биологиялық эволюция өнімі ғана емес, ол тарихтың да туындысы. Адам бойындағы биологиялықты оның “хайуандық” белгілері деп қарауға типті де болмайды. Адамның барша биологиялық табиғи нышандары адами болмысқа ғана тән, олардың бірде бірі жануарларда болмайды. Нақты қоғамдық шарт, жағдайларда ғана адам қалыптасып, тұлғалық дәрежеде көрінеді.

Тұлғаның дамуы оның мүмкіндіктерінің үздіксіз кеңейіп баруымен, қажетсіну деңгейлерінің жоғарылай ауысып отыруымен байланысты. Әр адамның даму деңгейі ол ұстанған қарым-қатынас сипатына тәуелді. Күнделікті тұрмыстық күйбең, пайдакүнемдіктен аса алмаған адамды төменгі даму деңгейіндегі тұлға деп білеміз. Ал жоғары деңгей адамның қоғамдық мәнді құндылықтарынан, оның рухани жігерлі шабытынан көрінеді.

Тұлға ерекшелігі - оның дербестігі. Өзінің жеке дербестігін таныған тек өкілі қалай болса, солай өтіп, ауысып жатқан әлеуметтік нұсқау талап­тардан өзін тәуелсіз, еркін сезеді; әлеуметтік жүгенсіздіктер мен әміршіл-әкімшіл, қуғын-сүргін замандарда өз болмысын билеп біледі, қоғамдық 6

күйзелістерден жабырқап, тарықпайды. Тұлға дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы рухани жігерлілікпен байланысты келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлға құрылымының теориялары
Дереккөздер дегеніміз не? Орыс тілдерімен ұқсастығы мен өзгешелігі неде?
Педагогиканың əдiснамалық негiздерi
Педагогиканың әдіснамалық негіздері
Суретті үлкейту алгоритмдеріне шолу
Жалпы тарих
Жарнамадағы нейролингвистикалық бағдарламалау
Топқа біріктіріп оқыту
Посткейнсиандық ілім сипаттамасы - солшыл кейнсиандықтар
Тәрбие қажеттілігі мен педагогикалық теория дамуының әлеуметтік - экономикалық факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz